Инфляцияның экономикадағы ролі мен мәні
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ..3
I Инфляцияның экономикадағы ролі мен мәні
1.1.Инфляцияның мәні жане даму механизмі,түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2.Инфляцияның әлеуметтік.экономикалық зардаптары, себептері ... ... ... ... ..8
1.3.Филипс қисығы жане стагфляция ... ... ... ... ... .10
II Ақша.несие саясатының негізгі мақсаты инфляцияны тежеу.
2.1.Антиинфляциялық саясат ... ... .14
2.2.Инфляцияға қарсы саясат жане Қазақстандағы оның әдістері ... ... ... ... ... ..15
III .Қазақстан Республикасында инфляция қарқынын жою жолдары.
3.1.Мемлекеттің инфляция деңгейін болдырмау үшін қолданылатын
нақты шаралар ... ... ... ..21
3.2.Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері және инфляцияға
қарсы саясат ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ..40

Экономиканың өз заңдылығы бар.Ол даадам тәрізді:қалыпты жағдайда дұрыс тыныс алады,аршындап алға басады, тірлік ретті болады.Адамның қызуы көтерілгені сияқты экономиканың да қызуы көтерілетін болады.Адам ағзасы әлсірей бастаған уақытта әуелі түшкірік пайда болады.Бір-екі түшкірік денсаулығы мықты организмге әсер ете қоймауы мүмкін.Түшкірік басылмаса,дене қызуы көтерілсе сырқаттың күш алып кететіні белгілі.Мәселе-кез келген дерттің алдын алуда.Кейінгі кезде инфляция туралы жиі сөз бола бастады.Осы жерде "инфляция деген не? Ол қандай құбылыс,қашан пайда болған?.." деген сұрақ туады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда ьолды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты депсаналады.
"Инфляция" термині (латын inflation сөзінен шыққан-кебіну,ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды жане АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж) қағаз долларының ("гинбектердің") қисапсыз көп шығарылуыменбайланысты болды.XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды.Экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы-тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лыққа толып кетуі,олардың құнсыздануы жане соның натижесі ретінде-тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі.Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.

1. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму
стратегиясы.» — Алматы, 1997. 25-31 бет.
2. Назарбаев Н. Ә. «Елдегі жағдай, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі
бағыттары туралы: Жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру,
экономикалық және саяси реформа. ҚР Президентінің қазақстан
халқына жолдауы.» — Алматы, 1998. 17-28 бет.
3. Аубакиров Я. Ә. «Экономикалық теория негіздері» -Алматы, 1998.
152-157 бет.
4. Брю С. Л. «Экономикс» - Бишкек, 1998. 1 том, 78-81 бет.
5. Жүнісов Б. А. «Нарықтық экономика негіздері» -Ақтобе, 1993. 92-101
бет.
6. Иманғазин О. Қ. «Экономикалық саясат» - Алматы, 2002. 105-110 бет.
7. Көшенова Б. А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» -
Алматы, 2002. 75-79 бет.
8. Мақыш С. Б. «Ақша айналысы және несие» -Алматы, 2000. 84-89 бет.
9. Осипова Т. М. «Экономикалық теория негіздері» -Алматы, 2002. 203-
209 бет.
10. Шеденов «Жалпы экономикалық теория» - Алматы, 2002. 215-219
бет.
11. Құлпыбаев С. «Қаржы» - Алматы, 2003. 426-440 бет.
12. «Инфляция — хроническая болезнь бумажных валют» - Журнал:
Финансы Казахстана, 1995. 13-17 бет.
13. Қожахметов А. «Инфляция и ее последствия» -Журнал: Экономика и
статистика, 2001. 25-29 бет.
14. Райымқұлов С. «Экономикалық теория негіздері». Шымкент 2005 ж.
15. Черняк В.З. Основы экономики в схемах и таблицах. Москва, 2003.
16. Егемен Қазақстан. Инфляция неден именеді. 2006, сәуір.
17. Егемен Қазақстан. Инфляция. 2006, 29 қараша.
18. Егемен Қазақстан. 2006, 6 маусым. 3 бет.
19. Егемен Қазақстан. 2006, 11 мамыр.
20. Егемен Қазақстан. 2006, 18 сәуір.
21. Егемен Қазақстан. 2004, 19 мамыр.
22. Қазақ елі. 2004, 21 сәуір.
23. Егемен Қазақстан. 2006, 14 маусым. 6 бет.
24. Егемен Қазақстан. 2006, 19 сәуір.
25. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №5. 2006.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Инфляцияның экономикадағы ролі мен мәні
1.1.Инфляцияның мәні жане даму
механизмі,түрлері ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .5
1.2.Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары,
себептері ... ... ... ... ..8
1.3.Филипс қисығы жане
стагфляция ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...10
II Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты инфляцияны тежеу.
2.1.Антиинфляциялық
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 14
2.2.Инфляцияға қарсы саясат жане Қазақстандағы оның
әдістері ... ... ... ... ... ..15
III .Қазақстан Республикасында инфляция қарқынын жою жолдары.
3.1.Мемлекеттің инфляция деңгейін болдырмау үшін қолданылатын
нақты
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 21
3.2.Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері және инфляцияға
қарсы

... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...40
Кіріспе
Экономиканың өз заңдылығы бар.Ол даадам тәрізді:қалыпты жағдайда дұрыс
тыныс алады,аршындап алға басады, тірлік ретті болады.Адамның қызуы
көтерілгені сияқты экономиканың да қызуы көтерілетін болады.Адам ағзасы
әлсірей бастаған уақытта әуелі түшкірік пайда болады.Бір-екі түшкірік
денсаулығы мықты организмге әсер ете қоймауы мүмкін.Түшкірік басылмаса,дене
қызуы көтерілсе сырқаттың күш алып кететіні белгілі.Мәселе-кез келген
дерттің алдын алуда.Кейінгі кезде инфляция туралы жиі сөз бола бастады.Осы
жерде "инфляция деген не? Ол қандай құбылыс,қашан пайда болған?.." деген
сұрақ туады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.Оны
тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда ьолды әрі ақшаның қызметімен тығыз
байланысты депсаналады.
"Инфляция" термині (латын inflation сөзінен шыққан-кебіну,ісіну) ақша
айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды жане АҚШ-тың
Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж) қағаз долларының ("гинбектердің")
қисапсыз көп шығарылуыменбайланысты болды.XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ
Англия мен Францияда қолданылды.Экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары
жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы-тауар айналымының
қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен
лыққа толып кетуі,олардың құнсыздануы жане соның натижесі ретінде-тауарлар
мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының
төмендеп кетуі.Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына
және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы
бұзылады.
Ұзақ уаұыт бойы инфляцмяны монетарлық құбылыс деп санай отырып,ол
ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының осуі тұрғысында түсіндіріліп
келеді.Әлі де бірқатар шетелдік авторларинфляцияны экономикада бағаның
жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды.Алайда инфляцияның тауар бағасының
өсуіне көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға
болмайды.Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің
сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс.Инфляция
әлемнің көптеген елдердегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір
проблемаларының бірі болып есептеледі.
Бүгінгі инфляция бағаның өсуі нәтижесіндегі ақшаның сатып алу
жарамдылығының құлдырауымен ғана емес,сонымен бірге елдің экономикалық
дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияның әуел бастағы
себебі-ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен
тұтыну,сұраным мен ұсыным,мемлекеттің кірістері мен шығыстары,айналыстағы
ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді.Инфляцияның деңгейінің
көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бузылады.Инфляция тауар
тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген
норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляция халықаралық экономикалық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы
өндіру жағдайын ұйымдастыруды бұзып,экономикалық қылмыс, көлеңкелі
экономика жане т.б. белсенділігін арттырады.
Қазақстан экономикасы ретті жүргізілген реформалардың арқасында мың
құбылған үрдістерден кідіріссіз өтіп келеді. Ұлыбританияның премьер-
министрі Э.Чарльз Линтон Блэрдің: Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері
айтарлықтай экономикалық прогреске қол жеткізілді. Қазіргі нарықта
бағдарланған мөлдір және ашық инвестициялық ахуалды дамыту маңызды болып
отыр. Бұл Қазақстан қол жеткізген табыстарды шоғырландыруға көмектеседі, ол
Орталық Азияның басқа елдері үшін тамаша үлгі болады, деген сөзі бар.
Жыл өткен сайын ел алдында жаңа меже, жаңа бағдарлар қойылып отыр.
Президенттің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену туралы
бастамасы ақыл-ой, қуатын жедел жинақтап, белді буу қажет. Осы ретте
инфляцияны ауыздықтау әрекетін жасауға тура келеді. Елбасының Қазақстан
халқына арнаған жыл сайынғы жолдауында қаржы жүйесінің және Ұлттық банктің
алдында:
- инфляция қарқынын бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарын
азайту үшін нақты айырбас бағамына тиісті икемділігін қолдануға және
сонымен бірге экономикалық өсуі ынталандыру;
Халықтың күн-көрісі арасында айырма өскен сайын ертеңгі күнге деген
алаңдатушылық арта түседі. Үкімет жағдайы қаншалықты өз бақылауында ұстай
алады? Шошыған балықтай инфляция қолдан сусып шығып кетіп жүрмей ме?
Мемлекет белгілеген шаралар қаншалықты бекем? Баға мен бағам бетімен кетіп
қалмай ма? Барлығымыздың көкірек түкпірінде тұрған сауалдар осындай.
I. Инфляцияның экономикадағыролі мен мәні.
1.1 Инфляцияның мәні даму механизмі жане түрлері.
Инфляция-жалпы баға деңгейі мен ақша белгілерінің нақты активтерге
қатынасы бойынша өсуі мен құнсыздануы арқылы көрінетін көп факторлы
құбылыс.Жеке тауарларға кез келген баға өзгерісі инфляция болып табыла
бермейді.Ол өнімнің сапасының жақсаруына,сыртқы саудаға,басқа факторларға
байланысты өзгерген болуы мүмкін.Баға мен шығындардың жалпы төмендеуін
инфляцияға қарама-қарсы дефляция деп атайды.Яғни инфляция қарқынын
төмендетуге арналған процес.Баға өсуінің баяулауы дезинфляция деп аталады.
70-80 жылдардағы баға өсуі үздіксіздігі,жалпыламалығы,бір қалыпсыздығы
мен ерекшеленеді.
Экономикалық әдебиеттерде инфляцияны келесі түрлерге бөледі, мұны
келесі сурет №1 көрсетіледі.
Сурет №1
Инфляцияның түрлері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің "тереңдігіне", антиинфляция саясаты
құралдарына байланысты инфляция айқын және басыңқы формаларда жүреді.Айқын
немесе ашық формадағы инфляция процесі баға өсуімен ұлттық волюталық
курсының төмендеуімен көрінеді.Басыңқы немесе жасырын инфляция жасырын
түрде және өнім сапсының оның ассортимент құрылымының өзгеруі,экономикада
дефицит артып,кезектер көбеюімен белгілі болады.
Зерттеу объектісіне байланысты ұлттық,аймақтық және әлемдік
инфляцияға бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта зерттеу объектісі болып
көтерме және бөлшек сауда динамикасы,елдербірлестіктері деңгейінде
халықаралық нарықта (мысалы:Евро Одақ) қандай да бір елдегі ЖҰӨ дефляторы
болып табылады.
Жүйеге қатынасы бойынша ішкі және сыртқы факторлар әсерімен болған
инфляция қарқынына байланысты импорттық және экспорттық инфляцияға
бөлінеді.Елдегі қатаң волюталық курс ұсталған жағдайда импорттық тауарларға
кез келген бағаның көтерілуі елдің ішіне импорттық инфляцияны
әкеледі.Елдегі инфляциялық процестің дамуына бұл фактордың маңызды ЖҰӨ-ң
жалпы көлеміндегі сыртқы сауда үлесіне тәуелді.Ол жоғары болған сайын
"импорт" инфляцияның эффект тиімділігі соншалықты жоғары.
Бағаның өсу қарқынына байланысты:жылына 10%-қалыпты немесе баяу
инфляция.Жылына 200%-"галопирлік" немесе "латындық" инфляция деп
бөлінеді.200%-тен жоғары-"гиперинфляция" (Амерыкалық экономист Ф.Кеганның
есептеуі бойынша-айына 50%-тен жоғары).
Инфляцияның қандай типі болып жатқанын анықтау үшін баға өсу қарқынының
қоғамдық ұдайы өндірістің параметрлерінің өзгеруіне байланысты анықтауға
болады.Баяу инфляция ұдайы өндіріс процесінде теріс әсерін қатты тигізе
қоймайды.Ал "галоперлік" инфляцияның юолуы экономика құрылымындағы
диспропорцияның пайда болуы туралы мәлімдейді."Гиперинфляция" ұдайы өндіріс
пропорцияның шындап бұзылғанын,экономиканың тоқырау алдында тұрғанын
білдіреді.
Экономикалық баға өсу қарқынына бейімделуіне байланысты инфляцияны
балансталған және балансталмаған деп бөледі.Бірінші жағдайда бағалар баяу
және тұрақты өседі.Қалған макроэкономикалық көрсеткіштер іс жүзінде бірдей
өзгереді.
Ал баланстанбаған йнфляция кезінде тауарға бағалар бірден жоғары
көтеріліп кетеді де,экономика өзгерген жағдайларға бейімделіп үлгермей
қалады.
Инфляциялық процеске мемлекеттің әсер ету қабілетіне байланысты
бақыланған және басқарусыз инфляция болып бөлінеді.Бірінші жағдайда-
мемлекет орташа мерзімде бағаның өсу қарқынын азайта немесе арттыра
алады.Екінші жағдайда-инфляция деңгейін тоқтататын нақты шаралар жоқ.
Экономикада сұраныстың өсуі жағдайында ЖҰӨ көрсеткішінің өзгеруіне
байланысты шынайы және жалпы инфляция болып бөлінеді.Жалпы инфляция кезінде
бағаның өсуінен асып түсетін нақты өндіріс көлемінің артуы (ЖҰӨ көлемінің
өсуі). Екінші кезеңде сұраныс қысымының артуына байланысты шығындардың
өсуі,ақша айналымының бұзылуы өндіріс стагациясы (номиналдық ЖҰӨ көлемінің
өсуі) пайда болады.
Болашақ бағаның өсу қарқынын және оған бейімделу дәрежесін анықтайтын
шаруашылық агенттерінің болжауының қаншалықты дәлдігіне байланысты
болжанған және болжанбаған инфляция деп бөлінеді.
Инфляциялық процесті тудыратын және өрбітетін факторларға байланысты
сұраныс және шығындар инфляциясын бөледі.
Осылайша инфляция- қоғамдағы жиынтық сұраныспен жиынтық ұсыныстың
арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуын көрсетеді.Айналымдағы ақшаның мөлшерінің
немесе олардың айналым жылдамдығының артуы жиынтық сұранысты өсіреді және
керісінше.Жиынтық сұраныстың өсуіне әкелетін айналымдағы ақша массасының
өсуі түрлі себептермен болуы мүмкін:экспансиялық қаржылай
саясатқа,мемлекеттік саясатқа,"баспа станогының" көмегімен бюджет дефицитін
жабу,несиені ұлғайту режимі инвестициалық бум тұтынушылардың талғамының
өзгеруі және т.б.Сұраныс тудырған инфляция дамуына схема бойынша
бөменлегідуй болады.
Инфляция процесінің дамуының бұл түрі сұраныс инфляциясы деген атау
алады. Сұраныс инфляциясы деңгейі жиынтық ұсыныс қисығының формасына
тәуелді және келесі факторлармен анықталады:
- экономиканың өсуінің орташа жылдық қарқынымен.
- еңбек нарығындағы жағдаймен және толық жұмысбастылық деңгейімен.
- жиынтық сұраныс компоненттерінің өсу динамикасы қарқынымен.
- шаруашылық агенттерінің болашақтағы баға өсуін болжай алу қабілетімен
байланысты.
Сурет №2
Сұраныс инфлияциясының өсуі.
Нақты өндіріс көлемі
Экономикада инфляция жиынтық ұсыныстың өзгеруімен болуы да
мүмкін.Схемада бұл жиынтық ұсыныс қисығының солға қарай қозғалысын
көрсетеді.Нақты өндіріс көлемі төмендеп,бағалар көтеріледі.
Экономикада сұраныстың өсуі бағаның,еңбекақының,жұмысбастылықты ң нақты
көлемінің өсуіне әкеледі.Бұл процес шығындар инфляциясы ретінде көрінеді.Іс
жүзінде инфляцияның екі түрі де бір мезгілде жүреді және өзара әсер атеді.
1.2.Инфляцияның әлеуметтік экономикалық зардаптары мен себептері.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы,алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр.Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болуымен байланысты.Белгілі рауар нарығында сұраныс пен
ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға
деңгейінің өсуі.Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер
етеді.Мысалы, 70-жылдардағы энергекикалық дағдарыс тек мұнай бағасының
өсуінен емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен
байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы-9%-ке артты.
Ақша әсерінен тыс,тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің
артуына,циклдык және маусымдық толқуларға,ұдайы өндірістегі құрылымдық
өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік
реттеуге,салықтың жаңа стсвкаларын енгізуге,ақша өлшемінің девальвациялануы
мен ревальвациялануына,нарық конъюктурасының өзгеруі мен сыртқы
экономикалық байланыстардың ықпалына және т.б. байланысты.Демек,бағаның
өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.
Сонымен,баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің
бұзылуы,баланстың болмауы.Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан
көрінеді.Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы
қаржыландырылса,басқаша айтқанда "ақша станогы" белсенді пайдаланылса,онда
айналысқа ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін MV=PO еске
түсірсек, М мен P көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен,әдіспен инвестицаны қаржыландыру жүргізілген
жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады.Әсіресе экономиканы
милитариаландырумен байланысты инвестиция инфляцияна өршітеді.Ұлттық
табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірісте емес шығындар-олар қоғамдық
байлықты текке әуре етеді. Әскери ассигнация бір сәтке ғана қосымша төлем
қабілеті бар сұраныс туғызып,тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының
өсуіне әкеледі.Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты
тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі нарықтық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі нарықта
көптеген өндірушілер болып,өнімдердің түрі аз,капитал ауысуы оңай уақытқа
мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигополиалық нарық. Ал
олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді.
Олигополиалар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны
қолдауғаынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру
үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады.
Өздері билік жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін
олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа
өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен
ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік
шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында "импорттық" инфляцияның қауіпі
туады.Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергия бағаның шарықтауы сырттан
әкелетін мұнайға бағаны өсіріп,технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар
бағасының қымбаттауына әкелді."Импорттық" инфляциямен күресу мүмкіндігі
шектеулі.Әрине өз валютасын ревальвациалау ұлттық валютаның құнын
жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады.Бірақ ревальвациф
отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады,ал бұл дүниежүзілік
нарықта бәсекелестік қабілетті төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алпды,ол "инфляцияны
күту" нәтижесінде орын алады.Халық пен өндірушілердің иефляцияны күту
себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан
түрлі себептері бар.Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың
комбинациясы жекеленген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты.
Кесте-1
Инфляция себептері мен зардаптары
Инфляция себептері Инфляция зардаптары
1 2
Мемлекеттік монополия (қағаз ақша Байлық пен кірістің орнықтылуы.
эмиссиясы, ішкі сауда).
Профсоюзды монополия. Мемлекеттік бағаның нарықтық бағадан
төмендеуі.
Бағаларды белгілейтін ірі фирмалар Нақты пайыздың төмендеуі.
монополиясы. Экономикалық мәліметтердің
тұрақсыздығы.
Мемлекеттік конфискацияның
жасырынуы.
1.3.Филипс қисығы және стагфляция.
Ағылшын экономисті Филипс 50жылдардың соңында жұмыссыдық нормасымен
еңбекақының өсуі арасындағы тәуелділікті байқады.100жылдан аса уақыттағы
деректерді зерттей келе еңбекақы деңгейі (6-7%) бар болады және оның өсуі 0-
ге тең болады деген қорытындыға келді.Осы табиғи деңгейден (6-7%)
жұмыссыздық төмендесе еңбекақының өсуі тездетіледі және керісінше.
Филипс қисығы жұмыссыздық пен инфляцияның арасында тұрақты және алдын
ала белгілі кері байланыс бар екенін көрсетеді. Инфляция жұмыссыздықтың
болмашы деңгейінің кезінде ғана жоғары бола алады. Экономикада бағалар
өспейтін жұмыс бастылықтың деңгейі бар.
Сурет-2
Филлипс қисығы
W – номиналды еңбекақы өсу қарқыны.
P – инфляция деңгейі.
U – жұмыссыздық деңгейі %.
Филлипс қисығына екі түрлі қатынас бар. Біріншісі бойынша Филлипс
қисығы экономикалық заң ретінде қарастырылады.Бұл дегеніміз елде бір
мезгілде күшті инфляциямен жоғары жұмыссыздық болуы мүмкін емес.Мемлекеттік
реттеу құралдарының көмегімен қисықтың түрлі нүктелерінде болатын инфляция
мен жұмыссыздық деңгейінің үйлесуіне қол жеткізуге болады.Демек қисық
бойынша жоғары және төменге оңай қозғалуы мүмкін.Нүктені таңдау
экономикалық жағдайлармен,сондай-ақ үкіметтің әлеуметтік саясатымен
анықталады.
Екіншісі бойынша экономикада инфляция мен жұмыссыздық арасында
тұрақтылық пен беріктілікті жоққа шығарады.Экономикада жұмысбастылықтың
жоғары деңгейіне инфляцияның бірқалыпты қарқында ғана қол жеткізуге болады.
Диаграмма-1. 2003 — 2004 жылғы жұмыссыздар саны және
жұмыссыздық деңгейі.
Филипс қисығының мәні жиынтық сұраныс пен ұсыныс қисықтарының көмегі
арқылы ашылады.Экономикада жиынтық сұраныстың өсуі экономикадағы
диспропорцияны тереңдете түседі және жаңадан жасайды Ресурстардың
шектеулілігін психологиялық арттырады.Нәтижесінде сұраныстың өсуінен
инфляция өрши түседі.Жиынтық сұраныс өскен сайын және экономика толық
жұмысбастылық деңгейіне жақындаған сайын бағалар өсе
түседі.Мәселен,өндірушілер мен жұмысшыларға (әсіресе монополияда) экономика
өсу кезінде баға мен еңбекақыны көтеру оңай.Жоғары жұмыссыздық жалдамалы
жұмысшыларды ең аз еңбекақыға келісуге мәжбүр етеді.Бұл инфляциялық
"еңбекақы-баға" спиралін азайтады.Сонымен бірге төмен экономикалық
конъюктура өндірушілерге бағаны көтеруін тежейді.Қарама-қарсы жағдайда
толық жұмысбастылық жағдайда толық жұмысбастылыққа жақындаған сайын қосымша
өндіріс факторларына сұраныс өсе бастайды.Осының әсерінен еңбек
өнімділігінен асып түсетін еңбекақы өсуі басталады."Еңбекақы-баға"
инфляциясының спиралі қайтадан өсе бастайды.Осы процестердің нәтижесі
инфляция қарқынының өсуі болып табылады.
Инфляция немесе жұмыссыздықты тоқтату мақсатының қайшылығы Филипс
қисығын солға төмен жылжыта алған жағдайда қол жеткізіледі.
70-80 жылдары инфляция жұмыссыздық дамуына талдау жасай
отырып,екеуінің арасындағы байланыс тұрақсыз болған деген қорытындыға
келуге болады.Экономикалық тоқырау кезеңдерінде бағалар мен жұмыссыздық
бірдей өсті,бұндай экономикалық жағдайды стагфляция (бір мезгілде инфляция
кезіндегі экономикалық тоқырау) немесе слсмпфляция (инфляция мен
экономикалық құлдыраудың қосылуы).Осы кезде инфляция мен жұмыссыздықтың
өзара байланысы туралы мәліметтер арқылы екі қорытындыға келуге болады:
немесе Филипс қисығы оңға жоғары жылжыйды да,енді инфляцияның әрбір
деңгейіне өсіп отырған жұмыссыздық деңгейі сай келеді немесе бұл екі
құбылыс арасында байланыс жоқ.
Өндіріс шығындарының өсуі мен жиынтық ұсыныс қисығының солға жылжуына
70-80 жылдары келесі факторлар әсер етті:
- мұнай мен мұнай өнімдерінің бағаларының 4 есе өсуі
- дүниежүзінде азық-түлік кризисі,сонымен бірге ауыл шаруашылық
өнімдеріне бағаның көтерілуі
- сауда жағдайының төмендеуі және импорт инфляциясы
- табыс саясатынан бас тарту,баға мен еңбекақыны бақылау болмауы
- номиналды еңбекақының осы өсу қарқынындағы еңбек өнімділігінің өсу
қарқынының төмендеуі.
- номиналды еңбекақы мен еңбек шығындары бірлігінің өсуіне әкелетін
жұмысшылардың инфляция күтімі.
Жұмыспен қамту теориясының келесі бір түрі неоклассикалық теорияның
жаңа бағыты- монетаризмнің негізін америкалық экономист М.Фридман қалады.Ол
баға салыстырмалы түрде тұрақты болғанда ғана жұмыспен қамтудың жоғары
деңгейіне қол жеткізуге болатындығын айтты.Сондай-ақ, М.Фридман:"Инфляция
емес,болжанбаған инфляция ғана маңызды,инфляция мен жұмыссыздық арасында
тұрақты компромисс жоқ,нақты факторларға сәйкес келетін,жұмыссыздықтың
нақты деңгейі болады.Жұмыссыздықты жеделдетілген инфляция көмегімен сол
төмен не жеделдетілген дефляция көмегімен жоғары ұстап тұруға
болады...Инфляция мен жұмыссыздық арасында тұрақты компромисс жоқ,тек
уақытша таңдау болуы мүмкін. Инфляцияның өспелі карқыны жұмыссыздықты
азайтуы мүмкін,ал жоғары қарқыны өсірмейді...Инфляциямен күресудің бір ғана
жолы бар,ол-ақша санының өсу қарқынын баяулату",-деген тұжырым айтты.
ІІ. Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты инфляцияны тежеу.
2.1.Антиинфляциялық саясат.
Антиинфляциялық саясат-инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік
реттеу құралдарының жиынтығы болып бабылады.
60-жылдың ортасынан бастап барлық экономикаға ортақ бағаны шай және
жанама реттеу жөніндегі шаралар қолданыла бастады.Тікелей реттеу табыс
саясаты шегінде жүреді. Табыс саясатының екі бағытын бөлуге
болады:еңбекақының,бағаның өсуіне тікелей бақылау жасау және бағыт
беру.Осылардың көмегімен нақты табыс пен бағаның өсуін азайтуға
тырысу.Бағыт беру кезінде түрлі ережелер ұйымдастырылады.Ал бақылауды заң
актілерінің күшімен жасайды. Ереже ретінде баға мен еңбекақының максималды
шектері белгіленді. Еңбекақының өзгеруі бүкіл экономикадағы еңбек
өнімділігінің өсу қарқынына байланысты,ал бағалар ебекақы шығынының
өзгеруіне қарай өзгере алады. Яғни жалдамалы жұмысшылар табысы тікелей
реттеледі,ал пайда-бағалар арқылы жанама реттеледі.
Бақылау-бағалар мен еңбекақыға белгілі бір мерзімге бірден "қатырып
тастау" туралы заң қабылдау арқылы жалдамалы жұмысшылар жөнінде табыс
саясаты дискриминациялық сипат алады,себебі мемлекеттік органдар мен
өндірушілер бағаға қарағанда еңбек ақыға бақылау жасауға ынтамен
кіріседі.Тауар топтпрының өте шексіздігіне байланысты олардың бағасын
бақылау өте қиынға түседі.Еңбек өнімділігінің артуы экономикада ұлттық
табыста жұмысшылар үлесінің салыстырмалы және абсолюттік қысқарына
әкеледі.Бағаның өсуіне заң түрінде тиым салу көлеңкелі жасырын нарықтың
пайда болуына немесе тауардың сапасының,салмағының төмендеуіне
әкеледі.Бағаға әкімшілік бақылау жасау нарықтың дұрыс қызмет етуіне,
ресурстар мен капитал құйылуына кедергі жасайды.Нәтижесінде экономикада
дефицит пайда болады.60 жылдардағы нарықты экономикалық мемлекеттерде
жүргізілген табыс саясатынан ешқандай тиімділік болмады.Сондықтан 70жылдары
барлық дамушы елдер одан бас тартты.Бағаға ісер етудің жанама әдісіне
монетарлы жіне фискальді саясаттарының "дефляциялық" шаралары жатады.
Иннфляцияның өршуіне қарай Ұлттық банк ақша массасының өсуіне, берілерін
несие көлеміне шектеу қою,ашық нарықта мемлекеттік құнды қағаздарды сатуға
міндетті резерв нормалары мен есеп стсвкасынкөтеру шаралары
қолданылады.Мерзімдік жағдайда өкіметте антиинфляциялық саясатты жүргізудің
екі альтернативаси бар: ұзақ мерзімге сүйене отырып саясаттыбіртіндеп
енгізу немесе бірден енгізу.Экономикалық теорияда қайсы жолы тиімді екеніне
жауап жоқ.Оның бәрі елдің көлемінен,экономика жағдайынан әлемдік нарыққа
кіру дәражесі мен жағдайынан,халықаралық қаржы ұйымдары мен
қатынастары,елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға т.б. байланысты
қолданылады.
Қазақстан Республиасы өтпелі экономика кезеңінде антиинфляциялық
шаралар монетарлық "естен тандыру терапиясы" әдісін қолданылды,бірақ ол оң
нәтиже бермеді.Қазақстанда инфляцияның дамуы "сұраныспен шығындар"
сәйкестігі ретінде өтуде.
2.2 Инфляцияға қарсы саясат және Қазақстандағы оның әдістері.
Құнсызданудың жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген
елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізүге мәжбүр етеді.Бұл
жерде экономистер ең алдымен мына арқылы инфлияцияны жою керек пе,әлде
инфлияца жағдайына икемделген дұрыс па?
Бұл екі ұшты мәселе әртүлі елдерде ерекші жағдайға байланысты шешіледі
екен.Мысалы, АҚШ-та және Англияда инфлияциямен күресу мәселесі мемлекет
деңгеіне көтеріліп қойылады.Басқа бірталай елдерде инфлияцаға икемделу іс-
шаралары жүргізіліп ,тіпі арнайы бағдарламалада жасалады(табыстарды
индексациялау және т.б).
Инфлияцаға қарсы саясатты сипаттағанда,екі әдістемені бөліп айтуға
болады.Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс теориясының
өкілдері зерттейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі-сұранымға ықпал
жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі.Инфляция
жағдайында мамлекет шығындарын қысқартып,салықтарды көтереді.Осының
нәтииесінде сұраным қысқарды,инфляция қарқыны төмендейді.Бірақ сонымен
бірге өндіріс өсуі де қысқарды.Бұл экономикада дағдарыс жағдайын
қалыптастырып,жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін.Ол қоғам үшін
инфляцияны тежеудің құны болады.Құлдырау жағдайында бюджет саясаты
сұранымды кеңейтуге бағытталады.Егер сұраным жеткіліксіз болса,онда
мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар
артады,салықтар төмендетіледі.Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне
салынатын салық қысқартылады.Бұл бірден нәтиже береді:сұраным тес өседі,ол
өндіріске ықпал жасайды,жалпы экономикалық өсу басталады.Бірақ 60-70 жж
дамыған елдердің тәжірбиесі көрсеткендей сұранымды бюджет арқылы
ынталандыру инфляцияны күшейту мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет
шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын
арқылы экономиканы реттеуді мүмкіншілігі қысқарыды.
Екінші әдістемені жаңа класикалық бағыттағы экономистер ұсынады.Олар
бірінші орынға ақша-несие аркылы реттеу әдәсін қояды.Бұл әдіс экономика
жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды.Бұл саясатты үкіметке тікелей
бағынбайтын Орталық банк жүргізеді.Орталық банк айналымдағы ақша көлемін
өзгертеді және қкрыз пайызц кесімін реттейді,сонымен экономикаға ықпал
жасайды.Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға
қарсы іс- шаралар жүргізу қажет.
Батыс елдерінде жинақталған тәжірбие көрсеткендей,инфлицаға қарсы ұзақ
және қысқа мерзімдік іс-шаралар саясатын қолдану қажет.Бұл шаралар
жиынтығын келесі түрде сипаттауға болады.Біріншіден,халықтың
инфлиияцалықүрейін жою мақсайтын көздейді.Ол үшін кез келген үкімет
инфлицияғақарсы саясатты үздіксізде тұрақты түрде жүргізіп,тұрғындардың
сенімін орнықтұруға тырысады.
Екіншіден,салықтарды арттырып бірақ мемлекеттік шығындарықысқарту
арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс-шаралары жүргізіледі.Бюджет тапшылығын
Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфлияцаны ысқындырады.
Үшіншіден, ақша айналымен реттеу іс-шаралары, нақты айтқанда,әржылдық
ақша көлімінің өсуіне шек қою ,бұл инфляцияныңөсуін қадағалауға мүмкіндік
береді.
Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету.Жеке алғанда бюджек
тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың
экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету.
Инфляцияға қарсы саясатқа байланысты инфляциямен күресу шығындары
туралы мәселе туындайды.Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арттырып,
өндіріс көлемін қысқарту мүмкін.Мамандардың есептеуінше,инфляцияны 1%-ға
төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2% арттыру қажат болады
екен.
Инфляцияны тез ауыздықтау Қазақстанда жүргізіліп жатқан нарықтық
реформаны құқық бойынша ресімдеудің шараларын белгілеумен байланысты
болды.Республикамыз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мынадай маңызды
экономикалық заңдарды қабылдады:"Шетелдік инвестициалар туралы"
Заң,"Салықтар және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы"
жаңа Заң,"Бюджеттік жүйе және басқалары туралы"Заң.
Үкімет"Стратегия-2030" сәйкес инфляция қарқынын жыл ішінде 5-6%
шамасында болуына ұмтылып отыр.
Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет:
- Ақшалай-несиелік және бюджеттік саясатты қаталдандырады;
- Ішкі инвестициалық мүмкіндіктерді өрістатуге көмектесетін қаржылық
механизмді дамытады;
- Жинақтаушы ззейнетақы қорларға ақшалай қаржылардың айтарлықтай
бөлігін қауіпсіз инвестициалауды қамтамасыз етуге ұмтылады;
- Бюджеттік жетіспеушілікті қаржыландыруға құнсызданбайтын көздерді
пайдаланады;
- Мемлекеттік құнды қағаздардың айналым мерзімін ұзартады және т.б.
Индексациялау-ақшаның құнсыздану нәтижесінде болған зиянның орнын толық
немесе жартылай толтыру әдісін білдіреді.Бұл әдіс 1999 жылғы 5-сәуірде Қ.Р
Үкіметінің шешімімен "еркін өзгермелі валюта бағамына" өту барысына, АҚШ
долларына қатысты теңге бағамының күрттөмендеуінен туындаған халықтың
екінші деңгейлі банктердегі теңгедегі салымдары бойынша зиянды мемлекеттің
қаражаты есебінен қалпына келтіру мақсатында пидаланылды.
Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін
қамтиды:
1. Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы
ақша массасының ауқымын азайту.
2. Барлық кредит ресурстарын қымбаттату және оларға қол жететіндігін
азайту мақсатында орталықтандырылған кредиттер үшін қайта қаржыландырудың
есептік мөлшерлемесін арттыру.
3. Кредит мультипликаторын қысу және коммерциалық банктердің кредит
экспадсиасын шектеуге жету үшін орталық банктің коммерциалық банктерге
резервтік талаптарын арттыру.
4. Сондай мақсаттарда орталық банктің кредиттерін тікелей қысқарту.
Иифляцияға қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту,мемлекеттің
шығыстарын қысқарту және осының негізінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығын
төмендету арқылы жүргізіледі.
Салық саясаты инфляция жағдайында екі өзара байланысты,бірақ қайшылықты
міндеттерді шешуге тиіс:
1. Мемлекеттік бюджеттің теңдестігіне жету және тапшылығын жою үшін
оның кірістерінің деңгейін көтеру керек;
2. Экономиканың бастапқы буындарында - өндіріс пен айырбас сферасында
экономикалық белсенділікті жандандыру қажет;
Инфляцияға қарсы салық саясаты жанама салық салуды қысқартуда болып
отыр.Жанама салықтарлың инфляциялық сипаты болады,өйткені олар бағаны
өсіреді,сұранымды қысқартады.Жоғары слықтардың іс-әрекетінің екінші
аспектісі өндіріске олардың қысымы болып табылады,бұл ұсынымды шектейді.
3. Едәуір салық ауыртпалығы әдеттегідей салық жүйесін күрделендіретін
көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырады. Инфляция кезінде
тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктердің шарттарымен ауыртпалығы,
әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың іс-
әрекетімен байланыстырады. Мұның өзі салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады.
Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен
жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді
салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа
салынатын салықпен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары
дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.
Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына да,
мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты материалдық өндіріс
сферасына да таратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы
жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне –
шығындар немесе өңдірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан
олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі
түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы
байқалады.
Жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында
басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша қысқарту
болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері
бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршеңдік маңызды әлеуметтік
қажеттіліктер қамтамасыз етілуі тиіс.
Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:
а) тура әдістермен шектеумен (рестикциялармен), яғни заңнамалық актілер
немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен
деңгейімен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;
ә) секвестрлеу әдісімен - барлық шығыстарды әртүрлі факторлармен
анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес пропорционалды
төмендетумен;
б) қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;
в) мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен. Кез-келген
жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген ұлттық бағдарламаларының іс -
қимылын, тез қайтарым бермейтін әртүрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас
тартуды және т.с.с. шалады.
Мыналардың нәтижесінде инфляцияның екінші типін – шығындардың
(өндірушілер инфляциясының) өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын
шешу неғұрлым қиынырақ болып келеді:
1. Жалақыны көбейту;
2. Ұйымдық сипаттағы себептер бойынша шаруашылық механизмінің бұзылуына
байланысты еңбек өнімінің төмендеуі;
3. Шикізат және энергетикалық ресурстар иелерінің инфляциялық тосулары,
осыған қарай олар өндірістің бастапқы өнімдеріне бағаны көтереді.
Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысты
проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді.
Инфляцияны төмендету проблемаларының бірінші блогы экономикалық
тұрақтандырудың бүкіл жүйесінің орталық буыны ретіндегі өндірістің
құлдырауын жоюда болып отыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді
проблемаларға ұшырайды.
Біріншіден, еңбек өнімділігінің уәждемелік ынталандырмаларын, оның
тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту мәселелерін шешу, басымдық
ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек
пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік
секторды дамыту негізінде қол жетеді.
Сауда-делдалдық сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын
қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың
жеңілдік жүйесімен, кредитті кедергісіз алумен және кредиттер бойынша
төмендетілген пайыздық мөлшерлемелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу
қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды
белгілеумен және т.с.с. жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор
қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге
асырылады.
Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі қажетті элемент
нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық
жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмін жасау
болып табылады; аталған механизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды:
шығындардың төмендеуі - бағалардың төмендеуі -өндірістің өсуі есебінен таза
табыс көлемінің сақталуы - ұсынымның көбеюі - сұранымның қанағаттандырылуы.
Бәсеке механизмін жасау монополияға қарсы шараларды жүргізумен,
меншіктің түрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық - қаржы қызметіндегі
олардың теңдігін заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады.
Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік
реттеу шеңберінде баға мен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен
жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат
бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс
қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп
отырады. Базалық технологиялық шекті-шикізат, отын, басқа бастапқы
өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор. Тап олардың құны
келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне
қойылады.
Жалақыны реттеу бастапқы (қол жеткен) деңгейден еңбек өнімділігінің
нақтылы артуына қатаң байланысты жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалақы
мөлшерлемелерінің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсімі өзінің
сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы тарапынан
инфляцияны төмендету шаралары оның құрылымын жақсартуда болады. Бірінші
кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық және импорттық
операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы опреациялар бойынша
теңдікке жетуге қатысты болады.
Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын
тауарлар мен қызметтерге ішкі сұранымды отандық тауарлар мен қызметтерге
ауыстыру есебінен, сондай ақ сыртқы сұранымға қарағанда экспорттық
өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік
деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляциялық серпіліс
кезеңінде сауда және валюталық шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция
қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру
арқылы жетеді.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол
ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп
келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның
жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар
бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға
болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің
сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік экономикалық құбылыс.
Егемен еліміздің тәуелсіздігінің төл белгілерінің бірі – ұлттық валюта
теңге. Ендеше тәуелсіз мемлекетіміздің өндірістік сферасы, халықтың
көптеген жігінің материалдық жағдайы, инвестициялық қызметі - барлық
экономикасы ұлттық валютаның экономикалық құндылығына байланысты. Осы
мақсатта Қазақстан Республикасының үкіметі көптеген антиинфляциялық іс-
шаралар қ
ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасында инфляция қарқынын жою жолдары.
3.1 Мемлекеттің инфляция деңгейін болдырмау үшін қолданылатын нақты
шаралары.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз
дамуындағы - жаңа серліліс жасау қарсаңында атты Қазақстан халқына
Жолдауында, ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты инфляцияны тежеуді
қамтамасыз ету болып табылады және бұл мақсатқа жету жолындағы
жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі деп атап көрсетті. Осыған
орай бүгінгі таңдағы инфляцияның өсуі көп себептерге негізделген және
тиісті органдар мен нарық субъектілерінің нақты іс-әрекеттеріне байланысты
күрделі көп факторлы құбылыс екендігін айта кеткен жөн.
Баға өсуі және факторлары. Қазақстанда реформаның алғашқы жылдары
бағаның козғалысы көптеген факторлармен айқындалды, олардың басымдары
мыналар болды: азық-түлік тауарларына және кейбір тауарларға арналған
бағаның белгіленген шекті деңгейін біртіндеп алып тастау, энергия
ресурстарына арналған бағаны ырықтандыру және ұлттық валютаның құнсыздануы.
Кесте-3
1995-2006 ж.ж. инфляция деңгейі
1995 1996 1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
60,3% 28,7% 11,2% 1,9% 17,8% 9,8% 6,4% 6,6% 6,8% 6,7% 7,6% 5,1%
2-диаграмма. 2005 жылдың тұтыну тауарлары және қызмет көрсету бағалары
мен тарифтер индексінің өзгеруі.
Бірақ 2006 жылдан бастап бағаның жаңадан көтерілуі байқалады. Бұл ретте
2006 жыл ішінде инфляция өсуінің негізгі көздері: 1) азық-түлік тауарларына
арналған бағаның орта есеппен 8,1%-ға, соның ішінде: ет және ет өнімдеріне
- 13,3%-ға, жеміс пен көкөніске - 20,5%-ға, сүт және сүт өнімдеріне - 11,1%-
ға; 2) бензинге - 12,7%-ға: 3) газбен жабдықтауға - 23,4%-ға өсуі болып
табылады.
Жекелеген сарапшылардың пікірінше мемлекеттік шығыстардың өсуі
айналыстағы ақша санының көбеюіне (басқа да теңдей жағдайлар кезінде) ықпал
етелі және инфляцияны туындатуы дейді.
Инфляция бізде ақшаның молшылығын ғана емес, негізінен алғанда
күнделікті сұраныс тауарларының жетіспеушілігі – сұраныс инфляциясын
тудырып отыр. Соңғы екі-үш жыл ішінде отынға, ТКШ қызмет көрсетулерінің
тарифтеріне бағалар елеулі түрде жоғарылады. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі
кезде біздің талдауымызша инфляция өсуінің негізгі себептері мыналар: 1)
сұраныс инфляциясы немесе жалпы тауар тапшылығы, әсіресе күнделікті
сұраныстағылары; 2) монополистер мен делдалдардың бағаға келісуі; 3) қызмет
көрсету, көлікке, энергияға бағалар мен тарифтердің озық өсіп кетуі; 4)
ақша массасынын молшылығы; 5) субъектілердің өнімділікті арттыруға
қарағанда пайда алуға көбірек ұмтылуы; 6) жергілікті жерлердегі атқарушы
биліктің инфляцияны тежеу және негізгі тұтыну тауарлары мен қызмет
көрсетулеріне бағалар мониторингін жүзеге асыру жөнінде нашар жұмыс
жүргізуі; 7) төмен еңбек өнімділігі; 8) инфрақұрылымға салынған
инвестициялардың жоғары үлес салмағы және күрделі қаржыны игеру
мерзімдерінің ұзақтығы; 9) әлсіз бәсеке: 10) өндіріс шығындарының өсуі.
Диаграмма-2. Инфляция және шетел валюта бағамының 2006 жылғы теңгеге
қатысты өзгеруі.
Инфляция импортының көрнекті мысалдарының бірі ағымдағы жылы қант
бағасының күрт өсуі болып табылады, ол 2006 жылдың жеті айында 33%-дан
астам өсіп, оның импорты соңғы бес жылда 71,9%-ға өсті.
Нарық жағдайында бағаны адал ниетті бәсекелестік негізінде ғана
тұрақтандыруға болады, ол болмаған жағдайда баға өсе беруі мүмкін. Бұл
ретте өндірушілер тұтынушылар үшін күресе отырып, бір бірімен бәсекелесуі
керек. Бұл үшін ішкі нарықта бәсекелестік орта қалыптастыру керек, әсіресе,
бұл мұнай өнімдері, азық-түлік тауарлары мен қызмет көрсету нарығына
қатысты. Бір сөзбен айтқанда, адал ниетті бәсеке болса, тұрақты баға да
болады.
Инфляцияның өсуінде делдалдар мен алыпсатарлардың орны ерекше.
Қазақ Үкіметі алдағы үш жылдағы негізгі тетіктерді айқындап үлгерді.
Бірінші кезекте жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсімін 8,5 пайыз
мөлшерінде қамтамасыз ету. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы ІЖӨ-ні
екі есе арттырады. Үш жылдағы экономиканың жалпы өсімін 27,7пайыз
деңгейінде ұстау жоспарланып отыр.
2008 жылы бұл көрсеткіш 5600 АҚШ долларына теңесуі тиіс. Яғни қазіргі
деңгейден 1,5 есе жоғары. Бұл Үкіметтің нақты бағдары.
Үкімет инфляция деңгейін 2006 жылы 5,7-7,3 пайыз. 2007-2008 жылдары 5-7
пайыз аралығында ұстап отыруды көздеп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz