Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
1.1. Аудиттің мәні және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 .Аудиттің негізгі қағидаларымен оның кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Аудиттің әдістемелік тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2 Аудиторлық қызметтің әдіснамалық негізі
2.1.Негізділік бойынша тексеру, ІБЖ тестілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2. Аудит процедуралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Жеке меншік болсын мемлекетік меншік болсын, оның дұрыс сақталуын қамтамасыз ету аса маңызды екені мемлекет басшысы жолдауында айтылып жүр. Сол меншікті дұрыс басқаруда аудиттің алатын орны ерекше. Аудиттің процедураларын пайдалана отырып, кәсіпорынның мүлкінің дұрыс сақталуы мен тиімді пайдалануына баға бере аламыз. Бірақ негізгі мәселе аудиттің мақсатын дұрыс анықтып, қажетті процедураларды тиімді пайдаланып, жоспарлауды дұрыс жасау аудиторлық қызметтің жетістіктілігін қамтамасыз етудің маңызды шарты.
Нарықтық қатынастардың жұмыс істеу шарттарында, бухгалтерлік есеп жүйесімен қаржы шаруашылық іскерлігін талдауды нақты реттеу, негізгі бөлімі болатын, өз кезеңіндегі экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектілердің,қиын экономикалық механизмін басқару мүмкін емес. Берілген бухгалтерлік есеп пен қаржы–шаруашылық іскерлікті талдау, шаруашылық субъектілердің жұмысы олардың құрылымдық бөлімін оперативті басқару үшін, экономикалық жобалау мен ағымдағы жоспарды құру үшін және соңында,ел экономикасын заңды түрде дамытуды зерттеу үшін қолданады.
Өндірістің апатты құлауы, Қазақстандық халықтың шаруашылық жеке салаларын орау инфляция, жұмыссыздық өсімін жоғарылата отырып, ең маңыздысы шаруашылық субъектілері арасында тұрақсыз нарықтық қатынастарды тудырады.
Қазіргі кезде барлық шаруашылықпен айналысатындардың алдында тұрған өткір, актуалды мәселелердің бірі аудиттің қалыптасуы мен оның құқықтық негіздірінің қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуымен әрбір кәсіпорында мүлігінің толықтығы мен сақталуын қамтамасыз етудің қажеттілігі аудитке деген қажеттілікті туындатты.
Осыған байланысты мен өз жұмысымда аудиттің бастапқы аналитикалық процедураларын қарастырдым.Тақырыпты ашу мақсатында аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы роліне, аудиттің бастапқы аналитикалық процедураларына тоқталдым. Жоспарлау кезеңінің маңыздылығын атап көрсеттім.
1.Қазақстан Республикасы « Азаматтық кодекс» Алматы 2008 ж
2.Қазақстан Республикасы « Әкімшілік-құқық-бұзушылық туралы кодекс» Алматы 2008ж
3. Д.О. Абленов «Аудит негіздері» Оқулық Алматы экономика 2005ж
4. З.Н. Ажибаева «аудит» Оқулық Алматы экономика 2004 ж
5. Н.С.Ержанов «теория и практика аудита» Алматы Ғылым 2007 г
6. Н.С. Ержанов, Т.Б. Даулетбеков « Аудит 1» Оқулық Алматы 2005ж
7. А.А.Сәтмырзаев, Б.Е. Укашев «Аудит теориясы» Алматы 2000 ж
8. Т.А. Тасмағамбетов, Д.О. Абленов « Бизнестегі есеп пен талдау» Оқулық құрамы, Алматы Дәуір 200 2 ж
9. К.Ш. Дюсембаев « Аудит и анализ в системе управления финансами» Алматы экономика 2002 г
10. В.К. Радостовец, Т.А.Тасмағамбетов, Д.О.Абленов «Организация финансового учета» Алматы 1997 г
11. С.С. Жақыпбеков «Ішкі аудит» Алматы 2008ж
12. Т.Ә. Әбдіқалықов «Аудит және бухгалтерлік есеп» Алматы 2000ж
13. www.googl.kz

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі

1.1. Аудиттің мәні және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 .Аудиттің негізгі қағидаларымен оның кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Аудиттің әдістемелік тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2 Аудиторлық қызметтің әдіснамалық негізі

2.1.Негізділік бойынша тексеру, ІБЖ тестілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Аудит процедуралары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Кіріспе

Жеке меншік болсын мемлекетік меншік болсын, оның дұрыс сақталуын қамтамасыз ету аса маңызды екені мемлекет басшысы жолдауында айтылып жүр. Сол меншікті дұрыс басқаруда аудиттің алатын орны ерекше. Аудиттің процедураларын пайдалана отырып, кәсіпорынның мүлкінің дұрыс сақталуы мен тиімді пайдалануына баға бере аламыз. Бірақ негізгі мәселе аудиттің мақсатын дұрыс анықтып, қажетті процедураларды тиімді пайдаланып, жоспарлауды дұрыс жасау аудиторлық қызметтің жетістіктілігін қамтамасыз етудің маңызды шарты.
Нарықтық қатынастардың жұмыс істеу шарттарында, бухгалтерлік есеп жүйесімен қаржы шаруашылық іскерлігін талдауды нақты реттеу, негізгі бөлімі болатын, өз кезеңіндегі экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектілердің,қиын экономикалық механизмін басқару мүмкін емес. Берілген бухгалтерлік есеп пен қаржы - шаруашылық іскерлікті талдау, шаруашылық субъектілердің жұмысы олардың құрылымдық бөлімін оперативті басқару үшін, экономикалық жобалау мен ағымдағы жоспарды құру үшін және соңында,ел экономикасын заңды түрде дамытуды зерттеу үшін қолданады.
Өндірістің апатты құлауы, Қазақстандық халықтың шаруашылық жеке салаларын орау инфляция, жұмыссыздық өсімін жоғарылата отырып, ең маңыздысы шаруашылық субъектілері арасында тұрақсыз нарықтық қатынастарды тудырады.
Қазіргі кезде барлық шаруашылықпен айналысатындардың алдында тұрған өткір, актуалды мәселелердің бірі аудиттің қалыптасуы мен оның құқықтық негіздірінің қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуымен әрбір кәсіпорында мүлігінің толықтығы мен сақталуын қамтамасыз етудің қажеттілігі аудитке деген қажеттілікті туындатты.
Осыған байланысты мен өз жұмысымда аудиттің бастапқы аналитикалық процедураларын қарастырдым.Тақырыпты ашу мақсатында аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы роліне, аудиттің бастапқы аналитикалық процедураларына тоқталдым. Жоспарлау кезеңінің маңыздылығын атап көрсеттім.

1. Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі

1.1 Аудиттің мәні мен мазмұны

Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын audio деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы ол естиді немесе естуші дегенді білдіреді.
Есепті жүргізу бойынша арнайы заңнама алғаш рет Вавилон мемлекетінде пайда болған.
Чжоу династиясы басқарған уақыттағы көне Қытайда (біздің дәуірімізге дейін 1122-256 жж.) есептің мемлекеттік жүйесі, оның ішінде барлық үкімет департаменттерінің мұқият әзірлеген бюджеті мен аудиті жүзеге асырылды. Ал, біздің дәуірімізге дейінгі 700жылы ол жақта негізгі міндеті миелекеттік ақша миен мүлікті пайдалануға құқығы бар үкімет шенеуліктерінің адалдығына кепілдік беру болып табылады. Бас аудиторлық қызметі болған.Біздің пікіріміз бойынша, аудит пәні қоғамның мүддесін білдіретін экономикалық құбылыстар мен оқиғалар және процестер, сондай-ақ миәлімиеттері нақтылық пен анықтығына қарай тексерілетін, зерттелетін және объективті бағасын алатын әр түрлі миақсаттарды көздейтін заңды және жеке тұлғалар, басқаруды онтайландыру, экономикалық қызметтердің тиімділігін арттыру, кеңес берушілік, бақылаушы-талдамалы және басқа да кәсіби аудиторлық қызмиет көрсету жатады.
Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау объектілерін ескеру арқылы нақтылануы мүмкін.
Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса, онда миақсат осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимиал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімиділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.
Аудит мақсатының консалтиндік қызмиет жүзеге асыру барысында клиенттің комерциялық қызметін жақсаратын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.
Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттері шешіп алу керек:
Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәукелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзыретті мағлұматтарды алып, бағалау;
Кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің , оның ішінде, инвеститциялық, маркетингтік және сыртқы экономиикалық қызмиетін жүйелі талдау;
Кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар миен нормиативтердің орнықтылығын тексеру;
Заңның сақталуын, бухгалтерлік есепті жүргізудің және есеп берудің дұрыстығын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпаратпен пайдаланулардың қамтамасыз етілуін бақылау;
Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына шаруашылық операцияларының қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;
Кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвеститциялық және басқа да қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;
Клиенттің меншігін бекітіп беру, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.
Аудит ұғымы тексеру және бақылау ұғымдарынан әлдеқайда терең.
Аудитор тексерушіден өзінің мәні, мақсаты, клиентпен қарым-қатынасы, тәуелсіз пікір білдіруі, терең баға беруі, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы қорытындысының негізділігі бойынша ерекшеленеді.

1.2 Аудиттің негізгі қағидалары мен оның кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орны

Аудит жұмысы нақты қағидаларды сақтау арқылы жүргізіледі.
Ғылыми негізділігі. Аудиттің ғылыми негізі оның методологиясының диалектикалық әдісімен дамиды. Экономика теориясындағы объективтік шын-дықты негізге алу болып табылады. Аудит жұмысының барлық мәліметі, тұжырымы ғылыми жолмен анықталған, дәлелденген болуы қажет. Аудит қызметінің ғылыми даму барысы оның көптеген нақты факторларын талдау арқылы ол өзінің теориясын құрайды. Аудит жұмысы барысында ғылыми зерттеу әдісі қолданылады. Мысалы, аудитте экономикалық талдау қолданылады, ол яғни фактілерді зерттеп қорытынды жасау. Сондықтан да аудит фирмаларының басшылары ғылыми зерттеу жұмысын, тәжірибесін игерген ғалымдар.
Объективтілік. Бұл қағида ойлану, тек қана фактіге сүйену арқылы ғана тұжырым жасау. Аудитор шыншыл, бұрмалаушылыққа бармайтын, тазалық ұстайтын маман болуы керек. Ол өзінің аудиторлық қорытындысына кәсіпорынның табыстылық ақпаратын шыншылдықпен тексеріп, объективті көрсеткіштерін анықтауға міндетті. Оның қорытындысы ешқандай күдіктенбеушілікке жол бермейтін дәлелді болуы қажет.
Дербестілік. Қоғам тану жолында аудитордың статусы өз бетінше дербес деп танылған. Оған себеп ол біріншіден, тапсырушыға тәуелді емес, өйткені ол одан төлем алуына алдын ала келісіп қояды, екіншіден, оның жұмысын мемлекеттік аудит заңы мойындайды, үшіншіден, тапсырушы мен аудитордың түпкі мақсаты бір. Олардың өзара келісім-шарт бойынша анықтайтыны комитетін құру.
Аудитордың дербестігін қорғау үшін арнайы шаралар қолданылады: аудиторларды ротациялау, аудитор соты, мемлекеттік аудитор тағайындау, мемлекеттік аудитор департаментін, аудитор комитетін құру.
Аудитор ротациясы ол болжам арқылы бір аудитор қайта-қайта бір ікәсіпорынға бара берсе оның дербестігі жойылады деген сөз. өйткені, оны тапсырушы акциялық үлескер бол деп үгіттеп, аудит қағидаларын сақтамау жолына салуы мүмкін. Аудитор соты аудиторладың дербестігін қадағалап отырады. Мемлекет тұрғысынан аудитор дайындау ол қазіргі аудитордың қоғамдық құрылымын жою болып табылады. Қазіргі кезде аудит комитетін құру АҚШ-та көп тараан. Ондағы мақсат өндіріс компанияларының мүддесін көтеру.
Қорыта келгенде, аудит стратегиясын кеңейту тұрғысынан арнайы институттар ашу қажет, аудитті жүргізу жұмысын жетілдіру қажет. Біздің ойымызша сондай жұмыстарды іске асыру үшін Мемлекеттік Қаржы Министрлігі, аудит палатасы, бухгалтерлер ассоциациясы көмектесуі қажет.
Кәсіби біліктілік. Аудит жұмысын өте жоғары деңгейдегі мамандар жүргізуі қажет, ол теориялық және практикалық жағынан өте білімді маман болуы және арнайы аудит әдістерін жақсы білуі қажет. Ол тексеру жұмысына машықтанған болуы керек. Аудитор өз жұмысына қажетті ереже нұсқауларын өте жақсы біліп іс жүзінде қолдана білуі қажет. Аудитор өз жұмысына анализ жасауда, сараптау жүргізуде, компьютермен жұмыс істеуде, әбден машықтанған болуы қажет. Ол барлық тексерушіге сене бермеуі керек, тек өзі тексеріп көзі жетпейінше ешқандай қорытынды жасамауы керек.
Сенімділік, сөзге берік болу (конфиденциальность). Аудитор өз жұмысының комиссиялық құпиялығын сақтауға міндетті. Үшінші жаққа өз мәліметін ерекше жағдайда ғана хаюарлауға, тапсырушымен жазбаша келісім жасау арқылы беруге құқылы.
Тез-жеделдік принципі. Аудитордың жеделдігі ол өз жұмысының тез, тиянақты орындалудан тапсырушыға аудит материалын уақытымен тапсыру. Аудиттің тез, жедел жүргізілуіне екі түрлі себеп бар. Біріншісі, аудит жүргізу уақыты нақты белгіленбегендіктен, екіншіден, аудит үшін төлем сол жұмыс уақытымен есептелінеді.
Кәсіпорын шаруашылығын басқаруда ғылыми негізделген шешім болуы қажет. Ол үшін кәсіпорын басшысы білімді, мамандығы жоғары, шаруашылықты және даму келешегін жақсы білетін адам болуы керек. Басқару-ол шешім қабылдау. Ол үшін басқарушы бар білімін, талапкерлігін басқарушылық шешім қолдануға жұмсауы қажет. Яғни тиімді, тиянақты басқару жүргізу үшін арнайы дайындық жасау кеек.
Шаруашылық субъектілерді басқару барысын үш этапқа бөлуге болады: экономикалық мәліметті жинап, топтап бір жүйеге келтіріп талдау және сараптау жасап пайдалануға дайындау; аудит-басқарушылық шешім қабылдау. Осы көрсетілген басқару құрылымын іске асыру үшін мәлімет жинау барысы бухгалтерлік есеп, статистика, жоспарлау арқылы орындалады.
Басқарушылықтағы шаруашылық субъектісі мен басқару жүйесінің арасын мәлімет жүйесі құрайды. Басқаруға қажет мәлімет жүйесінде жан-жақты қарастырылып пайдалануға дайындалады. Ол үшін бухгалтерлік есеп мәлімет аудит жасау үшін оны алдымен тексеру қажет, одан кейін топтап, бір жүйеге келтіргеннен кейін оны тіркеу қажет. Яғни, мәліметті шаруашылық операцияларының мазмұнына сәйкес оған мағына беріп оның шаруашылықтағы қажеттілігін, кәсіпорынды басқару үшін нақты қажеттігін анықтау керек. Басқару процесінде, мәліметті тиімді пайдаланып, оптималды шешім қабылдау үшін мәліметті санау өлшемі мен сапалық өлшемі арасындағы байланыстың негізін анықтау қажет. Аудит барысында осы мәлімет құндылығы анықталып, басшылық процесінде қолдануға пайдаланады. Тағы осы мәліметтер негізінде кәсіпорын шаруашылығының дамуына болжам жасалады.
Нарықты экономика жағдайында болжам, бағдарлама жасау өте қажет. Кәсіпорынның даму бағдарламасы болмаса оның өндіріс, сату процесі дағдарысқа ұшырап нарықты қатынас қағидаларын сақтай алмай қалады. Сондықтан да шаруашылық субъектілері өздеріне бизнес-жоспар дасайды, онсыз шаруашылықты жүргізуге болмайды. Кәсіпорын үшін бизнес-жоспар ол бағдарлама, күнделікті шаруашылықты қалай жүргізу керек екенін, даму жолын, табыстылық деңгейін, өндіріс шығынын күнделікті қадағалап отыруға негіз болатын құжат.
өндірістік кәсіпорындардың бизнес-жоспары бірнеше бөлімнен тұрады: жоспар кіріспесі, өндіріс мақсаты-өндірілетін өнім тізбегі, сату жоспары. Негізгі көрсеткіштерге сүйене отырып бәсекелестікті болжау; маркетинг стратегиясы; өндіріс жоспары (өндіріс қуаттылығы, шикізат ресурсы); коммерциялық күдік (қамсыздандыру); қаржы жоспары (өнім сату, шығын және табыс есебі, табыстылықтың аналитикалық есебі). Бизнес-жоспардың, осы жоғарыда көрсетілген әр бөлімі аудит арқылы анықталады. Соған сәйкес аудиттің басқалай басқару функциялары іске асады. Мысалы:
өндірісті ұйымдастыру, оның әр түрлі варианттары қарастырылып, өте тиімді, басқару құрылымы қаланады.
Бақылау, басқарушылық шешімнің орындалуын тексеретін мәліметтер жиналады.
Қорыта келгенде, шаруашылықтағы субъектілерді басқаруда аудиттің атқаратын ролі өте жоғары. Олай дейтініміз, басқарушылыққа қолданылатын мәліметті аудит арқылы бір жүйеге келтіріп, талдап, анықтап, тексеру жасап дайындалған материал аудиттің барлық басқарушылық функциясында қолданылады.

1.3 Аудиттің әдістемелік тәсілдері

Ғылым саласында зерттеу, оның шындықты анықтау үшін ғылым тану жолын оның ғылыми әдістері деп атайды. Негізінде ғылым тану құралы ретінде қолданылады. әрбір ғылым саласының ерекшелігіне сәйкес оның әдістерінің де өзіндік айырмашылығы болады. Сонда да болса жалпы ғылыми даму ағымында теориялық тұрғыдан философиялық анықтама бойынша барлық ғылым саласына бірдей әмбебап әдіс-ол диалектикалық әдіс деп танылған. Диалектикалық әдістің негізі-табиғаттағы экономикадағы құбылыстың барлығы өзара байланысты деп зерттеп қарастыруында. Себебі, диалектикалық әдіс өмірдегі барлық құбылысты өзара объективтік заңдылықпен байланыста екенін негіге алуында. Сондықтан да диалектикалық әдіс қандай ғылым саласы болса да оның ғылыми методологиясының негізін қрайды. Аудит, экономика ғылым саласына қосылады, оның даму барысында қоғамға қажет жетістіктерін пайдалану үшін аудитке тән ғылыми әдістер тобы оның методологиясын анықтайды, олар өз кезегінде жалпы методология және жеке методология болып бөлінеді.
Аудиттің жеке әдістемесі диалектика қағидалары мен жалпы ғылыми теориялық зерттеу заңдылықтарынан құралады.
Аудиттің жеке методологиясы барлық ғылым саласына тән әдістер тобынан құралады; олар: талдау және топтау, индукация және дедукация, бақылау, салыстыру, өлшеу. Осы аталған әдістердің барлығы философияның гнесология теориясы бөлімінде толық, жан-жақты қарастырылған.
Анализ-ғылыми зерттеу әдісі, оның негізгі объектісі соның құрамына, бөлшегіне жекелеп мазмұн, мағынасын анықтап, өз кезегінде тұтасты құрайтын әр бөлшек жеке талдауға жататын құрамға айналады. Синтез (топтау, біріктіру, қорытындылау) ғылыми зерттеу әдісі оның негізгі зерттеу объектісімен құрамының арасындағы өзара байланысына талдау жасап мазмұн, мағынасына анықтау жасап қорытындылайды.
Аудит процесінде анализ және синтез аудит объектісіне осы әдістер арқылы талдау жүргізу үшін қажет. Осы әдістердің ерекшеліктеріне сәйкес талдау объектісінің жекелей және топтаулы түріне де талдау жасау оның мазмұн мағынасын анықтауға болады. Аудит барысында шаруашылық субъектілерінің қаржылық-табыстылық көрсеткіштерін талдау үшін дедукция-индукция әдісі қолданылады.
Дедукция (тұжырымдау, қорытындылау) - ақыл-ойға салып, жалпы көрсеткіштерді жеке көрсеткіштерге дәлел жасап логикалық тұжырымдау, қорытынды жасау. Яғни, осы әдіс қолданған жағдайда кәсіпорын шаруашылығының жалпы көрсеткіштеріне талдау жасайды, содан кейін әрбір бөлімдеріне талдау жасап сол мәліметтер арқылы топтап, қорытынды жасалынады. Индукция - ақыл-ойға салып жеке объектілерге талдау жасап, жалпы көрсеткіштерге анықтама беретін логикалық әдіс.
Аудит барысында дедукция әдісі шаруашылық субъектілерінің жалпы көрсеткіштерінің мағынасы мен мазмұнына талдау жасап оның жеке құрамдарына байланыстылығын анықтау. Индукция шаруашылық субъектілерінің шаруашылығының жеке көрсеткіштеріне талдау жасап оның жалпы көлемін көрсететін анықтамаларға байланыстылығын анықтап қорытынды жасайды.
Қорыта келгенде, аудит барысында индукция дедукция экономикалық талдау әдісі ретінде үлкен орын алады.
Аналогия (ұқсастық)-ғылыми зерттеудегі ұқсастық негізінде объектілерді анықтау. Аналогия әдісі зерттеу объектілерінің әр түрлі жағынан ұқсастығын қарастыру арқылы анықтама жасайды.
Жүйелі талдау-талдау объектілерін жүйеге келтіріп, оны құрайтын бөлімдерін топтау арқылы зерттеу әдісі. Аудит барысында жүйелі талдау әдісі талдау объектісінің бөлімдерін жеке-жеке бағалап, оларға әсер ететін факторларды талдау келтіреді. Яғни, жүйелі талдау әдісі факторлардың арасындағы жүйелі байланысты анықтайды.
Өндіріс өнімінің функциялық бағалануын талдау әдісі объектіні жүйеленген зерттеу әдісі мен талдаудың даму барысында өндіріс талабына сәйкес өндіріс процесінде барлық түрлі өндіріс шығындарының тиімділігін, шығындарды оптималды мөлшерде еептеу үшін қолданылады. Бұл әдіс өндірістік шаруашылық субъектілерінің ішкі аудиттік жұмысында қолданылады.
Сонымен, аудитте қолданылатын жалпы ғылыми зерттеу әдістерін қарастырдық.
Қорыта келгенде, аудиттің әдістері үш топқа бөлінеді:
1) аналитикалық анықтау, есептеу;
2) құжаттау;
3) қорытындылау.
Аналитикалық анықтау-есептеу әдісі-ол негізінде экономикалық талдау (топтау, саолыстыру т.б.), аналитикалық тексеру және статистикалық, экономика-математикалық әдістер. Осы орайда аудиттің көп тараған әдістемелік әдісі-ол, шаруашылық субъектілерінің қаржылық ақпаратының құрамының аналитикалық есебін тексеру. Мысалы, өндіріс шығынын, оны сатудан түскен төлем сомасымен салыстыру, онда анықталған өзгеру мөлшерінің нендей себептен болғанын, факторлардың әсерін есептеу.
Аналитикалық тексеру әдісі аудиттің барлық кезеңінде қолданылады. Жоспарлаудан бастап күнделікті тексеруде, қаржылық ақпаратын жасауда, онда кездескен өзгертулерді анықтауда және кәсіпорын шаруашылығының даму жолын бағдарлау барысында аналитикалық тексеру үздіксіз жүргізіліп отырады.
Әдістемелік құжаттау әдісі-өз кезегінде үш топқа бөлінеді:
1) мәліметтік модельдеу;
2) нормативтік құқылық жолын анықтау;
3) есеп құжаттарын зерттеп, тексеру. Мәліметтік модельдеу дегеніміз-аудит объектісінің мәлімет тасушыға бір жүйеге келтіріп тіркелген мәліметтерін айтамыз. (Ол алғашқы құжаттар, магнит барабандары, дискалары, перфокарта, магнит таспасы, есеп кестелері, ақпараттар).
Мәліметтік модельдеу мақсаты итексеру объектісінің нормативтік-құқылық, ақпараттық, бухгалтерлік мәліметтерін бір жүйеге келтіріп аудит жүргізуге ыңғайластыру. Мысалы, аудит жүргізу үшін өндіріс процесінің моделін алатын болсақ, онда шығыны жоспарланған өлшемде, нақты шығын өлшемінде, оның цехтар арасындағы құбылыс қозғалысы, оның бухгалтерлік құжаттарға тіркелуі, жауапкершіліктегі есебі тағы басқа көптеген мәліметтер бір жүйеге келтіріп, мәлімет моделін құрайды.
Нормативтік-құқықтық жолын анықтау әдісінде заң тұрғысынан ереже нұсқаудың, нормативтік құжаттар талабының ішкі ереже тәртібінің орындалуын анықтайды. Мысалы, түгелдеу тәртібінің заңды жүргізілуін бақылау үшін түгелдеу жүргізудің ереже-нұсқауының дұрыс қолданылуы бақылау қажет. Нақты мүлік түгелдеу, қаржы қорларын тексеру, ақша қаржысын тексеру ережелерінің дұрыс қолданылуы.
Есеп құжаттарын зерттеп, тексеру әдісінде сол құжаттарда көрсетілген шаруашылық әрекеттерінің операцияларының заңдылығы, қажеттілігі және экономикалық тиімділігі, шындықты көрсетуін анықтау қажет. Осы әдісті іске асыру үшін әр түрлі құжаттарды тексеру түрлері, нақыт бақылау әдісі, әр түрлі есептеу, инспекция өткізу т.б. қарастырулар қолданылады.
Осы орайда құжаттарды тексерудің бірнеше түрлерін, әдістерін қарастыруға болады: формальдық, арифметикалық заңдылық, логикалық тексеру. Немесе жаппай қарама-қарсы екі жазу жолымен, шоттарға тіркелу жолымен, есепті қалпына келтіру әдісімен тағы басқалай қарастырулармен.
Формалдық әдісте құжаттың барлық реквизиттерінің дұрыс толтырылғандығы, түзетудің болмауы, арифметикалық есебі, жауапкершілліктьегі жұмысшылардың қол қоюы қарастырылады.
Арифметикалық тексеруде санау, көбейту процестерінің мақсат сондағы тіркелген анықталады. Құжаттың заңдылығын тексерудегі мақсат сондағы тіркелген операциялардың заңдылығын және экономикалық тиімділігін анықтау.
Қарама-қарсы тексеру әдісі бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеруде өте жиі қолданылады. Себебі, бір құжат бухгалтерлік есепте екі қайтара кездеседі. Мысалы, кәсіпорынға жабдықтаушыдан матеиал келіп түссе, материалдың құжатының бір данасы қоймашының есебінде болса, екіншісі банк көшірмесінің тіркеуінде болады. Соларды салыстыру арқылы қарама-қарсы тексеру жүргізіледі, немесе дүкенші тауар сатудан түскен ақшаны кассаға өткізеді. Яғни, касса ордерінің түбірі касса есебінде болады да оның түбіртегі дүкеншінің есебіне тіркеледі. Олардың арасындағы құжат көрсеткішінің дұрыстығы қарама-қарсы тексеру әдісін қолдану арқылы анықталады. Осы қарама-қарсы тексеру әдісін қолдану арқылы ұрлық немесе әдейі қиянат жасаушылық қылмыстары анықталады.
Есепті қалпына келтіру әдісі-ол негізінде аудит процесінде бухгалтерлік есепте жіберілген қатені түзету. Қате түзету процесінің бірнеше түрі бар:
Корректура әдісі, ол бухгалтерлік тіркеу кезінде жіберілген қателерді сол есеп кестелерінде түзетіп ол туралы белгі жасау. Мысалы, тексеруші қатені түзеткен есеп кестесіне қалай түзетілді, оны түзеткен адам өз атын жазып қол қоюы керек (күнін, жылын көрсетіп).
Бухгалтерлік есептегі қатені қосымша екі жақты жасау арқылы түзету. Бұл әдіс қате қай кезде анықталса сол уақытта қолданыла беретін әдіс. Мысалы, дүкенші жабдықтаушыдан құжат бойынша тауар қабылдап алған. Тауар сомасы 10000 теңге, ал дүкенші өзінің есебіне 1000 теңге деп, тіркелген бухгалтер өзінің корреспонденциясында 1000 теңге көрсеткен. Кейін тексеру барысында қате анықталғаннан кейін қосымша екі жақты жазу 9000 теңгеге жасалады.
Үшінші қате түзету әдісі-қызыл жазу. Бұл әдіс бойынша, бұрын екі жақты жазуда жіберілген қате сол күйінде қайталанылады да тек қана екі жақты жазу сомасында қызыл сиямен жазылады. Бухгалтерлік есептің қалыптасқан тәртібі бойынша есеп шоттарына екі жақты жазу бойынша тіркелген тәртібі айналым санын санағанда шығарылып тасталады. Яғни, қате жазу бойынша қарамен жазылған сан, қызыл жазумен жазылған сан шығарылғаннан бұрын жіберілген қате түзетіледі.
Нақты бақылау бухгалтерлік есепте және аудит барысында ерекше орын алатын бақылау-тексеру әдісі. Оның негізгі мақсаты кәсіпорын мүлкінің нақты есебін алып түгелдеу. Бухгалтерлік есептің күдіксіз дұрыс екенін, аналитикалық және синтетикалық есеп көрсеткіштерінің дұрыс екенін тек қана нақты тексеру арқылы сенімді түрде анықтауға болады. Ол өз кезегінде шаруашылық субъектілерінің қорытынды ақпарат көрсеткіштерін нақты тексеруге негіз болады. Нақты тексеру методологиясы сенімді, күдіксіз әдіс, сол осы арқылы ғана бар шындықты анықтауға болады. өз кезегінде нақты тексеру үш түрге бөлінеді: түгелдеу, сараптап анықтау, бақылау арқылы анықтау.
Түгендеу. Бухгалтерлік есепте және аудитте түгелдеу әдісі ол,кәсіпорын мүлкінің, негізгі құралдың, тауардың, материалдың, ақша қаржысының, құнды қағазының есеп айырысу әрекеттерінің нақты бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есеп және аудит
Аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі
Аудиттің мәні
Сыртқы аудитті ұйымдастыру
Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы
Табыстармен шығыстардың аудиті
Қаржылық есеп беру аудиті
Аудиттің әдістері
Ішкі және сыртқы аудит
АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер