Кентау қаласының қазіргі экологиялық жағдайы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ..5
1.1.Химиялық элементтердің жер қыртысында таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Қоршаған ортадағы ауыр металдар мен минералдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.3.Қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.4.Ауыр металдардың қоршаған ортаға түсу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.5.Адам ағзасына ауыр металдардың әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

2. Зерттеу объектілері мен әдістемелері ... ... 18
2.1.Зерттеу объектілері ... ... ... ...18
2.1.1.Зерттеу аймағының қысқаша географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ..18
2.1.2.Зерттеу объектілеріне ботаникалық сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.1.3.Үлгілерді алу, дайындау ... ... ... 21
2.1.3.1.Өсімдік үлгілерін дайындау ... ... ... ..21
2.1.3.2.Топырақ үлгілерін дайындау ... ... ... 21
2.1.3.3. Су үлгілерін дайындау ... ... ... ... .23
2.2.Зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ...23
2.2.1. Атомдық.абсорбциялық әдіс ... ...25
2.2.2.Қондырғының құрылымдық үлгісі ... ... .
2.2.3.Басқа әдістерден ерекшелігі ... ... ..26

3. Зерттеу нәтижелері және оларды талдау.
3.1.2002.2004 ж.ж. жүргізілген зерттеу нәтижелерін талдау ... ... ... ... ... ... ... 28
3.1.1.Топырақ құрамындағы ауыр металдар мөлшерін талдау ... ... ... ... ... ... .28
3.1.2.Өсімдік құрамындағы ауыр металдар мөлшерін талдау ... ... ... ... ... ... ..29
3.1.3.Су құрамындағы ауыр металдар мөлшерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
3.2. Жасалынған жұмыстар ... ... ... ... ... ... .30
3.3.2004.2006 ж.ж. жүргізілген зерттеу нәтижелерін талдау ... ... ... ... ... ... ... 33
3.3.1.Топырақ құрамындағы ауыр металдар мөлшерін талдау ... ... ... ... ... ... .33
3.3.2.Өсімдік және су құрамындағы ауыр металдар мөлшерін талдау ... ...33
3.4.Зерттеу нәтижелерін салыстыру ... ..
Қорытынды..
Әдебиеттер тізімі
Мәселенің өзектілігі: адамзат, XX ғасырдың орта кезінен бастап көптеген ғылыми зерттеулер негізінде табиғаттағьг көптеген құбылыстарды байқап, олардың заңдылығын түсіне бастады. Осы кезден бастап халық саны күрт өсіп, сәйкесінше азық-түлікпен тұтыну тауарларының қажеттілігі артты. Сол кезде белгілі болған фундаментальды ғылыми зерттеу жүмыстарының нәтижелерін қолданып, табиғат ресурстарынан адамдарға қажетті заттарды алудың әртүрлі технологиясы жасалынып, көптеген үлкенді-кішілі өнеркәсіп орындары жұмыс істей бастады. Әр түрлі көлемді өндерістердің жаппай жұмыс істеуі, қоршаған ортаға (ауаға,топыраққа, суға) үлкен зардабын тигізіп, биосфера тепе-теңдігінің бұзылып, табиғаттың азып-тозуына және ластануына әкелді. Айта кету керек, биосфера, қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылмауына, ал аздап бұзылса, оның қайта орнына келуіне әр уақытта ат салысады. Бірақ, өндірістен көп мөлшерде шыққан зиянды заттар, табиғаттың бұл мүмкіншілігін іске асырмай тастады.
Қазіргі күннің өзінде, экологиялық зардаптардың әсерінен, жер бетіндегі адамдардың - үшінші, төртінші буындары ұрпақтары биологиялық түрғыдан әлсіз болып келе жатыр. Ал, экологиялық жағдайдың бұдан әрі қарай нашарлауынан, адамдардың генетикалық түрғыдан жарамсыз, келешексіз ұрпақтары, болуы тіптен мүмкін. Егер осындай экологиялық жағдай мұнан әрі осы бағытта жалғаса берсе, кеш қалған дұрыс саясат пен қуатты экономиканың өзі де, болашақта ешқандай жәрдемін тигізе алмай қалуы мүмкін/1/.
Қоршаған орта, өндіріс қалдықтарымен жаппай ластанып жатыр, ал оған адам организмі біртіндеп икемделіп, бұл өзгерістерді онша сезбей де жүр. Бірақ орғанизмге енген бұл зиянды заттардың адам денсаулығына біртіндеп әсерін тигізетініне ешқандайда күмән келтіруге болмайды/2/.
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының адамдарға келтіріп отырған қасіреттері мол. Арал өңірінде құбыжық сәбилердің өмірге келуі жиілеп барады.
1. Түркістан аймағының экологиялық проблемалары. Халықаралық экологиялық конференция ғылыми еңбектер жинағы. Түркістан, 2002 ж.
2. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Саинова. Экология. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы. Алматы, 2003.
3. Алексеенко В.А. Биосфера и жизнидеятелность. М: Логос, 2002.
4. Мур Джеймс. Тяжелые металлы природных водах. М. Мир 1987, 285с.
5. М.С Панин. Химическая экология. Семипалатинск 2002, 206с.
6. Химические загрязнений почв и растении. Словарь-справочник \ /Д.С. Орлов, М.С. Малинина, Г.В. Мотузова и другие. Агропромиздат, 1991-304с.
7. Алексеев Ю.Ф. Тяжелые металлы в почвах и растениях. И: Агропромиздат-1987,528с.
8. Маршал В. Основные опасности химического загрязнения производства. Мир, 1989-627с.
9. Голосков В.И. Иллюстративный определитель растений Казахстана. Алматы. Наука 1987-1-2т.
10. Атчабаров Б.А., Исмаилов Н.Н., Нищий Р.А., Фейгин Б.Г. Гигиена труда в цветной металлургии. Производство свинца.//Руководство по гигиене труда, М.1987 Т2.
11. Жылысбаева А., Баешова А.К., Баешов А. Проблема извлечения из свинцо содержащих твердых и промышленных отходов.//В кн: Труды научно-теоритической конференций; посвященной 100-летию академика К.Сатпаева. Жезказган, 1998-С383-386.
12. Ю.Горовой М.В., Мартынова А.И. Точсические элементы и здоровье человека. Республиканская научная конференция проблемы и опыт охраны окружающей среды в Республики- Днепровск. 1990, 14-16 ноябрь- Киев 1990.
13. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология Алматы 2003
14. ОспановаГ.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. Экономика.
Алматы, 2002 ж. ІЗ.Неменко Б.А. Цветные металлы в окружающей человека среде //Здравоохранение Казахтана 1985; 4-19с.
І5. Немкенко Б.А. Цветные металлы в окружающей человека среде.//Здравохранение Казахстана 1985, 4-19с
16. Худолей В.В. Мизчеров И.В. Экологическо опасные факторы 1996, 186с.
17. Антонов В.Б. Антропогенные экологические болезни // Клиническая
медицина, 1993, 20с
18. Сарницкая Н.А. Оценки роста влияния антропогенных химических загрязнений на здоровье насиления. Врачебное дело, 1995, 23с.
19. Нагорныи С.В. Ядерные испытания, окружающая и здоровье насиления Алтайского края. Материалы научного исследования. Т-3 кн 2-Барнаул 1993, 16-35с.
20. Г.И. Оксснгендлер. Яды и организм. Проблемы химической опасности. С.П:Наука1991.
21. Ягодин Б.А., Тяжелые металлы и здоровье человека // Химия в сельском хозяйствс- 1995, №4, 18-20с.
22. А.П. Овцын, А.А. Жаворонков, М.А. Рин, А.С. Строчкова. Микроэлементозы человека: Этнология, классификация, органопаталогия. АМН, СССР-М: Медицина, І991-496с.
23.Беспамятов Г.П., Кротов Ю.А., Предельно допустимые концентрации химических вевдеств в окружающей среде. Справочник-Л: Химия, 1985-528с.
24. Неменко Б.А., Грановский Э.И. Загрязнение окружающей среды тяжелыми металлами и здоровье населения. А: КазНИИТИ, 1990, С92.
25. Красовский Г.Н., Соколовский В.В. Генетический эффект тяжелых металлов.//Гигиена и санитария, 1993, №9 С56-60.
26. De langhe W.R., Adams I.C. Organic and inorganic lead concentration in environmental air in Antwerp Belgium //Atmosph.Envirion 1980-Vol 14, -p 1170-1180
27. Исмаилов В.Н., Рябова В.Г. Обоснование комплекса методов ранней диагностики для оцнеки опасности возникновения свинцовой интоксикации как меры медицинской профилактики //Усть-Каменогорск. Отчет, Т1-3,1985.
28. Нищий Р.А., Бельчуевский О.В., Бородин В.Н. Особенности взаимодействия на организаций аэрозолей свинца различного дисперсного состава //гигиенические вопросы производстве цветных металлов Казахстана. А,19877 С106-111
29.Альберт А. Избирательная токсичность. Физико-химические основы терапии. Пер. С. Анг. В 2-томах Т2-М: Медицина. 1982-432с.
30. Панин М.Е. Формы соединений тяжелых металлов в почвах средней полосы Восточного Казахстана, Семипалатинск; 1999- 328с.
31. Микроэлементы и питании человека. -Женева. ВОЗ. 1975 №9,592- 74с. 32.Смоглянский Б.А. Алиментарные заболевании. М: Медицина. 1979-282с. 33.Ситоренко Г.И., Изкова А.И. Никель / АМН, СССР-М. Медицина. 1980-176с.
34. Ковда В.А., Биогеохимия почвенного покрова.-М. Наука 1985-263с.
35. Рейли К. Металлические загрязенении пищевых продуктов / Пер.С. анг. М-Агропромиздат. 1995-184с.
36. Гобович Р.Д. Припутина Л.С. Гигиенические основы охраны продуктов питания І вредных химических веществ. Киев. Здоровье, 1987-248с.
37.Ревич Б.А. Загрязнение окружающей среды и здоровье населения.
Введение в экологическую эпидемиологию. Учебное пособие М: изд. МНЭПУ, 2001-264с.
38. Белаусов В.А., Первзнер А.Д. детские болезни. М.Медицина, 1974
39. Каспаров А.А. Гигиена труда и промышленная санитария. М.Медицина 1977
40. Бочков В.А. Гигиена человека. М.Медицина 1978
41.Агроклиматические ресурсы Чимкентской области Казахской ССР-Л:
Гидрометеоиздат-1979, 170с.
42. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. Алматы. Ғылым 1998.
43. Подготовка проб. Минерализация для определения токсичных элементов. ГОСТ 26929-86-М: 1986.
44. Үлкен практикум әдістемелері. Алматы 1999, 4-56.
45. Королева Е.Г. Экологические последствии техногенного загрязнения // токсикологический вестник-1995, 1с-15,20//
46. Славин У.И. Атомно-абсорбционная спектроскопия.Под.ред.Львова Б.В.-Л:Химия,1997-351 с.
47. Львов Б.В. Атомно-абсорбционный спектральный анализ. М:Наука,1966-320с.
48.Дарибаев Ж.Е. Опыт промышленного производства аглопорита из золы ТЭЦ.//Международная научно-техническая конференция «Наука-образование производство в решении экологических проблем» Уфа,1999 С62-64
49. Эмигзон М.П., Васильков С.Г., Попов В.В. Основы производства аглопорита. М: Госстрой издат. 1962-128с
50. Дарибаев Ж.Е., Дарибаева Н.Г., Шевко В.М. Кинетика выгорания коксового остатка из зольных гранул//Труды научных конференции «История и современность» Шымкент 2000 С297-300
51. Попов Л.И. Исследования основных параметров спекания топливных шлаков и зол методом агломераций //В кн: Искусственые пористые заполнители для легких бетонов. М. 1954 С3-5
52. Проект книга 1. Объект: « Консервация с рекультивацией отработанного Хантагинскогк хвостохранилаща» А, 2002
53. Проект том 1.Объект: «РГП «Кентауликвидрудник» Консервация Баялдырского хвостохранилаща» А, 2004
54. Тезиева С.Ч., Легостаева Е.Г. Особенности условии труда и состояние здоровья рабочих свинцово-цинкового производства Электроцинк и актуальные вопросы гигиены труда, токсикологии и проф. патологии цветной металургии. М. Алма-Ата, 1989.
55. Бурханов А.И. Оценка токсичности пыли свинцово-цинкового контцентрата // Гигиена труда и проф. заболивания. М. 1988.
56. Легостаева Е.Г. Содержание свинца, кадмия и цинка в моче у рабочих свинцового производства // Гигиена труда и проф. заболевания. М. 1989.
57. Нищий Р.А., Шущкевич Н.И., Голдобин В.Н., Гуров А.А. Гигиеническая оценка внедрения на электродуговых печей при плавке черного свинца в свинцовом заводе // Вопросы промышленной токсикологии. Алматы, 1993.
58. Любченко П.Н., Ревич В.А., Ликутова И.В. Взаимосвязь между содержанием тяжелых металлов в рабочей зоне, биосубстратах у рабочих и симптомании интоксикации // Актуальные вопросы гигиены труда и проф. заболевания. Алма-Ата, 1989.
59. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Саинова Экология. Алматы, 2003.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Биология факультеті

Экология және топырақтану кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Тақырыбы: Кентау қаласының қазіргі экологиялық жағдайына баға беру

Орындаған: _______________________ Табылдиева Г.А.

Ғылыми жетекшісі: ____________ б.ғ.к. доцент
(қолы) Халилов М.Ф.

Қорғауға жіберілді : 2006 жыл
Экология және топырақтану
кафедрасының меңгерушісі _________ б.ғ.д.профессор
(қолы) Бигалиев
А.Б.

Алматы-2006

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .5
1.1.Химиялық элементтердің жер қыртысында
таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Қоршаған ортадағы ауыр металдар мен
минералдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ...5
1.3.Қоршаған ортаның химиялық заттармен
ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4.Ауыр металдардың қоршаған ортаға түсу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.5.Адам ағзасына ауыр металдардың
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .13

2. Зерттеу объектілері мен
әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1.Зерттеу
объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .18
2.1.1.Зерттеу аймағының қысқаша географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ..18
2.1.2.Зерттеу объектілеріне ботаникалық
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...20
2.1.3.Үлгілерді алу,
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..21
2.1.3.1.Өсімдік үлгілерін
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.21
2.1.3.2.Топырақ үлгілерін
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 21
2.1.3.3. Су үлгілерін
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .23
2.2.Зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 23
2.2.1. Атомдық-абсорбциялық
әдіс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

2.2.2.Қондырғының құрылымдық
үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.2.3.Басқа әдістерден
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..26

3. Зерттеу нәтижелері және оларды
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...28
3.1.2002-2004 ж.ж. жүргізілген зерттеу нәтижелерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... 2 8
3.1.1.Топырақ құрамындағы ауыр металдар мөлшерін
талдау ... ... ... ... ... ... .28
3.1.2.Өсімдік құрамындағы ауыр металдар мөлшерін
талдау ... ... ... ... ... ... ..29
3.1.3.Су құрамындағы ауыр металдар мөлшерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ..29
3.2. Жасалынған жұмыстар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .30
3.3.2004-2006 ж.ж. жүргізілген зерттеу нәтижелерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... 3 3
3.3.1.Топырақ құрамындағы ауыр металдар мөлшерін
талдау ... ... ... ... ... ... .33
3.3.2.Өсімдік және су құрамындағы ауыр металдар мөлшерін

талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
3.4.Зерттеу нәтижелерін
салыстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Мәселенің өзектілігі: адамзат, XX ғасырдың орта кезінен бастап көптеген
ғылыми зерттеулер негізінде табиғаттағьг көптеген құбылыстарды байқап,
олардың заңдылығын түсіне бастады. Осы кезден бастап халық саны күрт өсіп,
сәйкесінше азық-түлікпен тұтыну тауарларының қажеттілігі артты. Сол кезде
белгілі болған фундаментальды ғылыми зерттеу жүмыстарының нәтижелерін
қолданып, табиғат ресурстарынан адамдарға қажетті заттарды алудың әртүрлі
технологиясы жасалынып, көптеген үлкенді-кішілі өнеркәсіп орындары жұмыс
істей бастады. Әр түрлі көлемді өндерістердің жаппай жұмыс істеуі, қоршаған
ортаға (ауаға,топыраққа, суға) үлкен зардабын тигізіп, биосфера тепе-
теңдігінің бұзылып, табиғаттың азып-тозуына және ластануына әкелді. Айта
кету керек, биосфера, қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылмауына, ал
аздап бұзылса, оның қайта орнына келуіне әр уақытта ат салысады. Бірақ,
өндірістен көп мөлшерде шыққан зиянды заттар, табиғаттың бұл мүмкіншілігін
іске асырмай тастады.
Қазіргі күннің өзінде, экологиялық зардаптардың әсерінен, жер бетіндегі
адамдардың - үшінші, төртінші буындары ұрпақтары биологиялық түрғыдан әлсіз
болып келе жатыр. Ал, экологиялық жағдайдың бұдан әрі қарай нашарлауынан,
адамдардың генетикалық түрғыдан жарамсыз, келешексіз ұрпақтары, болуы
тіптен мүмкін. Егер осындай экологиялық жағдай мұнан әрі осы бағытта
жалғаса берсе, кеш қалған дұрыс саясат пен қуатты экономиканың өзі де,
болашақта ешқандай жәрдемін тигізе алмай қалуы мүмкін1.
Қоршаған орта, өндіріс қалдықтарымен жаппай ластанып жатыр, ал оған
адам организмі біртіндеп икемделіп, бұл өзгерістерді онша сезбей де жүр.
Бірақ орғанизмге енген бұл зиянды заттардың адам денсаулығына біртіндеп
әсерін тигізетініне ешқандайда күмән келтіруге болмайды2.
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының адамдарға келтіріп отырған
қасіреттері мол. Арал өңірінде құбыжық сәбилердің өмірге келуі жиілеп
барады.
Қалай болғанда да, қоршаған ортаның ластануы тоқтатылмаса құбыжық
сәбилердің өмірге келуі көбеймесеазаймайтыны анық1.

Жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының
қазіргі экологиялық жағдайына баға беру.

Жұмыстың міндеті:
1.Қала территориясындағы топырақ, су, өсімдік үлгілерін алу.
2.Алынған үлгілер құрамындағы ауыр металдар концентрациясын атомдық-
абсорбциялық әдіспен анықтау.
3.Нәтижелерді басқа зерттеу жұмыстарымен салыстыру.
4.Нәтижелерге сәйкес қорытынды жасау.

1.Әдебиеттерге шолу

1.1.Химиялық элементтердің жер қыртысында таралуы

Жер қыртысында элементтер бір қалыпты таралмаған. Біреулері
екіншісінен милиард есе көп (n*10-ден n*10 дейін). Жер қыртысының
массасының 70% О мен Sі үлесіне тиеді. Егер тағы 6 элементті ескеретін
болсақ (А1, Ғе, Са, Мg, К, Nа) онда олардың жалпы мөлшері жер қыртысы
массасынын 99% құрайды. Қалған 1%-ін 29 элемент құрайды.
Көптеген зерттеушілер химиялық элементтердің кларкіне қарай
топтастырған: О, Sі, Ғе, Са, К, Nа, Мg, Ті – бұлардың үлесіне жер қыртысы
массасының 99,5% тиеді.
Массалық кларкі 1*10%-дан кем элементтер сирек кездесетін элементтер
деп аталады.3

1.2. Қоршаған ортадағы ауыр металдар мен минералдар

Аs - мышьяк- периодтық системадағы Үб группаға кіреді. Ол бірнеше
электрон тасымалдайтын реакцияларға қатысады. Аз табиғатта кеңінен
таралған. Ол әр түрлі токсикалық қасиеті бар органикалық және
бейорганикалық қосылыстар түзеді.
Мышьяк гидриді (Арсин АsН3 ) өте улы. Мышьяк арсенит және арсенат деп
аталатын тұздың окси-қышқылын түзеді. Бұл аниондар мышьяктың табиғи
сулардағы химиясын анықтайды.
Аs өндірісі ХХғ басынан бастап өсе бастады, оны төменнен көруге болады.

Аs қосылыстарының 10 жылдық әлемдік өндірісі.
Кесте 1
Период жылдар Мөлшері (мың тонна\жыл)
1911-20 12,6
1921-30 21,7
1931-40 39,4
1941-50 44
1951-60 34,4
1961-70 42,7
1971-80 41,1

Аs медициналық препараттар алу үшін, жылу-техникалық қондырғыларында,
бояуларда, инсектицид ретінде т.б. мақсаттарда қолданылады.
Жалпы Аs-ң антропогендік көзі: пестицидтер, десиканттар, көмір мен
мұнай, металдық қалдықтар, жуғыш заттар т.б. кейбір тұрмыстық жуғыш заттар
құрамында 10-70 мгкг мышьяк болады екен. Дүние жүзі мұхиттағы мышьяктың
жалпы мөлшері -8-2,8*109т. Антропогендік жолмен түскен мышьяктың (соңғы жүз
жылдағы) жылдық мөлшері 110,000 т есептеледі.
Мышьяк және оның қосылыстары биосферадағы тірі организмге канцерогенді
және мутагенді әсер етеді.
Cd-кадмий - периодтық системадағы II-б тобының триадасындағы екінші
элемент. Оның табиғаттағы тұрақты түрі Сd. Таза кадмий әлсіз көкшіл түс
араласқан ақ күмісті металл.
Cd- және оның қосылыстары гальваникалық жабындыларда, бояуларда,
пластмассаның стабилизаторын алуға т.б. пайдаланылады. Оның жылдық өндірісі
1980ж 150000 тоннаға дейін жеткен. Осыған орай қоршаған ортаның кадмиймен
ластануы жоғарылады.
Кадмийдің әлемдегі табиғи түсуінің жылдық мөлшері 8,43* 105 кг тең. Ал
атмосфераға шығарындысы 7,19*105кг. Мұның 76% түсті металлургия, ал қалғаны
кездейсоқ жағдайлардан шығады.
Жауын-шашын атмосфераны Сd-дан эффективті түрде бөледі. Сd судағы
концентрациясының жоғарылығынан Жапонияда "Итай-итай" ауруы пайда болды.
Сонымен қатар кадмий өндіретін заводта жұмыс істейтін адамдардың рак
ауруына шалдығу мүмкіншілігі жоғары.
Сг - хром -ақ, қатты, жылтыр және 1860 С балқитын металл. Сг} оттегі
қосылыстары (СгО3, СгО4, Сг2О7) түрінде күшті тотықтырғыш болады.
Хром ең алғаш 1800 жылы бояу пигментін алуға пайдаланылған. Қазіргі
кезде бұл металл кеңінен қолданылып, қоршаған ортаға зиянын тигізуде.
Эксперименталды нәтижелер Сг6+ мутагенді әсері бар екенін
дәлелдеген. Кальций хроматының концерогендік әсері өте жоғары. Хром
қосындылары тірі организмдерде хромосомалық абберация тудырады.4
Адам қоғамының шаруашылық әрекетінің теріс болуы салдарының арасында
сыртқы ортаның ауыр металдарға деген жалпы атаумен белгілі поллютанттар
тобымен ластануы ерекше маңызға ие.
Қазіргі таңда қоршаған орта проблемалары мен
экологиялық мониторингке арналған жұмыстарда Д.И. Менделеев
таблицасында кездесетін атомдық массасы 50 бірліктен асатын 5,6;
40 аса химиялық элементтерді ауыр металдарға жатқызады. Жер қабатында
кездесуіне қарай (n*10" -n*10~ салмақ%) ауыр металдардың көбісі
сирек кездесетін, ал таралуына қарай шашыраңқы орналасқан
химиялық элементтерге жатқызылады.
Н. Реймерс классификациясы бойынша тығыздығы 8гсм3 ауыр металл болып
есептеледі, ал басқа мәліметтерде тығыздығы 5г см3 болуы қажет7.
Zn- мырыш- металға жаңа қасиет беру үшін қолданылады. Мырыш
топырақта негізінен әлсіз фито-токсинділікке ие8.
Тек үлкен концентрацияда ғана улы әсерін тигізеді. Ол жүйке жүйесіне,
асқазанға зиянды әсер етеді. Кейде адам есінен танып қалады, қою безгек
ауруына үшыратады.
Давыдов зерттеулері бойынша мырыш топырақта қорғасын улылығын
күшейту қабілетіне ие. Pb - қорғасын ең көп таралған және де
улы токсиканттардың бірі. Жер қабатында көп мөлшерде кездеседі9,10.
Қорғасын пластикалық жұмсақ және көкшіл рең беретін сұр түсті металл.
Табиғи қорғасын атомдық нөмірі 82, атомдық массасы 207,2 және тұрақты үш
изотопы бар: Pb204, Pb207, Pb208. Қатты қорғасынның тығыздығы 11,336гсм3,
ал балқыған түрінікі 10,686гсм3. балқу температурасы 327,4°С, ал қайнау
1745°С. Салыстырмалы түрде қайнау температурасы төмен болғаннан кейін
ұшқыштығы жоғары 1000°С температурада буының қысымы шамамен 133нм², 1170°С-
та - 1330 нм², 1500°С - 26660 нм² 200мм рт.ст.
Табиғатта қорғасынның қосындылары 2 және 4 валентті болуы мүмкін. 2
валентті қорғасын қосындысы негізінен тұз тәрізді және Pb2+катион түзіп
диссоцияланады, бірақ PbO2- анион болатын металл тұздары – пломбиттер
кездеседі.
Металургияда маңыздысы қорғасынның тұрақты оксиді-глет, ол 600°С
жоғары температурада ыдырамайды. Балқу температурасы 886°С, қайнау
температурасы 1472°С, тығыздығы 9,35гсм3. жоғары температурада глет басқа
элементтердің оксидтеріменәсерлесіп силикаттарды PbO, SiO2,3PbO*2SiO2 және
де қорғасын концентранттарын аглонирациялайтын ферриттер мен плюмбиттерді
де түзеді.
Тағы қарастыратын бір жайт, жоғары теапературада қорғасын және оның
қосындылары ұшқыш болып келеді, бұл қоршаған ортаға тез түсетінін
көрсетеді10,54,55,56,57.
Әлемде қорғасын өндіру жылына өндірілген жөне ұсақ дипрестелген
күйінде 4,5-10 тонна қорғасын бөлінеді. Антропогендік фактор әсерінен
қоршаған ортаға түсу биотикалық фактор әсерінен асып түседі. Атфосфераға
түсу көздерінің бірі ол бензинге қосатын қосындылар, яғни тетраэтил
қорғасын болады. Басқа да қоршаған ортаға түсу көздері, олар: металл
өндіру, цемент өндіру, тас көмір жағу, тәулігіне 500тонна көмір жағатын тек
бір жылу электр станциясы (ЖЭС) жылына 21 тонна қорғасын қалдықтарын
бөледі. Қорғасынмен кең ауқымда ластану салдарынан, оның
топырақта, өсімдіктерде, және тірі организмдерде жиналуы өсе түседі.
Қорғасынның әсерінің негізгі нысаналары қан түзу, жүйке, ас қорыту
жүйелері және бүйрек болып табылады. Қорғасынның жоғары концентрациясы
ферменттер, витаминдер және гормондар синтезі мен функциясына кері әсер
етеді9,10.
Оның жыныс жүйесі қызметіне кері әсері де байқалған. Яғни стероидты
гормондардың активтілігінің төмендеуі гоннадотропты активтіліктің
төмендеуі, сперматогенездің бұзылуы және тағы басқалары10,11.
Cu- мыс-жылу және электр энергиясын тасымалдайтын металл. Мыс тотығы
дем алу жолдарын, сілекей бездерін ауруға ұшыратады. Мыстың жоғары
концентрациясы өсімдіктер үшін зиянды. Мыстың топырақтан өсімдікке өту
қабілеті төмен, бірақ топырақта мыстың мөлшері тым жоғары болса, онда
өсімдіктің тамырына сондай-ақ, сабағына, жапырақтарына дейін таралады.
Мыстың жоғары концентрациясы ауыл-шараушылық дақылдарының өсуі мен дамуына,
өнімділігіне айтарлықтай қысым түсіреді, тіпті өсімдіктің өлуіне дейін
әкеледі12.
Топырақта мыстың ұлғаюы темір мен қорғасынның жинақталуын төмендете
алатын қасиеті бар, ал мырыш пен стронцийдің өсімдік ұлпаларында үдемелі
түрде жиналуын қамтамассыз етеді.
Металдардың қоршаған ортаға қауіптілігін суреттеу кезінде олардың s-,
р-, d- және f- элементтерғе бөлінетінін ескеру қажет. Себебі р- элементтер
табиғи жағдайда кездеспейді. Көбінесе солардың арқасында аймақтық немесе
экологиялық ортаның жергілікті жағдайын анықтайды.
Минералдар - бұл әртүрлі техногенді қосылыстарды түзуге қатысатын
химиялық элементтердің негізгі көзі болып табылатынын атап өту қажет.
Оның үстіне белгілі минералдардың орасан шоғырлары ( әдетте
кендер) аномальды экологиялық жағдай туғызады. Кендерді өңдеу барысында бұл
жағдай табиғи жағдайдан ерекшелене түсіп, ал оның таралу
аумағы мен адамға әсері ұлғаяды.
Әр түрлі минералдардың литосфераның жоғарғы жағында таралуы біркелкі
емес. Белгілі, минералдардың ірі шоғырлары көп жағдайда адамдардың түрғын
орындарының орналасуына және нақты өнеркәсіптердің дамуына әсер етеді.
Бірақ белгілі минералдардың ірі шоғырлары (кендері) кейде үлкен
территорияларды алып жататын геохимиялык жағдай туғызады. Олар химиялық
элементтердің жетіспеуімен немесе шамадан тыс көп болуымен, жер асты жөне
беткейлік сулардың қышқылдық-негіздік жағдайының өзгеруімен сипатталады.
Аталғандардың бәрін әр түрлі пайдалы қазбалардың кендерін өндіру
аудандарында тұрғындардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді де ескеру
керек.
Арнайы шараларды жүргізбей көптеген сипатталған аудандарда халық
өмірінің қауіпсіздігіне кепіл беру мүмкін еместігіне бірнеше мысал
келтірейік. Мысалы, Қаратау қоғасын-мырышты кендерді карбонатты кеніштерден
кеңінен өндіру аймағында, фтордың жетіспеушілігі байқалады. Бұл сүйектердің
және тістердің құрылымының бұзылуына, бірқатар аурулардың пайда болуына
әсер етеді. Ауыз суының фторланбаған жағдайында бұл жердегі қалың бұқараның
қауіпсіздігі мүмкін емес. Сол сияқты-Саяқ кен өндіру ауданын мысалға алса,
бұл жерде мыс, темір, мышьяк, молибден, кобальт сульфиттері өндіріледі.
Аталмыш металдар жер асты суларына түсіп, оларды қолданыс үшін жарамсыз
етеді. Нәтижесінде, суды кендер орналасқан аудандардан тыс жерден алу
керек. Оңтүстік Оралда бірқатар минералдар сульфиттерінің желденуі жер асты
сулары мен жер бетіндегі су қоймаларындағы судың қышқыл
ерітіндісіне айналуына әкеліп соқтырды, яғни олар
қолдануға жарамсыз. Айта берсе осындай мысалдар көп.
Айтылған жайттардын бәрінен мынадай қорытынды жасауға болады:
болашақта жер қойнауынан минералдарды алып өндіру мен пайдалану
көлемі азаймайды, керісінше ұлғая түседі. Осы кезде
минералдардың және олардың құрамындағы химиялық элементтердің миграциясы-
күшейіп (орын
ауыстыру қашықтығы мен жалпы мөлшері тұрғысынан алғанда) биосфераның
белгілі аймақтарында жоғары концентрациялардың пайда болуына әсер етеді. Ал
негізінен минералдық-геохимиялық жағдайлары өзгерген аудандардың саны өсуде
және сол жерде тіршілік ететін тірі организмдер үшін ол жағдай "үйреншікті"
болып кеткен. Осынау орасан тез өзгерістердің салдарынан көптеген жануарлар
мен өсімдіктер жаңа экологиялық жағдайға бейімделе алмай тіршілігін
жойды13.

1.3.Қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануы

Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе
бар заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын,
нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек
улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды
концентрациядан артық болуы да жатады.
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:
- шығу тегі бойынша:
табиғи және жасанды (антропогенді)
- пайда болу көзіне байланысты:
а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық жөне т.б.
б) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі ( өнеркәсіп орны),
шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті ( басқа аймақтар
мен мемлекеттерден енетін);
- әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;
- қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және
оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары,
өзен сулары және т.б.);
- әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы,
өнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде және т.б.;
- әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар мен
элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу,
электромагниттік), физико-химиялық(аэрозолдер), биологиялық
(микробиологиялық және т.б.);
- әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші
ретті(смогты құбылыстардың өнімдері);
- тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты - жүз және мың жыл тұратын
(азот, оттегі, аргон және мың жыл тұратын басқа инертті газдар), тұрақты 5-
25 жыл (көмір қышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі
тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қос тотығы, озон қабатындағы
фреон)14.

1.4.Ауыр металдардың қоршаған ортаға түсу жолдары

Қоршаған ортаның ластануы, оның ішінде ауыр металдармен ластану
деңгейі кейінгі он жылдықтарда жоғарлап кетті15.
Ауыр металдар қоршаған ортаға түсу көзіне қарай екіге бөлінеді: табиғи
және техногенді.
Табиғи көздері: экосистемадағы ауыр металдардың табиғи көзіне ең
алдымен тау жыныстарын жатқызады (шөгінді, магмалық, метаморфтық), желдену
(ауамен көтерілу), (эрозия) салдарынан пайда болған жердің беткі қабаты,
мантия, базальт пен граниттер ауыр металдардың алғашқы орны, ал шөгінді
жыныстар, мұхит сулары мен тірі организмдер екінші орны болып табылады.
Табиғи көздерге және де тұзды сулар мен тұздықтар, космостық және
метеоритті шаң, вулкан газдары, орман өрттері, теңіз суының дисперсиясы,
кейбір процесстер және т.б. жатады.
Атмосфераға өрттер нәтижесінде түсетін ауыр металдар мөлшері жоғары
болады. Берілген мәліметтер бойынша жыл сайын атмосфераға темір
-350000 т, мырыш - 250 000 т, мыс - 35 000 т, қорғасын - 6700 т түседі.
Қазіргі кезде зерттеушілер ауыр металдардың қоршаған
ортаға
биологиялық процесстер арқылы түсуіне көп көңіл бөлуде.
Биологиялық көзі ретінде өсімдік транспирациясын, өсімдік тозаңы
мен спорасының атмосфераға түсуін қарастыруға болады.
Ғалымдардың есептеуі бойынша құрлықта жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден
атмосфераға 300* 103тжыл мырыш бөлінеді. Тозаңмен атмосфераға 80* 106
минералды заттар түседі.
Ауыр металдар ағаштардың жасыл органдары аркылы жеңіл ұшатын
терпенді комплекс болып түседі: изопрен пинен және т.б. 1975ж В.
Бодар жапырақтың 1см нан 1*10мкгсағ, ал жылына 1см жапырақтар 9кг
мырыш және 5кг қорғасын бөлінетіндігін дәлелдеген.
Ауыр металдардың қоршаған ортаға түсуінің биологиялық көзінің тағы бір
түрі-микробиологилық метилдену. Бактериялардағы ауыр металдардың химиялық
қосындысының трансформациясы табиғи экосистемада жүре береді.
Бактериялар судағы және топырақтағы ауыр металдардың
қозғалмалы формасының концентрациясының төмендеуі арқасында нашар
еритін қосынды түзіп, табиғи ортадағы детоксикацияға үлес қосады, ал
екінші жағынан ерімейтін қосындыдан еритін күйге және жеңіл ұшатын
қосындыға айналдырып, қоршаған ортаны сумен топырақты екінші ретті
ластайды.
1969 жылы алғаш рет микроорганизмдердің әсерінен металдардың жеңіл
ұшқыш қосынды түзетіндігі дәленденді. Мысалы, метилдеуші бактерия
сынаптың бейорганикалық қосындысынан диметил сынап түзеді. Кейінен
қорғасын мышьяк, селен, сурьма, кадмий,
қалайы және теллурдың бактериалды метилденуі анықталады.
Микробтар қатысуымен қалайының (IV) қосындысы метилденіп,
диметил және триметил хлорид түзуі мүмкін.
Метанда сынап 2 кезеңде метилденуі мүмкін.

Hg→CH3Hg+→(CH3)2Hg

Атмосфераға биологиялық жолмен түскен ауыр металл мөлшері
антропогендік әсерге де байланысты. Себебі, өсімдіктер
қолданатын су мен топырақ антропоғендік әрекет салдарынан көп мөлшерде
ластану да, ал сол суды пайдаланған өсімдік әрине транспирация арқылы ауыр
металдарды ауаға бөледі.
Техногенді көздері: экосистемаға ауыр металдар әр түрлі техногенді
көздерден түседі. Олардың негіздерінің бірі түсті және қара металлургия,
көмір және мұнай жағатын электростанция, автокөліктер, малшаруашылығының
қалдық заттары, ағын сулардың тұнбалары, минералды және органикалық
тыңайтқыштар, тау-кен және химия өнеркәсіптері т.б.
Техногенді көздерден қоршаған ортаға ауыр металдар әртүрлі химиялық
қосынды ретінде түседі. Бейорганикалық қосындылардан көбінесе карбонаттар
және оксикарбонаттар, оксидтер, сульфаттар мен сульфидтер кездеседі. Шаң
қалдықтарында металдардың бір бөлігі (қорғасын, кадмий, сынап, т.б.)
органикалық қосынды түрінде кездеседі. Мүндай қосындылар көбіне ағын су мен
ағынсу шөгінділерінде болады.
Түсті және қара металлургия өнеркәсібі: өнеркәсіптердің
берген мәліметтері бойынша жердің беткі қабатына мыс - 154 650т, мырыш -
121 500т, қорғасын - 89 000т, никель – 12 000т, кобальт - 7658т, молибден -
1500т, сынаптың - 30,5 тоннасы түседі.
Газдын шаң бөлетін түсті металлургия өнеркәсібінің қалдығында
элементтің фазалық қүрамы бір типті: көп бөлігі оксидтерден тұрады.
Сульфиттер мен суда еритін ауыр металдар фракция мөлшері салыстырмалы түрде
онша көп емес.
Қорғасын заводының тазалау фильтірінен алынған шаңдағы ауыр металл
қосындысының фазалық құрамы. (В.С. Горбатов,1988)
Кесте 2

Қосынды түрі Zn Pb Cd
Кгг % Мгг % Мгг %
Ауыр Ме жалпы мөлшері 232 100 335 100 21,6 100
Сонымен қатар құрамына
Оксидтер 200 86,2 285 88 15,4 71,3
Сульфидтер 18 7,8 29 8,7 0,4 1,8
Суда еритін фрак-р 2 1,3 0 0 5,8 26,9
Қалдық 11 4,7 11 3,3 0 0

Көмір және мұнай жағатын электростанцияларынан: көмір және мұнай
салдарынан жер бетіне жылына 1600т сынап, 3600т қорғасын, 2100т мыс, 7000т
мырыш 3700т никель түседі.
Отындардың барлық түрінің ұшқыш күлі ауыр металдармен байытылған.
Әсіресе мазут күлінің концентрациясы (мг\кг) жоғары (қорғасын - 12697
дейін, никель - 2356 дейін, мырыш - 2930 дейін)
Көмір жағу салдарынан жылына биологиялық айналымнан артық мөлшерде
мышьяк 125 есе, уран 60 есе, кадмий 40 есе, итрий, цирконий 10 есе, қалайы
3-4 есе бөлінеді 5.
Антропогендік салмақтың биосфераның негізгі компоненттеріне түсіп
ауырлаған сайын, бұл жағдайды зерттеу проблемасы да жоғарылай берді16, 17,
18.
Автокөлік: көлік қозғалысы кезінде атмосфераға бөлінген этилденген
жанармай құрамындағы қорғасын жерге түспей 25-75% су бетіне түседі.
Автокөлік газы жерге 180 мың тоннадан 260 мың тоннаға дейін қорғасын
бөлшектерін атмосфераға тастайды. Бұл вулканнан шыққан мөлшерінен 60-130
есе көп (2-3 мың т жылына).
Америка, Европа, Жапониялардың кейбір қалаларындағы көліктердің
санының өскендігі соншалық, атмосферадағы қорғасын концентрациясы адам
денсаулығына қауіп төндіруде.
Қала ауасымен тыныс алғанда қорғасынның ірі аэрозольдері бронхыда
тұрып қалады, ал көлемі 1 мк-дан кішілері (олардың 70-80% бар) өкпеге түсіп
копилляр арқылы қан эритроцитеріне өтеді. Қорғасынды ауа қорғасынды суға
қарағанда зиянды. Қорғасынмен уланған адамда: анемия, үнемі басы ауырып,
бұлшық еттері ауырады.
Берілген мөліметтер бойынша құрамындағы қорғасын қосындысының
концентрациясы өте жоғары автокөлік түтінінің кесірінен Бангкокте 70000 нан
астам балалардың ақыл-есі кем болып туылады.
Латын Америкасында 2 жасқа дейінгі 15 млн-ға жуық балалар аналогиялық
қатерге ұшырайды.
Ағын сулардың тұнбасы: ағын су тұнбасында ауыр металл мөлшері шамадан
тыс болады, алайда тұнбаны тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Су тұнбасындағы
ауыр металдардың орташа мөлшері топырақтағы ауыр металдың қалыпты
мөлшерінен бірнеше есе көп. Мысалы Ссі 30 есе, 2п 60 есе, Си 25 есе, Аз 20
есе көп 5.
Автокөлік қозғалтқыштарында жану процесінен шығатын ең қауіпті
құрауыштың бірі бензиндегі тэтраэтилқорғасыннан Pb(CH) түзілген
пайдаланылған газдағы қорғасын қосылыстары 1л бензинді жаққанда ауаға 200-
700мг Pb бөлініп отырады.
Автокөліктердің іштен жанатын қозғалтқыштарында оттек жетіспейтін
жағдайда немесе күйе мен көміртек диоксиді әрекеттескенде түзіліп,
атмосфераны ластайтын қауіпті ластағыштың бірі түссіз және иіссіз көміртек
оксиді болып табылады. Ауаға түскен соң біраз уақыттан кейін көміртек
оксиді қауіптілігі төмендеу көміртек оксидіне айналады.
2СО+О→2СО
Егерде СО көп мөлшерде 750мгм-ден артық атмосферада болса, адамды
тұншықтырып өлімге душар етеді, себебі қандағы гемоглобин реакцияға оңай
түсіп, оттекті тасымалдайтын қабілеті жоқ карбоксигемоглобин деген
қосылысты түзеді13.
Автокөліктерден бөлініп шыққан газдардың бір бөлігі ауа арқылы
топырақ бетіне түсіп жауын-шашын арқылы сіңген зиянды қоспа
өсімдіктердің тамырлары бойымен тарап клеткаларға енеді.Негізгі
жинақталатын бөлігі ол өсімдіктер жапырағы 6.
Мәселен, Кентау қаласындағы кен байыту қалдығын сақтайтын
қоймадағы 145млн.тоннадан астам полиметалл
шикізаттарын байыту қалдықтары желді күндері аспанға
көтеріліп, қалдық сақтайтын қоймалар айналасындағы 80 км-ден астам
жерлердің топырағын аса улы болып табылатын түсті
металдармен ластауда. Фактілерге сүйеніп айтар болсақ,
Оңтүстік Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасына
қарасты лабораторияның Кентау-Түркістан аймағында жүргізген зерттеу
жұмыстары қалдық сақтайтын қоймадан бастап, Түркістан
бағытындағы 80км-ге дейінгі топырақ құрамындағы тек қорғасынның
ғана мөлшері 754мгкг-нан 1250 мгкг-ға дейін
аралықта екендігін анықтады. Дәлірек айтқанда, қалдық сақтайтын жерден
3км қашықтықтағы топырақтың құрамындағы қорғасынның 1кг топырақтағы
мөлшері 1063мг; 20км қашықтықта 654 мг болса, ал 80 км қашықтықтағы
топырақ құрамындағы қорғасын мөлшері 618мг-ға жетеді. Егер қорғасынның
топырақ құрамындағы нормасы 20мгкг-нан аспау керектігін және көптеген
шөптесін өсімдіктердің топырақ құрамындағы ауыр металдардың мөлшеріне
байланысты жойылып кету қаупі бар екендігін ескерсек, сол бір ғана кен
байыту қалдықтарының коршаған ортаға тарауы ауыр металдардың
шектік рұқсат концентрациядан (ШРК) 31-54 есе артуына себепкер болатыдығын
және соның әсерінен табиғатқа қаншалықты зиян келіп
жатқанын болжау қиын емес1.
Қара металлургияға және оның қорытпаларын өндіретін өндірістер жатады.
Бұл өнеркәсіп бес саладан тұрады: тау-кен, металлургия, ферросплав, отқа
төзімді және металл сынықтарын өңдейтін.
Қара металлургия өндірісі атмосфералық ауаны, жер беті мен жер асты
суларын, топырақты көптеген зиянды улы заттармен ластап отырады. Барлық
өнеркәсіп өндірістерінің арасында қоршаған табиғи ортаны ластауда екінші
орында келеді. Негізгі ластаушы компоненттер көміртек оксиді(43-67%), қатты
заттар(15,5-16,0%), күкірт оксиді(10,8-16,0%), азот оксиді(5,2-23,0%),
көмір сутектері(3%-ға дейін). Орта есеппен млн тонна өнім шығарғанда қара
металлургия зауыттарынан шаң-350, күкіртті ангидрид-200, көміртек оксиді-
400,азот оксиді-42 тоннатәулігіне бөлініп отырады.
Барлық металлургиялық процестерде қоршаған ортаға шаң, көміртек пен
күкірт оксидтері, домнаық балқыту кезінде күкіртті сутегі, азот оксидтері
илек шығаратын жерде улы ерітінділердің аэрозольдары, эмульсия булары
бөлініп отырады. Әсіресе, коксхимия өндірісінде бөлінетін улы заттардың
мөлшері өте жоғары. Минералдық заттар мен қатар органикалық улы
қосылыстармен де, мысалы, ароматты көмірсутектер, фенол, пиридин
негіздерімен ластанады.
Қара металлургия суды көп мөлшерде қолданатын өндірістердің бірі. Яғни,
еліміздегі бүкіл өнеркәсіптің пайдаланатын суыдың 10-15% осы сала жұмсайды.
Негізінде қара металургияда судың 75% металлургиялық пештерді, құрал
саймандарды салқындатуға қолданылады.
Қара металлургия өндірістерінен шыққан ақаба суларда қалқыған қатты
бөлшектер, май, сульфаттар, хлоридтер, темірдің қосылыстары, ауыр металлдар
тағы басқа ластаушы компоненттер болады.
Ірі металлургиялық орталықтардан атмосфераға және ақаба сулармен
қоршаған ортаға тасталынатын заттардың мөлшері нормадан бірнеше есе асып
жатады. Металлургия өндірістерінің өздері және олардың қалдықтары көптеген
құнарлы жерлерді иеленді.
Металлургиялық өндірістерде залалсызданатын және утилденетін
қалдықтардың мөлшері 30-35% мөлшерден аспайды. Қалдықтарға металл
кесінділері домналық және коксты газдар жатады. Көп материалдар шойын мен
болат алғанда айналымсыз шығынға ұшырап отырады.
Ғалымдардың есебі бойынша адамзат пайда болғаннан бері 20 млрд.тоннадай
темір балқытылған екен. Оның 6 млрд. тоннасы қазіргі әртүрлі машина, аспап,
құрылыс материалдары және басқа да объектілер құрамында көрінеді, ал қалған
14млрд. тоннасы қоршаған ортаға бытыраған.
Түсті металлургияның Қазақстанның экономикасында атқаратын міндеті зор.
Бұл саланың елімізде пайда болғанына250 жылдан астам уақыт өтті.
Қазақстан жері түсті, асыл металдармен қатар, 21-ғасырдың металдары деп
аталатын сирек металдармен де бай.
Республиканың қорғасын-мырыш өндірістерінің кен қоры едәуір. Қорғасын
мен мырыш өндіруде біз дүниежүзі бойынша бесінші орынға иеміз.
Бұл өндірістер биосфераның барлық бөлігін әртүрлі улы заттармен ластап,
биологиялық ресурстарға зиянын тигізіп отырады. Мысалы, Өскемен қаласында
тұратын балалардың қанында 17-ге дейін улы элементтің мөлшері табиғи
деңгейден жоғары екені дәлелденген. Талийдің, берилийдің, мырыштың, мыстың
концентрациялары 1,5-тен 5-ке дейін , бордың, қорғасынның, хромның,
ванадийдің, никельдің, алюминийдің мөлшерлері 10 еседен асқан. Жоғарыда
көрсетілген элементтер иммунитет механизмін, генетикалық құрылысты,
метаболитикалық алмасуды бұзады, мидың басқа да органдардың жұмыс атқару
қабілетін тежейді. Мұның бәрі әртүрлі аурулардың көбеюіне әкеп соғады.
Қазіргі кезде мыс рудасы 17 кен орынынан алынады, Қазақстан мыс
өндіруде дүние жүзі бойынша 7-орында. Өндірілетін мыстың 92% экспортқа
шығарылады. Құрамына Жезқазған кен байыту комбинаты мен Жезқазған мыс кен
орындары кіретін Жезқазған түсті металл бірлестігі мыспен қатар қорғасын
мен мырыш концентраттарын шығарады.
Түсті металлургия өндірістерінің бәрі зиянды заттар мен биосфераны
ластап отыратын негізгі ластаушы көздер.
Ақаба суларда өте улы заттар – цианидтер, мұнай өнімдері, мышьяк, фтор,
сынап, сурьма сульфаттар, хлоридтер және нитраттар кездеседі.
Түсті металлургияның ірі комбинаттары топырақты алуан түрлі зиянды
қосылыстардың көп мөлшерімен ластайтыны оншалықты, олардың маңындағы
топырақтар қабатында табылған ауыр металдардың концентрациясы ШРК
мөлшерінен бірнеше есе асып түседі. Мысалы, Шымкент топырағында қорғасынның
мөлшері 200 ШРК, Жезқазғанда мышьяктікі 2-3 ШРК дейін жететін жерлер
кездеседі.
Машина жасау өнеркәсібі. Жалпы машина жасау өндірісінде 1 тонна
металдан 260кг қалдық шығып отырады, кейде бұданда көбірек шығуы мүмкін.
Машина жасау өнеркәсібінде әр 1млн. Тонна қара металды қолданған сайын
сыдыру, тегістеу, кесу және тағы басқа осыларға ұқсас операциялар кезінде
5,4 мың тоннадай, соққанда, ыстық штамповка жасағанда және жоғары
температурада өңдегенде 2 мың тонна, агрессивтік ерітінділердің көмегімен
өңдегенде-14мың тонна, қалдықтарды толығымен жинап алмағандықтан – 15мың
тонна қайтымсыз металл шығыны болады. Әрі қарай өңдеп қайтадан қолдануға
тиімсіз материалдарды қалдыққа жатқызады.
Тазалау жүйесінің тұндырғыштары мен илектеу цехтарының шламдағы 20дан
300гл дейін қатты материалдан тұрады. Мұндай шламдарды
залалсыздандырғаннан кейін кептіріп агромериациялық шикі құрамға қосуға
немесе қалдық ретінде тастауға жатады. Термиялық құйма және басқа цехтардың
шламдары өте улы заттар- қорғасын, хром, мыс, мырыш қосылыстары, цианидтер
және тағы басқа заттардан тұрады.
Әдетте машина жасау өнеркәсібінің қалдықтарынқұратын заттар: қақ, күл,
шлам, ағаш қалдықтары, пластмасса, қағаз, картон, сыпырынды.
Технология жоқтығынан өңдеуге жатпайтын өнеркәсіп қалдықтары тиімді
технология табылғанша жиналып сақталады.
Электроэнергия. Енді энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін
әсерін қарастыратын болсақ, оның зиянды әсері отынды жер қойнауынан
шығарғаннан бастап электр энергиясына айналдырған және тұтынушыларға берген
кезеңдердің бәрінде орын алады екен. Ластаушы компоненттердің түрі мен
мөлшері қолданылған отынның табиғатына, химиялық құрамына және жағу
технолгиясына байланысты.
Тек бір тәуліктің өзінде орта қуатты ЖЭС(1мВт) 10 мың тонна шамасында
көмір жағатыны белгілі, ал осы көлемнен шығатын қож бен күлдің мөлшері 1
мың тоннаның үстінде13,59.

1.5.Адам ағзасына ауыр металдардың әсері

Халық денсаулығының деңгейі мен олардың ластанған ортаға қарсы тұру
қабілеті, сол табиғи ортаның бастапқы химиялық құрамына байланысты (әсіресе
ауыр металдар мен басқа биологиялық элементтер мөлшеріне байланысты)
19,20.
Сонымен қоршаған ортада ауыр металдар мөлшерінің жетіспеуі немесе асып
кетуі зат алмасуға кері әсер етіп адамдарда спецификалық аурулар туғызады.
Мыс, мырыш, хром, селен, иод адам өміріне ең қажетті микроэлементтер:
никель - шартты түрде пайдалы, ал қорғасын мен мырыш -токсикалық және
шартты токсикалыққа жатқызылады 21,22. Адам денсаулығына қатерлігіне
қарай сынап, селен, қорғасын, мырыш элементтерін бірінші класқа жатқызады,
екінші орташа қатерлі класқа никель, мыс кіреді 23.
Индустриалды қалалардың атмосферасына жылда қорғасын, мырыш, мыс,
сурьма, мышьяк және де басқа химиялық заттардың едәуір бөлігі түседі24.
Химиялық және отынды өнеркәсіптер дамыған қалаларда даму кемістігі
жағынан 3-орын, ал бала өлімі жағынан 2-орын алады. Бұл өнеркәсіптер
қалаларда орташа көрсеткіш 21,4% және20,1%, ал көлік жасау өнеркәсіпті
қалаларда 16,5%25.
Қоршаған ортаны негізгі антропогенді ластаушысы-металургиялық
өнеркәсіпте көмірді жағу кезіндегі қорғасынның бөлінуі мен автокөліктер
шығаратын газдары. Автокөліктер газынан шыққан қорғасынның жартысы күрделі
қосынды газды күйде, ал қалғандарын бөлшегінің диаметрі 0,5-2,0мкм-ге дейін
30 күн аэрозоль күйінде сақталып, желдің бағытына байланысты кең таралатын
қатты аэрозоль26.
Металургиялық өнеркәсіп шығаратын қалдықтардың ластау көлемі негізгі
көздің күштілігіне қалдықтарды тазалау деңгейіне және метео жағдайға
байланысты.
Қорғасынды алу және өңдеу өнеркәсіп орындарындағы жұмыс зонасының
ауасындағы қорғасын құрамы 0,3-0,05мгм аралығында және цехта ондағы жұмыс
орнының ластаушы көздің ара қашықтығына байланысты27,28,58.
Бір ерекшелікті ескеру қажет, кейбір өте сирек жағдайда өмірлік
қажетті элементтердің мөлшерінің көп болуы, жетіспейтін элементтерді
толықтыра алады. Шындығына келсек артық мөлшердегі элемент өте үлкен қауіп
төндіреді 29.
Ауыр металдар адам организміне қоректік тізбек аркылы 40-50% -ке дейін
өтеді, су арқылы 20-40%, ауамен тыныс алу арқылы 20-40% 30,31.
Мына кестеде элементтердің артық немесе жетіспеуі салдарынан пайда
болатын аурулар келтірілген 15,22,32,33,34,35,36,37;
Мыс-өте маңызды ауыстырылмайтын жануар және өсімдік тіршілігіне
қажетті микроэлемент. Бұл элементтің жетіспеуі немесе артық болуы бірқатар
аурулар тудырады. Азық-түліктегі қорғасын оң нәтиже бермейді. Қорғасын 4
орган жүйесіне өсер етеді; қан түзілу, нерв, ішек-қарын және бүйрек. Адам
жасы өскен сайын қорғасын мөлшері де көбейеді,сүйекте жиналған қорғасын
металл резерв болып табылады. Бірақ онда да ол көп тұрақтамайды әр түрлі
әсерлер кезінде қанға босап шығады.

Кесте 3 ("+" элементтердің артық мөлшерінен пайда болатын
аурулар, "-" элементтердің жетіспеуінен туатын аурулар).

Аурулар Cu Zn Ni Рb Hg J Se Cr
Тыныс алу органдары -+ + +
Бронхиальды астма + +
Созылмалы бронхит + +
Өкпенің бронхты рагі
Қан айналу жүйесі + + + + - -
Жүрек аурулары + -
Миокард инфаркты + -
Кешан ауруы - -
Склероз + - -
Қант диабеті
Анемия - - +
Ас қорыту жүйесі + + - +
Асқазан + +
Зәр, жыныс жүйесі + + + + -
Бүйрек + + + +
Ішек трактаты + + - +
Сүйек бұлшық ет жүйесі - + - -
Бұлшық ет бұзылуы -
Остеопороз -
Аллергозалар +
Онкологиялық жарақат + + - +
Нерв жүйесі - + + + -+ - +
Стомотологиялық + +
Көз + -
Ревматизм +
Эндокринді + - +
Қалқанша бездің үлкеюі - +
Тері аурулары + +
Дерматит - + +
Жараның баяу жазылуы - +
Тері қабынуы +

Міне, осындай сыртқы орта факторларының әсеріне мысал ретінде Кентау
қаласыныдағы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-ң экология факультеті Күмісбаева
Ж.Н., Ерденов М.Т., Бақбергенова Г.О-ның жүргізген зерттеу жұмыстарын
көруге болады.
Қоршаған ортаның ластануы Кентау қаласында әр түрлі химиялык агенттер
(қорғасын,мырыш) және ион түзуші радиациялар балаларда экологиялык
дезадаптацияның ерекше емес синдромдарын тудырады.
Байытудың соңынан шыққан шаң және ЖЭО (жылу электр орталығы)-5-тің
күлі ауыр металдар түзетіні белгілі. Ауыр металдар басқа химиялық
элементтерді және қосылыстарды артқа тастап улылығы жөнінен 1-ші орынды
алады.
Кентау және Түркістан қалаларының топырақтарының қалдықтары сақталған
жерден әр түрлі қашықтықта алып Оңтүстік Қазақстан экология басқармасының
лабораториясында талдау жасағанда топырақта қорғасынның қүрамы басқа ауыр
элементтерді есептемегенде келесідей: адамның дене салмағына шаққанда 500м-
де 1240мгкг, 5км-954мткг шекті-рұқсат етілген концентрация салыстырмалы
түрде 38,6 және 5есеге өсті.
Қорғасын және оның органикалық қосылыстарымен улану адам ағзасындағы
ақуыз, көмірсу, порфирин және фосфор айналымын шамдайды.
Жүйке жүйесінің алғашқы даму сатысында қыртыс және бас ми қыртыс асты
кабатының бұзылу құбылысымен сипатталады. Қорғасын сүйек-ми кемігіндегі қан
айналымын, митотикалық бөліну сатысында эритроциттерді бұзады, сонымен
бірге гемолитикалық ықпал етіп, жұмыртқаның ана ағзасында жатыр ішінде
дамуына әсер етеді.
Статикалық мәліметтер бойынша Кентау қаласы балаларының тұқым
қуалайтын патологиялык, аурулары келесі кестеде көрсетіледі.

1995-2000ж.ж. кезеңіндегі Кентау қаласы балаларының тұқым қуаламайтын
ауруларының патологиясы.

Кесте 4
Қс Патологияның аты 1995 1996 1997 1998 1999 2000
1 Гидроцефалия Микроцефалия1 2 4 5 2 7 7 2
2 1 2
3 БМС(балалық мидың сал 31 39 45 38 31 36
Болуы)
4 Гипотрофия 29 31 28 24 23 25
5 Жоғарғы еріннің
және
қатты таңдайдың өспеуі 2 2 3 4 5 6
6 Мүшелердің
толық
Дамымауы 6 7 9 19 26 38
Туа біткен 69 81 90 92 94 114
7 кемтарлар саны

Бұл кестеде педиатрлардың диспансерлік есебінде тұрған, себебі анық
емес туа біткен аномальды және кемтар балалардың орны көрсетілген.
Жылдан-жылға аномальды дамудың саны өсуде (1995-65; 2000-114 жағдай).
Жиі кездесетін диагноздар: балалық мидың сал болуы (БМС), 31-45 жағдайда
тербеледі; мүшелер және жүйелердің толық дамымай қалуы 6 дан 38 жағдайға
дейін өсті.
Бүгінгі таңда дені сау жанұялардың балаларында жоғарғы және
төменгі аяқ-қол саусақтарының және табанының
аплазиясы мен гипоплазиясы санының артқандығы көрінуде.
Қазіргі уақытта дәрігер-педиатрларды көп мазасыздандырып отырған
негізі жоқ бірнеше аномальды дамулардың пайда болуы,
мысалы: Қонысбаев
Нұржан - 1 жас 3ай, диагнозы: көкірек қуысы воронка тәрізді, Исмаилова
Ләйлә 10.05.1997 жыл, диагнозы: сол аяқ жамбас
бөлімінен қысқарған, Рамматуллаева Ботакөз 07.03.1993 жыл,
диагнозы: құлақ қалқанының аплазиясы, омыртқа және жауырынның туа пайда
болған аномапиясы.
Осындай және бұдан басқа да дамудың патологиялық түрімен туылған
балалардың аналары жүкті кезінде дені сау, олардың
жанұяларында патологиялық тұқым қуалаушылық жағдайлар
байқалмаған.
Сонымен тұқым қуалаудың этиологиялық ауруларын болғызбауда
Кентау қаласының балалар емханасында 1995-2000ж.ж.
диспансерлік есепте тұраты 114 баланың ауру тарихы аланып қарастырылды.
Балалардың және ата-аналарының кариотиптері Алматы қаласындағы
"Неке және жанұя" атты кеңес беру базасында тексерілді,
63 кариотипті тексергенде 46 хромосомаға сәйкес болды,
аномальды хромосома табылмады. Іздестіргенде: 114
баланың 55% (63) тұқым қуалаушылық фактордан шығарылды, ендеше балалардың
осындай немесе бұдан басқа да тұқым қуалаушылыққа байланысты емес
патологиясына кез-келген сыртқы орта факторлары себеп болады. Анықтау
мақсатында қай жыныс сыртқы орта факторларының әсеріне төзімсіз екенін
көрсететін кесте құрылды.
Кестедегі мәліметтер бойынша әйел жынысына қарағанда ер жыныстағылар
сыртқы орта факторларының өсеріне төзімсіздігі көрінеді.
Қорыта келе балаларда дамудың барлық бастамалары тұқым қуалаумен
байланысты емес, экологиялық сыртқы орта факторларының адам ағзасын
уландыруы әсіресе жүктіліктің алғашқы кезеңдеріне (8 аптаға дейін) ұрықта
мүшелер және жүйелердің түзілу кезінде әсер ететіндігін айтуға болады.
Бұл Байқоңырға жақын болғандықтан ауа-райының желді болуынан,
байытудың соңынан шыққан шаң және ЖЭО-5 тің күлінің аймаққа таралып
атмосфераны және топырақтың ластануынан болуы мүмкін. Шаң және күлдің адам
ағзасына келіп түсетін негізгі жолы тыныс алу жүйесі.
Балаларда туа біткен кемтарлық және аномальды дамулар анасының
жатырында жатқан кезде қалыптасады. Оған себеп жоғарыда айтылған Кентау
қаласының сыртқы орта факторларының экологиялық жағдайы екенін айтуға
болады 1,38,39,40.
2000 жыл кезеңінде Кентау қаласы балаларының тұқым қуаламайтын туа
пайда болған аномальды дамуы.

Кесте 5

Қс Аурудың диагнозы Ер жын әйел жын Барлы
ғы
1 Мүше, жүйелердің толық дамымауы 23 26 49
2 Туа біткен қисық мойын бұлшық еттері3 1 4
3 Жоғарғы ерін, қатты таңдайдың өспеуі2 2 4
4 Гипо-аплазия қолдың қоспасы жоне 7 6 13
табан
5 БМС (балалық мидың сал болуы) 23 13 36
6 Гидроцефалия 4 2 6
7 Микроцефалия 2 2
Туа біткен кемтарлардың саны 64 50 114

2.Зерттеу объектілері мен әдістемелері

2.1.Зерттеу объектілері

2.1.1. Зерттеу аймағының қысқаша географиялық сипаттамасы

Кентау қаласының экологиялық жағдайына баға беру мақсатында
Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының территориясынан топырақ,
өсімдік , су үлгілері алынды.
Кентау қаласы- Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінің орталығы болған.
1939-40 жылдарда Қаратау бөктерінде "Мырғалымсай" кенішінің
құрылысы басталған болатын. Мырғалымсай кенінің
құрамында қорғасын, мырыш, сонымен қатар сирек кездесетін жер элементтері
мыс, күміс, индий, барий және тағы басқалары бар.
Оңтүстік Қазақстан облысы елімізде қорғасын өндіру бойынша үшінші
орын, мырыш төртінші, ал полиметалдық кендерді өндіру мөлшері бойынша Шығыс
Қазақстан облысынан кейінгі екінші орынды иеленеді. Майданға көп молшерде
қорғасын қажет болғандықтан, Сібір мемлекеттік түсті металл жобалау
институты мен кейінірек "Гипроцветмет" жобалау институты өз жобаларын
экологиялық сараптардан өткізбей-ақ құрылысты бастады. Сөйтіп 1955 жылы
Мырғалымсай және Хантағы қала типтес кенттердің негізінде Кентау қаласы
құрылған.
Ауа температурасы. Қала Қаратау жотасының батыс беткейінде мұхит
деңгейінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кентау қаласының өндірістік орындарының қоршаған ортаға әсері
Кентау қаласы қоршаған ортасының экологиялық жағдайы
Кентау қаласының табиғи және экологиялық жағдайы
Кентау қаласының қазіргі экологиялық жағдайына баға беру
Шымкент қаласында топырақтың ауыр материалдармен ластану дәрежесі
Оңтүстік Қазақстан облысы
ҚОРҒАСЫНЫ ӘРТҮРЛІ ДЕҢГЕЙДЕГІ СЫРТҚЫ ОРТАДА ОНЫҢ МАЛ ӨНІМДЕРІНДЕ АНЫҚТАЛУ БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық проблемасы
Қазақстандағы моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері
КЕНТАУ – МАЙДАНТАЛ ӨҢІРІНДЕГІ СЫРТҚЫ ОРТАДА ҚОРҒАСЫННЫҢ КӨПЖЫЛДЫҚ МӨЛШЕРІ
Пәндер