Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмысын зерделеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
- МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ 5
- БИЛІКТІ НЕ ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІКТІ АСЫРА ПАЙДАЛАНУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ 16
2. 1 Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмысының объектісі 17
2. 2 Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмысының объективтік жағы 21
2. 3 Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмысының субъектісі 31
2. 4 Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмысының субъективтік жағы 41
- БИЛІКТІ НЕ ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІКТІ АСЫРА ПАЙДАЛАНУ ҚЫЛМЫСЫН ҰҚСАС ҚЫЛМЫС ҚҰРАМДАРЫНАН АЖЫРАТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 56
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 64
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан өз мемлекеттiк тәуелсiздiгiне ие болғаннан кейiн егеменді мемлекет пен оның азаматтарының өмiрiне тiрек болатын барша құқық негiзiн қайта құру қажеттiгi туды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; Қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен шешу [1] .
Егемен республиканың мемлекеттiк және қоғамдық өмiрiнiң құқықтық негiздерiн нығайту мейiлiнше, маңызды екендiгi сөзсiз. Сонымен қатар, демократия және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негiзделген құқықтық мемлекеттi, азаматтардың құқықтық саласын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдында өз мiндеттерiн түсiнбей, қоғамдық өмiрдiң маңызды жақтарын заң арқылы ретке келтiру мүмкiн емес.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Заңды бұрмалау фактiлерi қылмыс жасау, оның iшiнде мүлiктi ұрлау, экономика аясындағы қылмыс, лауазымды қылмыстар сияқты қоғам үшiн қауiптi қылмыс түрлерi әлi де болса кең етек алып отыр.
Қазiргi таңдағы келелi мәселелердiң бiрi: «Мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар және онымен байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес». Яғни, елiмiздегi жалпы мүдделерге қарсы қылмыстармен күрестi одан әрi жетiлдiрмей елiмiзде бiрегей құқықтық жағдай қалыптастыру мүмкiн емес.
Құқықтық мемлекет құру барысында мемлекет мүддесiн қорғауды қамтамасыз ету мемлекетiмiздiң одан әрi нығаюына септiгiн тигiзiп қана қоймайды, мемлекеттiк қызметке заң талабын орындауды қамтамасыз ететiн бiлiмдар, отаншыл, ел - жанды азаматтардың келуiне жағдай жасайды.
Сондықтан, қылмыстық заң арқылы мемлекеттiк қызмет мүддесiн қорғай отырып заңгер өзiмiздiң, халықтың мүддесiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғайды. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексiнде «Мемлекеттiк қызмет мүддесiне қарсы қылмыстар» он үшiншi тарауда топтастырылған.
Нарықтық экономиканы қалыптастыру дәуiрiнiң өзi мемлекеттiк қызметтi коммерциялық және өзге де ұйымдардың қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардан ажыратуды қажет етедi.
Осыған байланысты қоғам өмiрiнде орын алып отырған келеңсiз оқиғалардың iшiндегi бiрден-бiр күрделiсi, терең талдап, жан-жақты зерттеудi қажет ететiн мәселе болғандықтан диплом жұмысына осы «Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалну: түсінігі, ұқсас қылмыс құрамынан ажырату мәселелері » тақырыбын таңдадық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттелінетін тақырыптың әртүрлі аспектілері келесі ғалымдардың еңбегінен көрініс тапқан: А. Н Ағыбаев, С. М. Рахметов, Т. Ә. Бапанов, Е. О. Алауханов, Е. З. Турғумбаев, Е. Ә. Оңғарбаев, А. А. Смағұлов, А. Н. Трайнин, Р. Б. Құлжақаев, В. Ф. Кириченко, А. В. Волженкин, В. Н. Кудрявцев, Ю. И. Ляпунов, В. Е. Мельникова, З. А. Незнамова, Г. П. Новоселов, И. Я. Козаченко, И. Ш. Борчашвили, Р. Орымбаев, С. С. Молдабаев, Б. В. Здравомыслов, М. Д. Лысов, А. Я. Светлов, Н. В. Кожевников, Н. О. Лаговиер және т. б.
Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмысын зерделеу арқылы, аталған қылмыстың қылмыс құрамын анықтап, түсінігін беру.
Бұл зерттеу мақсаттарына жету үшін келесідей міндеттер қойылған:
- билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмыстарын дұрыс саралауды жүзеге асыру үшін түсінігін нақтылау;
- билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмыстарының ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату мәселелерін көрсету.
Жұмыс объектісіне - мемлекеттік аппараттың қалыпты қызметін қалыптастыру аясында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Зерттеудің пәні болып билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуды және жаза тағайындауды реттейтін Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының нақты нормалары табылады.
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі. Дипломдық зерттеудің методологиялық базасы диалектикалық әдісті тануға қызмет ету және оған негізделген формальды-логикалық, тарихи-құқықтық, жеке-ғылыми, нақты-әлеуметтік, салыстырмалы-құқықтық зерттеу әдістері.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1. Билікті не лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзінің құқықтыры мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кететін және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы.
2. Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмыстарын ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату қылмыстық - құқықтық құрамын дұрыс саралауға тікелей байланысты.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы құқық қорғау органдарының алдында тұрған өзекті міндеттерді шешуге бағытталғандығымен анықталынады. Зерттеу нәтижесінің негізінде қылмыстық құқықтық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын жетілдіруге, оның нормативтік-құқықтық реттелуін жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстар жасалынды.
Жұмыстың құрылымы және көлемі зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, төрт бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың ерекшелігі, бұл қылмыстар өздері заңды сақтау мен қорғауға шақырылған тұлғалармен жасалады. Бұл қылмыстардың кең таралуы, мемлекеттік аппараттың жемқорлыққа салынуы заң шығарушыны парақорлықпен, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланумен және басқа да мемлекеттік қызметке қол сұғушылықтармен күрес үшін ерекше қатал шаралар қолдануын міндеттейді.
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар бар проблемелерды шешу тиімділігі "сыбайлас жемқорлық" және "мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар" түсінігін заңнама мен әдебиеттерде екі түрлі талқылануымен қиындап отыр.
Осымен қатар, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстардың ерекше белгілерін анықтау, соның негізінде сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар түсінігін қалыптастыру маңызды теориялық және тәжірибелік мәнге ие. Осы арқылы бұл қылмыстарды теріс қылықтан ажыратып, нақты қылмыстық - құқықтық жағдайларды тура саралауға болады.
Қызметтік қылмыстарға және оның түрлеріне арналған заңнаманы және арнайы әдебиеттерді зерттеу, бұл проблемаға көп көңіл бөлінгенімен, қызметтік қылмыс ( сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар) мағынасын анықтау және оның белгілерін ашуда көптеген айырмашылықтар бар екенін көрсетеді.
Осы себептен және ҚР қылмыстық заңнамасын негізге ала отырып, осы сұрақ жайында кеңестік криминалист - ғалымдардың негізгі бағыттарын қарастырып кеткен, олардың қызметтік қылмыстар жайлы, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түсінігін заңнамалық нақтылау жайлы өз түсінігін көрсетіп, жалпы оқудың ары қарай дамуы туралы ұсыныстар беру тура болады.
ҚР ҚК аталған қылмыстарға заңнамалық түсінік бермейді, ал ҚК 307 б. нормасы бұған негіз бола алмайды, өйткені, оның қосымшасында сыбайлас жемқорлық және өзге де мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарға тән ерекше белгілер жоқ. Өзге Достастық мемлекеттерінің ҚК - де мұндай нормалар бар.
Қылмыстық заңнама тарихында екі кеңестік республика қылмыстық кодекстерінде - Украина КСР ҚК - нің 164 бабында және Өзбек КСР ҚК - нің 148 бабында - қызметтік қылмыс болып мемлекетке және жеке азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына айтарлықтай зиян келтірген тұлғаның өзінің қызметтік өкілеттікпен берілген міндеттерін бұзуы деп айтылған.
Бұл анықтамада қызметтік қылмыстардың негізгі объектісіне нақты нұсқау көрсетілмеген, әрекет жеткілікті дәрежеде нақты сипатталмаған, тар мағынада қарастыралған, өйткені өзінің қызметтік дәрежесін пайдаланып жасалатын қылмыстар кіргізілмейді, ал айтарлықтай зиян келтіру керек деген түсінік қызметтік қылмыстар аясынан бұл белгі міндетті емес құрамдарды шеттетіп тастайды. Осыған байланысты анықтама әдебиеттерде сын - пікірге ұшырады [2, 47 - 48 б. ] .
Бірқатар шет мемлекеттердің қылмыстық заңнамасы да мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарға анықтама береді.
Англияда қабылданған қылмыстық - құқықтық доктринаға байланысты қызметтік қылмыстар бір топқа біріктірілген "қызметтік тұлғалармен жасалатын немесе олардың қызметімен байланысты қылмыстар" субъектісі ретінде қоғамдық қызмет өкілдерімен қатар басқа да қызметкерлер және заңды тұлғалар болуы мүмкін.
1995 ж. қабылданған Испания Қылмыстық кодексі қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып жасалған қылмыстары үшін мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығын көздейтін ашығырақ қарастырылған нормаларды көрсетеді.
Қылмыстық құқық теориясында қыметтік қылмыстар жайындағы жалпы оқу туралы сұрақтарды шешуге криминалист - ғалымдар көптеген жылдар бойы үлкен қызығушылық танытып келеді [ 34 - 24] .
Жиырмасыншы жылдары қызметтік қылмыс және қызметтік тұлға жайында проблемаларды зерттеу жөнінде елеулі өзгерістер енгізген, қызметтік қылмыстар құрамының жеке элементтеріне қатысты сұрақтарды нақтылаған А. А. Жижиленко, А. Гюнтер, А. Н. Трайнин, А. Я. Эстрина және басқа ғалымдардың зерттеулері болатын.
Қызметтік қылмыстар мағынасы әртүрлі талқыланды. Осылайша А. Н. Трайниннің пікірі бойынша, қызметтік қылмыстар - бұл орындаушысы тек мемлекеттік қызметші бола алатын, мемлекеттік ( қоғамдық ) қызметтің тура ағымына кедергі келтіретін қол сұғушылықтар. Осы көз қарасқа қызметтік қылмысты объектісі қызмет өкілінің тікелей қызметі және оның қызметтік функцияларының қалыпты орындалуының бұзылуы ретінде қызметік қылмысты сипаттаған А. Гюнтердің көз қарасы жақын.
А. Я. Эстриннің ойынша қызметтік қылмыстардың мағынасы қызметтік міндеттердің бұзылуы, ал объектісі туралы сұрақты шешуде қандай құндалықтар, нақтырақ айтқанда, қылмыс жасалуынан бұл кластық құқықтық тәртіп қорғайтын қандай қызығушылықтарға зиян келтіріліп отырғаны арқылы түсіндірді. М. Кожевников және Н. Лаговиер қызметтік қылмыстар бұл - қызметтік міндет пен қызметтік тәртіпке қарсы қылмыстар деппайымдады.
30 - 40 жылдары қызметтік қылмыстар үшін жауаптылық А. Н. Трайнин, Г. Р. Смолицкий, Г. Р. Утевскийдің монографияларында зерттелді. Көптеген жылдар бойы қызметік қылмысты " социалистік құрылысқа қарсы, мемлекеттік және қоғамдық аппараттың тура қызметіне қол сұғу " деп түсіндіретін анықтама үлкен тірекке йе болды. Керісінше, барлық колхоз қызметкерлерін қызметтік өкіл ретінде тану ғалымдар қатарынан мақұлданбады және практикамен тура емел екені көрсетілді.
50 жылдар реформасы, жаңа қылмыстық заңнаманың негізін қалау қызметтік қылмыстарға жоғары қызығушылық тудырды. Осы жылдыры қызметтік қылмыстарды кеңестік мемлекеттік аппараттың (кең мағынада ) қызметіне қарсы, өзінің қызметтік өкілеттігін қолдану арқылы мемлекеттік аппарат құрамына кіретін тұлғалармен жасалатын ( қызметтік өкілдер ) іс - әрекеттер ретінде түсіндірген В. Ф. Кириченко, В. Д. Меншагин, А. Б. Сахаровтың және т. б. жұмыстары пайда болды.
60 - 70 жылдары қызметтік қылмыс аздаған өзгерту арқылы, қызмет мүдделеріне қарсы, қызмет бабындағы тұлғаның қызмет өкілеттіктерін пайдалану арқылы қоғамдық немесе мемлекеттік аппараттың тура қызметіне қол сұғатын қоғамға қауіпті, кінәлі, құқыққа қарсы әрекеті ретінде түсіндірген В. Ф. Кириченко, М. Д. Лысов, Ю. И. Ляпунов, А. Я. Светлов, В. И. Соловьевтың жұмыстары пайда болды.
Қызметтік қылмыстар және олардың қылмыстық заңнамада орын алуы жайлы ғылыми көзқарастар тоталитарлық кеңестік қоғамда экономикалық, саяси және қоғамдық өмірінің толық мемлекеттендірілген әкімшілік - басқарушылық жүйесімен 80 жылдардың екінші жартысының аяғы мен 90 жылдардың бас кезінде бұрынғы жүйе орын алаып және экономикалық және саяси өзгерістер бола бастағанда толық қайта қарауды талап етті.
Экономиканың мемлекетсіздендірілуі, жеке меншік пен еркін кәсіпкерлікті тану, демократияның дамуы мен көппартиялылықты тану қызмет бабындағы қылмыстар жауаптылығы үшін заңнаманы реформалау проблемасын туғызды. Өйткені, қоғамдық және мемлекеттік емес кәсіпкерлік басқарушылық қызметегі тұлғалардың қоғамға қауіпті іс - әрекеттері тиісті қылмыстық - құқықтық қарауды талап етті.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі, мемлекеттік қызмет пен комерциялық ұйымдардағы қызметті бірдей қарау дұрыс емес екенін және мемлекеттік қызметшілер мен басқа ұйымдар қызметшілерінің қылмыстарының қоғамдық мәнінің әртүрлі екенін негізге ала отырып, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар мен комерциялық ұйымдар қызметіне қарсы қылмыстарды екі бөлек тарауда көрсетті.
Қоғамдық қызметкерлердің қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстары мен басқа қызметкерлердің қылмыстарын екі бөлек қарастыру Ресей Федерациясы мен Қырғызстанның қылмыстық кодекстерінде де кездеседі.
ҚР ҚК 13 енгізілген қылмыстар - бұл билік өкілдерімен және мемлекеттік қызмет, жергілікті өзін - өзі басқару, Қарулы Күштер, ҚР басқа әскерлері және әскери құрылымдары өкілдерімен мемлекеттік қызмет мүдделеріне және жергілікті өзін - өзі басқару қызметіне қарсы қылмыстар.
Әдебиеттерде мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың түсінігіне анықтама беруге тырысады. Бұл түсініктер аздаған өзгерістерге қарамастан олардың бәрі мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарға - қылмыстық заңмен қарастырылған, қоғамдық басқару аппаратының заңмен реглементтелінген, қалыпты қызметіне қол сұғатын, өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып осы аппарат қызметшілерімен және арнайы бұйрық бойынша осы қызметті атқаратын тұлғалармен жасалған іс - әрекеті деген түсінік береді.
Қызметтік қылмыстар әртүрлі нәтижелерге алып келеді және мемлекеттік қызметке кері әсерін тигізеді. Қазіргі демократиялық өзгерістер мен экономикалық реформалар басынан кешіріп отырған қоғамдағы мемлекеттік қызметтің мәні өте жоғары. Осымен қатар, мемлекеттік қызмет аппараты, жергілікті өзін - өзі басқару және өзге қызметтерде көптеген проблемалар мен кемшіліктер бар, олардың бірі басқару аппаратының жемқорлығы болып отыр.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында " сыбайлас жемқорлық өміріміздің әртүрлі салаларына тереңдеп еніп келеді, экономикалық саясат пен мемлекеттің даму стратегиясына кері әсерін тигізеді, мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік меншіктің тікелей және жанама ұрлануына алып келеді. Бұл дегеніміз, бүгінгі таңда қаражатты көп талап ететін әлеуметтік салаға кері әсерін уақыт өткен сайын ауырлатып тигізіп келеді. Сыбайлас жемқорлық өндіріс секторын да әлсірітіп жатыр, инвестициялық климатты нашарлатып, инвестарлорға жол жабатын ұрлықшыл менеджмент басқаратын көптеген кәсіпорындар осыған себеп. Ол қоғамның демократиялық халін нашарлатып, заңға және әділеттілікке сенімін жоятын глобалдық қауіп әкеледі. " делінген [ 35 ]
" Транспаренси Интернешнл " халықаралық ұйымы жүргізген жемқорлық дәрежесі туралы әлеуметтік сауалнаманың нәтижесінде Қазақстан 2000 жылы 65 орын, 2001 жылы 71 орын, 2002 жылы 88 орынға жетті.
Қылмыстық кодекстiң 13 - тарауы «Мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстарға» арналған. 1959-жылғы Қылмыстық кодексте мұндай тарау жоқ едi, керiсiнше, «Лауазымды адамдар қылмыстары» деген тарау бар болатын. Қоғамымызда орын алған күрделi әлеуметтiк-экономикалық, саяси өзгерiстердiң нәтижесiнде лауазымды адамдардың қылмыстары мемлекеттiк органның аппараты жүйесiнде немесе коммерциялық және өзге де ұйымдар жүйесiнде iстелiнетiнi айқындалады [6. 675-676 бб. ] .
Осыған орай, бұрынғы кодекстегi лауазымдық қылмыстар деген тарау лауазымды адамдардың қызмет бабын пайдалана отырып iстейтiн қоғамға қауiптi iс - әрекеттерiнiң мәнiне қарай коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделерiне қарсы және мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар болып жеке екi тарауға бөлiнедi.
Мұндай бөлiнудiң негiзі қылмыстың объектiсi мен субъектiсi болып табылады. Мемлекеттiк емес ұйымдардың лауазымды адамдарының қылмысты iс - әрекетi сол ұйымдардың бiр қалыпты жұмысына кедергi келтiредi және олардың мемлекеттiк аппарат қызметiне еш қатысы болмайды.
Осы екi органның - мемлекеттiк немесе коммерциялық және өзге ұйымдардың лауазымды адамдарының атқаратын функцияларында елеулi өзгерiстер бар.
Жалпыға мәлiм бiрқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттiк органдардың қызметi ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерiнiң құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабiлеттi. Осыған орай, мемлекеттiк аппараттың қызметiн қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады.
Өйткенi, мемлекеттiк аппарат қоғамды басқару жүйесiнiң қажеттi белгiсi және ондағы жүрiп жатқан процестердiң реттеушiсi болып табылады. Жаңа Қылмыстық кодексте қызмет борышын адал атқаратындардың мүдделерiн қорғайтын көптеген баптар баршылық. Сонымен қатар, өз қызметтерiне қиянат жасайтындарға заң алдындағы қатаң жауаптылықта көзделген.
Мемлекеттiк қызмет мүддесiне қарсы қылмыстарды бiр тарауға бiрiктiруге негiз болған мына төмендегiдей ортақ белгiлерi бар:
1) Бұл тұрғыдағы қылмыстар негiзiнен арнаулы субъект - мемлекеттiк қызметтi немесе мемлекеттiк органның лауазымды адамдары арқылы жасалады.
2) Бұл тараудағы қылмыстар қызмет өкiлдiгiн пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
3) Лауазымды адамдардың қылмысты iс - әрекеттерi мемлекеттiк аппараттың дұрыс, заңды қызметiн қызмет мүддесiне қайшы түрде бұзады.
Мемлекеттiк қызмет мүддесiне қарсы қылмыстардың топтық объектiсi - мемлекеттiк аппараттың дұрыс бiрқалыпты қызметi; қосымша тiкелей объектiсiне - азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерi қоғамның, мемлекеттiң заңды мүдделерi жатады. Кейбiр қылмыс құрамдарының мiндеттi белгiсi - қылмыс заты болады: материалдық сыпайы (311, 312-баптар) ресми құжат (314-бап) ; объективтiк жағынан - мемлекеттiк мүддесiне қарсы қылмыстар материалдық құрамы (ҚК-ның 307, 308, 309, 315, 316-баптары) және формальдық құрам (ҚК-тiң 310, 311, 312, 313, 314-баптар) болып бөлiнедi.
Субъективтiк жағынан бұл қылмыстар негiзiнен қасақана кiнә нысанымен жасалады, тек қана салақтық (316-бап) абайсыздық түрiндегi кiнә нысаны арқылы жүзеге асырылады. Қызмет өкiлеттiгiн терiс пайдалану (307-бап) қызметтiк жалғандық (314-бап) жасау құрамдарының субъективтiк жағының қажеттi белгiсi ретiнде заңда пайдакүнемдiк немесе өзге де жеке басының мүддесi көзделген.
Осы тараудағы қылмыстардың субъектiсi - мемлекеттiк қызметшi немесе мемлекеттiк аппараттың лауазымды адамдары болады. Тек қана ҚК -тің 312, 313 - баптарының субъектісі жай адам болады.
Мемлекеттік қызметтің мақсаттары әр мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының алдында тұрған мемлекеттік басқару міндеттерін анық, толық және уақтылы орындау болып табылады [7. 35 б. ] .
Осыдан келе мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың нақты құрамдарының түрлерiне жеке тоқтала кетейiн.
Яғни қылмыстардың түрлерiн айтатын болсақ, оларға:
1) қызмет өкiлеттiгiн терiс пайдалану;
2) билiктi не қызметтiк өкiлеттiкті асыра пайдалану;
3) парақорлық яғни пара беру;
4) қызметтiк жалғандық жасау;
5) лауазымды адамның өкілеттігін иемдену;
6) кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу;
7) пара алу;
8) парақорлыққа делдал болу;
10) қызметтік әрекетсіздік;
11) салақтық.
Қызметтiк өкiлеттi терiс (заңсыз) пайдалану қызметтiк қылмыстардың неғұрлым кең тараған түрi. Ол көптеген жағдайларда лауазымды адамның қылмыстық әрекетiнiң бастамасы, басқа да ауыр қылмыстар жасаудың тәсiлi де болып табылады. Бұл қылмыстың мәнi мынада, лауазымды тұлға өзiне берiлген қызметтiк өкiлеттi пайдалана отырып, мемлекеттiк аппарат жүйесiндегi құқық пен өкiлеттi зұлымдық жолына қолданады.
Оның қауiптiлiгi сол, лауазымды тұлға өзiнiң қызметтiк өкiлетiн қызметтiк мүддеге қарама - қарсы қылмыстық жолмен пайдалана отырып азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, не қоғамның немесе мемлекеттiк заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi түрде нұқсан келтiредi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz