Қазақ ою-өрнектері арқылы оқушылардың іскерлігін қалыптастыру үрдісіндегі педагогикалық шарттарды анықтау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ...3

I Теориялық бөлім
1.1.Қазақ ою.өрнектері арқылы оқушылардың іскерлігін қалыптастырудың
психологиялық.педогогикалық шарттары ... ... ...5

1.2 Оқушыларды тәрбиелеуде қазақ ұлттық ою. өрнек өнерін пайдалану ... ... ... .8

1.3 Қазақ ою.өнектерінің түрлерімен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

II. Әдістемелік бөлім
2.1. Қазақ қолөнерінде ою.өрнектің дамуы ... ... ... ... ... ...19

2. 2. Ою. өнектерді комьпютерлік бағдарламалар негізінде оқыту ... ... ... ... ... ... 21

2.3 Қазақ ою.өрнектерін ұлттық киімдерге қолданылу үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ...26
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстандық білім беру жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты – әлемдік стандарттар деңгейінде білім сапасының жаңаруы мен ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру». Білім берудің жаңа жүйесіне көшу–ұлттық болмысты қалыптастыру мақсатында, гуманитарлық білім берудің толыққанды жүйесін құру қажеттілігінен туындаған мәселе. Мәселенің өзектілігі күннен күнге артып отырғандығын ҚР-ның «Білім туралы» Заңында көрсетілген білім беру жүйесінің міндеттерінен де айқын аңғарамыз.
Бұның бәрі педагог кадрлардан білім беруде жоғары мазмұнды даярлықты талап етеді.
Қазақ ою-өрнектерінің даму кезеңдерін оларды қолданудың жолдарын қарастыру, соған сәйкес педогог кадрлар даярлау туындап отыр. Осыған орай тарихи архиологиялық бағыттағы А.Х.Марғұлан, С.М.Дудин, Б.В.Веймарин, А.Ақышев т.б. еңбектерінде ою-өрнектердің бұйымдар мен заттарда қолданылуына мән берген[1, 5 б].
Қазақ ою-өрнектерінің даму тарихы мен өмірде әлеуметтік жағдайда қолданылуын Ә.Тәжімұратов, С,Қасиманов, Х.Арғынбаев, Қ. Мұқанов, У.Жаныбеков, Т.К.Басенов, К.Ибраймова, Е.Р.Шнейдерлар ашып көрсеткен.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық ою-өрнектерді қолдану маңызын К.Амиргазин, Б.А.Әлмұхамбетов, Ж.Балкенов, О.С.Сатқанов, А.О.Камаков, С.Жолдасбекова т.б. қарастырған.
Жоғары педогогикалық оқу орындарында студенттерді кәсіби еңбекке баулуда Е.С.Асылханов, К.К.Болатбаев, К.К.Ералин, Б.Ижанов, Ұ.М.Әбдығаппарова, У.Ш.Ибрагимов,Сутеева М.А, Д.А.Үркенбаева, және т.б. зерттеген.
Ал, тікелей шығармашылықты дамытуда қолөнерге үйрету мәселелерін (Хворостов.А.С, Ю.П.Желтухов, С.И.Пономарьков) қарастырған.
Ғалымдардың бірқатары (В.Д.Симоненко, М.А.Ушаков және т.б.) отандық және шетел тәжірибесіне мазмұнды талдау беру арқылы кіріктірілген “Технология” пәнінен эксперименттік бағдарлама жасаған. Бағдарламада материалдарды өңдеудің барлық түрі және олардың технологиясы, сәндік-қолданбалы шығармашылықтың (қолөнерге үйрету) негіздері және т.б. көрініс алған. Олардың пайымдауынша, адамды іс-әрекеттің қайсы бір түріне болса да баулу тұлғаның шығармашылық қасиетінің қалыптасу процесіне мақсатты түрде ықпал етеді. Бүгінгі ғылыми әдібиеттерге және педагогикалық практикаға жасаған талдау, технология мұғалімдерінің сәндік қолданбалы қолөнерді әлі де болса теория мен практикада өз деңгейінде шешімін таппай отырғанын көрсетеді [2, 35 б].
1. А.Х.Марғұлан.«Казахское народное прикладное искусство». Алматы, 1989 ж.
2. Х.Арғынбаев «Қазақ халқының қолөнері». Алматы, 1988ж.
3. С.Қасиманов «Қазақ халқының қолөнері». Алматы, 1995ж.
4. Ә. Тәжімұратов «Шебердің қолы ортақ». Алматы, 1987ж.
1. Ш. Әбдуалиева «Халық қолөнері». Алматы, 2004ж.
2. Д.Шоқпарұлы «Ремесла Казахстана». Алматы, 2003ж.
3. «Қазақ Совет энциклопедиясы».
4. «Шаңырақ» энциклопедиясы. Алматы-1990ж
9. М.С.Муканов «Казахские домашние художественные ремесла» Алматы 1979г.
10. Жәнібеков.Ө. Ежелгі Отырар.1997 ж, Алматы.
11. Жәнібеков.Ө. Жолайрықта. Алматы, 1995.
12. Жәнібеков.Ө. Культура казахского ремесла. Алматы-1982.
13. Жәнібеков.Ө. Эхо. 1991.
14.Маргулан. Казахское народное-прикладное искусство.Алматы-1986.1-3т
15. Ұ.М.Әбдіғаппарова. “Қазақтың ұлттық ою-өрнектері”
16. Абдуалиев Ш.А. “Қолөнер”
17.“Қазақтың ұлттық киімдері”. “Ақ босаға” 1992ж- қыркүйек.04.
18.Еламанов Қ. “Қазақтың киімдерінің мәні жайлы”, “Ақтөбе”, 1994ж-28 сәуір.
19. Нұрғалиев Рышғали “Өнердің эстетикалық нысанасы” Алматы: – 1979ж.
20. Асанова С. “Қазақтың ұлттық киімдері”. Алматы – 1995. Атамұра.
21.“Қазақ халқының сәндік ою-өрнегі”- А. Аврора, 1997ж.
22. Рахметова Н.Б. “Еңбекті оқыту әдістемесіне тәжірибелік жұмыстарға арналған оқу құралы”. Алматы-1997ж.
23. Әбдірасынова Б. “Көне киімдер”. “Ана тілі” 2000ж. 15 маусым.04.
24.Қ.Мұқанов “Жүннен жасалған бұйымдар”. Алматы-1990ж.
26. Ш.Абдуалиева. “Қазақ қолөнері” 5-6 кластарда еңбекке баулу пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал. А-1991ж.
27. «Білім беру технологиясының қазіргі проблемалары». Алматы, 2001 ж
28. Г.Қ.Шырынбаева «Қазақ халқының қолөнері». Алматы, 2004ж.
29. Қ.Қ. Болатбаев «Даналар сөзі». Алматы, 1999ж.
30. Қазақстан жоғарғы мектебі. №2, 2006.
31. Технология журналы №6, 2005.
32. Еңбекке баулу журналы. №7, 2007.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I Теориялық бөлім
1.1.Қазақ ою-өрнектері арқылы оқушылардың іскерлігін қалыптастырудың
психологиялық-педогогикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2 Оқушыларды тәрбиелеуде қазақ ұлттық ою- өрнек өнерін
пайдалану ... ... ... .8

1.3 Қазақ ою-өнектерінің түрлерімен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .13

II. Әдістемелік бөлім
2.1. Қазақ қолөнерінде ою-өрнектің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .19

2. 2. Ою- өнектерді комьпютерлік бағдарламалар негізінде
оқыту ... ... ... ... ... ... 21

2.3 Қазақ ою-өрнектерін ұлттық киімдерге қолданылу
үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...26

Кіріспе

Курстық жұмыстың көкейтестілігі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан атты Жолдауында: Қазақстандық білім беру жүйесін
реформалаудың негізгі мақсаты – әлемдік стандарттар деңгейінде білім
сапасының жаңаруы мен ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру. Білім берудің жаңа жүйесіне көшу–ұлттық болмысты қалыптастыру
мақсатында, гуманитарлық білім берудің толыққанды жүйесін құру
қажеттілігінен туындаған мәселе. Мәселенің өзектілігі күннен күнге артып
отырғандығын ҚР-ның Білім туралы Заңында көрсетілген білім беру жүйесінің
міндеттерінен де айқын аңғарамыз.
Бұның бәрі педагог кадрлардан білім беруде жоғары мазмұнды даярлықты
талап етеді.
Қазақ ою-өрнектерінің даму кезеңдерін оларды қолданудың жолдарын
қарастыру, соған сәйкес педогог кадрлар даярлау туындап отыр. Осыған орай
тарихи архиологиялық бағыттағы А.Х.Марғұлан, С.М.Дудин, Б.В.Веймарин,
А.Ақышев т.б. еңбектерінде ою-өрнектердің бұйымдар мен заттарда
қолданылуына мән берген[1, 5 б].
Қазақ ою-өрнектерінің даму тарихы мен өмірде әлеуметтік жағдайда
қолданылуын Ә.Тәжімұратов, С,Қасиманов, Х.Арғынбаев, Қ. Мұқанов,
У.Жаныбеков, Т.К.Басенов, К.Ибраймова, Е.Р.Шнейдерлар ашып көрсеткен.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық ою-өрнектерді қолдану маңызын
К.Амиргазин, Б.А.Әлмұхамбетов, Ж.Балкенов, О.С.Сатқанов, А.О.Камаков,
С.Жолдасбекова т.б. қарастырған.
Жоғары педогогикалық оқу орындарында студенттерді кәсіби еңбекке баулуда
Е.С.Асылханов, К.К.Болатбаев, К.К.Ералин, Б.Ижанов, Ұ.М.Әбдығаппарова,
У.Ш.Ибрагимов,Сутеева М.А, Д.А.Үркенбаева, және т.б. зерттеген.
Ал, тікелей шығармашылықты дамытуда қолөнерге үйрету мәселелерін
(Хворостов.А.С, Ю.П.Желтухов, С.И.Пономарьков) қарастырған.
Ғалымдардың бірқатары (В.Д.Симоненко, М.А.Ушаков және т.б.) отандық және
шетел тәжірибесіне мазмұнды талдау беру арқылы кіріктірілген “Технология”
пәнінен эксперименттік бағдарлама жасаған. Бағдарламада материалдарды
өңдеудің барлық түрі және олардың технологиясы, сәндік-қолданбалы
шығармашылықтың (қолөнерге үйрету) негіздері және т.б. көрініс алған.
Олардың пайымдауынша, адамды іс-әрекеттің қайсы бір түріне болса да баулу
тұлғаның шығармашылық қасиетінің қалыптасу процесіне мақсатты түрде ықпал
етеді. Бүгінгі ғылыми әдібиеттерге және педагогикалық практикаға жасаған
талдау, технология мұғалімдерінің сәндік қолданбалы қолөнерді әлі де болса
теория мен практикада өз деңгейінде шешімін таппай отырғанын көрсетеді [2,
35 б].
Демек, технология мұғалімдерінің сәндік қолданбалы қолөнерді жетілдіруге
қоғамның сұранысы мен жоғары оқу орнында технология мұғалімін даярлаудың
бүгінгі жағдайына әліде болса назар аударғандары жөн.
Сондықтан технология мұғалімінің сәндік қолданбалы қолөнерді жетілдіруі
үшін тиімділігі жоғары педагогикалық шарттарды іздестіру біздің зерттеу
проблемамызды айқындауға және тақырыпты “Қазақ ою-өрнектері арқылы
оқушылардың іскерлігін қалыптастыру ” деп таңдауымызға негіз болды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ ою-өрнектері арқылы оқушылардың
іскерлігін қалыптастыру үрдісіндегі педагогикалық шарттарды анықтау,
теориялық тұрғыда негіздеу және эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
– Қазақ ою-өрнектері арқылы оқушылардың іскерлігін қалыптастырудың
теориялық негізде психологиялық-педогогикалық шарттары анықтау;
– Оқушыларды тәрбиелеуде қазақ ұлттық ою- өрнек өнерін пайдалану және
олардың түрлерімен ерекшеліктерін қарастыру;
– Қазақ қолөнерінде ою-өрнектің дамуы жолдарын қарастыру;
– Қазақ ою-өрнектерін комьпютерлік бағдарламалар негізінде оқыту
тиімділігін анықтау;
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: технология пәнінде мектеп
оқушыларының қазақ ою-өрнектері арқылы іскерлігін қалыптастыру.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
– Қазақ ою-өрнектері арқылы оқушылардың іскерлігін қалыптастырудың
теориялық негізде психологиялық-педогогикалық шарттары анықталды;
– Оқушыларды тәрбиелеуде қазақ ұлттық ою- өрнек өнерін пайдалануы мен
олардың түрлері және ерекшеліктері қарастырылды;
– Қазақ қолөнерінде ою-өрнектің дамуы жолдары қарастырылды;
– Қазақ ою-өрнектерін комьпютерлік бағдарламалар негізінде оқыту
тиімділігі анықталды.

I. Теориялық бөлім
1.1.Қазақ ою-өрнектері арқылы оқушылардың іскерлігін қалыптастырудың
психологиялық-педогогикалық шарттары

Қолөнер - өркениеттің мәдени мәйегі.
Өркениет дегеніміз – қоғамның материалдық әрі рухани дамуының белгілі
бір әлеуметтік экономикалық деңгейге сай өркендеуі. Ал мәдениет болса
адамзат жинаған, материалдық, рухани байлықтың әлеуметтік дамуының белгілі
бір дәрежесіндегі жиынтығы. Олай болса қазақ қолөнерінің өркениеттегі
алатын орны, маңызы мен мәні жөнінде жан-жақты қоғамдағы болып жатқан
өзгерістерге байланысты осы салаға анықтама беріп өтсек:
Қолөнер ғасырлар бойы дамып, жетіліп, уақыт санынан сүрінбей өтіп,
қалыптасып келе жатқан халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі,
халқымыздың мәдениеттің айнасы. Олар талай ғасырлар елегінен өтіп,
түрленіп, жаңарып, атадан балаға қалған мұра ретінде бізге саф таза күйінде
жеткен дәстүрлі де қастерлі өнер.
Қолөнер адамның әсемдікке, нәзіктікке деген сезімін тербеп, сол салада
табиғатты өзінше таңбалап бедерлеп, сұлулықты қабылдау қабілетін
арттырады. Ол арқылы біз зор эстетикалық рухани тәрбие алып, әлемдік өнер
шыңына қанат қағамыз.
ХІХ ғасыр - әлемдік өркениеттің шарықтау шыңына шыққан шағы. Қазақтың
ұлттық рухы қайта түлеп, ең алдымен мәдениеттен, рухани мұрадағы,
тарихымыздағы жалпы адамзат құндылықтарын бағалап, қайта жандандырып, икемі
бар ұрпақтарды игі іске баулып, әрі қарай жалғастыратын уақыт келді. Ендігі
мәселе осы көне мәдениетәмізге тереңірек үңіліп, өткен уақыттың рухани
мұрасын саралау, талдау үстінде көптеген игілікті істерді бастап, жүзеге
асуына ат салысу. Игілікті істің бастамасы ұрпақ тәрбиесі. Жаңа заман үшін
жаңа адамды тәрбиелеуде еңбек пен өнерге негізделген халық педагогикасының
ғасырлық тәрбие тәжірибесін, құрылымын қолдану тиімді. Себебі халық
педагогикасының негізгі қағидалары қолөнеріне негіздей уағыздалған.
Осыған орай қазіргі таңда елімізде болып жатқан әлеуметтік экономикалық
өзгерістерге байланысты, жас ұрпеққа білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын
түбегейлі жаңартуда осы тәжірибелерді қолданып, жүзеге асыру керек [ 3,15
б].
Өнер жемісі - өмірге азық демекші, жас ұрпаққа қолөнер арқылы жан-
жақты берілген тәлім тәрбие олардың өмір азығы болатынына дау жоқ. Өйткені
қолөнер қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің қайнар көзі болған, ғасырлар
асылы өз қадір-қасиетін жоғалтпай жалғасын тауып келе жатқан асыл дүниелер.
Осы тарих шежірелерінен хабардар болып, асыл дүниелерді өз қолдарынан
игеріп, ұқсатып жатса, жас ұрпақ қолөнердің қадір-қасиетін сезініп, оның
қаншалықты біздің мәдени өркендеу жолымызда қажеттілігін ескеріп, әлемдік
рухани игіліктерді бағалап игеруге ұмтылыс жасар еді. Өнерге деген
құштарлық баланың ой-санасын ерте есейтеді. Осы мүмкіншілікті пайдаланып
баланың ыңғайына, бейімі мен талабына, қабілетіне, дарынына, талап-тілегіне
қарай өнерге баулуға бағыт алу қажет. Сонымен қатар қолөнер игерудің қыр-
сырын молынан игерген бала, өнер шыңына шығу үшін маңдай терімен табандылық
керек екенін сезінеді. Оны қолөнерді үйренудің заңдылығы деуге болады.
Шыдамдылық, қызығушылық танытпаған бала өзінің өнер туындысының әсемдік
жағын ашып көрсете алмайды. Баланың бойына мұндай қасиеттерді
қалыптастыруда мұғылім жекелей жұмыстар жүргізу арқылы ынта-ықыласын
дамытуға жағдай туғызу керек [7, 3-5 б].
Қолөнерге оқыту, игерту процесінде баланың психологиялық ерекшелігі
танылып, қоршаған ортаны, табиғатты тұтастай қабылдайтын, таным
ерекшеліктері зор, шынайы таза көркемдікті қолымен ұстап, көзімен көріп,
оны жасап, игеруге ұмтыла түседі.
Бала көңілі әдемілікті, көркемдікті үлкендерден артық сүйеді. Сондықтан
баланы қолөнерге үйретуде бойындағы талабын күн сайын ұштап, қанаты қанаты
қатайғанша жігерін қайрап отырса, ол өзі қалаған қолөнер саласының бір
түрін өзі-ақ іздеп тауып алады. Демек, өз уақытында баланың табиғы
ашылмаған мүмкіндіктеріне қол ұшын беріп, шығармашылығын қалыптастыруға
шектеуліктер қоймай, қолөнердің ерекшеліктерін таныта білу керек. Осылайша
қолөнердің еншісіне тиген жақсы жақтарын қоршаған ортамен, еңбекпен
байланыстырып, қоғамдағы әлеуметтік тәрбиелік мәнін белгілі бір деңгейде
ашып көрсетуге тырыстық. Жасыратыны жоқ, қолөнерге оқыту мәселесі өзінің
ерекшелігімен және өткірлігімен ерекшеленіп отырса да, бүгінгі оқу- тәрбие
үрдісінде қолөнерді игеру қолға алынбай отыр. Оның басты себептері соңғы он
жылда осы салаға қатысты оқу және әдістемелік құралдарды басылымға аз
берілуінде болып отыр. Осындай бала шығармашылығының қалыптасуына шектеу
болып отырған кедергілердің көзін ашу мақсатында қолөнердің сан алуан қыр-
сырын бала талғамына ұқтыратын эстетикалық тәрбиенің қалыптасуына ықпал
бола алатын оқу тәрбие құралын ұсынып отырмыз.
Ел арасында тұрмыстық қажеттіліктен туған ашық түсті айшықты текеметтір,
қара ала сырмақтар, қызылды-жасылды құлпырған кілемдер, неше түрлі өрнектер
түскен етрме алашалар мен аяққап, сандыққап, кесеқап, асадал сияқты қолөнер
туындылары халқымыздың өнер тарихынан аян. Сол кезері киіз үйдің ішкі
қабырғаларына жылу ұстау үшін іргесіне кілем немесе тұскиіз тұтқан. Ал
керегенің бастары мен шаңыраққа ою-өрнектер салып, безендіріліп тоқылған
түкті басқұр, желбаулар өзіндік сән берген. Жерге төселген киіз, алашада да
ою-өрнекпен бастырылады. Міне осы тұрмыстық заттарда қолданылатын
өрнектерінің орналасуымен олардың түстері адам психологиясына әсері зор.
Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың өздеріне тән керамикасы мен
қолөнері болған. Олардың ою-өрнекпен әшекейленген құмыра ыдыстары ерекше
көз тартады. Құмыраны отқа күйдіргенге дейін оған үшкір ағашпен не сүйекпен
жай, түзу немесе сынық сызықтар сызып, геометриялық фигуралар салағн немесе
саз бұйымдарға өрнектің қалып-үлгілерін (штамп) басып, оюлар түсірген.
Сақтардың саздан құмыра жасауда өзіндік тәсілі болған, біріншіден, құмыра
тез жарылып кетпеу үшін саз құмыраны отқа күйдіргеннен кейін ғана оған
өрнектер салған.
Андронов, сақ мәдениеті дәуіріндегі бұйымдарда бейнеленген жуан, жіңішке
жолақтар мидай жазық даладағы шексіздікке ұласқан жолдардың символы. Мұндай
сызықтарды түнде аспаннан жұлдыздар ағып түскенде байқауға болады, аққан
құйрықты жұлдыз соңында жарық сәуле аспанда жіңішке сызық қалдырады. Ал
найзағай ойнағанда пайда болатын толқынды сызық бейнесімен көшпелілер киіз
бұйымдарының шетін өрнектеді. Алғашқы оюлардың бөлшектері көшпелілердің
ғарыш әлемі жөніндегі түсініктерінен туды. Осындай табиғи құбылыстар ежелгі
адамдардың бейнелеу өнеріндегі дүниетанымын қалыптастырады. Сондай
ізденсітің нәтижесінде ою-өрнектердегі алғашқы құсқаларда сынық, жолақ,
жіңішке, жуан сызықтар және нүктелер мен үшбұрыштар пайда бола бастады. Ал
жауыннан кейінгі кемпірқосақ түстерін қазақтар түгелдей пайдаланған және
бұл түстердің символдық мәні бар. Көшпелілердің қолөнер бұйымдарын
бейнелегенде негізгі элемент ретінде “күн” өрнегі алынады және бұл өрнек
заттың дәл ортасына орналастырылды. Күннен кейін алтын түсті бояу, ал содан
сары, жасыл, қызыл, қаратүстер орналасады. Түстердің мұндай ретпен
бейнеленуі тұрмыс-тіршіліктегі әрекеттердің тұрақтылығын білдіреді.
Жартылай шеңбер жасап, бір-біріне жалғасқан “шет оюлардың” символдық
мәні күннің шығысы мен батысы дегенді білдіреді. Күн секілді шеңбердің
ортасына крест немесе жұлдыз бейнеленсе, бұл Күн оңтүстіктен батысқа,
солтүстіктен шығысқа қарай орам жасап, жылжып отырады деген түсініктің
көрінісі. Көшпелілер өміріндегі ең жақсы жыл маусымы — күз, көктем, жаз.
Сол себепті, ою-өрнекті қолөнер бұйымдарына бейнеленгенде, әдетте алты,
тоғыз жапырақты оюлар салынады. Дөңгелек шеңбердің ортасына крест салынған
оюдың композициясы бейнелеу өнерінде өте көп кездеседі. Бұл оюлар
былғарыдан, ағаштан, киізден жасалған заттардың дәл ортасына салынады.
Қолөнерде күн, крест элементтері космогониялық, зооморфтық, өсімдік типтес
ою-өрнектермен тұтас композиция жасап қолданылады.
Қазақта торсықтың көптеген түрлері бар, торсық-жолаушының өзімен бірге
алып жүретін ең қажетті бұйымның бірі. Торсық бетіне бедерленген ою-
өрнектер жолаушыға қатысты күн ашық болсын, от сөнбесін, торсық әрқашан
суға толсын деген тілек ұғымын білдіреді. Алғашқы рет кресттің төрт ұшында
мүйіз ою-өрнегі орнатылған — “төртқұлақ” оюы бесінші Пазырық қорғанынан
табылған. Бұл сырмақ тәрізді етіп жасалған киіз бұйымында бейнеленген.
“Төртбұлақ” ою-өрнегі қазақ қолөнерінің барлық салаларында пайдаланылады,
бұл өрнекті жалпы бұйымның дәл ортасына орналастырады. Сыртқы пішіні
пирамидаға ұқсап жасалған “үшбұрыш” өрнегі адамдардың шоғырын білдіреді.
Әдетте, бұл үшбұрыштардың ортасына көптеген нүктелер салынады. “Үшбұрыш”
өрнегі ғұн мәдениетінің жәдігері саналатын әйелдердің алқасында бейнеленген
(Пазырық қорғаны) [7, 12 б].
Батыс Қазақстанның зергерлік бұйымдарда “үшбұрыш” ою-өрнегінің іші
нүктелермен толтырылған, бұл үлгі сол жердегі бейнелеу өнерінде ғана
қолданылатын әдіс. Космогониялық ою-өрнектердің элементтеріне күннен басқа
төртбұрышты да кіргізуге болады. “Төртбұрыш” өрнегі адамдардың бір күндік,
бір айлық немесе жарты жылдық өмірін білдіреді. Егер кесте тоқушы
төртбұрыштың ортасына күнді орналастырып, оның жартысын бояп қойса, бұл
өрнектің символдық мәні күн түнді білдіреді.
1.2 Оқушыларды тәрбиелеуде қазақ ұлттық ою- өрнек өнерін пайдалану

Бүгінгі таңда қолөнеріне қатысты өнертану, тарихи-этнографиялық,
педагогикалық зерттеулер мен сөздіктерде ою-өрнек, қазақ ою-өрнегі,
ұғымдарына мынадай анықтама беріледі:
Ою-өрнек - (латынның ornament- әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан)
үйлесімділікпен бір қалыпқа түскен элементтерден тұратын нақыштар, әр түрлі
заттарды (құрал-сайман, қару-жарақ, киім. т.б.) архитектуралық
құрылыстарды, пластикалық өнер шығармаларын, (негізінен қолданбалы),
т.б.сәндеу үшін қолданылады.
- үйлесімділік өнері (искусство ритма) :
- символдар байланысы (связка символов) :
- жеке өнер туындысы бола алмайды, ол қандай бұйымға салынуына байланысты
алуан түрлі материалдан әр түрлі техникалық тәсілдермен ғана іске
асатын нақыш.
- Бейнелеу өнерінің өте ертеден келе жатқан түрі.
- Геометриялық, өсімдік тектес немесе жан-жануар элементтерінен тұратын
қрнектер, кескіндемелік, мүсіндік, графикалық әсемдеу,
- Қандай да бір заттарды, архитектуралық құрылыстарды әсемдеу үшін
белгілі бір тәртіппен үйлесімділікке құрылған элементтерден тұратын
нақыштар.
Белгілі заңдылық жүйесі негізінде анық бір ою-өрнектердің стилін немесе әр
түрлі стилдің қосындысын (синтез) көрсете алатын, қандай да бір бұйымға
ирек сызықты және геометриялық фигуралардың көмегімен стилдік қалыпқа
түскен элементтердің бейнесінен тұратын алуан түрлі
әшекей [8, 30 б].
Ежелгі адамдар геометриялық ою-өрнектердің магиялық және символдық
мәні бар деп сенген. Магия — кезінде әлемге кең тараған наным. Ол мәдениет
пен рухани дамудың төменгі сатыларында қалыптасқан кез-келген діннің
анимизм, тотемизм, шаманизм, фетишизм түріндегі қарапайым сенімдерінен
бастап, бүгінгі әлемге кең тараған буддизм, християн, ислам, индуизм сияқты
ірі діни ағымдардың да құрамдас бөлігі. Магиялық наным бойынша, киелік өлі
табиғатқа да, тірі табиғатқа да тән.
- геометриялық және бейнелеу элементтерді жүйелі ырғақпен қайталанып
отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек, нақыштар:.
- Адамға қажетті тұрмыстық идеяларды шартты символикалық түрде (форма)
суреттейтін бейнелеу өнерінің айрықша бір түрі:
- Қазақ ою-өрнегі- көркем бұйымдарды әшекелеудің ең басты көркемдік
элементі:
- Қазақтың ұлттық өрнегі-қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі
бөлігі және заңды жалғасы:
- Ою деген сөз бен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің
ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау, немесе екі затты оя кесіп
қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына
жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге
салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін
де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің,
күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің,
әшекейлердің ортақ атауы іспесттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп
қосарланып айтыла береді.
Айтылып өткен анықтамаларда Т. Соколова ою-өрнек өнері өз алдына жеке
өнер бола алмайды деп тапса, И. Ковалев керсінше ою-өрнек –бейнелеу
өнерінің бір түрі екенін дәлелдейді. Осылардың ішінде ою-өрнектің бір ғана
элементіне негізделген қысқа анықтамалар қатарында оның бірнеше
ерекшеліктерін қамтуға тырысатын күрделі ұғымдар да бар.Сондай-ақ олардың
арасында дәлелдемені қажет ететін түсіндірулер де кездеседі. Мәселен, ою-
өрнектің бейнелеу мотивтеріне, жасалу тәсілдеріне қарай анықталған 6-
анықтаманы алатын болсақ, анықтамада көрсетілген өнер тәсілдері
кескіндемелік, мүсіндік, графикалық ою-өрне өнерінің басты тәсілі еместігі
өнертану ғылымынан аян. Бұлай анықтау қажет болғанда бірінші кезекте
тоқымалық, зергерлік, бедерлік т.б. әсемдеулердің айтылғаны жөн болар еді.
Ал Қазақ совет энциклопедиясында ою-өрнек- геометриялық және бейнелеу
элементтері жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған
өрнек, нақыштар делінген анықтамадағы геометриялық элементтердің өзі ою-
өрнек өнерінде бейнлеу элементтерінің құрамына енетініне көңіл аударсақ,
бұл түсініктің де анық еместігі көрінеді.
Сонымен әр автордың зерттеу нысанасына орай көрсетілген ұғымдарда ою-
өрнектің құрылысы, қолдану мақсаты, бейнелеу тақырыптары, символдық
мағыналары, өзіне тән т.с.с.ерекшеліктері нақтыланады.Әрбір анықтама өз
бетінен дербес қызмет атқара алады. Дейтұрғанымен бұл анықтамалар қазақ
ұлттық ою-өрнек өнерінің атқаратын қызметінің ауқымын мазмұнды тұрғыда
толық қамтып көрсетеді деуге әсте болмайды. Біздің ойымызша қазақ ұлттық ою-
өрнек өнерінің атқаратын қызметіне (функция) мыналар жатады,
- Тұрмысқа қажетті заттар мен бұйымдарды әшекейлеу;
- киіз үй жасауларын (баулар, құрлар, киіздер, текеметтер,түскиіздер,
сырмақтар,алашалар,дөдеге, кілемдер т.б):
- тұрмыстық заттарын (сандықтар, жүкаяқтар, ыдыстар, асадалар, ер-
тұрмандар,қоржын-қалталар, дастархандар т.б.);
- киім-кешектерін (сәукеле, тақиялар, қалпақтар, етіктер, мәсілер,
көйлектер, камзолдар, шапандар, кимешектер, шалбарлар т.б.);
- әйелдер әшекейлерін (білезіктер, жүзіктер, сырғалар, алқалар, белдіктер
т.б):
1. Архитектуралық құрылыстарды әсемдеу;
- мазарларды (Қозы-көрпеш –Баян сұлу, Бабаджа Қатын, Айша Бибі, Қарахан,
Домбауыл т.б):
- мавзолейлерді (Арыстанбап, Қожахмет Яссауи т.б.):
- үй құрылыстарын (Баба ата,Тараз,Касрибас,Сығанақ,Құлан қалашықтары
т.б.):
- құлыптастарды (Қарағаш, Қамысбай т.б):
- моншаларды (Отырар, Тараз т.б):
2. Адам ойын бейнелі түрде жеткізу;
- ұзатылған қыздың ою-өрнек арқылы өз жағдайын ата-анасына хабарлауы;
- Білезіке түсірілген ою-өрнек арқылы жігіттің қыз басының бос немесе бос
еместігін білуі;
- Құдағи жүзікке бейнеленген ою-өрнектерден қыз анасының жігіт анасына
деген ризашылығын білдіруі;
- Ұзатылған қыз жасауындағы өрнетерде әке-шешесі, ағайын-туғандарының
қызына тілеген арман-тілектерінің берілуі;
3. Ертедегі халықтың дүниетанымдық көзқарасын білдіру;
- дүниенің пайда болуы, жаратылысы жөніндегі ой-пікірлері (от, су, ауа,
тау,) оюдың төрт бітімді бұйымға салынуы төрт-мүйіз, шаршы ою т.б.
- аспан әлеміне табынушылықты (космогониялық өрнектер);
- Табиғат құбылыстарына сиынушылықты (өсімдік тектес, аң, құс тектес
өрнектер.т.б.)
4. Халықтың наным, сенімдерін көрсету:
- көз, тілден сақтану (тұмар, нәйзекі, найзаға үкі, оюлары т.б.);
- қасиетті сандарды қадір тұту (жеті гүл, қырықмүйіз т.б.);
- киелі зат, бұйым, құбылыстарды қастерлеу (бауырсақ, ботакөз, оюлары
т.б.);
5. Халықтың тұрмыс-тіршілігін бейнелеу:
- мал шаруашылығы (қошқармүйіз, түйетабан т.б.);
- егін шаруашылығы (арпабас, бидайық, т.б.);
- сауда-саттық (бұқар теру, кежім теру т.б.);
6. Тек жақсылықтың нышанын білдіру;
- тоқтық,молшылықты (мүйіз оюлар т.б);
- тыныштықты (көгершін өрнегі т.б);
- достық, сыйластықты (басқа ұлт өкілдерінің өрнегімен байланысы т.б);
- еркіндікті (құсқанат, Құстұмсық оюлары т.б.).
Мұның бәрі сайып келгенде жеке тұлғаны қалыптастыруда маңызы зор. Атап
айтқанда;
- білім береді- қазақ ұлттық ою-өрнек өнерінің тарихи даму жолы,
мазмұндық ерекшеліктері мағыналық бояу түстеріне байланысты, басқа
халықтардың өрнегімен байланысты, өрнектеу әдістеріне байланысты т.б.
саласын меңгертіп, ақыл ойды жетілдіреді;
- тәрбелейді- адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, эстетикалық
талғамды дамытады, еңбекке баулиды, дене бітімінің дұрыс жетілуіне
ықпал етеді;
- дамытады- жеке тұлғаның рухани-интеллектуалдық эмоционалдық, тұлғалық
сапасын дамытады, қазақ ұлттық ою-өрнек өнері бойынша теориялық
білімдерін жетілдіреді, практикада оларды еркін қолдануға
дағдыландырады, шығармашылықт ізденіске талпындырады.
Олай болса біздің ойымызша қазақ ұлттық ою-өрнегі дегеніміз адам
өміріне қажетті заттарды, бұйымдарды, архитектуралық құрылстарды сәндеуге,
халықтың тыныс тіршілігін, қоршаған ортаға көзқарасын, одан алған
эмоционалдық-эстетикалық әсерін және ой-арманын, тілек-мүдесін әсем
талғаммен өзара үйлесімдікте бейнелі жеткізуге ықпал ететін нақыштар
Ал, қазақ ұлттық ою-өрнек өрнегі бұған қарағанда кең ұғым.
Өйткені жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктерінен басқа ұлттық ою-
өрнектері қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің барлық түріне қатысады
және әр түрінде әр түрлі өрнектеу әдістерімен ерекшеленеді. Біздің
түсінігіміз бойынша қазақ ұлттық ою-өрнек өнері- қазақ халқының сәндік-
қолданбалы өнері салаларының барлық туындыларында кездесетін ою-өрнек
түрлері мен өрнектеу әдістерінің жиынтығы
Сол себепті біз бұл еңбекте қазақ ұлттық ою-өрнектерінің кейбір
ерекшеліктерін, тәрбиелік мүмкіндіктерін қазақ халқының сәндік-қолданбалы
өнері негізінде де сөз етеміз[8, 52 б]..
Қазақ ұлттық ою-өрнек өнері –бейнелеу өнерінің, оның ішінде сәндік-
қолданбалы өнердің үлкен бір арнасы. Дейтұрғанымен бейнелеу өнерінің түпкң
бастауы халықтың қолөнерінен өрбігендіктен, оған қоса қазақ халқының ою-
өрнектері ежелден-ақ қолөнерінің өркендеуімен сәйкес дамығандықтан, ою-
өрнек өнері-қолөнерінің негізгі саласы болып табылады.
Ғұлама ғалым Ә.Х. Марғұланның Қазақтар ою-өрнектер әлемінде өмір
сүреді дегеніндей,қазақ халқының рухани және әлеуметтік өмірінде маңызды
роль атқаратын бұл өнер түрін жас ұрпақтың игермеуі де мүмкін емес. Бүгінгі
таңда ою-өрнек өнерін зерттеу педагогика ғылымының да басты мақсатына
айналып отырғаны сол себептен. Өйткені ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне
байланысты ұмыт бола бастаған ұлттық өнер, атамұра, әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлердің қайта жаңғыруына мүмкіндік туған жағдайда;
- жеткіншіктердің ұлттық қайта өсу негіздерін қалыптастыру үшін өнер
көзі халықта дегендей көнекөз қариялардың көзі тірісінде елде мол
қолөнер үлгілерін жинақтаудың;
- ою-өрнек өнерінің балалар мен жастардың адамгершілік-эстетикалық,
еңбек, экологиялық тәрбиесіне, дүниеге көзқарасының кеңеюіне, рухани
дамуы мен мәдени білімдерінің жетілуіне әсерінің басым екенін ескеру
мен оны іс жүзіне асыру мақсатында болашақ мұғалімдерге меңгертудің;
- ою-өрнек өнерін түпкілікті жете зерттейтін болашақ мамандар даярлау
үшін ою-өрнектердің генезисін, мән-маңызын, эстетикалық әер-қуатын,
тарихи дамуын жан-жақты саралаудың;
- ою-өрнек атауларының мағыналық және тілдік жағынан талдау, бейнелеу
жолдары мен технологиялвқ әдіс-тәсілдерін анықтай түсудің заңды,
объективті қажеттігі арта түседі.
Қазақ ою- өрнектерінің тарихи тұп- тамыры, эстетикалық мән маңызы,
симваликасы, қолданылуы мен бейнеленуі, жасалу әдіс-тәсілдері,
классификациясы жөнінде Ә. Марғұланнан басқа М.Мұқанов, Ө. Жәнібеков т.б.
бағалы пікірлер айтқан.
Сондай-ақ С.Қасиманов қазақ ұлттық қолөнерінің кейбір түрлерінің өзіндік
ерекшеліктерін баяндау барысында ою-өрнектерге ерекше көңіл бөліп, оның 200-
ге жуық түрін атап, бірқатар ою-өрнек атауларына кеңінен тоқталады.
Қазақтың ою-өрнек үлгілерін мазмұнына, мағынасына қарай топтап жіктейді.
Ішінара қайсыбір ою-өрнектерге байланысты аңыз, әңгімелер т.с.с. құңды
мағлұматтар береді.
Қ. Ақышев, М. Қадырбаев, А. Оразбаев т.б. еңбектерінде ертедегі
Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың археологиялық қазбалардан табылған
ежелгі мәдени ескерткіштеріндегі ою- өрнек үлгілері тарихи тұрғыда
сипатталады.
2. Өнертану ғылымы саласындағы зерттеулерге 90- жылдарда жарық көрген
Қ.Ибраеваның монографиялық еңбегі жатады. Ол- қазақ халқының ою- өрнек
өнеріне арналған өнертану саласы тұрғысынан жан- жақын сөз етілген арнайы
тұңғыш еңбек болып табылады. Мұнда автор қазақ ұлттық ою- өрнектерінің шығу
тегі, дамуына, ою- өрнек жүйесінің қалыптасуына, мазмұнына талдау жасаған.
3. Философия ғылымы саласындағы зерттеулерде (Ж.Әлібеков, Б. Байжігітов
т.б.) қазақ ою- өрнектерінің эстетикалық мән- маңызы философиялық тұғында
зерделенеді.
4. Филология ғылымы саласындағы зерттеулер(М.Өмірбекова, Р. Шойбеков).
Солардың ішінде Р.Шойбеков қазақ тіліндегі зергерлік өнері терминдерін
заттық- тақырыптарына қарай топтастыру барысында зергерлік өнеріндегі ою-
өрнек атауларын өз алдына бір топқа жіктейді. Мұнда ұлттық ою- өрнек таза
лингвистикалық тұрғыдан қазақ тілінің сөз байлығына қосатын үлесіне, қазақ
терминалогиясындағы алатын орнына байланысты қарастырылады. М.Өмірбекованың
зерттеуінде қазақ халқының ою- өрнек атаулары лексика- семантикалық
топтарға бөліп көрсетіліп, грамматикалық құрамы талдап түсіндіріледі.
5. Ою- өрнектерді қолдану технологиясына байланысты еңбектер (С.
Асанова, Қ. Мұқанов т.б.) С. Асанованың еңбегінде қазақ ұлттық киімдерінде
әшекейленетін ою- өрнек түрлері және оларды бүгінгі күн талаптарына сай
қолдану әдістері жөнінде құнды мәліметтер беріледі. К. Мұқановтың
құрастырумен жүннен жасалатын бұйымдарға қатысты жарық көрген кітаптақазақ
халқының тоқыма бұйымдарына салынатын ою- өрнектердің жасалу технологиясы
кеңінен сөз етіледі.
80- жылдарда Оқу- ағарту министрлігі тарапына жасөспірімдердің
эстетикалық тәрбиесі мен көркемдік білімдерінің жетілуіне ерекше назар
аударылып, жас ұрпақтың туған ел табиғатының байлығы мен әсемділігін,
архитектуралық ескерткіштерін, өнер шығармаларын түсіну мен бағалауға
үйрету танымдық, тәрбиелік әсері мол әдебиет, ән- күй, бейнелеу өнері
пәпдерінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігі жалпы білім беретін
және кәсіби мектептер реформасының негізгі бағыттарында атап көрсетіледі.
Осыған орай қазақ халқының қолөнері педагогика ғылымы тұрғысынан да
зерттеле бастады.
6. Педагогика ғылымы саласында қолөнеріне қатысты жарық көрген
зерттеулер ( Балкенов Ж., Қамақов А., Әлмұхамбетов Б., Асылханов Е.,
Сатқанов С., Әмірғазин К., Котенко Л., Жолдасбекова С., Ижанов Қ .,
Болатбеков Қ., Ералина Қ. Т.б.). Олардың біразы (Балкенов Ж., Жолдасбеков
С., Сатқанов О.) бастауыш сыныптардың оқу- тәрбие процесінде ұлттық
қолөнер дәстурлерін пайдалану негізінде еңбекке үйретуді жетілдірудің
тиімді жолдарын, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін күшейтудің түрлері
мен әдістерін, көркемдік тәрбиесін жетілдірудің, эстетикалық қызығушылығы
мен бейнелеу іскерлігіндегі дағдыларын қалыптастырудың кезеңдерін
қарастырған.
Б.Әлмұхамбетов, А.Қамақов, Қ.Әмірғазин, Л.Котенколардың еңбектерінде
4-8 сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру мәселесі шешімін тапқан.
Оларда қазақтың сәндік қолөнер үлгілерін оқушылардың қабылдай білу, жасай
алу, ондағы образды бейнелерді ұға білу дағдылары мен эстетикалық
мәдениеті элементтерін қалыптастыру; тері мен жүн илеу өнерін үйірмелерде
оқыту, үйрету; дәстүр қолөнер материалдарын көркем еңбек, бейнелеу өнері
сабақтарында, сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану мәселелері талдап
жасалынған. Бұл мәселелердің шешілу барысында ою-өрнек нұсқалары да ішінара
сөз етілген.
Мысалы, Қ.Әмірғазин, А.Қамақов, Л.Котенко қазақ халқы қолөнерінің
белгілі бір саласына қатысты ою-өрнектердің жасалу тәсілдерін, қолданылуын,
өрнек-нақыштарының үйлесімділігін, түр-түсінің маңыздылығын, олардың
оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне әсерін сөз етсе, Б.Әлмұхамбетов ұлттық
өю-өрнек жүйесінің мазмұнына, оның құрамындағы басты компонентерге, кейбір
ерекшеліктеріне талдау жасайды және халық өнеріндегі ежелгі образдар, түр-
түстің символдық мәндеріне, формасына қатысты дайындаған сабақ түрлерінде
ою-өрнек үлгілерін пайдалану әдістерін көрсетеді. Ал Ж.Балкенов қазақ
халқының ою-өрнек өнерінді ұлттық дәстүр мен көркем шығармашылықтың мол
екенін анықтай отырып, соның негізінде оқушылардың бейнелеу дағдыларын
олардың образды ойлау қабілеттерімен тығыз байланыста қарастырады, ою-
өрнектерді бейнелеу бағытында жасөспірімдердің шығармашылық қабілеті ұшқыр
қиялы, өмірге деген эстетикалық қатынастарының қалыптасатынын дәлелдейді.

1.3 Қазақ ою-өнектердің түрлерімен ерекшеліктері

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ғалымдар әзірше
200-дей түрін зерттеп отыр. Халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою-
өрнектерді сөз етсек оны қазақ халқының ою-өрнектерінің төркіні десе
болады. Өйткені барлық жаңа буындар осының негізінде жасалып тек атаулары
өзгеріп отырған. Мысалы, қошқар, арқар мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүйіз, қос
мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, өркеш мүйіз, төрт-құлақ, түйе табан, сыңар
өркеш, қос алқа, құс қанаты,қазтабан т.б. ою-өрнек композициясы жасалынады.
Қазақ оюларының мазмұны мол өсіру мен аңшылықты, жер-су, көшу-қону
көріністерін, күнделікте өмірде кездесетін әр түрін заттардың сыртқы
бейнесін аңғартады және бәріне де мүйіз оюы үнемі араласып отырады.
Сонықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең көп тараған түрі, ең басты
мәнері және әр түрлі бұйымдар жасағанда жиі қолданылатыны ''мүйіз'' тектес
ою-өрнектер. Ғалымдардың анықтауынша, ол ежелгі өрнек, сондықтан онда
көбінесе мал шаруашылығы мен көшкенді өмір салты бейнеленген. Мүйіз тектес
ою-өрнектердің кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді.Ұсағы зергерлік,
кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылады, ал
ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау, қоржын, қазақтың
ұлттық киім-кешегін-де, құрылысқа қолданылады.
Халық шеберлері мүйіз өрнегінен әр түрлі сан қилы мәнерлермен құбылта,
бір элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, толық-тырады да, құлпырған
әдемі де мазмұнды композиция жасайды. Мұндай мүйіз тектес ою-өрнектер
тізбегін Қазақстандағы ғылым академиясы үйінің төбесімен ішкі түгеулері
жалғасқан жерінен көруге болады. '' Мүйіз'' тектес ою-өрнектерді бұрын-
соңды зерттеуші ғалымдардың барлығы бұл өрнектердің негізгі қойдың,
арқардың, ешкінің, бұғының, еліктің, мүйіздерін бейнелеуден шыққан деп
түйеді. Шеңбердің жаңа ою-өрнектерін тұрмыс тіршілігіне, өз дәуіріндегі
заман ағымына қарай лайықтап отырған. Мысалы халқымыздың көне киім-
кешектеріндегі ою-өрнектер сән-ділігімен қатар сол бұйымдардың жеңіл, әрі
берік болу жағын қарастырған. Оның үстіне әр жануар мен заттың өз бойындағы
қасиеттеріне қарай тақырыптық мағынасы, композициясы,симметриясы мен
ассиметриясы, сондай-ақ оған арналған философиялық мәні де байқалады.
Композиция дегеніміз латынның ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп
орналастыру деген сөзі. Мысалы: ою-өрнек бір бұйымға түсетін болса, ол
үлкен де, кіші де болмай, сол бұйымға аса дәлдікпен жарасым табу керек.
Өрнек жағының бірдей болуы – симметрия заңы. Симметрия кез-келген ою-
өрнекте болады. Ою-өрнектегі болу түрлерінің бір-бірімен үндесіп, жарасым
жабуын Калорит дейді. Калорит көп бояулы ою-өрнектерде жиі кездеседі. Ою-
өрнекте бір элементтің қайталап отыруын – ырғақ дейді.

1- сурет. Қазақ ою-өрнектерінің түрлері
Қазақ қолөнерінің барлық түрінің декорында пайдаланылатын өрнекте
қошқар мүйіз секілді белгілер, үтір тектес және де басқа сақ
ескерткіштеріне тән көтерген ежелгі элементтер мен фигуралар кездеседі
Қазақ өнеріндегі оюлардың негізгі тобы- касмагониялық, зооморфтық,
геометриялық және өсімдік тәріздес болып келеді. Халық шеберлері дәстүрі
мүліктер жасаумен қатар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйелдер ұлттық көйлегін әзірлеу технологиясы және окыту әдістемесі
Қазіргі киім үлгілеріне ұлттық ою-өрнектер арқылы сәндеу әдістері
Ұлттық өнер арқылы көркемдік талғамды қалыптастырудың мазмұны
Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде ұлттық қолөнер материалдарын пайдаланудың теориясы
Ағашты көркем өңдеуде мектеп оқушыларының қызығушылықтарын дамыту
Технология сабағында жоғары сынып оқушыларына қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге үйрету
Көркемөнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру
Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстардың теориялық және практикалық негіздері
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың көркемөнер шығармашылығына қызығуын қалыптастырудың негіздері
Бейнелеу өнерінде сыныптан тыс жұмыстарды қолдану
Пәндер