Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны және сыныптамасы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 МЕМЛЕКЕТ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ СЫНЫПТАМАСЫ

1. 1. Мемлекет шығыстарының мәні және құрамы

1. 2. Экономиканы дамыту шығындары

1. 3 Мемлекеттік шығыстарды қаржыландыру

2 ШЫҒЫСТАР ЕСЕБІ

2. 1 Үстемелі шығыстар есебі

2. 2 Тікелей шығыстар есебі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының кажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т. б. функцияларымен тікелей байланысты. Мемлекет шығыстарының жекс түрлері экономикалық маңызы мен мазмүны жағынан бірыңғай (бір текті) емес.

Шығындарды қаржыландырудың көздсріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.

Нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесіне орай әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттік, мемлекеттік емес құрылымдардың (жекешені қоса), қоғамдық бірлестіктердің көп жақты жауаптылығының негізінде құрылады.

Алайда халықты әлеуметтік қорғаудың сферасына "әлеуметтік қамсыздандыру" мен "әлеуметгік сақтандыру" терминдері сипатты болғанымен бұлар бара-бар үғымдар емес. Әлеуметтік қамсыздандыруды халықты әлеуметтік қорғау процссі деп, ал ә леуметтік сақтандыруды - осы процесті жүзеге асыру нысандарының бірі деп түсінген жөн. Қоғамдық жұмыстарды орталық және атқарушы органдар ұйымдастырады, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттарынан және олардын, өтінімдері бойынша жүмыс берушілердің қаражаттарынан қаржыландырылады.

Сонымен бірге еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан және жүмысынан айырылу жағдайлары кезінде пайда болған әлеуметтік қауіп-қатерлердің нәтижесінде шығындалған (жоғалған) табысының бір бөлігін өтеу жолымен әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасауға және әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін төлемақыларды алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңның қажеттігі туып отыр

Бұл жұмыста мемлект шығыстарының ұғымы және оның міндеттері жазылған. Сондай-ақ олардың түрлері мен қаржыландыру көздері қарастырылған.

1 МЕМЛЕКЕТ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ СЫНЫПТАМАСЫ

1. 1. Мемлскет шығыстарыныц мәні және құрамы

Мемлекеттің шығыстары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

"Шығыстар" үғымының қос мағынасы бар:

1. Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.

2. Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпымемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде; ақша шығыстары барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып табылады.

Бұл екі аспект "шығыстар" ұғымының оның "шығындар" ұғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер "шығыстар" түпкілікті рәсуаны, тұтынуды ("табыстарға" қарама-қарсы) қажет ететін болса, "шығындар" "есепке жатқызылатын" алдымен, келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.

Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады.

Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.

Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:

1) өндірістік, шаруашылық-пайдалану қызметімен байланысты шығындар;

2) ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;

3) бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;

4) көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.

Шығындардың бірінші тобы қорлардың (капиталдардың) толық айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады ("шығындар" терминінің мағынасын қараңыз) . Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың екінші және ү шінші топтарын қамтиды.

Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекетгік меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік процестердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығыстарының жйесі арқылы қоғамдық қажеттіліқтердің едәуір бөлігін қанағаттандырады. Реформалау кезеңінде республика экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл үлес 30-40% шегінде қалады, мұның өзі дамыған нарықтық қатынастарға сай келеді. Сондықтан "мемлекеттің шығыстары" категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды.

Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызмет көрсетулеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.

Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен жүргізіледі. Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады. Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.

Мемлекеттің шығыстарын ұйъшдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржылаңдыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру қағидаттарының бірі жоспарлылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеуметтік тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндірістік және өңдірістік емес сфералар, салалар, экономикалық аудандар арасында бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі баланстық әдіс болып табылады.

1. 2 Экономиканы дамыту шығындары

Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар - бұл өндіріс көлемінің тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар, негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.

Экономикаға жұмсалатын шығыстарда басты орынды ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі капиталдарын ұдайы жаңғыртуға бағытталатын күрделі жұмсалымдар - материал, еңбек және ақша ресурстарының жиынтығы алады. Күрделі жұмсалымдардың қүрамына:

1) құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;

2) жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;

3) өзге күрделі жұмыстар мен шығындар (жобалау-іздестіру, геологиялық-барлау және бұрғылау жұмыстары, жер учаскелерін кесіп беру және қоныс аудару бойынша және т. б) ;

4) жаңа салынып жатқан кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауға жұмсалатын шығындар кіреді.

Күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:

1) шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары;

2) банктердің ұзақ мерзімді кредиттері;

3) халықтың жинақ ақшасы (тұрғын үй құрылысына) ;

4) бюджеттен қаржы бөлу.

Кәсіпорындардың меншікті қаражаттарының үлесі өсіп келеді, бұл шаруашылық есеп қаражаттары техникамен қайта жарақтандыру және қайта құруға арналған және кәсіпорын ұлғаймалы жаңғырту үшін толық жауап береді. Инвестициялық саясатты қайта құрудың басты мағынасы осында. Ал бюджет қаражаттары негізінен басым мемлекеттік маңызы бар ірі өндірістік құрылысты, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Жөндеуге жұмсалатын шығыстар табиғи тозған және сапалық ескірген (негізгі капиталдарды ішінара қалпына келтіру және олардың жұмыс қабілеттілігі жағдайында болуын қолдап отыру үшін) негізгі капиталдарды жөндеудің арнаулы қоры есебінен жүргізіледі, бұл қор шығындарды кәсіпорындар мен ұйымдар өнімінің (жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің) өзіндік құнына нормативтер бойынша қоса отырып жасалынады.

Айналым қаражаттарының өсімі кәсіпорындардың меншікті немесе оған теңестірілген қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Олар жетіспеген кезде негізіңде жаңа кәсіпорындар үшін бюджет қаражаттары бөлінеді немесе кейін өтелетін кредит беріледі. Бұдан басқа, меншікті айналым қаражаттарының жетімсіздігін жабуға мақсатты қаржыландырудың қаражаттары бағытталады.

Резервтер жасауға жұмсалатын шығындар қаражаттардың үздіксіз ауыспалы айналымын және ұлғаймалы ұдайы өндірістің бүкіл процесін, шаруашылықтың үйлесімдерін сақтаудың, дүлей апаттардан болған ысыраптарды өтеуді қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Қаржы резервтері ақша ресурстарын оңтайландыруға, кәсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде пайда болатын уақытша қаржы қиындығын жоюға мүмкіндік береді. Резервтік капитал шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде жасалады.

Мемлекеттік резервтер - мемлекет жасайтын шикізаттың, материалдардың, отынның, машиналар мен жабдықтың бірқатар түрлерін, астықтың, азық-түлік тауарларының, қорғаныс мұқтаждары үшін арналған өнімнің маңызды түрлерінің босалқы қорлары. Мемлекеттік резсрвтер үнемі қалпына келтіріліп, толықтырылып отыратын мемлекеттің айрықша орталықтандырылған қорын құрайды. Мемлекеттік резервтер мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен жасалынады.

1. 3Мемлекет шығыстарын қаржыландыру

Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражатгарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғүрлым перепективті жөне профессивті салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредит механизмінен айырмашылығы) тікелсй өтеуді талап етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар қолданылады (мысалы, Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры) ; бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.

Даму жоспарларының (болжамдарының) орындалуына қарай қаржыландыру қаржы ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажст етеді.

Ресурстарды пайдалануда ү нем режімін сақтау - мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнтты пайдалануға бағытталған.

Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесуі болып табылады.

Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны жағынан бірыңғай (біртекті) емес. Шығындарды қаржыландырудың көздсріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.

Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топқа бөлінсді:

1) материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар;

2) қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;

3) мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары; Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен байланысты.

Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өндірістік емес сфераға жұмсалынатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет сондай-ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.

Өндірістік емес сфераның қажеттеріне жұмсалатын шығыстар тұтыну қорына түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның тиімділігін арттыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс сферасының қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету есебінен қол жетеді.

Мемлекеттің шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міңдеті болып табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының арасалмағы өзгерді: соңғы жылдары тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түсті. Тұтыну мен қорлануға пайдаланылатын ұлттық табыстағы тұтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 86 пайызға жуығын құрайды.

Үшінші топтың мемлекет шығыстары - мемлекеттік резервтерді жасау мен молықтыруға жұмсалатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей апаттар кезінде, өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес сфералардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысыптары өтеуге және көсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге арналған. Мұндай рсзервтерді орталықтандырылмаған тәртіппен (жеке әрбір кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Оларды жасаудың орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салыстырылмалы төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикаға, әлеуметтік-мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға жүмсалатын шығыстарға бөлінеді.

Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикалық аймақтар бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді. Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шарушалығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді; өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс, басқару шығындары болып бөлінеді.

Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі болады:

/. Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджет қаражаттары есебінен жасалынады;

2. Сметалық-бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен ерекше құжаттардың - сметалардың негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс шығындары қаржыландырылады. Сметалық төртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады.

Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма-қол ақша шығару және кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялык, қаржыландыру қолданылады.

Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны - бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар.

Демеуқаржылар кезіндс ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджет қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін белінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әлеуметтік-қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде тараған болатын.

Субвенциялар - халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға жәнс басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттің қаржы көмегінің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.

Субсидиялар - үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша және заттай нысандағы жәрдемақылар.

Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздаңцыру бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т. б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.

2 ШЫҒЫСТАР ЕСЕБІ

2. 1 Үстемелі шығыстардың есебі.

Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастарымен байланысты шыңыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болмайды.

Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:

  • кешендік сипаты - шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары көрініс табады.
  • екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей белгілі бір буйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.
Қатар р/с
Шығындар баптарының атауы
Қатар р/с: А. Құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары бойынша
Қатар р/с: 1
Шығындар баптарының атауы: Өндіріс жабдықтары мен көлік (танспорт) құралдарының амортизациясы
Қатар р/с: 2
Шығындар баптарының атауы: Жөндеу қорына қаржы бөлу немесе өндіріс жабдықтары мен көлік құралдарын жөндеу жөніндегі шығындар
Қатар р/с: 3
Шығындар баптарының атауы: Жабдықтар мен көлік құралдарын пайдалану жөніндегі шығындар
Қатар р/с: 4
Шығындар баптарының атауы: Аспаптар мен ыңғайластырылған құрылғыларды (тетіктерді) жөндеу және қалпына келтіру
Қатар р/с: 5
Шығындар баптарының атауы: Құрал-жабдықтармен байланысты басқа да шығыстар
Қатар р/с: Б. Үстеме шығыстары
Қатар р/с: 6
Шығындар баптарының атауы: Өндірісті шикізатпен, материалдармен, отынмен, энергиямен қамтамасз ету бойынша шығындары
Қатар р/с: 7
Шығындар баптарының атауы: Цех аппараттарын ұстау, еңбек ақыдан аударылатын аударымда қоса алғанда
Қатар р/с: 8
Шығындар баптарының атауы: Ғимараттардың, қондырғылардың, және басқа да мүліктердің амотризациясы
Қатар р/с: 9
Шығындар баптарының атауы: Ғимараттардың, қондырғылардың жөндеу қорына аударымдар жасау немесе оларды жөндеу бойынша шығындары
Қатар р/с: 10
Шығындар баптарының атауы: Ғимараттарды, қондырғыларды, инвентарларды күтіп ұстау шығындары
Қатар р/с: 11
Шығындар баптарының атауы: Сынақтар, тәжірибелер, зерттеулер жүргізу жөніндегі шығындар
Қатар р/с: 12
Шығындар баптарының атауы: Рационализаторлық пен өнертапқыштық жөніндегі шығындар
Қатар р/с: 13
Шығындар баптарының атауы: Цехтар қызметкерлерінің еңбегңн қорғау: қауіпсіздік техникасының құралдарын күтіп ұстау, пайдалану және ағымдық жөндеу жөніндегі шығындарды; желдеткіш күтіп ұстау және ағымдық жөндеу жөніндегі шығындары; санитарлық тұрмыстық құрылғыларды күтіп ұстауға арналған шығындары; арнаулы киім мен бейтараптандырушы (нейтралиттеуші) құрылғыларға арналған шығындарды; еңбекті қорғау жөніндегі басқа да шығындарды
Қатар р/с: 14
Шығындар баптарының атауы: Басқа да үстеме шығындары (өндіріс құралдары үшін жалға ақы төлеу іс сапар шығыстары, берілген кепілдіктер үшін қызмет көрсету шығындары және өнім өндіру бойынша құрал-жабдықтарды жөндеу)
Қатар р/с: 15
Шығындар баптарының атауы: Өнімсіз шығындардың барлығы, оның ішінде: ішкі өндірістік себептері бойынша тоқтап қалудан болған шығындарды, цехтарда сақтау кезінде материалдық игіліктердің бүлінуінен болған шығындарды; табиғи кему нормаларының шегінде материалдық игіліктердің жетіспеуінен және аяқталмаған өндірістен болған шығындары; басқада өнімсіз шығындарды

*Техника және т. б. ерекшеліктеріне қарап, үстеме шығыстарына өзгерістер енгізлуі мүмкін.

Үстеме шығыстарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есеп саясатына сәйкес көрініс табады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірыңғай бюджеттік жіктеу
«білім беру» функционалдық тобының шығындары туралы ақпарат
Экономиканы қаржыландыру
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Бірыңғай бюджеттік сыныптама
Мемлекеттік қаржылық-бюджетке түсінік
Біріңғай бюджеттік сыныптама
Бюджет тапшылығы
Бюджет құрылысы
Мемлекеттік бюджеттің балансы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz