Қазіргі жағдайдағы ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу



КІРІСПЕ
2 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА ӨНІМНІҢ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ КҮЙІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1 Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық өнімдері өндірісінің даму тенденциялары
2.2 Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық кәсіпорындарында СМЖ ендіру тиімділігін талдау
2.3 СҚО кәсіпорындарымен өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын маркетингтік бағалау
3 ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқарудың ұлттық саясатын жандандыру
3.2 Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында СМЖ бағалауды жетілдіру
3.3 Ғылыми.техникалық прогресс ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын арттыру факторы ретінде
Қорытынды
Қазіргі уақытта Қазақстан үшін ДСҰ-ның толыққанды мүшесі болудың экономикалық және саяси маңызы бар. Сондықтан Қазақстан Республикасы халықаралық саудада өз қуысына ие болып, дамыған елдермен қатар осы өріске қатысты қатынастарды реттеуге тырысуда.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың пікірі бойынша, «біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне тек оның әлемдік экономикаға ықпалдасуы жағдайында ғана қол жетуге болады. Сондықтан Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуін жандандыру маңызды міндет болып табылады» [1].
Еліміздің осы халықаралық ұйымға енуі халықаралық нарықтардағы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатындығына Президент сенімді [2].
Біздің экономикамыздың, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласының, бәсекеге қабілеттілігі көбіне ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші және ұқсатушы кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға көшу жылдамдығымен анықталатын болады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары деңгейінде сапа мәселесін сәтті шешудің құралы 9000, 14001, 22000 сериялы ИСО; OHSAS 18001 және ХАССП стандарттарына сәйкес келетін сапа менеджментінің жүйелерін ендіру болып табылады.
Өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын арттыру қазіргі уақытта ішкі және сыртқы нарықтардағы оның бәсекеге қабілеттілігінің шешуші шарты ретінде бағаланады. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі көбіне елдің беделін анықтайды және ұлттық байлықты арттырудың маңызды факторы болып табылады.
Жоғарыда баяндалғанның барлығы ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдірумен байланысты сұрақтардың кең аясын зерттеу қажеттігін себептейді және оның өзектілігін анықтайды.
Мәселенің талқылану дәрежесі. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында ендірілген сапа менеджменті жүйелерінің көмегімен өнімдердің сапасын басқаруды жетілдіру отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық мұрасын жүйелі түрде пайдалануды талап етеді. Қазіргі отандық ғылыми әдебиетте ауыл шаруашылық кәсіпорындарында сапа менеджменті жүйесін қалыптастыру және ендіру сұрақтары біршама толық әрі кешенді суреттелмеген. Бұл жай зерттеудің аталмыш бағытының салыстырмалы жаңашылдығымен, статистикалық есеп жүйесінің жетілмеуімен және ақпараттық базаның жеткіліксіздігімен байланысты.
1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін».
2. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы».
3. Аристотель. Метафизика. – М.: Мысль, 1976.
4. Салимова Т.А., Ватолкина Н.Ш. История управления качеством. – М.: КНОРУС, 2005, с. 9.
5. Аристотель. Категории. – М.: Философия, 1968.
6. Гегель. Сочинения. Т. V. – М., 1937.
7. Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения. Т. 20.
8. Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения. Т. 23.
9. Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения. Т. 19.
10. Проект Закона СССР «О качестве продукции и защите прав потребителей», 1989.
11. Энциклопедический словарь. – М.: Советская энциклопедия, 1954.
12. Большая Советская Энциклопедия (третье издание) – М.: Советская энциклопедия, 1970.
13. Советский Энциклопедический словарь (четвертое издание). – М.: Советская энциклопедия, 1979.
14. Малый энциклопедический словарь Брокгауза Ф.А. и Ефрона И.А. - – М.: Советская энциклопедия, 1977.
15. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка. – М.: Азбуковник, 1999.
16. Международный стандарт ИСО 8402-94. Общее руководство качеством и стандарты по обеспечению качества. Основы и словарь. – М.: ВНИИС, 1994.
17. Джуран Д.М. Все о качестве: Зарубежный опыт. Выпуск 2. – М., 1993.
18. Миронов М.Г. Управление качеством. – М.: ТК Велби, 2006.
19. Йосио Кондо. Управление качеством в масштабах компании: становление и этапы развития. – Нижний Новгород: Приоритет, 2002.
20. Международный стандарт ИСО 9000:2000. Системы менеджмента качества – Основные положения и терминология.
21. Розова Н.К. Менеджмент качества. – СПб.: Питер, 2005.
22. Молчанов М.А. Управление качеством продукции. – М.: Академия, 2000.
23. Эберт Х., Томас К. Управление качеством. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2007.
24. Тихонов И.А. Организация систем управления качеством продукции. – М.: Экономика, 2002.
25. Гиссин В.И. Управление качеством. – М.: Март, 2003.
26. Окрепилов В.В. Всеобщее управление качеством. – СПб.: УЭФ, 2004.
27. Гличев А.В. Современные проблемы качества и задачи науки // Стандарты и качество. 1995. №1.
28. Управление качеством продукции. Вопросы теории и практики – М.: Мысль, 1984.
29. Робертсон А. Управление качеством. – М.: Прогресс, 1974.
30. Огвоздин В.Ю. Управление качеством. Основы теории и практики. – М.: Дело и сервис, 1999 – 334.
31. Салимова Т.А. Управление качеством. – М.:ИНФРА-М, 2008.
32. Качалов В.А. 41-й конгресс ЕОК: зарубежный опыт развития методов менеджмента качества // Стандарты и качества. 1997. №10.
33. ГОСТ 15467-79. Управление качеством продукции. Основные понятия. Термины и определения.
34. Курицын А.Н. Секреты эффективной работы: опыт США и Японии для предпринимателей и менеджеров. – М.: Стандарты, 1994.
35. Аскаров Е.С. Управление качеством. – Алматы: Экономика, 2007.
36. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка. – М.: Азбуковник, 1999.
37. Скрипко Л. Еще раз о качестве, потребительной стоимости и эффективности производства // Стандарты и качество. 2007. №6.
38. Полярков И.В. Квалиметрия. Управление качеством продукции. – Алматы, 2005.
39. Прокопенко Н.Ф. Качество труда и продукции в сельском хозяйстве. – М.: Экономика, 1984.
40. ГОСТ 15467-79. Управление качеством продукции. Основные понятия. Термины и определения.
41. Мухтарова К.С., Рахимбаева А.Ж. Показатели и методы управления качеством продукции // Вестник КазНУ. 2006. №6.
42. Измайлова С.А. Система управления качеством мясомолочной продукции в агропромышленных формированиях // Предприятия АПК в рыночной экономике. 2005. №3.
43. Ефимов В.В., Барт Т.В. Статистические методы в управлении качеством продукции. – М.: КНОРУС, 2006.
44. Замков О.О., Толстопятенко А.В., Черемных Ю.Н. Математические методы в экономике. – М.: Дело и сервис, 2004.
45. Управление качеством продукции. Вопросы теории и практики – М.: Мысль, 1984.
46. Искакова Г.Б. Управление качеством как стратегическая задача повышения конкурентоспособности фирмы: теоретико-экономический подход // Материалы МНПК «Развитие экономической мысли Казахстана». Алматы, 2006.
47. «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы, 9.11.2004.
48. Лыкова Т. Процессный подход в СМК // Стандарты и качество. 2006. №5.
49. Гличев А.В. и др. Управление качеством. – М.: Экономика, 1979.
50. Большой экономический словарь. – М.: ИНФРА-М, 1995.
51. ГОСТ 15467-79. Управление качеством продукции. Основные понятия. Термины и определения.
52. Сальжанова З.А. Формирование и развитие системы управления качеством. //Вестник КИЭМ. 2006. №2.
53. Турсынбаева А.А. Системный подход к управлению качеством продукции // Вестник КИЭМ. 2006. №1.
54. Международный стандарт ИСО 8402-94. Общее руководство качеством и стандарты по обеспечению качества. Основы и словарь. – М.: ВНИИС, 1994.
55. Международный стандарт ИСО 9000:2000. Системы менеджмента качества – Основные положения и терминология.
56. Фейгенбаум А. Контроль качества продукции. – М.: Экономика, 1986.
57. Деминг Э. Выход из кризиса. – Тверь: Альба, 1994.
58. 7 инструментов качества в японской экономике. – М.: Издательство стандартов, 1990.
59. Palan J.F. Nonsubstitutable role of the quality system in the advancement of Czech organizations of agribusiness. //Scientia agricultural Bohemica, 1999. № 3.
60. Hoffmann H. Bedeutung eines Qualitätsmanagementsystems nach DIN EN ISO 9000 ff. für landwirtschaftliche Betriebe. //Landwirtschaftsverlag, Münster-Hiltrup, 1998.
61. Zaibet L., Bredahl, M. Gains from ISO certification in the UK meat sector. //Agribusiness: An International Journal, 13.
62. Bredahl M.E., & Holleran E. Food safety, transaction costs and institutional innovation. Proceedings of the 49th seminar of the European Association of Agricultural Economists, University of Bonn, Germany.
63. Bredahl M. and Zaibet L. ISO 9000 in the UK Food Sector. The Complete European Trade Digest, March, 1995.
64. Bredahl M., Holleran E. and Zaibet L. ISO certification in the European Food Sector. The European Report on Industry, Quality and Standards, 2, August, 1994.
65. Adoption of ISO 9000 Quality Assurance Standards by South African Agribusiness Firms. //Agribusiness, Vol., 2000.
66. Guerin, J.M., & Rice R.W. Perceptions of importers in the United Kingdom, Germany, and the Netherlands regarding the competitive advantages of ISO 9000. //Forest Products Journal, 46.
67. Manchester Business School. ISO 9000 – Does it work? Survey commissioned by SGS Yarsley International Certification Services. //ISO 9000 News, 5.
68. Трошин С.А. Воздействие мер государственного регулирования на конкурентоспособность товаров. // Вестник МГУ. Серия 6, Экономика. 1991. №6.
69. Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы 2004-2008. Статистикалық жинақ. Петропавл, 2009.
70. Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсібі 2004-2008. Статистикалық жинақ. Петропавл, 2009.
71. Соловьёва А. Проблемы развития молочной отрасли Казахстана и перспективы их преодоления в условиях вступления ВТО //Агроинформ. 2003. № 8.
72. Егорова Л. Причины неэффективности систем менеджмента качества. //Стандарты и качество. 2006. №12.
73. Ульянов М.В. Повышение конкурентоспособности с помощью СМК // Управление качеством. 2006. №1.
74. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін».
75. Информация РГКП «Республиканская ветеринарная лаборатория» Комитета государственной инспекции в АПК МСХ РК.
76. Таскужин А. Проект «Повышение конкурентоспособности сельскохозяйственной продукции»: цели и задачи // Агроинформ. 2006. №5.
77. Указ Президента РК «О конкурсе на соискание премии Президента Республики Казахстан «За достижения в области качества» и республиканском конкурсе-выставке «Алтын сапа», 9.10.2006.
78. Самойлова О. Европейская стандартизация сегодня // Стандарты и качество. 2006. №3.
79. Качество в ХХI веке. Роль качества в обеспечении конкурентоспособности и устойчивого развития. / Под ред. Т.Конти, Ё.Кондо, Г.Ватсона. – М.: Стандарты и качество, 2005.
80. ҚР Еңбек кодексі, 15.05.2007.
81. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 30.01.2001.
82. ҚР Қылмыстық кодексі, 16.07.1997.
83. Уголовный кодекс РСФСР, 1960.
84. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР Заңы 23.01.2001.
85. ҚР Салық кодексі, 12.06.2001 (01.01.2009 күшін жойған).
86. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңы, 21.07.2007.
87. ИСО 9004:2000. Системы менеджмента качества – Руководство по улучшению деятельности.
88. Информация РГКП «Республиканская ветеринарная лаборатория» Комитета государственной инспекции в АПК МСХ РК.
89. Сапарова Г.К. Особенности управления качеством и конкурентоспособностью животноводческой продукции //Сборник трудов международной научно-теоретической конференции «Стратегические приоритеты развития экономики Казахстана в условиях глобализации». Астана, 2008.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі уақытта Қазақстан үшін ДСҰ-ның толыққанды мүшесі болудың экономикалық және саяси маңызы бар. Сондықтан Қазақстан Республикасы халықаралық саудада өз қуысына ие болып, дамыған елдермен қатар осы өріске қатысты қатынастарды реттеуге тырысуда.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың пікірі бойынша, біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне тек оның әлемдік экономикаға ықпалдасуы жағдайында ғана қол жетуге болады. Сондықтан Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуін жандандыру маңызды міндет болып табылады [1].
Еліміздің осы халықаралық ұйымға енуі халықаралық нарықтардағы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатындығына Президент сенімді [2].
Біздің экономикамыздың, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласының, бәсекеге қабілеттілігі көбіне ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші және ұқсатушы кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға көшу жылдамдығымен анықталатын болады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары деңгейінде сапа мәселесін сәтті шешудің құралы 9000, 14001, 22000 сериялы ИСО; OHSAS 18001 және ХАССП стандарттарына сәйкес келетін сапа менеджментінің жүйелерін ендіру болып табылады.
Өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын арттыру қазіргі уақытта ішкі және сыртқы нарықтардағы оның бәсекеге қабілеттілігінің шешуші шарты ретінде бағаланады. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі көбіне елдің беделін анықтайды және ұлттық байлықты арттырудың маңызды факторы болып табылады.
Жоғарыда баяндалғанның барлығы ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдірумен байланысты сұрақтардың кең аясын зерттеу қажеттігін себептейді және оның өзектілігін анықтайды.
Мәселенің талқылану дәрежесі. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында ендірілген сапа менеджменті жүйелерінің көмегімен өнімдердің сапасын басқаруды жетілдіру отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық мұрасын жүйелі түрде пайдалануды талап етеді. Қазіргі отандық ғылыми әдебиетте ауыл шаруашылық кәсіпорындарында сапа менеджменті жүйесін қалыптастыру және ендіру сұрақтары біршама толық әрі кешенді суреттелмеген. Бұл жай зерттеудің аталмыш бағытының салыстырмалы жаңашылдығымен, статистикалық есеп жүйесінің жетілмеуімен және ақпараттық базаның жеткіліксіздігімен байланысты.
Аталмыш мәселенің түрлі аспектілері Адлер Ю.П., Версан В.Г., Чайка И.И., Мишин В.М., Аристов О.В., Мазура И.И., Шапиро В.Д., Гиссин В.И., Качалов В.А, Воронин Г., Гличев А.В., Лапидус В.А. секілді жақын шетелдің және Э. Деминг, Дж. Джуран, Ф. Кросби, К. Исикава, А. Фейгенбаум, Т. Тагути, Л. Зайбет, М. Бридахл және т.б. секілді алыс шетелдің сапа саласындағы ғалымдары мен мамандарының еңбектерінде көрініс тапты.
Отандық ғалымдар ішінен аталмыш мәселені зерделеумен Сапарова Г.К., Сәлжанова З.А., Нысанбаев С.Н., Елемесов Р.Е., Жатқанбаев Е.Б., Кубаев К. және т.б. шұғылдануда.
Осы және басқа да зерттеушілердің еңбектерінде кейбір теориялық және практикалық сұрақтар қарастырылып, талданған. Сонымен бірге отандық ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың күрделі мәселесінің көптеген сұрақтары, оның төмен сапасының себептерін зерттеу ғылыми ұғыну мен талдауды талап етеді. Диссертация тақырыбы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру Стратегиясында келтірілген өзекті мәселелерді шешумен тығыз байланысты. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджментінің жүйелерін ендіру тиімділігін арттыру мәселесінің артып отырған теориялық және практикалық маңыздылығы және қазіргі кезеңде оның жеткіліксіз зерделенуі тақырыпты таңдауды, аталмыш зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қоюды анықтады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты қазіргі жағдайдағы ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Жұмыстың мақсаты келесі міндеттерді қою мен шешуді себептеді:
ұлттық және халықаралық стандарттармен регламенттелетін терминологияны ескере отырып, сапа санатының теориялық аспектісін зерделеу;
ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқарудың негізгі қағидалары мен функцияларын анықтау;
Қазақстан Республикасында оны пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатымен шет елдердің ауыл шаруашылық кәсіпорындарында ИСО халықаралық стандарттарын қолдану тәжірибесін сомдау;
Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық кәсіпорындарында СМЖ ендіру тиімділігін бағалау;
ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын құқықтық реттеуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
аймақтық және облыстық ветеринарлық зертханаларды ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын бағалауға тарту қажеттігін негіздеу.
Зерттеу пәні ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқару кезінде туындайтын ұйымдық-экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Зерттеу объектісі халықаралық стандарттарға сәйкес СМЖ әзірлеген және ендірген Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық кәсіпорындары, ауыл шаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігін бағалайтын аймақтық және облыстық ветеринарлық зертханалар болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін ауыл шаруашылық кәсіпорындарында тиімді СМЖ ендіру мәселелері жөніндегі отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми әзірлемелері, заңнамалық актілер, ҚР Президентінің жарлықтары, Үкімет қаулылары, сапаны басқару мәселелеріне арналған ғылыми конференциялардың материалдары құрады.
Диссертациялық жұмысты жазу кезінде экономикалық, жүйелік және салыстырмалы талдау, статистикалық, абстрактілі-логикалық, сарапшылық және т.б. әдістер пайдаланылды.
Зерттеудің ақпараттық базасын ҚР Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің, Республикалық ветеринарлық зертхана РМҚК-ның, ҚР Статистика агенттігінің статистикалық деректері, социологиялық сауалнама материалдары, СМЖ ендірген ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші СҚО кәсіпорындарының мәліметтері, анықтамалық және нормативтік материалдар және т.б. құрады.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы мыналардан тұрады:
oo ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқарудың әдістемелік аспектілері нақтыланды;
oo маркетинг құралдарын пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасына баға берілді;
oo ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын бағалаудың критерийлері мен әдістері анықталды;
oo қазіргі жағдайларда ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдіру жөніндегі шаралар кешені әзірленді;
oo ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын бақылау жөніндегі техникалық жарақталған зертханаларды құру жөніндегі ұсыныстар берілді.
Қорғауға шығарылатын ғылыми ережелер:
oo ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқаруға жаңа әдіснамалық тәсілдемелер;
oo ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы ұғымына авторлық түсінік;
oo ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын құқықтық реттеуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар;
oo ауыл шаруашылық саласында сапаны басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар;
oo аймақтық және облыстық ветеринарлық зертханаларды ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын бағалауға тарту қажеттігінің негіздемесі.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы диссертациялық жұмыста баяндалған нәтижелер ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдіру сұрақтарын одан әрі зерттеу кезінде пайдаланылуы мүмкін екендігінен, сапа менеджментінің жүйелерін бағалауға әдістемелік тәсілдемелер және СҚО кәсіпорындарымен өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасына жүргізілген маркетингтік бағалау нәтижелері Агробизнес пәні бойынша дәріс және практика сабақтарында пайдаланылуы мүмкін екендігінен тұрады.
Зерттеу нәтижелерін апробациялау. Диссертациялық жұмыстың негізгі ережелері келесі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды: Жоғары мектептің өнімі және оның бәсекеге қабілеттілігі, Петропавл, 2006; Профессор М.Ә. Ермековтың 100 жылдығына арналған ветеринария және мал шаруашылығы мәселелері бойынша, Алматы, 2006; Білім және ғылым - үздіксіз инновациялық үрдіс: мәселелері, шешімдері, болашағы, Петропавл, 2007; ТМД елдерінің ұжымдық азық-түлік қауіпсіздігі: мәселелері мен оларды шешу жолдары, Алматы, 2008; Жаһандану жағдайында Қазақстан экономикасын дамытудың стратегиялық басымдықтары, Астана, 2008.
Зерттеудің кейбір нәтижелері Айыртау элеваторы ЖШС, ҚР АШМ АӨК-дегі Мемлекеттік инспекция комитеті және Республикалық ветеринарлық зертхана РМҚК қызметінің практикасына ендірілді.
Зерттеу нәтижелерін жариялау. Диссертация тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу нәтижелері оларда жұмыстың негізгі мазмұны мен аталмыш мәселе бойынша зерттеу нәтижелері суреттелген жалпы көлемі 4,0 баспа парақ болатын 9 еңбекте баяндалған, соның ішінде 4 мақала ҚР БҒМ БҒСБК ұсынылған басылымдарда жарияланды.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған қайнар көздер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 119 беттен, 36 кестеден, 20 суреттен және 3 қосымшадан тұрады. Пайдаланылған қайнар көздер тізімі 89 атаудан құралған.

2 солтүстік қазақстан облысының ауыл шаруашылық кәсіпорындарында өнімнің сапасын басқаруды ұйымдастырудың күйін талдау және бағалау

2.1 Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық өнімдері өндірісінің даму тенденциялары

2004 жылдан 2008 жылды қоса алған аралықтағы кезеңде Қазақстанның ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қызметін жалпы талдау бүгінгі таңда, кідіртуге болмайтын шешімдерді талап ететін, бірқатар мәселелер бар екендігін көрсетті:
біріншіден, залалды ауыл шаруашылық кәсіпорындарының үлкен үлес салмағы (28%-н 49%-ға дейін);
екіншіден, рентабельділіктің өте төмен деңгейі;
үшіншіден, жыл сайын ауыл шаруашылық кәсіпорындарының көп саны ойсырайды, басқалары қайтадан ашылады, яғни жұмыс істеуші кәсіпорындардың саны тұрақсыз;
төртіншіден, ұсақ, пайдасыз ауыл шаруашылық кәсіпорындары өте көп;
бесіншіден, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан секілді облыстардағы ауыл шаруашылық кәсіпорындарының барлық қызметінің таза нәтижесі соңғы жылдары теріс мәнге ие.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін, біздің ойымызша, қажет:
біріншіден, барлық облыстардың әкімдеріне ауыл шаруашылық департаментінің басшыларымен бірлесе отырып, қалыптасқан жағдайға мұқият талдау жүргізу және залалды кәсіпорындардың санын қысқарту жөніндегі шараларды әзірлеу;
екіншіден, барынша мәселелі үш облыстың (Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан) әкімдеріне: а) ауыл шаруашылығын басқарудың кадрлық құрамын қайта қарау, ә) реинжиниринг жоспарын әзірлеу, б) залалды кәсіпорындардың басшыларын шығарылатын өнімдердің сапасын жақсартуға, олардың өнімдерін тұтынушылармен тиімді қатынас орнатуға, жабдықтаушылар өнімдерінің сапасына қойылатын талапты қатайтуға және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарын әзірлеуге міндеттеу;
үшіншіден, кез келген ұқсатушы кәсіпорынның жетістігі, ең алдымен, менеджмент деңгейіне, өндірісті ұйымдастыруға жаңа тәсілдемелер таба білу, шикізат базасын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілермен тығыз байланыс орнатуға тәуелді. Осыған орай ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер мен ұқсатушылардың бірігуі қажет. Ұқсатушы кәсіпорындарға оларды қайта құру мен техникалық жарақтандыруға ақша құя отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін шаруашылықтарды өздеріне қосуы немесе өздері қосылуы тиіс, яғни толық циклді өндірісті құру керек (мысалы, азық - сүтті мал шаруашылығы - сүтті ұқсату және сүт өнімдерін өндіру).
Одан басқа, әрбір облыстағы жағдайды барынша мұқият қарастыру қажет. Мәселен, егер Солтүстік Қазақстан облысын алар болсақ, статистика көрсететіндей [69], сапалы және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде оның едәуір потенциалы бар. Алайда, жоғарыда атап өтілгендей, аталмыш облыс барлық дерлік зерттелінген кезеңде бүкіл ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуден рентабельділік деңгейі төмен залалды облыс болды (кесте 7).

Кесте 7 - Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық кәсіпорындарының пайдасы (залалы)

Көрсеткіштер
2004
2005
2006
2007
2008
Пайда, млн. теңге
-486,3
-4010,9
-2043,2
9863,6
-21982,0
Барлық өнімдерді өткізуден рентабельділік деңгейі, %-н

12,8

2,1

16,8

40,8

35,1
Өсімдік шаруашылығындағы өнімдерді өткізуден рентабельділік деңгейі, %-н

13,8

0,9

18,0

43,9

37,5
Мал шаруашылығындағы өнімдерді өткізуден рентабельділік деңгейі, %-н

1,5

16,6

0,9

-6,2

3,2
Пайдалы шаруашылықтар саны
143
175
335
445
460
Олардың жалпы санындағы пайдалы шаруашылықтардың үлес салмағы, %-н

29,7

27,3

52,9

71,2

72,1
Залалды шаруашылықтар саны
183
329
191
104
126
Олардың жалпы санындағы залалды шаруашылықтардың үлес салмағы, %-н

38,0

51,2

30,2

16,6

19,7
Ескерту: Қайнар көз - Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы 2004-2008. Статистикалық жинақ. Петропавл, 2009. б. 88.

Солтүстік Қазақстан облысында залалды кәсіпорындар өте көп, олардың көпшілігі Қызылжар, Тайынша және Айыртау аудандарында орналасқан (кесте 8).

Кесте 8 - Пайдалы және залалды ауыл шаруашылық кәсіпорындарының саны

Аудандар және қала
2004
2005
2006
2007
2008

пайда
залал
пайда
залал
пайда
залал
пайда
залал
пайда
залал
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
СҚО
143
183
175
329
335
191
445
104
460
126
1. Айыртау
49
3
16
31
23
21
33
15
30
19
2. Ақжар
4
7
7
12
10
10
21
3
19
8
3. Аққайың
1
18
17
16
24
10
34
4
35
4
4. Есіл
17
12
14
57
65
8
68
6
73
7
5. Жамбыл
1
13
3
16
15
11
20
7
21
6
6. М.Жұмабаев
18
1
12
16
14
16
24
9
23
10
7. Қызылжар
1
25
19
32
34
27
36
25
40
22
8. Мамлют
14
-
21
27
39
10
44
4
45
3
9. Ғ.Мүсірепов
10
37
20
35
34
18
52
-
54
-
10. Тайынша
12
33
11
32
8
36
28
19
26
35
11. Тимирязев
2
8
4
8
6
6
11
4
17
3
12. Уәлиханов
1
20
10
16
19
9
22
6
23
5
8-кестенің жалғасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
13. Шал ақын
13
1
20
30
43
7
51
2
53
2
14. Петропавл
-
5
1
1
1
2
1
-
1
2
Ескерту: Қайнар көз - Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы 2004-2008. Статистикалық жинақ. Петропавл, 2009. б. 88.

Аудандар бөлінісінде Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық кәсіпорындарының барлық қызметінен таза нәтижені талдау (кесте 9) 2004 жылы тек бес аудан ғана (Айыртау, М.Жұмабаев, Мамлют, Тайынша және Шал ақын) оң нәтижеге ие болғандығын, ал 2005 жылы барлық аудандар түгелімен теріс нәтижеге ие болғандығын көрсетті. 2006 жылы алты аудан (Аққайың, Есіл, М.Жұмабаев, Мамлют, Ғ.Мүсірепов және Шал ақын) оң нәтижеге ие болса, 2007 жылы тек М.Жұмабаев ауданы теріс нәтижеге ие болды. 2008 жылы өткен жылмен салыстырғанда нәтиже біршама нашар болды, өйткені төрт аудан (Айыртау, Ақжар, Тайынша, Уәлихан) жылды залалмен аяқтады. Петропавл қаласында орналасқан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының барлық қызметінен таза нәтиже барлық зерттелінген кезеңде, 2007 жылды қоспағанда, тек теріс мәнге ғана ие болды.

Кесте 9 - Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының барлық қызметінен таза нәтиже
млн. теңге
Аудандар және қала
2004
2005
2006
2007
2008
СҚО
-486,3
-4010,9
-2043,2
9863,6
-21982,0
1. Айыртау
5,4
-928,9
-451,5
761,6
-1361,1
2. Ақжар
-84,0
-5,6
-4,6
468,5
-369,2
3. Аққайың
-236,5
-151,5
128,6
678,9
924,3
4. Есіл
-23,4
-826,2
847,5
883,9
944,5
5. Жамбыл
-8,4
-223,3
-1515,2
519,4
604,4
6. М.Жұмабаев
64,1
-192,1
14,5
-46,7
837,7
7. Қызылжар
-207,7
-125,2
-1,8
184,4
683,6
8. Мамлют
158,2
-19,7
192,6
728,6
515,0
9. Ғ.Мүсірепов
-62,7
-495,3
184,3
4380,5
4936,2
10. Тайынша
114,6
-272,5
-878,3
483,9
-30237,2
11. Тимирязев
-37,9
-1,8
-343,8
186,6
1250,0
12. Уәлиханов
-214,4
-379,3
-139,4
24,6
-1101,4
13. Шал ақын
74,5
-378,5
23,4
608,3
422,8
14. Петропавл
-28,1
-11,0
-99,5
1,1
-31,6
Ескерту: Қайнар көз - Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы 2004-2008. Статистикалық жинақ. Петропавл, 2009. б. 88.

Аталмыш талдау негізінде СҚО басшылығына ауыл шаруашылық саласында қалыптасқан жағдай туралы қатты ойлану қажет деген қорытындыға келуге болады.
Біздің пікіріміз бойынша, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жұмыс істеу тұрақсыздығы, өнімдерді өткізуден олардың рентабельділігінің төмен деңгейі, залалды кәсіпорындардың көп саны ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқарудағы төмен мәдениеттің салдары болып табылады. Өндірілген өнімдердің біршама үлкен көлемі үй шаруашылықтарымен және ұсақ шаруа қожалықтарымен өткізілетіндігі де едәуір рөл атқарады.
10-кестеден көрінетіндей, барлық шаруашылық санаттары бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі құндық түрде 2004 жылғы 85135,6 млн. теңгеден 2008 жылғы 202234,9 млн. теңгеге дейін жыл сайын динамикалық түрде өсуде, соның ішінде өсімдік шаруашылығында 2004 жылғы 60363,2 млн. теңгеден 2008 жылғы 153622,0 млн. теңгеге дейін және мал шаруашылығында 2004 жылғы 24772,4 млн. теңгеден 2008 жылғы 48612,9 млн. теңгеге дейін.

Кесте 10 - Барлық шаруашылық санаттары бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі
ағымдық бағаларда, млн. теңге

2004
2005
2006
2007
2008
Барлығы
85135,6
93979,0
108947,4
147471,5
202234,9
соның ішінде:
өсімдік шаруашылығы
60363,2
65422,8
76836,9
109381,4
153622,0
мал шаруашылығы
24772,4
28556,2
32110,5
38090,1
48612,9
Ескерту: Қайнар көз - Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы 2004-2008. Статистикалық жинақ. Петропавл, 2009. б. 13.

Алайда 10-сурет пен 11-кестеден көрінетіндей, 2004 жылдан бастап ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі үй шаруашылықтары өндірген ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемінен артық. 2004 жылы аталмыш айырма тек 1,5% құраса, 2008 жылы бұл айырма 17,5% құрады.
Ескерту: Қайнар көз - Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы 2004-2008. Статистикалық жинақ. Петропавл, 2009. б. 13.

Сурет 10 - 2004-2008 жылдардағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құрылымы (пайызбен)
2008 жылы ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 51,5%-ды, ал шаруа қожалықтары мен үй шаруашылықтарын қоса алғанда 48,5%-ды құрады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен 2004 жылы өндірілген мал шаруашылық өнімдері бар болғаны 6,4%-ды құрады, ал үй шаруашылықтары болса 91,9% өндірді, сәйкесінше 2008 жылы бұл көрсеткіштер 9,2% және 89,1%-ды құрады. Мұндай жағдайда мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы туралы сөз қозғаудың өзі қиын екендігі түсінікті. Біздің ойымызша, мұндай жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдіру мәселесін келесі түрде шешуге болады: бірнеше шаруа қожалықтарын біріктіру есебінен ауыл шаруашылық құрылымдарын ірілендіру керек, сондай-ақ ауыл шаруашылық кәсіпорындарында халықаралық стандарттарға сәйкестігіне сертификатталған сапа менеджментінің жүйесін ендіру қажет.

Кесте 11 - Шаруашылық санаттары бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі
ағымдық бағаларда, млн. теңге

2004
2005
2006
2007
2008
2008 ж 2007 ж-ға (%-бен)
Барлық санаттағы шаруашылықтар
85135,6
93979,0
108947,4
147471,5
202234,9
137,1
- өсімдік шаруашылығы
60363,2
65422,8
76836,9
109381,4
153622,0
140,4
- мал шаруашылығы
24772,4
28556,2
32110,5
38090,1
48612,9
127,6
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары
33491,7
40452,0
49737,2
66889,3
104221,4
155,8
- өсімдік шаруашылығы
31911,2
38236,0
47331,5
63779,2
99721,3
156,4
- мал шаруашылығы
1580,5
2216,0
2405,7
3110,1
4500,1
144,7
Шаруа (фермер) қожалықтары
19461,7
13782,4
16464,8
27743,4
29281,6
105,5
- өсімдік шаруашылығы
19042,0
13366,6
15947,5
27130,2
28503,2
105,1
- мал шаруашылығы
419,7
415,8
517,3
613,2
778,4
126,9
Тұрғындардың шаруашылығы
32182,2
39744,6
42745,4
52838,8
68731,9
130,1
- өсімдік шаруашылығы
9410,0
13820,2
13557,9
18472,0
25397,5
137,5
- мал шаруашылығы
22772,2
25924,4
29187,5
34366,8
43334,4
126,1
Ескерту: Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы 2004-2008 статистикалық жинағы негізінде автормен құрастырылған.

11-кестеден көрінетіндей, 2008 жылы барлық санаттағы шаруашылықтармен өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы өнімі 2007 жылмен салыстырғанда тұтастай 37,1%-ға, ал осы кезең ішіндегі шаруа қожалықтарымен өндірілген ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 5,5%-ға өсті, соның ішінде барлық санаттағы шаруашылықтармен өндірілген өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі 2007 жылмен салыстырғанда тұтастай 40,4%-ға, ал осы кезең ішіндегі шаруа қожалықтарымен өндірілген өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі 5,1%-ға өсті.
12-кестенің деректеріне сай, ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық түрлерінің өндірісі зерттеліп отырған кезең ішінде оң динамикаға ие. Тірі салмақтағы ет өндірісі 2004 жылғы 84,2 мың тоннадан 2008 жылғы 94,4 мың тоннаға дейін, сойыс салмағында - сәйкесінше 49,6 мың тоннадан 58,7 мың тоннаға дейін өсті.
Осы кезеңдегі сүт өндірісі 504,4 мың тоннадан 547,7 мың тоннаға дейін, жұмыртқа өндірісі 176,9 млн. данадан 266,8 млн. данаға дейін, жүн өндірісі 541 тоннадан 767 тоннаға дейін 1,4 есеге өсті.

Кесте 12 - Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі

Жылдар
Ет, мың тонна
Сүт, мың тонна
Жұмыртқа, млн. дана
Жүн (нақты салмақпен), тонна

тірі салмақпен
сойыс салмағымен

2004
84,2
49,6
504,4
176,9
541
2005
84,7
52,8
513,0
222,2
595
2006
85,7
53,1
523,4
233,4
637
2007
88,8
55,1
531,4
250,0
716
2008
94,4
58,7
547,7
266,8
767
Ескерту: Қайнар көз - Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы 2004-2008. Статистикалық жинақ. Петропавл, 2009. б. 59.

Осындай оң динамика өнеркәсіптік ұқсатылған көптеген ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісінде де байқалады (кесте 13).

Кесте 13 - СҚО-дағы өнеркәсіптік ұқсатылған ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі

Өнім түрлері
2004
2005
2006
2007
2008
1
2
3
4
5
6
Ет және тағамдық ішек-қарын (құс етінсіз), тонна
3535
5391
4120
5657
4795
Үй құсының еті мен ішек-қарыны, тонна
172
168
243
304
287
Еттен консервілер, тонна
96
124
125
150
271
Шұжық тағамдары, тонна
1624
2553
2757
3192
2915
Өсімдік майлары (тазартылмаған), тонна
251
233
7763
11548
9303
Өңделген сұйық сүт және кілегей, тонна
11337
13781
17438
25939
30713
Сүт пен кілегей қатты түрде, тонна
905
1791
1898
1654
1574
Шаруа майы, тонна
1756
2612
2472
2481
2341
Сүзбе және iрімшік, тонна
1609
1837
1954
1667
1418
13-кестенің жалғасы
1
2
3
4
5
6
Сүт және қоюлатылған кілегей, тонна
134
1
-
-
-
Йогурт және ферменттелген немесе ашытылған сүт немесе кілегей, тонна
3244
3702
4095
4939
5323
Майда тартылған бидай ұны, тонна
222798
228706
236991
279395
326778
Ауыл шаруашылығы малдары үшін дайын азық, тонна
90835
69793
79402
84506
96058
Макарон, кеспе және осы сияқты ұн тағамдары, тонна
28445
28995
33133
34496
32129
Ескерту: Қайнар көз - Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсібі 2004-2008. Статистикалық жинақ. Петропавл, 2008. б. 24.

2008 жылғы өнеркәсіптік ұқсатылған ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісіндегі [70] өсім еттен консервілер (80,7%-ға), өңделген сұйық сүт және кілегей (18,4%-ға), йогурт, ферменттелген кілегей немесе өзге де ашытылғандар (7,8%-ға), астық ұны (17,0%-ға), малдарға арналған дайын азық (13,7%-ға) өсімімен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар ет және тағамдық ішек қарынды (15,2%-ға), үй құсының етін (5,6%-ға), шұжық бұйымдарын (8,7%), өсімдік майларын (19,4%-ға), сүт пен қатты түрдегі кілегейді (4,8%-ға), сары майды (5,7%-ға), ірімшік пен сүзбені (14,9%-ға), макарон, кеспе және осы сияқты ұннан жасалған бұйымдарды (6,9%-ға) өндіру кеміп кетсе, қоюлатылған сүт және тәтті сүт өндірілген жоқ.
Зерттеліп отырған кезеңдегі ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық дерлік түрлерінің өндірісі тұтынушылық қажеттіліктерді қанағаттандырудың бір мезгілде өсуімен қатар оң динамикаға ие. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің СҚО бойынша Басқармасының берген ақпаратына сай, ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасына келіп түскен шағымдардың саны 2005 жылға дейін жыл сайын өсті, ал 2005 жылдан бастап (нақ осы жылы облыстың ауыл шаруашылық кәсіпорындары СМЖ ендіре бастады) олардың саны біртіндеп азая бастады (сурет 11).

Ескерту - Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің СҚО бойынша Басқармасының деректері негізінде автормен әзірленген

Сурет 11 - Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасына келіп түскен шағымдар динамикасы
Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің республикалық нарығының дамуында маңызды рөл атқаратындығын есепке алып, және Қазақстанның ДСҰ-ға алдыңғы уақытта ену мүмкіндігін назарға ала отырып, біздің ойымызша, ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісіне маманданған ірі кәсіпорындар мен компанияларда ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін басқаруды жетілдіру мәселелерін шешу жөніндегі шаралардың бірі ретінде ИСО 9000 халықаралық стандарттарын ендіруге ерекше көңіл аудару қажет. ИСО 9000 сертификатының болуы бүгіндері көптеген әлемдік нарықтардағы жетістіктің маңызды факторы болып табылады. Ол компанияның өркениетті іскерлік әлемге қатыстылығы жөнінде куәландырады. Одан басқа, көптеген шетелдік компаниялар олардың жабдықтаушыларынан сертификатталған сапа менеджменті жүйелерінің болуын талап етеді.
Жоғарыда баяндалған идеялардың жақтаушылары қаншалықты дұрыс екендігін анықтау мақсатымен СҚО ауыл шаруашылық кәсіпорындарында СМЖ ендіру тиімділігіне талдау жүргізіліп, баға берілді.

2.2 Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық кәсіпорындарында СМЖ ендіру тиімділігін талдау

Соңғы жылдары біздің елімізде белгілікті экономикалық өрлеу байқалады, Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше елдермен қатынастар дамуда. Алдағы уақытта ДСҰ-ға ену объективті себептерден туындаған және отандық экономиканың тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесетін қажетті және болмай қоймайтын қадам болып табылады.
Бүгіндері ДСҰ әлемнің 174 елін біріктіреді, оның нормаларымен бүкіл әлемдік тауарлар мен қызметтер айналымының 95 пайызы реттеледі және Қазақстан осы ұйымнан тыс қала алмайды. Бүгінгі таңның өзінде Қазақстанның жалпы тауар айналымының 50 пайызынан астамы ДСҰ-ға мүше елдерге келеді, ал осы беделді халықаралық ұйымға Ресей кірген жағдайда бұл көрсеткіш шамамен 90 пайыздай болады.
ДСҰ-ға ену жөнінде Қазақстан 1996 жылдан бастап белсенді келіссөздер жүргізуде. Оған кірудің қажеттілігі әлемдік экономикалық жүйеге бірігу, әлемдік нарыққа шығудың барынша қолайлы жағдайларын жасау, шетелдік инвестициялар мен технологияларды Қазақстанға тарту міндеттерімен себептелген. Қосылу үдерісі өз нарықтарын ашу ғана емес, көбіне ішкі құқықтық және экономикалық кеңістікті әлемдікпен сәйкестендіру болып табылады.
Шаруашылық деңгейде, Қазақстанның сүт және сүт өнімдерін өндірушілері Ассоциациясының төрағасы А. Соловьеваның пікірі бойынша, дайындық жұмыстары Қазақстанның ДСҰ-ға кіруімен байланысты мәселелерді талқылау үшін дөңгелек үстелдер, конференциялар мен үйретуші семинарларды ұйымдастырудан тұруы мүмкін. Пікірлермен белсенді алмасу ауылдық тауар өндірушілер мен ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсатушыларға өздерінің тауарларын тарифтік ставкалар есебінен ғана емес, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өнімдері жасау есебінен де қорғау жөніндегі барабар шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, ауыл шаруашылық тауарын өндіруші әрі ішкі, әрі сыртқы нарықтарды жаулап алуды көздейтін болады. Бұл жерде Қазақстанның едәуір потенциалы бар екендігі сенімділік туғызады [71].
Осыған ұқсас пікірді келешекте Қазақстан ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін толығымен қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттаушы болуы да мүмкін деп есептейтін, көптеген мамандар мен аграрий ғалымдар ұстанады. Астық өндірісінің оң тенденциясы мен экстенсивті жайылымдық мал шаруашылығы кезінде біздің республикамыз натуралданған өнімдерді экспорттауы мүмкін.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздік үдеріс қарқынды түрде жүргізілуде. ДСҰ-ға ене отырып, біздің республикамыз халықаралық сауданың толыққанды және жауапты қатысушысы болғысы және осы мүмкіндіктерді халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті экономикалық жаңғырту мен бекітудің құралы ретінде пайдаланғысы келеді. Осы халықаралық ұйымға енуге дайындық кезеңінде кеден саясатының, халықаралық стандарттарды ендірудің, мемлекеттік сатып алуларды жетілдірудің сұрақтарын шешу және шетелдік инвесторлар мен отандық бизнес мүдделері арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті қамтамасыз ету қажет.
Қазақстанның ДСҰ-ға енуі:
- қазақстандық өнімдердің шетелдік нарықтарға түсуіне кемсітусіз, қазіргілермен салыстырғанда жақсырақ жағдайларға қол жеткізуді;
- шетелдік инвестициялар үшін барынша қолайлы ахуал жасауды;
- ішкі нарыққа шетелдік тауарлардың, қызметтер мен инвестициялар ағымының артуы нәтижесінде отандық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасауды;
- ДСҰ-ға мүше елдерде қазақстандық инвесторлар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуді;
- халықаралық сауданың толыққанды қатысушысы ретінде әлемде Қазақстанның бейнесін жақсартуды қамтамасыз етеді.
Бірақ та Қазақстан осы ұйымның толыққанды мүшесі болуы үшін елдің ішіндегі және одан тысқары тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сапасын қамтамасыз етуге арналған белгілікті шараларды қабылдау қажет. Мәселен, мұндай шаралардың бірі олардың негізінде өнімді өндіру мен тұтынушыға деген қатынастың дәстүрлі және ескірген тәсілдерін түбірімен өзгертетін сегіз қағида - тұтынушыға бағдарлау, басшылардың лидерлігі, қызметкерлерді қатыстыру, үдерістік тәсілдеме, менеджментке деген жүйелі тәсілдеме, әрдайым жақсарту, фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау, жабдықтаушылармен өзара қолайлы қатынастар - қаланған ИСО стандарттары мен ХАССП қағидалары негізінде ауыл шаруашылық кәсіпорындарында осы заманғы менеджмент жүйелерін ендіру болып табылады.
Бүгіндері нарықтар ғаламдық болып табылады, ал жеткізу тізбектері көптеген елдердің шекараларын кесіп өтуі мүмкін. Халықаралық сауда үшін барынша қолайлы жағдай жасау ісінде ISO 9000 және ISO 14000 секілді халықаралық стандарттар көмектесе алады.
Ғаламдық нарықтың техникалық іргетасы ретіндегі халықаралық стандарттардың рөлі Саудадағы техникалық кедергілер (СТК) бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымының Келісімінде ерекше атап өтілген. СТК келісімі сауданың даму жолындағы ықылассыз кедергілер пайда болуының алдын алу үшін үкіметті халықаралық стандарттарды барынша пайдалануға міндеттейді. Соның арқасында олар барған сайын кеңінен пайдаланып келе жатқан стандарттардың қозғаушы күші Европалық Одақ болып табылады. ЕО құрған кездегі 1992 жылғы келісімнің бөлігі оны пайдалану одаққа қатысушылар арасындағы сауда қатынастарын жеңілдете алатын стандарттардың бірі ретіндегі сапа менеджментінің жүйесін - ISO 9000 қабылдау шешімі болды. Экологиялық менеджмент жүйесі - ISO 14000 әзірлеу туралы шешім 1992 жылғы Рио-де-Жанейродағы дүниежүзілік сауда келісімі жөніндегі келіссөздердің уругвайлық раундының нәтижесі болды. Бүгіндері көптеген европалық компаниялар осы стандарттардың талаптарына сәйкестігіне тіркелген. Танымал халықаралық стандарттардың артықшылықтары біршама айқын. Олар нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдай жасайды. Халықаралық тендерлерге сәтті қатысу тендер шартына қосылған техникалық талаптар мен стандарттарға сәйкестікті білдіреді. Егер бұл халықаралық стандарттар болса, онда тендерге қатысушылар үшін тең жағдайлар сөзсіз кепілденеді. Аталмыш мәселе Шығыс Европа мен ТМД елдерінің кәсіпорындары үшін әсіресе өзекті, себебі оларды халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігіне сертификаттау әлемдік нарыққа шығу үшін қажетті шарт болып табылады.
Барлық әлемде сапа менеджментінің жүйесі бірнеше мыңдаған ірі, орташа және шағын ауыл шаруашылық кәсіпорындарында ендірілген. Оларға біртіндеп қазақстандық ауыл шаруашылық кәсіпорындары қосылуда. Отандық ауыл шаруашылық кәсіпорындары ИСО халықаралық стандарттары бойынша сапа менеджментінің жүйелерін 2003 жылдан бастап ендіре бастады. СМЖ ендірген ауыл шаруашылық кәсіпорындар санының динамикасы 12-суретте көрсетілген.

Ескерту - Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің деректері негізінде автормен әзірленген

Сурет 12 - Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында СМЖ ендіру динамикасы

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес СМЖ ендіру және сертификаттау шағын кәсіпорындарға экономикалық орынсыз, себебі сертификаттарды алу шығындары олардың қаржы мүмкіндіктерінен едәуір асып түседі. Бұл фактіні отандық тәжірибе де куәландырады (сурет 13). СМЖ ендірген ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жалпы санынан ірі кәсіпорындардың үлесі 31%, орташалардың үлесі - 59%, шағын кәсіпорындардың үлесі - 10% құрайды.

Ескерту - Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің деректері негізінде автормен әзірленген

Сурет 13 - СМЖ ендірген ірі, орташа және шағын ауыл шаруашылық кәсіпорындарының үлесі

2003 жылы ең алғаш болып ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйелерін келесі ауыл шаруашылық кәсіпорындары сертификаттады: JTI Central Asia ЖШС (Оңтүстік Қазақстан облысы, темекі бұйымдарын өндіру), Владимир и Д ЖШС (Ақтөбе облысы, ассортимент бойынша ет қалбырларын өндіру), Филипп Моррис Казахстан АҚ (Алматы облысы, темекі бұйымдарын өндіру), Беккер и К БК ЖШС (Алматы қ., ет өнімдерін, нан-тоқаш бұйымдарын өндіру және өткізу), Фуд Мастер-Шымкент ЖШС (Оңтүстік Қазақстан облысы, сүтті ұқсату өнімдерін әзірлеу және өндіру). 2004 жылы оларға тағы да 5 кәсіпорын қосылды: Компания Фуд Мастер Айс Крим ЖШС (Алматы қ., балмұздақ өндіру), Оңтүстік құс АҚ (Оңтүстік Қазақстан облысы, жұмыртқа, құс етін, жұмыртқа ұнтағын, құс етінен шұжық бұйымдарын өндіру), Компания Фуд Мастер АҚ (Алматы облысы, сүт және сүт өнімдерін өндіру), Бент АҚ (Алматы облысы, жұмыртқа, құс етін, құс етінен шұжық бұйымдарын өндіру), Меркенский сырзавод ЖШС (Жамбыл облысы, қышқыл сүт өнімдерін өндіру).
Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетте бар ақпарат бойынша 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 134 ауыл шаруашылық кәсіпорны ИСО 9001, 14001, OHSAS 18001 және ХАССП халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйелерін ендірді және сертификаттады. Соның ішінде Ақмола облысында 12 кәсіпорын, ол жалпы санның 9,0% құрайды (сурет 14): 3 ірі және 9 орташа кәсіпорын; Ақтөбе облысында 7 кәсіпорын (5,2%): екі ірі, екі орташа және үш шағын кәсіпорыннан; Алматы облысында 18 кәсіпорын (13,4%): олардың 12 ірі, 5 орташа және біреуі шағын; Атырау облысында бір орташа кәсіпорын (0,7%); Шығыс Қазақстан облысында 10 кәсіпорын (7,5%): олардың 4 ірі және 6 орташа; Жамбыл облысында 4 орташа кәсіпорын (3,0%); Батыс Қазақстан облысында 7 кәсіпорын (5,3%): олардың біреуі ірі, біреуі орташа және бесеуі шағын; Қарағанды облысында 18 кәсіпорын (13,4%): олардың 4 ірі, 12 орташа және 2 шағын; Қостанай облысында 13 кәсіпорын (9,7%): олардың 5 ірі және 8 орташа; Қызылорда облысында 4 кәсіпорын (3,0%): олардың 2 ірі және 2 орташа; Маңғыстау облысында 3 кәсіпорын (2,2%): олардың 2 орташа және біреуі шағын; Павлодар облысында 4 орташа кәсіпорын (3,0%); Оңтүстік Қазақстан облысында 9 кәсіпорын (6,7%): олардың 3 ірі, 5 орташа және біреуі шағын; Алматы қаласында 8 кәсіпорын (6,0%): олардың 3 ірі және 5 орташа; Астана қаласында бір орташа кәсіпорын (0,7%) және Солтүстік Қазақстан облысында 15 кәсіпорын (11,2%): олардың 3 ірі және 12 орташа.
Ескерту - Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің деректері негізінде автормен әзірленген

Сурет 14 - Облыстар бөлінісіндегі СМЖ ендірген ауыл шаруашылық кәсіпорындарының үлес салмағы

2005 жылдан 2008 жылға дейінгі кезеңде халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес СМЖ ендірген және сертификаттаған Солтүстік Қазақстан облысының 11 кәсіпорнына Айыртау элеваторы ЖШС, Бесқарағай ЖШС, Мамлют ұн үгу комбинаты АҚ, Элеватор Целинный 2006 ЖШС, Сұлтан - элеватор-мельнично-макаронный комплекс АҚ, Ростан ЖШС, Тортуманов и К ЖШС, Фрегат ЖШС, Меденников ДК, Казмясопродукт ЖШС, Қызылту ұн үгу комбинаты ЖШС, Ақсуат элеваторы ЖШС, Достық элеваторы ЖШС, Элеватор Тайынша 2006 ЖШС, Астық қоймалары ЖШС жатады. Леонтьев ет комбинаты ЖШС, МаслоДел ЖШС филиалы, Баско ЖШС құс кешені және Биохим АҚ секілді тағы да төрт солтүстік қазақстандық ауыл шаруашылық кәсіпорындары СМЖ ендіру мен сертификаттау жөніндегі әзірліктер жүргізуде.
Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның негізгі астық өңірі болғандықтан СМЖ астықты сақтау, өңдеу, кептіру және жөнелтумен шұғылданатын кәсіпорындар алғаш болып ендіре бастады: Айыртау элеваторы ЖШС (2005 ж.), Бесқарағай ЖШС (2006 ж.), Мамлют ұн үгу комбинаты АҚ (2007 ж.), Элеватор Целинный 2006 ЖШС (2007 ж.), Қызылту ұн үгу комбинаты ЖШС (2008 ж.), Ақсуат элеваторы ЖШС (2008 ж.), Достық элеваторы ЖШС (2008 ж.), Элеватор Тайынша 2006 ЖШС (2008 ж.) және Астық қоймалары ЖШС (2008 ж.).
2005 жылғы қазанда кәсіпорынның материалды-техникалық базасын жөндеу мен қайта құру жөніндегі 1999-2004 жж. ішінде жүргізілген жұмыстар негізінде Айыртау элеваторы ЖШС Солтүстік Қазақстан облысында алғашқылардың бірі болып астықты сақтау, өңдеу, кептіру мен жөнелту саласында ИСО 9001:2000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйесін әзірлеп, ендірді және сертификациялады.
Кәсіпорында СМЖ ендіру және сертификаттау кезең-кезеңмен жүргізілді.
Ең алдымен, сапа саласындағы стратегиялық мақсаттар тұжырымдалды. Олар сапа саласындағы Саясатта көрініс тапты:
oo ИСО 9001:2000 халықаралық стандарты және құжаттандырылған рәсімдер негізіндегі келісім-шарттар мен нормативті-техникалық құжаттаманың талаптарына толық сәйкес түрде астық дақылдарын сақтау мен ұқсату қызметтерін көрсету;
oo әзірлеушілер және жабдықтаушылармен әрекеттестік негізінде жаңа қоймалық жабдықты қолдануды кеңейту;
oo технологиялық жабдықты жаңғырту арқылы кәсіпорын қызметінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
oo тауарлық қойма қызметін тұтынушылар санын кеңейту, қызмет сапасын арттыру және өндіріс шығындарын төмендету арқылы сату көлемі мен пайданы көбейту;
oo жұмыс орындары мен қоймадағы барлық қызметті еңбек қауіпсіздігі, адамдардың денсаулығын қорғау мен қоршаған ортаны қорғау стандарттарына толық сәйкес түрде ұйымдастыру.
Келесі қадам кәсіпорында сапа менеджментінің бөлімін (СМБ) құру болды. Бөлім мамандары сапа менедженті жүйесінің негіздеріне оқып-үйреніп, жүйе талаптарының кәсіпорында қолданыстағы нормативтік құжаттар мен технологиялық регламенттерге сәйкестігін алдын ала тексеру жүргізді.
СМБ мамандары кеңес беруші және жұмысшы топпен бірлесе отырып, СМЖ басқарушы, негізгі және қолдаушы үдерістерін анықтады. Әрбір үдеріс үшін оны іске асыру жөніндегі қызметті реттейтін құжаттаманы әзірледі. Сондай-ақ тікелей жұмыс орындарында қолдану үшін жұмыс нұсқаулықтары жасалды. Сапа менеджментінің талаптарына сәйкес бөлімшелер туралы ережелер мен барлық қызметкерлер үшін лауазымдық нұсқаулықтар қайта қаралды. Сапа менеджментінің негізгі құжаттарына мыналар жатады: сапа саласындағы Саясат, сапа саласындағы Мақсаттар, сапа бойынша Басшылық, басшылық рәсімдері, негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, сапа жүйесінің рәсімдері, лауазымдық және жұмыс нұсқаулықтары.
Содан соң кәсіпорын бойынша бұйрықпен ішкі аудиторлар командасы құрылды. Әрбір аудитор мамандандырылған семинарда білім алып, сертификат алды. Ішкі аудиттер үздіксіз болып тұрады. Олардың нәтижелері бойынша түзетуші және алдын алушы іс-әрекеттер, оларды орындау жөніндегі шаралар ойластырылады. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес әрбір ішкі аудиторға белгілікті бөлімшелер бекітілген. Аудиторлар командасының басшысына есеп бере отырып, аудитор олардың қызметіне ара-тұра бақылау жасайды. Есептер - бұл жоғарғы басшылық талдау жасауы үшін қажет компоненттердің бірі.
Кәсіпорында сапа менеджментінің жүйесін әзірлеу, ендіру мен сертификаттауға жұмсалған материалдық шығындардың құрылымын талдау негізгі үлес (70%) аралық аудитке келетіндігін көрсетті (сурет 15).

Ескерту - кәсіпорынның деректері негізінде автормен әзірленген

Сурет 15 - Айыртау элеваторы ЖШС-де сапа менеджментінің жүйесін әзірлеу, ендіру мен сертификаттауға жұмсалған материалдық шығындардың құрылымы

Ақырында, 2005 жылғы қазанның ортасында кәсіпорын сапа менедженті жүйесінің ИСО 9001:2000 стандарттарының талаптарына сәйкестігіне сертификациялық аудиттен сәтті өтті. Аудит JUAT аккредиттеуші органның № 08-0021 шешімі бойынша ЕН 45012 сәйкес сапа менеджментінің жүйесіне сертификация жүргізу құқығына аккредиттелген EVROCERT компаниясымен жүргізілді. Оның міндетіне шоғырландырылған сапа жүйесі мен сапа менеджменті жүйесін сертификаттау мен байқау кіреді.
Кәсіпорын СМЖ сертификаттағаннан соң бірден оның артықшылықтары көріне бастады:
oo басшылықта үдерістер тұрғысынан кәсіпорынның қызметін бағалау мен талдаудың құралы пайда болды;
oo жақсарту учаскелері анықталды;
oo инвестициялық тартымдылық артты;
oo тұтынушылармен және жабдықтаушылармен ұзақ мерзімді қатынас жасасу мүмкіндігі пайда болды;
oo кәсіпорын имиджі жақсарды;
oo ДСҰ-ға мүше елдермен ынтымақтастық мүмкіндігі пайда болды;
oo экспорттық өнім үлесі артты (сурет 16).
16-суреттен көрінетіндей, өнімді экспортқа өткізудің елеулі динамикасы байқалады. 2008 жылы экспортқа өткізілген өнім көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 3 есеге дерлік өсті.

Ескерту - кәсіпорынның деректері негізінде автормен әзірленген

Сурет 16 - Өнімді экспортқа өткізу динамикасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны ластау деңгейiн азайту және оны тұрақтандыру
Консалтинг – қазіргі нарықты экономикадағы жұмыс істеудің мәні мен қажеттілігі
Аймақтық саясат құрылымы
Кәсіпорын процестерін басқарудағы маркетинг қызметі
Муниципалдық менеджмент
Қазақстан Үкіметі, аймақтық биліктермен аймақтық экономикалық саясат координациясы
Шаруашылықта ресурстарды пайдалануды басқару
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіндегі өндірістік тәжірибе есебі
Агроөнеркәсіп өндірісінде инновацияны игеру тәжірибесі
Қазақстанның экология саласындағы қозғалыстары, оның даму перспективалары
Пәндер