Қосөзеннің халқы


Табиғат жағдайы. Тек жаңа тас ғасырында, тіпті осы ақырында ғана Қосөзенге осы шет жағындағы қыраттардың тұрғындары біртіндеп қоныстана бастайды, бұлар да амалсыздан еліндегі тіршілікке табиғаты сонша қолайсыз жерге келуі ауыр жағдайдан (азық қоры бітуінен, жаудың тысқыруынан) болуы керек.
Қосөзеннң негізгі байлығы өзендер мен көлдерде толып жүретін балық және қамыс бұталарына ұя салатын суда жүзуші құстар болды. Көршілес далалардан тағы өгіз, қара құйрық, жабайы есек, түйеқұс және ұсақ құстар келіп-кетіп жүрді. Мұндағы ең қатерлі жыртқыш арыстан еді.
Ежелгі тұрғындардың негізгі кәсібі аңшылық, әсіресе балық аулау болды. Шағын жерде тесе егіншілігі дамыды, оны ойлап тапқан (аңызда айтылғанға қарағанда) әйлдер еді. Батпақты жер мен өзен аралығындағы алақандай жерге дәнді дақылдар егілді, овощтар отырғызылды. Қосөзеннің жеміс беретін негізгі ағашы құрма пальмасы тым ертеден-ақ өсірілді. Дәнінен май сығып алынатын сезам маңызды өсімдік болды. Сонымен мал шаруашылығы өркендетілді. Үй жануарларын ет пен сүт үшін ғана өсірмеді, әуелі есекті, кейінен өгізді плугқа жекті, сондай-ақ, астықты бастыруға пайдаланды. Теселі егіншіліктен плуг пайдаланған егіншілікке көшу өндіргіш күштердің дамуындағы едәуір ілгері басқандық болды. Егістік жерді көбірек игеруге мүмкіндік туды. Алайда бұл егістік жерді табиғаттан жеңіп алу керек болды. Батпақты құрғатып, егістік жерді Тигр мен Евфраттың тасқынынан қорғаған, жасанды суқоймаларында су қорын жасауға тура келді. Бұл үшін канал қазылып, бөгет жасалуы, күн күйдіретін төбешіктірде құдық қазылуы қажет болды. Одан әрі, барған сайын егістікті суару тәсілі жетілдіріле түсті (жаңбыр қыс айларында жауатын еді) .
Тигр мен Евфрат аңғары көптеген ұрпақтардың еңбегі арқасында жері құнарлы елге айналды, өнім мол алынды (тұқымнан 50 есе, одн да көп) .
Елде елеулі массивтер болмағандықтан, пальма мен үйеңкі сабақтарын пайдалануға тура келді, ал бай қарағай мен кипаристің күшті бөренелерін алыстағы таулардан, үлкен қиыншылықпен зорға жеткзіліп тұрды.
Кептірілген қамыстан неше түрлі бұйым істелді және ол отын да болды. Ауыл шаруашылығы мен қолөнердің дамуы тұрғын халықтардың тез өсуіне алып келді. Селениелер көбейді олардың кейбіреуі серты дуалмен қоршалған қалаға айналды.
Халқы. Қосөзеннің халқы этникалық жағынан біркелкі емес еді. Өйткені елді қоныстану екі жақтан бірдей болды. Шығыстан Тигр мен Евфраттың жағалауына тіл топтарының ешқайсысына жатқызуға болмайтын тілде сөйлейтін шумерлер келді.
Сыртқы бейнесі бойынша шумерлерді басқа халықтармен шатастыру қиын. Олар аласа бойлы, мығым денелі, дөңгелек бетті, үлкен мұрынды, сақал, мұрты жоқ болып келеді - бұның бәрі оларды көршілерінен айқын айырып тұрады.
Батыстан және солтүстік батыстан Қосөзенге семит тайпалары келіп енді. Олардың отаны барлық деректерге қарағанда Аравия түбегі мен солтүстік Африка болған, олар Палестина мен Сирия арқылы келген. Семит қоныс аударушыларының алғашқылары кейінннен, аккадтықтар деп аталды, олардың ежелгі еврей және араб тілдері тектес тілі, кейіннен аккад тілі деп аталды.
Сыртқы түрі бойынша аккадтар шумерлерден сымбатты бойлар, сопақша беттері, қаба сақалдары мен бакендбардтары арқылы айрылды.
Қоғамдық құрылысы. Қосөзеннің ежелгі тұрғындары рулық құрылыста тұрды. Өндірісте көрнекті роль атқарған әйелдер үлкен құрметке ие болды. Олар ру мен тайпаның жиналыстарына қатысты. Бұл жайында мифтердегі аспа тәңірі кеңесінде құдайлармен бірге құдай әйелдердің де мәселе шешуге қатысқандығы туралы айтылғанынан білеміз.
Алайда матриархат сатысына тән бұл құбылыс жаңа қатынастарға өте ерте-ақ орын берді. Қоғамның негізгі ұясы патриархаттық семья болды, әке балаға да, әйелге де үстемдік жүргізіп, семья мүлкінің иесіне айналды. Б. э. дейінгі ІІІ мың жылдықтағы халық жиналысына тек қана еркектер қатысты. Суландыру жүйесінің өсіп, жер игеру техникасының күрделенуіне байланысты кейбір үлкен семьялардың жері игеру үшін қажетті күрделі жұмыстарды жүргізу, өзен суларын бөгеу қолдарынан келмеді. Туысқандық байланысына қарамастан семьялар біріге берді. Жер үлесті жерге бөлінді, жалпыға міндетті жұмыстар бірігіп жүргізілді (бөгеттер жасалып, каналдар қазылды, кейіннен шлюз орнатып, топырақтың сорланып кетуіне қарсы шаралар қолданылды) .
Құлдықтың пайда болуы. Алғашқы (рулық) қауымнан селолық (көршілес) қауымға өтер кезеңде адамды адам қанауы шыға бастады, бұрын, өндіргіш күштердің дәрежесі төмен кезде бұған жағдай тумаған-ды. Алғашқы аңшылар соғыс тұтқындарына зорлап еңбек еткізуден пайда таппады, өйткені оның келтіретін пайдасы болмашы еді, ал жер өндеушілермен мал өсірушілер өзгенің еңбегімен жасалған қосымша өнімді иемденуге мүмкүндік алды. Тайпалар арасындағы қақтығыста қолға түскен тұтқындар құлға айналдырылды. Бұлар көбінесе балалар мен әйелдер еді. Кейіннен күң әйелдер шамамен ұл мен қыздың санын бірдей мөлшерде тапты да, құл мен күң еңбегі неғұрлым ауыр жұмыстарға пайдаланылды. Сандық ара қатынасы теңелді. Құлды канал қазуға, кірпіштен үй салуға зорлап көндірді, ал күң қол диірменмен дән тартуға тиіс болды.
Құлдар туралы тым ежелгі шумер документтерінде (б. э. дейінгі үш мың жылдық шамасында) кездеседі. Дегенмен олардың саны өте аз болған, өндірушілердің негзгі бұқарсы ерікті адамдардан тұрған. Құл еңбегіне елдің аз бөлгенін оларды құдай жолына құрбандыққа шалып отырғанынан да байқаймыз. Кейін келе мұндай әдет жойылып, жұмыс күшін бұлайша ысырап етуге болмайтын болды. Қауымға немесе жеке қожаларға қызмет еткен құлдар әуел кезден-ақ правосыз болды. . Шумерлер оларды «көздерін көтермейтіндер», яғни қожаларының алдында бас июшілер деп атады.
Бірақ селолық қауымның (бұрынғы рулық қауымға қарағанда) еріктік мүшелерінің арасында да теңдік болмады. Ауыл шаруашылығы мен қолөнер өнімдерінің өсуі артып қалуы мүмкіндігін туғызды. Сөйтіп, айырбас дамиды, әуелі натуралдық, кейінен ақшалай айырбас басталды.
Селолық қауым ішінен таңдаулы үлес жерді қолдарына алған, құлдарды иемденген, қозғалмалы мүлікті өз қолдарына жинақтаған ауқатты семьялар іріктеліп шығады. Соғыс кезінде олар есек жекен қос дөңгелекті арбаларға отырып шығып, олжаның көпшілігін өздері алған.
Мемлекеттің пайда болуы. Сонымен билік пен байлықты қолына алған тайпа шонжарлары ерекшеленіп шықты, ал қауымның қарапайым қауымдастары кедейленіп, ауқаттылар билігі алдында бой сұнуына тура келді. Мүліктік теңсіздіктің, құл еңбегін қанаудың, содан соң кедейленген еріктілерді қанаудың күшеюі жаңа туып келе жатқан құл иеленуші таптың үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік үкіметтің пайда болуына алып келді. Алғашқы мемлекеттік құрылым әлі ру-тайпалық дәстүрді сақтады. Патша әзірге бұрынғы тайпа көсеміне ұқсас еді. Маңызды мәселені шешу үшін әуелі қариялар кеңесін, содан кейін қолына қару ұстауға қабілеттілердің бәрі қатысқан халық жиналысын шақырды, яғни «әскери демократия» дегеніміз міне осы.
Елді біріктіру бірден бола қоймайды. Б. э. дейінгі ІІ мың жылдықтың басында бұл арада бірнеше ондаған қала-мемлекеттердің болғанын білеміз. Ол замандағы қала дегеніміз бірі мен бірі бірігіп кеткен селолық қауым болды, олар өзін-өзі басқаратын кварталдарды құрды. Әрбір кварталдың орталығында жергілікті құдайдың храмы болды. Оның айналасындағы ұсақ селениелер осы орталыққа бағынды да, оның билеушісі әрі әскери басшы, әрі бас абыз болып танылды.
Қандай да бір қала күшейіп, екінші қаланы бағындырғанда оның билеушісі патша атағын алған. Патшалар, шонжарлар мен жоғары дін басылары абыздарға сүйеніп, қол астындағы қарпайым адамдармен санаспай қойды. Және оларға әр түрлі міндеткерлікті атқартты. Рудан патриархтық семьяға және селолық қауымға, тайпадан мемлекетке көшудің бүкіл процесі, шамамен б. э. дейінгі V мың жылдықтың ортасынан ІІІ мың жылдықтың ортасына дейінгі аралықты қамитын ұзаққа созылған және біртіндеп өткен процесс болды, бұл археологияда энеолит деп аталды.
Ур қаласындағы патша мазары неғұрлым кейінгі уақытқа жатады, мұнда патша мен оның әйелінің сүйегінің қасына қойылған тамаша зергерлік бұйымдар көп-ақ. Әсіресе зор ағаш арфасын сәндендіріп тұрған көк сақалды өгіздің алтын басы өнердің тамаша үлгісі болып табылады. Сәндік заттардың көп болуы мүліктік теңсіздіктің, патша өімет билігінің өскендігін көрсетеді. Қосөзеннің неғұрлым күшті қалалары арасында бүкіл елге саяси үстемдік жүргізу үшін әлденеше рет соғыс болып тұрған.
Қала-мемлекеттер арасындығы күрес. Ерекше күшті бақталастық Ур мен Урук қалалары, бұлардан аздап солтүстікке қарай Лагаш, одан да солтүстікке қарай орналасқан семит астаналары - Киш пен Мар қалалары арасында болды.
Ең әуелі бәрінен де қуаттысы Киш болды. Бірақ оған Уруктың билеушісі Гильгамеш қарсы тұрды. Ол Киш қаласының армиясын тамаша жеңіп шығып, өзінің қаласын азат етті және оның біраз уақытқа бүкіл елге егемендік жүргізуіне мүмкіндік берді. Кейінгірек аз уақытқа болса да Ур, ал б. э. дейінгі ХХVғ. Лагаш күшейеді
Бұл қаланы билеуші Эаннатум Қосөзеннің оңтүстік шетіндегі аймақтарды бағындырып, Кишке жәрдемдескен көршілес Умма қаласымен күресті бастайды.
Қалқан ұстағандармен қалқаланғалы найзалы, ауыр қару жарақты фалангамен Эаннатум жауын жеңіп, сол жердегі Құзғын жайлаған деп аталған ескерткіште өз жеңісін бейнелеп қалдыруды, онда айқас даласында өлген жау денесін жырымдап жатқан жыртқыш құстарды бейнелеуді бұйырды.
Лагаштағы әлеуметтік күрес. Кейнгі кезеңдерде Лагашта әлеуметтік қайшылықтар шегіне жете шиеленісті. Қатардағы қауымдастардың өңдеуіне берілген храм жерлерінің едәуір бөлігі патесидің меншігіне көшті. Сонымен бір мезгілде бұл жерлерді өңдегені үшін егіншілерге берілетін азық-түлік мөлшері де азайтылды. Қауымнан бөлініп, тың жерді өндеушілерден арнаулы алым жиналатын болды.
Халықтың қалың бұқарасы наразылығы төңкеріліске әкеліп соқты, нәтижесінде билікті Урукагин деген төре қолына алды, ол өзін билеуші деп, кейіннен патша деп жариялады. Ол құлатылған династия жақтастарымен өкімет үшін күресте қатардағы еріктілерден жеңіл қарулы жасақ құрып, оларды тірек етуге тырысты. Ауыр қару-жарақпен қаруланған әскерлер үш есе азайтылды.
Неғұрлым ауыр алымдар мен міндеткерліктер жойылып, храм жерін өңдейтін егіншілерге берілетін азық-түлік молайтылды, Лагаштың толық праволы азаматтарының саны 36 мың адамға жеткізілді.
Бірақ бұл реформалар әлеуметтік құрылысты түбегейлі өзгертуді мақсат етпеді, тек қана байлар мен шонжарлардың зорлығынан тарыққан ұсақ меншітілерге көрсетілген шамалы жеңілдік болды. Құлдардың жағдайы өзгермеді, олар бұрынғысынша правосыз болып қала берді. Шонжарлар аздап кірісін кеміткенмен, негізгі байлықтарын сақтап қалды.
Урукагиннің өкіметі, дегенмен ұзаққа бармды. Патшалық құруының жетінші жылында көршілес Умманың Лугальзагисси деген патшасын жеңіліс тауып, Гирсу қамалынан өзге иеліктерінің бәрінен дерлік айрылды.
Алайда, Лугальзагисидің салтанаты да ұзаққа созылмады. Ол төменгі теңізден Жоғары теңізге дейін келген, бірақ ол құрған держава да өткінші болды.
Семит тайпалары мекендеген Қосөзеннің солтүстік бөлігін қаратуға оның күші жетпеді. Ол бірақ Кишті талқандады. Киш патшасының Саргон деген бір бекзадасы жеңілген әмірщісінің орнын басып, шумер басқыншыларына қарсы күресті басқарды. Ол Аккад деген жаңа астананы енгізеді осы қаланың атымен мемлекет атады. Іріктелген садақшылардан құралған Саргон армиясы Шумер армиясына қарағанда жинақты да жедел қимылдағыш болып шықты. Реформатор патша Урукагин жеңіліске ұшырығаннан кейін шонжарлар зорлығына қарсы бас көтерген Шумердің бұқара халқының наразылығы да үлкен роль атқарды.
Соның салдарынан қол астындағы 50 елдің армиясын құрап басшылық еткен Лугальзагисен күйреп, жеңіліс тапты. Шумер Аккад патшалығының қол астына көшті.
Солтстік және Оңтүстік Қосөзеннің - Аккад пен Шумердің бірігуі. Солтстік және Оңтүстік Қосөзеннің Саргон қол астына бірігуі екі елдің де құл иеленуші шонжарларына тиімді болды. Едәуір әскери күші бар орталықтанған династияға халық бұқарасының наразылығын басу оңай болды. Екінші жағынан, шағын мемлекет болып тұрғанда, мүмкін болмайтын өзгерістер кең байтақ державаның экономикасын едәуір іргелетті. Ұлы өзендердің су жайылуын реттеп тұратын суландыру жүйесі бүкіл ел көлемінде жүргізіле бастады, бұның өзі мол өнім алуға көмектесті. Өлшем мен cалмақтың мөлшері бір жүйеге келтіріліп, соның нәтижесінде мемлекет ішіндегі сауда байланысы күшейді. Бір документтен біз Лагаштан Аккадқа мал мен сүт өнімі жеткізіліп, ал бұдан оңтүстікке мата мен дән шығарылғанын білеміз.
Саргон мен оның мұрагерлері сыртқы саясатты шебер жүргізді, неше түрлі шикізатқа бай көршілес таулы елдерге жорыққа шықты.
Саргон Орталық Евфраттағы Мари қаласын басып алып, одан әрі қарай Сирияға «Күміс тауларға» өтті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz