Қазақстанның экспорты мен импорты
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
І. Халықаралық сауданың теориялық негіздері.
1.1. Халықаралық сауданың теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары ... ... 13
1.3 Дүниежүзілік сауда ұйымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ІІ. Қазақстан Республикасының экспорты мен импорты.
2.1 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының
кейбір аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26
2.2 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ... ... ... ... ... . 34
2.3 Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және ролі ... ... ... ... ... 41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 43
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 44

Кіріспе
Курстық жұмысты орындаудың мақсаты курсты тереңдетіп үйренумен қатар, библиографиялық, статистикалық жинақ, монографиялар, зерттеулер, журнал мақалалары және бұл жұмысты орындауда өзімнің тақырыбымды терең зерттеп, түсіну оны жан - жақты қамту, өзімнің даму мүмкіндігімді жетілдіру болып табылады. Мақсатым жұмыс жоспарымды жетілдіріп, ғылыми – зерттеу болып табылады.
Бұл тарау ХЭҚ-дың дәстүрлі және ең дамыған түрі – сыртқы саудаға арналған. Өз көлемі жағынан елдер арасындағы сауда айырбасы алдыңғы позицияларын сақтауда, сонымен қатар соңғы жылдары технологиялар мен қызмет көрсету саудасы қарқынды дамуда.
Сыртқы сауда айналым механизмі мен халықаралық сауданы реттеуді жақсы түсіну үшін, қазіргі сауда саясатының негіздері берілетін, ең маңызды халықаралық сауда теорияларымен танысу қажет.
Одан кейін біз мемлекеттік сауда саясатының құралдары (инструменттері) – кедендік реттеу тәсілдері мен тарифтік емес кедергілермен танысамыз. Өйткені олар мемлекеттің сауда және бүкіл сыртқы экономикалық іс-әрекетінің бағытын анықтап, ГАТТ - Әлемдік сауда ұйымының сыртқы сауданың халықаралық реттелуін қарастыру қажет. (Әлемдік сауда ұйымы Уругвай келіссөздер раундынан кейін, ГАТТ негізінде 1994 жылы құрылды).
Тарау қорытындысында біз, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының кейбір аспектілерін қарастырамыз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Р.Е.Елемесов. «Халықаралық экономикалық қатынастар». Алматы, «Қазақ университеті». 2002.
2. Майдан-Әли Байгісиев. «Халықаралық экономикалық қатынастар». Оқу құралы. Алматы, «Санат». 1998.
3. Маманов, Молдақұлова. «Халықаралық қатынастар».
4. Доғалова Г.Н. «Халықаралық экономика». Оқу құралы. Алматы. «Экономика». 2000.
5. Н.Қ.Мамыров, М.Ә.Тілеужанова. «Макроэкономика». Оқулық. Алматы, «Экономика». 2003.
6. «Экономикалық теория негіздері». Оқулық. Алматы, «Санат». 1998.
7. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер». Оқулық. Алматы, «Экономика». 2005.
8. Райымқұлов С. «Экономикалық теория негіздері». Шымкент 2005ж.
9. Құлпыбаев С. «Қаржы» - Алматы, 2003. 426-440 бет.
10. Жүнісов Б. А. «Нарықтық экономика негіздері» -Ақтобе, 1993.
11. Қазақстан – цифрларда. 2005 жыл. Статистикалық жинақ. Алматы, 2005ж.

Аннотация
Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының экспорты мен импортының тауар
құрамының, тауар бағаларының динамикасын талдау аспектілері қарастырылған.
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымының құрамына қысқаша
тоқтала кеттім. 2004 жылғы қаңтар – тамызда экспорттың үлес салмағы 59,6%,
импорт 40,4% болды. 2003 жылғы қаңтар – тамызбен салыстырғанда, сол жылы
экспорттың үлес салмағы 61,6%, импорттың үлес салмағы 38,4% болғанды.
Сыртқы сауда айналымының құрамына елеулі өзгеріс болды, импорттың үлесі
әжептеуір өсті.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 45 бет компьютерлік текстте
берілген, 3 сурет пен схема, 10 кесте, 1 қосымша және 7 түрлі әдебиет
қолданылған.
Мазмұны
Қазақстан Республикасының экспорты мен импорты
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
І. Халықаралық сауданың теориялық негіздері.
1.1. Халықаралық сауданың
теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2. Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары ... ... 13
1.3 Дүниежүзілік сауда
ұйымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ІІ. Қазақстан Республикасының экспорты мен импорты.
2.1 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының
кейбір
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 26
2.2 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда
айналымы ... ... ... ... ... . 34
2.3 Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және
ролі ... ... ... ... ... 41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. 43
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 44
Кіріспе
Курстық жұмысты орындаудың мақсаты курсты тереңдетіп үйренумен қатар,
библиографиялық, статистикалық жинақ, монографиялар, зерттеулер, журнал
мақалалары және бұл жұмысты орындауда өзімнің тақырыбымды терең зерттеп,
түсіну оны жан - жақты қамту, өзімнің даму мүмкіндігімді жетілдіру болып
табылады. Мақсатым жұмыс жоспарымды жетілдіріп, ғылыми – зерттеу болып
табылады.
Бұл тарау ХЭҚ-дың дәстүрлі және ең дамыған түрі – сыртқы саудаға
арналған. Өз көлемі жағынан елдер арасындағы сауда айырбасы алдыңғы
позицияларын сақтауда, сонымен қатар соңғы жылдары технологиялар мен қызмет
көрсету саудасы қарқынды дамуда.
Сыртқы сауда айналым механизмі мен халықаралық сауданы реттеуді жақсы
түсіну үшін, қазіргі сауда саясатының негіздері берілетін, ең маңызды
халықаралық сауда теорияларымен танысу қажет.
Одан кейін біз мемлекеттік сауда саясатының құралдары (инструменттері)
– кедендік реттеу тәсілдері мен тарифтік емес кедергілермен танысамыз.
Өйткені олар мемлекеттің сауда және бүкіл сыртқы экономикалық іс-әрекетінің
бағытын анықтап, ГАТТ - Әлемдік сауда ұйымының сыртқы сауданың халықаралық
реттелуін қарастыру қажет. (Әлемдік сауда ұйымы Уругвай келіссөздер
раундынан кейін, ГАТТ негізінде 1994 жылы құрылды).
Тарау қорытындысында біз, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда
саясатының кейбір аспектілерін қарастырамыз.

1.1. Халықаралық сауданың теориялары
Халықаралық сауданың теориялық түсінігін берудің алғашқы талпыныстары
мен осы бағыттағы ұсыныстарды жасау меркантилизм доктринасы болып табылады.
Ерте меркантилизм XV ғ. соңында пайда болып, ақшалай байлықты көбейтуге
ұмтылыстарға негізделген болатын. Ақша-қаражатты елден шығармау үшін оларды
шетке шығаруға тыйым салынды. Саудадан түскөн ақшаға шетелдіктер жергілікті
өнімдерді сатып алуға тиіс болатын. Ерте меркантилистер көзқарасы бойынша,
мемлекет сыртқы рынокта көбірек тауар сатып, азырақ сатып алуға тиіс болды.
Сол кезде байлықпен бірдей деп саналған алтынның қорының жиналуы жүреді деп
есептелген.
Кеш меркантилизм XVI ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғ. ортасына дейін
дамыған. Оның негізгі қағидасы активті сауда балансының жүйесі болды.
Байлық сыртқы рыноктарда ақшаға айнала алатын тауарлардың артық мөлшерімен
сипатталады. Бұл тауардың артық мөлшері әкелінетін және шығарылатын
тауарлар арасындағы құндық айырмашылығынан шығады деп есептеліп, ол екі
әдіс арқылы қамтамасыз етілді:
1. Өз елінен өнімді шығару арқылы. Соның ішінде шикізатты сатудан гөрі,
сатқанда көбірек пайда түсетін дайын өнімдерді шығаруға рұқсат беріліп, сән-
салтанат заттарын әкелуге тыйым салынды.
2. Делдалдық сауда, осы мақсаттарға шетелге ақша шығаруға рұқсат
берілді. Бұл жерде тек бір принцип алға тартылды: бір елде арзанырақ алып,
басқа елде қымбатырақ сату. Активті сауда балансы мен шет ел рыноктарын
жаулауды қамтамасыз ету үшін, мемлекет елге тауар әкелуді шет елдік
тауарларға салық салу арқылы шектеп, сыртқы рыноктарда сұранысқа ие
тауарлар өндірісіне арнайы сыйлықтар төлей отырып шетке шығаруды
ынталандырды.
Меркантилизм - өндірістін тауарлық сипатына ерекше көніл аудара отырып
еуропалық ғалымдар зерттеген экономикалық ойдың бір бағыты.
Меркантилистер пікірі бойынша, байлықтың өсуі тек қайта бөлу арқылы
мүмкін болады және әрбір ұлтқа басқа елдердің үстем болу үшін мықты
экономика ғана емес, күшті армия, әскери және сауда флоты кіретін қуатты
мемлекеттік машина қажет. Экономикалық жүйе олардың ол көзқарасына сәйкес
үш сектордан тұрды: өндірістік сектор, ауыл шаруашылық секторы және шетел
отарлары. Саудагерлер экономикалық жүйенің пайдалы іс-әрекетінің маңызды
тобы ретінде, ал еңбек – негізгі өндіріс факторы ретінде қарастырылды.
Елдің байлығын алтын мен күміс мөлшерімен бағалағандықтан, сыртқы сауда
меркантилистер мектебінің ойынша, мемлекет ұлттық позицияларын нығайту үшін
мынандай шаралар жүргізуі керек:
- оң сауда балансын қолдау – шетке тауарды көп шығарып, аз әкелу,
өйткені ол төлем ретінде қолданылатын алтынның келуін қамтамасыз етіп, ішкі
шығыс, өндіріс пен жұмыстылықты жоғарылатады;
- сауда саясатының тариф, квота және басқа да құралдарының көмегімен
салыстырмалы сауда сальдосын қамтамасыз ету мақсатында экспортты ұлғайтып,
импортты қысқарту үшін сыртқы сауданы реттеу;
- шикізаттың шығарылуына тыйым салу немесе оны шектеу және елде
өндірілмейтін шикізат импортының салықсыз әкелінуіне рұқсат беру арқылы
елде алтын қорларын шоғырландырып, дайын өнімге төмен экспорт бағаларын
ұстауға мүмкіндік беру;
- отар елдердің метрополиядан басқа елдермен саудасына толық тыйым
салып, олардың тауарларын шетелдерге қайта сату метрополия ғана жүзеге
асырады және оларға дайын өнім шығаруға тыйым салу арқылы метрополияға
шикізат жеткізушілеріне айналдыру.
Меркантилистер халықаралық сауда теориясына зор үлес қосты. Олар
бірінші болып оның елдің экономикалық өсуіндегі мәнін көрсетіп,
экономикалық дамуының мүмкін бір моделін жасады.
Меркантилистер алғашқы болып, қазіргі әлемдік экономикадағы төлем
балансына сипаттама берді. Меркантилистердің шектеулілігі олардың бір ұлт
өздері сауда жасасатын екінші бір ұлттың кедейленуінен ғана
байымайтындығын, сонымен қатар халықаралық экономика дамығандықтан елдің
дамуы қолда бар байлықты өзара бөлісу арқылы ғана емес, оны өсіру арқылы да
мүмкін болатын түсіне алмауында. Бірақ кейінірек пайда болған физиократтар
ілімі сыртқы саудаға ешқандай көңіл бөлмегендіктен, меркантилистердің
көзқарастары ғылыми ойды халықаралық экономикадағы классикалық мектеп
ойларына итермеледі.
Абсолютті артықшылық теориясы
Алдыңғы қатарлы елдердің машина өндірісіне өту кезеңінде Адам Смит
халықаралық саудадағы тиімділік туралы мәселе қойды. Өзінің меркантилизмді
сынауға арналған атақты Халықтар байлығының себептері мен табиғаты туралы
зерттеу (1776) атты еңбегінде, ол мемлекетке сыртқы рынокта сату ғана
емес, сатып алу да тиімді болатындығын болжап, қай тауарларды экспорттау
және импорттау тиімді болатындығын анықтауға тырысты. Әдебиетте оның тәсілі
абсолютті артықшылықтар (absolute advantage) принципі деп аталды. А.Смит
тиімді әрекет ететін шаруашылық субъектісіне тән болатын жалпы принциптерін
өзгешелеп, оны сыртқы саудада пайдаланды.
А. Смит идеясын жай модель арқылы сипаттауға болады. Бірақ әрбір модель
абстрактылы болғандықтан, оны талдау үшін бірнеше шарттарды енгізу қажет.
1 шарт. Әлемде тек екі мемлекет бар.
2 шарт. Бұл елдерде тек екі тауар өндіріледі.
3 шарт. Елдер арасындағы сауда ешбір шектеусіз жүзеге асырылады.
4 шарт. Халықаралық сауда үйлестірілген (импорт экспортпен төленеді)
5 шарт. Өндіріс факторлары елдер арасында ауыспайды.
6 шарт. Тауардың бағасы мен өнімділігіне еңбек қана әсер етеді.
7 шарт. Өнім шығарылуы мен еңбек арасындағы арақатынас тұрақты (көлем
тиімділігі).
8 шарт. Өндіріс факторлары салалар арасында еш шектеусіз ауыса алады.
9 шарт. Екі ел мен екі салада жетілген бәсеке орын алады.
1-кесте
Абсолютті артықшылықтар моделін қарастырайық
Мемлекет А Мемлекет В
Тауар S 3 сағат 12 сағат
Тауар Т 6 сағат 4 сағат
1 таблицада нақты елде нақты тауардың бір данасын шығаруға қажетті
уақыты туралы мәліметтер берілген. Мысалға: А еліндегі 3 тауар бірлігін
шығаруға 3 сағат қажет, ал В елінде – 12 сағат. Бұл бізге А елінде В елінде
қарағанда тауар бірлігін шығаруға аз уақыт кететіндігін, және А елінің 3
тауарын шығаруда абсолютті артықылыққа ие екенін көрсетеді. В елі өз
кезегінде Т тауарын өндіруде абсолютті артықшылыққа ие болады. Егерде А елі
Т тауарының өндірісін қысқартып, 3 тауарының өндірісін ұлғайтса, ал В елі
керісінше 3 тауар өндірісін қысқартып Т тауар өндірісін ұлғайтса, бұл жерде
Халықараық еңбек бөлісу (ХЕБ) мен абсолютті артықшылықтар принципі
негізіндегі сауда орын алады (2 табл.).
2-кесте
Мемлекет А Мемлекет В Бүкіл әлем
Тауар S +2 дана -1 дана +1 дана
Тауар Т -1 дана +3 дана +2 дана
Бұл жағдайда, егер А елі Т тауар өндірісін 1 данаға қысқартса, ол оған
6 сағат үнемдеуіне мүмкіндік беріп, 5 тауарының 2 данасын шығаруға
пайдалануына болады. Осындай жағдай В елінде де болады. Бұл жерде
өндірістің бірден қысқаруы арқылы 12 сағат үнемделіп, Т тауарының 3 қосымша
данасын шығаруға болады.
Жалпы алғанда, қосымша ресурстарды пайдаланбай-ақ ХЕБ арқасында 5
тауарының әлемдік өндірісі 1 данаға, ал Т тауарының өндірісі екі данаға
ұлғаяды.
XVIII ғасыр соңында шикізат тауарларының саудасы басым болып, А.Смиттің
осы теорияны жасауына себеп болды. Шындығында цитрустарды Англияда емес,
тропикалық елдерде өсіру тиімді екені белгілі. Бірақ сол кездің өзінде
Англияның сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы Еуропа елдеріне келген
болатын. Әрине абсолютті артықшылықтар теориясы тек табиғи ерекшеліктерге
ғана негізделуі мүмкін емес еді. Осыған байланысты А.Смит табиғи
артықшылықтармен қатар иеленген артықшылықтар барын көрсеткен.
3-кесте
Мемлекет А Мемлекет В
Тауар S 3 сағат 12 сағат
Тауар Т 6 сағат 4 сағат
А.Смит бір елдің барлық тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болған
жағдайды қарастырмайды (таб. 3). Оны өзінің Саяси экономия бастамасы мен
салық салу (1819) еңбегінде Давид Рикардо жасады. Ол еңбегінде А.Смит
моделі жекелеген жағдай ретінде енетін, халықаралық мамандану мен өзара
тиімді сауданың жалпылама принциптерін жасады.
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы
Д.Рикардо ХЭҚ ерекшеліктерін атай отырып, халықаралық өзара тиімді
сауда үшін А.Смит принциптерін ұстап, кедергі келтірмейтінін көрсететін
модель жасады. Д.Рикардо салыстырмалы артықшылықтар (comparative advantage)
заңын ашты: ел өндіруде ең көп абсолютті артықшылықтарға ие тауарларға
(егер ол екі тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болса) немесе аз
абсолютті артықшылыққа ие емес (егер бірде-бір тауар бойынша абсолютті
артықшылығы жоқ болса) тауарлар экспортына мамандануы қажет. Ол
хрестоматиялық мысал болып кеткен ағылшын матасын португалдық шарапқа
айырбасын келтірген. Шарап пен матаны өндірудің абсолютті шығындары
Португалияда Англиядан төмен болғанымен, айырбас нәтижесінде екі ел де
пайда табады. Осы мысалдың бастапқы шарттары 4 таблицасында келтірілген.
4-кесте
Англия Португалия
nмата 100 жұмыскержыл 90 жұмыскержыл
M шарап 120 жұмыскержыл 80 жұмыскержыл
4 кестеден көріп отырғанымыздай, Англиядан (n) матаның белгілі мөлшерін
өндіру үшін жылына 100 жұмысшы қажет. Осы мата мөлшеріне Англия өзінде
өндіріске жылына 120 жұмысшы қажет ететін (m) Португалдық шараптың бір
бөлігін сатып алады. Сондықтан Англияға Португалияға мата сату арқылы оның
шарабын сатып алу тиімді. Португалияда бұл өнімідерді өндіруге 90 және 80
дана жұмысшы еңбегі жұмсалады, сондықтан оған матаны шарапқа айырбастау
тиімді. Д.Рикардоның пікірінше 100 ағылшын жұмысшысымен 80 португалдық
жұмысшының еңбектерінің теңсіз айырбасы елдер арасындағы өндіріс
факторларының ауысуындағы қиындықтарға байланысты болады.
Д.Рикардоның моделіне байланысты, Португалия Англияға қарағанда екі
тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болып отыр, бірақ Португалия шарап
өндіруде салыстырмалы артықшылыққа ие, өйткені оны өндіру үшін Англияға
қарағанда 67% (80120 х 100) шығынын жұмсайды, ал мата өндірісіне - 90%
(90100x100). Сондықтан Португалия үшін шарапты, Англия үшін матаны өндіру
мен экспорттау тиімді болып табылады.
Д.Рикардо өз моделінде өндірілетін тауарлар (шарап пен мата) мөлшерін
өзгеріссіз алып, оларды өндіруге кететін жұмыс уақыты шығындар
айырмашылығын қарастырады. XX ғасырда бұл тәсіл альтернативті шығындар
(немесе орнын басу шығындары) ұғымы негізінде өзгешеленеді.
Бұл талдауға тағы бір шартты енгізейік:
10 шарт. Әрбір елдегі технологиялар мен факторлар саны өзгеріссіз.
Енді салыстырмалы басымдылық принципін осы тұрғыдан қарастырып көрейік.
Д.Рикардо мысалындағы кейбір бастапқы шарттарын қолданайық: екі ел (Англия,
Португалия) және екі тауар (шарап пен мата) бар. Англиядағы 1м2 матаны
өндіру үшін 100 сағат жұмыс уақыты, ал 1 л шарапқа - 120 сағат қажет дейік.
Англия осы жылы 220 сағат жалпы жұмыс сағатына ие болсын. Сөйтіп Англияда
2200 м. мата (220 мың сағ100 с), немесе 1833 л шарап (220 мың с120 с)
немесе екі тауарлар осы шектердегі кез келген арақатынасында өндірілуі
мүмкін.
Португалияда жалпы жұмыс сағатының мөлшері 170 мың сағатқа тең. 1м2
матаны өндіруге - 90 сағат, ал 1 л шарапқа - 80 сағат қажет. Сөйтіп
Португалияда 1899 мата (170 мың с90с) немесе 2125 л шарап (170 мың с80
с), немесе екі тауар осы шектеріндегі кез келген арақатынасында өндірілуі
мүмкін.
Сурет 1. Өндірістік мүмкіндік шекаралары
Англия мен Португалия өндірістік мүмкіндік шекаралары көрсетілген.
Англияда 1м2 мата 45 литр шарап көлемінде тұрса, Португалияда ол 65 л
шарапқа тең. Бұл салыстырмалы бағалар Англия мен Португалия арасында сауда
жоқ деп есептелгендіктен, автаркиялық деп аталады. Егер де транспорт
шығындарын қарастырмай, екі ел арасындағы саудада ешбір кедергі жоқ болса,
Англия өзінде салыстырмалы бағасы төмен матаны Португалияға сатып,
Португалия өзінде салыстырмалы бағасы төмен шарапты Англияға сатады.
Осындай сауда, екі жабық рыноктардағы әр түрлі бағалардың орнына бірдей
әлемдік баға орнауына әкеледі. Мысалы, 1м мата 45 пен 65 литр шарап
арасында әлемдік баға қалыптасады. Мысалға оны 55 немесе 1 деп алайық. Осы
баға бойынша мата Англияда да, Португалияда да сатылады. Енді Англияда
шарап өндірушілерінің пайдасы төмендеп, мата өндірушілерінің пайдасы
жоғарылайды. Осының нәтижесінде шарап өндірісі қысқарып, мата өндірісі
ұлғаяды. Португалияда жағдай керісінше дамиды. Осының бәрі Англияның
матаға, ал Португалияның шарапты өндіруі мен экспорттауға мамандануына
әкеледі.
Сөйтіп, еркін сауда әр елдің өндірісінің салыстырмалы артықшылыққа ие
тауарлардың дамуы мен өндірістің мамандануына және бүкіл әлемде тауар
өндірісі көлемінің ұлғаюына әкеледі. Сонымен қатар, 1 және 2 суреттерінде
пунктирлі сызықпен көрсетілген, тұтынудың әр елдегі өсіміне әкеледі.
1 және 2 суреттерінде өндіріс мүмкіндіктері қисығы тік сызықтар түрінде
көрсетілген. Бұл орын басу шығындарының (opportunity costs) тұрақты болуын
немесе бір тауар өндірісін ұлғайту үшін басқа тауардың бір бөлігінен бас
тарту мөлшерінің өндірістік шығындарын көрсетеді. Біздің мысалымызда
Англияда 1 м матаны өндіру үшін 45 л шараптан, ал Португалияда мата
өндірісінің жалпы көлеміне қарамастан 65 л шараптан бас тарту қажет.
Мысалға Португалияда матаны өндіруде бірінші квадрат метрі ме, 1899-шы метр
ме бәрібір қосымша 1м2 матаны өндіру 65 л шарапқа тең болады.
Бұл жағдай шындықтан алыс болғандықтан, талдауымызға енді
пайдаланбаймыз. Шындығында, орнын басу шығындарының тұрақты жағдайында, әр
ел өзі ие салыстырмалы артықшылықты тауар өндірісіне маманданса, сыртқы
сауда да пайдасын максималды ұлғайта алады. Бірақ шын өмірде ол бола
бермейді. Барлық елдер өздерінің тұтынуы үшін тауардың бір белігін өндіріп,
бір бөлігін шеттен әкеледі.
1.2 Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары
Дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық
сауда ерекше орын алады.
Осы уақытқа дейін тауарларды шетке шығару халықаралық экономикалық
қатынастардың негізгі формасы болып есептелген еді, ал казіргі кезде
шетелдік инвестициялау (атап айтқанда: бірлескен өндірістік қызмет,
технологиялардың халықаралық трансферті) халықаралық экономикалық
қатынастардың жетекші формасы болып саналады.
Осыған қарамастан, халықаралық сауда өзінің масштабы мен функциялары
бойынша халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы комплексінде маңызды
орынға ие болып отыр, яғни басқаша айтқанда, есептеулер бойынша халықаралық
сауда халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы көлемінің 80% үлесін
алып отыр.
Халықаралық сауда - әр түрлі елдердегі тауар өңдірушілер арасындағы
байланыс формасы болып табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі
негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділігін көрсетеді.
Ғылыми-техникалық революцияның өнеркәсіптік өндіріс специализациясы мен
корпорациясы әсерінен елдер экономикасында болып жатқан құрылымдық
өзгерістер ұлттық экономикалардың өзара әсерлесуін күшейтеді.
Ұлттық экономикадағы ұлттық нарықтардың жиынтығы - дүниежүзілік нарықты
құрайды.
Дүниежүзілік нарық әлемдегі тауар-ақша қатыастарының даму процесі
кезінде қалыптаса бастады, яғни XVI ғасырдан бастап дүниежүзілік нарық
деген түсінік пайда бола бастады.
Жалпы алғанда, дүниежүзілік нарық күрделі түсінік болып табылады.
Бұл түсінікті терең зерттеу үшін оны екі аспектіде қарастыру керек:
• біріншіден, дүниежүзілік нарық абстрактылық түсінік болып табылады,
яғни ол кеңістік аспектіде қарастырылады;
• екіншіден, дүниежүзілік нарық заттық аспектіде қарастырылады.
Осыған сәйкес дүниежүзілік нарықтың карастырылу аспектілеріне жеке-жеке
тоқталып өтейік.
Дүние жүзінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне қатыспаған
елдер жоқтың қасы деген тұжырым жасауға болады.
Дүниежүзілік нарықтың мәнін, құрылымын және әрбір элементінің
автономиялылығын түсіну үшін графикалық әдістерді пайдалану өте тиімді
болып табылады.
Мысалы, А, В, С деген үш мемлекетті жеке-дара қарастырайық, сонымен
бірге олардың өзара экономикалық қарым-қатынасын, яғни өзара байланысын да
көрсетейік.
Осы қарастырып отырған үш ұлттық нарық дүниежүзілік нарықты құрайды.
Міне, осыдан біз дүниежүзілік нарықтың абстрактылы түсінік екенін
байқаймыз.
Бірақ, суреттен көріп отырғанымыздай, ұлттық нарық дүниежүзілік
нарықтың қажетті элементі болып табылады.
Жеке алғанда, әрбір ұлттық нарық та күрделі құбылыс болып табылады.
Ұлттық нарық – бұл халықаралық еңбек бөлінісі негізінде елдің ішкі және
сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыратын сфера.
А елінің сыртқы сауда операциясы, дәлірек айтканда экспорты басқа В
және С елдері үшін импорт болып қабылданады.
Сыртқы сауда дегеніміз – белгілі бір елдің басқа елдермен сауда жасауы.
Сонда барлық елдердің сыртқы сауда операциясын жүзеге асыратын сфера –
халықаралық нарық деп аталады.
Сыртқы сауда операцияларының төрт негізгі түрі бар:
• экспорттық операция – шетке шығару арқылы шет елдік котрагентке
тауарды сату;
• импорттық операция - шеттен әкелу арқылы шет елдік контрагентген
тауарды сатып алу;
• реэкспорттық операция - бұрын импортталған және қайта өңдеуден
өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату;
• реимпорттық операция - бұрын экспортталған және қайта өңдеуден
өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатьпт алу.
Ұлттық нарық пен халықаралық нарық бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ
олардың өзара айырмашылықтары да бар.
И.П. Фаминский өз кітабыңда ұлттық нарықтар мен халықаралық нарықтар
арасындағы айырмашылықтарды жазбаша түрде атап өткен. Енді біз сол
айырмашылықтарды бір жүйеге келтіріп, кесте түрінде көрсетелік:
5-кесте
Ұлттық нарық Халықаралық нарық
1. Тауарлар қозғалысына экономикалық1. Тауарлар қозғалысына мемлекеттер
фактарлар (елдің кәсіпорындары мен арасындағы шекаралық және жекелеген
аудандары арасындағы өндірісгік мемлекеттердің сыртқы экономикалық
байланыстар) ғана әсер етеді. саясаты әсер етеді.
2. Ұлттық шаруашылықтар арасындағы 2. Жекелеген елдерде өндірілген
тауар қозғалысы шектеулі болады. кейбір тауарлар дүниежүзілік тауар
айналымына мүлдем түспей қалады,
яғни бұл нарықтардағы тауар
қозғалысы өте шектеулі болады.
3. Ұлттық нарықтарда ұлттық бағалар 3. Бұл нарықта дүниежүзілік
белгіленеді. бағалар деген ерекше баға жүйесі
белгіленеді.
4. Ұлттық нарықтардың 4. Халықаралық нарықта
монополизациялану мүмкіндіктері бар.монополизациялану мүмкіндігі төмен
дәрежеде болады.
Халықаралық сауданың формалары
Халықаралық сауда – бұл халықаралық тауар-ақша қатынастарының сферасы,
дүние жүзіндегі барлық елдердің сыртқы саудасының жиынтығы.
Халықаралық сауданың мәнін ашу үшін оның формаларын 1-схемадан көруге
болады.
Халықаралық сауданың формалары төмендегідей жіктеледі:
1) аукциондар және аукциондық сауда;
2) биржалық сауда;
3) халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер;
4) машиналар мен құрал-жабдықтардың арендасы;
5) қарама-қарсы сауда;
6) шекаралық сауда.
Енді осы формалардың әрқайсысына сипаттама берейік: Аукцион дегеніміз
алдын ала көруге қойылған тауарларды белгілі бір уақытта, белгіленген
орында сату формасы.
Схема 1
Дүниежүзілк нарықтың түрлері
Аукцион белгілі бір тауар түрлері бойынша өтеді, мысалы, бағалы аң
терісі, жүн, өнер туындылары, антикварлық және кейбір бірегей тауарлар.
Аукционның ерекшелігі сатушының тауар сапасына жауапкершілігінің
шектеулілігі.
Аукциондық сауда – нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда
табу мақсатында аукционға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып
алушылардың тікелей бәсекесін пайдаланады.
Схема 2
Тауарлық нарықтың тауарлық-салалық классификациясы
Аукциондық сауда кезінде сатушы тауардың бастапқы бағасын белгілейді,
бұл баға аукцион барысында сатып алушылардың төлем қабілетінің негізінде
өзінің ең жоғары деңгейіне дейін көтеріледі.
Мысалы, Санкт-Петербуртте бағалы аң терісінің аукционы бар. Осы аукцион
басқа елдердің сатушыларынан да комиссияға тауар қабылдайды. Бағалы аң
терілерін сатып алушылар – ірі капиталистік және өтпелі социалистік
елдердің өте ірі көтерме сауда фирмалары.
Сонымен бірге Мәскеуде, Дондағы Ростов, Пятигорск сияқты қалаларда асыл
тұқымды жылқылардың аукционы жүргізіледі.
Аукциондық сауда айналым шығындарын қысқарта отырып, әлемдік бағаларға
жақын бағалармен сатуды қамтамасыз ете алады. Сонымен бірге тауарлардың өте
көп мөлшерін сату және көптеген бәсекелес сатып алушыларды қатыстыру арқылы
сатушы мен сатып алушыға өте қолайлы жағдай жасайды.
Тауар өндірісінің дамуы халықаралық айырбасқа көптеген тауар массаларын
қатыстырды, осының нәтижесінде шикізаттың жекелеген түрлері бойынша тұрақты
нарықтар стихиялы түрде пайда бола бастады.
Сауда процесінің жетілдірілуі бұл нарықтарды халықаралық биржаларға
айналдырды, олардың ең алғашқылары XVII ғасырда Еуропада пайда болды.
Өндіріс пен нарықтың монополизациялануына байланысты еркін бәсеке
кезінде шырқау шегіне жеткен биржалар өз мәнін жоғалта бастады. Биржалардың
гүлденуі кезінде оларда тауарлардың 200 түрі айналыста жүрді, ал қазіргі
кезде 60 түрі ғана айналыста жүр. Биржаларда астық, қант, кофе, какао
сияқты ауыл шаруашылық тауарларының саудасы жүргізіледі, сонымен бірге
оларда шикізат саудасының 20%-ке жуығы іске асырылады. Биржалық емес
саудадағы бағалар биржалық бағаларға сәйкес түрде түрде бейнеленеді.
Сонымен биржалық сауда – биржалардың қатысуымен тауарлар мен бағалы
қағаздардың сатылуы.
Негізінен биржалар коммерциялық делдалдар болып табылады, олар
келісімдерге қатыспайды, бірақ олардың бекітілуіне ықпал етеді.
Биржалардың бірнеше түрі бар:
1) тауар биржасы;
2) қор биржасы;
3) еңбек биржасы;
4) валюта биржасы.
Тауар биржасы – сапасы жағынан стандартқа толықтай сай келетін белгілі
бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан нарықты қамтамасыз ететін
сауда.
Схема 3
Мұнда сатуға келісілген тауарлар биржаға әкелінбейді. Бұл тауарлардың
бар екенін олардың саны мен сапасын көрсететін құжаттар куәландырады.
Қор биржасы – таза іскерлік принципінде жұмыс істейді (Лондон, Нью-Йорк
биржалары). АҚШ-та 10-нан астам қор биржасы бар, олардың ең ірісі - Нью-
Йорк биржасы. Амстердам, Мадрид, Брюссель, Копенгаген, Лиссабон қор биржасы
Халықаралық қор биржасы болып табылады.
Валюта биржасы – бұл валюта нарығы. Мысалы, Токиода валюта
операциясының 72%-і доллар-марка мәмілесінің үлесіне тиеді.
Еңбек биржасы - жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкер мен қызметкерлер
арасындағы делдалдықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.
Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер – тауар үлгілерін көрсету нарығы,
бұл жерде іскерлік келіссөздер жүргізіліп, контрактыларға қол қойылады.
Жәрмеңке – бір орында, белгілі бір мерзімде оқтын-оқтын өтіп тұратын
нарықтың түрі.
Машиналар мен құрал-жабдықтардың арендасы
Аренда – бұл жалгерлік шаруашылықты жүргізудің формасы. Мұнда жалға
беруші мен жалгер арасында шарт негізінде жалгерге жерді, табиғат қорларын,
кәсіпорындарды, олардың бөлімшелерін уақытша пайдалануға, сондай-ақ дербес
шаруашылықты жүргізуге қажетті басқа да мүліктерді белгілі мерзімге тиісті
ақысын төлетіп, иеленуге және пайдалануға береді.
Жалгерлікке халық шаруашылығының барлық саласында рұқсат беріледі және
мүлік жөнінде меншіктің барлық формалары мен түрлерінде қолданылады.
Жалға берушілер – меншік иелері атынан мүлікті жалға беруге өкілетті
орындар мен ұйымдар болуы мүмкін.
Жалгерлер – занды құқықтық мекемелер және кәсіпорындар, шетелдік
мемлекеттер, халықаралық ұйымдардың қатысуымен құрылған ұйымдар мен
бірлестіктер және т.б. Халықаралық саудада аренданың үш түрі қолданылады:
1) лизинг – ұзақ мерзімдік аренда (1 жылдан көп мерзімге дейін);
2) хайринг – орта мерзімдік аренда (бірнеше айдан бір жылға дейінгі
мерзімге);
3) рейтинг – қысқа мерзімдік аренда (бірнеше күннен бірнеше айға
дейінгі мерзімге).
Халықаралық тәжірибеде ұзақ мерзімдік аренда, яғни лизинг өте көп
қолданылады. Лизинг құралдарына жататындар: кеңселік, құрылыс-монтаждық
және технологиялық құрал-жабдықтар.
Сонымен бірге лизингке бүтіндей өнеркәсіптік кәсіпорындар берілуі
мүмкін.
Лизингтік операцияның өте қарапайым тәсілін қарастырайық. Жалға беруші
жалгермен арендалық келісім-шартына қол қояды. Өндіруші дайындайды және
жалгерге аренда құралын береді.
Лизингтік компания банктен несие алады да, өңдірушімен есеп айрысады
және арендалық төлемдерден несиені өтейді.
Лизинг кезінде сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуді негізінен
жалгер өзі жүзеге асырады,
Халықаралық тәжірибеде орта мерзімдік арендаға контрактылар көп
бекітіледі.
Хайринг құралдарына транспортгық құралдар, жол-құрылыс машиналары,
монтаждық құрал-жабдықтар, ауыл шаруашылығы машиналары жатады.
Орта мерзімдік арендалар сұраныс пен ұсыныс әсерінен қалыптасады.
Келісімге байланысты сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуді жалға
беруші немесе жалгер жүргізеді.
Рейтинг контрактылары халықаралық тәжірибеде сирек бекітіледі.
Рейтинг құралдарына транспорттық құралдар, туристік және қысқа
мерзімдік пайдаланудағы тауарлар жатады.
Негізі бұл контрактылардағы міңдеттеме бойынша сақтандыру мен
техникалық қызмет көрсетуді жалға беруші жүргізеді.
Транспорттық құралдар (су транспорты, авиалайнер, автобус және т.б.)
уақытша арендаға алу келісімі таймс-чартер деп аталады, яғни бұл келісім
кезінде экипаж бен жүргізуші де жалға алынады.
Ал экипажы жоқ транспорт құралдарын жалға алу бербоут деп аталады.
Қарама-қарсы сауда дегеніміз экспортталған тауардың жартылай немесе
толық құнына экспортердің импортерден тауар сатып алатындығы жөнінде қарсы
міндеттемесі.
Қарама-қарсы сауданың бірнеше түрлері бар:
1) бартерлік келісімдер;
2) қарама-қарсы сатып алу келісімдері;
3) клиринггік келісімдер;
4) лицензиялық келісімдер;
Қарама-қарсы сауданы тереңірек түсіну үшін олардың түрлеріне сипаттама
берейік.
Бартерлік келісім – валютасыз, бірақ тұтас келісім негізінде бағаланған
және балансталған тауар айырбасы.
Бағалау мыналар үшін қажет:
• айырбастың эквиваленттілігін қамтамасыз ету үшін;
• сақтандыру саласын анықтауға мүмкіндік беру үшін;
• жеткізіп берулердің кешіктірілуі кезінде айыптарды есептеу үшін;
• сапасыз тауарлардың жеткізілуі кезінде олардың бағасын төмендету
үшін.
Қарама-қарсы сатып алу келісімдері.
Клирингтік келісімдер – саудада пайда болатын талаптар мен қарыздарды
өзара өтеу жөнінде мемлекеттердің орталық банктері арасындағы қолма-қол
ақшаның есеп айырысу түрі.
Лицензиялық келісім - бөтен сауда маркасын пайдалану келісімі.
Мысалы, Малайзия фирмасы Жапонияның SONY корпорациясымен лицензиялық
келісімге отыруы.
Лицензияны сатудың тиімділігі:
• біріншіден, белгілі бір технологияны шығаруға кеткен шығындардың
орнын толтыруға мүмкіндік береді;
• екіншіден, тауар экспорты үшін жабық нарықтарға енуге мүмкіндік
береді;
• үшіншіден, ішкі нарықтық толығуын жеделдетуге және шығындарды
азайтуға мүмкіндік береді.
1.3 Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға дайындалуда. 1996
жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы ДСҰ Секретариатына ресми
өтінішін жолдаған болатын. Осы жылдың шілдесінде ведомствоаралық комиссия
ДСҰ Секретариатына сыртқы сауда режимі туралы меморандум мен басқадай
міндетті құжаттарды жолдады. Осы кезден бастап Қазақстанның Дүниежүзілік
сауда ұйымына кіру туралы ұзақ та, көпжақты келіссөздер жүргізіле бастады.
Бұл еліміздің экономикасы үшін зор мәнге ие болатын, күрделі де, маңызды
процесс. Осыған байланысты, бізге ДСҰ-ГАТТ іс-әрекетінің мақсаты, міндеті,
құрылымы мен ерекшелігін қарастыру маңызды болатын сияқты.
ГАТТ құрылу себептері мен мақсаттары, жүзеге асыру принциптері.
Сауда мен тарифтер бойынша Басты келісім (ГАТТ) 1947 жылы халықаралық
сауданы реттейтін глобалды ұйым ретінде құрылды.
ГАТТ қүрылуының негізгі мақсаты халықаралық сауданың ашықтығы мен
қауіпсіздігін, төмендегідей жолдармен қамтамасыз ету болып табылған:
• кедендік және басқадай саудалық шектеулерді жою;
• халықаралық саудадағы дискриминацияны жою;
• нақты табыс, сұранысты, сауда айырбасын жоғарылату.
Осы Келісімнің басты мақсаты болып елдер арасындағы сауда қатынастарын
көпжақты негізде реттеуді қамтамасыз ету табылады.
Халықаралық сауда ұйымын құру талаптарының жоққа шыққанына байланысты,
сауда және тарифтер бойынша Басты келісім мүше елдердің сауда және тарифтік
саясатын реттейтін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz