Көркем туындыдағы адам тұлғасы


КӨРКЕМ ТУЫНДЫДАҒЫ АДАМ ТҰЛҒАСЫ
Жазушы көтерген мәселе-тақырып қаншама толғағы жеткен өзекжарды, соншалықты қоғамдық, адами тұрғыдан мәнді-маңызды болғанымен, ең бастысы - туындыда белгілі бір әлеуметтік орта, уақыт, заман шындығына сай адам тұлғасы(мінезі, іс-әрекеті, ой-толғаныстары, өзгелермен қарым-қатынасы т. б. ) айқын танылмаған жағдайда тақырып та өзінің толық көркемдік шешімін таба алмайды. Өйткені «адам бар жерде өмір бар» (Белинский) . «Әдебиет - адамтану ғылымы»(Горький) десек, көркем туындылардан алдымен іздейтініміз адам болмысы, адамға тән қуаныш, мұң . . . Тіпті бұдан да кеңірек қарасақ, В. Кожинов айтқандай, шынында да «көркем шығармашылық дегеніміз образдармен ойлану». Бұл - сөз өнері, жалпы көркемөнер үшін де дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат.
Алуан тағдырлы, түрлі мінез, әрекеттерімен танылатын адам тұлғасын, яғни кейіпкерді сомдау қаламгер үшін неге керек? Бір кейіпкер жұмыртқадан жүн қырыққан сараң, енді бірі жомарт, үшіншісі аяр да жағымпаз, төртіншісі . . . ожар, ұр да жық . . . делік. Жазушы міне осындай сан түрлі адам характерлерін, мінездер стихиясын, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын, тартыстарын бейнелеу арқылы адам жаратылысының жұмбақ һәм күрделі сырлары мен қырларына жіті зерттеушілік көзбен үңіліп, адамгершілік, жан жомарттығы деген не, немесе дүлей, озбырлық, қараулық, әйтпесе тоңмойын топастық, болмаса сатқындық неден туындайды, бұндай ұнамды, ұнамсыз сипаттар неден бастау алады, олардың төркіні неде деген секілді т. б. адамзатты сан ғасырлар бойы толғантып келе жатқан этикалық-эстетикалық, философиялық мәңгілік сауалдарға жауап іздейді.
«Публицистің ойын логикалық қорытындылардың көмегімен дәлелдейтіні секілді суреткер де өзінің идеясын образдау арқылы бейнелеп танытады» (В. Г. Плеханов) . Шығармадағы адам тұлғасы, яки кейіпкер, демек, қаламгердің идеялық-эстетикалық мұратын көркем танытушы.
Көркем шығармада тағдыр-талайы, күрес-тартысы, арман-аңсары суреттелетін адам тұлғасы әдебиеттану ғылымында кейіпкер, бейне, көркем бейне, көркем образ, образ, тұлға, герой, қаһарман, характер, персонаж . . . деп түрліше аталып жүр. Характер жалпы адам мінезінің бір қыры болса, персонаж әрине, пьесалық туынды кейіпкеріне етене атау сынды. М. Әуезов ХХ ғасырдың 20-жылдары жазған бір мақаласында қаһарман атауын қолданса, «Жақсы пьеса - сапалы әдебиет белгісі» (1934) атты мақаласында «тұлға» терминін қолданып, оған: «Мен «тұлға» деген атауды орысша «образ» орнына ұсынам. Бұны «кейіп» деп жүргізу орысшасынан кем соғады. Ол «кейіп»-«настроение». «Тұлға» образдың дәл өзі болмаса да, «тұлға болар деймісің» деген сияқты қолдануларға қарағанда мазмұны жақын сөз» 1
деп түсініктеме береді. Қазіргі ғылымда «тұлға» сөзі қатардағы кейіпкерге емес, толыққанды бейне-типке (типтік тұлғаға) қатысты қолданылып жүр. Ал «қаһарман» атауын біздіңше, ауыз әдебиеті, фольклор мұралары туындыларының (ертегі, аңыз, әпсана, батырлар жыры т. б. ) кейіпкерлеріне қатысты қолдану орынды секілді.
Ендігі әңгіме өрісі көркем шығармадағы адам тұлғасы, яки көркем бейне, оның табиғаты мен жасалу жолдары, толыққанды типтік тұлғаны мүсіндеу мақсатындағы қаламгердің шығармашылық ізденістері хақында болмақшы.
Шығармада өмір-болмыстың қайталанбас әрі естен кетпес көріністерінің көркем танылуы, оқырмандарға жасар эстетикалық әсер -ықпалы алдымен сол туындыдағы адам тұлғасының суреттелу шеберлігіне тікелей қатысты.
Ұлы адам бейнесін көркем мүсіндеу, оны құдірет иесі- адамға тән алуан қырларымен жан-жақты даралап, тірі бейне етіп көрсету- таланттың ғана үлесі. Атақты сыншы Н. А. Добролюбов дәл айтқандай, «жазушы талантына екі түрлі өлшем бар: бірі-өмірді кең қамтып суреттей білу, екіншісі - көп қырлы да өміршең образ жасау». Бұл екі өлшемнің бірінсіз бірі таныла алмайтындығын, көркемдік деген құпиясы мен кілтипаны көп көрікті әлемнің бұл талаптарсыз ұғынылмайтынын тәптіштеп жату артық та болар.
Сонымен көркем шығармада күрес-тартыс, әрекет үстінде адамдық алуан түрлі мінез-болмысымен көрінген тұлғаны к ө р к е м б е й н е дейміз. Бірақ, шығармадағы кез-келген адам бейнесі, оның іс-әрекетінің суреттелу деңгейі көркем бейнеге қойылар жоғары эстетикалық талапқа сай бола бермейді. Сондықтан да шығармадағы адам бейнесін талдап-таразылағанда олардың туындының тақырыбы мен идеясына сәйкес іс-қимылдарына, дүние танымына, адамдық болмыс-бітімдерінің танылу деңгейіне қарап баға береміз.
Жасалуы, адамдық мінез-болмысымен жан-жақты әрі жанды танылуы, шығарма идеясына тікелей қатыстылығы тұрғысынан танымдық-эстетикалық мәні жоғары образдың ең күрделі түрі т и п т і к б е й н е болмақ.
Міне, осындай күрделі, өмір танымдық һәм эстетикалық мәні өлшеусіз жоғары бейнені қаламгер қалай мүсіндемек? Белгілі әдебиеттанушы ғалым, академик З. Қабдолов сөзімен айтқанда ол мақсат: 1) өмір материалын жинақтау, сұрыптау; 2) әдеби бейнені даралау арқылы іске аспақшы. Шынында да көркем бейне жасау өз алдына, жалпы шығармашылық процестің бастауы, алғашқы қадамы өмір материалын жинау және жинақтаудан басталатыны мағлұм. Бұл тек әдеби тип, көркем бейне тұлғалау үшін ғана емес, жалпы көркем шындыққа қол жеткізу үішн де қажетті шарттың бірі, өнер заңдылығы.
Әдебиеттану ғылымында біріншіден, типтендіру немесе типизация, көркем жинақтау деген ұғымдар әдетте өзара мәндес түсініктер ретінде қатар алынып қолданылып жүр. Бұл дұрыс.
Типтендірусіз, көркем жинақтаусыз өмір шындығы өнер шындығына, яғни көркем шындыққа айналмайды. Гегельдің «Типтендірусіз көркем шындық жасалмайды» деуі, сондай-ақ Белинскийдің «типизм дегеніміз шығармашылық заңдарыныің бірі, онсыз шығармашылық жоқ» деп тұжырымдауы бұл мәселенің айрықша маңызын танытады. Алайда, бір ескерер жәйт типтендіру барлық өнер түрлеріне емес, реалистік өнерге ғана тән ерекшеліктердің бірі. Орыстың В. Днепров, Б. Сучков сынды ғалымдарының пікірінше типтендіру (типизация) өнердің реалистік арнада дамуының жоғары кезеңінде ғана байқалатын ерекшелік. Нағыз реалистік өнерге тән заңдылық. Типтендіру проблемасының ғылымда ХІХ ғ. орта тұсында және ІІ жартысында қатты көтерілуі, күн тәртібіне қойылуы тегін емес. ХІХ ғасыр реализмнің, реалистік өнердің Европада, орыс әдебиетінде айрықша дәуірлеген кезеңі. Төл әдебиетіміздегі Абай өлееңдеріндегі үздік көркемдік жинақтау үлгісін еске түсірейік. Абайдың сатиралық өлеңдеріндегі типтер, саяси-әлеуметтік лирикасындағы өмір шындығының терең бейнеленуі, мұның бәрі шынайы, кемелденген реалистік өнерге тән ерекшеліктер.
Типтендіру яки көркем жинақтау, сонымен өнер заңдылығы. Бұл қаламгердің жазатын тақырыбына, өзін толғандырған өмір мәселелеріне орай зерттеп-жинаған материалын (тарихи деректер, ауызекі әңгіме, шешендік сөз, архив құжаттары, кино-теледидар хабарлары, қойылымдар, баспасөз материалдары, өмірбаяндық жайлар, естеліктер, түрлі құжаттар т. б. ) шығармасында бейнеленер уақытқа, кезеңге, кейіпкерлер болмысына, танытпақ идеясына, көзқарасына сәйкес лайықтап екшеп-елеуі аса мәнді, қажетті деген дерлік фактілерді, оқиғаларды сұрыптауы. Мәселен, М. Әуезов «Абай» романының жазылу жайынан» атты мақаласында біз діттеген мәселеге (өмір материалын сұрыптау, жинақтау) қатысты былай деп жазған: « . . . мен оның (Абайдың -С. М. ) өмірі мен творчествосына байланысты көп фактілердің ішінен ең қажеттілерін ғана таңдап алдым» («Әдебиет және искусство», №3, 1955. 99-б. ) . Міне осылай сүзгіден өткен, таңдалып-іріктеліп алынған материалдар ғана қаламгер шығармасының сюжеттік-оқиғалық желісінде, көріністерде, кейіпкерлер тұлғаларын даралау, мінездерін айқындау, бір-бірімен қарым-қатынасын бейнелеу мақсатында қолдана алады. Өмір шындығынан алынып, сұрыпталып, жинақталған әрбір дерек, деталь, факт шығарма идеясына сай суреттеліп отырған оқиғалар желісінен, кейіпкерлер қарым-қатынасы жүйесінен тартыстар өзінің лайықты орнын алуы шарт. Көріп отырғанымыздай типтендіру, жинақтау процесі өмір материалына, яғни өмір шындығына негізделеді екен.
Суреткер әрине, кез келген өмір құбылыстарына, оқиғаларына көңіл аудара бермейді, оны қоғам тіршілігінде орын алған типтік шындық, типтік құбылыстар көбірек қызықтырады, міне ол осы жайларды барынша жан-жақты зерттеп, жинақтау, көркем шындыққа айналдырады.
Көркемөнер теориясында типтілік мәселесі, типтік құбылыс немесе типтік шындық деген ұғымдар бар. Бұлар өте келелі, ауқымды әрі маңызды мәселелер.
Типтендіру процесінің жай-жапсарын типтілік, типтік шындық ұғымдарымен сабақтастықта ғана толық түсінуге болады.
Ғылымда типтілік немесе типтік шындық, құбылыстар деп қоғам өміріндегі мынадай екі жағдайды айтады.
- Өмірде, адамзаттың қоғамдық өмір-тіршілігінде бұрыннан бар, сан
ғасырлар бойы қалыптасқан, халықтың, ұлттың өмірінің ажырамас көрінісіне айналған құбылыстар, адамдық қарым-қатынастар, салт-дәстүрлер, шаруашылық кәсібіне, жалпы өміріне байланысты орныққан түсінік-ұғымдар, ерекшеліктер, жайлар.
- Қоғам өмірінің тыныс-тіршілігінде бүгін сиректеу кездессе де, даму,
өркендеу болашағы мол құбылыстар, жағдаяттар да типтік құбылыстар қатарына жатады.
Енді нақтырақ тоқталайық.
Ұлттың, халықтың қоғамдық өмірінің бар саласында кең орын алған, оның тарихи өмір-тіршілігінің ажырамас бөлігі-көрінісіне айналған құбылыстар, көріністер дегеніміз не? Қазақ халқының тарихи өткен өмір өткелдеріне қатысты айтар болсақ, бұл жер дауы, жесір дауы, барымта, халқтық әдет-ғұрып, салт-сана, кәсібіне, тұрмысына байланысты қалыптасқан басқа да жайлар(саятшылық, мал бағу, қыз ұзату, келін түсіру т. б. )
Халқымыздың өткен өмір жолдарын негізгі кәсібі мал болғандықтан жер дауынсыз, ескі ұғым, әдет-салт үстемдік еткендіктен жесір дауынсыз, ру мен ру арасындағы немесе билікке таласқан болыс-билер арасындағы бітпейтін бәсеке-бақталастықсыз, барымтасыз елестету қиын. Сондай-ақ XVII-XVIII ғ. ғ. қазақ еліне жасалған шапқыншылық жорықтар, үдере көшкен, азған-тозған халық тіршілігі, есін жиып, елін жауға бастаған ерлер, батырлар жорығы, қанды шайқастар, қазақ елінің жеңісі, міне, бұл жайлар да аталған ғасырларға тән типтік шындық, типтік көріністер. Одан бергі дәуірлердегі отаршылдық кезеңінің өз типтік көріністері, өз типтік шындығы тағы бар . . .
Кешегі социалистік қоғамның типтік шындығы (20-30 жылдардағы ұжымдастыру, байларды конфискелеу, 30-жылдар аштығы, репрессия, тап тартысы, бесжылдықтар, колхоздар, съездер, партия, комсомолдық іс-шаралар, салтанатты мерекелер, еңбекшілер шеруі т. б. ) өз алдына бір басқа.
Типтік шындық, типтік көріністер белгілі бір қоғамның шындығынан туындап қалыптасады, орнығады. Алайда кейбір типтік көріністер мен құбылыстар қоғамдық өзгерістерге орай жойылып, өмірден кетіп, орнына жаңадан туындаған құбылыстардың(ұнамды, ұнамсыз) келуі де заңдылық.
Социалистік қоғам ыдырап, орнына нарықтық кезең, жаңа қоғамдық қарым-қатынастар орнады. Осыған сай қоғамымызда жаңа типтік құбылыстар, көріністер бой көтерді(жұмыссыздық, жабайы сауданың етек алуы, қылмыстың күшею, қарттар үйлері, жетімдер үйлерінің көбеюі, ақылы оқыту, жеке меншіктік кәсіп түрлері т. б. ) . Бұл бүгінгі қоғамдық өмірдің ұнамды-ұнамсыз типтік құбылыстары, шындығы.
Бүгінгі заман, қоғам тақырыбына қалам тартқысы келген жазушы бұл типтік көріністерге көз жұма қарай алмайды. Бұл типтік шындық көріністерін зерттемей және оны шығармасында бейнелемей тұрып, жазушыны бүгінгі аласапыран өмір шындығын шынайы танытуы мүмкін емес.
Сонымен типтік шындық немесе типтік құбылыс, көріністер дегеніміз қоғам тіршілігінде кеңінен орын алған құбылыстар, бір сөзбен айтқанда, заман шындығы екен.
Типтік өмір шындығы немесе құбылыстардың өнер үшін маңыздылығы неде? Неліктен қаламгерлер өз туындыларында типтік өмір шындығын, көріністерді бейнелеуге, танытуға баса көңіл бөледі? Қаламгер үшін мұндай құбылыстарды егжей-тегжейлі зерттеу және бейнелеу белгілі бір дәуірдің тынысын, сол кезеңдегі қоғам, халық өмірінің алуан маңызды қырларын қамту және оны шынайы таныту үшін керек. Әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясын алайық. Шығармада ХІХ ғ. ІІ жартысындағы және ХХ ғ. басындағы қазақтың қоғамдық өмірінің алуан қырын танытатын қаншама типтік көріністер (жер дауы, жесір дауы, билер кесімі, ру мен ру арасындағы бақталастықтар, билікке таласу, болыс сайлауы, отаршылдық әкелген билік-басқару жүйесіндегі және халық тұрмысындағы өзгерістер т. б. ) көркем бейнеленуін тапқан. Жән бұл типтік құбылыстардың бейнеленеуі шығарманың реалистік сипатын ерекше арттырып тұр.
Сонымен типтендіру, көркем жинақтау типтік өмір құбылыстарына негізделеді екен.
Титптендіру жалпы алғанда екі бағытта (ортақ мақсаттағы) іске асырылатынын ұмытпау жөн. Біріншісі, жоғарыда айтылып өткендей өмір материалын сұрыптау, іріктеу және оларды шығарма сюжетінде, оқиғалар желісінде идеяға сай іске жарату. Екіншісі, көркем бейне сомдау процесінде оның характерін даралау мақсатында прототипті пайдалану, басқа да типтендіру амалдарын іске асыру.
Сөз өнерінде көркем бейнені мүсіндеу, характерін даралау процесінде қолданылатын тииптендіру тәсілдері де алуан түрлі. Негізінен көркем бейнені тұлғалауда қолданылатын типтендірудің үш түрі бар. Соларға жеке-жеке тоқталып, мысалмен ой-пікірімізді дәйектейік.
- Белгілі бір әлеуметтік типтің, қауымның шындығын, арманын,
көзқарас-танымын бір көркем бейненің тұлғасында жинақтап таныту. Бұл көркем бейнені жасауда өте жиі кездесетін әрі өнімді тәсілдің бірі. Төл әдебиетіміздің арғы-бергі тарихына барласақ, мысалды көптеп табамыз. Әжібай, Жорға Нұрым, Құнанбай, Дәркембей, Базаралы, Шәкен мырза, Тәңірберген, Еламан, Жәдігер, Әзім . . . Бұлар көзқарақты оқырмандарға етене таныс әр заманның әлеуметтік типтері.
Дәркембай бейнесі арқылы қарапайым халықтың қасиеті де, қасіреті
де танылса, Базаралы да сол көпшіліктің, халықтың өкілі, оның өрелі, ірі, кесек әрекеттері, биік рухы, күрескерлігі, арман-ойы халық аңсарымен тығыз қабысып жатыр. «Қан мен тердегі» тәңірісінген Тәңірбергенді алыңыз. Дүмді ортаның өкілі, ағасы болыс болған, солқылдаған бай мырзасы, еркін әрекет, биліктің иесі Тәңірберген бейнесі, оның замана желі басқаша соғып, кешегі елеусіз Еламандар тарих сахнасына шыққан, тап күресі қызған кездегі іс-әрекеттері, ақ әскеріне жолбасшы болуы, тарих дөңгелегін кейін бұрғысы келіп жанталасуы көп нәрсені аңғартпай ма?
- Типтендірудің келесі амал-тәсілі бір ұлтқа, халыққа тән озық ұлттық қасиет-сапаларды, таным-түсінікті бір көркем бейненің тұлғасында жинақтап беру. Бұл, әрине, ұнамды типтің, бейненің тұлғасы арқылы танылатын идеялық шешім. Жоғарыда аталған Дәркембай қарт, Абай, Базаралы, Қанағат би («Соңғы көш»), Сырбай . . .
С. Мұқановтың «Сырдария» романындағы Сырбайға тоқталайық.
Сырбай даламыз қандай кең болса, көңіл-пейілі де сондай кең, бар болмысымен (ой-толғаныстары, таным-түйсігі, іс-әрекеті, өзгелермен қарым-қатынасы т. б. ) қазақ халқының асыл мінезін танытатын ұлттық жиынтық бейне. Оның танымында, іс-әрекетінде бұған мысалдар көп. Мәселен, қарттың канал құрылысы басталғанда салтанатты жиын алдында құрбандық шалу ниетін алайық. Жаңа заман канал құрылысын бастарда өз жоралғысын (салтанатты митинг) жасаса, ұлттық таным иесі, халықтың ұлы арманы іске асатын болды деп қуанған Сырбай қарт бұл оқиғаға орай халық дәстүріне сай құрбандық шалып, істің сәтін тілемекші болады.
Жалғыз ұлы Дәулет қан майданда жүргенін еске алып, «Жалғыз аяқ ас төгілсе, арты тықыр қалады-ау» деп уайымдап, баласының перзентті болуын тілейді. Келінінің аяғы ауыр екенін естігендегі оның ішкі ойын қаламгер былай береді: «Нәсіл деген сөзді «ұл» деп ұғатын ол қуанышты тілекпен ұл немере сүюді күтті». Сырбайдың шаңырақ иесі -ұл бала келсе дүниеге деп тілеуі де, канал құрылысы басталар сәтте құрбандық шалуға буыршынды әкеп қоюы да ұлттық әдет-салт, дәстүрімізге етене тән ой, әрекет. Бабалар қашанда бір ұлы жорыққа аттанарда немесе бір игілікті істі бастарда құрбандық шалып, көпшіліктен бата тілеген ғой.
- Типтендірудің әлемдік сөз өнерінің арғы-бергі тарихында кеңінен
қолданылатын, жиі кездесетін тағы бір түрі- сатиралық типтендіру тәсілі. Сатиралық туындыға өмір-тіршіліктегі, Адам болмысындағы ұнамсыз, келеңсіз жайлар арқау болатыны мәлім. Автор қоғам өміріндегі, адам бойындағы кеелңсіздіктерді ашып суреттеп-бейнелеп, олардан аулақ болуды, қоғамның мұндай міндерден арылуы қажеттігін көтереді. Осы мақсатына орай сатиралық туындыларда бейнеленетін мін, олқылық, ұнамсыз жайлар ұлғайтылып, әсіреленіп суреттеледі. Демек, сатиралық типтендіру процесінде әсірелеу тәсілі басым, жиі қолданылады. Мақсаты да айқын. Ұнамсыз құбылыстарды ұлғайтып, жан-жақты ашып көрсету, сол арқылы ондай қылықтардан, құбылыстардан көпшілікті жирендіру.
Абай абыздың әйгілі сатиралық туындыларын - өлеңдерін еске түсірейікші. «Болыс болдым мінеки» өлеңінде ұнамсыз тип-болыс бейнесі әсірелеу тәсілі арқылы жасалған. Іліп алар иненің жасуындай бір жақсы қылығы жоқ, керісінше, барынша мақтаншақ, алғыш та бергіш парақор, жарамсақ, надан, екіжүзді жанның типін Абай әсірелеу тәсілін ұтымды қолдану арқылы оқыған көпшілік жиренердей етіп сомдаған. Гогольдің «Ревизор» комедиясындағы Хлестаковтан бастап, Дуанбасы және оның төңірегіндегі шенеуніктер бейнелері де сатиралық типтендіру (әсірелеу) тәсілімен мүсінделген. Әйгілі орыс сатиригі Салтыков-Шедрин «Бір мұжықтың екі генералды қалай асырағаны туралы» туындысында генералдардың жатып ішер жалқаулығын, ақсаусақтығын, тоғышарлығын танытуды сатиралық әсірелеуді шегіне жеткізе пайдаланған.
Әсірелеу, кеңірек алып қарастырғанда, шындықты бейнелеу, таныту тәсілі ретінде тек ұнамсыз құбылыстарды көрстеуде ғана қолданылмайды. Реалистік, романтикалық мазмұндағы басқа туындыларда да (жанрларда да) әсірелеу орнымен қолданылады. Кешегі кеңестік дәуірдің «қатал әдебиет» («строгая литература») аталған әдебиетінде де бұл тәсіл жиі әрі ұтымды қолданыс тапқанын Ғ. Мұстафинннің «Миллионер» повесінен, С. Бабаевскийдің «Алтын жұлдызды жігіт» романынан т. б. көреміз. Бұл туындыларда әсірелеу ұнамды, озық құбылыстарды, социалистік қоғам артықшылықтарын насихаттау мақсатында қолданылған.
Әсірелеу тәсілі, әсіресе реалистік туындыларда орнымен, орайымен қолданылмаса, шығарма шырайына - шынайылығына көлеңке түсіреді, жасандылыққа жол ашылады. Аталған туындыларда осындай кемшілік бар.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ұлы туындысы-«Абай жолында» әсірелеудің әдемі, ұтымды үлгілері тұнып тұр. Қазақ қыздарының көрік-ажарын, жастық, махаббат сезімдерін, дала қарттарының даналығын, Абайдың даналығы мен даралығын бейнелеуде характер табиғаты мен идеяға сәйкес қолданылған шекті әсірелеу тәсілі сезіледі. М. Әуезов қазақтың көшпелі өмірінің көріністерін, сондай-ақ аталған кейіпкерлер бейнесін өзге суреттеу тәсілдерімен қатар әсірелеуді де гиперболизация деңгейіне жеткізбей, реализм арнасында ұтымды пайдаланған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz