Эндоплазмалық тор


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Эндоплазмалық тор

Эндоплазмалық торды 1945 жылы К. Портер электронды микроскоптың көмегімен тауық балапандарының фибробластарынан тапты. Фирбобластарды бояп және бекітіп барып, жарық микорскопымен қарағанда бояуды жақсы қабылдайтыны анықталды . Ал, эндоплазма аумағының қуыстары мен түтіктерден тұратынын және олар бір -бірімен байланысып барып, күрделі тор түзетіні анықталды . 1950 жылдары өте жұқа кесіндіні жасау әдісі жетілгеннен кейін эндоплазманың құрылысы толық анықталды . 1953 жылы К Порте р оған эндоплазмалық тор деген ат берді . Эндоплазмалық тор негізінде барлық эукариоттарда жақсы жетілген . Бұлшықет жасушаларындағы эндоплазмалық торды саркоплазмалық тор деп атайды .

Эндоплазмалық тор - оргоноид цитоплазманың ішінде бір -бірімен тығыз байланысқан түтіктердің, көпіршіктердің қапщықтардың жиынтығынан тұратын күрделі жарғақшалар жүйесі. Эндоплазмалық тор екі түрге бөлінеді: 1 . түйіршікті немесе гранулалық эндоплазмалық тор . 2. тегіс немесе агранулалық эндоплазмалық тор.

Әрбір жасушада эндоплазмалық тордың екі түрі бірдей кездеседі .

Түйіршікті немесе грануларлы эндоплазмалық тор - ұзынша келген түтіктер мен қуыстардан тұрады . Қуыстардың ені -20 нм, кейінде олардың диаметрі бірнеше мкм дейін барады . Бұл құбылыс эндоплазмалық тордың қызметіне сәйкес өзгеріп отырады .

Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша эндоплазмалық тордың шұрықтары ядроның жарғақшаларымен тікелей байланысқан. Сондықтн ядроның қабықшасы эндоплазмалық тордың бір бөлігі болып саналады .

Түйіршікті эндоплазмалық тор жарғақшасының гиалоплазмаға қарағанда бетінде тығыз түйіршіктер орналасды, оның екіншісінен айырмашылығы да осында . Бұл түйіршіктерді зерттегенде оның тұратыны анықталды. Сондықтан бұл тордың жарғақшасы протеолиттік ферменттер мен қуыз синтезделу әрекетіне қатысады . Түйіршікті эндоплазмалық тор ақуыз синтездейтін жасушаларда жақсы жетілген, себебі рибосомлар ақуыз синтездеу процесіне қатысады . Рибосомада синтезделген ақуыз малекулалары эндоплазмалық тордың қуысына түсіп, ол арқылы ақуыз малекуласын жасушаның қажетті жеріне тасиды . Негізгі бездік және эмбриондық жасушаларда кездеседі . Жетілген эритроциттерде, көк жасыл балдырларда эндоплазмалық тор болмайды . Эндоплазмалық тордың құрылысы мен даму ерекшеліктері жасушаның түріне байланысты .

Мысалы, эндоплазмалық тор секрет бөлеті, әсіресе, ақуыз синтездейтін жасушаларда жақсы дамиды . Түйіршікті эндоплазмалық тор кейбір жасушаларда шашыраңқы мембрана түрінде, ал кейбіреулерінде шоғырлар түзіп кездеседі . Мысалы, бауыр жасушаларында эндоплазмалық тордың шоғырланған аймағы Берг и денешігі, ал нерв жасушаларындағы эндоплазмалық тордың шоғырланған аймағын Ниссель енешіктері деп атайды. Электронды микроскоп арқылы осы аймақтың эндоплазмалық тор түйіршіктері мен түтіктерден тұратыны анықталды .

Эндоплазмалық тордың қабырғасы плазмалық және басқа жасушалық мембраналар сияқты липопротейттік мембранадан тұрады. Бірақта эндоплазмалық тордың мембранасы жұқа, тегіс және өзгергіштігі түрліше болады, бір қабаттағы фосфолипиттердің құрылысы өзгеше, ал олармен байланысты холестерин жоқ және ақуыздар да өзгеше

Биохимииялық әдістерді қолдна отырып, эндоплазмалық тордың негізгі компоненттерін жсушадан бөліп алуға болады. Ол үшін жасушаны дифференциялды центрифуг арқылы фракцияға бөледі . Одан алынған жасуша гамогенатты басынан ядро макрасома және микросома фракциялары алынады. Осф микросома фракциясында ақуыз биосинтезі жүретіні толық анықталды, себебі миросома фракциясында эндоплазмалық тордың көпіршііктері және рибосомалары орналасқан, ал егер сол фракциядағы эндоплазмалық тордың фракциясын ерітсе, онда таза рибосомалар бөлінеді .

Эндоплазмалық тор (ЭПТ) немесе эндоплазмалық ретикулум (ЭР) көптеген қатпарлары түзіп жататын мембранамен қапталған біріңғай үзілмейтін компартмент . Сондықтан электронды-микроскопия суреттерінде ЭР көптеген түтіктер, жалпақ немесе дөңгелек цистерналар, мембраналық көпіршіктер секілденіп көрінеді.

ЭР мембраналарында клетканың тіршілігіне қажетті әртүрлі заттардың алғашқы синтездері жүреді. Ол заттардың алғашқы синтезі деп атауымыз шартты, өйткені эндоплазмалық ретикулумнан синезделіп шыққан заттардың молекулалары әрі қарай клетканың басқа компартменттерінде химиялық өзгерістерге ұшырайды.

Көптеген заттар ЭПТ-дың мембраналарының сыртқы бетінде синтезделеді. Одан кейін бұл заттар мембрана арқылы компартменттің ішіне тасымалданады. Компартменттің ішінде бұл заттар одан әрі қарай биохимиялық реакцияларға түсу үшін басқа жерлерге, көбінесе Гольджи аппаратына жеткізіледі. Эндоплазмалық тордың түтікшелерінің ұштарында синтезделген заттар ең алдымен жиналып, содан кейін тасымалдау көпіршіктері ретінде бөлінеді.

Әрбір көпіршік мембранамен қоршалған, олар гиалоплазмамен қажетті жеріне жылжиды. Олардың тасымалдануларына микротүтікшелер қатысады.

Эндоплазмалық торда синтезделетін заттардың ішінде клетканың мембраналарын жинақтауға қажетті заттарды атауға болады (бұл заттардың соңғы жинақтаулары Гольджи аппаратында жүреді) .

Эндоплазмалық ретикулумның түйіршікті (гранулярлы) және түйіршіксіз (агранулярлы) түрі бар. Олар сыртқы көрінісі және атқаратын қызметіне қарай бір-бірінен өзгеше болғанымен бір құрылым.

Түйіршікті эндоплазмалық ретикулум мембранасының гиалоплазмаға қараған бетіне рибосомалар бекінген, ал агранулярлы ретикулумның мембранасында рибосомалар болмайды.

Түйіршікті ретикулум клеткада аса маңызды қызмет атқарады. Бекінген рибосомалардың көмегімен ол цистерналарының қуысында немесе вакуольдерде ақуыз қорын және арнайы ферменттерді синтездейді. Ретикулум түтікшелері арқылы макромолекулалар мен иондар жасуша ішінде және жасушааралықтарында тасымалданады. Түйіршікті ретикулум клетка мембраналарының пайда болып, органеллалардың бір-бірімен қарым-қатынасын жүзеге асырады. Сол сияқты клетканың вакуоль, лизосома, диктиосома сияқты компоненттерін жасауға қатынасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эндоплазмалық тордың түрі
МИТОХОНДРИЯ
Жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының морфологиясы
Органелллалар
Клеткалардың формасы және көлемі
Цитология және гистология
Паренхималық клетка
Плазмалық мембрана
Цитология лекция тест және бақылау сұрақтары глоссарий оқу құралы
Клетканың жеке бөліктерінің құрылысы мен атқаратын қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz