Республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына қазынашылық бақылаудың қазіргі жүйесін талдау
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ МӘНІ, НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Қазақстан Республикасындағы Қазынашылық жүйенің құрылуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қазынашылықтың міндеттері мен функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕРДІҢ КАССАЛЫҚ ОРЫНДАЛУЫНА ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1 Түсімдер бойынша ҚР.ң республикалық және жергілікті бюджеттерінің кассалық орындалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Шығындар бойынша ҚР.ң республикалық және жергілікті бюджеттерінің кассалық орындалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3 БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫНДАҒЫ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ РОЛІ МЕН ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

Мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарына жету үшін шексіз ресурстарды қолдану мен шоғырландыруды талап ететін жеті ұзақ мерзімді басымдылықты орындау керек. Ал ол өз кезегінде барлық қаржылық жүйенің әрі қарайғы реформалануын қарастырады. Бұл жағдайда үлкен жауапкершілік пен міндет Қазынашылыққа жүктеледі және оның негізгісі бюджеттік құралдарды рационалды шығындау болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында негізгі мәселенің бірі болып мемлекеттің қаржылық ресурстарын кешендік басқару табылады. Бұл мәселені шешуге жаңа қабылданған «Бюджеттік жүйе туралы» Заң көмектеседі. Онда қаржылық ресурстарды басқарудың негізгі ережелері мен заңдық тәртіпте мемлекеттің консалидирленген қаржылық балансының мәні мен мағынасы және ролі анықталған. Қазіргі уақытта республикамызда бюджетті құру мен орындау механизмдерінің жаңа даму жолдары қарастырылуды. Бюджеттің құрылуы мен орындалуының негізгі кезеңдерін кешенді түрде қарастыру мыналарға мүмкіндік береді:
Біріншіден, бюджеттік жоспарлау механизмін кешенді талдап, оның орындалуына бақылау орнатуға жағдай жасайды. Екіншіден, бюджетті құру мен орындау бойынша экономикалық шаралардың байланысы мен кезектілігін анықтайды. Үшіншіден, республика экономикасын басқарудағы болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, қаржылық жүйенің қызмет ету механизмінің жаңа даму бағыттары мен негізгі принциптерін жасайды. Қаржылық жүйенің алдына қойылған мәселелерді шешу үшін қаржылық саясат пен оның құрамдас бөліктерінің орындалуы механизмінің мәні мен мақсаттарын түсінуге нақты және терең тұрғыдан қараған жөн.
1994 жылғы Қазынашылық жүйенің құрылуы Қазақстан Республикасының бюджет құрылымының дамуындағы өте маңызды қадам болды. Қазынашылықтың негізгі міндеті республикалық бюджеттің орындалуына, мемлекеттік бюджеттің есептік-кассалық қамтамасыз етілуіне, мемлекеттік бюджеттің құралдарының тиімді және мақсатты шығындалуына бақылау жасау болып табылады. Қазынашылық органдарының алдына қойылған мәселелерді орындаудағы нақты және үзіліссіз жұмысының арқасында жалпы экономиканың қаржылық сауығуы (бюджеттік тапшылықты төмендету, бюджетті орындау барысындағы кірістер мен шығыстарды баланстау мүмкіндігі) жүзеге асырылады. Ал мемлекетіміздің глобальді мақсаттарына жетуі барлық қазақстандықтардың жағдайын жақсартатыны сөзсіз.

1. 24.04.1995 ҚР «Салықтар және басқа да міндетті бюджетке төлемдер туралы» Заң.
2. 01.04.1999 ҚР №357 «Бюджеттік жүйе туралы» Заң
3. 29.12.2004«2005 жылға республикалық бюджет туралы» Заң
4. Бережная Л. А. Казначейская банк - веление времени // Финансы 2001. №6
5. Бережная Л. А. Успехи и трудности казначеев /'/ Финансы. 2001. №4
6.Инструкция «О кассовом исполнении государственного бюджета РК» от 07.09.1999 г. № 484, с изменениями и дополнениями к ней
7.Ковалева А.А. «Финансы» / Москва, «Финансы и статистика», 1998 г.
8.Кочетова Л. «Развитие казначейской системы в Казахстане» / Алматы, «Каржы-Каражат» № 1, 1999 г., с 67
9. Курманов А. «Система нуждается в совершенствовании» / Алматы, «Каржы-Каражат» № 6, 1999 г., с.53
10.«Казахстан 2030» Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана Указ Президента РК «Об образовании Казначейства МФ РК» от 27.01.1994 г. № 1526.
11.Малышева В. «О развитии системы Казначейства»/ Алматы, «Каржы-Каражат» № 1, 1998 г., с.59
12. Отчетные данные Карагандинского областного управления Казначейства за 2000-2002 гг.
13. Жакипбеков С. Т. "Казначейский механизм исполнения бюджепга" Алматы, "Қаржы-царажат",1999
14.Ілиясов Қ.Қ. Қулпыбаев С. "Қаржы" Алматы. 2005
15. Постановление Правительства РК «Положение о Департаменте Казначейства Министерства финансов РК» от 09.10.1998 г. № 1028

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Қазақстан Республикасындағы Қазынашылықтың мәні, негізгі міндеттері мен
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Қазақстан Республикасындағы Қазынашылық жүйенің құрылуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қазынашылықтың міндеттері мен
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2 Республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына
Қазынашылық бақылаудың қазіргі жүйесін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1 Түсімдер бойынша ҚР-ң республикалық және жергілікті бюджеттерінің
кассалық
орындалуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..16
2.2 Шығындар бойынша ҚР-ң республикалық және жергілікті бюджеттерінің
кассалық
орындалуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
3. Бюджеттің орындалуындағы Қазынашылықтың ролі мен қазіргі кезеңдегі
Қазынашылық жүйенің даму БАҒЫТТАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Кіріспе
Мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарына жету үшін шексіз ресурстарды
қолдану мен шоғырландыруды талап ететін жеті ұзақ мерзімді басымдылықты
орындау керек. Ал ол өз кезегінде барлық қаржылық жүйенің әрі қарайғы
реформалануын қарастырады. Бұл жағдайда үлкен жауапкершілік пен міндет
Қазынашылыққа жүктеледі және оның негізгісі бюджеттік құралдарды рационалды
шығындау болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында негізгі мәселенің бірі болып мемлекеттің
қаржылық ресурстарын кешендік басқару табылады. Бұл мәселені шешуге жаңа
қабылданған Бюджеттік жүйе туралы Заң көмектеседі. Онда қаржылық
ресурстарды басқарудың негізгі ережелері мен заңдық тәртіпте мемлекеттің
консалидирленген қаржылық балансының мәні мен мағынасы және ролі
анықталған. Қазіргі уақытта республикамызда бюджетті құру мен орындау
механизмдерінің жаңа даму жолдары қарастырылуды. Бюджеттің құрылуы мен
орындалуының негізгі кезеңдерін кешенді түрде қарастыру мыналарға мүмкіндік
береді:
Біріншіден, бюджеттік жоспарлау механизмін кешенді талдап, оның
орындалуына бақылау орнатуға жағдай жасайды. Екіншіден, бюджетті құру мен
орындау бойынша экономикалық шаралардың байланысы мен кезектілігін
анықтайды. Үшіншіден, республика экономикасын басқарудағы болып жатқан
өзгерістерді ескере отырып, қаржылық жүйенің қызмет ету механизмінің жаңа
даму бағыттары мен негізгі принциптерін жасайды. Қаржылық жүйенің алдына
қойылған мәселелерді шешу үшін қаржылық саясат пен оның құрамдас
бөліктерінің орындалуы механизмінің мәні мен мақсаттарын түсінуге нақты
және терең тұрғыдан қараған жөн.
1994 жылғы Қазынашылық жүйенің құрылуы Қазақстан Республикасының бюджет
құрылымының дамуындағы өте маңызды қадам болды. Қазынашылықтың негізгі
міндеті республикалық бюджеттің орындалуына, мемлекеттік бюджеттің есептік-
кассалық қамтамасыз етілуіне, мемлекеттік бюджеттің құралдарының тиімді
және мақсатты шығындалуына бақылау жасау болып табылады. Қазынашылық
органдарының алдына қойылған мәселелерді орындаудағы нақты және үзіліссіз
жұмысының арқасында жалпы экономиканың қаржылық сауығуы (бюджеттік
тапшылықты төмендету, бюджетті орындау барысындағы кірістер мен шығыстарды
баланстау мүмкіндігі) жүзеге асырылады. Ал мемлекетіміздің глобальді
мақсаттарына жетуі барлық қазақстандықтардың жағдайын жақсартатыны сөзсіз.
Осы курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының қаржылық
жүйесіндегі Қазынашылықтың қызметін зерттеп, оның бюджетті орындаудағы
ролін қарастыру болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыста келесі мәселелер қарастырылған:
- Қазынашылықты құрудағы оның мәні мен негізгі міндеттерін анықтау;
- Қазынашылық қызметімен орындалатын функцияларды қарастыру;
- республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына
Қазынашылық бақылау жүргізу жүйесіне талдау жасау;
- бюджеттің орындалуындағы Қазынашылықтың ролін ашып, оның қазіргі
даму перспективаларын көрсету.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қарағанды облысының
Қазынашылық басқарылымы алынды.
Курстық жұмыстың жазылуына теориялық және әдістемелік негіз ретінде
отандық қаржыгерлер мен экономистердің еңбектері, ҚР-ң заңдық және
нормативтік актілері, ҚР-ң Қаржы Министрлігінің және Қазынашылық
комитетенің нұсқаулық материалдары, сонымен қатар мерзімді басылымдардың
мақалалары қолданылды.

функциялары
1.1 Қазақстан Республикасындағы Қазынашылық жүйенің құрылуы мен дамуы
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынаға
ерекше көңіл бөле бастады. 1994 жылы үкімет Қаржы Министрлігінің қызметін
белгілеп, яғни Қаржы Министрлігі бюджеттік қорларды анықтап қашан, кімге,
қанша ақша керек, кімді қаржыландыру керек, шексіз ресурстарды қалай
тиімді пайдалану керектігін беліглеумен болды. 1994 жылғы Президент
Н.Ә.Назарбаев жарғысында Қаржы Министрлігімен құрылған Қазынашылық жүйе
калыптасты. Бірінші этапта Қазақстан Республикасыньщ Халықтық банкінің есеп
айырысу кассалық орталығы бар жерде аймақтар қазынасын территориялық
басқарумен басталды.
Қазақстан Республикасының қазына жүйесі бас кезінде пассив, яғни екінші
роль атқарды. Сол кезде олар халықтык банкінің есеп айырылысу орталығымен
параллельді, яғни республикалық бюджеттің кірісімен республикалық және
жергілікті бөлімшесін бақылады.
Салықтық есеп және кірістердің кассалық кірістер есебі, кірістерді
бөлу, яғни бюджеттің жағдайына байланысты және кассалық республикалык
бюджеттің кассалық жұмысының орындалуын халықтық банкінің жұмысына
қалдырды.
1995 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазынашылық орган өзіне республикалық
бюджеттің құрамы банктік операциялар бақылауындағы ұйымдастырушылық
қызметті алды.
1995 жылдың қазанындағы Қазақстан Республикасының Президентінің
жарғысына сәйкес Халықтық банкінің есеп айырысу кассалық орталығы Қаржы
Министрлігінің казынасына берілді. Осы негізде 1996 жылы 6 маусымда
Қазақстан Республикасының Халықтык банкінде жеке қазыналық шот ашылды.
1996 жылдың қыркүйегі мен 1997 жылдың желтоқсанында Қазынашылық орган
бюджеттік мекемедегі ақшалай шот арқылы есеп айырысу операцияларына бақылау
жасады. 1995 жылдың аяғында орталык казынада валюталық операцияларға есеп
беру және мемлекеттік бағалы қағаздар мен мемлекеттік қарыздар туралы бөлім
ұйымдастырылды.
Облыстық, қалалық Қазынашылық басқару органы әр күн сайын мемлекеттік
бюджетке түсетін кірістер мен шығатын шығыстар туралы есепті, Қазақстан
Республикасының Халықтық банкіндегі жеке шоттың мәліметтерін бақылап
отырды.
Әр айдың бірінші күнінен бастап облыстық Қазынашылық басқару органы
қазыналық Департаментке айлық шығыстардың есебі мен жыл басындағы бюджеттік
класификацияның әрбір жаңа кодтарын беріп отырады. Негізгі міндеті -
бюджеттік дисциплиналарды нығайту, ведомстваларды, қазыналық құжаттарды
үйымдастыру, шығару мен кіргізумен байланысты және де қазыналық ресурстарды
үкіметтің пайдалануын қадағалап отыру.
1997 жылдың қаңтарынан бастап қазына қызметі әр ай сайын министрліктер
мен ведомстволарға кассалық шығындар мен операциялық шешімдер қабылдағаны
туралы хабарлап отырады.
1997 жылдың 4 тамыздағы ҚР-ң Үкіметінің қаулысымен бюджеттік мекемелер
стипендияларды, еңбекақыны және басқа да каржылық төлемдерді жеке шоттар
арқылы немесе пластикалық карта негізінде беру бекітілді.
Кейіннен облыстық Қазынашылық құрылымына келесі бөлімдер: операциялық,
каржылық төлемдер мен баланстарды реттеу және бақылау, қолма-қол алуды
ұйымдастыруды қамтамасыз ету, валюталык операциялар, ақпараттық-есептеу
жұмысы, жүйелік қамтамасыз ету және аймақтық қазыналық органдардың жұмысын
бақылау. 1998 жылдың қазанынан бастап Қаржы Министрлігінің қаржыларды
бақылау комитеті қазыналық органға келесідей негізгі қаржылық бақылау
функцияларын белгіледі:
• Министрліктің каржы-шаруашылық кызметі, мемлекеттік комитеттер,
ведомствалар мекемелер;
• Мемлекеттік және мемлекетгік емес займдардың қолданылуы.
Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамаға сәйкес жүзеге
асырылады. Осы жоғарыда қарастырылған мәліметтердің барлығы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 казанындағы №1129 қаулысымен
бекітілген, және де Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық
комитетінің құрылымын төмендегідей бекітеді:
• басшылық;
• жиынтық қаржылық жоспар басқармасы;
• республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру басқармасы;
• түсімдерді есепке алу басқармасы;
• төлем операциялары басқармасы;
• қолма-қол ақша, шоттарды талдау және салыстыру басқармасы;
• несие беру басқармасы;
• мемлекеттік борышқа қаржылық қызмет көрсету басқармасы;
• мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі
және оны қайтару басқармасы;
• жиынтық есеп беру және бас кітап басқармасы;
• бюджеттік есепке алуды ұйымдастыру басқармасы;
• Қазынашылық жүйесін сүйемелдеу басқармасы;
• бағдарламалық-технологиялық құралдарды сүйемелдеу басқармасы;
• ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасы;
• ішкі бақылау басқармасы.
Комитеттің төмендегідей әрекет етулеріне толық құқықтары бар:
• Мемлекеттік мекемелерден республикалык және жергілікті бюджеттердің
атқарылуын ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат пен мәліметтер алуға, ал олар
уақтылы ұсынылмаған жағдайда бухгалтерлік есеп беруді сұрауға;
• Теңгеде және шетел валютасында бірыңғай Қазынашылық шоты мен
банктік шоттарының болуына;
• Тиісті қаржы жылына арналған жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру
және оларға өзгерістер енгізу кезінде бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілкітері ұсынатын есептемелердің негізділігін тексеруге;
• Қарлжы тәртібінің сақталуына және мемлекет
қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына бағытталған
ұсыныстарды енгізуге;
• Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есеп беруінде жолсыздықтар
анықталған жағдайда әкімшілік құқык бұзушылық туралы хаттамалар
жасауға және оларды қаржылық бақылау органдарына қарауға жіберуге;
• өз құзыретінің шегінде бюджеттік және бухгалтерлік есеп, бюджет
жүйесіндегі есеп беру және Қазынашылық органдарындағы ішкі аудит, есеп
операцияларын жүргізу мәселелері бойынша бұйрықтар қабылдауға және олардың
атқарылуын бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ нормативтік құқыктық
кесімдердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
• халықаралық шарттардың, келісім шарттардың, және келісімдердің
жобаларын дайындауға қатысуға;
• инвестициялық жобаларды іске асыруға жауапты министрліктерден
үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатының түсуі (игерілуі) және жүмсалуы туралы
есептерді сұратуға және алуға;
• Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу кезінде
бюджеттік кредит беруді жүзеге асыру үшін қажетті барлық ақпаратты қаржы
агенттерінен, қарыз алушылардан, мемлекеттік органдардан алуға;
• Комитет органдарының қызметін тексеруді жүзеге асыруға, оны
жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізуге;
• Шет елдердің Қазынашылық жүмыс тәжірибесінің практикалық пайдалануы
жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;
• Тек қана мемлекеттік бюджеттің қаражатына қатысты және оның
есебінен олардың жүзеге асырылуын үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, ұлттық
және шетелдік валютада мынадай банктік операцияларды;
• Заңды тұлғалардың депозиттерін кабылдауды, банктік шоттарын ашуды
және жүргізуді;
• Аударым операцияларын: заңды түлғалардың ақшаны аудару
жөніндегі тапсырмаларын орындауды;
• Есеп операциялары: заңды тұлғалардың вексельдерін және өзге де
борыштық міндеттемелерін есепке алуды (дисконт);
• Қарыз операциялары: ақшалай нысанда кредиттер беруді;
• Аккредитивті ашуды (көрсетуді) және растауды әрі олар бойынша
міндеттемелерді орындауды жүзеге асыруға құқықтары бар. Комитеттің мүлкі
жөнінде төмендегідей ережелер бекітілген:
• Комитеттің жедел басқару қүқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
• Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
• Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен
шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік жүргізуге қүқығы жок.
Қазақстан Республикасындағы Қазынашылық жүйенің құрылуы ең басты
міндет ретінде және қаржыны тиімді басқарудың маңызды шарты ретінде
қарастырылды. Бірінші кезекте Қазынашылықтың облыстық басқармашылығы
барлық аудандарда құрылды.
1.2 Қазынашылықтың міндеттері мен функциялары
Облыстар мен қалалар бойынша Қазынашылық Департаменттері Қазақстан
Республикасының Қаржы Минимтсрлігінің Қазынашылық Комитетінің территориялық
бөлімдері болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттің орындалуын қамтамасыз
етумен, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуындағы
оперуцияларды есептеуді қамтамасыз етумен және ашық шоттар бойынша
мемлекеттік мекемелердің операцияларын жүргізумен айналысады.
Өз қызметтерін Департаменттер Қазақстан Республикасының Заңына,
Конституциясына, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Президентінің
актілеріне, бұйрықтарына және басқа да нормативтік актілерге, сонымен қатар
қазіргі уақыттағы Типтік ережелер негізіндегі жасалып бектіліген Ережелерге
сүйене отырып жүргізеді.
Департамент өзінің қазақша және орыс тілдеріндегі есімі, штампы және
мөрі бар заңды тұлға және ұйымдық-құқықтық негізде құрылған мемлекеттік
мекеме болып табылады.
Өз құрылымында территориялық бөлімдер – аудандық, қалалық және
қалалардағы қазынашылықтың тікелей бағынушылықтағы аудандық бөлімдерден
тұрады. Олар да қазақша және орыс тілдеріндегі есімі, Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджет
құралдарынан қамтамасыз етілетін банктегі шоттардағы ақшалай қаражаттары,
штампы және мөрі бар заңды тұлға және ұйымдық-құқықтық негізде құрылған
мемлекеттік мекеме болып табылады.
Қызмет ету барысында Департамент мемлекеттік бюджетке түсімдер, олардың
жергілікті бюджет деңгейлері арасында бөлінуі, жергілікті бюджеттердің
шоттары, мемлекеттік мекемелердің шоттары және республикалық және
жергілікті бюджеттер арқылы қаржыландырылатын аударым операциялары мен
олардың есебі бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар мен қарым
қатынас жасайды.
Департамент туралы Ереже мен Департаменттің штаттық кестесі Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрлігінің қазынашылық Комитетінің төрағасы мен
жүзеге асырылады. Департаменттің штаттық санының лимиті Қаржы
Министрлігінің қазынашылық Комитетімен бекітіледі.
Департамент қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Департамент кәсіпкерлік субъектілерімен өзі қызмет атқаратын құралдарына
келісім жасауға құқығы жоқ. Табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру
барысындағы табыстар республикалық бюджеттің табыстарын жатқызылады.
Департаменттің негізгі міндеттері келесілер болапы табылады:
- республикалық бюджеттің орындалуы мен жергілікті бюджеттердің
кассалық орындалуын ұйымдастыру мен бақылау;
- бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын орындау
бойынша операциялар есебін қамтамасыз ету;
- жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарымен бірдей
нормативтік-құқықтық базамен қамтамасыз етілетін,бюджеттік
түсімдерді қайта бөлу арқылы қатынасқа түсуге негізделетін
барлық бюджет деңгейлері арасындағы толықтықты, реалистікті,
транспаренттілікті, жауапкершілікті нақтылықты, бірліктілік
принциптерін орындау арқылы жұмыс істеу;
- мемлекеттік бюджетті орындауды қамтамасыз ету бойынша алдын-ала
және ағымдық бақылауды қамтамасыз ету;
- қазынашылық орган жүйесіндегі ішкі бақылау мен бюджеттік
жүйесіндегі бухгалтерлік есеп пен есеп беруді дамыту;
- ақпараттық қауіпсіздік саласында нормативтік құқықтық актілер
талаптарына сәйкес қызмет етуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
- Қазынашылық жүйенің ақпараттық интеграцияланған қызметін
қамтамасыз ету.
Департамент тағайындалған заңдылық бойынша келесі қызметтерді
орындайды:
- мемлекеттік бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік бюджет құралдарынан қамтамасыз етілетін мемлекеттік
мекемелердің қаржыландырылу жоспарларына, жергілікті бюджеттер
бойыншабюджеттік бағдарлама әкімшіліктерін қаржыландыру
жоспарларына, мемлекеттік мекемелердің кірістері мен шығыстарын
қаржыландыру жоспарларына, өзгерістер енгізу;
- республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелер мен жергілікті бюджеттік бағдарлама
әкімшіліктеріне рұқсаттар енгізу;
- республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелердің міндеттерін тіркеуді жүзеге асыру;

мемлекеттік мекемелерінің төлеуге шоттарын бекіту, өзгерту,
сақтау;
- республикалық және жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз
етілетін мемлекеттік мекемелердің шоттарына,валюталық шоттарға,
жергілікті бюджеттер бойынша қолма-қол шоттарға бақылау
шоттарын енгізу;

және мемлекеттік мемкемемен жүргізілетін валюталық операцияларға
валюталық бақылау жасау, сатып алуға, сатуға, шетел валютасын
ауыстыруға өтініштер құрау;
- экспорттық-импорттық валюталық бақылау бойынша есеп беруді
ұйымдастыру;
- табыстар бойынша бюджеттік жіктеме кодтары арасындағы және
салық органдары арасындағы ауыстырулармен байланысты
операцияларды жүргізу,дұрыс есептелмеген салық пен басқа да
бюджетке төлемдер сомаларын қаутару мен есептеу бойынша төлеуге
шоттарды бекіту, өзгерту, сақтау;

мемлекеттік мекеменің тапсырысы бойынша тауар, қызмет,
жұмыстарды орындау бойынша жабдықтаушыларға анықтама енгізу;

кассалық шығындар мен бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру
жоспарын есептеуді, сондай-ақ республикалық және жергілікті
бюджет есебінен қаржыландырылатыншоттар бойынша, ақылы қызметтер
бойынша, демеушілік көмек бойынша, депозиттік құралдар бойынша
есептеуді жүзеге асыру;
- активтер қозғалысы мен қолма-қол ақшаның есебін жүргізу;
- республикалық бюджетте бекітілген сома көлемінде Астана,Алматы
қалаларынан, облыс бюджеттерінен республикалық бюджетке
алынымдарды есептеуді қамтамасыз ету;

мемлекеттік мекемелерді екінші деңгейлі банктердің қолма-қол
ақшалары арқылы қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
- республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша мемлекеттік
мекемелермен жүргізілетін төлемдердің негізділігіне бақылау
жүргізу мен жергілікті бюджеттер бойынша төлем пакеттерін

мемлекеттік мекемелердің кассалық шығындарын ауыстыру немесе
қайта қалыптастыру;
- жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуы бойынша жергілікті
атқарушы, салық, кеден органдарына ақпаратарды жеткізу;
- жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша есеп беруді құрастыру;
- республикалық және жергілікті бюджет есебінен
қаржыландырылатынмемлекеттік мекемелергебағдарлама бөлімі
бойынша берілген рұқсаттар мен кассалық шығындар туралы, ,
шоттар бойынша жасалған операциялар туралы ақпараттар ұсыну;
- жергілікті бюджет қолындағы қолма-қол ақшасы бар бақылау
шоттарының жағдайы туралы күнделікті ақпаратты құрастыру;
- Қазынашылықтың территориялық органдарында ішкі бақылауды жүзеге
асыру;
- Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын мекеменің
бухгалтерлік есебін тексеруді жүзеге асыру;
- қаржылық тәртіпті сақтауға бағытталған ұсыныстарды дайындау мен
мемлекеттік құралдарды тиімді және мақсатты қолдану;
- жүргізілетін операциялардың заңдылығын қадағалау;
- бағдарламалық – аппараттық және телекоммуникациялық кешенді
қамтамасыз ету;
- қазынашылықы органдарында ұйымдастырушылық кадрлық жұмыстарға
байланысты және жұмыскерлер квалификациясын жоғарлату бойынша
шараларды жүзеге асыру;
- қазынашылық оргағдардың қаржылық, материалдық-техникалық
қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;
- басқа да қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жүзеге асыру.
Қала және аудан бойынша Қазынашылықтың территориялық органдары
келесілерді орындайды: мақсатты қаржыландыру қорлары мен республикалық
бюджеттің орындалуы, мекемелерді қамтамасыз етуге қатаң түрде құралдарды
бөлу, заңда қарастырылған шамада жергілікті және республикалық бюджетер
арасында реттейтін табыстарды бөлу, республикалық бюджеттің кірістері мен
шығыстарының және мақсатты қаржыландыру қорларының орындалғаны жөнінде
бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүзеге асыру, есептелген мәліметтерді
жоғары тұрған территориялық Қазынашылық органына тапсыру және осы
тапсырғандар бойынша жауапкершілікте болу,салықтық инспекциясымен келісім
бойынша республикалық бюджетке артық немесе қате төленген салықтарды
қайтару, жергілікті салықтық және қаржылық органдармен қызметтерді
шоғырландыру.
Заңнамада белгіленген жағдайларда және шекте Комитетке мүлікке билік
ету құқығы берілуі мүмкін. Келесі жағдайда комитеттің қызметін
үйымдастыруды қарастырамыз. Біріншіден, комитетті Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының екіншіден,
комитет төрағасының заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын
және қызметтен босатылатын, санын Қазақстан Республикасының Үкіметі
анықтайтын орынбасарлары болады. Үшіншіден, төраға Комитеттің жұмысын
ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген
міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке
жауап береді.

кассалық орындалуы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік жүйе туралы Заңына сәйкес
республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына бақылау мен
ұйымдастыруды анықтайтын тәртіп ретіндегі №484 ҚР мемлекеттік бюджетінің
кассалық орындалуы бойынша нұсқаулық 1999 жылы 7 қыркүйекте қабылданды.
Осы нұсқаулықтың негізінде кез-келген облысты Қазынашылық басқармашылығы
республикалық және жергілікті бюджеттің кассалық орындалуын қамтамасыз
етеді.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің операуияларының кассалық
орындалуының есебін облыстық Қазынашылық басқарушылығында кассалық әдіс
негізінде келесі баланстық шотттарда жүзеге асырылады: № 080 Бюджеттер
арасындағы бөлінетін табыстар, № 100 ҚР республикалық бюджетінің
табыстары, № 120 ҚР республикалық бюджетінің шығыстары, № 130 Аудандық
және қала бюджеттерінің құралдары, 132 Облыстық бюджеттердің құралдары,
141 ҚР республикалық бюджетінің есебінен қаржыландырылатын мекемелердің
ағымдық шоттары, № 142 ҚР жергілікті бюджеттерінің есебінен
қаржыландырылатын мекемелердің ағымдық шоттары, № 144 Депозиттер, № 070
Қатаң валютадағы валюталық шот, № 160 Жұмсақ валютадағы валюталық шот,
№ 724 Тағайындалған және төленбеген айналымдардың ағымдық шоттары.
Қазынашылықтың территориялық органдарымен бюджетке төлемдер мен
ұйымдастырулар есептеледі. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер
республикалық және жергілікті бюджетттердің табысына түсетін бюджетке
төлемдерді жүргізбейді және бюджетке алынған төлемдер сол күні бірден
банкаралық есептесулер арқылы қазынашылықтың облыстық басқармашылығына
жібереді.
1995 жылғы 24 сәуірдегі ҚР қабылданған Салықтар және басқа да
бюджетке төлемдер туралы Заңына сәйкес клиенттердің банктік шоттарынан
шығарылған салық төлемдерінің бюджетке дер уақытында түсімін салықтық
қызмет органдары қадағалып отырады.
Бюджетке деген қолма-қолсыз төлемдер барлық территориялық қазынашылық
органдармен қабылданады және облыстық қазынашылық басқарушылығында бюджетке
төлемдерді есептеу бойынша бірлік шот арқылы есептеледі. Қолма-қолсыз
салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер келесі құжаттар негізінде
қабылданады:
1) нұсқаулықта көрсетілген реквизиттер көрсетілетін төлем
тапсырмасы;
2) салықтық органдардың бюджетке қайтарымға беретін төлем
тапсырмасы;
3) кәсіпорындардың төлем тапсырмасы;
4) бюджет құралдарын алуға мәжбүр ету негізіндегі территориялық
қазынашылық органдар мен терриориялық кеден органдарыныңы
бұйрықтары болуы керек.
Территориялық қазынашылық органдарға төлемдер немесе аударымдар жүзеге
асырған кезде егер ҚР заңнамасына сәйкес құжаттарға қосымша реквизиттер
көрсету керек болса оны талап етуге құқықтары бар.
Қолма-қол төлемдерді қабылдаған кезде келесі құжаттар болуы керек:
1) қолма-қол төлеуге хабарлама;
2) ф.4-ПД квитанциясы;
3) жеке азаматтармен бюджетке төлем қайтарудағы салық оргадарының төлем
тапсырмасы;
Бюджетке жұмыскерлердің жалақысынан ұсталған салықтарды және
жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдарын аудару үшін
Қазынашылық органдарға мемлекеттік мекемелер келесі құжаттарды көрсетуге
міндетті:
- бюджетке жеке тұлғалардан табыс салығын төлеуге шоттар,
- бюджетке әлеуметтік салықтық аударымдарын төлеуге шоттар;
- жинақтаушы зейнетақы қорларына жеке тұлғалардан міндетті зейнетақы
қорларын аудару бойынша төлеуге шоттар.
Жеке тұлғалардан бюджетке табыс салығының аударымы жалақы алған уақытта
түседі, басқа жағдайларда – төлем жүргізілген айдың аяғындағы бес банктік
күннің ішінде төленеді.Әлеуметтік салық төлемі әр ай сайын айдың екінші
жартысына жалақы төлеуге тағайындалған мерзімде төленеді, бірақ келесі
айдың 15 күнінен кеш болмауы керек. Міндетті зейнетақы салымдарын
мемлекеттік мекемелер жинақтаушы зейнетақы қорларына жалпы табыстың он
пайыздық көлемінде аударады.
Қазынашылықтың территориялық органдарына келіп түсетін мемлекеттік
мекемелермен алынатын әкімшілік айыппұлдар мен санкциялар сәйкес бюджетке
Салықтық емес түсімдер категориясы, Айыппұлдар мен санкциялар бойынша
түсімдер сыныбы бойынша алынады. Заңға сәйкес мемлекеттік баж сот ісінде
қарастырылады және жергілікті бюджеттерге Салықтық емес түсімдер
категориясы мен Коммерциялық емес табыстардан түсімдер мен әкімшілік
алымдар сыныбы, Баж под класы , Мемлекеттік баж ерекшелігі бойынша
алынады.
Келіп түскен сомалардың есебін салықтық органдар жүргізеді.
Желтоқсан айында келіп түскен төлемдер 31-ші желтоқсанға есептеледі. Егер
уақыт біткеннен кейін келіп түскен сомалар болатын болса, оларды Басқа да
салықтық емес түсімдер ерекшелігі бойынша бюджет жіктемесіне алынады.
Бюджетке дұрыс есептелмей немесе артық келіп түскен сомаларды қайтару
салықтық органдармен жүзеге асырылады және ол салық төлеушінің есептесу
шотына аударылау жолымен немесе бюджетке басқа салықтық қарыздарын өтеу
жолымен жабылады. Салықтарды есептеу үш нұсқада жүзеге асырылады.
1) бір салық органынан екіншісіне;
2) бір бюджеттік жіктемеден екіншісіне;
3) бюджет жіктемесінің табыс коды бойынша;
4) қате есептелге бөліністе бір бюджеттік жіктеме кодында.
Әр түрлі бюджет арасында табыстарды бөлгеннен кейін әр түрлі бюджет
деңгейлерінде қалдықтар №080 Бюджет арасында бөлінетін табыстар баланстық
шоты бойынша қалдық қалмауы керек.
Мемлекеттік бюджеттік табыс бөлігін құрауда Қазынашылыққа
республикалық және жергілікті бюджеттер арасында мемлекеттік салықтарды
бөлу мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz