Қазақ мәдениетінің көркем шығармашылық типологиясы



Өнер ұғымы мәдениеттануда сөздің тар және кең мағынасында қолданылады.Терминнің тар мағынасында “ өнер ” деп көркем шығармашылық процесін және оның әртүрлі бітімдерін айтады. Оның қазақ мәдениетіндегі алғашқы жүйелерін көрсеткен – Жүсіпбек Аймауытов: “ Атам заманда табылған өнер, білімнің бәрі сөз арқылы бұл күнге, жетіп піскен астай даяр болып, жемісін бүкіл адам баласы пайдаланып отыр ”. Оқымыстылар өнерді беске бөледі:
• 1. Сөз ( словесность )
• 2. Суретшілік ( живопись )
• 3. Мүсіншілік ( скульптура ). Балшық, тас, мрамор әм басқа нәрселерден адамның, басқа хайуандардың пішінін жасау.
• 4. Үй ішілік ( архитектура, үй, сарай, көпір салу сияқты өнер ).
• 5. Ән-күй ( музыка ), т.б.
Бес түрлі өнердің ең артығы – сөз. Сөздің артықшылығы- өзге төртеуін сөзбен суреттеп айтуға болады. Басқа өнерлер қанша кәмелетке жетсе де, сөзді суреттей алмайды. Қазақтың “ өнер алды – қызыл тіл ” дегені терең ақыл – тәжірибемен айтылған сөз. Қазақ мәдениетінің көркем өнерін зерттеу дәстүрі осы жолмен ары қарай дамығанын ғылыми әдебиеттен байқаймыз.
Алайда, “өнер ұғымын” кең мағынада кез келген адамның шығармашылық әрекетінің баламасмы ретінде қолдануға болады. Бұл мағына “ шеберлік ”, “ жасампаздық ”, “ іскерлік ” және жалпы мәдениеттілік ұғымдарымен сабақтас. Осы сипатта өнер адамның басқа тірі жандардан түбегейлі айырмашылығын білдіретін қасиетке жатады. Өнерлі адам деп тұлғалық қасиеттерді бойына толыққанды және үйлесімді жинақтаған кісіні айтады. Тек кейін еңбектің қоғамдық бөлінуінің нәтижесінде сөздің тар мағынасындағы кәсіпқой “ өнер қайраткерлері ” пайда болды.
Әрине “ өнер алды - қызыл тіл ” деген мақалмен келісуге болады. Сонда да көркем шығармашылықтың бастауы сөз емес деген пікір қазіргі мәдениеттануда ұсынылып отыр. Шынында да, адамзат дыбыстары ажыратылған сөйлеу қабілетіне ие болғанға дейін де жаза білген. Көне адамның тасқа салған суреттері (петроглифтер) шығармашылықтың алғашқы үлгілері болып табылады. Қазіргі кезде осыдан 4-5 миллион жылдар бұрын салынған петроглифтер табылып отыр. Әлі сөйлей білмейтін бір жастағы бөбек те қабырғаны сызғылауды ұнатады. Кейін тілді меңгергеннен кейін де ол суретшілік қабілетін ұмытпайды.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ мәдениетінің көркем шығармашылық типологиясы.

Өнер ұғымы мәдениеттануда сөздің тар және кең мағынасында
қолданылады.Терминнің тар мағынасында “ өнер ” деп көркем шығармашылық
процесін және оның әртүрлі бітімдерін айтады. Оның қазақ мәдениетіндегі
алғашқы жүйелерін көрсеткен – Жүсіпбек Аймауытов: “ Атам заманда табылған
өнер, білімнің бәрі сөз арқылы бұл күнге, жетіп піскен астай даяр болып,
жемісін бүкіл адам баласы пайдаланып отыр ”. Оқымыстылар өнерді беске
бөледі:
( 1. Сөз ( словесность )
( 2. Суретшілік ( живопись )
( 3. Мүсіншілік ( скульптура ). Балшық, тас, мрамор әм басқа нәрселерден
адамның, басқа хайуандардың пішінін жасау.
( 4. Үй ішілік ( архитектура, үй, сарай, көпір салу сияқты өнер ).
( 5. Ән-күй ( музыка ), т.б.
Бес түрлі өнердің ең артығы – сөз. Сөздің артықшылығы- өзге төртеуін
сөзбен суреттеп айтуға болады. Басқа өнерлер қанша кәмелетке жетсе де,
сөзді суреттей алмайды. Қазақтың “ өнер алды – қызыл тіл ” дегені терең
ақыл – тәжірибемен айтылған сөз. Қазақ мәдениетінің көркем өнерін зерттеу
дәстүрі осы жолмен ары қарай дамығанын ғылыми әдебиеттен байқаймыз.
Алайда, “өнер ұғымын” кең мағынада кез келген адамның шығармашылық
әрекетінің баламасмы ретінде қолдануға болады. Бұл мағына “ шеберлік ”, “
жасампаздық ”, “ іскерлік ” және жалпы мәдениеттілік ұғымдарымен сабақтас.
Осы сипатта өнер адамның басқа тірі жандардан түбегейлі айырмашылығын
білдіретін қасиетке жатады. Өнерлі адам деп тұлғалық қасиеттерді бойына
толыққанды және үйлесімді жинақтаған кісіні айтады. Тек кейін еңбектің
қоғамдық бөлінуінің нәтижесінде сөздің тар мағынасындағы кәсіпқой “ өнер
қайраткерлері ” пайда болды.
Әрине “ өнер алды - қызыл тіл ” деген мақалмен келісуге болады. Сонда да
көркем шығармашылықтың бастауы сөз емес деген пікір қазіргі мәдениеттануда
ұсынылып отыр. Шынында да, адамзат дыбыстары ажыратылған сөйлеу қабілетіне
ие болғанға дейін де жаза білген. Көне адамның тасқа салған суреттері
(петроглифтер) шығармашылықтың алғашқы үлгілері болып табылады. Қазіргі
кезде осыдан 4-5 миллион жылдар бұрын салынған петроглифтер табылып отыр.
Әлі сөйлей білмейтін бір жастағы бөбек те қабырғаны сызғылауды ұнатады.
Кейін тілді меңгергеннен кейін де ол суретшілік қабілетін ұмытпайды.
Егер қазақ мәдениетінің терең қойнауларына көз жіберсек, таңбалар
айғақтарының мол екеніне көзіміз жетеді. Э.Кассирердің адам таңбалық (
символикалық ) жануар деген анықтамасының жаны бар. Өйткені, оның мәдениет
әлемі – таңбалар дүниесі.
Қазақтың арғы ата – текткрінің бірі – сақ мәдениетінің негізгі арқауы “
аң стилі ” екендігі ғылымда дәлелденген қағида ... Оның пайда болу
себептері ғасырлар тарихының құпиясы, алайда олардың тотем-магиялық
бастаулардан шығатыны анық..Бұл стиль тек әшекейлі заттармен шектеліп
қалмай, негізінен әр адамның әлеуметтік орнының рәмізі түрінде қоғамдық
иерархиялық сатыға тығыз байланысты болды. Сондықтан басқа мәдени ортада
олар түсінік таппай, өздерінің таңбалық және мағыналық ақпарат белгілерінен
айырылып қалып отыр. Мысалы, Есік қорғанынан табылған “ алтын адамға ”
байланысты ескерткіштерде хайуанаттық және өсімдіктік бейнелер қабаттаса
жүреді.Жалпы алғанда сақ өнеріндегі “ аң” стиліне тіршілікті динамикалық
түрде бейнелеу тән.Арыстан секірейін деп тұр,бұрғының қозғалысынан серпіліс
сезіледі,ат шабысы әлемдік гармонияға ұқсас.Зооморфтық (адамды және құдайды
аң кейпінде суреттеу)скиф сақ өнері табиғат пен мәдениетінің етене
байланысының куәсі.Сақтардың “аң” стилі кейін қазақ мәдениетінде өзінің
өшпес ізін қалдырды. Ислам діні тірі жанды бейнелеуге тиым салған соң,
қазақтағы атақты “тұйық оюы” деп аталатын белгі-айғақ осы стилмен үндес
болды.Дәстүрлі ұғымымызда тұйық оюы бақыттың,достықтың,мәңгіліктің,
шексіздіктің айғағы.Сондықтанда тұйық ою ел қорғаған батырлардың иығы мен
қалқанына,аузы дуалы билердің жауырын тұсына салынатын болған.Қазақ
шеберлері тұйық ойын “Тас бақа” деп атайды.
К.Леви-Стросстың пікірінше,сақ-скиф өнері табиғат пен мәдениетті бөліп
қарамайды.Ал классикалық Эллада, Оңтүстік Америка мен Австралияның байырғы
тұрғындарының дүниетанымы дәл осы табиғат пен мәдениетті екі бөлек алып
қарауға негізделген.Демек, “аң стилі” эстетикасын айқындаудағы түбірлі
фактор – олардың мәднеи-типологиялық әмбебаптың қайсібір әлемдік сипат
алған заңдылықтарынан да бас тартуында жатыр.
Осы шеберлік өнерінің типтері ортағасырларда Қазақстан жеріндегі қалалық
мәдениеттің сәулет, кескіндеме,суретшілік өнеріне арқау
болған.Қ.Байпақовтың зөерттеулері бойынша, Қазақстан жеріндегі ортағасырлық
қалаларда қолөнер жоғары деңгейде болған.Сәулет өнерінің Қазақстан жерінде
жоғары эстетикалық талаптарға сәйкес келетіндігі жөнінде Ғұзыхан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет морфологиясы туралы
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Рахманқұл Бердібай - фольклор зерттеуші
Қазақ мәдениетінің бастаулары жайлы
Технология мен мәдениеттің байланысы
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері. Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы
Жазбаша тілге баулу икемділіктері мен дағдыны дамытудың теориялық негіздері
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ
Пәндер