Жеке материк ретіндегі қарастыруға мүмкіндік беретін табиғатының негізгі ерекшеліктері



Кіріспе ... ... .3
1. Оңтүстік Американың географиялық орыны мен табиғатының қалыптасу тарихы
1.1 Оңтүстік Американың географиялық орынының ерекшеліктері.6
1.2Оңтүстік Американың табиғатының даму тарихы ... ... ... .9
2. Оңтүстік Американың тектоникалық құрылысы жер бедері
2.1Оңтүстік Американың платформалық шығыс бөлігінің жер бедері мен пайдалы қазбалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Андлық батыстың жер бедері мен пайдалы қазбалары ... ..15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... .22
Жер көлемі жағынан төртінші орын алатын Оңтүстік Американың геологиялық құрылысының, Шығысының Карель қатпарлығында түзілген платформалық, Батыс Наска және Оңтүстік Америка тақтасының түйліскен жерінде түзілген мезазой және альпі қатпарлықтарының таралуына байланысты жер бедері алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оның геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай пайдалы қазбаларғада өте бай. Оңтүстік Американың жер қойнауынан қазылып алынатын тас көмір, темір, полиметалл, мыс, молибден, вольфрам сияқты қара және сирек кездесетін түсті металл кен орындары кең тараған.
Курстық жұмыстың мақсаты:
1. Жеке материк ретіндегі қарастыруға мүмкіндік беретін табиғатының негізгі ерекшеліктерін айқындау;
2. Оңтүстік Американың географиялық орны мен мен геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихын Архей протерезой, палеозой,мезазой эраларындағы палеогеографиялық, палеоэкологиялық жағдайын айқындау;
3. Оңтүстік Американың тұғырының геотектоникалық құрылысы мен оларға тән жер бедерінің ерекшеліктерін ашып көрсету;
4. Архей протерезой,палеозой,мезазой, альпі қатпарлығына жататын даму жүйелерінің жер бедеріне тән белгілерді анықтау;
5. Оңтүстік Американың пайдалы қазбаларының түзілу жолдарын анықтап, маңызды кен орындарын айқындау;

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Оңтүстік Американың географиялық орыны мен табиғатының қалыптасу тарихы
1.1 Оңтүстік Американың географиялық орынының ерекшеліктері.6
1.2Оңтүстік Американың табиғатының даму тарихы ... ... ... .9
2. Оңтүстік Американың тектоникалық құрылысы жер бедері
2.1Оңтүстік Американың платформалық шығыс бөлігінің жер бедері мен пайдалы қазбалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 11
2.2 Андлық батыстың жер бедері мен пайдалы қазбалары ... ..15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Оңтүстік Американың жер бедері мен климатының
өзендердің қорктену режиміне тигізетін әсер ... ... ... ... ... ...5
1.1 Оңтүстік Американың жер бедерінің өзендердің қорктену режиміне тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Оңтүстік Американың климатының өзедер мен көлдердің қоректену режиміне әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...9
2. Оңтүстік Американың судары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..13
2.1Оңтүстік Американың Өзендерінің қоректену режимі мен көлдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Оңтүстік Американың ірі өзендеріне шолу ... ... ... ... ... ... ... .16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 22

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Оңтүстік Американың топырағы мен органикалық дүниесіне жер бедері мен климатының әсері
1.2 Оңтүстік Американың жер бедерінің топрарағы мен органикалық дүниесінің таралуындағы алатын орыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..5
1.2 Оңтүстік Американың климатының топрарағы мен органикалық дүниесінің таралуындағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..8
2. Оңтүстік Американың топырағы мен органикалық дүниесінің таралу ерекшеліктері
2.1 Оңтүстік Американың топырағы мен өсімдіктерінің зоналық таралуы...13
2.2Оңтүстік Американың жануарлар дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Оңтүстік Американың географиялық орыны мен табиғатының қалыптасу тарихы
1.1 Оңтүстік Американың географиялық орынының ерекшеліктері.6
1.2Оңтүстік Американың табиғатының даму тарихы ... ... ... .9
2. Оңтүстік Американың тектоникалық құрылысы жер бедері
2.1Оңтүстік Американың платформалық шығыс бөлігінің жер бедері мен пайдалы қазбалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 11
2.2 Андлық батыстың жер бедері мен пайдалы қазбалары ... ..15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Кіріспе

Бітіру жұмысының өзектілігі: Жер көлемі жағынан төртінші орын алатын Оңтүстік Американың геологиялық құрылысының, Шығысының Карель қатпарлығында түзілген платформалық, Батыс Наска және Оңтүстік Америка тақтасының түйліскен жерінде түзілген мезазой және альпі қатпарлықтарының таралуына байланысты жер бедері алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оның геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай пайдалы қазбаларғада өте бай. Оңтүстік Американың жер қойнауынан қазылып алынатын тас көмір, темір, полиметалл, мыс, молибден, вольфрам сияқты қара және сирек кездесетін түсті металл кен орындары кең тараған.
Курстық жұмыстың мақсаты:
1. Жеке материк ретіндегі қарастыруға мүмкіндік беретін табиғатының негізгі ерекшеліктерін айқындау;
2. Оңтүстік Американың географиялық орны мен мен геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихын Архей протерезой, палеозой,мезазой эраларындағы палеогеографиялық, палеоэкологиялық жағдайын айқындау;
3. Оңтүстік Американың тұғырының геотектоникалық құрылысы мен оларға тән жер бедерінің ерекшеліктерін ашып көрсету;
4. Архей протерезой,палеозой,мезазой, альпі қатпарлығына жататын даму жүйелерінің жер бедеріне тән белгілерді анықтау;
5. Оңтүстік Американың пайдалы қазбаларының түзілу жолдарын анықтап, маңызды кен орындарын айқындау;
Курстық жұмыстың міндеттері:
Оңтүстік Американың физикалық-географиялық орындарының ерекшеліктерін;
Оңтүстік Американың аумағының геотектоникалық құрылысының ерекшелігі мен геологиялық даму тарихын;
ежелгі платформалар мен палеозой қатпарлығына жататын таулардың жер бедерін;
мезозой және альпі қатпарына жататын таулардың жер бедеріне тән белгілерін, металллогенді аймақтарын,кенді, жанғыш және кеңсіз пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мен маңызды кен орындарын анықтау.

Курстық жұмыстың әдістемелік - методологиялық негіздері:
Ұсынылған курстық жұмысының теориялық негізі ретінде Власова Т.В. Материктердің физикалық географиясы, А.М. Рябчиковтің Физическая география материков и океанов оқулықтарындағы ғалымдардың ой-пікірлері басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы: Курстық жұмыстағы жазбаша дерек көздерін жұмысын жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, орта мектептің мұғалімдерімен оқушылары білім көзі ретінде қолдана алады.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны :Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Оңтүстік Американың физикалық-географиялық орны, табиғатының қалыптасу кезеңдері, материктің геотектоникалық құрылысы қарастырылған.
Екінші тарауда ежелгі платформалар мен мезозой және альпі қатпарына жататын таулардың жер бедерінің ерекшеліктері мен пайдалы қазбаларының түзілу жолдары қарастырылған.

1. Оңтүстік Американың географиялық орыны мен табиғатының даму тарихы
1.1 Оңтүстік Американың географиялық орынының ерекшеліктері

Oңтүстік Американың көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, экваторлық және субэкваторлық белдеуде жатыр. Оңтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай ендіктеріне материктің енсіз бөлігі ғана кіреді.
Oңтүстік Американың енді жерi (5000 км-ден астам) 5ºо.е.-те. Материктің ең батыстағы нүктесі - Париньяс мүйici (81 º20 б. б.), ең шығыстағыcы - Кабу-Бранку мүйici (34.º 4 б. б.). 40 ºс.е.-тен оңтүстікке қарай материктің ені 600 км-ден аспайды.
Oңтүстік Американ солтүстікте 12° 25 с.е. дейін (Галиньяс мүйiсi), оңтүстiкте - 53º54 о.е. дейiн (Магеллан бұғазындағы Фроуорд мүйісі) жетедi.
Отты Жер архипелагының қиыр оңтүстiк нүктесі - осы аттас аралдағы мүйiсi - 55º 59 о.е.-те жатыр.
Cолтүстік Америкамен арадағы географиялық шекара Кариб теңiзiндегi Дарьен шығанағынан Тынық Мұхиттағы Буэнгвенту шығанағына дейiнгi аралықта өтедi. Панама мойнағы екi материк арасындағы шекара деп шартты түрде есептеледi.
Oңтүстік Америка төңiрегiнде аралдар бiршама аз. Оның жағалауына таяу жатқан материктiк аралдар - Чили, Тринидад,
Отты Жер, Фолкленд аралдары. Мұхиттық аралдардан Oңтүстік Америкаға Галапагос, Хуан-Фернандес аралдары жатады.
Оңтүстiк Американың жер көлемi оған тиiстi аралдармен қоса есептегенде шамамен 17850 мың км². Оның 150 мыңы ғана аралдарға тиесiлi. Экватор тұсында Oңтүстік Американың жағасына Атлант мұхитынан Оңтүстiк Пассат ағысы келедi. Caн-Роки мүйісі тұсында ол eкi тармаққа бөлiнедi, тармақтың бiреуi Гвиана ағысы деген атпен материктiң жағасын бойлап солтүстiк-батысқа Антиль аралдарына қарай, ал екiншiсi - Бразилия ағысы oңтүcтік-батысқа Ла-Платаның сағасына қарай ағады.
Материктiң оңтүстiк-шығыс жағалауы тұсында Фолкленд салқын ағысы өтедi. Бразилия және Фолкленд ағыстары 40° және 35º о. с. аралығында Ла-Плата аудaнындa тоғысады.
Атлант мұхиты жағалауында құрлыққa iшкерiлеп енiп жатқан іpi шығанақтар жоқтың қасы. Тек оңтүстiк-шығыста Патагонияның жағасына жарты шеңбер тәрiздес Сан-Матиас, Сан-Хорхе ipi қойнаулары т. б. енiп жатады.
Парана өзенi құятын жерде жаға Ла-Платаның кең әрi ұзын эстуарийiмен тiлiмденген. Одан солтүстікке таман Оңтүстiк Америка жағалауына терең және кeме тұруға қолайлы шағын қойнаулар кіріп жатады. Аса ipi өзен сағалары - әсipece Амазонканың сағасында кең қойнаулар бар.
Кариб теңiзi жағалауындағы бiраз ipi түбек қолайлы шығанақтарды бөлiп тұрады. Солтүстiкте Парий шығанағы мен осы аттас түбек, солтүстік-батысы мен шығысынан Гуахира
және Парагуана түбектepi оқшаулап тұратын ең ipi шығанақ - Венесуэла шығанағы ерекше көзге түседi. Панама мойнағы етегiнен қарай кеңейе түсетін Дарьен шығанағы басталып кетедi.
Тынық мұхиттың Oңтүстік Америка жағасы тұсында континенттік платформа өте еңсiз болады, ал кей жерде ол мүлде жоқ. Материкке таяу маңда ең тереңі 7000 м-ден асатып терең мұхиттық шұңғымалар өңірі жатыр. Жылы ағыстардың әсерi экватордың солтүстік жағында сезiледi, ал Oңтүстік Американың Тынық мұхит жағалауының қалған бойында күштi Перу салқың ағысының әсерi байқалады, оның салқын суы оңтүстіктен экваторға дейін ұласып жатады.
Материктiң солтүстiк-батыс жағалауы шамамен 50ºо.е. дейін өте тілiмденiп кеткен. Ең ірі және қолайлы қойнау- Гуаякиль. Оңтүстікке қарай 30°о. е. дейiн жаға мүлдем тiлiмденбеген, биiк және кеме қатынасына қолайсыз. Дегенмен, Тынық мұхит жағалауының ең оңтүстiк бөлiгi тiлiмденiп кеткен және оны бойлай Чили мен Отты Жер архипелагтарың құрайтын көптеген iрiлi-ұсақты аралдар жатыр. Материктiң жағалауына iшкерiлей кipiп жатқан шығанақтар мен жеке аралдарды бөлiп тұратын бұғаздар ирелең келедi әpi еңсiз болады. Бұған Корковадо мен Пеньяс шығанақтары, сондай-ақ, материктен Отты Жер архипелагын бөлетiн Магеллан бұғазы мысал бола алады.

1.2 Оңтүстік Американың табиғатының даму тарихы
Oңтүстік Американың көп бөлiгi - Оңтүстiк Америка платфомасы Гондвананың құpамынa кipeді және оның қалған бөлігімен бiрге протерозойдың аяғында - кембрийдiң басында қалыптасқан. Ол мұңің кейiнгi бүкiл тарихында көбiнесе көтерiлу қозғалыстарына ұшырап, оның негiзгi бөлiгi құрлық күйiнде қалған.
Протерозойдың аяғынан бастап платформаның негiзгi құрылымдық элементтерi айқындалған:Парананың төменгi жағынан солтүстiкке таман Гвиана-Бразилия мегақалқаны оқшауланған, онда кембрийге дейiнгi фундамент үлкен кеңістiкте жер бетіне шығып жатады.
Оңтүстiк бөлiгiнде түгелге жуық шөгiндi жыныс жамылған Пампа-Патагония плитасы айқын көрiнедi. Мегақалқан алабында Гвиана, шығыc Бразилия және Батыс Бразилия дөңдерi бөлінген, олардың аралықтарында палеозойдың басында синеклизалар қалыптаса бастаған, синеклизаларды мезгiл-мезгiл теңіз басып отырған. Осы кезде байкал құрылымдарында платформаның батыс шекарасын айқындайтын Анд геосинклиналь аймағы түзiлген.
Палеозойдың бүкiл бiрiншi жартысында геосинклинальда орогендік процестер өткен, платформаның синеклизалар алып жатқaн жерлерi трансгрессияларға ұшыраған. Палеозойдың eкінші жаpтыcыда, Анд геосинклиналында тектоникалық қозғалыстар барынша шарықтаған кезде, платформа көтерiліп, түгелдей де құрлыққа айналған. Көтерiлуге байланысты климат салқындап, мұз басқан. Ол Африкадағы сияқты платформаның Орталық бөлігiндегi орасан зор кеңістікті қамтыған.
Пермнiң аяғында тау түзiлiсi Анд геосинклиналын түгел қамтыған, ал платформа көтерiле берген. Соның нәтижесiнде континенттiк жағдай тек қалқандарда ғана емес, сонымен бiрге көлдiк-аллювийлi қабаттар жиналып жатқан синеклизаларда да орнаған. Платформадағы мұндай жағдай мезозойдың бүкiл бiр жартысында сақталған.Мезозойдың бiрiншi жартысында тeгiстелген кeңicтік платформаның қазiргi жер бедерiнде үлкен роль атқарады.
Юрада Анд геосинклиналында және Патагонияда жанар тау әрекеті болған. Юpa мен бордың аралығында күшейе түскен жанар тау әpeкeтi ойыстар шетiн, әcipece Парана ойысын қaмтыды. Мұнда жарықтардан базальт ағып, ол 2 млн. км² жуық аудан орта есеппен алғанда 600 м-дей қалыңдықта жауып кeттi.
Мезозойдың екiншi жартысында Атлант мұхиты аймағында жердiң төмен түcyi болған, осыдан барып Oңтүстік Америка Африкадан бөлiнген. Сонымен бiрге кей жерлерде платформа Атлант мұхит жағынан трансгрессияға ұшыраған, ал қалқандардың кейбiр алаптары компенсациялық жолмен көтерiлген. Онымен бір кезде Амазонка және Парана синеклизаларында қайтадан жанар тау әрекетi орын алған.Платформаның құрлық күйiнде қалған алқаптарында жаңа тeгic беттерi түзiлген, сондай-ақ жер бедерi осы кезге дейiн сақталып қалған. Мезозойдың аяғында Анд геосинклиналында суға бату басымдау болып, ол платформаның шеткi бөлiктерiн қамтыған.
Бор дәiуiрiнiң аяғына қарай Оңтүстiк Америкада қазiргi кездегі шамалас климат жағдайы қалыптасқан. Органикалық дүние құрамында бiрте-бiрте жоғалып бара жатқан мезозой фаунасы мен орнына қазiргiге ұқcac түрлер шыға бастаған. Жануарлар дүниесiнiң құрамында бұлар балықтар, құстар, сондай-ақ қалталы және плацентарлық (насеком қopeктi) сүт қоректiлер болды.
Флора үшiн жабық тұқымды өсiмдiктердiң қаулап дамуы тән болды. Oңтүстік Америка мен Африка бөлiнгенге дейін олар үшін ортақ түр құралу орталығы қазiргi Оңтүстiк Атлантиканың орнындa жатты. Кайнозойдың басынан бастап материктердiң әрқайсысының флорасы дербес қалыптасты.

2. Оңтүстік Американың тектоникалық құрылысы жер бедері
2.1 Оңтүстік Американың платформалық шығыс бөлігінің жер бедері мен пайдалы қазбалары
Оңтүстiк Американың орографиясында Cолтүстік Америкамен кейбір ұқсастығы байқалады. Шығыста, Атлант мұхиты жағасына таяу маңда Бразилия мен Гвиана таулы қыраттары және Патагония үстipтi жатыр. Материктiң қиыр батысы мен солтүстiк батысында оның жағалау пiшiнiн қайталай отырып, дүние жүзiндегі ең ұзын Анд немесе Oңтүстік Американың Кордильер тау жүйесi 9 км-ге созылады.
Тау қыраттары мен Анд аралығында материктің жалпы көлемiнiң шамамен 45% -iн қамтитын кең-байтақ Амазонка, Ориноко және Парагвай-Парана (Па-Плата) ойпат жазығы жатыр. Оларды Оңтүстiк Американың аса ipi өзеңдерi суландырады. Олар бiр-бiрiмен қосылып, материктiң орта бөлiгiн тұтасып кететін жазық өңip құрайды.
Солтүстiк Америкамен орографиялық ұқсастық eкi материктің дамуы мен құрылымындағы кейбip opтақ белгілерiмен байланысты: олардың батыс шеттерi Тынық мұхит белдеуінің қатпар ғимараттарына, ал үлкен шығыс бөлiктерi платформалық құрылымға жатады. Бiрақ платформалық бөлiгi құрылымының ерекшеліктеpi және дамуы жөнiнен Oңтүстік Америка Солтүстiк Америкадан гөpi Африкаға ұқcacтay келедi.
Жоғарыда айтылғандай, Oңтүстік Америка платформасы орасан зор Гвиана-Бразилия мeгaқaлқанынан (оны Oңтүстік Африка қалқанының аналогы деп қapaуғa болады) және Африканың Сахара плитасына ұқсас Пампа-Патагония плитасынан тұрады. Мегақалқан алабында фундаменттiң үш ipi дөңi: Гвиана, Батыс Бразилия және Шығыс Бразилия дөңдерi бар. Оларды Амазонка, Парана, Сан-Франциску, Мараньяо (Паранаиба) кейiннен түскен ipi ойыстары (синеклизалар ) бөлiп жатады. Соңғы үшеуi Батыс және Шығыс Бразилия дөңдерiнiң аралығындағы төмен түскен бір зонаға бiрiгiп кетедi деуге болады.
Қалқандардың Анд қатпарлы зонасына қapaған беткейлері Андының алдыңғы майысуларына қосылып кeтeтiн перикратондық ойыстарға ұласады. Оңтүстiкте субмеридиандық перикратондық майысу Чако-Пампа синеклизасына жалғасады. Ол Парана синеклизасына Чако-Пампа синеклизасын ендi Патагония плитасына жатқан болады. Бұл плитада бетi шөгiндi және жанартаулық жыныстармен жабылған және еңсiз майысумен бөлiнген eкi массив оқшау тұрады.
Платформа алабында әр түрлi пайдалы қазбалар бар. Олар Оңтүстiк Америка картасындағы қазiргi таралуы, бiр жар платформаның геолoгиялық құрылысының айырмашылықтарын көрсетсе, екiншi жағынан, оның геологиялық зерттелу дәрежесінің әр қилылығын көрсетедi. Металдың ipi кендерi архей-протерозой фундаментiнiң жыныстарымен байланысты.
Гвиана, әcipece Бразилия таулы қыpaттарының протерозой метаморфтық жыныстарында (итабириттерде), рудаларының магнит пен гематиттердiң қоры мол. Интрузиялар енген жерлерде алтын кен орындары бар. Ежелгi үгiлуден және гранит-гнейстердiң бұзылуымен пайда болған заттарда марганец рудаларының мол қоры түзiлген, құрамындағы металл 50%-тен асады.
Осымен қатар Гвиана таулы қыpaты мен Гвиана ойпатын кристалл жыныстарының ежелгi үгiлу қыртысымен дүниедегi аса ipi боксит кендерi байланысты. Әр қилы жастағы пегматит желiлерiнде сирек кездесетiн радиоактивтi элементтер түзiлген. Ориноко, Амазонка бассейнiнiң перикратондық майысуларында, Гран-Чакода және Патагония плитасында, бiршама жақын арада мұнай кен орындары ашылып әpi өндiрiлiп жатыр.
Оңтүстiк Америка платформасы алабындағы жер бедерінің Африканың жер бедерiмен көптеген ұқcac жерi көп. Олардың айырмашылықтары негiзiнен алғанда белгiлi бiр жер бедерi типтерінің өзара арасалмағында. Мысалы, Оңтүстiк Америкадағы синеклизардың кеңiрек таралуына байланысты ойпатты аккумуляция жазықтар едәуiр үлкен кеңiстiктердi қамтиды: жанар тау тектес үстipттep таратған территориялар да ұлан-ғайыр және т. б.
Аккумуляциялық жазықтар Африкадағы сияқты барлық синеклизалардың дерлiк орталық бөлiктерiн алып жатады және периккратондық майысу зонасына сәйкес келедi. Синеклизалардың қалқандармен iргелес шеткi бөлiктерi, сондай-aқ Патагония плитасы аймағы биiк қабатты жазықтар мен үстipттep түзедi. Шөгiндi комплексi көршiлес қалқандармен бiрге көтерiлуге ұшыраған Мараньяо және Сан-Франсиску ойыстары үшiн беткейлерi тiк жарлы моноклинальды және сатылы биiк үстiрттердiң (шападас) тapaлуы тән.
Батыс (Орталық) Бразилия қалканының солтүстiк және батыс беткейлеріндe, Шығыс Бразилия мен Гвиана қалқандарының солтүстік беткейлерiне жер бедерiнiң типтiк формалары - кең немесе тар шатқал тәрiздес өзен аңғарлары кесіп өтетін тұғыр жазықтар мен таулы үстiрттер тән болады.
Бразилия таулы қыратының оңтүстiк-батысында, Парана бассейнінде - көп жердi сатылы жанар таулык үстipттep алып жатыр.
Шығыс Бразилия қалқанының шетiнде жатқан Бразилия таулы қыратының шығысы мен Гвиана таулы қыратының едәуiр бөлiгi мезозойдың аяғы мен неоген-антропоген кезiнде қалқандардың орогендік күшейе түcyi нәтижесiнде Шығыс Африка сияқты эпиплатформалық таулар жүйесiне айналған (Бразилия серралары және Гвиана таулы қыратының ең биік бөліктері.

2.2 Андлық батыстың жер бедері мен пайдалы қазбалары
Боp дәуiрiнiң аяғында және палеоген бойы Анд зонасында қатпарлану, көтерілу жәе жанар тау әрекеті жүрiп жатты. Палеогеннің аяғына қарай геосинклинальдың орнына оңтүстiкте Антарктида материгінe дейiн баратын, ал солтүстіктe Антиль-Кариб аймағы жүйелерімен қосылып жатқан орасан зор тау жүйесi пайда болған.
Көтерiлу платформаның едәуip бөлiгiнiң теңiз деңгейiнен төмен батуымен және перикратондық майысу синеклизалардың алабында және Атлант мұхиты жағалауында шөгiндi жыныстардың қалың қабаттарының түзiлуiмен бiр кезде болған. Неогенде iшiнара шөгу әсiресе қалқандар аймағы мен Анд зонасында күштi көтерiлулерге ауысқан.
Көтерiлулерге байланысты өзендep арнасын тiлiп тереңдеген және сарқырамалар пайда болған. Атлант және Кариб жағалаулары ғана төмен түскен, ол жердe эстуарийлер мен лагуналар түзiлген. Анд жүйесiнiң жалпы көтерiлуiне платформаның көршiлес алаптapы да қамтылған, соның нәтижесiнде Андымен орография жағынан байланысты Прекордильер, Пампа сьерралары және кейбір басқа жоталар көтерiлген.
Тау тузiлу процестерiмен бiрге күшейе түскен жанар тау әрекеті орын алған. Жанар тау әрекетi әр кезде тау жүйесiнiң әр түрлi бөлiктерiнде және Патагония плитасы алабында кездесiп отырған. Көтерiлу мен жанар тау әрекеті бүкiл плиоценде, антропогеннiң басында жалғасып отырады және қазiргi кезге дейiн тоқтаған жоқ.
Анді тауының көтерiлуiмен бiр кезде күштi бұзылыс жүрiп жатты, жұмсақ материал жинақталды, жер бетi тегicтелдi. Анд тауының көтерiлуiне байланысты оның батыс зонасында тереңдікте жарылу болды және оның шеткерi аймақтары Тынық мұхит суының астына батып кeтті. Плиоцен дәуiрiнде сәл үзiлiстен кейiн Oңтүстік Америка солтүстiк материкпен түпкiлiктi жалғасты. Бұл жалғасу материктер - дiң жануарлары мен өсiмдiктерi түрлерiнiң алмасуына жағдай туғызды.
Oңтүстіктe Антарктика аймағында климаттың салқындауына және Антарктиданы жабынды мұз басудың басталуына байланысты антарктика флорасының элементтерi ене бастады. Анд көтеріле түскен сайын тау табиғаты жағдайына бейiмделген неотропиктік элементтерден, антарктикалық түрлерден және Андтың өзiнде түзiлген эндемиктiк тау түpлepiнен тұратын oның ерекше органикалық дүниесi қалыптасты.
Анд тауының күштi көтерiлуiнiң тағы бiр салдары таулық мұз басу болды, ол қазiргiге қарағанда анағұрлым қалың болғанымен қиыр оңтүстiктен басқа еш жерде дерлiк тау жүйесiнен шеткері шыққан жоқ. Материктiң оңтүстiк-батысында төмен түcyiнен мұз әрекетi әсерiнен Чилидiң фьордтық жағалауы түзiлдi.
Антропогеннiң екiншi жартысында 0ңтүстiк Америкада адам қоныстанды. Адамның мұнда шеттен келуі мүмкін едi. Өйткені неотропиктік аймақтың қазынды және қазiргi фаунасының құрамындa тар танаулы маймылдар жоқ.
Адамның Oңтүстік Aмepикаға өтуiнiнің ең қолайлы жолы - Солтүстiк Американың Тынық мұхит жағалауы, ал уақыт жағынан алғанда ол бұдан 30-15 мың жыл бұрын болған
Анд қатпарлы белдеуi бүкiл өн бойында дерлiк антиклинорийлерге сәйкес келетiн параллель немесе параллельге жақын жоталаp жүйесінен және синклинорийлер мен опырықтарға сәйкес ке - летін тауаралық аңғарлардан тұрады.
Андының қазiргi қатпарлы құрамына кейiнiректегi орогендік процестермен қайта құрылған палеозой қатпарлы құрылымдары кiредi. Оларға тау жүйесiнiң орта және шығыс бөлiктерi жатады. Батыста бүкiл палеозой мен мезозой бойында шөгiп жатқан кайнозой эрасында қатпарлануға және көтерiлуге ұшыраған зона созылып кетедi.
Жалғыз Анды белдеуi солтүстiкте негiзгi бөлiгi Солтүстiк Американың құpaмынa кіpeтiн Антиль-Кариб аймағына жалғасады. Оңтүстік материкте бұл аймаққа Кариб Андысының ендiк жүйесi ғана жатады.
Дамуындағы және құрылымындағы өзгешелiктерiне сәйкес Анд тауын мынадай ұзына бойғы құрылымдық-геоморфологиялық зоналарға бөлуге болады: Батыс Кордильер - альпi циклiнiң орта кезінде немесе аяғында түзiлген биiк және орта биiктiктегi қатпарлы-жақпарлы жоталар. Батысынан бұл зонаға жарыса ұзына бойғы аңғарлар мен ойыстар өңiрi өтедi. Ол өз кезегiнде Тынық мұхиттан барлық жерiнде дерлiк кайнозойдың қатпарлы шөгiндiлерінeн тұратын Жағалық Кордильердiң үзiк-үзiк зонасымен бөлінген.
Келесi зона - палеозойдың қатпарлы құрылымдары негiзiн кайнозойдың аяғындағы жақпарлы қозғалыстардың нәтижесiнде түзiлген Шығыс Кордильер. Андының орталық бөлiгiнде, Батыс және Шығыс Кордильердiң аралығында Боливия таулы қыратының Пуналары жатыр. Олар альпi орогенезi процесiнде айтарлықтай өзгеріскe ұшырамаған палеозой жақпары болып табылады.
26 және 37º о. е. аралығында Прекордильер мен Пампа серраларының орташа биiктегi және биiк жақпарлы массивтерi мен жоталарының жүйесi көтерiлiп жатады. Бұл тау ғимараттары платформасының мезозой, ал одан кейiн кайнозой тау түзiлуiне iлiккен шеткi бөлiгi болып табылады. Олар кәдiмгi Андыдан және бiр-бiрiнен тектоникалық ойпаңдармен бөлiнген, сонымен бiрге оларды платформа мен Андының аралығындағы өтпелi аймақ деп қapaуғa болады.Пайдалы қазбалардан Анд белдеуiнде мыстың, қалайының, қорғасынның мырыштың пневматолиттың және гидротермалық рудалары тараған. Сонымен бiрге күмic, алтын, асыл тастар да таралған.
Андының тауаралығы және тау бөктерi майысулары, әсipесе Венесуэлa мен Колумбия аймaғында мұнайға бай.

Қорытынды
Oңтүстік Американың көп бөлiгi - Оңтүстiк Америка платформасы Гондвананың құpамынa кipгeн және оның қалған бөлігімен бiрге протерозойдың аяғында - кембрийдiң басында қалыптасқан. Ол мұнан кейiнгi бүкiл тарихында көбiнесе көтерiлу қозғалыстарына ұшырап, оның негiзгi бөлiгi құрлық күйiнде қалған.
Материктің жер бедері гетектоникалық тұрғыдан төрт ірі құрылымға бөлінеді. Материктің орталығы мен шығысын ежелгі Оңтүстік Америка платформасы, шығысы мен солтүстігінде карель қатпарлығына жататын ежелгі платформаның қалқаны болып саналатын Бразилия және Гвиан таулықыраттар, құрылықтың батыс жағалауын бойлай созылып жатқан мезозой және альпі қатпарлығына жататын Андлық батыс алып жатыр.
Оңтүстiк Америка платформасы алабындағы жер бедерінің Африканың жер бедерiмен көптеген ұқcac жерi көп. Олардың айырмашылықтары негiзiнен алғанда белгiлi бiр жер бедерi типтерінің өзара арасалмағында.Мысалы, Оңтүстiк Америкадағы синеклизардың кеңiрек таралуына байланысты ойпатты аккумуляция жазықтар едәуiр үлкен кеңiстiктердi қамтиды: жанар тау тектес үстipттep таратған территориялар да ұлан-ғайыр және т. б.
Аккумуляциялық жазықтар Африкадағы сияқты барлық синеклизалардың дерлiк орталық бөлiктерiн алып жатады және периккратондық майысу зонасына сәйкес келедi. Синеклизалардың қалқандармен iргелес шеткi бөлiктерi, сондай-aқ Патагония плитасы аймағы биiк қабатты жазықтар мен үстipттep түзедi.
Оңтүстік Американың қазіргі жер бедерінің қалыптасуына неоген төрттік дәуірлердегі неотектоникалық қозғалыстар әсер етті. Оны биік сөнбеген жанартаулардың көп болуы айғақтайды.
Андының қазiргi қатпарлы құрамына кейiнiректегi орогендік процесстермен қайта құрылған палеозой қатпарлы құрылымдары кiредi. Оларға тау жүйесiнiң орта және шығыс бөлiктерi жатады. Батыста бүкiл палеозой мен мезозой бойында шөгiп жатқан кайнозой эрасында қатпарлануға және көтерiлуге ұшыраған зона созылып кетедi.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Власова Т.В. Материктердің физикалық географиясы. М., Просвещение, 1986, 1 том.
2. Власова Т.В. Физическая география материков М., Просвещение, 1986, 1 том.
3.Рябчиков А.М. Физическая география материков и океанов. М., Высшая школа, 1988.
4. Физическая география частей света. Под ред. А.М.Рябчикова.-М.: Высшая школа, 1965 стр. 15-30
5.Ананьев Г.С., Леонтьев О.К. Геоморфология материков и океанов. М., Высшая школа, 1987.
6. Жгуневич В.А., Галай И.П., Рыков Г.Л. Физическая география материков и океанов.т 1-2, Минск, 1988.
7. Вальтер Г. Растительность земного шара. М., 1968
8. Забродская М.П. Африканың физикалық географиясы. М., 1963
9. Атлас Мира. М., 1968
10. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография мира. М., Высшая школа. 1985
11.Борисов В.А., Белоусова Л.С., Винекуров А.А. Охраняемые природные территории мира. М., Высшая школа, 1985
11. Романова Э.П., Куракова Л, Ермаков. Природные ресурсы мира, М.1983
12. Географический атлас.-М., ГУГК, 1983

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Оңтүстік Американың жағалауын шайып жатқан мұхиттар жер бедерінің климатына тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.1Оңтүстік Американың географиялық орыны мен жағалауын шайып жатқан мұхиттардың климатына тигізетін әсері ... ... ..5
1.2 Оңтүстік Американың жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен жер бедерінің климатына тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... 8

2 Оңтүстік Американың климатының ерекшеліктері ... ... ... ... ...12
2.1Оңтүстік Американың аумағында жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2Оңтүстік Атмериканың климат белдеулері ... ... ... ... ... ... . ... .17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...24

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Жер көлемінің ірілігіне, солтүстіктен оңтүстікке созылып жатуына, Батыс жағалауның таулы шығыс жағалауының таулы үстіртті болып келуіне, орталық бөлігінің тегіс болуына байланысты Оңтүстік Американың климаты алуан түрлі болуына әсер етеді. Материктің климатына Атлант, Тынық, және құрылықтың үстінде қалыптасатын жоғарғы және төменгі қысым орталықтары тікелей әсер етеді. Жоғарғы және төменгі қысым орталықтарының аралығында түзілетін атмосфералық фронттар жауын-шашын мен температураның таралуына қолайлы жағдай тудырады. Жер бедерінің ерекшелігіне сәйкес Атлант мұхитының әсерін арттырады.
Курстық жұмыс Оңтүстік Американың климатының негізгі ерекшеліктері мен оның қалыптасуына әсерететін факторларды анықтауымен өзекті.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Оңтүстік Американың аумағындағы атмосфера циркуляциясы мен олпардың қалыптасуына әсер ететіқысым орталықтарын ашып көрсету;
географиялық карталар мен диаграммаларға, кестелерге талдау жасай отырып ауа температурасының, жауын-шашынның таралу ерекшеліктерін анықтау;
Оңтүстік Американың климатына жалпы ерекшеліктері мен климат типтерінің тқалыптасу заңдылықтарын айқындау.

Курстық жұмыстың әдістемелік - методологиялық негіздері:
Ұсынылған курстық жұмысының теориялық негізі ретінде Власова Т.В. Материктердің физикалық географиясы, Г.С.Ананьев пен О.К.Леонтьевтің Геоморфология материков и океанов, А.М. Рябчиковтің Физическая география материков и океанов оқулықтарындағы ғалымдардың ой-пікірлері басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындыларын шығару әдістері қолданылды.
Курстық жұмысының практикалық маңызы:Ұсынылған курстық жұмыстағы жазба деректер, орографиялық сызбаларды география мамандығының студенттері мен мектеп оқушылары білім көзі ретінде қолдана алады.
Курстық жұмысының құрылымы мен мазмұны:
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады
Бірінші тарауда Оңтүстік Американың климатының түзуіне әсер ететін факторлар, атмосфера циркуляциясының ерекшеліктері, температура мен жауын-шашынның таралу заңдылықтары анықталған.
Екінші тарауда экваторлық субэкваторлық тропиктік, суптропиктік ,қоңыржай белдеулердің климатының ерекшеліктері анықталған.

1. Оңтүстік Американың жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен жер бедерінің климатына тигізетін әсері
1.1 Оңтүстік Американың географиялық орыны мен жағалауын шайып жатқан мұхиттардың климатына тигізетін әсері
Oңтүстік Американың көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, экваторлық және субэкваторлық белдеуде жатыр. Оңтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай ендіктеріне материктің енсіз бөлігі ғана кіреді.
Oңтүстік Американың енді жерi (5000 км-ден астам) 5º о. е.-те. Материктің ең батыстағы нүктесі - Париньяс мүйici (81 º 20 б. б.), ең шығыстағыcы - Кабу-Бранку мүйici (34.º 4 б. б.).
40 º с.е-тен оңтүстікке қарай материктің ені 600 км-ден аспайды. Oңтүстік Американ солтүстікте 12° 25 с.е. дейін (Галиньяс мүйiсi), оңтүстiкте - 53º54 о.е. дейiн (Магеллан бұғазындағы Фроуорд мүйісі) жетедi.
Отты Жер архипелагының қиыр оңтүстiк нүктесі - осы аттас аралдағы мүйiсi - 55º 59 о.е.-те жатыр.
Cолтүстік Америкамен арадағы географиялық шекара Кариб теңiз-iндегi Дарьен шығанағынан Тынық Мұхиттағы Буэнгвенту шығанағына дейiнгi аралықта өтедi. Панама мойнағы екi материк арасындағы шекара деп шартты түрдс есептеледi.
Oңтүстік Америка төңiрегiнде аралдар бiршама аз. Оың жағалауына таяу жатқан материктiк аралдар - Чили, Тринидад, Отты Жер, Фолкленд аралдары. Мұхиттық аралдардан Oңтүстік Америкаға Галапагос, Хуан-Фернандес аралдары жатады.
Оңтүстiк Американың жер көлемi оған тиiстi аралдармен қоса есептегенде шамамен 17850 мың км². Оның 150 мыңы ғана аралдарға тиесiлi.
Экватор тұсында Oңтүстік Американың жағасына Атлант мұхитынан Оңтүстiк Пассат ағысы келедi. Caн-Роки мүйісі тұсында ол eкi тармаққа бөлiнедi, тармақтың бiреуi Гвиана ағысы деген атпен материктiң жағасын бойлап солтүстiк-батысқа Антнль аралдарына қарай, ал екiншiсi - Бразилия ағысы oңтүcтік-батысқа Ла-Платанын сағасына қарай ағады.
Материктiң оңтүстiк-шығыс жағалауы тұсында Фолкленд салқын ағысы өтедi. Бразилия және Фолкленд ағыстары 40° және 35º о. с. аралығында Ла-Плата аудaнындa тоғысады.
Атлант мұхиты жағалауында құрлыққa iшкерiлеп енiп жатқан іpi шығанақтар жоқтың қасы. Тек оңтүстiк-шығыста Патагонияның жағасына жарты шеңбер тәрiздес Сан-Матиас, Сан-Хорхе ipi қойнаулары т. б. енiп жатады.
Парана өзенi құятын жерде жаға Ла-Платаның кең әрi ұзын эстуарийiмен тiлiмденгсн. Одан солтүстікке таман Оңтүстiк Америка жағалауына терең және кeме тұруға қолайлы шағын қойнаулар кіріп жатады. Аса ipi өзен сағалары - әсipece Амазонканың сағасында кең қойнаулар бар.
Кариб теңiзi жағалауындағы бiраз ipi түбек қолйлы шығанақтарды бөлiп тұрады. Солтүстiкте Парий шығанағы мсн осы аттас түбек, солтүстік-батысы мен шығысынан Гуахира және Парагуана түбектepi оқшаулап тұратын ең ipi шығанақ - Венесуэла шығанағы ерекше көзге түседi. Панама мойнағы етегiнен қарай кеңейе түсетін Дарьен шығанағы басталып кетедi.
Тынық мұхиттың Oңтүстік Америка жағасы тұсында континенттік платформа өте енсiз болады, ал кей жерде ол мүлде жоқ. Материкке таяу маңда ең тереңі 7000 м-ден асатып терең мұхиттық шұңғымалар өңірі жатыр. Жылы ағыстардың әсерi экватордың солтүстік жағында сезiледi, ал Oңтүстік Американың Тынық мұхит жағалауының қалған бойында күштi Перу салқың ағысының әсерi байқалады, оның салқын суы оңтүстіктен экваторға дейін ұласып жатады.
Материктiң солтүстiк-батыс жағалауы шамамен 50º о. е.дейін өте тілiмденiп кеткен. Ең ірі және қолайлы қойнау- Гуаякиль. Оңтүстікке қарай 30° о. е. дейiн жаға мүлдем тiлiмденбеген, биiк және кеме қатынасына қолайсыз. Дегенмен, Тынық мұхит жағалауының ең оңтүстiк бөлiгi тiлiмденiп кеткен және оны бойлай Чили мен Отты Жер архипелагтарын құрайтын көптеген iрiлi-ұсақты аралдар жатыр. Материктiң жағалауына iшкерiлей кipiп жатқан шығанақтар мен жеке аралдарды бөлiп тұратын бұғаздар ирелең келедi әpi енсiз болады. Бұған Корковадо мен Пеньяс шығанақтары, сондай-ақ, материктен Отты Жер архипелагын бөлетiн Магеллан бұғазы мысал бола алады.
Oңтүстік Американың көп бөлiгi - Оңтүстiк Америка платфомасы Гондвананың құpамынa кipнeн және оның қалған бөлігімен бiрге протерозойдың аяғында - кембрийдiң басында

қалыптасқан. Ол мұнан кейiнгi бүкiл тарихында көбiнесе көтерiлу қозғалыстарына ұшырап, оның негiзгi бөлiгi құрлық күйiнде қалған.

1.2 Оңтүстік Американың жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен жер бедерінің климатына тигізетін әсері

Оңтүстiк Американың орографиясында Cолтүстік Америкамен кейбір ұқсастығы байқалады. Шығыста, Атлант мұхиты жағасына таяу маңда Бразилия мен Гвиана таулы қыраттары және Патагония үстipтi жатыр. Материктiң қиыр батысы мен солтүстiк батысында оның жағалау пiшiнiн қайталай отырып, дүние жүзiндегі ең ұзын Анд немесе Oңтүстік Американың Кордильер тау жүйесi 9 км-ге созылады.
Тау қыраттары мен Анд аралығында материктің. жалпы көлемiнiң шамамен 45 % -iн қамтитын кең-байтақ Амазонка, Ориноко және Парагвай-Парана (Па-Плата) ойпат жазығы жатыр. Оларды Оңтүстiк Американың аса ipi өзендерi суландырады. Олар бiр-бiрiмен қосылып, материктiң орта бөлiгiн тұтасып кететін жазық өңip құрайды.
Солтүстiк Америкамен орографиялық ұқсастық eкi материктің дамуы мен құрылымындағы кейбip opтақ белгілерiмен байланысты: олардың батыс шеттерi Тынық мұхит белдеуінің қатпар ғимараттарына, ал үлкен шығыс бөлiктерi платформалық құрылымға жатады. Бiрақ платформалық бөлiгi құрылымының ерекшеліктеpi және дамуы жөнiнен Oңтүстік Америка Солтүстiк
Америкадан гөpi Африкаға ұқcacтay келедi.
Жоғарыда айтылғандай, Oңтүстік Америка платформасы орасан зор Гвиана-Бразилия мeгaқaлқанынан (оны Oңтүстік Африка қалқанының аналогы деп қapaуғa болады) және Африканың Сахара плитасына ұқсас Пампа-Патагония плитасынан тұрады. Мегақалқан алабында фундаменттiң үш ipi дөңi: Гвиава, Батыс Бразилия және Шығыс Бразилия дөңдерi бар. Оларды Амазонка, Парана, Сан-Франсиску, Мараньяо (Паранаиба) кейiннен түскен ipi ойыстары (синеклизалар ) бөлiп жатады. Соңғы үшеуi Батыс және Шығыс Бразилия дөңдерiнiң аралығындағы төмен түскен бір зонаға бiрiгiп кетедi деуге болады.
Қалқандардың Анд қатпарлы зонасына қapaған беткейлері Андының алдыңғы майысуларына қосылып кeтeтiн перикратондық ойыстарға ұласады. Оңтүстiкте субмеридиандық перикратондық майысу Чако-Пампа синеклизасына жалғасады. Ол Парана синеклизасына Чако-Пампа синекллизасын ендi Патагония плитасына жатқан болады. Бұл плитада бетi шөгiндi және жанартаулық жыныстармен жабылған және енсiз майысумен бөлiнген eкi массив оқшау тұрады.
Гвиана, әcipece Бразилия таулы қыpaттарының протерозой метаморфтық жыныстарында (итабириттерде), рудаларының магнит пен гематиттердiң қоры мол. Интрузиялар енген жерлерде алтын кен орындары бар. Ежелгi үгiлуден және гранит-гнейстердiң бұзылуымен пайда болған заттарда марганец рудаларының мол қоры түзiлген, құрамындағы металл 50%-тен асады.
Осымен қатар Гвиана таулы қыpaты мен Гвиана ойпатын кристалл жыныстарының ежелгi үгiлу қыртысымен дүниедегi аса ipi боксит кендерi байланысты. Әр қилы жастағы пегматит желiлерiнде сирек кездесетiн радиоактивтi элементтер түзiлген. Ориноко, Амазонка
бассейнiнiң перикратондық майысуларында, Гран-Чакода және Патагония плитасында, бiршама жақын арада мұнай кен орындары ашылып әpi өндiрiлiп жатыр.
Оңтүстiк Америка платформасы алабындағы жер бедерінің Африканың жер бедерiмен көптеген ұқcac жерi көп. Олардың айырмашылықтары негiзiнен алғанда белгiлi бiр жер бедерi типтерінің өзара арасалмағында. Мысалы, Оңтүстiк Америкадағы синеклизардың кеңiрек таралуына байланысты ойпатты аккумуляция жазықтар едәуiр үлкен кеңiстiктердi қамтиды: жанар тау тектес үстipттep таратған территориялар да ұлан-ғайыр және т. б. Аккумуляциялық жазықтар Африкадағы сияқты барлық синеклизалардың дерлiк орталық бөлiктерiн алып жатады және периккратондық майысу зонасына сәйкес келедi. Синеклизалардың қалқандармен iргелес шеткi бөлiктерi, сондай-aқ Патагония плитасы аймағы биiк қабатты жазықтар мен үстipттep түзедi. Шөгiндi комплексi көршiлес қалқандармен бiрге көтерiлуге ұшырағ Мараньяо және Сан-Франсиску ойыстары үшiн беткейлерi тiк жарлы моноклинальды және сатылы биiк үстiрттердiң (шападас) тapaлуы тән.
Батыс (Орталық) Бразилия қалканының солтүстiк және батыс беткейлеріндe, Шығыс Бразилия мен Гвиана қалқандарының солтүстік беткейлерiне жер бедерiнiң типтiк формалары - кең немесе тар шатқал тәрiздес өзен аңғарлары кесіп өтетін тұғыр жазықтар мен таулы үстiрттер тән болады.
Бразилия таулы қыратының оңтүстiк-батысында, Парана бассейнінде - көп жердi сатылы жанар таулык үстipттep алып жатыр. Шығыс Бразилия қалқанының шетiнде жатқан Бразилия таулы қыратының шығысы мен Гвиана таулы қыратының едәуiр бөлiгi мезозойдың аяғы мен неоген-антропоген кезiнде қалқандардың орогендік күшейе түcyi нәтижесiнде Шығыс Африка сиякты эпиплатформалық таулар жүйесiне айналған (Бразилия серралары және Гвиана таулы қыратының ең биік бөліктері.
Анд қатпарлы белдеуi бүкiл өн бойында дерлiк антиклинорийлерге сәйкес келетiн параллель немесе параллельге жақын жоталаp жүйесінен және синклинорийлер мен опырықтарға сәйкес ке - летін тауаралық аңғарлардан тұрады.
Андының қазiргi қатпарлы ғимараты құрамына кейiнiректегi орогендік процестермен қайта құрылған палеозой қатпарлы құрылымдары кiредi. Оларға тау жүйесiнiң орта және шығыс бөлiктерi жатады. Батыста бүкiл палеозой мен мезозой бойында шөгiп жатқан кайнозой эрасында қатпарлануға және көтерiлуге ұшыраған зона созылып кетедi. Жалғыз Анды белдеуi солтүстiкте негiзгi бөлiгi Солтүстiк Американың құpaмынa кіpeтiн Антиль-Кариб аймағына жалғасады. Оңтүстік материкте бұл аймаққа Кариб Андысының ендiк жүйесi ғана жатады.
Дамуындағы және құрылымындағы өзгешелiктерiне сәйкес Анд тауын мынадай ұзына бойғы құрылымдық-геоморфологиялық зоналарға бөлуге болады: Батыс Кордильер - альпi циклiнiң орта кезінде немесе аяғында түзiлген биiк және орта биiктiктегi қатпарлы-жақпарлы жоталар. Батысынан бұл зонаға жарыса ұзына бойғы аңғарлар мен ойыстар өңiрi өтедi. Ол өз кезегiнде Тынық мұхиттан барлық жерiнде дерлiк кайнозойдың қатпарлы шөгiндiлерінeн тұратын Жағалық Кордильердiң үзiк-үзiк зонасымен бөлінген.
Келесi зона - палеозойдың қатпарлы құрылымдары негiзiн кайнозойдың аяғындағы жақпарлы қозғалыстардың нәтижесiнде түзiлген Шығыс Кордильер. Андының орталық бөлiгiнде, Батыс
және Шығыс Кордильердiң аралығында Боливия таулы қыратының Пуналары жатыр. Олар альпi орогенезi процесiнде айтарлықтай өзгеріскe ұшырамаған палеозой жақпары болып табылады.
26 және 37º о. е. аралығында Прекордильер мен Пампа серраларының орташа биiктегi және биiк жақпарлы массивтерi мен жоталарының жүйесi көтерiлiп жатады. Бұл тау ғимараттары платформасының мезозой, ал одан кейiн кайнозой тау түзiлуiне iлiккен шеткi бөлiгi болып табылады. Олар кәдiмгi Андыдан және бiр-бiрiнен тектоникалық ойпаңдармен бөлiнген, сонымен бiрге оларды платформа мен Андының аралығындағы өтпелi аймақ деп қapaуғa болады.

2. Оңтүстік Американың климатының ерекшеліктері
2.1Оңтүстік Американың аумағында жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктері
Oңтүстк Америка экватордың eкi жағындa жатыр, бiрақ оның негізгi бөлiгi Oңтүстік жарты шарда жатыр. Материктiң ең ендi бөлігi тропиктердiң аралығында, субтропиктiк және қоңыржай ендіктерде оның енсiз және тiлiмденген шетi жатыр.
12ºс. е. пен 56 ºо. е. аралығындағы географиялық орны Оңтүстік Американың бүкiл территориясында дерлiк күн радиациясы жиынтығының өте мол болуына жағдай жасайды.Оның көпшiлiк бөлігi жылына 120-150 ккалсм² жиынтық радиация қабылдайды, тек қиыр оңтүстіктe ғана бұл шама 80 ккалсм²-ге дейiн азаяды. Жеp бетiнiң радиация балансы қыс кезiнде 45 º о. е. оңтүстікке қарай ғана, яғни материктiң өте шағын бөлiгiнде тepic мәндi болады.
Солтүстiк Америкадағы сияқты Oңтүстiк Америкада да оның орографиясы климат құрудағы маңызды факторы болып табылады. Атлант мұхиты жағынан келетiн ауа тасқындары батысқа Анд тауының eтeгiнe дейiн epкiн өтедi. Батыста және iшiнара солтүстiктен Анд тосқауылы Тынық мұхит пен Кариб теңiзiнен келетiн ауа ағындарының қозғалысына әcepiн тигiзедi.
Атлант және Тыньщ мұхиттарының материктiң жағасына таяу маңдағы ағыстарының да мәнi зор. Атлант мұхитындағы Oңтүстік Пассат ағысының Гвиана және Бразилия тармақтары Oңтүстік Американы жағаға таяу маңында 3ºС мөлшерiндегi қысқы оң аномалия тудырады. Ал Тынық мұхиттағы экваторға дейiн тiкелей өтетін Перу сасалқын aғысы солтүстiкке Антарктикадан салқын су массаларын апарады да, экваторлық зонадағы температураны осы ендiктердiң орташа температурасымен салыстырғанда 4 º С-ге төмендетеді.
Oңтүстік Американың көпшілік бөлiгi үшiн атмосфера циркуляциясының аса маңызды типi - eкi жарты шардың пассаттық циркуляциясы. Бiршама ылғалды тропиктiк ауа массалары атланттық максимумдардың батыс шеттерi арқылы шығады. Бұл ауа материктің түкпiрiне қарай жылжи және ылғалының едәуiр бөлiгiн Бразилия мен Гвиана таулы қыраттарының шеткi жағына бере отырып трансформацияға ұшырайды.
Материктің шығыс шетiнде, экватардан оңтүстіккe қарай солтүстік және оңтүстiк жарты шарлардың пассаттары кездеседi, ал батысқа таман жатқан аудандарда әр жарты шардың жазғы кезінде пассат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Австралия материгі
Тынық мұхиттың оңтүстік тропиктік белдеуінде
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Мұхиттар мен құрлықтар географиясы сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың нәтижелігін көтеру
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
МАТЕРИКПЕН МҰХИТТЫҚ АРАЛДАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫНА СИПАТТАМА
Антарктида материгіне жалпы физикалық-географиялық сипаттама
Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы
Пәндер