Швейцария салық жүйесі


ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
Швейцарияның құрамында конфедерация (орталық штат), 26 кантон, 3000-нан астам муниципалитет бар. Кантондар дербес әкімшілік-аумақтық бірлік болып саналса, муниципалды актономияның дәрежесі кантон заңнамасымен анықтайды.
Швейцарияның салық жүйесі біртіндеп қалыптасты. 1848 жылға дейін калтондар өз табыстарын кеден баждары есебінен құрады, жекелеген кантондарда мүлік салығы енгізілді. 1848 жылдан бастап кеден баждарын алу өкілеттігі Конфедерацияға берілді. Осы жылы Швейцария мемлекеті құрылып, кантондарда табысқа және мулікке салынатын салықтарды алу құқығы берілді.
Швейцария Үкіметі салық жүйесін жетілдіріп, дамыту барысында жалпыға ыңғайлы және нарықтық жағдайларға бейім өзгерістерді енгізуге, әлемдік бәсекелестік барысында отандық кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді қолдауға ұмтылыс жасанды.
Швейцарияның салық жуйесі мынадай қағидаларға иегізделген:
• теңдік;
• сауданың еркіндігі;
• меншіктің кепсіденген құқығы;
• діни нанымның еркіндігі;
• кантонаралык екі жакты салық салуға тыйым;
• расталмаған салықтық түсімдерге тыйым.
Бұл елде салық жүйесіңін жетілдірілуі мен оңайлатылуына баса көңіл бөлінген және ел Конститтуциясында көрініс тапқан. констнтуцияда салық салудың үйлесімділігінің екі типі қарастырылған:
а) вертикалды, яғни конфедерация. кантон, муниципалитеттер үшін;
ә) горизонталды, яғни кантондар, муниципалитеттер арасында.
Осы мақсатқа жету барысында 1990 жылы 14 желтоқсанда Конфедерация "Кантондар мен муниципалитеттердің тура салықтарын үйлестіру туралы және 1995 жылы 1 қаңтарда "Федералдық тура салықтар туралы" Заңдар шығарды. Осы Зандарға сәйкес төмендегідей қағидалар іске косылды:
• отбасына салық салудың схемасын сақтау;
• әріптестік рентаға шекті салық салу;
• қайта құрылған компанияларға салық преференциялары;
• холдингтік компанияларға артықшылық пен салық жеңілдіктері;
• ұйымдық нысаны өзгерген (қайта құрылған) занды тұлғаларға салық женілдіктері; т. б.
Швейцарияның федерализм қағидасына сәйкес, елде үш денгейлі салық салу жүйесі қызмет етеді. Салықтарды конфедералдық Үкімет, кантондар мен жергілікті билік органдары алады.
Швейцариядағы салықтардың негізгі турлеріне:
• занды тұлғалардың пайдасы мен капиталына салынатын салық;
• жеке тұлғалардың табысы мен таза активтеріне салынатын салық;
• косылған құнға салынатын салық;
• жылжымайтын мүліктін күн өсімінен алынатын салық;
• лотореядан алынатың салық;
• мұра мен сыйға салынатын салық;
• меншік құқының өтуіне салынатын салық және т. б. жатады. Жалпы, Швейцарияның салықтарын екі үлкен топқа топтастыруға болады:
• табыстар мен меншіктен алынатын салықтар;
• тұтыну мен иелік етуге салынатын салықтар.
Табысқа салынатын салықтар - кезеңдік салықтар болып табылады. Кезеңдеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
- базалық - салықты есептеу барысында негізге алынатын табыс алынған уақыт аралығы;
- салықтық - салық төленетін мерзім; әдетте бұл кезен бір жылға тең болғандықтан, "оны салықтық деп атайды;
- есептік - бекітілген салық мерзімі қолданыста болатын уақыт аралығы.
Ел Конституциясына сәйкес, Конфедерацияға кеден баждарын, елтаңбалық алымды, төлем көзінен ұсталатын салықты, косылған құнға салынатын салықты, темекіге салынатын салықты, кантондарға булардан басқа салықтарды алу өкілеттігі берілген. Кантондарда алынатын салық ставкасының ерекшелігі оның екі құрамдас бөліктен тұруында болып табылады:
а) заңмен бекітілген тұрақты ставка;
ә) белгілі бір уақыт аралығынан кейін бекітілетін тұрақты мулътипликатор:
Муниципалитеттердің тек кантон Конституциясы бойынша рұқсат етілген салықтарды ғана алу өкілеттігі берілген.
Швейцарияда салықты есептеу әр түрлі екі жүйеге негізделген:
а) нәтижелейтін салық салу - салық сомасы салық кезеңі ішінде есептеледі. Бұл жерде базалық және салықтық кезең бір-біріне сәйкес келеді және бір жылды құрайды. Басым көпшілік кантондар мен Конфедерация занды тұлғаларға салық салу барысында және бір кантон азаматтарға салық салу барысында осы жүйені қолданады;
ә) алдын ала салық салу - салық алдыңғы бір немесе екі жылда алған табыс негізінде ағымдағы жыддын табысын, өлкесіне салық сомасын анықтайды. Басым көпшілік кантонлар мен Конфедерация азаматтарға салык салу барысында және жекелеген кантондар занды тұлғаларға салық салу барысында қолданады.
Швейцарияда халықаралық екі жақты салық салуды болдырмауға баса назар аударады және оның алдын алу үшіи халықаралық конвенцияларға қол қойылған. Қазіргі кезде елуден астам елдер халықаралық конвенцияларға қол қойған. Кантондар арасында екі жакты салық-салу орын алған жағдайда, ол мәселе Федералдық Жоғарғы Сот деңгейінде шешіледі.
Екі жақты салық салудың алдын алудың танымал екі әдісі бар:
- босату әдісі - резидент-ел салық салудан қандай да бір елдің табыстары мен капиталын босатады;
- несиелеу әдісі - екі ел де ерекше тауар мен капитал түрлерін»: салық салу құқығына ие.
Конфедерация денгейінде жеке тұлғалардың табысына салынатын салықты (income taxesfor individuals) резиденттер немесе осы ел аумағында жұмыс жасайтын уақытша резиденттер төлейді. Соған байланысты шектелген және шектелмеген салық жауапкершілігі ажыратылады. Шектелген салық жауапкершілігі бейрезиденттерге қатысты колданылады. Олардан баска жеке тұлғалар шектелмеген салық жауапкершшігіне тартылады. Салық екі жыл мерзімге анықталып, Конфедерация үшін кантондар жыл сайын жинайды. Федералдық табыс салығын салу объектісі бболып мынадай табыс түрлері табылады:
• компенсациялық (аннуитет, зейнетақы) ;
• жылжитын және жылжымайтын мүліктен алынатын табыс,
• лотореядан ұтыстар;
• тұрмыс кызметін көрсететін тәуелсіз және тәуелді фирмалардан алынған табыстар;
• капитал өсімі және т. б.
Жиынтық табыстан оны алуға кеткен шығындар шегеріліп тасталады. Жалғыз басты ата-аналарға, балаларға, ортақ табысы бар ерлі-зайыптыларға қосымша әлеуметтік жеңілдіктер беріледі Сондай-ақ сақтандыру жарналары, жинақтаушы депозиттер бойынша пайыздар да жиынтық табыстан шегеріліп тасталады халык прогрессивтік шкаламен алынады. Максималды салық ставкасы - 11. 5 пайыз.
Ел Конституциясына сәйкес, компаниялар кантондар және муниципалитет деңгейінде пайдаға салынатын салық пен капиталға салынатын салықты (taxes on profiland on capital) төлейді. Заңды тұлғалардың капиталына және пайдасына салынатын салықты Швейцарияда тіркелген немесе басқару органы бар кез келген заңды тұлға төлейді.
Салық салу барысында заңды тұлғаның екі түрін жіктейді:
1) корпорациялар (біріккен кәсіпорындар, шектеулі серіктестіктер, жауапкерщілігі шектеулі компаниялар) және кооперативтік серіктестіктер;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz