Ғасырлар шерткен сыр



Әр жақты зерттеулерге, әсіресе табылған археологиялық қалдықтарға адамзат Шар, Қалба бойын ертеден-ақ мекен еткені анықталды.
Қазба деректері негізінен үш дәуірлерін қамтиды. Ғалымдардын айтуынша, Қалба өңірінде адам баласы бұдан 40мың жыл бұрын өмір сүріпті. Ертедегі палеолит адамдары тау үңгірлерін, өзендердің жар-кемелерін паналаған.Жан-жануарлар табиғат жағдайына, суық ауа райына бейімделіп отырды.Әлділері өмір сүріп, әлсіздері құрып кетіп табиғат күшінің екшеуіне түсті.Мамонттар табиғат қыспағына шыдамай,мүлде қырылған.
Қола дәуірі біздің заманымызға дейінгі 17-13ғасырлар арасында болғаны белгілі. Оны ғылымда Андроновск дәуірі деп атайды. Өйткені, бұл дәуірдің қалдықтары Красноярск өлкесіндегі Андроновский селосының маңынан табылғанды. Қола заманның археологиялық қалдықтары Алтайдан табылып, зерттелді және бұлар бұл өңірде көп ұшырасады.
Қола дәуірде Шығыс Қазақстан ежелгі металлургия орталықтарының бірі болды. Бұл жерде кен қазу құралдары, кетпен кен уатқыш, қайла, қышадан жасалған бұымдар, кварцтан жасалған тас құралдары, опыруға арналған қопарғыш және балғалар табылды. Сонымен қатар кен қазғанда марал мен арқар мүйізі, ірі жануарлардың жауырын сүйегі қолданылған.
Өте ерте кездерде Қалба мен Нарым жоталарындағы кен орындарынан ғалымдардың есептеуі бойынша адамдар 1100 тонна қалайы қазып алған.
Жалпы бұл өңірдің кен байлығы ерте заманнан адам баласына белгілі боп, Азиға екінші жағы Батыс Европаға жеткізіліп тұрған. Нақтылай айтқанда, қола дәуірінде осы аймақта қорытылған қола, мырыш, қорғасын, алтын, күміс алыстағы елдерге дейін адамдар әдейілеп келіп, Алтай Қалба кенінсатып алып, өз еліне апарады.Демек, сол кездің өзінде өлкеде айырбас саудасы жүргізіліп, жер-жерлермен тығыз байланыстың орнай бастаған кезі.
Бұл дәуірдің екінші бір кезеңі – Қарасуық . Ғалым, археолог, тарихшы М.П. Грязнов бұл өңірде тұңғыш рет қазба жұмыстарын жүргізген ғылыми жағына құнды мәдениет мұраларын тапқан еді. Шығыс аймақтың археологиялық қалдықтарын ұзақ уақыт зерттеген бұрынғы Одақтық Ғылым академиясының археология институтының ғылыми қызметкері С.С. Черников Қарасуық кезеңінің қалдықтарын тау жоталарынан, Қызылсу өзенінің бойларынан да кездестірді. Бұл жерден табылған заттар Андроновск дәуірінде өмір сүрген «Чуд» тайпалары қол өнермен айналысқанын дәлелдеп отыр. Қарасуық кезеңінде Чудтер кен қазып, оларды іске жаратып, түрлі бұйымдар жасаған.
Табылған археологиялық заттар сол кездегі адамдардың қола дәуірінде үшкірленген найза, садақтар айбалталарды қару еткендігіне көз жеткізеді. Олар тасқа, өздері тұрған үңгірлердің қабырғаларына өрнек суреттер салып,құнды ескерткіштер қалдырды.
Қызылсу өзенінің саласы Күйелінің оң жақ жағасында мұжылып қираған биік қара жартастың үстіңгі жақ бетінде үлкендігі кісінің алақанындай, қос мүйізі жаясына дейін жетіп қайырылған беті күннің шығысына қарап, түрегеліп тұрған бұғының суреті бар.Бұғының ұзын мүйізі, басы , аяғы, өн бойы, құйрығын шашағына дейін әдемі келтірген. Оның астыңғы жағында беті шығысқа қарай бірінін артынан бірі өріп бара жатқан бір топ арқардың және екі ноқталы аттың тізгінін ұстап тұрған бір кісінің суреті және бар. Осымен қатар жақсы қашалып салынған, беті батысқа қараған үлкен кесірткенің суреті бар. Жартастың астыңғы жағы қуыс, шығыс жағы жайдақ келген. Осы жартасты жергіліктіел Мөртас деп атайды. Содан бертін келе колхоздың , одан «Шалабай» мал заводының бөлімшесінің орталығы, қазір елді мекенің атына айналған. Көне тарихты зерттеушілердің ғылыми тұжырымдарына сүйенсек , тас бетінде сақталған бұғы бейнелерінің көпшілігі б.э.д.4-5 ғ.ғ. жатады. Сібір мен Қазақстанды мекендеген ежелгі тайпалар бұғы, арқар сияқты аңдарды арғы ата-бабамыз деп есептеген, шамандық дәстүрде бұғы мен арқар киелі аңдар болып саналады. Арқар таудың рухы болса, бұғы жер немесе күн бейнесі деп танылған.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Ғасырлар шерткен сыр.
Әр жақты зерттеулерге, әсіресе табылған археологиялық қалдықтарға адамзат
Шар, Қалба бойын ертеден-ақ мекен еткені анықталды.
Қазба деректері негізінен үш дәуірлерін қамтиды. Ғалымдардын айтуынша,
Қалба өңірінде адам баласы бұдан 40мың жыл бұрын өмір сүріпті. Ертедегі
палеолит адамдары тау үңгірлерін, өзендердің жар-кемелерін паналаған.Жан-
жануарлар табиғат жағдайына, суық ауа райына бейімделіп отырды.Әлділері
өмір сүріп, әлсіздері құрып кетіп табиғат күшінің екшеуіне түсті.Мамонттар
табиғат қыспағына шыдамай,мүлде қырылған.
Қола дәуірі біздің заманымызға дейінгі 17-13ғасырлар арасында
болғаны белгілі. Оны ғылымда Андроновск дәуірі деп атайды. Өйткені, бұл
дәуірдің қалдықтары Красноярск өлкесіндегі Андроновский селосының маңынан
табылғанды. Қола заманның археологиялық қалдықтары Алтайдан табылып,
зерттелді және бұлар бұл өңірде көп ұшырасады.
Қола дәуірде Шығыс Қазақстан ежелгі металлургия орталықтарының
бірі болды. Бұл жерде кен қазу құралдары, кетпен кен уатқыш, қайла, қышадан
жасалған бұымдар, кварцтан жасалған тас құралдары, опыруға арналған
қопарғыш және балғалар табылды. Сонымен қатар кен қазғанда марал мен арқар
мүйізі, ірі жануарлардың жауырын сүйегі қолданылған.
Өте ерте кездерде Қалба мен Нарым жоталарындағы кен орындарынан
ғалымдардың есептеуі бойынша адамдар 1100 тонна қалайы қазып алған.
Жалпы бұл өңірдің кен байлығы ерте заманнан адам баласына белгілі
боп, Азиға екінші жағы Батыс Европаға жеткізіліп тұрған. Нақтылай айтқанда,
қола дәуірінде осы аймақта қорытылған қола, мырыш, қорғасын, алтын, күміс
алыстағы елдерге дейін адамдар әдейілеп келіп, Алтай Қалба кенінсатып алып,
өз еліне апарады.Демек, сол кездің өзінде өлкеде айырбас саудасы
жүргізіліп, жер-жерлермен тығыз байланыстың орнай бастаған кезі.
Бұл дәуірдің екінші бір кезеңі – Қарасуық . Ғалым, археолог,
тарихшы М.П. Грязнов бұл өңірде тұңғыш рет қазба жұмыстарын жүргізген
ғылыми жағына құнды мәдениет мұраларын тапқан еді. Шығыс аймақтың
археологиялық қалдықтарын ұзақ уақыт зерттеген бұрынғы Одақтық Ғылым
академиясының археология институтының ғылыми қызметкері С.С. Черников
Қарасуық кезеңінің қалдықтарын тау жоталарынан, Қызылсу өзенінің бойларынан
да кездестірді. Бұл жерден табылған заттар Андроновск дәуірінде өмір сүрген
Чуд тайпалары қол өнермен айналысқанын дәлелдеп отыр. Қарасуық кезеңінде
Чудтер кен қазып, оларды іске жаратып, түрлі бұйымдар жасаған.
Табылған археологиялық заттар сол кездегі адамдардың қола
дәуірінде үшкірленген найза, садақтар айбалталарды қару еткендігіне көз
жеткізеді. Олар тасқа, өздері тұрған үңгірлердің қабырғаларына өрнек
суреттер салып,құнды ескерткіштер қалдырды.
Қызылсу өзенінің саласы Күйелінің оң жақ жағасында мұжылып
қираған биік қара жартастың үстіңгі жақ бетінде үлкендігі кісінің
алақанындай, қос мүйізі жаясына дейін жетіп қайырылған беті күннің шығысына
қарап, түрегеліп тұрған бұғының суреті бар.Бұғының ұзын мүйізі, басы ,
аяғы, өн бойы, құйрығын шашағына дейін әдемі келтірген. Оның астыңғы
жағында беті шығысқа қарай бірінін артынан бірі өріп бара жатқан бір топ
арқардың және екі ноқталы аттың тізгінін ұстап тұрған бір кісінің суреті
және бар. Осымен қатар жақсы қашалып салынған, беті батысқа қараған үлкен
кесірткенің суреті бар. Жартастың астыңғы жағы қуыс, шығыс жағы жайдақ
келген. Осы жартасты жергіліктіел Мөртас деп атайды. Содан бертін келе
колхоздың , одан Шалабай мал заводының бөлімшесінің орталығы, қазір елді
мекенің атына айналған. Көне тарихты зерттеушілердің ғылыми тұжырымдарына
сүйенсек , тас бетінде сақталған бұғы бейнелерінің көпшілігі б.э.д.4-5 ғ.ғ.
жатады. Сібір мен Қазақстанды мекендеген ежелгі тайпалар бұғы, арқар сияқты
аңдарды арғы ата-бабамыз деп есептеген, шамандық дәстүрде бұғы мен арқар
киелі аңдар болып саналады. Арқар таудың рухы болса, бұғы жер немесе күн
бейнесі деп танылған.
Қызылағаш әкімшілігі жеріндегі Сабындыкөл жағалауынан қола дәуірінде
жататын адамдардың қабыры табылып отыр.Жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шашубай Қошқарбайұлы
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Жырау және тарих
Өзін-өзі тану пәніндегі бағалау ерекшеліктері
“ӘЗ ТӘУКЕГЕ ҚЫЗМЕТ ҚЫП, ЖАЗДЫМ “ЖЕТІ ЖАРҒЫНЫ”
Қазақ халқының күй өнері
Өзін-өзі тану пәні туралы мағұлмат
Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр
Қазақ прозасындағы қазақтың сал - серілері жайында жазылған шығармаларға тоқталу
Ұлы жүз Суан тайпасының шежіресі
Пәндер