Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық ресурстар



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ..3
І.бөлім
Кітапханадағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы
ақпараттық ресурстардың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Қазақстан Республикасында көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы басылымдарды шығаратын кітап баспалары ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Кітапханадағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы әдебиеттерді насихаттау тәжірибесі ... ... ... ... .23

ІI.бөлім
Кітапханада көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық.библиографиялық қызметтің ұйымдастырылуы ... .35
2.1 Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ағымдағы библиография ... ... ... ...35
2.2 Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ғылыми . көмекші библиография ... ... .41
2.3. Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ұсыныс библиографиясы ... ... ... ... ... .49
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ..57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... .59
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... .61
Жаңа мыңжылдық талаптары мен міндеттеріне жауап бере алатын рухани бай тұлғаны қалыптастыру деп аталатын жалпы адамзаттық мәселе тәуелсіз Қазақстан үшін ерекше өзекті сипатқа ие болып отыр. XXI ғасыр табалдырығын аттай отырып ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға баса көңіл бөліп, жаңа мыңжылдықта білім беру міндеттерін шешуге кіріскен Қазақстан әрі заман рухына, әрі өз халқының мәдениетіне сай келетін ұлттық білім беру үлгісін іздестіруде. Сол себептен де жас ұрпаққа тәрбие берудің сапалық деңгейін көтеріп, сұлулық пен көркемдікті қабылдау қабілетін, сезімін, эстетикалық талғамын дамыту, ізгілікке баулу, өз ісіне деген шығармашылық құштарлығын арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып отыр.
Еліміздің төл Конститутциясы және жаңадан қабылданған Тіл туралы Заңдарында бүкіл қоғамның, сол сияқты жеке тұлғаның мәдени және рухани дамудың басты құралы жас ұрпаққа білім беру мен ғылымды, мәдениет пен өнерді заман талабына сай өркендете отырып, жастардың бойында имандылық, эстетикалық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген (1-3).
Ертеңі бар елдің жастарын өркениет әлеміне бастап жол көрсету, мәдениет көшінен қалдырмай, артымызға тәрбиелі, білімді ұрпақ қалдыру ісіне жағдай жасап, ықпал көрсету бүгінгі кітапхананың алдына қойған басты мақсаттарының бірі.
1.Ахмет Куанұлы Жұбанов (1906-1968). Ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы. - Алматы, 2006. -118 6.
2.Ғабит Мүсірепов: Библиографиялық көрсеткіш. 2 бөлім. - Алматы: ҚР Ұлттық кітапханасы, 2002. - 206 б.
3.Иса Байзақов. Библиографиялық көрсеткіш. 2- бөлім. - Алматы: ҚР Ұлттық кітапханасы, 2000. -35 б.
4.Қазақ әдебиеті. 1956-1960. Әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші. - Алматы: Ғылым, 1997. - 204 б.
5. Қазақ әдебиеті. 1961 -1964. Әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші. - Алматы: Ғылым, 1997. -312 6.
6. Қазақ әдебиеті. 1965-1966. Әдебиеттану, сын жэне өнердің библиографиялық көрсеткіші. - Алматы: Ғылым, 2001. - 278 б.
7. Қазақ совет әдебиеті. 1917-1940. Әдебиеттану мен сынның библиографиялық көрсеткіші. - Алматы: Ғылым, 1970. 1-том. - 356 б.
8. Қазақ совет әдебиеті. 1941-1955. Әдебиеттану мен сынның библиографиялық көрсеткіші. - Алматы: Ғылым, 1986.- 272 б.
9.Қазақстан Республикасынық 2007 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндері. Ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы. - Алматы: 2006. - 82 б.
Қазақстан туралы жаңа әдебиеттер. Ағымдағы библиографиялық көрсеткіш,/ ҚР ұлттық кітапханасы. - Алматы, 2005. - 203 б.
10.Қазақстанның бейнелеу өнері. Ұсыныстық библиографиялық көрстекіш / ҚР Ұлттық кітапханасы. - Алматы: 1998. - 30 б.
11.Қазақстанның кино өнері. Әдебиеттер көрсеткіші/ ҚР Ұлттық кітапханасы. - Алматы: 1994. - 122 б.
12. Қазақстанның көркем әдебиеті (1946-1957). Библиографиялық көрстекіш / ҚР Ұлттық кітапханасы. - Алматы: 1958. - 682 б.
13.Қазақтың салт-дәстүрлері. Ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы. - Алматы: 1995. - 90 б.
14. Құрманғазы Сағырбайүлы (1818-1889). Ұсыныстық библиографиялық көрстекіш / ҚР Ұлттық кітапханасы. — Алматы: 2005. — 92 б.
15. Мәдениет. Өнер. Әдебиет. Әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші/ ҚР Ұлттық кітапханасы. - Алматы: 2000. - 60 б.
16.Олжас Сүлейменов: Библиографиялық көрсеткіш/ ҚР Ұлттық кітапханасы. - Алматы: 2006. - 240 б.
17.Рефертативтік журнал / Мәдениет. Тіл білімі. Әдебиет, Өнер. 7-серия. - Алматы: ҚР Ұлттық кітапханасы, 2006. - 74 б.
18.Ілияс Жансүгіров. Библиографиялық көрстекіш. - ҚР Ұлттық кітапханасы. - Алматы: 2004. - 240 б.
19. М. Әуезов шығармашылығы бойынша библиографиялық көрсеткіш.-Алматы: Ғылым, 1972.-252 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І-бөлім
Кітапханадағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы
ақпараттық ресурстардың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 8
1.1 Қазақстан Республикасында көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы
басылымдарды шығаратын кітап баспалары ... ... ... ... ... ... .. ..8
1.2 Кітапханадағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы әдебиеттерді
насихаттау
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ІI-бөлім
Кітапханада көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық-
библиографиялық қызметтің ұйымдастырылуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .35
2.1 Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы
ағымдағы
библиография ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
2.2 Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы
ғылыми – көмекші
библиография ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
2.3. Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану
саласындағы ұсыныс
библиографиясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..59
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 61

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаңа мыңжылдық талаптары мен
міндеттеріне жауап бере алатын рухани бай тұлғаны қалыптастыру деп аталатын
жалпы адамзаттық мәселе тәуелсіз Қазақстан үшін ерекше өзекті сипатқа ие
болып отыр. XXI ғасыр табалдырығын аттай отырып ұлттық мәдени мұраларды
жандандыруға баса көңіл бөліп, жаңа мыңжылдықта білім беру міндеттерін
шешуге кіріскен Қазақстан әрі заман рухына, әрі өз халқының мәдениетіне сай
келетін ұлттық білім беру үлгісін іздестіруде. Сол себептен де жас ұрпаққа
тәрбие берудің сапалық деңгейін көтеріп, сұлулық пен көркемдікті қабылдау
қабілетін, сезімін, эстетикалық талғамын дамыту, ізгілікке баулу, өз ісіне
деген шығармашылық құштарлығын арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселелері
болып отыр.
Еліміздің төл Конститутциясы және жаңадан қабылданған Тіл туралы
Заңдарында бүкіл қоғамның, сол сияқты жеке тұлғаның мәдени және рухани
дамудың басты құралы жас ұрпаққа білім беру мен ғылымды, мәдениет пен
өнерді заман талабына сай өркендете отырып, жастардың бойында имандылық,
эстетикалық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді қалыптастыру мәселелеріне
ерекше көңіл бөлінген (1-3).
Ертеңі бар елдің жастарын өркениет әлеміне бастап жол көрсету, мәдениет
көшінен қалдырмай, артымызға тәрбиелі, білімді ұрпақ қалдыру ісіне жағдай
жасап, ықпал көрсету бүгінгі кітапхананың алдына қойған басты мақсаттарының
бірі.
Кітапхана – өзінің барша ізгі ниетті оқырмандарын, қатпарлы терең білім
қорымен сусындатып, іздегендерге ізгілікпен бағыт көрсететін ғылыми-мәдени
орта.
Ел Президентінің Қазақстан – 2030 бағдарламасында XXI ғасырда
білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да сауатты өмірге
бағыттауымыз керек деген сөздері бүгінгі ұрпақ ертеңгі ел азаматтарына
білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті .
Әр халықтың дүниетанымы, мәдениеті, эстетикалық талғамы өнер және әдеби
туындылармен ерекшеленетіні өмір шындығы. Ұрпақ тәрбиесінде халық ауыз
әдебиеті мен қатар көркем әдеби шығармалар жастарды сұлулық заңдылықтарымен
таныстыру және әсемдікке баулу құралы екені сөзсіз. Өйткені, көркем әдебиет
және әдебиеттану саласындағы әдебиеттері насихаттау арқылы, жастар өмірді
танып, оған көзқарасы қалыптасады және осыған орай оқырмандардың
эстетикалық талғамын, сезімін, қызығушылығын, мәдениетін қалыптастыруды
теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу қажеттілігі туындап отыр.
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен 2004-2006 жылдарға
арналған Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламада
ірі тарихи-мәдени, археологиялық және архитектуралық ескерткіштерді қайта
қалпына келтіруге, мәдени мұраның баспалдақты жүйесін құру және ұлттық,
әлемдік ғылыми ойлардың, мәдениетін, әдебиетін баспадан шығаруға,
жетілдіруге бағытталған.
Мәдени мұра 2004-2006 ж.ж. арналған мемлекеттік бағдарламаны орындау
барысында кітапхана мамандары да көптеген жұмыстар атқарып, жетістіктерге
жетуде. Бұл бағдарлама мазмұны Ұлттық рухани-ағартушылық және мәдени-
интеллектуалдық деңгейін көтеруге, өскелең ұрпақты туған халқымыздың салт-
дәстүрі мен жалпы адамзаттық құндылықтар мен идеалдар рухында тәрбиелеуге
бағыт-бағдар береді (6).
Ұлттық мәдениет пен жеке тұлғаның рухани және жан-жақты дамуындағы ауыз
әдебиетінің әсері мен оқу, білімнің маңызы туралы Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов сынды халқымыздың
ағартушы-қайраткерлері құнды пікірлер айтқан. Мәселен, қазақ халқының
рухани мәдениеті мен әдебиетінде өшпес із қалдырған Ш.Уәлиханов Қашқария
туралы жазбалар, Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының ескі аңыз әңгімелері т.б.
еңбектерінде Орта Азия халықтарының ұлттық әдет-ғұрпына, әдебиетіне,
өнеріне жан-жақты тоқталған. Қазақ халқының дәстүрлі өнері мен оның тарихи
типтерін, көркем әдебиеттегі құндылықтар жүйесін және категорияларын
зерттеген ғалымдардың арасында Қ.Нұрланова, Б.Қазыханова, Ғ.Есім,
М.Балтабаев, Г.Шалабаева, М.Қаратаев, Т.Қоңыратбай т.б. еңбектерінің
айтарлықтай маңызы өте зор (13,14,15,16,17).
Жастарға тәрбие беруде көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы
библиографиялық қызметтің маңыздылығы мен бағытына ерекше көңіл бөлінуде.
Өйткені, библиография мемлекет мәдениетінің жетілу деңгейіне өлшем
болғандай терең мағыналы сан қырлы ғылым саласы.
Бұған дейін Қазақстан библиографиясының дамуы турасында кітап
палатасының мамандары Н.Нығыметов, З.Қасымова, Н.Асаубекова, оның
теориясымен айналысқан ғалым М.А.Ақшалова тәжірибелік мәселелерге
байланысты Ұлттық кітапхана библиографтары М.С.Төлешова, К.Ш.Бекмұхамедов
т.б. еңбектері жарияланды. Қазақ әдебиетінің библиографиясынан
Г.К.Искакова, Ж.Шалғымбаева, Ш.Елеукенов т.б. ғалымдардың ғылыми
ізденістері Қазақстандағы кітапхана ісі мен библиография ғылымын жаңа
белеске көтеріп, осы саланың жастарға жан-жақты білім мен тәрбие берудегі
қызметіне тікелей байланысты .
Демек, кітапханада оқырмандарға тәрбие берудің теориясы мен тәжірбиесін
бүгінгі өмір талабына сай ұйымдастыру қажеттілігі мен оның ғылыми-
педагогикалық негіздері аралықтарында қайшылықтар туып отыр. Бұл
қайшылықтардың шешімін табу зерттеу жұмысымыздың өзекті мәселесі болмақ.
Оның маңыздылығын ескере отырып, зерттеу тақырыбымызды Қазақстан
Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық
ресурстар деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты. Кітапханадағы көркем әдебиет және әдебиеттану
саласындағы ақпараттық ресурстардың теориялық мәселелерін және кітапханада
көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы библиографиялық қызметтің
ұйымдастырылуын, сонымен қатар ҚР-да көркем әдебиет және әдебиеттану
саласындағы ағымдағы, ғылыми-көмекші және ұсыныс библиография жүйесінің
қалыптасуын қарастыру.
Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және
әдебиеттану саласындағы ақпараттық ресурстардың негізгі жүйелерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
– Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану
саласындағы ақпараттық ресурстардың жүйесін теориялық және тәжірибелік
тұрғыдан негіздеп, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау;
– кітапханада көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы
библиографиялық қызметті ұйымдастырудың негізгі жолдарын ғылыми тұрғыда
сараптау.
Зерттеу әдістері: Диплом жұмысының тақырыбына байланысты философиялық,
психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді ғылыми-
теориялық тұрғыдан талдау.
Диплом жүмысының құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, бес тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кітапханадағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық
ресурстардың теориялық негіздері атты бірінші бөлімде қазақ ойшыл
ғалымдары мен ақын-жазушыларының аса құнды ой-пікірлері және Қазақстандағы
қазіргі кездегі осы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы
зерттеулердің құндылықтары туралы көзқарастары негізге алынды.
Қазақстан Республикасында көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы
басылымдарды шығаратын кітап баспалары деген 1.1.-ші тарауда баспалар
тарихына қысқаша сипаттама беріліп, әдебиет және өнер әдебиеттерінің
қазіргі жай-күйі баяндалды. Қазақстандағы Жалын, Жазушы, Өнер,
Өлке, Ана тілі баспаларының шығаратын өнімдері жайлы мәліметтер
келтірілді.
Кітапханадағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы әдебиеттерді
насихаттау тәжірибесі атты 1.2 -ші тарауда ҚР Ұлттық кітапханасының
Кәусар клубының жұмыс тәсілі қаралды. Сонымен бірге, кітапханадағы
әдебиеттерді насихаттауға арналған көпшілік жұмыс түрлері ұсынылды.
Кітапханада көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы
библиографиялық қызметтің ұйымдастырылуы атты екінші бөлімінде
библиографиялық қызмет көрсетудің кейбір теориялық мәселелері және ҚР
Ұлттық кітапханасының Ұлттық библиография және ғылыми ақпараттар
орталығының қызметі жайлы деректер келтірілді.
Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану
саласындағы ағымдағы библиография атты 2.1. тарауда ағымдағы
библиографияның мақсаты, міндеті, қызметі қарастырылды. ҚР Ұлттық
кітапханасынан шығарылатын ағымдағы библиографиялық көрсеткіштерге талдау,
сараптау жасалынды.
Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану
саласындағы ғылыми-көмекші библиография атты 2.2. тарауда әдебиет
библиографиясының дамуы, негізгі түрлері және басқа ғылымдармен байланысы
қарастырылады. Көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы кейбір
маңызды ғылыми көмекші библиографиялық көрсеткіштерге талдау, сараптау
жасалынады.
Қазақстан Республикасында көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы
ұсыныс библиографиясы атты 2.3. тарауда ұсыныс библиографиясының мақсаты,
міндеті, қызметі, түрлері және қазіргі деңгейі қарастырылды. ҚР Ұлттық
кітапханасының Ұлттық библиография және ғылыми ақпараттар орталығы соңғы
жылдары шығарған ұсыныстық библиографиялық көрсеткіштер алынған.
Қорытындыда зерттеу жұмысы бойынша ұсыныстар келітіріліп, зерттеу
деңгейлері көрсетілді.

I БӨЛІМ. КІТАПХАНАДАҒЫ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТАНУ САЛАСЫНДАҒЫ
АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Қазақстан Республикасында көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы
басылымдарды шығаратын кітап баспалары
Қай ғасырды алып қарасаңыз да, ғылым мен білімнің негізі болып
табылатын кітап пен білім ошақтары - бірінен-бірі ажырағасыз рухани
қазыналар. Өйткені, оқу-тәрбие үрдісіне кітаптың қосар үлесінің өлшеусіз
екендігі ақиқат.
Кітап - рухани прогресстің кепілі, ел мен елді, мемлекет пен мемлекетті
жақындастырар, түсінікке бастар аса маңызды рухани фактор. Кітап әлемдегі
ұлы күш! Ол сананы нұрға бөлеуші. Кітапқа қызықтыру - білімге қызықтыру. Әр
кітап — Отан байлығы екенін түсінліре отырып, қазіргі ақпарат құралдары
дамыған, жаңа технологиялар заманында кітап қалай да болсын адамның рухани
азығы болып табылатынын білеміз. Олай дейтініміз кітап адамның ой-өрісіне
ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандырып, ішкі дүниесін байытады. Қаншама
ғылыми-техникалық прогресс болып, электронды ақпарат құралдары көбейгенімен
кітаптың алар орны ерекше. Керек десеңіз, прогресті жасау үшін де мың
жылдықтар бойғы адамзаттың ғылым-білімнің жиынтығы толы кітапқа жүгінбеу
мүмкін емес.
Кітап - білім бұлағы. Өмір бойы оқитын Университет, Ағартушы, Тәрбиеші.
Білімге білім қосатын кітап шығару ісі - зор өнер. Кітап туралы кім не және
қалай толғаса да, түптеп келгенде, пікірлердің тоғысар арнасы бір. Ол -
кітаптың адамзат мэдениетін қалыптастырып дамытудағы, адам парасатын
биіктетудегі, білімін шыңдап көтерудегі баға жетпес үлесі.
Баспалар тарихына қысқаша сипаттама. Аталмыш мәселеге тоқталмас бұрын
әуелі қазақ кітабының қазіргі жай күйінен бір үзік ойды айтып алған жөн.
Қазақ кітабының бұл күндері бар ғаламға жайылып кеткен даңқын, оның
өркениетті таңғажайып құбылысқа айналып атқан атын, оңың халық
мәдеңиетіндегі орны бөлек қордалы затын қазіргі күндері кім жоққа шығара
алар екен? Өзіне жүктелген мәртебесі биік білімдік те танымдық қызметін
қазақ кітабының көтеріңкі леппен, асқақ ойлы, шабытпен атқарып келе жатқаны
қай заман! ¥лы қазақ ғұламаларының, ақындары мен жырауларының, теңдесі жоқ
ұл-қыздарының ақыл-ойы мен абыройы асқан зерделі еңбегі арқылы жарық көрген
өлмес-өшпес кітаптар халқының жүрегіне нұр құйып, биік-биік мақсаттарға
жетелеуден бір талған емес. Ол оқырмандарын өмір қойнауларына терең
араластыра, өнер-білімге деген құштарлығын арттыра отырып, қалың жұрттың
шығармашылық белсенділігін арттыруда қисапсыз мол еңбек етті, әрі еңбек ету
үстінде.
Қазақ кітабы бүгін атам заманнан бері айтылып, айтыла-айтыла халық
жадында жатталып келе жатқан және қанша заман өтіп, өмір ағыны қанша
жаңарып, қабарып жатса да иә ескіріп, мәнін жоғалтпайтын, иә тозып, өңінен
айырылмайтын Кітап - білім бұлағы, Кітап - ақылшың, досың, жолдасың,
Кітап - адамзат ақыл-ойының мүхитында толассыз жүріп келе жатқан кеме
дейтін аталы да аяулы ғақлия сөздерді өн бойына дарытып, өмір сүретін
қасиетті құбылыс.
Осының бәрі, әрине, оның қазіргі күйі, бүгінгі бейне-тұлғасы.Тіршілік
айдынында бірден туа қалған данышпан да, Жерден тысқары тұңғиық дүниеге
бірден заулап ұшқан ғарішкер де болмаған. Ұлылардың өзі де ұлылық тұғырына
неше қилы кедергілер мен тосқауылдарды жеңіп, кедір-бұдыр жолдардан өтіп
барып қойған. Кітап біткеннің баршасы да, оның ішінде Қазақ кітабының дамуы
да сондай қиялардан өтіп, бүгінге жеткен.
Сондай қияның бірі, тіпті бірегейі патшалық өкіметтің отарлық саясаты
еді. Бұл саясат қазақ ұлтының жер-суын, әсіресе шұрайлы жерін басып алып
тіпті тартып алып қана қойған жоқ, сонымен бірге ақыл-ойын құрсаулап, сана-
сезімін тұмшалап тастады. Көп жылдар, тіпті ғасырлар бойы солай етті. Басқа
шектеулерді (мектептер, кітапханалар ашу, мәдениет үйлерін, клубтар салу
жөніндегі) былай қойғанда, баспалар мен баспаханалар ұйымдастыру, сөйтіп
Қазақ өлкесінде кітап шығару шарасы отаршыл мемлекеттің қаперіне де кіріп
шыққан жоқ.
Сондықтан біздің халық бұл мәселеде кеш қалып өсті. Өз халқының қамын
көп ойлайтын көңілі ояу, көзі ашық дарынды, талантты ғұламаларымыз кітап
шығару үшін өзге жұртқа қарады. Қазақ, Уфа, Орынбор, Тәшкент, Астрахан,
Санкт-Петербург қалаларындағы жекеменшік баспаханалардың иелеріне иек
артты. Өзімізде баспа және баспахана болмаған соң Абайдың Өлеңдер жинағы
мен Ахмет Байтұрсыновтың Қырық мысал кітабы 1909 жылы Санкт-Петербург
баспаханасынан жарық көрді.
Қазақ тілінде кітап шығару ісінің тарихы 1800 жылы Қазан қаласында
ашылған бірінші Азиялық баспаханадан басталады. 1809 жылы Қазан
университетінде баспа ашылды. XIX ғасырларда Қазан қаласында Орта Азия және
Қазақстан халықтарының мэдени-ғылыми мұраларын жинап, зерттейтін, жарыққа
шығаратын орталыққа айналды. Сонымен қатар XIX ғасырдың 2-жартысында
Орынбор, Уфа, Тәшкент, Санкт-Петербург, Троицк, Астрахан қалаларында да
қазақша кітаптар шығаратын баспалар құрылды.
Қазақ тіліндегі тұңғыш кітап - Қазан гимназиясы баспаханасы шығарған
Сейфул-Мәлік қиссасы, Қыдырғали Жалаиридің Джами-ат-тауарих,
Ы.Алтынсариннің Қырғыз хрестоматиясы, Қыз Жібек, Қозы Көрпеш қиссасы,
т.б.
1909 жылы А.Құнанбаевтың өлеңдер жинағы Қазақтың айнасы (1910),
С.Көбеевтің Қалың малы т.б. кітаптар осы баспалардан шыққан. 1917 жылға
дейін қазақ тілінде 700-ге жуық кітап басылды.
Қазан төңкерісінен кейін кітап басу ісі бірден мемлекет иелігіне
алынды. 1917 жылы 29 желтоқсанда қабылданған Мемлекеттік баспа туралы
декрет баспа ісін қайта құруға қажет материалдық техникалық база мен кітап
қорлары мемлекет пен халық меншігіне берілді. 1917 жылдың аяғында БОАК-тың,
Санкт-Петербург, Мәскеу кеңестерінің жанынан баспа бөлімдері ашылды. ¥лт
істері жөніндегі халық комиссариаты қүрылды. Оны И.В.Сталин басқарды. Қазақ
халқының аса көрнекті саяси қайраткері Т.Рысқұлов орынбасар қызметін
атқарды. 1918-1919 жылдары баспа жұмысын Оқу халкомы мен ¥лт халкомы құрған
Мұсылман істері жөніндегі комиссариат басқарды. ¥лт халкомында 11 бөлім мен
комиссариаттар жүмыс істеді. 1918 жылы 12 мамырда бұларға қазақ бөлімі
қосылды. 1918 жылы қараша айында өткен мұсылман коммунистердің
Бүкілресейлік I съезінде мұсылмандық ұйымдардың Орталық бюросы сайланды.
Бюро Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тілдерінде әдебиеттер шығаруды
қолға алды. 1924 жылға дейін ¥лт халкомы жанында екі баспа - Батыс жэне
Шығыс баспалары жұмыс істеп келген. 1924 жылы Жоғарыдағы екі баспаның
негізінде КСРО халықтарының Орталық баспасы ұйымдастырылды. Орталық
баспамен қатар Түркістан мемлекеттік баспасы да қазақ тілінде кітаптар
шығарып отырды. Ол 1920 жылы наурыз айында Ташкентте құрылған болатын. 1921
жылы осы баспадан қазақ тілінде 680570 дана кітап басылып шықты.
Қазақстанда алғашқы кітап 1918 жылы басылып шықты. 1920 жылы 3 қарашада
Қырғыз АКСР ОАК-і Қазақ мемлекеттік баспасы туралы декрет қабылдады. 1921
жылы тамызға дейін бұл баспа ОАК қарамағында болды. 1921 жылы 9 тамызда Оқу
халкомы құрамында Мемлекеттік баспаны басқаратын Бас басқарма құрылды.
Орталықтың құрамында ғылыми-әдеби кеңес болды. Ол оқулықтар жасаумен, саяси
әдебиеттерді аударумен айналысты. 1921-22 жылдары Қазақстанда 29 баспахана,
бір литография жұмыс істеді. Қазақстанда баспа ісін қайта құру туралы
Қазақ өлкелік партия комитетінің қаулысынан кейін аталған баспа Қазақстан
баспасы болып қайта құрылды. Осы жылдары өз алдына Қазақ техникалық
баспасы ұйымдастырылды. Осы жылдары Қазақстан баспаларының саны 4-ке жетті.
Қазақстан баспасынан Қазақ партиялық баспасы, Қазақ мемлекеттік көркем
әдебиет баспасы, Комсомол жастар баспасы бөлініп шықты. Қазақстан
техникалық баспасы, Қазақстан баспасының құрамына кірді. Сол жылдары
Полиграфия және баспа Бас басқармасы ұйымдастырылды.
1941 жылдың басында республикадағы барлық баспалар қосылып, Қазақ
біріккен мемлекеттік баспасы аталды. Соғыстан кейін баспалар қайтадан
даралана бастады, кейбірі жаңадан ашылды. Соның бірі Қазақстан ҒА-ның
Ғылым (1945) баспасы, 1947 жылы ҚазОГИЗ-ден Қазақ оқу-педагогика баспасы
(кейінгі Рауан), 1950 жылы Қазақ Мемлекеттік көркем әдебиет баспасы
(кейінгі Жазушы) бөлініп шықты. Сол жылы Қазақ біріккен мемлекеттік
баспасы өзінің алғашқы атын қайта алып, Қазақстан мемлекеттік баспасы
болды. Ол 1962 жылы Қазақстан аталды. 1968 жылы Қазақ энциклопедиясы
бас редакциясы аталатын аса ірі баспа дүниеге келді.
Қазақстан тәуелсіздік алып, нарықтың экономикаға көшуімен байланысты
республикадағы баспалар қызметі мен баспа ісінің жай-күйі түбірлі
өзгерістерге ұшырады. Бұрынғы мемлекеттік баспалардың орнына жекеменшік
баспалап пайда болды. Баспа, полиграфия жэне кітап саудасы сияқты бұрын бір
орталықтан жоспарлы түрде басқаралып, мемлекеттік жоспармен біріңғай, бір
бағытта жұмыс істейтін күрделі сала заман талабына сай өзгерді.
1991 жылга дейін біздің елімізде 14 кітап баспасы жұмыс істеді. Олар:
Қазақстан, Жазушы, Рауан, Жалын, Өнер, Қайнар, Ғылым, Ана
тілі, Білім, Балауса, Санат, Қазақ университеті, Қазақ
энциклопедиясы, Дәуір. Бұлардың қатарына кейінгі жылдары қосылған Жеті
жарғы, Өлке, Ел, Аударма, Сарыарқа, Атамұра, Жібек жолы т.б.
баспалар қосылды.
Қазақстан Президентінің Мемлекеттік билік органдарының бұқаралық
ақпарат қүралдарын, мемлекеттік кітап шығару ісін нарықтық қатынастарға
көшу кезеңінде қорғаудың шұғыл шаралары туралы Жарлығы елдегі баспа ісінің
дамуына бағыт-бағдар берді. Осылардың бәріне мемлекет тарапынан қамқорлық
жасалады.
Қазақстан Республикасында көркем әдебиет және әдебиеттану басылымдарын
шығаратын кітап баспаларының ішінде Жазушы баспасына тоқталып кетейік.
Жазушы баспасы - Қазақстандағы, негізінен, көркем әдеби шығармаларды
басып шығаруға маманданған баспа. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның көркем
әдебиет баспасы.
Қазақ мемлекеттік баспасының жастар мен балалар әдебиеті, көркем
әдебиет бөлімдері негізінде 1933 жылы Қазақ көркем әдебиет баспасы құрылып,
ол Қазақстан Жазушылар Одағына бағынды. Баспаның тұңғыш директоры -
Ғ.Мүсірепов болды. 1941 жылы 26 қаңтарда республикамыздағы барлық кітап
баспалары қайта біріктіріліп, Қазақ біріккен мемлекеттік баспасы атанғанда,
аталған баспа да соның құрамына кірді. 1950 жылы қаңтарда Қазақ Мемлекеттік
көркем әдебиет баспасы қайта бөлініп, ол Қазақстан Мәдениет министрлігінің
қарамағына берілді. 1964 жылы Жазушы баспасы аталып, Қазақстан Министрлер
Кеңесінің баспа, полиграфия жэне кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік
комитетіне бағындырылды.
Баспада проза, поэзия, көркем аударма, әдеби сын, қайта басылым, орыс
әдебиеті, музыка мен өнер редакциялары және балар мен жастар әдебиеті бас
редакциясы жұмыс істеді.
Жазушы баспасы қазақ, орыс, ұйғыр, неміс тілдерінде көркем әдеби
шығармаларды, әдеби зерттеулер мен көркем әдеби сын жанрындағы еңбектерді,
музыка, көркемөнер туындыларын, альбом, буклет, әдеби күнтізбелер т.б.
шығарып тұрды.
Жалын альманағы алғашқы жылдары осы баспаның жанынан жарық көрді.
Жазушы баспасы қазақ эдебиетін дамытуға, репертуардағы баспа ісін
өркендетуге елеулі үлес қосты.
1971 жылдан бастап баспада жоспарлаудың және экономикалық
ынталандырудың жаңа тәртібіне көшіп, жұмысты шаруашылық есебіне жүргізді.
Баспа кітап басу ісіндегі зор жетістіктері үшін 1981 жылы Халықтар
достығы орденімен марапатталды.
Баспаға әр жылдары Ғ.Мүсірепов, І.Есенберлин, Ә.Жұмабаев, С.Мұратбеков,
М.Ысқақбаев, Қ.Найманбаев, Д.Исабеков секілді көрнекті қаламгерлер директор
болды. Баспа 1999 жылы Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) болып
құрылды.
Жазушы баспасы қазақ және Қазақстан халықтарының әдебиеті мен өнерін
насихаттауда, әдеби көркем шығармаларды жариялау мен таратуда өлшеусіз рөл
атқарды. Классик жазушылар М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтерден бастап
жас ақын-жазушыларға дейінгі талантты есімдердің танылуы баспа атымен
тікелей байланысты. Қазақ ауыз әдебиеті мен әлем халықтары әдебиетінің ең
таңдаулы үлгілері жеке кітаптар болып, жоғары полиграфиялық сапамен шығып
тұрды. Осылайша баспа жазушылардың шынайы шығармашылық ордасына айналды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін баспа тарихының жаңа беті ашылды.
1995 жылдан бері баспаны белгілі ақын Е.Раушанов басқарды. Бас редакторы
ақын Е.Дүйсенбайұлы соңғы он жылдан бері баспа ұжымы әдеби мұраларымызды
насихаттап, жарыққа шығаруға ерекше көңіл бөліп келеді. Мәселен, Халық
ауыз әдебиеті сериясымен жоспарланған жүз томдықтың алғашқы 17 томы, оның
ішінде алты томдық Ерегілер, бес томдық Батырлар жыры, үш томдық Халық
әндері шықты. Бұлардың бұрынғы кітаптардан артықшылығы - кеңестік
цензураның қиып-қысқартып тастаған тұстары түгелдей қалпына келтірілуі.
Сондай-ақ, кеңестік дәуірде шығаруға тыйым салынған Алаш зиялыларының
кітаптары, Кенесары атына байланысты әдебиеттер, Нысанбай жырау, т.б.
шығармалар жарық көрді. Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин т.б.
классиктеріміздің томдықтарын шығару идеясын алғашқы болып көтерген де, сол
игі істі бастап берген де Жазушы баспасы болды.
Кейінгі жылдары баспа Қазіргі қазақ прозасы, Қазіргі қазақ
поэзиясы, Көркем әдебиет т.б. сериялармен кітаптар шығарып келеді. 2005
жылдан бастап Мәдени мұра бағдарламасымен жиырма томдық Әлемдік
философиялық мұра, он томдық Әлемдік мәдениеттану ой-санасы серияларының
кітаптарын шығаруды қолға алып, алғашқы өнімдерін республика
кітапханаларының қорына жөнелтіп те үлгерді.
Соңғы бірнеше жылдан бері баспа қазақ, орыс, өзбек тілдерінде көркем
әдебиетпен қатар оқулықтар шығарумен де айналысуда. Олардың көркемдік,
танымдық, ғылыми мазмұны мен жоғары полиграфиялық сапада болуына баса көңіл
бөлінеді. Әйтсе де баспа өзінің атына сай басты мақсаты - жаңа ғасырдағы
әдеби үрдістің жанашыры мен ұйытқысы болу, әдебиетіміздің әлемдік
деңгейіндегі орнын биіктете түсуге талмай үлес қосу екенін жақсы ұғынып,
осы жолда еңбек етіп келеді.
Біздің жазушы мен баспагердің, кітап таратушының бірлесіп атқарар
жұмысының діттейтін мақсаты талапшыл оқырмандарымызға идеялык-көркемдік
сапасы биік, әсем полиграфиялық деңгейде шығарылған жаңашыл кітапты, дос
пейілді кітапты, сыйлық болар кітапты тарту етіп шығарып отыру болмақ.
Жалын баспасы. Республикалық Жалын баспасы 1976 жылдың 1 қаңтарынан
бастап қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1975 жылғы 15 қыркүйектегі №467-
қаулысы бойынша қүрылды.
Баспа балалар мен жасөспірімдерге арналған көркем, саяси жэне ғылыми-
көпшілік әдебиеттермен қоса өнер, музыкалық шығармалар, Жалын альманағын
шығаратын баспа болып белгіленді. Ол Жазушы баспасының балалар мен
жасөспірімдерге арналған әдебиеттер шығаратын редакциясы мен Қазақстан
баспасының жастар редакциясы негізінде құрылды.
Баспаның әрі ұйымдастыру жұмысын басқарған, әрі тұңғыш басшысы болған
қазақтың белгілі ақыны Қабдікәрім Ыдырысов еді. Баспаның тұңғыш бас
редакторы, яғни директордың бірінші орынбасары және Жалын альманағының
бас редакторы болып қазақтың атақты ақыны Т.Молдағалиев тағайындалды. Кейін
баспаның бас редакторы болып жазушы Қ.Найманбаев тағайындалды.
Жалын баспасының құрамынан 1980 жылы Өнер баспасы, 1992 жылы
Балауса баспасы бөлініп шықты.
Алғаш құрылған жылы баспа тек балаларға арналған 56 аталым кітап
шығарды. Бүл сан 1986 жылы 120 аталымға дейін көтерілді. Бұл жылдары
Қазақстан балаларын алуан тақырыптағы сан қилы кітаппен қамтамасыз ету
жұмысы әжептәуір жолға қойылды. Балаларға арналған ақын-жазушылардың
шығармалары молайды. Балалар эдебиетінің таралымы күрт көтерілді. Сөйтіп,
баспа жыл сайын балалар мен жасөспірімдерге арналған әр тақырыптағы
шығармалардан 300 кітап шығарып отыратын дәрежеге жетті. 1976-1986 жылдар
аралығында баспа шығарған кітаптың ұзын саны 100 миллион данадан асты.
Кітаптар Жауқазын, Родничок, Жеткіншек, Көкжиек, Жасөспірімдер
прозасы, Достық, Дружба редакцияларынан Базарлық, Неліктен?
Қалай?, Кел, балалар, оқылық, Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы,
Қазақ ертегілері, Алтын сандық, Әлем әдебиеті жүйеліктерімен
(серияларымен) шығып тұрды.
Жыл өткен сайын баспа шығарған кітаптардың сапасы да үнемі артып
отырды. Айналасы он жылдың ішінде Жалын баспасы әртүрлі конкурстар мен
көрмелерде 80-нен астам медаль мен 1 және 2 дәрежелі дипломға ие болды.
Баспадан халық ауыз әдебиетінің озық үлгілері, қазақ жазушыларының
таңдаулы және жаға шығармалары үнемі шығып тұрды. Абай, Ыбырай, Жамбыл,
Мүхтар, Сәкен, Ілияс, Бейімбет шығармалары ір тақырыппен, эр алуан көлемде,
жыл сайын жарық көріп түрды.
Сондай-ақ республика жастары Ә.Нұрпейісовтың, Ж.Молдағалиевтің,
С.Мәуленовтың, Ә.Тәжібаевтың, Б.Соқпақбаевтың, Д.Исабековтың т.б. қазақ
ақын-жазушыларының үздік немесе жаңа шығармаларымен дер кезінде танысып
отырды.
Баспа Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы атты көп томдықты ақын
Қастек Баянбаевтың ұсынысымен ұзақ жыл бойы жарыққа шығарып отырды. Бүл
кітап балалар әдебиетіне ғана емес, мектеп оқушыларына, қазақ балаларының
ата-анасы мен ұстаздарына, жалпы бала бақыты мен білімділігін бағалайтын
адамдарға баға жетпес үлкен мәдени сый болды. Баспа жыл сайын үздіксіз
шығарып отырған суретті кітапшалардың да балалар тэрбиесінде үлкен рөл
атқарғаны күмәнсіз.
Баспаның сапалы жүмыс істеуіне эр жылдары қазақтың белгілі ақын-
жазушылары С.Бердіқұлов, Б.Нұржекеұлы, Қ.Сәрсеков, К.Ахметбеков,
Ә.Дүйсенбеков, Қ.Баянбаев, К.Сегізбаев т.б. кітап сапасын арттыруға өз
үлесін қосты.
Баспа 1998 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып тіркелді.
Қазір жасөспірімдерге арналған әдебиет шығарумен айналысады. Баспа шығарған
Қазыбек Тауасарүлының Түп-тұқиянымнан өзіме шейін (ХҮІІІ ғ.),
Ө.Тілеуқабылұлының Шипагерлік баяны (ХҮІІІ ғ.), Мүқағалидың төрт томдығы,
М.Қойгелдиевтің Ұлттық саяси элита т.б. кітаптары оқырмандардың үлкен
ризашылығына бөленді.
Баспа өз жұмысын жаңа заманның жаңа талабына сай жалғастыруда. Қазіргі
күнде баспа Әлем халықтарының ертегілері деген жүйелік бойынша Қазақстан
халықтарының ертегілері, Түрік халықтарының ертегілері атты кітаптарды
дайындау үстінде.
Ал Жас толқын атты қос томдықтың бірі жас талап прозашылардың,
екіншісі ақындардың алғашқы туындыларына арналған. Бүл жинақ 2005 жылдан
бастап жыл сайын тұрақты шығып түрмақ. Мұның өзі әдебиетіміздің болашақ
таланттарын әзірлеуге игі ықпал ететіні сөзсіз.
Кейінгі кездері оқырмандардың үлкен ықыласына бөленіп жүрген әдеби
шығармалардың саны жағынан толассыз көбею үстінде. Айтатын болсақ,
Х.Жұртбаевтың Дулыға, А.Асқаровтың Көзқарас, С.Мұхтарұлы Кәмпеске,
Ә.Сығай Сахна саңлақтары, Балуан Шолақ, Алпамыс батыр, Жәнібек,
Б.Нұржекеұлы Ойұшқын, Т.Шәңгереев Аталық сыр, Қ.Байболұлы Еңсегей
бойлы ер Есім, Жүз тұңғыш, Д.Исабековтің 5 томдық шығармалар жинағы,
М.Митчел Унесен ветром т.б. мазмұнды да мәнді басылымдар шығаруда өз
оқырмандарының ықыласына бөленуде.
Ана тілі баспасы. Артына қайырылуды білмейтін ұшқыр да, ұлағатты
уақыттың қай кезеңінде болмасын халықтың мәдени, рухани дамуының шарықтай
шыңдалып, қанасына толар қасиетінің кемел таруы - сайып келгенде ұлттық
сананың оянуына кеп ұласады. Жаңа қадамдарға қарай бетбұрыс жасайтын мүндай
халықтық сананың талабы да, табанды мүддесі де мақсатты болады. ¥лттық
рухани талабына уақыт өзгерістерінің үндес келіп жатқан осынау бір
кезеңінде қашаннан бері іште қайнап, сыртта тұншығып келген тіл
проблемасының айқын майдан ала бастауы заңды да еді, бұл мәселеге аса
жауапкершілікпен қарамай болмайтынын сезген әрі мойындаған қоғамда қазақ
тілінің жайы мемлекеттік деңгейде айтыла бастаған еді.
Соның бірі республикалық деңгейде қазақ тілінің өркендеуі мен дамуына
бірден-бір рухани серпін беретін баспаның керектігі айқын болғандай еді.
Міне, осындай ел күткен, халықтың толғағы жеткен мәселесінің бірі
ұлттық саланың сілкінісіне серпін берер қалауы іспетті болып арнайы
баспаның отау көтеруі еді.
Мұндағы мақсаттың түп-төркіні түсінікті де қарапайым. Әр халық өз
отанында ана тілін білуі керек, ана тілінде сөйлеуі керек, ана тілінде
оқып, білім алуы керек.
Осы мақсатта Қазақ ССР Мемлекеттік Баспасөз комитетінің 5 июнь, 1990
жылғы №234 қаулысымен Ана тілі баспасын құрудың қаулысы қабылданды. Осы
шешімнен кейін көп ұзамай тұсауы кесілген баспа алғаш қойылған міндеттерді
жүзеге асыруға бет қойды.
Біздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ тілінің қауырт қалың
қауымының қолдау-қамқорлығына алынуы бүкіл халықтық парыз әрі мақсат болды.
Тіл мамандары, қазақ тілінің білгірлері, мүғалімдер қауымына, тіл
жанашырларына, насихатшьшарына бұл орайда орасан зор жауапкершілігі бар
міндеттер алға тартылды. Қазақ тілінің қолдану аясының кеңейе түсуіне қазақ
тіліндегі түрлі кітаптардың қандай рөл атқаратынын сезіне отырып, баспа
өзінің тақырыптық жоспарларын соған лайықты жасай білді.
Қазақ әдебиетінің түңғыш оқулығы, баспамыздың тұңғыш кітабы -Әдебиет
тарихын 1991 жылы осы баспадан жарық көрді.
Қазақ әдебиетінің тарихы сериясы осы баспадан Әдебиет және өнер
институты ұжымдарының бірлесе күш жұмсауымен өмірге келді. Осы серия
Н.Келімбетовтің ҮІ-ҮІІІ ғасырларда тасқа қашап жазылған дастандардан
бастап, қазақ хандығы құрылғанға дейінгі түркі тілдес халықтардың бәріне
ортақ әдеби мұраларды қамтитын Ежелгі дәуір әдебиеті атты оқулығымен
ашылды.
Серияның екінші кітабы қазақ хандығы қүрылып, ол ыдырай бастағанға
дейінгі кезеңді қамтиды. Оқулықты қарымды қаламгер, әдебиетші ғалым
М.Мағауин жазды. Ғылыми пайымы терең зерттеу еңбегінің негізінде, Қазақ
хандығы дәуіріндегі әдебиет деген атпен ұсынды.
Үшінші кітап XIX ғасыр әдебиеті деп аталды. Авторы көрнекті ғалым
Х.Сүйіншәлиев болды. Жазушы баспасы дэстүрлі түрде шығарып келе жатқан
Қазақ халық әдебиеті сериясы Ана тілі баспасына көшуіне байланысты,
1993 жылы Абылай хан, Кенесары туралы жырлардан тұратын Тарихи жырлардың
бірінші томы Ана тілінде жарық көрді.
М.Құдайқұловтың тікелей қолдауымен Халық қазынасы, Халық дерзенті
атты сериялы кітаптар шығару қолға алынды.
Әдебиеттану жэне әдебиет тақырыбындағы басылымдар шығаруда Ана тілі
баспасының атқарған қызметі орасан зор. Атап айтар болсақ: Мұхтар Әуезовтің
Абай жолы (4 том) эпопеясы, С.Мұқановтъщ Қазақ қауымы, Ғ.Мүсіреповтің
Күнделігі, Х.Досмұхамедовтің Шығармалары, Қ.Мырзалиевтің Үкілі
үзінділер, З.Ахметовтың Абайтану әлемі, Ш.Құмарованың Сезім
патшалығы, Т.Айбергеновтың Біргемін мен сендермен, Б.Мұқайдың Ертегідей
ертеңім, Н.Келімбетовтың Қазақ әдебиетінің бастаулары, Ж.Молдағалиевтің
Құс жолы, Ә.Диваевтің Тарту кітаптары шықты.
Бүгінгі күндері Ана тілі баспасы қазіргі нарықтық кезеңнің
талаптарына орай өз жүмысында кітап шыгарудың тиімді жолдарын қарастыра
отырып, оқырманға сапалы да қажетті кітаптарды көптеп шығаруды өзінің ең
маңызды да басты міндеті санайды.
Салалық Өнер баспасы музыка, кино, театр, ән-күй, бейнелеу өнері,
қолөнер саласына арналған оқулық, анықтамалық, ғылыми-көпшілік, көркем
әдеби кітаптарды жэне альбом, нота, плакат, ашықхат, күнтізбе т.б.
өнімдерді шығарады.
Мектеп, клуб, халық театры көркемөнерпаздары үшін репертуарлық және
әдістемелік құралдар мен эстрада, би, драматургияға қатысты әдебиеттерді
және әндер жинағын ұсынады.
Музыка мамандарына, кәсіптік және әуесқой орындаушыларға, өнер мен
музыка саласына арналған шығармалар көптеп жарық көреді.
Өнердегі өнегелі өмірлер сериясымен эн, күй, қолөнер, музыка, театр
саласында еңбегі сіңген әйгілі өнер қайраткерлерінің өмірі мен
шығармашылығы туралы әдебиеттер беріледі.
Бейнелеу өнерінің шеберлері, Жүздесу, Қазақстаның жас суретшілері
сериясымен қылқалам шеберлері мен жас суретшілердің шығармашылығы, ал
Алыстағы асылдар сериясымен республикадан тыс жердегі музейлер қорында
сақталып отырған қазақ халқының сәндік қолөнерімен таныстыратын альбомдар
шығарылады.
Халықты музыкалық шығармалардың жаңа үлгілерімен таныстыру ісі Замана
бұлбұлдары, Күй қазынасынан сериялары арқылы жүзеге асырылады.
Балалар үшін әсемдік сырын ұқтырып тэрбиелеуге арналған кітаптар мен
қызықты санамақ, жүмбақ, жаңылтпаш, ойын түрлері жинақталып беріледі.
Өзің жасап ал сериясымен балалардың ойлау қабілетін жетілдіріп еңбек
дағдысын қалыптастыру мақсатында пайдалы суретті көмекші қүралдар шығарады.
Өнер баспасын қүру КСРО Баспа, полиграфия жэне кітап саудасы
Мемлекеттік комитетінің 1979 жыды, 30 қазанында Қазақ КСР-ның Өнер
баспасын құру туралы №542 бұйрығына сәйкес іске аса бастады.
Өнер баспасына өнер мен музыка әдебиеттерін, оқу-әдістемелік көрнекі
құралдарын, безендіру өнімдерін, плакаттар мен ашықхаттарды басып шығару
тапсырылды.
Кейінгі жылдары Өнер баспасынан өнер, мәдениет, фотоальбомдар,
фотобасылымдар және плакаттар шығару жолға қойылды. Түркістан, Абай
елі, Қазақтың әмбебеп өнер тарихы, Жамбыл әлемі, Ш.Айманов,
Ә.Марғұланның Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Өнер музейі, Қазақтың ою-
өрнегі, Ерлер киімі, Қазақстан, XIX ғасыр суретшілерінің
шығармаларында, Абай атындағы драма театры, Қазақ қыздарының парасат
мектебі, т.б. тақырыптағы фотоальбомдар жарық көрді.
Сонымен қатар, осы Өнер баспасынан оқырманның сұранысына ие болып
жүрген Қүрманғазының Күйлері, Сыбызғы сазы, Нұрғиса Тілендиевтің 1-II
том кітаптары, Е.Брусиловский, Шара Жиенқұлова, шығармашылығы, ал
Алыстағы асылдар сериясымен республикадан тыс жердегі музейлер қорында
сақталып отырған қазақ халқының сәндік қолөнерімен таныстыратын альбомдар
шығарылады.
Халықты музыкалық шығармалардың жаңа үлгілерімен таныстыру ісі Замана
бұлбұлдары, Күй қазынасынан сериялары арқылы жүзеге асырылады.
Балалар үшін әсемдік сырын ұқтырып тэрбиелеуге арналған кітаптар мен
қызықты санамақ, жұмбақ, жаңылтпаш, ойын түрлері жинақталып беріледі.
Өзің жасап ал сериясымен балалардың ойлау қабілетін жетілдіріп еңбек
дағдысын қалыптастыру мақсатында пайдалы суретті көмекші құралдар шығарады.
Өнер баспасын қүру КСРО Баспа, полиграфия жэне кітап саудасы
Мемлекеттік комитетінің 1979 жыды, 30 қазанында Қазақ КСР-ның Өнер
баспасын құру туралы №542 бұйрығына сәйкес іске аса бастады.
Өнер баспасына өнер мен музыка әдебиеттерін, оқу-әдістемелік көрнекі
құралдарын, безендіру өнімдерін, плакаттар мен ашықхаттарды басып шығару
тапсырылды.
Кейінгі жылдары Өнер баспасынан өнер, мәдениет, фотоальбомдар,
фотобасылымдар және плакаттар шығару жолға қойылды. Түркістан, Абай
елі, Қазақтың әмбебеп өнер тарихы, Жамбыл әлемі, Ш.Айманов,
Ә.Марғүланның Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Өнер музейі, Қазақтың ою-
өрнегі, Ерлер киімі, Қазақстан, XIX ғасыр суретшілерінің
шығармаларында, Абай атындағы драма театры, Қазақ қыздарының парасат
мектебі, т.б. тақырыптағы фотоальбомдар жарық көрді.
Сонымен қатар, осы Өнер баспасынан оқырманның сұранысына ие болып
жүрген Қүрманғазының Күйлері, Сыбызғы сазы, Нұрғиса Тілендиевтің 1-II
том кітаптары, Е.Брусиловский, Шара Жиенқүлова.

2. Кітапханадағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы әдебиеттерді
насихаттау тәжірибесі

Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі
- кітапхана. Бүгінгі кітапханалардың міндеті - жастардың жалпы кәсіби білім
дәрежесін арттыру, олардың жан-жақты тэрбиесі мен өз бетінше білім алу
жөніндегі оқуын ұйымдастыру.
Ұлттық кітапханадағы Өнер бөлімі - ұлттық өнеріміздің шағын шаңырағы.
Бұл бөлімде әлемнің өнерге байланысты ең кұнды басылымдары мен жүмыс
жасайды. Бөлімге қарапайым оқушылар мен студенттер, ұстаздар мен зерттеуші
ғалымдар, мэдениет қызметкерлері мен әйгілі өнер қайраткерлері де келіп,
өнер білімімен сусындайды. Оқу залы мәдени, әдеби мұраларымыздың
анықтамалық-библиографиялық ақпаратты орталығы оқырмандарға қызмет көрсетіп
келеді.
Бөлімнің негізгі мақсатының бірі - оқырманның таусылмас талабын
орындау. Мұнда өнердің әрбір саласы бойынша ғылыми құнды құжаттар, арнайы
басылымдар, ноталар, альбомдар мен күйтабақтардың қайталанбас алтын қоры
бар.Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорында әлемдік музыкалық
мәдениеттің негізгі бір бөлігі - 23 мыңнан аса күйтабақтардың бай музыкалық
қоры жинақталған.
Көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы әдебиеттерді насихаттауда
ҚР Ұлттық кітапханасының мәдени – көпшілік жұмыстарын жүзеге асыруда
атқарар рөлі ерекше.
ҚР Ұлттық кітапханасы қазақ жазушылары мен ақындарының шығармаларын
насихаттауға арналған сериялық әдістемелік ұсыныстар шығарады.
Ардың жүгін арқалаған аманат Көркем әдеби шығармаларды кітапханаларда
насихаттауға арналған ұсыныстар - Алматы: ҚР ¥лттық кітапханасы, 1993. -
15 б.
Бүгінгі таңда ел өміріндегі саяси - әлеуметтік жаңалық, жақсылықтың
бәрі дерлік қаламгерлер назарында. Осындай кесек жаңғыруларға
суреткерлердің жеке басының таңырқауы қажет емес. Сол кесек өзгерістердің
не үшін және қалай жасалып жатқаны жөнінде жазылғаны керек. Демек, бүгінгі
күн тақырыбына қалам тарту дегеніміз – Адамның уақытпен үндес тұлғасын
көрсету. Қазақ әдебиетінің осы тұтастық соңғы жылдары есімдері елге
қайтарылған ардақты азаматтарымыз Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов
есімдерімен қайта танылды.
Ардың жүгін арқалаған аманат деп аталатын бұл әдістемелік ұсыныстар
Көркем әдеби шығармаларды кітапханаларда насихаттау жұмысына көмек атты
құралдың жалғасы ретінде жарық көріп отыр. Мақсатымыз – оқырмандарды қазақ
прозасы мен поэзиясының ең таңдаулы шығармаларымен таныстыру ғана емес,
сонымен қатар оларды халық арасына кеңінен насихататуға көмектесу.
Осыған орай көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы әдебиеттерді
насихаттауға арналған бірнеше шаралардың жобасын ұсынбақпыз:
Әдебиет - әсемдік әлемі пікірсайыс кеші.Қазақ әдебиеті, бұл халқымыздың
ары мен арманынан ғана пайда болған асыл қазына, дана ақылы мен сұлу
сезімінен ғана өсіп-өнген шалқар байлық.
Бұл – Махамбет пен Абайдың, Сұлтанмахмұт пен Сәкеннің, Мұхтар Әуезов
мұрасы. Қазіргі қазақ әдебиеті – бір ұлттың ғана меншігі емес, рухани азық.
Қазақ әдебиеті көп жанрлы, мол тынысты әдебиет. Сол қабырғалы
әдебиетіміздің қуатты үш жанрлы, мол тынысты әдебиет. Сол қабырғалы
әдебиетіміздің қуатты үш жанры қандай деңгейде? Жалпы ұлттық мәдени
дәрежеміз қай сатыда? Осы сұрақтар негізінде кітапханаларда пікірсайыс
кешін өткізуге болады. Кеш өткізілерден бұрын хабарландыру ілініп,
оқырмандар піаірсайыс кешінің сұрақтарымен танысады. Кеш өткізілетін
орынжайды ұлы адамдардың көркем әдебиет және әдебиеттану туралы сөздерімен
безендіруге болады. Кешке қонақтар ретінде әдебиеті мен тілі мамандары,
аудандық газет қызметкерлері , жергілікті ақындар шашақырылады. Кешті
қаламгерлер шығармаларынан үзінділер оқумен қорытындылаға жөн.
Пікірсайыс кешіне ұсынылатын сұрақтар жобасы:
• Әдебиет ардың - ісі.
• Қазақ әдебиетіндегі жақсы нышандар мен жаңа талпыныстар.
• Көркем әдебиет шығармалардағы жастар туралы баға.
• әдебиет пен өнердегі ұлттық дәстүр мен ұлттық түсінік.
• Менің сүйікті қаламгерлерім.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.М.Әуезов. Көркем әдебиет туралы. Қазақ әдебиеті.- 1989.-3 қараша. 5 б.
2.Мүсірепов Ғ. Әдебиет кәсіп емес - өнер. - Алматы: Жалын. 1987.- 122 б.
3.Нұрғалиев Р. Телағыс. Әдеби дәстүр мен әдеби даму. – Алматы: Жазушы,
1986.- 440 б.
Әлем таныған Әуезов М.Әуезовтың туғанына 100 жыл толуына арналған
әдістемелік ұсыныстар - Алматы: ҚР Ұлттық кітапханасы, 1997.-12б.
1996 жылы ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми - әдістемелік бөлімі: Әлем
таныған Әуезов атты әдістемелік ұсыныс құралын шығарды. Бұл ұсыныс
құралды М.Әуезовтың шығармасын насихаттауға пайдалануға болады. Көрнекті
жазушының дүбірлі тойына ҚР Ұлттық кітапханасы да әзірлік үстінде.
Кітапхананың әдістемелік бөлімі М.Әуезов 1897-1997 деген тақырыпта
жазушының шығармашылығына арналған көлемді тұрақты кітап көрмесін
ұйымдастырды. Көрме ұлы жазушының шығармашылығының барлық дерлік саласын
қамтыған 8 бөлімнен тұрады.
• 1-бөлім: Әуезов шығармалары
• 2-бөлім: Абайтану негізін қалаушы
• 3- бөлім: Әуезов және халық ауыз әдебиеті
• 4 – бөлім: Көркем аударманың шебері
• 5-бөлім: М.Әуезов шығармасы шет ілінде
• 6-бөлім: Әуезов – дарынды драматург
• 7-бөлім: Жалын шарпыған тағдырлар
• 8-бөлім: М.Әуезов шығармашылығы туралы зерттеулері
Бар екен таудан аққан таза бұлақ М.Дулатұлының туғанына 110 жыл
толуына арналған әдістемелік ұсыныстар - Алматы: ҚР Ұлттық кітапханасы,
1995.-12б.
Ұзақ жылдар бойы қатаң тыйм салынып келіп, жариялылық тұсында асыл
мұраларымен халқына қайтып оралған ардақты есімдердің арасында дарынды
ақын, ағартушы ұстаз, Міржақов Дулатов ерекше құрметке лайық.
Алаш деп ұран салған (М.Дулатовтың шығармашылығына арналған әдеби
кеш)
Халықтың мәдени- талап-талғамын, өткенін білуге деген ынта жігердің
өсуіне байланысты кітапханашылар жаңадан шыққан кітаптарды дер кезінде
оқырмандарға насихаттап жеткізіп отыруы керек. Қазіргі таңда
кітапханашылардың басты міндеті мәдениетімізді, өмірімізді ғасырлар шаңынан
тазартып, оны жаңа заман талабына сай халыққа жеткізуге ұмтылу. Кешке
оқырмандардың белсене қатысуы үшін алдын-ала пікір сайыс сұрақтарының
жобасын дайындау керек. Кешті тұрақты оқырмандармен бірге, мектеп
оқытушыларын, жергілікті жердегі ұлттық мәдениетімізді, тарихымызды зерттеп
жүрген мамандарды қатыстыра отырып өткізген тиімді.
Көркем әдеби шыгармаларды кітапханаларда насихаттау жұмысында көмек
Әдістемелік ұсыныстар.-Алматы: ҚР Ұлттық кітапхана, 1996.-19 б.
Трилогия сипаты Оқырмандар конференциясы. Қайта құру, жариялылық
әлеуметтік саяси өмірімізге сыншыл рухты, сергек көзқарасты қолдап,
қанағаттандырып отыр. Тоқырау кезеңінде экономикалық, қоғамдық ғылымдар,
әдебиет пен өнер толып жатқан зардап шекті. Тіпті әдебиеттің әртүрлі
жанрларына әртүрлі пиғыл көрсетілді. Үлкен қызметтегі адамдарды мадақтаған,
соларды жырлаған шығармалар, өмірді қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған
күйде бейнелейтін туындылардың бәсі артты. Бұл кезде сын әдебиеттану көзге
көп ілінген жоқ, жете бағаланбады, еленбеді, ескерілмеді.
Сондықтан белгілі сыншы, профессор, филология ғылымдарының докторы
Р.Нұрғалиевтің көп жылғы ізденіс-толғаныстарының қорытындысы іспетті үш
кітаптан түратын әдеби-сын трилогиясының Мемлекеттік сыйлыққа 1988 ие
болуы сөз жоқ рухани өміріміздің бір көрінісі.
Әдеби-сын трилогияның бірінші кітабы Абай монографиясы ұлттық
драматургияның жанр табиғатын тұтастай айқындауға арналған. Драмалық
шығармалардың идеялық, эстетикалық сипаттары, көркемдік сапасы, сөз саптау
ерекшеліктері, мәдени-рухани зерттеледі.
Классик сабақтары, әлемдік әдебиеттегі озық, өміршең, жасампаз, жанрлық
формалардың қазақ топырағына енуі рухани көркем мәдениетіміздің толығу,
даму белестері әдеби-сын трилогияның екінші кітабы Телағыс
монографиясында әртүрлі қырынан зерттеледі.
Әдеби-сын трилогияның үшінші бөлімі - Қазақ поэзиясы кітабы
әдебиеттің эстетикалық-идеялық арналарын, методологиялық принциптерін,
жанрлық байлығын халықтық, гуманистік, топтық, философиялық ерекшеліктерін
көрсетуге арналған.
Эстетика принциптері мен әдеби-көркем сынның қазіргі теориясы мен
методологиясы, құрал-тәсілдері арқылы әдеби процесті, оның жанды
құбылыстарын қазақ әдебиетінің контекстінде қарастыру арқылы құнарлы ойлар
айтқан.
Сондықтан көпшілік кітапханаларда қазақ әдебиетін терең талдап оқитын
оқырмандар тобын кеңінен тарта отырып оқырмандар конференциясын өткізуді
ұсынамыз.
Өткен күн елестері Оқырмандар конференциясы. Шаймерденов С. Ағалардың
алақаны: Повестер, әңгімелер, эсселер. - Алматы: Жазушы, 1987. -368 6.
С.Шәймерденовтың бүл кітабына М.Әуезов, С.Мүқанов, Ғ.Мүсірепов,
Б.Момышұлы туралы эссе-естеліктермен қатар автобиографиялық повестер,
эңгімелер енген.
Ағалардың алақаны - адамшылық сезім, адамдыққа адалдық туралы кітап.
Құйтыртқысы жоқ бірқақпайлар деп атаған үлкен екінші бөлім тұтастай этюд,
эссе, естеліктер. Ағалардың алақаны атанған кітаптың негізгі түпқазығы
идеясы осы бөлімде жатыр. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин хақындағы
көпшілік біле бермейтін қасиет - ерекшеліктерін ашады, мінез-құлықтарының
жұмбақ қалтарыстарын сездіруге тырысады. Сондықтан көпшілік кітапханасында
қазақ әдебиетін сүюші жалпы оқырман қауымына берері көп. Кітап туралы жалпы
оқырман қауым арасында оқырмандар конференциясын өткізудің тағылымдық мәні
зор.
Оқырмандар талқысына ұсынылатын сұрақтар жобасы:
1. Жинақтағы үлы түлғалар өмірінің өзіндік сипаты.
2. Хамит, Қаһар, Жүсіп, Голубаев, Бейсен, Есмағи - өмірдің өзінен
алынған бейнелер.
3.Кесек тұлғалардың қасиет ерекшеліктерін этюд, эссе, естеліктер арқылы
жазушының оқырмандарға жеткізу шеберлігі.
4.Кітаптың тәрбиелік мәні мен маңызы.
Шәкәрімнің ақындық әлемі Сыр отауында кездесу ұйымдастыруға кеңес.
Кітапханаларда соңғы уақытта кеңінен қолданылып жүрген мәдени-шаралардың
бірі әдеби үйінде өткізілетін кездесулер. Осы дәстүр бойынша кітапханада
Сыр отауын ұйымдастыруға болады. Кезекті сыр отауында өткізілетін әдеби
кешті қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихындағы аса ірі тұлғалардың
бірі Шәкірімнің ақындық әлеміне арнауға болады.
Шәкәрім XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ
әдебиетінің бағыт-бағдарын, іздені, өсу жолдарын, идеялық мұратын
айқындайтын, ұлттық сөз өнерін барлық жанрда бірдей байытқан жоғары сапалы
мол мұра қалдырған еді. Соңғы елу жыл көлемінде Шәкәрім есімі, оның сан-
салалы қаламгерлік қызметі қалың жұртшылық үшін мүлде жабылып қалған еді.
Міне, енді қоғамдық өміріміздің барлық саласында жүзеге асырылып жатқан
жаңару, жаңғыру нәтижесінде Шәкәрім мұрасы да өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Әдебиет танытқыштың әлемдік әдебиеттану ғылым контексіндегі көрінісі
Тіл мәдениетінің сипаты
Қазақстандағы аударма өнерінің даму кезеңдері
Кадет партиясының мүшесі
«әуезов атындағы орындар» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Қазақ тілі - қазақ тілінің ұлттық тілі
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Пәндер