Қазақстанға жер аударылған халықтарды орналастыру


Қожаханова Құралай Кәріпжанқызы
Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің «ХХ - басы ХХІ ғғ. полиэтникалық мемлекет жағдайындағы Қазақстан халықтарының үйлесімділігі: тарих, дін, мәдениет» атты жоспарлы тақырыптың «ХХ ғ. Қазақстан этностарының тарихи қалыптасуы» деп аталатын І бөлімінің «Қазақстанға жер аударылған халықтар және олардың бейімделуі» деген V-тарауы бойынша жоспарлы тақырып материалдары.
1. Қазақстанға жер аударылған халықтарды орналастыру
Депортация - құқықтық және саяси негіздермен түсіндіргенде, жеке адамдарға, заңға сәйкестендіріп қолданғанда ғана қоғамдық тәртіпті бұзушыларға қолданылатын шара.
Ал, кеңестік тоталитарлық жүйе көптеген халықтар мен этникалық топтарды тарихи отанынан алыс аймақтарға күштеп көшірді, олардың бірлігі мен біртұтастығына, мәдени әлеуметтік дамуына орасан зиянын тиді.
Кеңес үкіметінде депортация кең көлемде орын алды, оның негізгі жүргізген саясаты - халықты жазалау мақсатында тарихи туған жерлерінен күштеп -шалғай аудандарға қоныс аудару болды.
КСРО-дағы кейбір аз ұлттар өкілдерін жер аудару саясаты соғысқа дейін күшіне енген мәселе. Мысалы, 20-30 жылдары осындай ретпен Қазақстанға КСРО-ның басқа өлкелерінен бұрынғы байлық иелері кулактар, діндарлар, ақсүйектер, патша өкіметі әкімшілік орындарында қызмет еткен шенеуініктер - барлығы 360 мыңдай адамдар жер аударылды [16, 10-б. ] . Осындай саясат нәтижесіндегі 30 жылдардағы ашаршылық кезінде халқы сиреп қалған Қазақстан сияқты жерлерге өнеркәсіп құрылысын өркендету, оның табиғи байлықтарын игеру мақсатымен адам күшін шоғырландырып, еңбек ресурстарын көбейтуге тырысты. Осы негізде Қиыр Шығыс, Солтүстік Орал, Норильск, Магадан, Колыма, Батыс және Шығыс Сібір сияқты нашар игерілген өлкелердің де табиғи байлықтарын ашу, өндіріске қосу жұмыстары, жаңа кәсіпорындар мен қалалар салу қызу қарқында жүргізілді.
Біртіндеп осы саясат жеке этностар мен тұтастай ұлттарға бағытталды. Кеңес өкіметінің күштеп қоныс аудару саясатына алдымен Қиыр Шығысты мекендейтін кәрістер жапон өкіметі соғыс тұсында шекара маңындағы кәрістерге сенімсіздікпен елдің ішіне қарай көшірсе, Кеңес үкіметі де жапон армиясы жасырын қызмет атқарулары мүмкін деген күдікпен кеңестік кәрістерді жер аударды. Содан кейін құрыққа ілінген Әзірбайжан, Армян республикаларынан шекараға жақын орналастырылған күрд, армиян, парсы, түрік халықтарының кейбір өкілдері Қазақстанға жер аударылса, Қырым татарларының көпшілігі Өзбекстанға көшіріліп әкелінді.
Тарихтың қаралы оқиғалары ретінде сталиндік жазалау мұнан кейінгі кезеңде де жалғаса берді. Екінші дүние жүзілік соғыс басталған кезде гитлерлік әскерге көмектесуі мүмкін деген желеумен Еділ бойынан немістер қудаланды. Ленинград аймағынан немістер мен финдер де Қазақстанға орналастырылды. Немістерді күштеп көшіруге Мәскеу қаласынан және Мәскеу облыстарынан және Ростов облыстарынан немістерді Қазақстанның Қарағанды облысына, Жамбыл облысына, Қызылорда облысына, Оңтүстік Қазақстан облыстарына орнастырылыды. Немістер Краснодар аймағынан, Орджоникидзе аймағынан, Тула облысынан, Кабардин-Балкар АССР-інен, Северо- Осетия АССР-інен де жер аударылып, ондағы немістерді Қазақ ССР-іне орналастырылды. Немістерден Қазақстан Республикасына Запорож облысынан, Сталин облысынан және Ворошиловград облысынан жер аударып орналастырды. Немістерді Грузия Республикасынан, Әзірбайжан Республикасынан және Армиян Республикасынан көшірілсе Дағыстан Республикасынан және Шешен-Ингуш АССР-інен немістерді сыпырта жер аударды.
Соғыстың ортасында Закавказье асуынан өтуге неміс басқыншыларына жәрдемдесті деп «гитлер-фашистерінің агенттерін қудалау» басталды. Онда Солтүстік Кавказдан шешен, ингуш, қарашай, қалмақ, түрік, күрд халықтары және Қырым татарлары Қазақстанға жер аударылғандығы белгілі. Мұнда барлық қарашай халқына жағылған күйе еді. Оларға неміс басқыншыларының Қарашай Республикасына басып кірген кезде көптеген қарашайлықтар опасыздық көрсетіп, сатқындық жасаған. Көптеген адамдарды немістерге ұстап берген, неміс-фашистерінің құрған ұйымына кіріп, Кеңес Үкіметіне қарсы соғысқан. Немістердің Закавказье асуынан өтер кезде, оларға жол көрсетіп, тиісті жерлеріне дейін алып барған. Ал неміс басқыншылары бұл жерден қуылғаннан кейін, үкімет құрығынан қашып жүрген, бандиттерді, гитлер-фашистерінің агенттерін қудалау, ұстау басталды», - деп атап көрсетілді. Бұнда кінәлі деген азаматтар ғана жазалануыдың орнына тұтастай халыққа жазалау жүргізілді. Әрбірінен осындай «кінә» тауып, туған жерінен бүкіл халықты басқа өңірге қоныс аудару жөнсіздік болып отырғаны сөзсіз еді.
Сөйтіп Кеңес - Герман соғысы кезінде халықтарды жер аударудан тоталитарлық жүйе ерекше «тәжірибе» жинақтады. Бұл тоталитарлық жүйе жағдайындағы ұлт саясатының ешқандай заңдылықты сақтамауының айқын көрінісі.
Кеңес Одағы мен Ресей Федерациясының Жоғарғы Кеңес Президиумының автономдық республикалар мен облыстарды құру немесе оларды жою туралы ешнәрсе айтылмаған да. Осы жарлықтарда атап көрсетілген халықтар қарашайлықтардың көрген қорлықтарын олар да көрді десек те болады. Осындай тағы басқа да шығарылған халықты депортациялау жайлы заңды актілер заң жүзінде біткен, олар Конституциялық заңсыз деп есептелінді. Себебі, кейбір адамдар жазығы жоқ бола тұрсада жазаланды, ал нақты қылмыскерлер жазаланбай қалды. Содан кейін осындай көптеген халықтың ішіндегі қылмыскерлер мен кінәлілердің заң жүзінде, сотта да, басқа да материалдарда да - олардың кінәлары анықталмады.
Егер соғысқа дейінгі халықты депортациялау заңдылығы сол кездегі Конституцияға, заң тәртібіне, жариялылыққа қарсы элементтерді жасыруға тырысса, ал Ұлы Отан соғысы жылдары депортацияланған халықтарға қатысты ешбір заңдылықтар болған жоқ, оларға ешқандай жеңілдіктер (аурухана, мектеп, ақшадай көмек) жасалынған жоқ, қайта өздеріне көрсетілген «түзу» жолмен жүруге тырысты. Соның әсерінен, жекеленген депортацияланған халықтың қоныстанған жерлерінде қанша уақытқа дейін болатындары туралы білуге де мүмкіндіктері болмады.
Халықтарды осылай сыпыра көшірту тәжірибесі соғыстан кейінде жалғасты. Оған Батыс Украина территориясынан ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан мыңдаған халықты көшіру дәлел.
Күштеп қоныс аудару негізгі операциясы Ұлы Отан соғысы кезінде іске асырылды. 1946 жылғы КСРО-да жалпы жер аударылған 2 463 940 адамға жетті [17, С. 287] (ал басқа деректерде 2 826 419 адам) . [18, С. 713] ) . Олардың Қазақстан Республикасына жалпы жер аударылғаны 1 млн. 200 мың адам болды [19, 43 с. ] .
Соғыстан кейінгі жылдары негізінен оларды еңбекке пайдалануға байланысты адам санындағы өзгерістері көп болды. Онда оларды лег-легімен басқа республикаларға жіберді немесе басқа республикалардан қабылдап алып отырды. Себебі соғыс жылдарында тек Солтүстік Кавказ, Грузин, Кырым автономдық республикасынан 500 000 астам жер аударылғандарды орналастыру қиын болды. Оларға тұрғын үй жетіспеді. Олардың жаңа жерге бейімделе алмауынан жұмысқа орналасуларында да көп қиыншылықтар туды. Сол себептен жер аударылғандардың еңбекке жарамдыларын ауылшаруашылық, өндірістік жұмыстарға және оларға арналып салынып жатқан тұрғын үй құрылысы жұмыстарына пайдаланды. Мысалы, 1946 жылы 1 қаңтар есебі бойынша Қазақстан Республикасына Солтүстік Кавказ, Грузин, Кырым автономдық республикасынан 107 272 отбасы (412 191 адам) орналастырылды. Кейіннен бұған тағы да 5 955 отбасы (23 362 адам) келіп қосылды. Оның ішінде 4 641 адам туылғандар болды. Олар Қазақстан Республикасына былай орналастырылды:
Кесте 1- 1946 ж. келіп қосылғандардың Қазақстан Республикасына қоныстану саны.
Алматы
Ақмола
Ақтөбе
Шығыс Қазақстан
Жамбыл
Қарағанды
Қызылорда
Көкшетау
Қостанай
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Семей
Талдықорған
Оңтүстік Қазақстан
Гурьев
Алматы қаласы
792
114
150
706
751
622
110
243
366
23
369
418
297
77
270
647
2360
1735
354
2195
3178
1699
1023
1167
2234
394
1279
1865
1706
627
882
665
Сонда барлығы 5955 отбасы (23 362 адам) республикамыздың 16 облысына таратылып қоныстандырылды. Ал кеткен 7 135 отбасы (33 102 адам) болды, олардың ішінде 7 271 адам өлгендер еді [20, 3-п. ] .
Алайда олардың келген кездегі әр ай сайын тіркеліп отырған құжаттарында жаңадан қосылғандар мен басқа жерге ауыстырылғандар, туылғандар мен өлгендер, әскерден және әскери ауруханадан оралғандар, ажырап қалған отбасылардың қайта қосылуы, отбасыларын екіге бөлу сияқты өзгерістерге байланысты нақты санын тура айту да қиын. Мысалы, 1946 ж. 1 шілдесінде Қазақстан Республикасында 105 980 отбасы (405 000 адам) тіркелінген. Бұған түрмеден босатылған 7000 адам, әскер қатарынан келген 6000 адам, жаңа туылғандар 8000 адам, барлығы 21 000 адам келіп қосылған. Сонда жалпы саны 426 000 адам болған. Сол сияқты басқа көрсеткіштерде 1946 ж. 1 шілдеде Қазақстан территориясында 111 980 отбасы (426 021 адам) тіркелінген [21, 28-п. ] .
Ал 1947 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша қоныстанғандарды ұлтына қарай бөлсек, шешен-ингуш 82 650 отбасы (317 375 адам), балқарлар 4 924 отбасы (172 69 адам), қарашайлар 9 450 отбасы (38 387 адам), қалмақтар 752 отбасы (1 937 адам), Грузиядан келгендер 6 835 отбасы (27 256 адам), Қырым татарлары 1 481 отбасы (4 227 адам) келіп орналастырылған. Бұл ұлттар Қазақстанның облыстарына былай бөлінді:
Кесте 2 - 1974 ж. Қазақстан Республикасына жер аударылған халықтарды орналастыру.
Қа-
ла
саны
Орна-
ласқан отбасы
Сов-
хоз саны
Орна-
ласқан отбасы
отбасы
саны
Алматы
Ақмола
Ақтөбе
Шығыс Қазақстан
Жамбыл
Қарағанды
Қызылорда
Көкшетау
Қостанай
Палодар
Солтүстік Қазақстан
Семей
Талдықорған
Оңтүстік Қазақстан
Гурьев
Алматы қ.
7237
10062
2925
5936
10898
7676
5764
6434
9481
7083
5081
5574
5764
12818
1631
2028
-
2
1
1
1
2
1
1
1
1
1
1
1
1
-
1
8
12
10
8
9
7
8
10
16
14
10
9
12
17
1
-
162
349
117
112
248
92
125
231
329
387
277
184
187
439
-
-
5342
6420
1140
1197
5980
2447
1670
4753
6387
4481
4225
3175
3317
6981
-
-
12
18
15
6
13
9
3
7
36
25
15
12
9
34
-
1
566
583
422
219
942
353
205
135
1342
734
592
538
508
2412
-
67
1329
3059
1363
4520
3976
4876
3889
1546
1752
1868
264
1861
1639
3425
1631
1961
Жалпы саны 106 092 отбасы (402 451 адам) 16 қала, 151 аудан, 3239 колхоз және 215 совхозына шашыратыла қоныстандырылды [22, 3-п. ] .
Осындай күштеп қоныс аударғаннан кейін де келген жерлерінде оларды өз топтарынан 15-20 отбасынан әрбір қалаларға бөліп орналастыру, олардың тілін, дінін, мәдениетін ақсатты, оның дамуына үлкен зардабын тигізді.
1948 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанға жер аударылған халықтардың жалпы саны 781 170 адам (216 802 отбасы) тіркелінген. Оларды ұлтына қарай бөлгенде, шешен-ингуштер - 338 238 адам (87 860 отбасы), қарашайлар 37 019 адам (10 013 отбасы), балқарлар - 18 142 адам (5 164 отбасы), немістер - 343 998 адам (101 479 отбасы), қалмақтар - 2 137 адам (809 отбасы), Грузиядан келгендерден 27 210 адам ( 6 767 отбасы), Қырымнан 4 574 адам, (1 549 отбасы) тіркелінген [23, 18-п. ] .
Қоныстанған адамдардың алдынғы жылға қарағанда одан кейінгі жылы өскенін байқауға болады. Мысалы, 1949 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан республикасында арнайы жер аударылғандардан - 225 895 отбасы (798 572 адам) тіркелінді. Олардың ішінде шешен-ингуштер - 78 995 отбасы (299 170 адам), немістер - 123 113 отбасы (410 268 адам), гректер - 371 108 адам, қарашайлар - 9 067 отбасы (33 754 адам), балқарлар - 4 772 отбасы (17 558 адам), 32 652 адам, қалмақтар - 765 отбасы (2 265 адам), Грузиядан келгендер - 7 246 отбасы (29 699 адам), Қырымнан келгендер - 1 937 отбасы (5858 адам) тіркелінген [24, 57-п. ] .
Сонда 1949 жылы қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған халықтардың 36% орналастырылса, бұл Орта Азияның барлық республикамызда әрбір 10 адамның 4-і күштеп көшірілген 51 ұлттың өкілдері блды. Оның үстінен күштеп қоныс аударылған халықтардың көбі Қазақстанға жөнелтіліп отырған. Мысалы, 1949 жылы Қызылорда, Талдықорған, Алматы облыстарына 45400 адам жер аударылғандар жіберіледі деп хабарланғанымен, жеткізілген адамдар саны 57 154 адам болған [18, С. 625] . Сонда 11 754 адамды артығымен жіберілген. Осындай себептерден келе жатқан адамдарға ғана дайындалған тұрмыстық (баспана, азық-түлік) керек-жарақтар жетпей жатты.
Соғыстан кейінгі жылдары, кезіндегі еңбек армиясы болмаса да, арзан және міндетті еңбек күші ретінде жер ауып келгендер басқа да осы сияқты адамдармен қатар бұрынғыша халық шаруашылығына мобилизациямен таратылып болды.
Сол кездің өзінде-ақ олардың көпшілігін қоныстанған орындарынан қашуын тоқтату үшін республика ішінде қалалардан, аудан орталықтарынан және темір жол станциялары аймақтарынан алыс жатқан мал совхоздары мен колхоздарға бос жатқан жаңа жерлерді игеруге пайдаланып бұл ішкі қоныс аудару «науқаны» әлденеше рет жүргізілді.
Мысалы, 1946-1947 жылдары «Қызыл құм» ауданы мен колхоздарында жұмысқа жарайтын 909 адам болғанымен ІІІ-Тоғай аймағында жаңа жерде мақта егіп оны меңгеру үшін 450 жұмысшы күшін керек етті. Ондағы егіс көлемі 4200 гектар, мақта 900 гектар, жоңышқа 600 гектар еді. Бұған қоса үй салу құрлысы мен қоса осынша гектар жерді игеру және колхоздағы 4 түлік малды бағу мақсатында қосымша жұмысшылар қоныстандырылды [25, 2-п] .
Министрлер Кеңесінің № 2214-56 айрықша қаулысымен 1949 ж. Талдықорған облысына қосымша 428 гректер отбасы көшірілді. Олар Октябрь ауданына 150 отбасы, Киров ауданына 90 отбасы, Бестөбе ауданына 38 отбасы, Ақсу ауданына 150 отбасын қоныстандырды [26, 167-п. ] .
1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының игерілетін суармалы жерлерінде колхозшыларды көбейту керек болды. Ол былай жүргізілді. КСРО Министрлер Кеңесінің 1949 жылы 6 сәуірде № 10307 қаулысында «Қазақстан Республикасының мақта шаруашылығының одан әрі гүлдену шаралары туралы» айтылды. Осының нәтижесіде бетпақ даланы игеруге 3 мың жер аударылғандар үгіттеліп жіберілді. Жағдайларының жақсаратынына сенген олар көшуге келісім берді.
Бұндай әрекеттерден шығындар да көбейді. Қоныстанушыларға шығатын шығындарды есептегенде оларды қабылдауы мен шығарып салуына да қаржыны артық шығындады. Қоныстандырылатындар тұрып жатқан жерлерінен жер аударылғандар екенін білдіретін құжаттары талап етілді. Бұған қоса 5 мың қоныстану билеті, 5 мың өтініш бланкілері, мың эшалон, 5 жүз есеп беру бланкісі, жүз плакаттар және мың үгіттеу парақтары дайындалды [27, 1-п. ] . Оларды орналастыруда соғыс кезіндегідей емес, санитарлық көмектер мен дәрігерлер, керекті құралдар, көшіретін көлік және жергілікті тұрғындардың есебінен баспана дайындалды.
Ол жаңа тыңайтылған жерлердің жағдайы мақсатқа сай болмағанымен қоса, бүкіл колхозды қоныс аударту қиын еді. Бұл темір жол тасымалын түп тамырына дейін өзгертті. Себебі, көшірілетіндер өздерімен бірге вагондарға малдарын, оған керекті мал азығы (жем-шөп), азық-түлікті тиеуге тиіс болды. Сондай-ақ қоныс аударушылар темір жол станциясынан 2-5 жүз шақырым қашықтықтан жеткізілді. Оларға әр вагондағы 25 адамның орнына 30 адам үшін ақша төленіп отырды. Бұл, біріншіден, вагондар санын көбейтсе, екіншіден, қоныс аударушылар үшін қып-қызыл шығын еді. Мысалы, бір отбасынан шыққан жерінен есептегенде жұмсалатын нақты шығын 345, 2 сомды құрады. Орналасқан жерінен 60 сом, темір жол тасымалына 559 сом, барлығы 970 сом жұмсау керек еді [28, 24-п. ] .
Бірақ оларға жаңа жерлерде де жер аударылғандар екенін білдіретін құжаттарын өзгертуге құқы болмады. Барған жерлерде де олардың материалдық-тұрмыстық жағдайлары төмен болды. Өйткені иесіз далаға тез арада баспана, мектеп, аурухана сала қою оңайға түспеді. Олардың тұратын жерлері жертөлелер, қамыстан салынған үйлер немесе бір баспанаға бірнеше отбасылары тұратын барақтар еді. Адамдар арасында ауру сырқаулар көбейді. Оларға көмек беру туралы арнайы жазған хаттарына жауап тез арада шешіле бермеді. Бұл жағдай олардың наразылығын туғызды. Кері қайтуға жол алыс, қаражат болмады және кетуге рұхсат та болған жоқ.
1952 жылы наурызда есепте тұрған барлық жер аударылған халықтар 2 737 398 адам болған. Олардың Қазақстанда 1 178 168 адам тұрақталса, соның ішінде Солтүстік Кавказдан келгендер 484 379 адам, Қырымнан келгендер 200 361 адам, оуновтар 169 429 адам, “власовтар” 147 569 адам, Прибалтикадан келгендер 94 300 адам, Грузиядан келгендер 84 552 адам, қалмақтар 80 187 адам. Қара теңіз жағалауынан 56 987 адам, Литва ССР 45 304 адам, бұрынғы кулактар 42 166 адам, Молдавия ССР 35 209 адам, поляктардан 35 218 адам т. б. тіркелінген [18; 676-677 сс. ] .
1952 жылы жер аударылғандарды қала, аудан және темір жол станцияларынан мал совхоздары мен алыс орналасқан колхоздарға көшіру жұмыстары жүргізу жалғаса берді.
Ішкі көшіру «науқаны» жер аударылған халықтар орналастырылған облыс орталықтары, аудан, темір жол станцияларының барлығында дерлік жүргізілді. Оларды көшірілген ортасы мен ұлтын жеке-жеке көрсететін болсақ, мысалы, 1952 жылы 19 сәуірде Жамбыл облысынан аудан және темір жол станцияларынан 3 452 отбасы (10840 адам) көшірілді. Олар: Солтүстік Кавказдан келген шешен, ингуш, қарашай, балқарлар 2 228 отбасы (8 188 адам) . Грузиядан келген әзірбайжандар 28 отбасы (79 адам), немістер 479 отбасы (1 310 адам), гректер 227 отбасы (673 адам), Қырымнан келген татарлар 30 отбасы (69 адам), ирандықтар 8 отбасы (26 адам), айдалып келгендер мен саяси жер аударылғандар 495 адам, басқалары 26 адам еді. Сөйтіп, Жамбыл қаласынан 1 530 отбасы (4019 адам) көшірілген. Олар Свердлов ауданына 400 отбасы, соның ішінде Свердлов, Киров колхоздарының әрқайсына 36 отбасынан, Сталин колхозына 20 отбасы, Үлгілі, Новая жизнь, Амангелді, Сухамбаева, Трудь-Пахарь, Ленин, Жамбыл, Молотов, Фрунзе, Чапаев колхоздарының әрқайсысына 26 отбасы, Кеңес колхозына 32 отбасы, Абай колхозына 20 отбасы жіберілді [29, 79-84 пп. ] .
Ал, Жамбыл ауданындағы колхоздарға 445 отбасы бөлінген. Олар Молотов, Ақкөл, Бесжылдық колхоздарының әрқайсысына 40 отбасынан, Жамбыл колхозына 30 отбасы, Пионер, Бірлесу-еңбек, Жас өркен, Арал төбе совхоздарының әрқайсысына 30 отбасынан, Куйбышев колхозына 25 отбасы, Билікөл, Майтөбе совхоздарының әрқайсысына 75 отбасынан, қалған 685 отбасы басқа алыс колхоздарға жер аударылды [30, 79-84 пп. ] .
Жамбыл ауданынан 237 отбасы (783 адам), аудан орталығынан 100 отбасы (303 адам), Чайқұрық станциясынан 11 отбасы (30 адам), АССА темір жол станциясынан 111 отбасы (379 адам), 106 разъезден 15 отбасы (71 адам), аудан ішіндегі Молотов колхозына 32 отбасы, Жамбыл, Ақкөл, Бесжылдық колхоздарының әрқайсысына 30 отбасынан, Куйбышев колхозына 40 отбасы, Пионер колхозына 20 отбасы, Амангелді, Жас өркен, Абай колхоздарының әрқайсысына 10 отбасынан, Бірлесу, Еңбек колхозына 25 отбасы орналастырылды [31, 79-84 пп. ] .
Сол сияқты Жуалы ауданындағы Бурный станциясынан құрамында 180 отбасы (695 адам) осы аудан ішіндегі Сталин, Қызыл таң колхоздарының әрқайсысына 30 отбасынан, Жеңіс, Комправда колхоздарының әрқайсысына 20 отбасынан орналастырылса Каучук савхозына 80 отбасы қоныстандырылды [32, 79-84 пп. ] . Сондай-ақ, Луговой аудан орталығынан 29 отбасы (104 адам), Луговой станциясынан 173 отбасы (667 адам), Ақыртөбе станциясынан 107 отбасы (404 адам), Мөңке станциясынан 3 отбасы (11 адам), Каменка поселкасынан 6 отбасы (32 адам) алынған. Сонда Луговой ауданынан барлығы 318 отбасы (1 218 адам) көшірілген. Олар осы аудан ішіндегі Ленин атындағы қой совхозына 68 отбасы, Амангелді колхозына 20 отбасы, Жаңа тұрмыс колхозына 16 отбасы, Алғабас, Жамбыл колхоздарының әрқайсысына 30 отбасынан, Калинин колхозына 12 отбасы, Жалпақсаз, Большевик колхоздарының әрқайсысына 20 отбасы, Сталин колхозына 16 отбасы, Қызыл ту колхозына 10 отбасы, Қызыл шаруа колхозына 27 отбасы, Қазақстанның 30 жылдығы колхозына 29 отбасы, Луговой ГЭС-і мен Подгорненск ГЭС-інің әрқайсысына 10 отбасы таратылып қоныстандырылды [33, 79-84 пп. ] .
Енді, Мерке ауданына келсек, аудан орталығынан 98 отбасы (344 адам), Мерке станциясынан 280 отбасы (1144 адам), Қант зауытынан 278 отбасы (1051 адам), Чалдавар станциясынан 9 отбасы (43 адам) басқа жақтарға, сонда барлығы 665 отбасы (2582 адам) көшірілді. Көшірілгендер Мерке қой совхозына 200 отбасы, Сталин, Киров, Большевик, Қызыл-қышлақ колхоздарының әрқайсысына 40 отбасынан, Қызыл октябрь, Ворошилов, Қостоған, Жамбыл колхоздарының әрқайсысына 20 отбасынан, Ойтал колхозына 30 отбасы, Красный восток, Заготскот, Плодопитомник колхоздарының әрқайсысына 10 отбасы, Қызылша совхозының І бөліміне 100 отбасы, ІІ бөліміне 65 отбасы әкелініп қоныстандырылды [34, 79-84 пп. ] .
Сондай-ақ Қордай аудан орталығындағы «Георгиевка» бөлімінен 84 отбасы (259 адам) алынып, олар Киров колхозына 34 отбасы, Буденный колхозына 50 отбасы жөнелтілген [35, 79-84 пп. ] .
Шу ауданынан 185 отбасы (679 адам) басқа жақтарға көшірілген. Олардың нақты алынған жерлері аудан орталығындағы Новотроицк ауылынан 10 отбасы (30 адам), Шоқпар станциясынан 20 отбасы (70 адам), Шу станциясынан 32 отбасы (107 адам), Қосқұдық жұмысшы поселкесінен 87 отбасы (371 адам), Ворошилов селосынан 10 отбасы (31 адам) осы ауданның мына колхоздарына көшірілді. Ерназаров, Киров колхоздарының әрқайсына 13 отбасынан, Белбасар колхозына 30 отбасы, Новый путь колхозына 22 отбасы, Еңбекші колхозына 10 отбасы, Ақтөбе колхозына 10 отбасы және Шудың сексеуіл дайындайтын орман өнімі шаруашылығы учаскесіне 87 отбасы таратылып орналастырылды [36, 79-84 пп. ] .
Бұндағы Талас ауданының Кружск темір жол станциясынан 10 отбасы (34 адам), Қаракүл, Түгіскен совхоздарының әрқайсысына 5 отбасынан, Красногор аудан орталығындағы Красногор селосынан және Отар темір жол станциясынан 32 отбасы (84 адам) Ақтерек колхозына көшіріліп орналастырылды [37, 79-84 пп. ] .
Көктерек аудан орталғындағы Бірлік селосынан 65 отбасы (99 адам) және Мойынты-Шу теміржол бойынан 44 отбасы (84 адам) Мойынқұм қой совхозына жіберілді [38, 79-84 пп. ] .
Свердлов аудан орталығындағы Михайловка селосынан 304 адамы бар 102 отбасы алынып олар Чапаев колхозына 15 отбасы, Кеңес, Ленин колхоздарының әрқайсысына 23 отбасынан, Молотов колхозына 16 отбасы, Абай колхозына 14 отбасы, Жамбыл колхозына 11 отбасы таратылып қоныстандырылды.
Бұл жұмыстарға халықты көшіру үшін 714 автомашина және халық шаруашылығынан шамамен 285 000 сом бөлінді, оған қосымша 86 колхоз және совхоздардан автомашиналар бөлініп берілді [39, 79-84 пп. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz