Неологизмдердің пайда болуы мен қалыптасу жолдары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Неологизмдер және олардың сөздік қордан алатын орны
2. Неологизмдердің қалыптасуы мен жасалу жолдары
3. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдерді ң бөлінуі
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер неологизмдер деп аталады. Неологизмдер – тың сөз ретінде қаралады да, көнерген сөздерге қарама - қарсы құбылыс болып саналады.
Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер ревалюциядан кейінгі кезеңде қазақ өміріндегі ұлы өзгерістермен байланысты қазақ тіліне көптеген жаңа сөздер кіру арқылы көрінеді.
Ескі құрылыс ада болды. Қазақстанда ғылыми мен техникалық дамуы, оқу орындарының көбеюі т.б. жаңа сөздердің пайда болуына, қазақ тілі лексикасының толығуына қолайлы жағдай болып, неологизмдерді туғызды.
Неологизм деп бір тілде жаңадан пайда болған және әзірше кеөпшілік арасында толық қалыптаспаған жаңа сөздерді айтамыз. Жаңа сөз үшнемі жаңа болып тұрмайды, көпшілік бұл сөздерді меңгерген кезде, олар жалпы халықтық есе болғанша, неологизм деп аталып, халық тәжірибесінде жүріп екшеленеді. [5,146-147б].
Қазіргі қазақ тілі лексикасының сөздік құрамына енетін сөздердің бір бөлігі – осы неологизмдер. Неологизмдердің дәл қазіргі таңда, ғылым мен техниканың дамыған, мәдениет пен тұрмыстық қанат жайып дамыған шағында маңызы өте зор. Себебі, қоғам алға қанат болып дамыған сайын түрлі жаңалықтарға кездеседі. Ал, жаңалық әлемінің түпкір – түпкір елдерінен шығады. Сол жаңалықтарда қолданылатын терминдар бізге мағынасы түсініксіз болып, кейінірек ол тілімізге неологизмдер есебінде енеді. Және менің осы тақырыпты таңдаудағы басты себебім, осы неологизм сөздерінің қалай қалыптасып, қалай жасалатындығының ара – жігін ашып көрсету. Неололгизм сөздерді тек тың сөздер, жаңа ұғымдар ретінде қабылдамай, оның мән-мағынасы мен қалай қалыптасып, қалай жасалатындығын біліп жүру артықтық етпейді. Дамыған қоғамда саналы адамның орны ерекше.

1. Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиұлы: «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» Алматы, «Санат», 2006
2. А. Айғабайұлы: «Қазақ тілінің лексикологиясы» Алматы, 2004
3. Ш.К. Бектұров: «Қазақ тілі» Алматы 2006
4. Ә. Болғанбаев:«Қазақ тілінің лексикологиясы» Алматы «Мектеп» 1988
5. И. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев: «Қазіргі қазақ тілі» Алматы 1986
6. Н. Оралбаева, Ә. Абылақов: «Қазақ тілі» Алматы, 1992
7. Ә. Болғанбаев: «Қазақ тілінің лексикологиясы» Алматы, 1988
8. К. Аханов: «Тіл білімінің негіздері» Алматы, «Санат», 1993
9. Ғ. Абуханов: «Қазақ тілі» Алматы «Мектеп», 1982
10. Ш. Бектұров, М. Серғалиев: «Қазақ тілі» Алматы «Білім», 1994
11. Ә. Хасенов: «Тіл біліміне кіріспе» Алматы, «Рауан», 1990

Ж о с п а р
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Неологизмдер және олардың сөздік қордан алатын орны
2. Неологизмдердің қалыптасуы мен жасалу жолдары
3. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдерді ң бөлінуі
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер неологизмдер деп аталады.
Неологизмдер – тың сөз ретінде қаралады да, көнерген сөздерге
қарама - қарсы құбылыс болып саналады.
Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер ревалюциядан кейінгі
кезеңде қазақ өміріндегі ұлы өзгерістермен байланысты қазақ
тіліне көптеген жаңа сөздер кіру арқылы көрінеді.
Ескі құрылыс ада болды. Қазақстанда ғылыми мен техникалық
дамуы, оқу орындарының көбеюі т.б. жаңа сөздердің пайда
болуына, қазақ тілі лексикасының толығуына қолайлы жағдай
болып, неологизмдерді туғызды.
Неологизм деп бір тілде жаңадан пайда болған және әзірше
кеөпшілік арасында толық қалыптаспаған жаңа сөздерді айтамыз.
Жаңа сөз үшнемі жаңа болып тұрмайды, көпшілік бұл
сөздерді меңгерген кезде, олар жалпы халықтық есе болғанша,
неологизм деп аталып, халық тәжірибесінде жүріп екшеленеді. [5,146-
147б].
Қазіргі қазақ тілі лексикасының сөздік құрамына енетін
сөздердің бір бөлігі – осы неологизмдер. Неологизмдердің дәл
қазіргі таңда, ғылым мен техниканың дамыған, мәдениет пен тұрмыстық
қанат жайып дамыған шағында маңызы өте зор. Себебі, қоғам алға
қанат болып дамыған сайын түрлі жаңалықтарға кездеседі. Ал,
жаңалық әлемінің түпкір – түпкір елдерінен шығады. Сол жаңалықтарда
қолданылатын терминдар бізге мағынасы түсініксіз болып, кейінірек
ол тілімізге неологизмдер есебінде енеді. Және менің осы
тақырыпты таңдаудағы басты себебім, осы неологизм сөздерінің қалай
қалыптасып, қалай жасалатындығының ара – жігін ашып көрсету.
Неололгизм сөздерді тек тың сөздер, жаңа ұғымдар ретінде
қабылдамай, оның мән-мағынасы мен қалай қалыптасып, қалай
жасалатындығын біліп жүру артықтық етпейді. Дамыған қоғамда саналы
адамның орны ерекше.
Неологизмдердің пайда болуы мен қалыптасу жолдары тақырыбында
К. Аханов, Ә.Болғанбайұлы, Ш.Бектұров т.б. зерттеу еңбектерін жүргізген.
Зерттеу еңбектері бойынша Р.Сыздықова неологизмдердің пайда
болуына әсер еткен негізгі үш жағдайды атап көрсеткен.
Ш.Бектұровта неологизмдердің жасалу жолдарына назар аударған. Ғалым
еңбегінде неологизмдердің неізгі төрт жасалу жолын көрсеткен.
Неологизсдерді 2 үлкен топқа:
1. Ғылыми - техникалық әдебиетегі
2. Көркем әдебиеттегі деп бөліп І.Кеңесбаев пен Р. Мусабаевтың
Қазіргі қазақ тілі атты еңбегінде көрсетілген.
Қазақ лесикасының жаңа сөздермен толығып отыруы ешқашан
толыстаған емес. Республикамыздың тәуелсіздік алуына және қаза
тілінің мемлкеттік мәртебесін шын мәнінде көтеруге байланысты 1990
жылдары қазақ лексикасы толығуының жаңа кезеңі басталды.
Баспасөз бетінде, радио мен теледидар, көркем әдебиет пен
ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде 1970 жылодардан беру көріне
бастаған жаңа сөз қолданыстары 1990 жылдары мақсатты түрде адам ары
кең өріс ала бастады және кейінгі кезде де өріс алып отыр.
Қазақ тіліндегі жаңа атаулардың негізінде жаңа ұғымдардың орыс
тілінде қалыптасқан атабулар жатыр. Бұлар қазіргі кезеңдегі
саяси , әлеуметтік, мәдени өмір мен ғылыми – техника
салаларында енген жаңалықтарды білдіреді. Қазіргі жаңа атаулардыьң
дені жаңа сөз немесе сөз тіркесі түрінде туып, қалыптасып, келе
жатқан зат есімдік неологизмдер.
Неологизмдер және олардың сөздік қордан алатын орны
Қоғамдық қатынастар, ғылым мен техника, мәдениет пен
шаруашылықтың дамуымен байланысты тілде пайда болған жаңа сөздер
мен сөз тіркестері неологизмдер деп аталады. Неологизмдер тілге
сіңісіп, жалпыхалықтық сипат ала қоймаған жаңа сөздер деген
ұғымды білдіреді. Халыққа әбден танылып болмаған, белгілі бір
саладағы тар көлемде қолданылып жүрген жаңа сөздердің бәрі де
неологизмдердің тобына кіреді. Бір заманда діни оқуды қоғамнан
шеттетіп, жаңа оқуды өмірге енгізген кезде осы күнгі мұғалім
мектеп, класс, тақта, парта, оқушы, карта, глобус, кампас деген
танымал сөздердің өзі қазақ үшін неологизмдер болып
саналғанына ешбір күмән жоқ, келтіруге болмайды. Одан бергі
кезеңдерде тіліміздегі қаптап енген колхоз, совхоз, электр,
трактор, радио, артист, сахна т.б. сөздер де неологизмдер тобын
көбейткен еді. Қазіргі таңда аталған сөздердің бәрі де
жалпыхалықтық сипат алып, тілге әбден сбіңісті де,
неологизмдердің қатарына шығып қалды. Осы кезде қазақ тілінің лексикасы
жыл санап емес, күнбе-күн өсіп, толығып отырады деуге болады.
Сөзіміз 5-10 жыл өтісімен – ақ неологизмдердің қатарынан шығып,
қалды. Осылар ең актив сөздердің қатарына барып қосылып жатады.
Мысалы: теледидар, атомоход, спутник, космос, космодром, космонавт,
космогония, космонавтика, космошлем, ракетром, синтетика, цейлон,
капрон, лавсан, нейтрон, силон, пластикат, ракетчик, кибернетика,
стиляга, абстракциализм, культиватор т.б. Кейде неологизмдерге шек
қойып ажыратудың өзі өте қиын екендігін аңғарамыз. Мұндағы
ұстайтын неізгі принцип жаңа сөздің бір тілде сөйлеушілерге
қаншалықты түсініктілігімен ғана өлшенбек [1, 183]. Неологизмдер -
тың сөздер ретінде қаралады да көнерген сөздерге (инсторизмдер мен
архизмдерге) қарама-қарсы құбылыс болып саналады.
Жаңадан жасалып тұрған кезінде ғана неологизмдер ретінде
танылады.Уақыт озған сайын олар да әбден сіңісіп кетеді,
бұрыннан бар сөздер сияқты жиі қолданылады, үйреншікті сөздерге
айналады да, неологизм болудан қалады. Демек, неологизмдер
тілдегі өткінші құбылыс болып саналады.
Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаң а сөздермен
толығып, үнемі даму күйінде болу дедік. Әрбір тілдің сөздік
құрамының дамуына ең алдымен сол тілдің негізгі сөздік қоры
ұйытқы болады. Сөз тудырудың әр түрлі тәсілдері арқылы негізгі
сөздік қордағы түбір сөздерден туынды сөздер жасылып тілдің
бүтіндей лескикасы толығып, дамып отырады. [8,150 б].
Неологизмдердің актив лексикадан өзгешелігі тек жаңалығы мен
өлшенбейді. Кей сөз пайда болысымен актив лексика қатарына өтіп,
жиі қолданысқа түседі. Енді бірі неологизм қалпын ұзағырақ
сақтайды. Мұның өзі неологизмдердің қандай ұғымды
аңғартатындығында болса керек. Спутник, космос сөздері ұғымымен бірге
бүкіл әлемді таңдандыра келді. Ол ауызша да, баспа
беттерінде де жиі қолданылып тез актив лексикаға айналды.
Телевизор сөзі де дәл осылай халықты жатырқатқан жоқ. Тіпті
1980 жылдары пайда болған мердігер сөзі (подрядтың баламасы)
күнделікті баспа сөз беттерінде жиі қолданылып, актив лексика
қатарына өту процесін бастан кешіріп жатыр. Бірақ кей
неологизмдер өзінің жаңа қолданысқа түскендік белгісін ұзақ
сақтауы да мүмкін. Мысалы, жем-шөп, құрамды жем пішендеме сияқты
сөздер қолданысқа түскеніне біршама уақыт болса да, көпшілікке
түсінікті болатындай дәрежеге жете алған жоқ. Себебі олар мал
шаруашылығымен адамдардың ғана қажеті өтеуде. Пассив лексика
қатарындағы неологизмдер мен көнерген сөздерді өзара
салыстырсақ, әрдайым неологизмдер аз кездеседі. Оның себебі
көнерген сөздердің ұтылуы процесі мен неологизмдердің актив лексика
қатарына өту процесі бірдей есем. Мысалы: қазан ревалюциясынан
кейін енген колхоз, совхоз, селсовет сияқты сөздер актив
лексикаға қосылып, төңкеріс саужай (ликбез), МТС т.б. шығып үлгерді.
Тіліміздегі енен жаңа сөздердің қай – қайсысы да халық
өміріндегі жаңалық белгісі іспеттес калхоз, совхоз,
бесжылдықтың, тыңгер, спутник, комсмос т.б. сөздер өздері
неологизмдік дәуірді бастан кещкен уақыты мен еліміздің болған
жаңалықтарды еске түсірді [2,181 б].
Сонымен неологизмдер дегеніміз актив лексика қатарына енбеген
жаңа сөздер.
Неологизмдердің бір түрі ретінде қаралып жүрген жеке автор
қолданысындағы жаңа сөздердің жайы басқашалау. Себебі жеке автордың
стильдік мақсатта қолданған өзіндік жаңалығы сол күйінде неологизм
болып қала беруі, актив лексика қатарына енбеуі әдбен
мүмкін.
Мысалы,
С. Сейфулинның неізін сал, қызыл саратй
Жүрміз міне қаласып, - деген өлең қатарындапғы жаңа
қоғамды көтеріңк і стильде образды айту үшін қызыл сарай сөзін
қолданған. Бірақ ол актив лексикаға кірмейді.
Мұхтар Әуезов шығармаларында да қарсылау, миюнды ру
сияқты жаңа сөздер кездеседі. Ол да жазушының өз қолданысы болып қалды.
Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болғалы бері жаңа
қолданысқа ие болған сөздер күн санап көбейе түсуде, мысалыҮ:
сынып, әдіс, әдістенме, ұлан, заңгер, әуежай, ғарышжай, жәрдемақы,
зейнетақы, айыпақы, өтемақы, стыйақы, төлемақы, дереккөз.
Неологизмдердің қалыптасуы мен жасалу жолдары
Р. Сыздықова қазақ тілінде 1990 жылдардағы неологизм
қолданыстың пайда болуына себапкер үш жағдайды атап көрсеткен.
Бірінші, өмірдің өзі әкелген жабңалықтарды атау
қажеттігі. Осыған оратй көптеген ұғымдарды білдіруде қазақ
тілінің өз мүмкіндігі бар екендігі, оған бейімділігі күшті
екені айқын болды. Соның нәтижесінде 1970-80 жылдарға дейін
орысша қолданып келген устав-жарғы, программа-бағарлама, компенция-
төлемақы, дакумент-құжат, информьация-ақпараот, пенсия-зейнетақы,
спонсор-демеуші, процьент-пайыз, репатриант-оралым, репрессия- қуғын-
сүргін, орган-мүше, ағза т.б. қазақша аталатын болды. 1920-30
жылдары біраз қолданып, кейін ығыстырылған төраға, хатшы, құқық
құжат т.б. сөздер қайтадан қлданысқа енді, сусамыр (диабет) т.б.
терминдер жасауға пайдаланады.
Екінші, бұрын орысша аталып немесе суреттеме (түсіндірме)
жолымен беріліп келген ұғымдарды ң қазақша жатық, мүмкіндігінше
дәл баламасын табуға әрекет, іздемі артты. Мысалы: жолсерік,
(проводник) жолсапар (командировка), телекөпір (телемост), отбасы
(семья), нарық (рынок), мердігерлік (подряд), ұшақ (самалет), тікұшақ
(верталет) зерхана (ювелирная м астерская), зертхана (лаборотория),
көлікдол (проезжая часть дороги) жаяужол (тротуар), бағдаршам
(светафор), өткізілім (реализация), жаһандану (глобализация) т.б.
орыс тілінен калькалау арқылы. Қызыл кітап (Красная книга)
дөңгелек үстел (круглый стол), қайталама шикізат ( вторичное сырье
), қайтарма (отдена) т.б. сөздер жасалады.
Үшінші, бағалауыштың мәні бар сөздерді жасау қажеттілігі
туды. Мыс алы: ғарыш (космос), ғарышкер (косманавт), ғарышнама
(космология), атомгер (атомщик), мадақнама (грамота)ғ өмірнама
(биография), ғаламшар (планета), ән ұран (гимн), елтаңба (герб),
зейнет ақы (пенсия), қала басы (мэр город) т.б. терминдік ресим
атаулар алғашында экспрессия , көтеріңкілік сияқты бағалаушылық
мәні бар, қосалқы атаулардан пайда болған.
Неологизмдер қазақ тілінде ежелден белгілі сөзжасам тәсілдер
арқылы жасалады. Мысалы: жұрнақ жалғану арқылы (-гер, баспагер,
тыңгер, - нама; жаднама, дерекнама, - хана, ойынхана, дәмхана, - ғы;
құрылғы, бастапқы, - ым; қойылым, басылым; сұраным, - ма; бағдарлама,
дәйектеме, т.б.) түбірлерді біріктіру тілашар , қоршаңыз, жолкіре,
сөзтізбе т.б. сөз тіркесі арқылы ()алтын кбітап, жұлдызы соғыс
аралатпа с ауда т.б.
Бұрынғы сөзге жаңа мағына қосу арқылы (сапар, сөзі тек жол
жүру дегенді емес, лауазымды адамдарға немесе біреуге барып
жолығу мәнінде, жерік желігу мағынасынан басқа әскери желік
тіркесінде военный психоз мәнінде терминдік мәнге ие болған).
Неологизмдер жасауда олардың жұртшылыққа қолайлы болу жағы
, сөз болудың тіл тәжірибесінде қалыптасқан дағдарысы сияқты
факторлар ескерілуге тиіс. Осы тұрғыдан қарағанда жаңа
қолданыстағы сһөздердің бәрі бірдей сәтті шықты деуге болмайды.
Мәселен, қазақ тіліне ертеректе еніп, сіңісіп кеткен кірме сөздер
аз емес, осылардың баршасына қазақша балама іздеу дұрыс емес.
Мысалы, газетт- үйқағаз, телефонды – үнсандық, самолет - өзі ұшар т.б.
деп атауды жұртшылық қабылдамайды, тілге кірікпейді. Сол сияқты
ғылым, өнер, техниканың әр саласындағы интернационалдық сөздердің
терминдік мағынасын білдіретін қазақ сөздерін табу немесе
қолдан жасау сәтті бола бермейді.
Жаңа қолданыстағы атауларға байланыста әлі де реттейтін,
нақтылайтын жайттар аз емес. Кейбір терминдер атаулар сөздіктерге
бірнеше нұсқада беріліп, жарыса қолданылып жүр. Мысалы,
мемлекеттік терминологиялық комиссия бекіткен 2004 жылғы Орысша-
қазақша – орысша терминдер мен атаулар сөздігінде праязын – ана тілі,
төркеін тіл, универсальный – әмбебап, указания – нұсқау, нұсқа,
тенденция – үрдіс, процесс- процесс, үрдіс түрінде, ал осы сөздер
2005 ж шыққан (орысша-қазақша сөздіктен) – арғы тіл, ана тіл,
универсал , әмбебап, нұсқау, ереже, көшірме, төл құжат,
ресмилендіру, ресмилену, жария ету, заңдастыру, нақты ой, мақсат,
үрдіс, дамудың беталысы, процесс, баыс түрінде берілген.
Атаулардың әр түрлі саладағы әдебиеттерде жаңа авторлардың
шығармаларында түрліше айтылып жүргені де белгілі. 1992 жылы
Жаңа атаулар сөздігі шықты (оның алдында шағын сөздік түрінде 2
рет басылым көрген). Оғын 1970 – 1992 жж. Аралығындағы пайда
болған жаңа тұлғалар мен сөз тіркестері мағынасы жаңғырған
1200 – дей сөз енгізілген. Құрастырушылар ескерткендей бұл сөздік
ресми нормативтік сөздік емес және онда сол кезде туған барлық
жаңа қолданыстар қамтылған. Сөздікшелердің алдына қойған мақсаты –
қазақ тілінде сол кезде жаңадан пайда болған сөздердің еске
алып, тіркеу ғана емес, жаңа қолданыстардың өзгеруіндегі даму
үрдісімен таныстыру. Сол себептен сөздікке жаңа қолданыстардың
өмірге жолдама алғандары да, әлі қолданысқа еркін түспегендерде
енгізіліп, жұртшылық назарына ұсынылады.
Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен
толығып, үнемі даму күйінде болуы дедік . Әрбір тілдің сөздік

сөздік қордағы түбір сөздерден қордағы түбір сөздерден туынды
сөздер жасалып, тілдің бүтіндей лексикасы толығып дамып
отырады. Сөз тудыру тәсілдерінің бастылары мыналар:
1. Сөз тудырудың лексика – сематикалық тәсілі. Сөздің мағыналық
жақтан даму барысында көп мағыналы бір-бірінен алшақтап, бара-бара
олардың арасындағы семантикалық байланыс үзіледі де, мағыналары
басқа- басқа сөздер (омонимдер) жасалады. Сөз тудырудың бұл тәсілі
лексика – семантикалық тәсіл деп аталады. Сөз тудырудың лексика –
семантикалық тәсілі тіл-тілдің бәрінде де кездеседі. Орыс тіліндегі
дүние жүзі, әлем деген мағынадағы мир сөзі мен бейбітшілік
деген мағынадағы мир деген екі сөз (омонимдер) бір ғана сөздің
(мир) семантикалық жақтан дамуы нәтижесінде жасалған. Қазақ тілінде
өсімдіктің тамыры деген мағынаны білдіретін тамыр деген сөз
бен өте жақын дос деген мағынаны білдіретін тамыр сөзі де бір
сөзден әр түрлі мағыналарынан алшақтап, ақырында, әр басқа
ұғымдардың атауы болуының нәтижесінде жасалады. Түркі тілдерінің
бәрінде дерлік көк сөзі аспан дегенді және белгілі бір
(болғанмен, қазірде екі басқа мағына) түсті (синий) білдіреді. Бұл
екеутінің де шығу тегі бір болғанмен, қазір де екі басқа мағынасы
бар әр түрлі сөздер ретінде ұғынылады. Семантикалық тәсіл
арқылцы туынды жаңа сөздердің жасалуына көп уақыт керек бұл -
өте баяу болатын құбылыс.
2. Сөз тудырудың морфологиялық тәсілі. Туынды сөздер түбір
морфемаға (немесе негізге) аффикстік морфемалардың жалғануы арқылы
жасалады да сөз тудырудың бұл тәсілі өз ішінде бірнеше түрге
бөлінеді. Мысалы, морфологиялық тәсілдің өз (ішінде бірнеше түрге
бөлінеді) түркі тілдерінде аффикстік деп аталатын түрі сөз
тудыруда өнімді тәсіл арқылы саналады. Бұл тәсіл арқылы
жасалған туынды сөздерге қазақ тіліндегі әнші, етікші, таулы,
қарлы, достық, белдік, білім, өнім, шегеле, тақтайла, өндір,
өндіріс, өндірістік, бастық, басқару, басқарма, басшы, басшылық,
бастау, бастама және т.б. сөздер енеді. Орыс тілінен
морфологиялық тәсілдердің аффиксті к түрінен (орысша
суффиксиальный тип) басқа префикстік деп аталатын түрдегі сөз
тудыруды (Мысалы, орысша, выбросить, высказать, расхвалить) сөз
тудырудың морфологиялық (оның ішінде аффикстік) тәсіл тіл – тілде ең
өнімді тәсіл болып саналады.
3. Сөз тудырудың синтаксистік тәсіл арқылы күрделі – біріккен
сөздер (Мысалы, басқұр, отағасы, шекара, көлбақа, тасбақа, әркім
және т.б.) күрделі - құрама сөздер мысалы: ас ық жілік, тоқпан
жілік, кәрі жілік, боз ьқырау, боз торғай, қара торғай, және т.б.
күрделі қос сөздер (Мыс алы: әке – шеше, ауыл- аймақ, қас-қабақ,
алыс-жақын, ұзынды-қысқалы, үлгі-өнеге, сауық-сайран, алыс-беріс, ащы-
тұщы және т.б.) жасалады.
Сонымен, тілдің лексикасы сөз тудырудың әр түрлі тәсілдері
арқылы туынды сөздермен толығып, үздіксіз дамиды, арнасы
кеңейіп байиды [8,151 б].
Сөздік құрамының аясы, көлемі сөздік қордан әлдеқайда мол.
Өйткені, оған кірме сөздер, термин сөздер де, сондай-ақ
диалектизмдер де енеді. Сөздік құрам сөздік қорға қарағанда тез
өзгергіш. Сөздік құрамға бір сөздер еніп жатса, екінші біреуі
одан шығып қалып жатады.
Неологизмдер басқа тілдерден енген сөздермен де жасалады.
Қазақ тіліне монғол, араб және иран, орыс тілінен енген
сөздердің саны мол. Монғол тілінен енген сөздер ХІІІ ғасырдан
басталып қолданысқа енді. Мысалы: абдара, алтын, абймақ, аға,
жиен, балта, бұрғы, бура, бұқа т.б. Араб, иран тілінен сөз ену орта
ғасырлар деп шамаланады. Қазақ тіліне араб-иран сөздері тәнсік,
өзбек тілдері арқылы мынадай жолдармен енеді: 1. шаруашылық, сауда
қатынастары арқылы енген сөздер: айна, таға, базар, таба, орамал,
перде, таразы, мақта т.б.; 2. мәдени және ғылыми қарым- қатынастар
арқылы әсіресе, Фердауси, науаи, Омар Хаям, Хафиз. Шығармалары мен
бірге енген, масалы: мектеп, мереке, емтихан, ғылым, ғалым, пән,
медресе, қағаз, қалам, мағлұмат, т.б.; 3. дін мен байланысты енген
сөздер; ғимарат, ораза, намаз, аруақ, ақырет т.б.
Орыс тілінен енген неологизмдер қазақ тіліне сөз енуі ХVIII
ғасырдан бастады. Кірпіш, саман деген сөздерден бастап, тілімізге
енген сөздердің саны бұл күнде өте көп. Орыс тілінен қазақ
тіліне енген сөздерді қазан төңкерісіне дейінгі сөздер қазан
төңкерісінен кейінгі енген сөздер екіге бөлуге болады. Қазан
төңкерісінен бұрынғы орыс лексикасынан ауысқан сөздер айтылуы мен
жазылуы жағынан қазақ тілінің айтылу нормасына бағынып
орфографиялық және фонетикалық өзгеріске ұшырады.
Әрбір тілдің сөздік құрамында жалпыға ортақ сөздермен қатар
ғылым мен техникалық өндіріс пен шаруашылықтың жеке бір
саласына ғана тән арнаулы сөздер жаңадан қолданысқа енгенде
неологизм болады.
Неологизмдер негізінен мынандай жолдармен жасалады:
1. бұрынан бар сөздерге түрлі жұрнақтардың қосылуы арқылы: оқулық,
көр-ер-мен, аял-да-ма, бал-мұз-дақ, өмір-шең, үйір-ме, ұш-ақ;
2. жалқы есімдерді жалқы есімдерге айналдыру арқылы: суворовшылар,
мичуриншілер, т.б.
3. екі сөзді біріктіру арқылы: келіссөз, ұлтаралық, жетіжылдық,
бесжылдық, жеделхат, әуежай, саяжай жағажай, мұражай, шипажай, жедел
жәрдем, төраға, төреайым, гүлзар, жолсерік, сүндет той, мерейтой,
мүшелтой, бағдарлама, бағдаршам, төлқұжат, мұражай т.б.
4. Кейбір неологизмдер сөз тіркесінен де жасалады: огратехникалық
шаралар, жергілікті ты ңайтқыштар, егіс дақылдары, шаруа қожалығы.
Жаңадан енген сөздердің тың жаңа екендігі аңғарылып, сезіліп
тұрғанда ғана неологизм болады [5,12б].
Неологизмденрдің актив лексикадан өзгешелігі тек жаңалығымен

жиі қолданысқа түседі. Енді бірі неологзм қалпын ұзағырақ

аңғартатындағында болса керек. Спутник, космос, сөздері ұғыммен бірге
жиі қолданылып тез актив лексикаға айналады. Телевизор сөзі де
дәл осылай халқты жатырқатқан жоқ. Тіпті 1980 жылдары пайда
болған мердігер сөзі (подрятың баламасы) күнделікті баспасөз
беттерінде жиі қолданылып, актив лексика қатарына өту процесмін
бастан кешіріп отыр. Бірақ кей неологизмдер өзінің жаңа
қолданысқа түскендік белгісін ұзақ сақтауы да мүмкін.
Тілімізге енген жаңа сөздердің қай-қайсысы дап халық өмбіріндегі
жаңалық белгісі іспеттес колхоз, совхоз, бес жылдық, тың, тыңгер,
спутник, космос т.б. деген сөздер өздері неологизмдік дәуірді
бастан кешкен уақытымен елімізде болған жаңалықтарды еске
түсіреді.
20—30 жылдар кезінде қазақ тілінде неологизмдер жеке сөз ретінде де
(председатель, басқарма, тілші, қызыл әскер, комсомол, секретарь т. б.),
сөз тіркесі ретінде де көптеп жасалынды.
Мәселен, тап деген түбір морфема негізінде ғана тап тартысы, тап күресі,
тап қайшылығы, тап жауы, тап дұшпаны, тап мүддесі, тап қырағылығы, тап
тілегі, жұмысшы табы, еңбекші тап, қанаушы тап, қаналушы тап, таптық сана,
тапсыз қоғам т. б. толып жатқан сөз тіркесі — неологизмдер пайда болды.
Сондай-ақ, шыл — шіл аффиксі негізінде лениншіл, марксшіл, жікшіл т. б.
неологизмдер туды.
Стилистикалық неологизмдер де болады. Мәселен, Ілияс Жансүгіров колбаса
сөзінен колбасалат (Ал, малдан бұл байғұсты, сөзді созба, балалат,
колбасалат, сал ауызға), ал Сәкен Сейфуллин социалистан, біздің стан,
совстан, тіздеу, сымдау, автобіл (Күйлетіп Көкшетаудан ен далаға, Автобіл
басып озды кер көжектен! Советстан, біздің стан, Совстан. Экспресс, талма
екпінді шабыстан!) тәрізді стилистикалық неологизмдер жасады.
Неологизмдер тілде бұрыннан бар сөздерді біріктіру, қосарлау арқылы да
жасалады: еңбеккүн, онкүндік, өнеркәсіп, баспа-сөз, орақ-балға, саяси-
тәрбие, жұмысшы-шаруа т. б.
Сөз мағынасын ауыстырып қолдану тәсілдері арқылы да көптеген неологизм
пайда болған. Мысалдар: Жас құрылыс майданында ескілікті сүзелік;
Надандықты трактормен айғызда! (С. С); Техниканың тілін біліи, электрді
жегіпсің (Б. М. ) — метафоралар; Қырда айқасты. балға-орақ (I.
Ж.)—метонимия; Кимешектер кітап оқып, Малма тұмақ мылтық алды; жалба шекпен
жауға аттанды (I. Ж.) синекдоха.
Бір кезде қазақ тіліне баяндамашы, тәрбиеші, әкімшілік, оқулық,
бесжылдық, құрылыс, төңкеріс, басқарма, үйірме, ұйым, колхоздасу, кітапша,
өлшеуіш, бастауыш, баяндауыш, толықтауыш тәрізді сөздер неологизм болып
енген. Бүгінде мұндайларды жаңадан кірген деп ешкім ойламайды.
II. Соңғы кездерде газеттерде брифинг деген сөз пайда болды. Бұл сөздің
пресс-конференция дегеннен қаншалықты айырмасы бар? Былай қарасаң, орыс
тіліне брифинг сөзін — терминді енгізудің қаншалықты қажеті болды екен
дегендей сұрақ туады.
Осы тәрізді, бір кездерде баспасөзде СОЛТ, СОЛТ-2. кейінірек ОСВ, ОСВ-2
дегендер — таза орыс аббревиатурасы пайда болды.
Бір кездегі неологизм енді бір кезде көнерген сөзге айналып
кетуі мүмкін. Мысалдар: ұя (ячейка), қосшы ұйымы (союз кощи), волком
(волостной комитет), саужой - сауатсыздықты жою мектебі (ликбез) т.б.
Тілдегі неологизмдердің пайда болу себептерін біз өндіріс пен
шаруашылықтың, сауда мен транспорттың, техника мен ғылымның өсуімен
байланысты, сол сияқты халықтың әлеуметтік құрылысының өзгеруімен
байланысты қарадық. Неологизмдердің жасалу жолдары белгілі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz