Тілдің сөзжасамдылық жүйесі



Кіріспе Негізгі бөлім
2.1. Сөзжасамдық талдау
2.2. Сөзжасамдық тізбек
2.3. Сөзжасамдық ұя.
2.4. Сөзжасамдық мағына
Қорытынды Пайдаланылған әдебеттер
Сөзжасам тіл білімінің жеке, дербес саласы, оның өзіндік зерттеу объектісі бар. Бұл саланың объектісіне сөз жасаушы тэсілдер, сөз жасаушы тілдік нұсқалар сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі - күрделі мэселелер жатады. Басқаша айтқанда сөзжасам тілдегі сөзжасау процесімен байланысты барлық қүбылыстар мен заңдылықтарды зерттейді.
Қазақ тілінің қазіргі кезде эбден қалыптасқан өте күрделі сөзжасам жүйесі бар. Бұл тілдің дамуымен бірге дами отыра, талай даму сатыларынан өтіп, эбден толығып, күрделеніп, екшеліп, қырналып қазіргі өте жүйелі дэрежеге жеткен. Басқаша айтқанда, тіліміздің эбден қалыптасқан, орныққан, күрделі, өте жүйелі сөзжасамы - үзақ уақыттағы дамудың нэтижесі.
Қай тілде де сөзжасам ертеден келе жатқан тілдік қүбылысқа жататыны белгілі. Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бүл мэселеге толық куэ бола алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сөздер-мен қатар туынды сөздер болғаны белгілі. Олар: туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы түрінде кездеседі. Басқаша айт-қанда, көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жүрнақтар арқылы (тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч), сөздердің тіркесуі арқылы жасалды (күнтүз, Темірцапыг, Қара ңүм, Ілте-ріс, арцыш-тіркіш, секіз он, йеті йуз), сол сияқ-ты бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы да сөзжасам жүйесіне жатады: (қат, 1) қабат, қатар, 2) жеміс, 3) жануардың аты, 4) қату, 5) араластыру). Келтірілген мысалдар көне түркі тілінде сөзжасамның синтетикалык, аналитикалық, семантикалық тэсілдері болғанын анық көрсетіп түр.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе Негізгі бөлім

1. Сөзжасамдық талдау
2. Сөзжасамдық тізбек
3. Сөзжасамдық ұя.
4. Сөзжасамдық мағына
Қорытынды Пайдаланылған әдебеттер
Кіріспе
Сөзжасам тіл білімінің жеке, дербес саласы, оның өзіндік зерттеу
объектісі бар. Бұл саланың объектісіне сөз жасаушы тэсілдер, сөз жасаушы
тілдік нұсқалар сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөздердің жасалу
үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен
мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі - күрделі мэселелер
жатады. Басқаша айтқанда сөзжасам тілдегі сөзжасау процесімен байланысты
барлық қүбылыстар мен заңдылықтарды зерттейді.
Қазақ тілінің қазіргі кезде эбден қалыптасқан өте күрделі сөзжасам
жүйесі бар. Бұл тілдің дамуымен бірге дами отыра, талай даму сатыларынан
өтіп, эбден толығып, күрделеніп, екшеліп, қырналып қазіргі өте жүйелі
дэрежеге жеткен. Басқаша айтқанда, тіліміздің эбден қалыптасқан, орныққан,
күрделі, өте жүйелі сөзжасамы - үзақ уақыттағы дамудың нэтижесі.
Қай тілде де сөзжасам ертеден келе жатқан тілдік қүбылысқа жататыны
белгілі. Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бүл мэселеге
толық куэ бола алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сөздер-
мен қатар туынды сөздер болғаны белгілі. Олар: туынды түбір, күрделі сөз,
бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы түрінде кездеседі. Басқаша айт-
қанда, көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жүрнақтар арқылы (тір-іг,
біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч), сөздердің тіркесуі арқылы жасалды (күнтүз,
Темірцапыг, Қара ңүм, Ілте-ріс, арцыш-тіркіш, секіз он, йеті йуз), сол сияқ-
ты бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы да сөзжасам жүйесіне жатады:
(қат, 1) қабат, қатар, 2) жеміс, 3) жануардың аты, 4) қату, 5) араластыру).
Келтірілген мысалдар көне түркі тілінде сөзжасамның синтетикалык,
аналитикалық, семантикалық тэсілдері болғанын анық көрсетіп түр.
Ғ. Айдаров жазба ескерткіштер тілінде сөзжасам тәсілдерінің түрлілігін,
оның тілдің даму тарихында біртіндеп қалыптасқанын айтады.1 Көне түрік тілі
қазіргі түркі тілдерінің алғашқы түп негізі екеніне сүйенсек, онда көне
түрік тілінің сөз жасалымы қазақ тіліне де жат емес. Ғ. Айдаров өзінің
еңбектерінде көне жазба ескерткіштер тілінде сөз тудырудың қазіргі тірі
түлғаларының бірсыпырасы барын және өлі түлғалардың кездесетінін де
айтады.Бүдан тілдің сөзжасам жүйесі көне күбылыстарға жататыны анық
байқалады. Өйткені сөз жасаушы элементтер, - сөз жасаудың тәсілдері,
модельдері күнде қүбылатын, күнде жаңаратын қүбылыстар емес. Алайда бүл
жүйе тілдің даму процесінен де тыс қала алмайтыны жоғарыда айтылған.
Сондықтан сөз тудырым жүйесінде де өзгеріс болады, бірақ ол өте баяу болады
және ол көбіне тілде бар модельдердің белгілі бір кезеңде активтенуі, не
пассивтенуі, мағынасының кеңеюі, кейбір типтердің қолданудан шығуы сияқты
өзгерістер ретінде болады.
Сөзжасамдық талдау

Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі белгілі сөзжасамдық
тәсілдер, сөзжасам типтері мен үлгілері, жалпы тілде сөздің жасалу
механизмін анықтау сөзжасамдық талдаудан басталады. Мысалы: малгиы, етікші,
өлеңші сияқты түбірлердің туынды екенін дэлелдеу үшін оларды мал, етік,
өлец сөздерімен салыстырамыз. Бүлардың алғашқыларының күрамы соңғыларға
қарағанда күрделі, әрқайсысының қүрамында екі морфема бар. Соңғы топтағылар
бір морфемадан ғана түрады. Сондықтан туынды түбірлерге алғашқы топ жатады,
соңғы топтағы сөздер - туынды түбірдің жасалуына негіз болған сөздер.
Өйткені тілде қалыптасқан заңдылық боиынша туынды сөздің морфемдік
күрамы негіз сөздің морфемдік күрамынан күрделі болу керек. Басқаша
айтқанда, туынды сөздің қүрамындағы морфемалардың саны негіз сөздің морфема
санынан көп болады. Бүл ерекшелік туынды сөз бен негіз сөзді ажыратудағы
негізгі белгілердің бірі.
Мағыналық жағынан да осы ерекшелік көріну керек. Туынды сөздің
лексикалық мағынасы негіз сөздің лексикалық мағынасынан жасалатындықтан,
оның туынды мағыңасына негіз сөздің мағынасы айғақ болады. Жоғарыда
келтірілген мысалдардағы малшы, етікші, өлецші деген туынды түбірлер
мағынасының жасалуына мал, етік, өлец деген заттардың аты негіз болған. Бұл
жансыз заттардың атының негізінде малды бағатын адам, етікті тігетін адам,
өлеңді айтатын адам деген сияқты олардан мамандық аты жасалған. Алғашқы
топтағы сөздердің мағыналық қүрамында белгілі заттардың аты жэне оған
мамандық мағынасы қосылғаны көрінді. Сөйтіп, белгілі мамандығы бар
адамдарды атайтын сөз жасалған. Бүл туынды сөздердің мағына күрделілігін
байқатады. Сонымен бірге, осы сөздердің күрамындағы мал, етік, өлец деген
сөздер оған қосылған қосымшаларсыз жеке де қолданылады, басқа қосымшалармен
де қолданылады: Мысалы: мал өрісте, етік — аяцка киетін киім, өлец — сөздіц
патшасы, малсыз, малды, етіксіз, етікті, өлецшіл, өлецсіз т. б. Осылайша
салыстыру арқылы мал, етік, өлец деген сөздердің -шы, -ші жүрнағынсыз
қолданылатын негізгі түбір сөз екенін және олардың мағынасында мамандық
мағынасы мүлдем жоқ екені анықталады. Ол арқылы малшы, етікші, өлецші деген
туынды сөздердің мал, етік, өлец деген негіз сөздер арқылы жасалғаны
дэлелденеді. Туындылардың түп негізі атаулының бэрінде тілде жеке қолданылу
қабілеті бар деу дұрыс болмас еді. Тілімізде аз болғанмен, тек туындының
күрамында ғана қолданылып, жеке қолданылмайтын түп негіздер де кездеседі.
Мысалы: үял, үят, момын, момакан, шалкасынан, шалцалай т. б. Мүндағы үя,
мом, шалца
сияқты түп негіздер тілде жеке қолданылмайды. Олардың түп негіз саналуына
бірнеше туынды сөздің қүрамында қолданылуы негіз болып түр. Бүндай фактілер
сирек, сондықтан негізгі қүбылыс болып табылмайды. Ал көптеген өлі түбірлер
түбір мен қосымшаға бөлуге келмейтін дэрежеге жеткен, эбден кірігіп,
біртүтас түбірге айналған. Бірақ олардың жагдайы басқаша.
Туынды түбір атаулы тек қана негізгі түбірден жасала бермейді. Туынды
сөздің түп негізі туынды түбір, күр-делі сөзден болуы да кездеседі. Мысалы:
егінші, білім-паз, жинал-ыс, көркем-дік, өнер-паз, өнеркәсіп-тік т. б.
Мүнда да түп негізден туынды сөздің морфемдік қүрамы күрделі. Бүл
заңдылықтың, ерекшеліктің жалпылық қасиетін байқатады. Егінші деген туынды
түбірдің түп негізі - егін. Ол екі морфемадан түрады, одан жасалған туыпды
түбір -егінші үш морфемадан түрады. Тағы да соңғы туынды түбір морфемдік
жағынан өзінің жасалуына негіз болған сөзден күрделі болып түр. Білімпаз
бен білім, жиналыс пен жинал, жинал мен жина дегендердің де морфемдік
қүрамы соны көрсетеді. Қорыта келгенде, туынды сөздің жасалуына негіз
болған сөздердің морфемдік күрамы олардан жасалған туынды сөздердің
морфемдік қүрамынан кіші. Бірақ олар да жалғыз морфемадан түратын сөздер
емес, өйткені олардың өздері де - туынды сөздер. Олар туынды сөз бола
түрып, өздерінен басқа туынды сөздердің жасалуына негіз болған. Бүдан
туынды сөздер де жаңа туылымға негіз болатыны анықталды. Жоғарыда
келтірілген өнеркәсіптік деген туынды сөзге біріккен сөз негіз болған. Екі
сөздің бірігуінен жасалған туынды сөздің келесі бір туынды сөздің жасалуына
негіз болуы - тілде кездесе беретін қүбылыстардың бірі.
Бүл арада жаңа сөз тудыру амалына қатысатын түлғалардың негіз сыңарына
қойылатын талапқа көңіл аудару қажет. Жаңа сөз жасауға қатысатын
түлғалардың негіз сыңары негізгі түбір сөзден болуы міндетті емес екені
жоғарыдағы мысалдардан анық көрінді. Ол ешбір талас тудырмайды, негізгі,
туынды, біріккен, кейде қысқарған (колхозшы) түбірлер жаңа сөздің жасалуына
негіз бола береді. Әрине, олардың әрқайсысының сөзжасамдық қабілеті бірдей
емес. Негізгі түбір сөзден өте өнімді туынды түбірлер де дэл негізгі
түбірлердей өнімді болмағанымен, тілде сөз жасауға бірсыпыра қатысады,
белгілі дэрежеде тілді жаңа сөзбен байытуға араласады. Ал біріккен сөз бен
қысқарған сөздердің бүл түрғыда қызметі онша өнімді емес. Сонда жаңа сөз
жасауға түбірдің түрлі болуы кедергі емес екен, өйткені олар қайсысы да
сөзжасамдық процеске қатыса алады. Олай болса, сөзжасамның негіз түлғасына
қойылатын шарт қандай деген заңды сүрақ туады. Жаңа сөз жасауға негіз сыңар
болып қатысатын сөзге қойылатын негізгі талап - оның лексикалық мағынасы
болу керек. Ол
лексикалық мағынаның туа (алғашқы) лексикалық мағына болуы, элде туынды
лексикалық мағына болуы жаңа сөз жасау түсында ешбір қызмет атқармайды.
Бірақ негіз сөзде лексикалық мағынаның болуы міндетті, өйткені жаңа
лексикалық мағына негіз сөздің лексикалық мағынасының негізінде жасалады.
Жоғарыда жасалған талдауларда тағы бір ерекшелік байқалды. Сөзжасамда
туынды сөз болса, оның жасалымына негіз болған сөз болады да, осы қос пар
негіз сөз бен туынды сөз жүбын жазбайды. Туынды бар жерде туынды сөз бен
түп негіздің қосағы міндетті түрде болады. Сондықтан оны туындының бір
белгісі ретінде қарау керек. Мысалы: егін - ек, жиын ~ жи, өнім — өн, агар
— ац, бөлме — бөл, тілек — тіле, өнім — өн, ацта — ац т. б.
Туынды түбірлерді талдауда тек негіз сөзге ғана сүйеніп' қою
жеткіліксіз. Мүнда жүрнақ та - негізгі түлғаның бірі. Сөзжасамдық талдауда
жүрнақтың атқаратын қызметі үлкен. Мысалы, келтірілген мысалдардың туынды
түбірлігіне көз жеткізу үшін -шы, -ші жүрнағының басқа туынды түбірлерде
қолданылуын алып салыстыру керек: балташы, тракторшы, биші, әнші т. б. Бүл
мысалдарда да мамандық мағынасы бар. Салыстыру -шы, -ші жүрнағы бар сөзде
мамандық мағынасы болатынын көрсетті. Сол арқылы -шы, -ші жүрнағының тілдің
сөзжасамдық түлға екені анықталды. Осы талдаулар малшы, етікші, өленші
сөздерінің туынды түбір екенін толық дэлелдейді. Жүрнақтың басқа
туындыларда қолданылуы, ондағы мағынасы арқылы екінші бір туынды түбірді
дэлелдеу қабілеті жалпы қүбылысқа жатады. Сондықтан туынды сөздің қүрамын
талдауда ол пайдаланылады. Бірақ бүның да тілде қайшылығы жоқ емес. Жент,
ойпат, киіт, тоңазы, шынтуайт, көрсет сияқты туынды түбірлерді сөзжасам
формантының басқа сөзде қолданылуы арқылы дэлелдеуге келмейді. Өйткені
олардағы -нт, -пат, -іт, -азы, -туайт, -сет жүрнақтары басқа сөздерде
кездеспейді. Сондықтан мүндай жағдайда түп негізге сүйену керек. Олардың
жеке қолдаиылуы, жеке қолданылғандағы мағынасы мен туындылардың мағына
байланыстылығы сөз тудырушы жүрнақты бөлуге, оның туынды түбір жасағанына
айғақ, дэлел болады.
Алайда тілде сөзжасам тэсілдері түрлі болғандықтан, туынды сөздің
қүрылымы, оның қүрамындағы сөзжасамдық түлғалардың қатысы бірдей болуы
мүмкін емес. Мысалы: шекара шек + ара, тацертец тац + ертец, цызыл ала
цызыл + ала, цара көк цара + көк, он бес он + бес, ютыз алты отыз +
алты, кіріп шыц кіріп + шыц, алып кел алып + кел, кемпірцосац кемпір
+ цосац, темір цазыц темір + цазыц, цызмет ет цызмет + ет, өнеркәсіп
өнер + кәсіп, ацсацал ац + сацал т, б.
Бүлардың бэрі - аналитикалық тэсіл арқылы жасалған сөздер. Осы
күнге дейін бүлардың жалпы термині жоқ.
Оларды аналитикалық сөздер деп атап отырмыз, өйткені олардың басын
қосатын аналитикалық тэсіл. Күрделі деген терминнің қалыптасқан,
қолданылатын орны бар: күрделі етістік, күрделі сын есім, күрделі сан есім,
яғни күрделі сөздер. Күрделі сездер аналитикалық сөздердің бір түрі ғана.
Аналитикалық сөздер мен олардың қүрылымына кірген сыңарларды салыстырганда,
ондагы сөзжасамдық түлгалардың көбі лексикалық магынаның жасалуына бірдей
қатысады да, олардың сөз жасауга қатысы тең екені байқалады, яғни бүл
тэсілмен туынды сөз екі негізден жасалады. Осы тэсілмен жасалған биыл,
бүгін, әкел, апар, экет, әпер, өйткені, бүйткені сияқты туындылардың
морфемдік қүрамы тарихи түрғыда ғана тең, өйткені олардың қазіргі қүрамы
кірігу, жымдасу арқылы морфемдік жіктен айрылған.
Тілімізде эбден қалыптасқан, орныққан колхоз, совхоз сияқты сөздер де
осыған үқсас. Олардың күрамы сөздердің буындарынан ғана күралған, оларды
тэжірибеде жеке сөз деп қабылдау жоқ, оның жігі де мамандардан басқаларға
көріне бермейді. Сондықтан әр буынды жеке сөздің уэкілі ретінде алғанда
ғана, қүрам теңдігі туралы сөз болуы мүмкін.
Алайда бүлардың өзіндік ерекшелігі бар, мүнда күрделі сөздің күрамы екі
түбірден күралған, сондықтан олар осы ерекшелігі арқылы күрылымы жағынан
туынды түбірлерден ерекшеленеді. Туынды түбірдің күрамы.түп негізден
күрделі болса, күрделі сөздерде олар тең болып келеді. Туынды сөздердің
қүрамына байланысты ерекшелік мүнымен бітпейді, тілде сөз-жасам тэсілдері
түрлі болғандықтан соған орай туынды сөздің қүрамында да ерекшелік болады.
Тілде көне замандардан келе жатқан сөзжасамдық тэсілдің бірі - лексика -
семантикалық тәсіл. Лексика - семантикалық тэсіл арқылы жасалған цүн,
мәжіліс, үлгі, еліктеу, дыбыс, үн, салдар т. б. сөздерді алайық. Бүлардың
бэрі де - революцияға дейін күнделік өмірде жай мағынада қолданылып жүрген
сөздер. Қазір де олар сол мағыналарын білдіреді. Бірақ басқа мағынада да
қолданылады. Мысалы: күн — экономика ғылымындағы термин, мәжіліс - қоғамдық
мэн алды, совещание деген мэнді білдіреді, үлгі модель мағынасындағы
термин, еліктеу, дыбыс, үн, салдар тіл білімінің терминдері. Бэрі де жаңа
мағынаға ие болған, қазір олар екі сөздің орнына қолданылады. Бірақ олардың
түп негізі мен туынды түрлерінің морфемдік қүрамдары тең, ал мағыналық
жағынан туындының мағынасы кең, күрделі. Сөйтіп, бүлар да қүрамы жағынан
туынды түбірлерден басқаша, бір ғана негіз сөзден түрады.
Сөйтіп, қорыта айтқанда, туынды түбірлер екі морфемадан түрады, оның
біреуі — негіз сөз, екіншісі — көмекші морфема (жүрнақ). Негіз сөз туынды
түбірдің жасалуына негіз болып, туынды лексикалық мағынаға арқау болады.
Аналитикалық туындылар да екі морфемадан құралады, бірақ аналитикалық
туындының жасалуына қатысатын тұлғалар негізінен тең болып келеді екі
негізден құралады олар жаңа сөздің лексикалық магынасын жасауға бірдей
қатысады. Ал семантикалық тэсілмен сөз жасалғанда, сөздің құрамында ешбір
өзгеріс болмайды, ол бір ғана негіз сөзден тұрады, өзгеріс тек мағынада
болады. Сонда туынды сөздердің ішінде туынды түбірлер ғана негіз сөз бен
көмекші морфемадан тұрады, қалған туындылардың бэрі тек негіз сөздерден
жасалады. Сондықтан бұлардың кұрамын негіз, көмекші деп бөлудің де қажеті
жоқ.
Туынды сөздің сөзжасамдық талдау арқылы кұрылымындағы ерекшеліктерді
анықтадық, онымен сөзжасамдық талдау аяқталмайды, өйткені ол туынды сөздің
сырын толық аша алмайды. Туынды сөздің сыры толық ашылу үшін, түп негізбен
мағыналық қатысы ашылу керек.
Туынды сөзді мағыналық жағынан қарастыру - сөзжасамдық талдауында
негізгі орын алатын объектінің бірі.
Мағыналық талдауда да түп негіз сөз бен туынды сөз негізгі объекті
болмақ және көңіл сол екі сөздің мағыналық байланысын ашуға бағытталу
керек. Мысалы: жацсы мен жацсар, көк пен көгер, балта мен балтала,алып кел
мен әкел, бүл күн мен бүгін, коллективное хозяйство мен колхоз, цүн мен цүн
т. б. барлығында туынды сөздің жасалуына негіз болған сөздің (сөздердің)
мағынасы мен олардан жасалған туынды сөздің мағынасы өте тығыз байланысты.
Бүл мағыналық байланыс түрліше көрінеді. Туынды түбірлерде негіз сөздің
мағынасының негізінде жаңа мағына жасалады. Жоғарыдағы мысалдардан оны
көруге болады. Жацсар деген туынды етістіктің мағынасы жацсы сөзінің
негізінде жасалған. Көгер деген туынды түбір көк деген сын есімнің
негізінде, балтала деген балта сөзінің мағынасына жалғаса, байланыса,
негізделе жасалған.
Оны бүдан да анығырақ байқау үшін, бір түбірден тараған түрлі түбірлес
сөздерді алған дұрыс. Мысалы:

Жацсы сөзінен жасалған туынды түбірлердің бэрінің мағынасы осы сөздің
мағынасымен байланысты, сол сияқты біл деген сөздің мағынасына
барлық одан тараған туынды сездердің мағынасы байланысып жатыр. Сөйтіп,
жацсы және біл сөздерінің мағынасы олардан тараған туындылардың мағынасының
өзегі ретінде қалып отыр. Негіз сөздің мағынасының одан жасалған туынды
сөздің мағынасына өзек болуы негіз сөз бен туынды сөздің мағына
байланыстылығын қамтамасыз етеді. Бірақнегіз сөз бен одан тараған бірнеше
туынды түбірлердің бэрі де мағына жағынан байланысты болғанымен, лексикалық
мағыналарының бірінен-бірі басқа -басқа екені есте болу керек.
Негіз сөз бен туынды түбірдің мағына байланыстылығы басқа тэсілдермен
жасалған туынды сөздердің бэріне қатысты. Мысалы: алып кел деген екі
түбірден жасалған жел сөзінің мэнінде де оның түп негізінің мағынасы бар,
бүл күн деген сөздің мағынасы бүгін деген сөзге, коллективное хозяйство
деген екі сөздің мағынасы колхоз сөзіне, цүн деген сөздің бүрынғы мағынасы
цүн деген термин сөздің қазіргі мағынасына негіз болып түрғаны - ешбір
талассыз мэселе.
Түп негіз бен туындының мағыналық байланысы - сөзжасамға ортақ, жалпы
заңдылық, ондай мағыналық байланыстың болмауы мүмкін емес. Сөзжасам
талдауында бүл қүбылыс қатты қадағаланып, талдауда оған сүйену керек.
Сөйтіп, әрбір туынды сөздің мағынасы оған негіз болған мағынаның барына
айғақ болады. Басқаша айтқанда, бүл заңдылық туындыларды ажыратудың бір
тірегі, белгісі болып саналады.
Туындылар сөзжасам процесінің жемісі, нэтижесі болғандықтан, олар
тілдің сөздік қорына қосылады, оны байытады. Өйткені сөзжасамның нэтижесі -
лексикалык единицалар. Сондықтан да түп негіз бен туынды сөздің мағынасы
қаншалықты байланысты болғанымен, олардың мағынасы еш уақытта дәлме - дәл
болуы мүмкін емес. Сөзжасам процесі нэтижесінде жасалған туынды сөздің
мағынасы оның қүрамындағы элементтердің жеке алғандағы мағынасына
байланысты болады да, бірақ негіз сөздің лексикалық мағынасынан басқа
мағына болуға тиісті. Жоғарыдағы есім сөздерге етістік жүрнағы жалғанып,
олардан туынды етістіктер жасалған. Ол туынды етістіктер қимыл мағынасын
білдіріп, есімнен етістікке айналды. Сондықтан осы негіз сөздер (май, ац,
сыр) мен олардан жасалған туынды түбірлердің (майла, ацта, сырла)
лексикалық мағыналары басқа - басқа. Негіз сөздер мен туынды түбірлер екі
түрлі сөз табына жатады. Соған орай олардың түрленуі де өзгеше, май, ац,
сыр сөздері есімдерше түрленеді: майды, майга, ацтау, агырац, ацшыл,
сырмен, сырда т. б. Ал майла, ацта, сырла етістіктері етістіктің
көрсеткіштерін қабылдайды: майлайды, майлаган, майласа, ацтапты, ацтайтын,
ацтамац, сырламайды, сырлагай т. б. Сөйлемде де олар түрлі қызмет атқарады.
Олай болса, май мен майла, ац пен ацта, сыр мен сырла лексикалық мағына
жағынан басқа - басқа сөздер. Тілде жасалған әрбір туынды түбір тілге жаңа
лексикалық единица ретінде қосылып, сөздік қорды байытып отырады. Бірақ
туынды түбірлердің лексикалық мағынасы негіз сөздердің лексикалық
мағынасына негізделе жасалғандықтан, негіз сөздер мен туынды түбірлердің
(май - майла, ац - ацта, сыр- сырла) мағына байланыстылығы сақталып отырады
да, олардың лексикалық мағына түрғысында бірінен-бірінің дербестігіне
мағына байланыстылығы ешбір кедергі болмайды.
Келтірілгең мысалдар сөзжасамдағы талассыз, анық жалпы заңдылыққа
жатады. Бірақ сөзжасам қатарына бірде жатқызылып, бірде жатқызылмай жүрген
фактілер де баршылық. Мысалға сын есім шырайына бірде жатқызылып, бірде
саналмай жүрген - ғыш, - ғылт, - ғылтым, - аң, - шіл,
- шілтім сөз таңдап, бірлі - жарым сөздерге ғана жалғана алатын
жүрнақтардың сөзге қосатын мағынасы жоғарыдағыдай ап - анық емес.
Сондықтан түстің сэл бэсең дэрежесін білдіреді деп танушылар оны шырайға
жатқызады, олардың бэрі де түстің солғындығын білдіретіні рас, бірақ олар
грамматикалық категорияның көрсеткіштерінің сөз талғамай, белгілі топтағы
сөздердің бәріне жалғану критериясына сай келмейді. Олар түсті білдіретін
сын есімдердің де бэріне бірдей жалғанбай, жалғыз жарым сөздің қүрамында
ғана кездеседі. Мысалы: саргыги, цызгылт, саргылт, бозгылт, цызгылтым,
саргылтым, бозгылтым, бозац, көкшіл, көкшілтім. Басқа сөздердің
қүрамында осы жұрнақтар кездеспейді. Сөйтіп, сын есімнің жоғарыда
көрсетілген жүрнақтары категория көрсеткіштерінің негізгі критериясына
кайшы келеді. Сонымен бірге көк пен көкшіл, көкшілт, көкшілтім сияқты
түстердің шындық өмірде айырмасы үлкен деп қарау да бар. Олар орыс тілі
сияқты тілдерде түрлі сөздермен аталады: синий, голубой, оны да ескеруге
болатын сияқты. Бірақ көкшіл мен көкшілт, көкшілтім сияқты сөздердің
арасындағы айырманы көрсету өте қиын. Өмірдегі олар белгілейтін
түстердің айырмасы анық емес.
Көне тілде олардың эрқайсысы белгілі түсті білдіріп, мағыналарында
айырма болуы да мүмкін. Сонда бір түстен екінші түсті жасаушы жүрнақ
ретінде қызмет атқаруы ықтимал. Бүл олардың түс мағынасын білдіретін сын
есімдерге жалғануына сай келеді, өйткені түс мағынасын жасауға түс мағынасы
ғана арқау болуы орынды. Бірақ олар қазір белгілі түбірлердің күрамында
ғана сақталған деп қарауға болады.
Сол сияқты зат есімнің - шық, - шік, - жан, - тай, - пан, - ша, - қай,
- еке, - ке, - а, - й т. б. жүрнақтарының мағынасы элі ашылмай келеді.
Олардың сөз мағынасын өзгерту лексикалық мағына жасау қабілеті бар,
жоғы - даулы мэселе. Соған орай олардың сөзжасамға қатысы
да
анықталмаған. Бүл түрғыда мына жағдай ескеріледі:
1. Сөзжасамның жалпы теориясында сөзжасам элементтерінің сөз мағынасын
өзгертуі (деривационное значение) жэне сөз мағынасына үстеме мағына қосуы
(модифицирующее значение) танылып жүр.
2. Қазақ тілінің грамматикаларында да осы жүрнақтардың сөз жасаушы
жүрнақтар тобында беріліп жүргені де бар.
3. Сонымен бірге, иттің үйшігі мен үй деген сөздің, бала деген мен балапан,
көке деген мен көкетай, Қасым деген мен К,асымжан сияқты қолданудың
мағыналық жағынан да, түлғалық жағынан да дербес сөз ретінде танылуын тіл
тэжірибесі көрсетіп отыр.
Әрине, дәл осы жүрнақтардың сөздің лексикалық мағынасын мүлдем өзгертіп
жібермей, үстеме мағына қосып, тілде өзінше сөз ретінде қолданылуы да көп.
Мысалы: ага, агеке, апа, апай, ага, агай, кітап, кітапша сияқты қолданылуда
мағына мүлдем өзгерген деп дэлелдеу қиын. Бірақ сөз түрғысынан, сөз
функциясын атқаруы жөнінде олардың эрқайсысының дербестігін тануға болады.
Осы жағдайлардың бэрін ескеріп, ондай көрсеткіштердің мағынасын да
сөзжасамдық мағына қатарында аламыз. Аналитикалық сөздердің де мағынасын
анықтау оңай емес, әлі күнге дейін күрделі сөздердің мағынасы, оның
компоненттерінің мағыналық қатысы толық анықталған жоқ. Қазіргі тіл
білімінің даму дэрежесімсн салыстырғанда, ол осал кемшілікке жатпайды.
Аналитикалық сөздердің өзі түрлі топтардан түрады, олардан - бірік-кен
сөз, кіріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, күрделі сөзді атауға болады.
Сөзжасам өзалдына жеке сала болып қалыптаспағандықтан, оның терминдері
де жеткіліксіз, элі толық жасалып болған жоқ. Оны жоғарыдағы атаулардан да
көруге болады. Мұнда біріккен сөз бен кіріккен сөз - бір топтың ішкі
түрлері, олар бір тәсіл арқылы жасалған. Ал екеуін де қамтитын жалпы термин
элі жоқ, сондықтан ол үшін қосынды сөз деген терминді қолданып отырмыз.
Аналитикалық сөздің мағынасы оның қүрамындағы сыңарлардың мағыналарынан
жасалады, бірақ екі сыңардың ешқайсысының мағынасы жеке алғанда,
аналитикалық сөздің мағынасымен пара - пар бола алмайды. Мысалы, колхоз
деген сөздің мағынасы оның күрамындағы сөздердің ешқайсысының жеке
түрғандағы мағынасымен тең емес: колхоз бен коллективное, колхоз бен
хозяйство деген сездердің мағынасы тең емес. Жиырма бес пен жиырманы,
жиырма бес пен бесті, кара торы мен караны, кара торы мен торыны, келіп кет
пен кел деген етістікті, келіп кет пен кет деген етістікті салыстырып
қараңыз. Олардың мағынасы бірдей
емес. Мүнда аналитикалық сөздің мағынасы кең, онымен салыстырылып отырған
күрделі сөздің бір сыңарының мағынасы одан элдеқайда тар. Өйткені
аналитикалық сөздің мағынасы оның күрамындағы екі сыңардың (сөздің)
мағыналарының косындысынан жасалған күрделі үғымның аты. Сондықтан ол еш
уақытта күрамындағы сөздердің эрқайсысының жеке түрғандағы мағынасымен сай
келе алмайды.
Сонымен бірге, аналитикалық сөздердің мағынасы оның күрамындағы
сөздердің жай ғана қосындысы емес, ол соның қосындысының негізінде туған
басқа үғымның атын білдіреді. Мысалға шекара деген сөзді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Сөзжасамдық мағына - сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына
Лингвистиканың объектісі
В.фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары Ф.де Соссюрдің лиенгвистикалық көзқарастары
Тіл білімі немесе лингвистика
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелілік сипаттары
Тіл білімі тарихында
В. фон Гумбольдтың және Соссюрдің лингвистикалық көзқарастары
Xx ғасыр лингвистикасындағы бағыттар мен мектептер
Пәндер