Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар



Кіріспе

Негізгі бөлім
Ежелгі Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар
Араб Шығысы мен мұсылман елдеріндегі саяси. құқықтық ойлар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Саяси-құкықтық ілімдер алғашқы кезде адамдардың мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе ежелгі Шығыс жөне Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде, вавилондықтарда, гректерде, қытайларда, римдіктерде және т.б. халықтардың мифтік аңыздарында көрініс табады.
Мифология — ежелгі адамдардың өзін қоршаған әлемге, дүниеге қатынасы. Бұл кездегі өндіріс қатынастары мен өндіргіш күштердің жетілмегенін, бүкіл әлемді, оның заңдылықтарын түсіну өте қиынға соқты.
Мифтік көзқарастарда болашақ ілімдердің элементтері де кездесетін, оларды алғашқы адамдар өздерінің тіршілігі мен қызметіне қажетті түрде пайдаланған. Мифтік аңыздарда адамдарды алғашқыда құдайшылардың билегендігі, кейіннен құдайлар адамдарды ел билеу әдістсріне үйретіп, ел билеуді олардың өз қолдарына бергендігі туралы айтылады.
Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы (б.з.д. 1792—1750 жж.) Бұл уақыт Вавилонныц бүкіл Қос озен аралығында экономикалық, саяси жане мәдени орталығына айналу және оның гүлдену мен дәуірлеу кезеңі. Вавилонның саяси және әлеуметтік құрылымы туралы бағыты және жан-жақты мәліметтер қалдырған. Хаммурапи зандары жазылған биік базалы бағана 1901—1902 жылдары француздың археологиялық экспедициясының Сузы қаласын қазуы кезінде табылды. Бағананың жоғары жағында тақта отырған күн тәуіпі Шаман қүдай және оның алдында ілтипатты түрған әйел патша Хаммурапи салынган.
Әділдіктің қорғаушысы ретінде баяндалған бұл заң еркін адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзінде бекітеді. Олардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретінде бағалайды, билеуші топтың мүдесін және жеке меншікті кызғыштай қоргайды.
Ежелгі парсылардың дүниетаным туралы көзқарасгары зороастризмде көріпіс тапты және дамытылды.
Зороастризм бойынша мемлекет аспан қүдайы Ормуздаиын жердегі билігі болып саналады. Мемлекет билеушісі — монарх — жердегі Ормузданың омірі орындаушы қызметкері, ол халықтық жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп төндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.
1.Алексеев С.С. Философия права. –М.; 1997.
2.История полттических и правовых учений. Домарксистский период\ Под ред. О. Э. Лейста. – М.; юрид. Лит. 1991.
3.Нерсесянц В.С. Философия права. Учебник для вузов. – М.; Издательская группа ИНФРА-М-НОРМА,1997.
4 История политических и правовых учений.\ Под ред. В.С. Нерсесянца. – М.; НОРМА-ИНФРА – М, 2000.
5. Керимов Д.А. Филослфские основания политико-правовых ииследований. –М.; 1986.
6. Кохановский В.П. Философия и методология наки: Учебник для высших учебных заведений. – Ростов н\Д.; Феникс. 1999.
7. Антология мировой философии. В 4-х т. Т.1. –М.; Мысль, 1969.
8. Антология мировой политической мысли: в 5-ти томах. Т.1. – М.; Мысль, 1997.
9. Черниловский З.М. Всеобщая история госуударства и права. – М.; Юристъ. 1996.

Косымша әдебиет:
1.Сюкияйнен Л.Р. Мусульманское право.- М.; 1986.
2. Сарсембаев М.А. Мусульманское право. –Алматы; Жеты Жаргы,2001.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
Ежелгі Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар
Араб Шығысы мен мұсылман елдеріндегі саяси- құқықтық ойлар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Саяси-құкықтық ілімдер алғашқы кезде адамдардың мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе ежелгі Шығыс жөне Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде, вавилондықтарда, гректерде, қытайларда, римдіктерде және т.б. халықтардың мифтік аңыздарында көрініс табады.
Мифология -- ежелгі адамдардың өзін қоршаған әлемге, дүниеге қатынасы. Бұл кездегі өндіріс қатынастары мен өндіргіш күштердің жетілмегенін, бүкіл әлемді, оның заңдылықтарын түсіну өте қиынға соқты.
Мифтік көзқарастарда болашақ ілімдердің элементтері де кездесетін, оларды алғашқы адамдар өздерінің тіршілігі мен қызметіне қажетті түрде пайдаланған. Мифтік аңыздарда адамдарды алғашқыда құдайшылардың билегендігі, кейіннен құдайлар адамдарды ел билеу әдістсріне үйретіп, ел билеуді олардың өз қолдарына бергендігі туралы айтылады.
Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы (б.з.д. 1792 -- 1750 жж.) Бұл уақыт Вавилонныц бүкіл Қос озен аралығында экономикалық, саяси жане мәдени орталығына айналу және оның гүлдену мен дәуірлеу кезеңі. Вавилонның саяси және әлеуметтік құрылымы туралы бағыты және жан-жақты мәліметтер қалдырған. Хаммурапи зандары жазылған биік базалы бағана 1901 -- 1902 жылдары француздың археологиялық экспедициясының Сузы қаласын қазуы кезінде табылды. Бағананың жоғары жағында тақта отырған күн тәуіпі Шаман қүдай және оның алдында ілтипатты түрған әйел патша Хаммурапи салынган.
Әділдіктің қорғаушысы ретінде баяндалған бұл заң еркін адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзінде бекітеді. Олардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретінде бағалайды, билеуші топтың мүдесін және жеке меншікті кызғыштай қоргайды.
Ежелгі парсылардың дүниетаным туралы көзқарасгары зороастризмде көріпіс тапты және дамытылды.
Зороастризм бойынша мемлекет аспан қүдайы Ормуздаиын жердегі билігі болып саналады. Мемлекет билеушісі -- монарх -- жердегі Ормузданың омірі орындаушы қызметкері, ол халықтық жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп төндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.

Ежелгі Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар

Қоғамның әлеуметтік құрылымы, зороастризм бойынша, әркімнің қандай кәсіппен шұғылдануы еркін таңдауы бойынша жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік топтың әрқайсысының басында жетекшілік ролді атқаратын неғұрлым белсенді және беделді адамдар тұрады. Заратустра Ормузда қызметшілерін өзара сүйіспеншілік пен сыйластыққа, бір-бірін кешіре білуге және бітімге шақырады.
Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ілім мифтік және діни көзқарастар түрінде қалыптасты.
Брахманизм идеяларының алғашқы көріністері б.э.д. екі мыңдаған жылдықтағы "Веда" ескерткіштерінде кездеседі. "Веда" -- "білім, кіріспе" (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Бұл ведаларда адамдардың төрт варнаға (кастаға) бөлінетіндігі және олардың брахмандар -- Пуруши құдайдың аузынан, кшатрийлер -- құдайдың қолынан, вайшийлер -- құдайдың санынан, шудралар -- құдайдын табанынан жаратылды деп айтылады. Ману заңдарының 96-бабында "Тірі нәрселсрдің ішіндегі ең қасиеттісі -- жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде брахмандар" деп айтылады.
Ману заңдарында адамдардың варналарға бөлінуі және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады. Мұнда да брахмандардың жоғары дәрежедегі жағдайы мен үстемдігі, артықшылығы туралы айтылады.
"Ману зандары" бойынша патшаның өкілдігі шектеулі, ол брахмандардың ақыл-кеңестерін тыңдаумен қатар кейбір талаптарға да сәйкес болуы керек.
"Ману заңдарының" 7-тарауы бүтіндей жазаға арналган. Онда жазаның қуаттылығы мен күштілігі және коғамға пайдасы туралы көп айтылады. "Жаза бүкіл адамды билейді. Жаза адамдарды қорғайды, ол өзгелер ұйықгап жатқанда сергектік танытады, данышпандар жазаны, данданы қорғаушы" деп жариялаған. Егер патша қылмысына қарай жаза тағайындауды үздіксіз жүзеге асырып отырмаса, оңда күштілер әлсіздерді қармақтағы балықтай қуған болар еді. Жаза дұрыс қолданылмаса бүкіл варналар бұзылып, бөгеттер жойылып, бүкпі халық наразы болар еді" делінеді.
Әртүрлі варна мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің тең болмауы олардың заң алдындағы қылмыс пен жазадағы әділетсіздігінсн көрінеді. Брахмандар заң алдында ерекше жеңілдіктерге ие болған. "Әлемдегі бар нәрсенің бәрі брахмандардың меншігі болып табылуымен бірге" (100-бап), оларға ешқашан тон жазасы қолданылмайтын еді. Олар үшін ең ауыр жаза -- шашын алу болып саналды. Қылмыс үшін айып төлеуде варналардын қоғамдағы теңсіздігінің. сипаты анық көрінеді. Мысалы, брахмақнды тілдеген кшатрийге 100 пан айып салынады. вайший екі жарым есе артық төлейді, ал шудра дене жарақатымен жазаланады (267-бап). Ал "брахман кшатрийді тілдесе 50 пан, найшийді тілдесе, оған 12 пан айып салынады" (268-батт).
Ежелгі Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың бірі даосизм ілімінің негізін салушы болып б.э.д. VI ғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы болып саналады.
Даосизм ілімінде асқан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады. Бұл заңшылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі бойынша барлық адам тең. Өз дәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік-саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық жағдайын және т.б. Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейді. Сол кездегі халыктың ауыр жағдайына наразылық білдірген Лао-цзы даоның әділдікті қайта орнататынына сенеді.
Даосизм ілімінде адамдардың қанағатшылығы мен белсенді әрекеттермен тартыну принципі көбірек орын алған. Лао-цзы сонымеи бірге соғыстың барлык түрі мсн армияны қатты сынға алады. Оның айтуынша, әскер жүріп өткен жерде арам шөптер мсн тікенектер ғана өседі, үлксн соғыстардан кейін ашаршылық жылдары басталады. Прогрестік дамуды жақтырмаған Лао-цзы өткен дәуірдің қайта оралуды және білім мен ғылымнан бас тартуды ұсынады. Оның айтуынша ақылды билеуші өзінің қол астындағыларға "дао" жолымен (табиғи жолмен) жүруге жағдай жасайды. Ондай билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды. Оның басты міндсті -- елдегі тәртіп пен заңдылықты сақтау ғана.
Қытайдағы саяси және философиялық ілім тарихында конфуцизм ілімі маңызды роль атқарады. Оның негізін қалаған б.э.д. 551 -- 479 жылдары өмір сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды.
Дәстүрлі көзқарастарға суйенген Конфуций меншікті патриархшы -- патерналистік концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет -- үлкен жанұя.
Әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай ретінде қарастырған Конфуций аристократиялық билік концепциясын, яғни ақ-сүйектер тобының билігін жақтады. Биліктің зорлықсыз тиесілі жақтаған Конфуций билеушілерді өз бағыныштыларына кайырымды болуға шакырды. Билеуші қайырымды болса, төменгі адам да қайырымды болады. Биліктің осы ережесін жақтаған Конфуцийден "Шөп жел сокқан жаққа кисаяды деген нақыл сөз қалған. Ішкі және сыртқы соғыстарға карсы болған Конфуций Кьггай жсрінен алыс түратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.
Конфуцийдің этикалық-құқықтық және мінез-құлық нормалары мен принциптері адам өмірі мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелері (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо). адамдық касиет (жэнь). адамдар қамқорлығы (шу), билеушіге адалдык (чжун), парыз (и) және т.б. жатады.
Конфуций ілімін одан әрі жалғастырған Сянь-цзы "өлсм өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүреді, сондықтан да оның тіршілік қажетіне жарату үшін оны зерттеу, құпия сырларын білу қажет дсп ой түйеді. Яши адамдардың табиғаттан өз үлесін алуы немесе бай және кедей болып өмір сүруі олардың өздеріне байланысты. Сянь-цзының пікірінше адам тумысынан қызғаншақ, дүниеқұмар, алакөз болып келсді. Сондықтан да адамдардың мінезіне жақсы тәрбие беріп қана табиғи қалыптан өзгертуге болады. Ол үшін адамдардың өзі де өзін-өзі тәрбиелеуге және бір-бірінің қателігін бетке байып айтуы тиіс. Бұл туралы ол былай дейді: "Менің қателігімді дұрыс көрсеткен адам -- менің ұстазым, менің игі ісімді дұрыс байқаған кісі -- менің досым, ал маған жағынъш, жарам ақтанушылар -- менің жауым".
Конфуцизм ілімі, сонымен бірге, ел билеушілері мен өкімдерге де қол астындағыларға тап баласындай қарауға кеңес береді. Конфуций бойынша "ақылды билеуші ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды табаңдылықпен, сң алдымен өзі үлгі-өнеге көрсетіп жақсылыққа тәрбиелейді". Конфуцизм ілімі мемлекеттік дін рөлін атқара бастады.
Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. IV ғасырларда жарық көрген . Легизм ілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалаған ол Шан облысының билеушісі: болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елде тәртіп орната алады деп есептеді. Ел басқарудың негізгі әдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдар арасындағы қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл "кімді кім жеңетіндігі" туралы принципке негізделген таптар күресінің қатынастарын көрсетті. Оның айтуынша, "халик, өз өкіметінен күштірек болса, мемлекет әлсіз, ал өкімет өз халқынан күштірек болса, армия күшті, өрі қуатты болады".
Шан Янның басқару туралы концепциясы адамдарға дұшпандық көзқараста болу оларды жазалау және күштеу шаралары арқьлы қалаған тәртіпке көндіруге болады деген тұжырымға сәйкес келеді Легистер ше Шан Яннан басқа да Цзьн Чань, ІІьн Бү-хай, Ханфэи және т.б. одан әрі дамытты.

Араб Шығысы мен мұсылман елдеріндегі саяси- құқықтық ойлар
Мұсылман құқығы рулық-тайпалық құрылыстын ыдырау және Араб халифатында VII -- X ғасырларда феодалдық қоғамның қалыптасу кезеңінде пайда болды.
Мұсылман құқығы -- шариғат VII ғасырдан бастап - ақ көрші елдерге кеңінен таралды. Негізінен жаулап алу жорықтары арқылы таралған мұсылман құқығы кейіннен Орта Азия, Завкав - казье, Шығыс, Батыс және Солтүстік Африка, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік-Шығыс және Батыс Азияда кеңінен қолданыла бастады. Мұсылман құкығы жүйесінде құран басты орын алады. Мұсылмандар үшін қасиетті болып саналатын бұл діни кітап барлық оқиғаларды түсіндіреді, адамның өмірге келуі мен өлуінс дейінгі барлық жағдайға талдау жасайды және түсінік береді.
Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы өзінің түбегейлі тұжырымдамасы мен теориялық қайнар көзі негізінде басқа құқықтық нормалардан өзгешелігімен айрықшаланады. Мұндағы құқықтық діни-этикалық нормалар мазмұны жағынан әр-түрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтас және бір-бірін толықтыра отырып, біртүтас құқыктық жүйе құрайды. Мұсылман кұқығы заң ғылымының жеке саласы емес, ол ислам ілімінің бір ғана саласы. Мұнда ислам дінінін қағидалары -- шариғат -- адамдардың мүддесі үшін жүзеге асуы тиіс міндетті идея ретінде көрсетілген. Шариғатты орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙДЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Ежелгі шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдер.
Саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні
Саяси ойлар
Саяси ілімдер тарихы
Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы
Софистердің құқықтық - саяси идеялары
Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Педагогика тарихы: пәні мен міндеттері
Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешу перспективалары
Пәндер