Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік.

Диалектиканың қарама-қайшылыктардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені құбылыс процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық сияқты өзара қарым-қатынаста болатын қарама-қарсы жақтардың қарама-қайшылықты бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама - қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байлаиыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Практик мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту арысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі д идакт М. А. Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылаған оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптсауының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу матермалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым-қатынас жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылыктармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар, жасалатын қарым-қатынастың зерделенетін объектілері тұрғысындағы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық, іс-әрексттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін, ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер - әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындыктарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сняқты субъект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғаім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы оқушылардың біріккен іс-әрскеті.

Оқушылардың ұжымдық тапымдық іс-әрекеттерінің оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетелеген оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкінліктері мол. Бұл жөнінде Т. Е. Коиникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізіліен зерттеу жұмыстарының нәтижелерінен көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушыларлдың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкімдіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер барысында оқушыларда меңгертілетін материалдардың көлемі артық оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады. А. Синицкая зерттеулері жасөспірім балалармен жүргізілетін біріккен жұмыстарлың сапасы жеке жүргізілетін жұмыстарға қарағанда жоғары, яғни сабақтарда әдеттегідей жеке жүргзілетін жұмыстар барысында оқу материалының 60-70% - ал оқушылардың өзара әрекеттесуі арқылы 89% - і меңгертіледі. Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс-әрекеті өз бетінше ойлаулы дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасайды. Мұндай тұжырымды Л. А. Ростовецкая өзі жүргізген эксперименттік жұмыстарының нәтижесінде жасаған. Зерттсушілер ұжымдық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі оқыту екендігін айқындады, өйткені ол оқушыларға оқу барысында белсннділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.

Сонымен бірге жеке фронтальды оқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдарды, біліктерді және дағдыларды қалыптасыртуға оқу уақыты аз жұмсалады. Қазіргі уақытта кооперация қатынастары мен ойдың интелектуалдық құрылымының мазмұнының арасында ішкі байланыстын бар екендігі дәлелленіп отыр. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде дәстурлі оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушыларлың танымдық белсенліліктерінің шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқалады.

Ұжымдық тамымдық іс-әрексттер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы "осал жерлер" жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды: оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастын жетіспеушілігін азайтады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиел жағынан тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адмгершілікті оңды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылық пен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктері олардың жеке ғана емес ұжымдық жетістіктерге жетуге ұмтылу тұрғысында ұжымдық оқу еңбегінің біліктерін меңгертуде, жаңа құлықтық позицияны құруда байқалады, оқудың құлықтық мағынасын тереңдетеді, оқуға жеген жауапкершілікті шынасты қалыптастырады. Бұл оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктерінің ауқымының шідігін көрсетеді. Сабақ барысында оқу жұмыстарын осылайша ұйымдастыру оқушыларды бір-бірімен араласуына, жағдай жасайды, оқушылардың оқу еңбектерінің өнімділігін арттырады, ұжымның және ондағы әрбір оқушының субъекті позициясының қаптасуына көмектеседі.

Алайда күнделікті тәжірибеде ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің барлық белгілері әрқашанда бірден көрініс табуы мүмкін емес. Ұжымдық жұмыс ұжымдықтын әртүрлі дәрсжесіне ие болады яғни жұмыс барысына қатысушылардың арасындағы қарым-қатынастың өзіндік сипаты мен әр алуандығы байқалады.

4. Әлеуметтік бағдарлық тәрбие істері мақсаттарына қарай бірнеше түрге бөлінеді: этикалық, әлеуметтік бағдарлы эстетикалық, танымдық, спорт және дене тәрбиесі, экология, еңбек және т. б. Қоғамдық маңызы бар қасиеттерді тәрбиелеу мақсатындағы деп атайды. Бұл бағыттағы ТІ-дің негізгі мақсаты - оқушыларда әлеуметгік қатынастар жүйесін қалыптастыру : қоғамға, мемлекетгік басқару және құқық мекемелеріне.

Тұлғаның негізгі қоғамдық сапаларының мазмұны қандай? Маңыздысы - қоғамда, мемлекетге, әлемде болып жатқанның барлығына жеке азаматтық бағам білдіре алу. Азаматгық борыш қазіргі жағдайда аса көкейкесті мәселе. Бұл сапа тәртіптілікпен, яғни тұлғаның маңызды әлеуметтік-адамгершілік қасиетімен тікелей байланысты.

Тәртіп негізінде ғана әлеуметтік қатынасты ұғуға болады. Тәртіптілік әр адамның қоғам нормалары мен қылық ережелерін саналы орындау әрекеттерінде көрінеді.

Саналы тәртіпті үйретудің негізгі жолы - ТІ-ін ұйымдастыру.

Бұл жұмыстың мақсаты - оқушылардың мінез-құлық ережесін, күн тәртібі талаптарын сақтауын, өмірлік іс-әрекеттер тәртібін орындауға үйрету. Сол үшін әрбір оқу орнында мінез-құлық ережелері бслгіленеді. Ал бұл ережелер бір жағынан - қоғамдық мораль принциптерін танытса, екінші жағынан - сол оқу орнының жұмыс ерекшелігін білдіреді.

Оқушылардың өмірі мен іс-әрекетінің тәртібін күн ережесі деп атайды. Күн ережесі - бұл үздіксіз орындалатын ТІ. Ереже талаптарын орындау - тәрбиенің нәтижелілігі, ол тұлғаның тұрақты әдеттерін тез дамытады.

Қажет болған жерде ереже өзгереді. Ереже сипаты: 1) тәрбиеленушінің өмір жағдайына сай әрі үйлесімді, оның мүмкіншіліктері мен қабілеттеріне сәйкес болуы керек; 2) дәл белгіленген мерзімде барлық іс-әрекеттің бірге орындалуын міндетгейтін болуы қажет; 3) нақты; 4) шынайы орындалатын әрекеттерді қамтуы шарт.

ТІ табысты болуына арқау тәртіптілік бағытындағы жалпы талаптар: 1) әрбір жаңа іс бүрынғыға негізделе отырып, сапалы тәртіп дайындығы процесін жоғары деңгейде жалғастыруы міндетті; 2) олар жалпы принциптерге сәйкес, бірақ стандартқа қатып қалмай, орын және уақыт жағдайларын ескеруі шарт; 3) түлға тәрбие бөлшектеліп емес, біртұтас жүретіндіктен, тәрбие істері де белгілснген нақты, жинақы жүйеде орындалуы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру
Қазіргі сабақ
Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
Ауызша әдістен айырмашылығы
Ұжымның даму кезеңдері олардың бір-бірімен сабақтастығы
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс - әрекетін ұйымдастыру әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері
Мектепте биологияны оқытуда топтық әдісті пайдаланудың маңызы
Оқушының танымдық іс-әрекет белсенділігі
Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz