Зат есімнің денотаттық және сигнификаттық мағынасы



КІРІСПЕ
1 ЗАТ ЕСІМНІҢ ДЕНОТАТТЫҚ ЖӘНЕ СИГНИФИКАТТЫҚ МАҒЫНАСЫ
2 ЕТІСТІКТІҢ ДЕНОТАТТЫҚ ЖӘНЕ СИГНИФИКАТТЫҚ МАҒЫНАСЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
Тілдің тарихы мен сөздердің тарихы халықтың тарихымен тығыз байланысты болады. Сөздердің тарихы, олардың шығуы мен даму құбылысы еш нарсені аңғартпайтын, өзімен-өзі қалып қоятын құбылыс емес. Сөздердің өзгеріп даму тарихынан, әсіресе олардың мағыналық жақтан даму тарихынан, адам ойлауының табиғат құбылыстары мен қоғам құбылыстарын ғасырлар бойында танып білуге ұмтылып күш салуының тарихы көрінеді. Яғни, табиғат пен қоғам жайындағы біздің қазіргі ұшан-теңіз білімдеріміздің шыққан бұлағы – түптеп келгенде, еңбек пен ойлау.
Сөз – күрделі тілдік единица. Оның күрделі табиғатын ашып айқындау үшін, ең алдымен, сөздің дыбыстық жағы мен мағыналық жағының арақатынасын және сөздің мағынасы мен ол арқылы білдірілетін ұғымның арақатынасын айқындап алу қажет. Сөздің екі жағы бар: оның бірі – сөздің дыбысталу жағы, екіншісі – сөздің мағыналық жағы. Дыбысталу (тіл дыбыстарының тіркесі) сөздің материялдық жағын құрастырса, мағына (мазмұн) сөздің идеялық жағын құрайды. Екі жақ – дыбысталу мен мағына сөздің бір-бірінен бөлінбейтін бөлшектері. Осы екі жақтың бірлігі – сөздің өмір сүруінің және қызмет етуінің шарты. Демек, сөз – дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік дербес единица.
Сөздің екінші жағы болып табылатын сөз мағынасының бірнеше бөліктері бар. Олар: сөздік мағына, тілдік мағына, лексикалық мағынаның құрамдас бөліктері, лексикалық мағынаның ұсақ бөлшектері. Менің қарастырайын деп отырғаным лексикалық мағынаның құрамдас бөліктері. Соның ішінде денотаттық және сигнификаттық мағына.
Зерттеушілердің қай-қайсы да сөздің семантикалық мағынасының өте күрделі екендігін мойындайды. Себебі, оны қалыптастыруға қисапсыз сыртқы факторлар мен ішкі факторлар қатысады. Олардың барлығының сыр-сипатын ашып, орын-орнына қою оңай шаруа емес. Бұл ретте лексикалық мағынаны құрамдас бөліктерге айырып-ажыратудың әдістемелік жағынан маңызы зор.
Мағына, бей-берекет, шым-шытырық жатқан әлем емес, бір жүйеге түсіп, бір тәртіпке бағынған, өзара тығыз байланысқан құрылымдық бөліктердің жиынтығы. Ал ол қандай бөліктер? Жоғарыда атап өткендей денотаттық және сигнификаттық мағыналар. Енді осылардың әрбіреуіне жеке тоқталып, кеңірек түсіндіріп шығайық.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тілдің тарихы мен сөздердің тарихы халықтың тарихымен тығыз
байланысты болады. Сөздердің тарихы, олардың шығуы мен даму құбылысы еш
нарсені аңғартпайтын, өзімен-өзі қалып қоятын құбылыс емес. Сөздердің
өзгеріп даму тарихынан, әсіресе олардың мағыналық жақтан даму тарихынан,
адам ойлауының табиғат құбылыстары мен қоғам құбылыстарын ғасырлар бойында
танып білуге ұмтылып күш салуының тарихы көрінеді. Яғни, табиғат пен қоғам
жайындағы біздің қазіргі ұшан-теңіз білімдеріміздің шыққан бұлағы – түптеп
келгенде, еңбек пен ойлау.
Сөз – күрделі тілдік единица. Оның күрделі табиғатын ашып айқындау
үшін, ең алдымен, сөздің дыбыстық жағы мен мағыналық жағының арақатынасын
және сөздің мағынасы мен ол арқылы білдірілетін ұғымның арақатынасын
айқындап алу қажет. Сөздің екі жағы бар: оның бірі – сөздің дыбысталу жағы,
екіншісі – сөздің мағыналық жағы. Дыбысталу (тіл дыбыстарының тіркесі)
сөздің материялдық жағын құрастырса, мағына (мазмұн) сөздің идеялық жағын
құрайды. Екі жақ – дыбысталу мен мағына сөздің бір-бірінен бөлінбейтін
бөлшектері. Осы екі жақтың бірлігі – сөздің өмір сүруінің және қызмет
етуінің шарты. Демек, сөз – дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын
тілдік дербес единица.
Сөздің екінші жағы болып табылатын сөз мағынасының бірнеше бөліктері
бар. Олар: сөздік мағына, тілдік мағына, лексикалық мағынаның құрамдас
бөліктері, лексикалық мағынаның ұсақ бөлшектері. Менің қарастырайын деп
отырғаным лексикалық мағынаның құрамдас бөліктері. Соның ішінде денотаттық
және сигнификаттық мағына.
Зерттеушілердің қай-қайсы да сөздің семантикалық мағынасының өте
күрделі екендігін мойындайды. Себебі, оны қалыптастыруға қисапсыз сыртқы
факторлар мен ішкі факторлар қатысады. Олардың барлығының сыр-сипатын ашып,
орын-орнына қою оңай шаруа емес. Бұл ретте лексикалық мағынаны құрамдас
бөліктерге айырып-ажыратудың әдістемелік жағынан маңызы зор.
Мағына, бей-берекет, шым-шытырық жатқан әлем емес, бір жүйеге түсіп,
бір тәртіпке бағынған, өзара тығыз байланысқан құрылымдық бөліктердің
жиынтығы. Ал ол қандай бөліктер? Жоғарыда атап өткендей денотаттық және
сигнификаттық мағыналар. Енді осылардың әрбіреуіне жеке тоқталып, кеңірек
түсіндіріп шығайық.
Денотаттық мағына. Сөздің жеке адамдарға тәуелді болмайтын, белгілі бір
қоғам мүшелеріне , сол тілде сөйлейтін адамдарға жаппай түсінікті мағынасы
болады. Ол мағына өзімізді қоршпған дүниедегі заттарды, заттардың қарым-
қатынасын, табиғат-құбылыстарын, іс-әрекеттерді, тағы басқаларды бейнелейді
де, сөз мағынасының негізгі ядросын жасайды.
Сөздің ақиқат дүниемен, ондағы заттармен, құбылыстармен байланысып
жататын мағынасын тіл білімінде деноттатық мағына деп атайды 1,15.
Денотаттық мағынаға зерттеушілеріміздің берген анықтамаларына тоқталып
өтсек.
Сөздің ақиқат дүниемен, ондағы заттармен, құбылыстармен байланысып
жататын мағынасы – денотаттық мағына деп аталады 1,4.
Денотат сөздің мағынасы арқылы білдірілетін обьектив дүниедегі заттар
мен құбылыстар 2,95.
Лингвистикалық түсіндірме сөздігінде денотаттық мағынаға төмендегідей
анықтама берілген.
Денотат (лат. Denotatum – таңбаланушы) – белгіленетін зат. Денотат
термині мынандай мағыналарда қолданылады:
1) нақтылы сөз бөлігінің денотаты референтпен пара-пар деп саналады
(Ч. Огден, А.Ричардс);
2) белгілі бір тілдік (абстрактылық) бөліктің денотаты – болмыс
обьектілер жиынтығын (заттар, қасиеттер, қатынастар, құбылыстар,
жағдайлар, процестер, әрекеттер т.б) атайтын тіл бөлігі.
Тіл бірлігінің сигнификаттық мағынасының маңызды қырлары неғұрлым
көбірек болса, соғұрлым оның денотаты нақтылы болады. Тілдегі
сөздердің арасында тұрақты референциясы бар сөздердің (Иллияда
авторы, Абай жолы авторы ) бір элементі денотат болады. Сонымен
қатар, көп элементті денотаты бар сөздердің референциясы тұрақсыз
болатынын да ескерген жөн 3,89.
Қазақ тілі энциклопедиясында денотатқа төмендегідей анықтама
берілген.
Денотат (лат. Denotatum – белгілеу) – заттың, белгілі бір
нәрсенің атауы. Денотат бірнеше мағынада қолданылады:
1) Референт орнына жұмсалады, екінші сөзбен айтқанда, сөйлеушінің
түсінік – қабілетіне байланысты тілден тыс беллгілері бойынша атау
болып келеді.
2) Денотат – белгілі бір топтағы заттардың, қасиеттердің,
қатынастардың, жағдайлардың, процестердің, қимыл-әрекеттердің
ұқсастықтарына қарай ортақ атау немесе солардың әрқайсысының атауы.
3) Денотат адамның қызмет бабына, атақ-дәрежесіне т.б қатысты да
пайдаланылады 4,93.
Ал орыс тілші ғалымдарымыз денотаттық мағынаны референттік мағынамен
қатар ала отырып, әрбіреуіне жеке анықтама беріп, ажыратып жазады.
Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленковалар пікіріне назар аударсақ:
Денотат ( латынның denotare – белгілеу, білдіру сөзінен )
белгілі бір сөзді білдіретін обьектив дүниедегі зат не құбылыстар 5,66.
Референт ( латынның referens,referentis хабарлайтын деген сөзінен)
белгілі бір тілдік элемент қатынаста болып, ойдың элементтерін де тән
алатын, ойда бейнеленген обьектив дүниедегі заттар мен құбылыстар 5,266.
И.А.Стернин референт пен денотатты салыстыра отырып:
Таңбаның (сөздің) референті сөйлеу кезінде байқалатын, барлық
қасиетін толық қамтыған нақтылы жеке зат. Таңбаның денотаты ойлау процесі
негізінде бөлініп алынып дерексізденген заттардың жеке дара белгілері
6,45. Соңғы анықтаманың көрсетуінше денотат референттің құрамына енеді
де, сөз мағынасының негізгі ядросын жасайды. Сондай-ақ референттің құрамына
енген заттардың барлық қасиеті сөздің мағына құрамына ене беруі шарт емес.
Сондықтан да И.А.Стернин денотат дегеніміз белгілі бір сөзді айтқанда
ойымызға келетін зат не оның белгілері дейді. Мысалы, үстел дегенде көз
алдымызға төрт немесе үш аяқты, үсті тегіс, тамақ ішу не жазу үшін
болжалданған жиһаз келеді. Бұл оның денотаттық мағынасы. Ал үстелдің төрт
бұрышты не дөңгелек болуы, аласа не биік болуы, түсі қандай заттардан
жасалынғандығы т.б референттің құрамына енеді.
Міне, денотатқа берілген анықтамаларға тоқталып өттік. Олардың өн
бойынан байқағанымыз денотатты кейде референт, десигнат ұғымдарымен
байланыстырып жатыр. Ескерте кетерлік жағдай мынау: денотат, десигнат,
референт терминдерінің мағыналарында айырмашылық болса да, олар көбінесе
синоним ретінде бірінің орнында екіншісі қолданыла береді. Тек арнайы
зерттеу обьектісі етіп алғанда ғана денотат пен референт арасындағы
айырмашылықтар есепке алынады.
Денотаттық мағына таным теориясымен өте тығыз байланысты. Екінші
сөзбен айтқанымызда, адамның сезім мүшелеріне түйсік туғызатын заттың
қасиеттері ғана денотаттық мағына жасай алады. Адамзат дүниені тануды
түйсіктен бастайды. Адамзат миының артықшылығы сол – ойлау негізінде сезім
мүшелері қабылдай алмайтын заттардың түрлі қасиеттерін де анықтай алу
мүмкіндігі бар. Мысалы, адам жақсы, жаман қасиеттерді тікелей сезім мүшесі
арқылы қабылдай алмайды, бірақ көп жылдық тәжірбие, адамдар арасындағы
қарым-қатынас нәтижесінде бір адам екінші бір адамға ( не затқа) баға
беріп, жақсы, жамандығын анықтайды. Сондықтан да сөз мағынасы мен обьектив
дүниедегі заттар туғызатын түйсік тең түседі деу дұрыс емес.
Заттардың, құбылыстардың – сезім мүшелерімізге тікелей әсер еткенде
– жеке белгілерінің бейнеленуі түйсік деп аталады 1,15.
Айналамызды қоршаған заттар туралы білімді біз түйсік, қабылдау,
елестеу, ойлау, ұғыну арқылы аламыз. Осылар арқылы қоршаған ортадағы
заттар, құбылыстар жайында түсінігіміз қалыптасады.
Көптеген зерттеушілердің пікіріне қарағанда, денотаттық мағына іштей
екіге бөлінеді:
1) материалды денотат
2) идеялды денотат
Адам санасындағы өмір сүретін ұғымның негізін жасайтын шындық
өмірдегі заттар мен құбылыстар материалды денотат деп танылса, сөздің
мағынасы арқылы білдірілетін шындық өмірдегі заттар мен құбылыстар идеалды
денотат деп есептелінеді 1,15.
Сезім мүшелері арқылы қабылданған түрлі информациялар мида анализ,
синтез жасалынып, сол заттың түп нұсқасына жуық бейне жасалынады. Кейде
сезім мүшелері арқылы алынған информациялар заттың толық бейнесін жасауға
жеткіліксіз болуы да мүикін. Соңғы жағдайда адамның өмір тәжірбиесі, білімі
көмекке келеді. Қысқасы сезім мүшелері арқылы қабылданған информациялар
негізінде заттың, обьектив дүниедегі түрлі құбылыстар мен қозғалыстардың
субьектив бейнесінің жасалуына көмегі тиеді. Осы субьектив бейне сөз
мағынасы мен ұғымның негізін жасайтын элемент болып саналады. Әрине түйсік
арқылы қабылданған субьектив бейне мен обьектив дүниедегі заттар,
құбылыстар тең келмейді. Мысалы, қарапайым адамдар үшін тас – таудың қатты
жынысының бірі болса, геологтар үшін тас – түрлі минералды заттардың
жиынтығы. Геологтар тастың түрін көріп-ақ олардың құрылымдық ерекшелігін,
құндылығын анықтай алады. Осы себепті заттар мен құбылыстар туралы
қарапайым, күнделікті өмірде қалың көпшілік қолданатын түсінік бір басқа
да, ғылыми түсінік бір басқа дейміз.
Обьектив дүниедегі заттар мен сол заттардың адам санасындағы бейнесі
арасына теңдік белгісін қоюға болмайтындығы анық. Сонымен бірге ол екеуінің
арасында ешқандай ұқсастық жоқ деуге де болмайды. Ондай ұқсастықтың бар
екендігі, бірақ ол заттың фото-көшірмесі бола алмайтындығы анық. Мысалы,
Алматының өзі қызыл, иісті, үлкен алмасын көргенде, жемей тұрып-ақ оның
дәмді екенін сеземіз. Оның түйсік арқылы қабылданған обьектив дүниедегі
заттардың барлық белгілері, қасиеттері сөздердің лексикалық мағынасының
құрамына ене бермейтіндігін айтқан болатынбыз. Демек, сөздің лексикалық
мағынасы біз түйсік арқылы қабылдаған заттар туралы информацияның жиытығы
болмайды, тек сол мағынаны құрастыратын элементтердің бірі болып саналады.
Түйсік арқылы қабылданған заттардың түрлі қасиеттері арасындағы
бүтіндік жойылады да, жеке-жеке белгілерді береді, олардың бірі екіншісімен
байланыспайды. Сезім арқылы қабылданған субьектив бейне мен обьектив бейне
тең дәрежеде, бірақ олар тең түсіп жататын, бірі екіншісінің фото-көшірмесі
не дәл түсетін көшірмесі деп түсінбейміз. Міне осы обьектив дүниедегі
заттар мен құбылыстарға жақын келетін көшірмесі болып саналатын бейнесін
біз идеалды денотат деп атаймыз.
Идеалды денотат ойдың бір элементі ретінде материалды денотаттың
құрамына енеді. Идеалды денотатты екінші сөзбен ұғымдық мағына деп атауға
болады 1,17. Идеалды денотат тікелей жүйке тамырларына түйсік туғызу
арқылы қабылданған информация болып саналады.
Сөздің лексикалық мағынасын обьектив дүниемен байланыстырып тұратын,
мағыналарға негіз болатын осы идеалды денотат 2,161. Түсінірек болу
үшін мысал келтірейік. Қасқалдақ деген сөзді естігенде көбіміз оны тек
үйректің бір түрі деп білуіміз мүмкін. Бұл – оның идеалды денотаттық
мағынасы. Ал оның тұмсығының үсті қызыл, тамағының асты ақ, дене пішімі
үйректерден әлдеқайда кіші болатындығы, қамысты, қалың қоғалы көлдерде
жасайтындығы, етінің кез-келген басқа құстардан дәмді болатындығы, көктемде
ұшып келіп, күзде ұшып кететіндігі қасқалдақ сөзінің сөйлескендегі
адамдардың түсініскен мағыналарының құрамына енбейді. Бұл типтес мағына мен
заттардың белгілері арасындағы тең түспеу қасиеті барлық сөздер мен заттар
аралығында кездеседі.
Материалды денотат – адам санасында өмір сүретін ұғымның негізін
жасайтын шындық өмірдегі заттар мен құбылыстар. Ал, идеалды денотат –
сөздің мағынасы арқылы білдірілетін шындық өмірдегі заттар мен құбылыстар.
Денотаттық мағынаны арнайы зерттеу обьектісі етіп алғанда ғана бұларды әр
мысалдардың өн бойынан ажыратуға болар еді.
Ал денотаттық мағына – сөздің ақиқат дүниемен, ондағы заттармен,
құбылыстармен байланысып жататын мағынасын айтамыз. Яғни, денотаттық мағына
сөз мағынасының негізгі ядросы болып табылады.
Сигнификаттық мағына. Денотаттан басқа сөздің лексикалық мағынасының
құрылымдық элементтерінің бірі болып сигнификаттық мағына саналады.
Зерттеушілердің сигнификаттық мағынаға берген анықтамаларына тоқталып
өтейік.
Лингвистикалық түсіндірме сөздігі.
Сигнификат ( лат.signify-catum – белгіленетін ) – тілдік белгінің
ұғымдық мазмұны. Гносеологиялық тұрғыдан алғанда сигнификат адам
санасындағы қайсібір денотат қасиеттерінің бейнесі болып
табылады.
Сигнификат термині де екі мағынаға ие болады. Біріншісінде, идеалды,
психологиялық нәрсе ретінде – материалды денотатқа қарама-қарсы қойылады.
Екіншісінде, сигнификат тіл жүйесіндегі сөздің номинанты ретінде
қабылданады.
Белгілі бір референтті әртүрлі сигнификаты бар белгілермен айқындау –
көркем әдеби тексте кездесетін құбылыс. Мысалы, Мастер және Маргарита
ролманында кейіпкердің әр түрлі сигнификаттық атаулары бар: азамат, ала
киімді, субьект, аудармашы, регент, алаяқ Фагот, Коровьев,
Фагот т.б 3,98.
О.С.Ахманова сигнификат терминіне анықтама берместен сөздің
сигнификайциялық қызыметіне анықтама береді: Сигнификаттық функция ағылш.
Significative function 1) Диференциялық қызметі. Дыбыстардың сигнификаттық
қызметі. 2) Сигнификация ағылш. Signification; фр. Signification. Мағынаның
төл тілдік жағы, сөз мағынасы лекскмк ретінде (инвариант) қарайды. Ал
сигнификация деген жерде: Сөйлесу кезінде білдірмейтін мағынадан өзгеше
тілдік элемент ретінде сқздің білдіретін мағынасы, - деп көрсетеді
7,403.
Сөздің лексикалық мағынасының құрамында идеалды денотат болғанымен,
оның бір өзі толыққанды мағына жасай алмайды. Сөздің лексикңалық
мағынасының құрамдас бөліктерінің бірі болып сигнификаттық мағына саналады.
Денотаттық мағына адамның сезім мүшелеріне әсер етіп, көрнекі-нақты ойлау
негізінде қабылданып, ұғым негізінде қалыптасқан ақиқат дүниенің обьект
бейнесі болса, сигнификатифті мағына – абстракті, дерексіз ойлау негізінде
пайда болған субьект бейне. Сондықтан мұны қазақ тілінде пайымдық мағына
деп атауға да болады 1,18.
Л.А.Новиков сөздің сигнификаттық мағынасы тек обьективті дүниедегі
заттардың түрлі қасиеттерін бейнелеумен байланысты мағына деп есептейді
8,97.
М.В.Никитин денотаттық мағына мен сигнификаттық мағына арасын
жалпылық пен жылқылыққа байланыстыра отырып анықтайды. Пікір алысу
кезінде сөздер ( авторша имя ) жеке зат туралы пікір білдірсе, біз оны
денотаттық мағына деп санаймыз. Керісінше, пікір білдіру кезінде сөз жалпы
туралы ой білдірсе, біз оны сигнификаттық мағынаны білдіреді дейміз 9,7.
Мысалы: Петр жасөспірім – деген сөйлемде Петр жекені көрсетеді, сондықтан
денотаттық мағынаға ие. Ал, жасөспірім, заттық, сындық сипатын білдіреді де
сигнификаттық мағынаға ие. Бірақ автордың кейінгі мысалдарында жалқылық пен
жалпылық жеке сөздерге байланысты болмаақ контекстен де анықталатынын
көрсетеді. Жолбарыс – жыртқыш сөйлемінде жолбарыс жыртқыш аңдардың тобын
көрсеткендіктен сигнификаттық мағынаға ие 9,8. Денотаттық, сигнификаттық
мағыналарды бұлай ажырату семасиологияға жаңалық қоса алмайды және
денотаттық мағына компоненттері мен сөздердің сигнификаттық мағына
элементтері байланыспай бөлініп қалады.
Жоғарыдағы анықтамаларды негізге ала отырып, сигнификаттық мағына
жайында түсінігімізді жазайық.
Сигнификат денотат та емес, сондай-ақ ұғым да емес екен. Екінші
сөзбен айтқанда сигнификат нақтылы заттың белгісі мен түрлі қасиеттерінен
қол үзген идеалды денотаттқа сүйенеді. Ал ұғымнан айырмашылығы – ұғымда
мидың қызметі негізінде түйсік арқылы алынған информациялар анализ, синтез
жасалынып жеке адамның өмір тәжірбиесіне, біліміне, рухани қалпына т.б
қарай мағыналық мән қосып күрделенсе, сигнификатта ондай жеке адамға тән
индивидуалдық қасиет болмайды. Соның үшін де сөз мағынасына анализ
жасағанда семаларға ажыратады. Осы семалар сигнификаттық мағынаның
негізінде жатады.
Сигнификаттық мағына бір жағынан денотатпен (ішкі не идеалды
денотатпен), екінші жағынан гнесиологиялық бейнемен байланысып жатады.
Сондықтан да денотат (идеалды денотат) арқылы қабылданған бейне обьектив
дүниедегі заттардың (материалды денотаттардың) көшірмесі ретінде өмір
сүреді де субьектив характерге ие болады. Ал гнесиологиялық (танымдық)
бейне таным процесінің бір басқышы болғанымен, сигнификаттық мағынаның
құрамына енеді. Сигнификаттық мағына деп түйсік арқылы қабылданып,
жалпыланған субьективтік бейнені айтамыз 2,12.
Бұлар бірі екіншісінен үзіліп қалған, байланыспайтын түсініктер де
емес, керісінше бірі екіншісіне өтіп, оның құрамды бөлшегі болып отырады.
Сондықтан да, материалды денотат болмаса, оны сезім мүшелері арқылы
қабылдамасақ, онда идеалды денотат болмаған еді. Ал идеалды денотат
жалпыланып, талданып, өзінің материалды негізінен қол үзіп субьективтік
бейне болып қана сигнификаттық мағынамен жалғасады. Идеалды денотат
болмаса, сигнификаттық мағына да болмаған еді. Денотаттық, сигнификаттық
мағыналар сөз мағынасының екі жақты байланысқа түсуіне жағдай жасайды.
Яғни, денотаттық мағына сөзді обьектив дүниемен, обьектив дүниедегі
заттармен, құбылыстармен байланыстырса, сигнификаттық мағына оны ұғыммен,
ой элементтерімен байланыстырады 10,30.
Сөздердің лексикалық мағынасы денотаттық және сигнификаттық
мағыналарының бірігуі негізінде жасалады десек те, барлық сөздердің өн
бойынан осы екі мағынаны тауып, ажырату мүмкін бола бермейді. Кей сөздердің
семантикасынан денотаттық мағына айқын айқын танылса, кей сөздерден
сигнификаттық мағына айқын сезіледі. Мысалы, зат есімдерден денотаттық
мағына, сын есім, сан есім, етістіктерден сигнификаттық (пайымдық) мағына
анық та айқын байқалып тұрады.

1 ЗАТ ЕСІМНІҢ ДЕНОТАТТЫҚ ЖӘНЕ СИГНИФИКАТТЫҚ МАҒЫНАСЫ

Зат есім мен етістіктің денотаттық және сигнификаттық мағыналарын
анықтау үшін, оларға мысалдар келтіріп, оны талдап, нақты көз жеткізетін
боламыз. Жұмысымыз жүйелі болу үшін осы бөлімді екіге бөлдік. Бірінші зат
есімді, екінші етістікті жеке-жеке қарастыратын боламыз.
Зат есім. Зат есімнің денотаттық және сигнификаттық мағыналарына
бармастан бұрын зат есім дегеніміз не, және оның жоғарыда көрсетілген
мағыналары жайында тілші ғалымдарымыз не дейді, қысқаша осыларға тоқталып
өтейік.
Қазақ тілі энциклопедиясында зат есімге мынандай анықтама берілген:
Зат есім – лексикалық тұрғыдан алғанда өзқ алдына мағыналық дербестігі бар
сөздер. Сөз тобы жағынан есім сөздер тобына кіреді. Қоршаған дүниедегі зат
пен жануар атаулыға, барша құбылыс пен уақиға, болмыс атаулыға есім, атауыш
болып келетін сөздердің бәрі де зат есімдер. Зат есімдердің мағыналық өрісі
кең екенін аңғару үшін бұл тұста оның қамтуына кіретін сөздердің мынандай
лексикалық топтарын атап өту жөн. Мысалы, тұрмыстағы түрлі заттар, жан-
жануар, өсімдіктердің, табиғат денелері мен құбылыстардың, адамның
мамандығын, кәсібін, әдет-ғұрыпқа байланысты атауларды атауға болады
4,151.
Төлеуов Ә. сөз таптарына арналған еңбегінде зат есімнің басқа сөз
таптарынан мағыналық ерекше белгілері не деген мәселені қарастырған кезінде
оған былайша тұжырым жасаған екен. Зат есімдер лексика-семантикалық
жағынан тек заттардың атын білдіретін сөздер болып қоймай, сонымен бірге,
әр алуан оқиғалардың, құбылыстардың аттарымен байланысты заттық, сапалық,
қимылдық, мезгілдік мәнді әр түрлі атаулардың аттарын білдіреді: жел, күн,
жарыс, түтін, ағаш, бала, қыз, қуаныш, ой, білім т.б. Осындай зат атаулы
сөздердің семантикалық мағыналары да бірдей емес 11,8.
М.Балақаев, Т.Қордабаев, А.Хасеновалардың еңбегіне назар аударатын
болсақ, онда да зат есімдерді лексикалық тұрғыдан алғанда өз алдына
дербестігі бар сөздер екенін және семантикалық өрісінің мейілінше кең
екенін атап өтеді.
Міне, зат есімдерге қатысты өзімізге бұрыннан бері таныс осындай
анықтамаларды білеміз. Ал атауыш сөздердің мағына жағынан бір ізді емес
екені анық. Ертеден келе жатқан традиция бойынша, атауыш сөздер есімдер
және етістіктер болып екіге бөлінеді. Бұлардың өз арасында лексикалық та
грамматикалық та өзгешеліктері бар. А.А.Уфимцева атауыш сөздерді:
а) заттың атын білдіретін (предметный)
б) заттың түрлі қасиет белгісін білдіретін (признаковый)
деп бөліп жүр. Бірінші топқа тек зат есімді енгізіп, екінші топқа сын есім,
үстеу, етістікті енгізеді 12,36.
Уфимцева бөліп көрсеткендей, заттың атын білдіретін зат есімдердің
денотаттық және сигнификаттық мағыналарына тоқталып өтейік. Ол дәлелді болу
үшін төменде бірнеше мысалдар келтіріп жаздық.
1.Орындық ҚТТС-7,476.
Мысалы, Жаңыл ерсілі-қарсылы жүгіріп, орындықтарды реттеп жүр (М.Дүзенов,
Ақ әже).
Денотаттық мағынасы: орындық сөзін айтқанда көз алдымызға төрт
аяғы бар, биіктеу келген арқа сүйегіші бар, отыратын жері бар ағаштан
жасалынған зат елестейді.
Сигнификаттық мағынасы: орындықтың жасалған материалы ағаш не темір
т.б заттар болуы, үлкен не кішкентай көлемді, отыратын жері домалақ,
төртбұрышты келуі, кейде арқасының болмауы, түрлі-түсті боялған не
материалмен қапталып келуі, отыруға арналып жасалғандығы.
2. Үстел ҚТТС-10,10.
Мысалы, Үстелге сүйеніп, көзі үмітсіз мөлдіреп, Қапан ауыр ойға батып отыр
(Б.Майлин, Шығ.).
Денотаттық мағынасы: үстел сөзін айтқанда көз алдымызға жіңішке
жасалынған төрт сирақты, оларды біріктіріп тұрған оның жазық беті және
көбінесе ағаштан жасалынған зат елестейді.
Сигнификаттық мағынасы: Үстел сөзін ойлағанда әр түрлі материалдан
(ағаш, темір) жасалынған, домалақ, төртбұрышты, үлкен-кішілі көлемді, жазу
жазуға, тамақ ішуге, сабақ қарауға, түрлі заттар жинап қоюға арналған әр
түрлі түсті үй жиһаздарын елестетеміз.
3. Ине ҚТТС-4,454.
Мысалы, Ине өткен жерден жіп өтеді (мақал).
Денотаттық мағынасы: ине сөз айтқан кезде көз алдымызға жіңішке,
темірден жасалынған, бір жақ басында жіп өткізетін тесігі бар, бір жақ басы
жіңішке үшкір аспап құрал.
Сигнификаттық мағынасы: әр түрлі іс, үй бұйымдарын, киім кешектерді
тігу үшін қолданылады, үлкен-кіші көлемді болып жасалынады.
4. Сағат ҚТТС-8,92.
Мысалы, Ықылас үстел үстінде қалған Дәмелінің қол сағатын көрді (С.Ерубаев,
Шығ.).
Денотаттық мағынасы: ағаштан т.б заттардан жасалынған, беті әйнекпен
қапталынған, ішінде он екіге дейін сандары бар, бір үлкен, бір кіші тілдері
бар зат.
Сигнификаттық мағынасы: тәулік ішіндегі уақытты өлшейтін, әр түрлі:
қолға тағатын, тамға іліп қоятын, үстелдің үстіне қоятын т.б әр түрлі
безендірілген, түрлі көлемді болып (домалақ, төртбұрышты, басқа заттар
бейнесінде келетін: үй, телефон т.б) келеді.
5. Балға ҚТТС-2,78.
Мысалы: Қолмен басатын көрік, темір төс, құлаштап ұратын сом балға –
ұстаның құрал-сайманы осы еді (К.Смайылои, Мамандық).
Денотаттық мағынасы: балға сөзін айтқанда, көз алдымызға бір жақ басы
үшкірлеу, екінші жағы төртбұрыштылау, қолға ұстайтын сабы бар зат
елестейді.
Сигнификаттық мағынасы: үй шаруашылығында (шеге қағу т.б) заттарды
қағуға, ұруға, шыңдауға арналып, басы темірден, сабы ағаштан жасалынған
аспап.
6. Темір ҚТТС-9,111.
Мысалы, Көмір, темір, алтын, жез, сирек металдар, нефть...не жоқ бұл жерде
(Ғ.Мұстафин, Қарағ.).
Денотаттық мағынасы: көз алдымызға берік және салмақты металл
елестейді.
Сигнификаттық мағынасы: Қатты, көбіне қоңыр-қара түсті; одан тұрмысқа
қажетті көп заттар жасалынады; арнайы өнеркәсіп орындарында пайдалану үшін
қыздырып дайындап алады, тазартады; кез-келген жерге орналастыруға, қоя
салуға болады.
7. Тас ҚТТС-9,41.
Мысалы, Таулар тастан құралады, ал тастар өте мықты болады (Өлі табиғат).
Денотаттық мағынасы: тас қатты, үлкенді-кішілі болып келеді, таудың
жынысы.
Сигнификаттық мағынасы: көбіне қара түсті, әр түрлі формада келеді,
өте мықты; Тас жердің әр бөлшегінде кездеседі, адщамдар өз қалауынша өз
пайдаларына жаратып жатады.
8. Жүзік ҚТТС-4,252.
Мысалы, Ханшайым жүзікті беріп жатып, Ольганың қолындағы білезікті көрді
(І.Есенберлин, Қатерлі).
Денотаттық мағынасы: домалақ шеңбер қалыпта келген, әр түрлі
безендірілген, асыл тас орнатылған зат.
Сигнификаттық мағынасы: саусаққа тағуға арналып жасалынған, жуан және
жіңішке, формасы жағынан да әр түрлі (үшкір тасты, домалақ, жұлдыз тәрізді,
жылан тәрізді т.б) келген, әйел адамдар сән үшін тағады; Жүзік әр түрлі
металдардан жасалынады.
9. Балта – ҚТТС-2,87.
Мысалы, Үй шаруашылығына керекті темір заттар: қазан, ошақ, балта, қасық
сияқтылар көп мөлшерде әкелінетін (М.Елеусізов, Ш.Уәлиханов).
Денотаттық мағынасы: балта сөзін айтқанда көз алдымызға бір жақ
басының жүзі жұқа өткір, екінші жағы шүйделі, қолға ұстайтын сабы бар зат
елестейді.
Сигнификаттық мағынасы: Басы темірден, сабы ағаштан жасалынған, үй
шаруашылығында (ағаш жару үшін т.б) пайдаланылатын құрал.
10. Су ҚТТС-8,371.
Мысалы, Еділ өзенінің суында шортан жүзіп, шабақ ойнайды (А.Нұртазин,
Орман).
Денотаттық мағынасы: түссіз, мөлдір, сұйық зат.
Сигнификаттық мағынасы: өзен, көлдерді түзеді; шөлді қандыру үшін т.б
тұрмыста адамдар әр түрлі өз қажеттеріне пайдаланады; табиғи су жер астынан
шығып жатады, суық, таза болады.
11. Білезік ҚТТС-2,602.
Мысалы, Білегіндегі білезік шам сәулесімен жарқылдады (Б.Майлин, Шығ.).
Денотаттық мағынасы: домалақ, кейде ортасы ашық кейде тұтас
біріктірілген, әр түрлі өрнек, тастар салып безендірілген бұйым.
Сигнификаттық мағынасы: әр түрлі металдардан жасалынған, формасы
жағынан жуан, жіңішке және түрлі заттар бейнесінде (ай, жұлдыз т.б)
келетін, әйелдердің сәндік үшін пайдаланатын, білектеріне тағатын бұйым.
12. Сырға ҚТТС-8,497.
Мысалы, Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөрігі, білек толған
білезіктері – баршасы да Абайдың бұл өңірден көрмеген бір сәні сияқты
(М.Әуезов, Абай жолы).
Денотаттық мағынасы: құлаққа тағатын инесі мен оған бекітілген, әр
түрлі формада келген, асыл тастардан безендірілген бұйым.
Сигнификаттық мағына: Әр түрлі қымбат металдардан құлаққа тағу үшін
арнайы жасалынған, жеңіл, түрлі формада келген, сәндік үшін тағылатын
бұйым.
13. Күрек ҚТТС-5,356.
Мысалы, Бұрынғыдай қолдарына күрек, кетпен алып жабыла жер қазып жатқан
мыңдаған адамды көрмейсің (Ә.Кәкәмжанов, Коммун.).
Денотаттық мағынасы: сабы ағаштан жасалынған, басы темірден
үшкірленіп немесе төртбұрышты болып бекітілген шаруашылық құралы.
Сигнификаттық мағынасы: қолға ұстап жұмыс істеуге арналынған, үй
шаруашылығында пайдаланылады; әр шаруашылыққа сай әр түрлі болып келеді
(үшкір күрек, қар күрейтін ағаш күрек, күл шығаратын қалақша күрек т.б).
14. Көсеу ҚТТС-5,227.
Мысалы; Ыстық жалыннан екі беті қызқыл күреңденіп кеткен ол сөнуге айналған
отты көсеуман қопсытып, тезек-қиды мәстемірмен ұсақтап қалап жатыр
(М.Сүндетов, Ескексіз).
Денотаттық мағынасы: темірден жасалынған, басы қайырылып келген, сабы
ұзындау, жіңішкелеу келген шаруашылық құралы.
Сигнификаттық мағынасы: көсеу қолға ұстап, отты көсеуге арналған,
қайырылып кетпейтін мықты темірден жасалынған; әр түрлі формада (ұзын,
қысқа, жіңішке) келетін, отта балқып кетпейтін берік металдардан істелген.

15. Галош ҚТТС-2,652.
Мысалы, Ақылбек Победа ішінде кетіп бара жатқандықтан, пальто мен
галоштың қажеті жоқ деп ойлаған еді (Ә.Нұршайықов, Тың астығы).
Деотаттық мағынасы: галош сөзін айтқанда көз алдымызға, аяққа киюге
арналып жасалынған зат елестейді.
Сигнификаттық мағынасы: тазалық үшін аяқ киім сыртынан киілетін
резина киім.
16. Көзілдірік ҚТТС-5,116.
Мысалы, Көзілдірік киген біреу бір конвертті әкелді де, Дәуқараға ұстатты
(Б.Майлин, Шығ.).
Денотаттық мағынасы: екі әйнекті, құлаққа тағатын жері бар зат.
Сигнификаттық мағынасы: әр адамның көзіне арналып, көз ауруларына
қарсы жасалады.
17. Кілт ҚТТС-5,402.
Мысалы, Ермек қалтасынан бір шумақ кілт суырып, Щербаковқа ұсынды
(Ғ.Мұстафин, Қарағанды).
Денотаттық мағынасы: кішкентай, басы домаланған, ортасы жіңішкелеу,
ұшында кедір-бұдыр тістері бар зат.
Сигнификаттық мағынасы: есікті ашып-жабуға арналынған, темірден
жасалынған құрал.
18. Ұршық ҚТТС-9,491.
Мысалы, Зырқыраған ұршық жүнді созып үлгертпей үзіліп жерге түсті
(Б.Майлин, Шығ.).
Денотаттық мағынасы: сабы жіңішке ағаштан жасалынған, басы домаланып
келген, төбесінде жіпті реттеп отыратын тетікшесі бар зат.
Сигнификаттық мағынасы: Шүйкеленген жүннен жіп иіріп алуға арналып
жасалынған аспап. Көбіне бір формада келеді. Қазір ауыл тұрмысында ғана
қолданылады, арнайы жіп шығару өндірістің есебінен.
19. Тиек ҚТТС-9,143.
Мысалы, Төлеген домбыраны алып шертіп қалды да, тез тиегін қозғады
(Ә.Нұршайықов, Батыр.).
Денотаттық мағынасы: ағаштан жасалынған, төбесінде екі кертпек орны
бар жеңіл, аспаптың бөлшегі.
Сигнификаттық мағынасы: домбыраның ішегін көтеріп тұру үшін
пайдаланылады; жеңіл келген, әр аспаптың тиегі әр түрлі болады.
20. Терезе ҚТТС-9,130.
Мысалы, Терезенің шынылары ауа толқынынан сыңғырлап жерге түсіп, сынып
жатты (Б.Момышұлы, Офицер).
Денотаттық мағынасы: шет жақтары ағашпен бекітілген, ортасында әйнек
көздері бар; үйлерде орнатылады, ашып-жабатын тұтқасы болады.
Сигнификаттық мағынасы: үйге жарық түсіріп тұру үшін, таза ауа
кіргізіп тұру үшін қабырғаға арнайы орнатылады. Қазіргі кездерде терезені
әр түрлі материалдардан жасайды; Формасы жағынан да үлкен, кішкентай, бас
жағы домаланған, төртбұрышты т.б түрленіп келеді.
Жоғарыда біраз мысаклдарды талдап өттік. М.Оразовтың пікіріне
сүйенетін болсақ, онда зат есімнің денотаты ол затты атағанда көз алдымызға
келетін оның басты белгілері яғни заттың өзі. Ал оның сигнификаттық
мағыналарында индивидуалды қасиет болмайды дейді. Ол дегеніміз қалай, демек
сөз мағынасына анализ жасағанда оны семаларға ажыратамыз. Осы семалар
сигнификаттық мағынаның негізіне жатады дейді.
Ал семалар жайында тіл білімінде Анар Салқынбай былай деген:
Сөздің құрамындағы кіші семалық бөліктерге мыналар жатады:
1) Архисема – туынды сөз мағынасының белгілі бір лексика-семантикалық
топқа біріктіруде негіз болатын әуелгі сема. Архисема – түбірдің
бастапқы семасы. Әдетте, архисеманың аумағы кең және ауқымды
болады.
2) Ортақ сема – түбірлес сөз мағыналарының тарихи тектестігін
айқындайтын, туынды сөздер тізбегі мен сөзжасамдық ұяның бірлігін
көрсететін сема. Ортақ сема арқылы сөзжасамдық ұядағы сөздердің
мағыналық тектестігі мен сабақтастығы көрінііс табады. Туынды
сөздердің жасалуының когнитивтік негізділігі мен уәжділігін
айқындауда маңызды роль атқарады.
3) Өзек сема (негізгі) – туынды сөз мағынасының негізін құраушы сема.
Өзек сема архисемаға жақын, архисеманың негізінде жасалады.
Таңбаланған зат пен құбылыстың негізгі белгілері мен қасиеттерін
көрсетуші белгі.
4) Айырушы сема – семантикалық өрістегі туынды сөздердің өзіндік
ерекшеліктерін ан,ықтайды. Айырушы семалар сөзжасамдық парадигманы
құруға, сөзжасамдық тізбектердегі сөзжасамдық саты мен сөзжасамдық
жұп арасындағы мағыналық реңді, өзгешелікті айқындауға мүмкіндік
береді.
5) Ерекше сема – зат пен құбылыстың ерекше номинативті белгілері
арқылы орнығатын туынды сөздің өзіндік ерекше мағынасы. Туынды
сөздің мағыналық құрылымында ерекше семаның орнығуы жаңа атау
жасалғанын көрсетеді. Ерекше сема туынды сөздің екіншілік мағынасын
айқындап, зат пен құбылыстың ең көрнекті ерекше белгілерімен
қасиеттерін танытады. Өзге түбірлес туынды сөздерден өзгешелігін
көрсетіп, сөзжасамдық ұяда пайда болған жаңа атауды танытады .
Мысалы, Қап сөзінің мағыналық құрылымын айқындап, одан туындайтын
туынды сөздердің мағыналық дамуын айқындап көрелік.
Қап сөзінің номинативтік белгілері – нысанның ішінің қуыс болуы, ішіне
зат салу үшін пайдаланатыны, ішіндегі заттың көрінбеуі, қаптың аузын жауып,
байлап қоюға болады. Бұл белгілер сөздің ішкі архисемасы арқылы адам
санасында қалыптасып, халықтық танымда семалық белгілер жинақталып
қабылданған 13,52. А.Салқынбайдың сөз мағынасына анализ жасағанда кіші
семаларға бөліп қарағанын біз зат есімдер мен етістіктердің бойынан
сигнификаттық мағынасын табар кезде пайдаланамыз. Оған төмендегі мысалдарға
талдау жасағанда көз жеткіземіз.
21. Таразы ҚТТС-9,15.
Мысалы, Қош келдің, таразым бар, өлшейін (С.Торайғыров, Шығ.).
Денотаттық мағына: екі жағында екі басы бар, біреуіне зат қойып екі
ншісіне өлшем заттарын қоятын, ортасында көрсеткіш заттары және белгілейтін
тілі бар ауырлау келген зат.
Сигнификаттық мағына: заттардың салмағын анықтайтын өлшеуіш. Қазіргі
кезде таразының сан алуан түрлері бар. Көбінесе электронды түрдегі
таразылар қолданылады. Ауыр заттарды өзгеше формадағы таразылармен өлшейді.
22. Тарақ ҚТТС-9,17.
Мысалы, Ботагөз шашын тарақпен желкесіне қайырып алып, саусағымен үшке
бөліп, жылпылдата өре бастады (С.Мұқанов, Жұмбақ жалау).
Денотаттық мағынасы: бірнеше жіңішке жүздері бар, бәрі бір қатарға
тізіліп орнаған құрал.
Сигнификаттық мағынасы: тарақ түрлі материалдардан жасалынады (ағаш,
темір, пластмасса т.б). Шашты, жүнді т.б заттарды жазып тарауға ыңғайланып
жасалынған құрал. Тарақтың мынандай түрлері болады: ат тарақ-аттың жал-
құйрығын сүзіп тарайтын құрал; тарақ балта-көне хайуандарды ұрып соғу үшін
жасалған, жүзі тіс-тіс балып келеді; тарақ бау-ер-тоқым үзеңгісінің
қайыстан жасалған, екі тарам бауы.
23. Есік ҚТТС-3,453.
Мысалы, Буыншақ-түйіншектерін көтеріп әйелдер автобустың артқы есігінен
қарбаласып міне бастады (Б.Соқпақбаев, Аяжан).
Денотаттық мағынасы: Көбінесе төрт бұрышты ұзындау келетін, ұстайтын
тұтқасы бар, босаға мен табалдырық бар жерде орналасатын зат.
Сигнификаттық мағынасы: ағаштан т.б материалдардан жасалынған, түрлі
пішінді (төрт бұрышты, бас жағы дөңестеу т.б), әсем безендірілген, үйді,
бөлмелерді ашып-жауып кіріп-шығатын орны.
24. Бұрғы ҚТТС-2,540.
Мысалы, Біреусінде тізіліп ағаш шеберінің ісмерлік саймандары жатыр: ара,
балта, сүргі, шапқы, тескіш, тістеуіш, бұрғы – тіпті көп (Б.Соқпақбаев,
Аяжан).
Денотаттық мағынасы: бұрғы сөзін айтқанда көз алдымызға, ұшы үшкір,
бас жағы үлкендеу, қолға ұстайтын жері бар зат елестейді.
Сигнификаттық мағынасы: Ағаш не темірді үңгіп тесетін құрал. Темірден
жасалынған, салмағы ауырлау, тоқпен жұмыс істейді.
25. От ҚТТС-7,481.
Мысалы, Екі-үш әйел отқа тезек тастап, қазан жанында жүр (А.Сатаев, Дала).
Денотаттық мағынасы: лаулап жанады, қызғылт-сары түсті, жанына
жақындасаң қыздырады.
Сигнификаттық мағынасы: от – заттарды балқыту, асты пісіру, үйді
жылыту т.б мақсатта пайдаланады. Түрлі материалдардың: ағаш, көмір, газ,
мұнай т.б жарық пен қызу шығарып жануы.
26. Жапырақ ҚТТС-3,666.
Мысалы, Ағаш жапырақтары сыбырлап, бұталары қатты желден майыса бастады
(А.Сатаев,Дала).
Денотаттық мағынасы: жапырақ көбіне алақан тәрізді, бас жағы
үшкірленіп, соңы домаланып келеді. Ағашқа бекіп тұратын ұшында сабағы,
бетінде түрлі тармақтары болады.
Сигнификаттық мағынасы: жылдың әр мезгіліне сай түрлі-түсті келеді,
ағаштарды әрлендіріп тұрады. Ауаны тазартуда маңызды қызмет атқарады.
27. Қар ҚТТС-6,34.
Мысалы, Осыдан төрт-бес күн бұрын жылымық болып, қар жұқара түсті
(Ә.Әуезов, Өскен.).
Денотаттық мағынасы: аппақ түсті, жеп-жеңіл, қолға ұстасаң біраздан
соң еріп кететін зат.
Сигнификаттық мағынасы: жылдың бір мезгілі – қыста ғана болатын
атмосфералық жауын-шашын түрі. Қар жапалақтап, бұршақтап, борап жауады.
Суық болады. Қардың бірнеше түрлері болады: ақша қар – жаңа жауған қар;
қасат қар – ұзақ жатқан қалың қар т.б
28. Көпір ҚТТС-5,186.
Мысалы, Автобус Ертіске салынған жаңа көпірге шықты да, жүрісін баяулатып,
өзеннің кеңдігін ойға салғандай бөгеле түсті (А.Жақсыбаев, Қайырлы).
Денотаттық мағына: өзендердің үстіне жол сияқты салынған, екі жағында
бекітілген қорғандары бар зат.
Сигнификаттық мағына: әр түрлі кедергілерден (өзен, сай, жол т.б )
өту үшін арнайы салынған өткел. Темір, ағаш т.б материалдардан жасалынады.
29. Галстук ҚТТС-2,652.
Мысалы, Үстінде сұр костюмі бар, мойнында галстук. Бұл – Рахмет (С.Ерубаев,
Менің құрдаст.).
Денотаттық мағына: галстук сөзін айтқанда көз алдымызға, бас жағы
ұшбұрыштылау келген,соңына таман шіңішкере берген ұзын материалды зат
келеді.
Сигнификаттық мағынасы: көйлектің жағасын орай, алқымын түйіп,
мойынға байлайтын жібек т,б түрлі-түсті матадан безендіріліп тігілген киім.
30. Дәптер ҚТТС-3,80.
Мысалы, Жаңа оқулықтар, дәптерлер сатылып жатыр дегенді естідім де, әжемнен
ақша ала салып замғап дүкенге келдім (Б.Соқпақбаев, Менің атым.).
Денотаттық мағынасы: бірнеше түптелген беттерден тұратын, тор көзді
немесе ұзын жолды келетін, сыртқы бетінде аты-жөні, оқу-орны т.б жазатын
жері бар зат.
Сигнификаттық мағынасы: жазу жазу жұмысына лайықталып жасалынған,
түрлі-түсті қағаздармен сыртқы беті безендірілген, бет мөлшері жағынан жай
немесе қалың дәптер болып келеді. Дәптердің бірнеше түрі бар. Мысалы:
күделік дәптер – бастан кешкен оқиғаның күні, айы, жылы көрсетіліп жазылған
дәптер.
31. Доп ҚТТС-3,157.
Мысалы, Ештеңе байқала қояр ма деп дәмеленбеген едім, апан аузындай ашық су
бетінде қалқыған үлкен қара ала допты көргенде, жүрегім жұлқып кетті
(Ә.Көшімов, Лашын).
Денотаттық мағынасы: домалақ келген, ішіне ауа толтырылған зат.
Сигнификаттық мағынасы: резинадан, жүннен не басқа серіппелі
нәрселерден жасалынған, жерге, тамға соқсаң өзіңе ұшып қайтып келетін,
ойнау мақсатында жасалынған ойын құралы. Доп әр ойынға лайық түрліше
безендіріліп жасалынады. Мысалы: футбол добы, баскетбол добы т.б
32. Домбыра ҚТТС-3,154.
Мысалы, Отқа қазан асып, күздің, қыстың ұзақ кештерінде отырғанда
домбыраның қоңыр күімен маздаған от басы әңгімесіз болмайды (С.Сейфуллин,
Шығ.).
Денотаттық мағынасы: сабы жіңішкелеу келген, екі құлағы бар, бас жағы
сопақшалау, алдында тесігі бар, екі ішекті, ноталарға бөлінген, тиегі бар
зат.
Сигнификаттық мағынасы: домбыра ағаштан безендіріліп жасалынған,
қазақ халқының екі ішекті музыкалық аспабы. Жиындарда, тойларда,
концерттерде ән айтып, күй шерту үшін пайдаланылады.
33. Бесік ҚТТС-2,281.
Мысалы, Ақ бесікке салуға немересін, Ақ әжелер келеді шашуды алып
(Қ.Мүсірепов, Раушан).
Денотаттық мағынасы: екі басы, аяғы бар, жаны және тербету үшін
арналып жасалған бастарын қосып тұрған дөңес ағаштары болады. Бесікті
шымылдықпен жауып қою үшін, екі басын біріктіріп қосып тұрған ортасында
ағашы болады.
Сигнификаттық мағынасы: бесік ағаштан жасалынады, кішкентай нәрестені
жатқызі үшін пайдаланылады. Әркім өз қалауынша бесікті безендіріп қояды.
34. Жіп ҚТТС-4,341.
Мысалы, Бір ұшық жүннен ұзындығы 512м иірілген жіп шығады деп есептеледі
(М.Ермеков, Қазақст.).
Денотаттық мағына: жіңішке келіп иірілген, пластмассадан жасалынған
домалақтарда дайын оралып тұратын зат.
Сигнификаттық мағынасы: жүн, мақта, кендір сияқты нәрселерден ұзын,
жіңішке етіп иіріп жасалынған, киім-кешекті, құрақ-көрпешелерді тігу үшін
пайдаланылады. Әр түрлі түстері болады.
35. Ау ҚТТС-1,450.
Мысалы, Ол үш-төрт адам сыйғандай қакйық тауып, балық аулайтын ау сатып
алып, кәсіпке кірісті (С.Шарипов, Шығ.).
Денотаттық мағынасы: жіппен торланып тігілген үлкен сүзгі, бас
жағында тартатын, қолға ұстап тұратын жері бар.
Сигнификаттық мағынасы: ау мықты жіптен тор көздер қалдырылып отырып,
үлкенді-кішілі көлемде тігіледі. Балық ұстау үшін пайдаланылады. Тордың
басқа да түрлері болады: құс ұстауға лайықталып жасалған тор т.б.
36. Қолғап ҚТТС-6,296.
Мысалы, Әйелдер тоқып жатқан жылы қолғап қаншама (З.Ақышев, Жесірлер).
Денотаттық мағынасы: қолғап сөзін айтқанда көз алдымызға, бес
саусақты немесе бас бармақтың орны ғана жекеленіп тігілген зат келеді.
Сигнификаттық мағынасы: қолды суықтан, я түрлі жарақаттан сақтау
үшін, матадан, былғарыдан не резинадан, не жүннен безендіріліп тоқылған
қолға киетін киім.
37. Арба ҚТТС-1,316.
Мысалы, Майлаусыз сықырлағын ағаш арба, Көк шолақ мықшыңдайды тартып зорға
(Б.Майлин, Шығ.).
Денотаттық мағынасы: жіңішкғе темірден келген екі сапты, оның басында
қолға ұстағанда ыңғайлы болу үшін тағылған резинкасы бар, заттарды тасуға
арналған жерінің іші қуыс, өзі үлкендеу көлемді, жүргізетін дөңгелегі бар
зат.
Сигнификаттық мағынасы: шаруашылық тұрмыста топырақ, көң, қарашірік
т.б заттарды ары-бері тасуға арналынып пайдаланылады. Темірден үлкен-кіші
көлемде жасалады.
38. Алтын ҚТТС-1,235.
Мысалы, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғаш жұмыс істеген кезінде
шикізаттан қорғасын, мырыш, мыс, күкірт қышқылы, алтын, күміс металдарын
шығарып келді (С.Тәжіғұлов, Асау.).
Денотаттық мағынасы:қатты, бағалы, қымбат металл; сары түсті келеді.
Сигнификаттық мағынасы: әр түрлі (жүзік, сырға, білезік т.б) қымбат
бағалы заттар жасау үшін арнайы өнеркәсіп орындарында алтынның құрамын
тазартып, бұйымдар жасап шығаруға дайындап, әзірлейді. Жасалынған заттарға
байланысты әр түрлі формада, салмақта келеді.
39. Алмаз ҚТТС-1,229.
Мысалы, Таза алмаз түссіз және мөлдір, әсем түсті келеді (Химия).
Денотаттық мағынасы: түссіз, мөлдір, өте қатты, қымбат тас.
Сигнификаттық мағынасы: алмазды әр түрлі бұйымдар жасау үшін
пайдаланады. Әр түрлі пішінде, салмақта жасалынған заттардың құны да жоғары
болады.
40. Алқа ҚТТС-1,223.
Мысалы, Алқа-алтын, күміс, маржан сияқты заттардан істелген әйелдер мойнына
салып жүретін сәндік бұйымдары (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).
Денотаттық мағынасы:әдемі безендірілген, алтыннан, күмістен т.б
жасалынған, қымбат бағалы көздері бар зат.
Сигнификаттық мағынасы: әйелдерге сән үшін мойындарына тағуға арналып
жасалынған, пішіні жағынан жіңішке, жуан, мойыншақ тәрізді болып келетін
сәндік бұйымы.
41. Құман ҚТТС-6,469.
Мысалы, Ол легенді үйдің ошақ тұратын орта тұсына қойды да, сыртқа шығып,
жез құман мен бір шелек су алып келді (І.Есенберлин, Қаһар).
Денотаттық мағынасы:Ұзын сопақша келген, бас жағында шүмегі бар, қолға
ұстайтын тұтқасы бар зат.
Сигнификаттық мағынасы: шойыннан, мыстан сыртқы беті безендіріліп
жасалынады. Қолға су құюға, жуынуға пайдаланылады.
42. Көрпе ҚТТС-1,203.
Мысалы, Төргі бөлмеде көнетоз сәнді көрпенің үстінде екі еркек, екі
әйел отырды (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен).
Денотаттық мағынасы: үлкен, төртбұрышты пішінді, жіптермен
бастырыла тігілген, матамен қапталған зат.
Сигнификаттық мағынасы: жамылып жату үшін, астыға салып қою үшін
пайдаланылады. Матаның арасына мақта не жүн салынып, түрлі безендіріліп
жасалынады.
43. Ағаш ҚТТС-1,54.
Мысалы, Күңгірт аспанға бойлап тұрған қыраулы биік ағаштардың басы қыбыр
етпейді (С.Шаймерденов, Мезгіл).
Денотаттық мағынасы: биік талдарды жону арқылы дайындаған, ауыр,
көбіне қоңыр-сарғыш түсті зат.
Сигнификаттық мағынасы: Тұрмыста түрлі заттарды жасау үшін
пайдаланылады. Әсем безендіріп, түрлі-түске бояп, бұрынғы қалпынан өңдеп
шығарады. Шаруашылық өмірде маңызы зор.
44. Өрік ҚТТС-7,576.
Мысалы, Тау қойнауында жабайы алма, өрік, алмұрт, долана өседі (Б.Муханов,
Қазақстан өсімд.).
Денотаттық мағынасы: сыртында жеуге жарамды жемісі бар, ішінде қатты
дәні бар, сары түсті, домалақ тәрізді зат.
Сигнификаттық мағынасы: көктемде сарғайып дайын болатын, адамдардың
қажеттілігіне (жеуге, варенье жасауға, компот жасауға т.б) пайдаланылатын
жеміс-жидектің бір түрі.
45. Тұз ҚТТС-9,263.
Мысалы, Олар біздің түйемізді, тұзымызды алып қалды (С.Бегалин, Сәтжан).
Денотаттық мағынасы: ақ түсті, өткір дәмді, кристалл зат.
Сигнификаттық мағынасы: ас-тағамдардың дәмін кіргізу үшін
пайдаланылады. Арнайы йодталып, арнайы қапшықтарға салынып шығарылады.
46. Қағаз ҚТТС-5,470.
Мысалы, XIX ғасырдың ортасына дейін қағазды шүберектен жасаған, бірақ ол
өте қымбатқа түскен (Қ.Қайымов, Қызықты зоол.).
Денотаттық мағынасы: ағаш пен мақта масасынан жасалған, жұқа келген,
тор көзді немесе ұзын жолды зат.
Сигнификаттық мағынасы: жазуға арналып жасалынады, әр түрлі түстері
болады.
47. Қалам ҚТТС-5,582.
Мысалы, Балалардың кітап, қағаздары, қарындаш, қаламдары қалып қойса,
белгілі жерге алып қояды (С.Бегалин, Сәтжан).
Денотаттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лексикалық мағынаның құрылымы
Грамматикалық категория жүйесіндегі мазмұны жұп сыңардан тұратын грамматикалық мағыналар
Сөз тіркесінің атау туғызуы туралы мәселенің зерттелуі
Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы
Ескерткіштер тіліндегі сапалық сын есімдер
Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы
Лексикалық мағынаның макрожүйелік құрылымы
Сын есімнің семантикалық және граматиқалық сипаты
Қазақ тіліндегі атаулық тіркестердің қалыптасуы мен жасалу жүйесін, модельдерін, уәжділік негізі мен семантикалық құрылымының өзіндік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеу
Қазақ тіл біліімінде
Пәндер