«Мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибелерін зерттеу мен қорыту педагогикалық проблема»
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... 3.6
І ТАРАУ. МҰҒАЛІМНІҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРБИЕЛЕРІН ЗЕРТТУДІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1. Педагогикалық тәжірибенің мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.11
1.2. Мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибесін зерттеудің маңыздылығы ... ... ... 11.14
ІІ ТАРАУ. ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРБИЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Жаңашыл педагогтардың озық тәжірибелерін пайдаланудың формалары ... ... ... ... ... ... ...15.18
2.2. Қазіргі мектептердегі мұғалімнің озық педагогикалық
тәжірибесін зерттеу және қорытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері ... ... ...19.25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ...26.27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... .28
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... 29.39

ХХІ ғасырда білім құнды капиталға айналған, маңыздылығы жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекеге түсе алатын байлық кілтіне айналуда. Жаңа ғасыр табалдырығын әлем таныған тәуелсіз мемлекет ретінде аттаған Қазақстанның болашағы – ғылым мен білімде.
Рухани ізгілікті, мәдени құндылықтарды жаңғырту мен қалыптастыруда, білім мен ғылымды дамтыуда сапалы серпіліс жасалуы тиіс. Сан мың ұрпақтың ортақ мұратын ту етіп, болашаққа қадам басқан біздің еліміз дәл осындай дамыған, білімді, қуатты ел болуы керек. Үшінші мың жылдықта оқытудың жаңа озық тәжірибесін зерттемейінше, мұғалімдер өз беттерінше тәжірибе базасын толыққанды етіп қалыптастырмайынша сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Өз тәжірибесін ұштау, жетілдіру, біліктілігін арттыру, оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнің өзінің тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жаңаша, әрі неғұрлым ұтымды құруды мүмкін етеді. Мұғалімнің жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруге ұмтылысымен сипатталатын озық тәжірибелік іс-әрекетке бағытталған мұғалімнің инновациялық дайындығын қалыптастырудың өзектілігі айқын.
ХХІ ғасырда ғылымның ғылымның қарыштап алға дамуында мұғалімнің озық тәжірибесі инновациялық-жаңашылдық бағытта қалыптастырылуына қажеттілік артып отыр. Осы орайда мұғалімнің инновациялық белсенділігі, яғни жаңаны білсем, үйренсем, қолдансам, деген іс-әрекеті үлкен қызмет атқарады. Озық іс-тәжірибелі мұғалімнің даму бағыты үш түрде жүреді:
Біріншіден, оның теориялық, кәсіби даярлығы мен шеберлігі артады.
Екіншіден, тәжірибелік, яғни, кәсіби білімі мен біліктілігі артады.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-6
І ТАРАУ. МҰҒАЛІМНІҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРБИЕЛЕРІН ЗЕРТТУДІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1. Педагогикалық тәжірибенің мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-11
1.2. Мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибесін
зерттеудің
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...11-14
ІІ ТАРАУ. ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРБИЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Жаңашыл педагогтардың озық тәжірибелерін
пайдаланудың
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...15-18
2.2. Қазіргі мектептердегі мұғалімнің озық педагогикалық
тәжірибесін зерттеу және қорытуды ұйымдастырудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 19- 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...26-27
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .29-39
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
ХХІ ғасырда білім құнды капиталға айналған, маңыздылығы жөнінен
стратегиялық ресурстармен бәсекеге түсе алатын байлық кілтіне айналуда.
Жаңа ғасыр табалдырығын әлем таныған тәуелсіз мемлекет ретінде аттаған
Қазақстанның болашағы – ғылым мен білімде.
Рухани ізгілікті, мәдени құндылықтарды жаңғырту мен қалыптастыруда,
білім мен ғылымды дамтыуда сапалы серпіліс жасалуы тиіс. Сан мың ұрпақтың
ортақ мұратын ту етіп, болашаққа қадам басқан біздің еліміз дәл осындай
дамыған, білімді, қуатты ел болуы керек. Үшінші мың жылдықта оқытудың жаңа
озық тәжірибесін зерттемейінше, мұғалімдер өз беттерінше тәжірибе базасын
толыққанды етіп қалыптастырмайынша сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін
емес. Өз тәжірибесін ұштау, жетілдіру, біліктілігін арттыру, оқытудың жаңа
технологияларын меңгеру мұғалімнің өзінің тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие
үрдісін жаңаша, әрі неғұрлым ұтымды құруды мүмкін етеді. Мұғалімнің жаңа
педагогикалық технологияларды меңгеруге ұмтылысымен сипатталатын озық
тәжірибелік іс-әрекетке бағытталған мұғалімнің инновациялық дайындығын
қалыптастырудың өзектілігі айқын.
ХХІ ғасырда ғылымның ғылымның қарыштап алға дамуында мұғалімнің озық
тәжірибесі инновациялық-жаңашылдық бағытта қалыптастырылуына қажеттілік
артып отыр. Осы орайда мұғалімнің инновациялық белсенділігі, яғни жаңаны
білсем, үйренсем, қолдансам, деген іс-әрекеті үлкен қызмет атқарады. Озық
іс-тәжірибелі мұғалімнің даму бағыты үш түрде жүреді:

Үшіншіден, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі артып, ол инновациялық іс-
әрекет пен біліктілікті де меңгереді.
Осы бағыттардағы даму озық тәжірибелі мұғалімнің тәжірибесін құнды
етеді: оның тәжірибесін оқып-зерттеу, оны басқа оқу орындарында басқа
мұғалімдердің пайдалануы жемісін берерлік дәрежеге жетеді. Сондықтан, озық
тәжірибелі мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеу, онымен танысу, оны
насихаттау, көпшілік арасына тарату да өзекті мәселе болып, педагогика
ғылымының зерттеу проблемасына айналуда. Педагогикалық процесте озық
тәжірибені кеңінен қолданудың маңызы зор. өйткені терең білім мен тәрбие
беру, педагогикалық озық тәрбиені зерттеу, жинақтау және таратудың нәтижесі
мұғалімдердің шығармашылық ісінің жемісі
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл
әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі,
халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру.
Курстық жұмыстың көкейкестілігі:
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" Қазақстан халқына
Жолдауының "Қазақстан мұраты деп аталатын бөлімінде: "...біздің балаларымыз
бен немерелеріміз ... бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі
заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар
бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз
елінің патриоттары болады" - деп үміт артып отыр.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың
ұлттық дәстүр-салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне
негізделіп іске асырылады.
Міне, осыған орай, Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі
міндеттерін еске түсірген жөн. Олар:
- жеке адамның рухани және күш қуат мүмкіндіктерін ашу,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік,
негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін
жағдайлар жасау;
- азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және
мемлекеттің алдындағы жеке адамның хұқылары мен
міндеттерін ұғынуды, сондай – ақ Республиканың мәдени,
қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу
қажеттігін тәрбиелеу;
- Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу
үшін мүмкіндіктер жасау;
- Жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық
тәрбие беруді дамыту;
- қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену
үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін іске асыруда кейбір
факторлардың ықпалын ескерген жөн. Олардың бірі – қоғамдық өндірістің дамуы
және оның ғылыми-техникалық негіздерін жетілдіру. Қоғамдық өндірістің
үдемелі ғылыми-техникалық деңгейін көтеру жеке адамның және техникалық
білім алу сапасына барынша ықпал жасайды, білім беру жүйесін жоғары сатыға
көтереді және үнемі дамытуды талап етеді.
Жоғарыда көрсетілген халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық
фактордың, оның ішінде мұғалімнің озық тәжірибесінің де әсері бар. Мектепке
дейінгі мекемелерде, орта мектептерде және кәсіби білім беру мекемелерінде
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында осы көрсетілген талаптарға
сәйкес келетін жастарды даярлап шығу ісі үлкен педагогикалық шеберлікті
талап етеді.
Қазақстан мектептерінде өсіп келе жатқан жас буындарды оқытудың
бірқатар озық тәжірибесі жинақталған. Осы тәжірибелердің белгілі бір
кезеңдегі жай-жапсарын зерттеу, танып білу, оның нәтижелерін нарықтық
экономика жағдайында мектеп оқушыларына шығармашылық білім беру жолдары мен
бағыттарын қарастыру бүгінгі күн талаптарынан туындап отыр. Бұл бағытта
көптеген ғылыми-зерттеулер жүргізілуде:
- ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің озық тәжірибесі мен
әдістемесі: Г.И. Рузавин, В.П. Кохановский, В.С. Степин,
В.И. Черников, К.Х. Рахматуллин, Г.Н. Волков және т.б.;
- озық педагогикалық тәжірибені ғылыми-зерттеу мәдениеті
мен тәсілдерін: С.И. Архангельский, Ю.К. Бабанский,
Л.В. Занков, В.И. Загвязинский, Н.В. Кузьмина,
Г.И. Щукина, Ш.Т. Таубаева және т.б.
- педагогикалық зерттеулердің әдістемесін: М.А. Данилов,
В.В. Кораевский, М.Н. Скаткин, Б.С. Гершунский,
Я.С. турбовский, Г.П. Щедровицкий, Н.Д. Хмель,
В.В. Краевский, В.А. Сластенин және т.б.
- тұтас педагогикалық үрдісте мұғалімнің зерттеушілік
іскерлігін қалыптастыру: Н.Д. Хмель, Г.М. Храмов,
С.Т. Каргин, Г.Б. Омарова, Т.В. Карпинская, Н.А. Абишев
және т.б.
Бірақ, бұл еңбектерде мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибесін
зерттеудің кейбір тұстары мен кезендері ашылғанымен тақырыптың әлі де болса
зерттелмеген тұстары көп.
Мәселені зерделеу барысында мектеп оқушыларының тұлғасын жан-жақты
сомдауда озық тәжірибелердің педагогикалық тұрғыдан толық зерделенбеуі мен
оны мектептегі оқу-тәрбие процесінде пайдаланбауының жеткіліксіздігі мектеп
сұранысы аралығындағы қарама-кайшылық туындап отыр. Бұл қайшылықтардың
шешімін табу біздің зерттеу проблемамыздың көкейкестілігін анықтайды.
Сондықтан да бұл курстық жұмысымыздың тақырыбын: Мұғалімнің озық
тәжірибелерін зерттеу және қорыту педагогикалық проблема деп қарастырдық.
Зерттеу пәні: Озық тәжиребелі мұғалімнің зерттеу мен қорытудың
қажеттілігін, барысы мен білім беру саласына беретін нәтижелері.
Зерттеу мақсаты: Мұғалімнің озық тәжірибелерін зерттеу жолдарын
анықтай отырып, болашақта мектептегі білім беру үрдісін ұтымдыландыру,
мектеп мұғалімі мен мектеп оқушыларының оқу-танымдық үрдіске қатысуын екі
жақтан да шығармашылықты ету.
Зерттеу міндеттері:
1.Озық тәжірибенің мәні мен мазмұнын анықтау;
2.Озық тәжірибені зерттеу мен пайдалану формаларын айқындау;
3.Қазіргі мектептегі мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибесін зерттеу мен
қорытуды ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеудің әдістері: тақырыпқа байланысты педагогикалық және ғылыми
әдебиеттеге теориялық, педагогикалық талдаулар жасау, салыстыру, жинақтау,
қорыту т.б. әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тарау,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, қорытынды және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу
әдісі, теориялық және практикалық мәнділігі тұжырымдалады.
І тарауда педагогикалық озық тәжірибенің мәні, мазмұны және оны
зерттеудің маңыздылығы көрсетілген.
ІІ тарауда Жаңашыл педагогтардың озық тәжірибелерін пайдаланудың
формалары, сондай-ақ қазіргі мектептегі мұғалімнің озық тәжірибесін зерттеу
мен қорытуды ұйымдастыру ерекшеліктері айқындалған.

1. Педагогикалық тәжірибенің мәні мен мазмұны
Озық тәжірибені тек қазіргі заманның ғана
жетістігі деп қана қарастыруға болмайды.
Тәжірибе өткен кезеңдерде пайда болса да,
қазіргі заман үшін озық болуы мүмкін.
Э.Г. Костяшкин
Педагогикалық тәжірибе оқу-тәрбие үдерісінің тұрақты бірқалыпты оң
нәтижелерімен сипатталады. Жекелеген мұғалім де, мұғалімдер тобы да,
әдістемелік бірлестік те, тұтас педагогикалық ұжым немесе тұтас алғанда
аймақтық білім беру жүйесі де озық педагогикалық тәжірибені жасаушы ретінде
қызмет атқаруы мүмкін.
А.А. Глинскийдің Жалпы білім беретін мекемедегі әдістемелік жұмыс деп
аталатын еңбегінде ... озық педагогикалық тәжірибені кең және тар болып
келетін екі мағынада қарастырған жөн делінген [1]. Кең мағынада алып
қарағанда озық педагогикалық тәжірибе – оқушылардың жоғарғы сапалы білімін,
олардың тәрбиелілігі мен дамуының жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін мұғалімнің кәсіби шеберлігі.
Ал, тар мағынасында алып қарастырғанда озық педагогикалық тәжірибе –
өзінің құрамында шығармашылық ізденіс, өзіндік дербестік, жаңалық (яғни,
жаңашылдық) бөлшектері бар мұғалімнің іс-қызмет әрекеті (практикасы).
Бұл екі мағынаның өзара жігін үнемі ажыратып отыру күрделі болғандықтан,
екеуін қоса-қабат қарастырамыз.
Сондықтан алдымен шебер деген сөздің мағынасын Дальдің сөздігі бойынша
анықтасақ, ол – өз ісінің ерекше білгірі деген мағынаны береді екен. Озық
тәжірибелі педагогтың шеберлігі оның іс-қимыл әрекеті арқылы көрініс
береді. Педагогикалық шеберлік дегеніміз – берілген уақыт шеңбері ішінде
педагогтың мүмкін ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізе алуы [2] немесе,
мұғалім тұлғасының жеке сапасы мен оның ғылыми білімі, әдістемелік
іскерліктері мен дағдысының шебер ұштасуы [3].
Осы тұрғыдан алып қарағанда Ш. А. Амонашвили, В.Ф. Шаталов,
Т.И. Гончарова, М. Жанпейісова және т.б. еңбектерінің нәтижесі өте жоғары.
Мысал үшін, психология ғылымдарының докторы, профессор Ш.А. Амонашвили
20 жылдан астам алты жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері
жөнінде зерттеу жұмысын жүргізіп, бастауыш сыныптар мұғалімдері үшін Как
живете, дети?, Здраствуйте, дети! атты құралдарын жазады. Осындай
щығармашылықпен еңбек етіп, оқыту мен тәрбие проблемаларына елеулі үлес
қосып жүрген жаңашыл мұғалімдердің іс – тәжірибесі мектептер үшін зор
сүйеніш.
Ол мектептің білім бағдарламасын жасөспірім оқушының жеке психо-
биологиялық даму бағдарламасына неғұрлым сәйкестендіруге, жақындатуға
ұмтылды. Сондай-ақ, Е.Н. Ильина сыныптағы қалыптасып жатқан педагогикалық
жағдайға әдеби шығармалардың үзінділері арқылы ықпал етіп отыруы осы
бағыттағы озық тәжірибенің көрінісі.
Педагогикалық шеберлік жүйелі жұмыс жасау нәтижесінде пайда бола
алатын педагогикалық құбылыс. Өйткені, педагогикалық озық тәжірибенің басты
маңызды негізі ретіндегі педагогикалық шеберлік біріншіден, мұғалім
тұлғасының гуманистік бағыттылығы педагогикалық үдерісті әлеуметтік-
демократиялық қоғам талаптары негізінде құруға мүмкіндік беретін жүйеқұрушы
фактор ретінде тұлға құрылымының өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе ретінде
қызмет атқаруы.
Әрбір мұғалімнің тұлғасының педагогикалық бағыттылығы сан қырлы. Ол
біріншіден өзіне бағытталады: өзін білгір, талап қоя алатын шынайы мұғалім
ретінде көрсетуге ұмтылу; екіншіден педагогикалық ықпал ету құралдарына
бағытталады; үшіншіден, оқушы немесе балалар тобына бағытталады;
төртіншіден педагогикалық мақсаттарға бағытталады.
Екіншіден, педагогикалық озық тәжірибеге кәсіби білімнің тереңдігі
негіз болады. Мұғалім жауап беру үшін мәңгі-бақи тақта алдына шақырылған
тұлға болып есептеледі. Болашақ педагогты оқытудың күрделілігі оған
берілетін білімнің бірнеше жақтан бірден қалыптастырылуының қажеттілігінен
пайда болады:
1. методологиялық жағынан – дамудың жалпыфилософиялық заңдылықтарын,
тәрбие беру мақсаттарының себептерін және т.б. білу;
2. теориялық жағынан – педагогика мен психологияның негізгі
принциптері мне ережелерін білу;
3. әдістемелік жағынан – оқу-тәрбиелік үдерісті құруды білу;
4. технологиялық жағынан – нақты жағдайда оқыту мен тәрбиелеудің
практикалық міндеттерін шешу жолдарын білу.
Көрсетілген білім салалары педагогтың педагогикалық мақсатқа қол
жеткізуге ұмтылыс барысында жинақталған білімдерді сұрыптау, қажеттілерін
іріктеу, топтастыру, талдау мен қайта құрай арқылы оларды технологиялық
түрге енгізе алу іскерліктері түріндегі озық тәжірибеге негіз болады.
Кейбір педагог – ғалымдардың зерттеу мәліметтері бойынша шығармашылық
тұрғыдан педагогикалық міндеттердің үш түрін атауға болады.
Тактикалық (тактика – қандай болса да мақсатқа жетудің жолдары немесе
әдістері) міндеттер жүйесі арқылы стратегиялық міндеттер анықталады.
Мысалы, тәрбиелеу және оқушыларды еңбекке баулу мәселелері жөнінде мұғалім
мынадай тактикалық міндеттерді іске асыруы тиіс. Олар: оқушылардың өмірге,
түрлі іс - әрекеттеріне көз қарасын белсенділігін, ынтасын арттыру, сынып
құжаттарында оқушылардың әлеуметтік пікірін қалыптастыру, оқушылардың
өзіндік басқаруының рөлін көтеру және т. б.
Статистикалық (стратегия - қандай болса да мақсатқа жетудің басшылық
өнері) міндеттерді шешу ұзақ уақытты талап етеді. Мысалы, мұндай
міндеттерге жеке адамның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуы, оқушыларды өмірге,
еңбекке баулу және олардың өзара қарым – қатынасы және т. б. жатады
Бұл міндеттерді шешу үшін оқушылардың, олардың ата – аналарының, сол
сыныпта істейтін мұғалімдердің және шефтердің іс - әрекеттерін нақты
жоспарлап, үйлесімді етіп, іске асыру қажет.
Оперативтік міндеттер – бұл іс әрекеттерін тікелей орындау, яғни
тактикалық міндеттерден оперативтік міндеттерге көшіп, мәселелерді
балалардың қатысуымен дереу шешу.
Әрине, бұл міндеттерді оқу – тәрбие процесінде шешу мұғалімдердің
іскерлігіне, тәжірибелігіне, терең және берік біліміне тәуелді.
М.Н. Скаткин Озық педагогикалық тәжірибе – тұрақты жоғарғы нәтиже
беретін білім берудің жаңа іс-қызмет әрекеті, - деп есептейді.
Озық педагогикалық тәжірибе көпшіліктің жинаған іс-тәжірибесінің
негізінде туындайды және көптеген параметрлері жағынан көпшіліктік
тәжірибеден алда тұрады. Озық педагогикалық тәжірибе көпшіліктік
тәжірибеден бірқатар белгілер арқылы ажыратылады. Оның ішіндегі ең
маңыздылары – оның өзектілігі мен көкейтестілігі, жаңашылдығы, қайталана
алатындығы, нәтижесінің тиімділігі мен тұрақтылығы болып табылады.
Іс-тәжірибенің анықтап, оған тиісті баға беру және педагогикалық
көпшілік арасына насихаттап тарату үшін бірқатар критерийлер жасалған. Оның
негізгісі – қарастырылып отырылған тәжірибенің қазіргі заманғы
педагогиканың жетекші идеялары мен республика педагогтарының тәжірибелік
ізденістерінің негізгі бағыттарына сәйкес келуі критериі.
Озық педагогикалық тәжірибені зерттеуші әдістемешілер оны келесі
белгілеріне байланысты классификациялайды:
А) Масштабы бойынша:
- жекелеген озық педагогикалық тәжірибе;
- типтік озық педагогикалық тәжірибе;
- дербес озық педагогикалық тәжірибе;
- топтық озық педагогикалық тәжірибе;
- жалпы озық педагогикалық тәжірибе.
Ә) Сапасы бойынша:
- Оң озық педагогикалық тәжірибе;
- Тиімді озық педагогикалық тәжірибе;
- Тиімсіз озық педагогикалық тәжірибе;
- Ұтымды озық педагогикалық тәжірибе;
- Алдыңғы қатарлы озық педагогикалық тәжірибе.
Б) Жаңашылдығы бойынша:
- Репродуктивті;
- Шығармашыл;
- Жаңашыл озық педагогикалық тәжірибе болып бөлінеді.
Қорыта келгенде, мұғалімнің озық тәжірибесі дегеніміз мұғалімнің жоғары
педагогикалық нәтиже бере алатын ұшталған шеберлігі. Өйткені, тәжірибесі
озық мұғалім үнемі жаңа әдіс-тәсілдерді ойлап тауып отырмайды, алайда ғылым
анықтаған принциптер мен әдістерді ұтымды пайдалана алуы басқа барлық
мұғалімдердің үлгі алуына жақсы база бола алады. Ал, жаңашыл озық
тәжірибелі ұстаз табысты мектептің негізін қалаушы бір ажырамас құрамды
бөлігі, жасөспірімдердің болашағының жарқын болуының бір кілті болып
табылады.

зерттеудің маңыздылығы
Педагогикалық қабілеттілік іштен бірге туатын дарын болып қана қоймай,
өмірде де қалыптасады. Оны өз қызметінің табыстылығына мүдделі кез-келген
педагог игере алады. Сондықтан, озық тәжірибені қалыптастыру алдында
педагог тұлғасының оған даярлығы кезеңі болады.
Мұғалімнің озық тәжірибені қалыптастыру алдын өз тұлғасында
қалыптасатын білім мен іскерлік кешені 4 бөліктен тұрады:
1. Әдіснамалық (методологиялық);
2. Пәндік-теориялық;
3. Әдістемелік;
4. Технологиялық.
Мұғалімнің озық іс-тәжірибесін қалыптастырудың әдіснамалық бөлігіне
кіретін білім қоры мыналар: ізгілікті философия, философия ғылымы, ғылым
әдіснамасы.
Мұғалімнің озық іс-тәжірибесін қалыптастырудың пәндік-теориялық
бөлігіне кіретін білім қоры мыналар: мұғалімнің өзі оқытатын пәні бойынша
теориялық білімі, педагогика, психология, дидактика, педагогикалық
инноватика бойынша жаңа білімдер.
Мұғалімнің озық іс-тәжірибесін қалыптастырудың әдістемелік бөлігіне
кіретін білім мен іскерлік қоры мыналар: мұғалімнің өзі беретін оқу пәнінің
тарихы менәдістемесін білуі және тәрбие жұмыстарын, сыныптан, мектептен тыс
жұмыстарды өткізу әдістемесін білуі жатады.
Мұғалімнің озық іс-тәжірибесін қалыптастырудың технологиялық бөлігіне
кіретін білім мен іскерлік қоры мыналар: мұғалімнің өз пәні бойынша нақты
педагогикалық технологияларды білуі, меңгеруі және оны өз тәжірибесінде
қолдануы жатады, сондай-ақ мұғалімнің тәрбиелік технологияларды білуі,
меңгеруі, пайдалануы да кіреді.
Осы аталған бөліктерге толығырақ шолу жасап өту қажетті. Әдіснамалық
бөлік коммуникативтік, әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, философиялық және
әдіснамалық білімді меңгеруі, әдіснамалық рефлексияны меңгеруі сияқты
бірнешен критерий талаптарына мұғалім тұлғасының сәйкес келуін қажет етеді.
- Коммуникативтік критерий бойынша озық тәжірибелі мұғалім мол ақпарат
көздерінен (Интернет, баспасөздік ақпарат, байланыс құралдары) өзіне
керекті білім қорын жинақтай алуы шарт. Соонымен қоса, қарастырылып
отырылған критерий озық тәжірибелі мұғалімнің қарым-қатынастық іс-
әрекетіндегі ашықтығын, өзінің мақсатын орындауындағы барлық мүмкіндіктерді
пайдалана алуын да талап етеді. Әлеуметтік тәжірибені игеру критериі
мұғалім өз тәжірибесі негізінде объект-субъект позицияларды ауыстыра алу
қабілеттілігін көрсетеді. Яғни:
❖ Мұғалімнің өзін оқушының орнына қоя алу алуы;
❖ Мұғалімнің ақпаратты жеткізушіден ақпаратты берушіге өтуі және
т.б.
Мұғалімнің интеллектуалдық деңгейінің артуы үшін философия және басқа
ғылымдарда (педагогика, психология) ашылып жатқан жаңалықтардан хабардар
болып отыруы. Мұғалімнің қоғамда жинақтаған білімін оқушылардың жеке басын
сыйлауда, құрметтеуде пайдалануы.
- Философиялық және әдіснамалық білімдерді меңгеру критериі мұғалімнің
өзінің сапасы мен қоғамдық беледілігін арттыруы үшін ұдайы философиялық,
әдіснамалық білімдерді игеруін, мұғалімнің философиялық-әдіснамалық
білімдер жүйесін өзінің озық тәжірибесін қалыптастырудың қайнар көзі, өзегі
екенін түсінуін, мұғалімнің жаңа дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру үшін
философиялық-әдіснамалық ғылымның жаңа білім қорын меңгеруін талап етеді.
- Мұғалімнің әдіснамалық рефлекияны меңгеру критериі мұғалімнің
логикалық байланыс заңдылықтары мен ұстанымдарын меңгеруін; аңа ұғымдарды
еркін қабылдауын; педагогикалық құбылыстар мен үрдістердегі маңыздыларды
қосалқыларынан ажырата алуын; ө ойын еркін жеткізуін; кез-келген
тұжырымдарға сын айта алуын; тұжырымдарды негіздей және талдай білуін; оқу-
тәрбие үрдісін жоспарлай және құрастыра алуын; қойылған педагогикалық
мақсатты шығармашылық деңгейде шеше алуын; әдіснамалық ізденіс жүргізе
алуын, яғни педагогикалық үрдісте оқушының тұлғасын дамыту бағытындағы
шығармашылық ізденіс жасай алуын; өзінің әдіснамалық рефлексиясын
сипаттайтын көрсеткіштері арқылы өз іс-тәжірибесін бағалай алуын талап
етеді.
Пәндік-теориялық бөлік мұғалімнің өз пәні бойынша теориялық білімінің
жоғарылығын, өз пәні бойынша ғылыми әдістерді меңгеруі, ғылымның даму
тарихы мен оның жетістііктері туралы білімдері болуы, оқушылардың
психологиялық ерекшеліктерін білуі критерийлерінің талаптарына сәйкес
келуін қарастырады.
- Өз пәні бойынша ғылыми әдістерді меңгеруі критериі өз пәнінің
мақсатты жаңа бағыттарын жете меңгеруін; ғылымның негізгі жаңалықтарын
меңгеруін; білім мазмұнын жаңартудағы негізгі бағыттарды түсінуін талап
етеді.
- Ғылымның даму тарихы мен оның жетістіктері туралы білімдері болуы
критериі мұғалімнің ғылыми танымның жаңа әдістерімен таныс болуын; ғылыми
қолданысқа енген жаңа әдістерді меңгеруі; ғылыми қолданысқа енген жаңа
әдістерді өз іс-тәжірибесінде пайдалана алуын қажет етеді.
Әдістемелік бөлік мұғалімнің оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін
білуі, оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, дамытудың психологиялық заңдылықтары
туралы білімі, педагогикалық теориялық негіздер бойынша білімі, оқушының
оқу пәні бойынша білім мазмұнына сәйкес білімі болуы, оқу пәні бойынша
оқушыларды оқытудың әдіс-тәсілдері туралы білімі, ғылымның даму тарихы мен
соңғы жетістіктері бойынша және оқу пәні бойынша оқушыларды оқыту
құралдарын білу бойынша білімі критерилеріне сәйкес келуін талап етеді.
- Мұғалімнің оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін білуі критериі
мұғалімнің тәрбиелеудің, оқытудың мазмұнын, формасын, әдістерін таңдағанда
міндетті түрде оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алуы;
мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісінде жанға жайлы психологиялық ахуал туғыза
алуы; мұғалімнің оқушының жеке тұлғасын дамытатын психодиагностикалық әдіс-
тәсілдерді меңгеруін талап етеді.
- Оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, дамытудың психологиялық заңдылықтары
туралы білімі критериі мұғалімнің ғылыми таным заңдылықтарын білуін;
мұғалімнің жас кезеңдеріне сәйкес оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, дамытудың
психологиялық ерекшеліктерін үнемі басшылыққа алуын талап етеді.
- Педагогикалық теориялық негіздер бойынша білімі критериі мұғалімнің
оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту үрдісіндегі педагогикалық мақсат,
міндеттерді айқын қоя алуы; мұғалімнің оқу-тәрбие әдістерін дұрыс таңдай
алуы; мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын жаңарту мақсатында оқу-
тәрбие үрдісінің жаңартылған дәстүрлі емес формаларын меңгеруі; оқу-тәрбие
үрдісінің нәтижесін, оқушылардың тәрбиелілік және білімділік деңгейін
анықтауда мұғалімнің педагогикалық диагностика әдістерін меңгеруін қажет
етеді.
- Оқушының оқу пәні бойынша білім мазмұнына сәйкес білімі болуы
критериі оқушыны тәрбиелеу, оқыту, дамыту жүйесіндегі оқу пәнінің рөлін,
маңызын оқушының түсінуі; оқу пәні бойынша оқушының оқытудың міндет-
мақсатын ұғыны; мұғалімнің өз пәні бойынша оқушының қабылдауға, меңгеруге
тиісті білім, білік, дағдылар жүйесін білуі; мұғалімнің өз пәні бойынша оқу
бағдарламасы мен жоспарларына қажетті түзетулер енгізе алуы; авторолық
бағдарламалар ұсына алуын талап етеді.
- Оқу пәні бойынша оқушыларды оқытудың әдіс-тәсілдері туралы білімі
критериі өз пәні бойынша оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеруі, оның
қажеттісін өз тәжірибесінде пайдалана алуы; өз пәні бойынша оқытудың
инновациялық әдіс-тәсілдерін меңгеруін талап етеді.
- Ғылымның даму тарихы мен соңғы жетістіктері бойынша және оқу пәні
бойынша оқушыларды оқыту құралдарын білу бойынша білімі критериі оқу пәні
бойынша оқушыларды оқытудың мазмұны, формасы, әдіс-тәсілдерінің өзара
байланыстарын түсінуі; мұғалімнің өз пәні бойынша оқытуды ұйымдастырудың
жаңартылған формасын меңгеруін; оқу пәні бойынша оқу құралдарының
жаңартылған түрлерін пайдалану (аудио-, видео-, компьютерлік, мульмедиялық
құралдар); оқушылардың пәнге деген қызығуын және танымдық белсенділіктерін
арттыруда оқыту құралдарының ролі мен маңызын түсіну.
Технологиялық бөлік педагогикалық технологияның философиялық,
психологиялық, педагогикалық негіздері бойынша білімдері, педагогикалық
технология тәсілдерін меңгеруі, педагогикалық технологияны меңгеруі
критерийлеріне сәйкес келуді талап етеді. Оның өзінде –
- Педагогикалық технологияның философиялық, психологиялық,
педагогикалық негіздері бойынша білімдері критериі мұғалімнің педагогикалық
технологияның философиялық негіздерін меңгеруі; мұғалімнің педагогикалық
технологияның психологиялық негіздерін меңгеруі; мұғалімнің инновациялық
педагогикалық педагогикалық технологиялардың ерекшеліктерін ажырата алуы;
мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологияның мазмұнын, мағынасын,
құрылымын, негізгі ұстанымдарын меңгеруін талап етеді.
- Педагогикалық технология тәсілдерін меңгеруі критериі мұғалімнің
инновациялық педагогикалық технологияның оқушылардың білім дәрежесіне
әсерін бағалай алуы; мұғалімнің өз пәні бойынша оқытудың инновациялық
технологияларын меңгере алуын қарастырады.
- Педагогикалық технологияны меңгеруі критериі мұғалімнің оқу-тәрбие
үрдісіне инновациялық технологияның ролі мен маңызын айқындай алуы;
мұғалімнің инновациялық технологимен оқу-тәрбие үрдісін жобалай алу
алгоритмін меңгеруі; мұғалімнің инновациялық технологияны оқу-тәрбие
үрдісінде пайдалана алуы; мұғалімнің оқушы іс-әрекетін жоспарлай алуын

пайдаланудың формалары
Жаңашыл педагогтардың озық тәжірибелерін пайдалану барысында
республикалық орта білім беру жүйесі әлемдік стандарт деңгейіне жақындап,
күн талабына сәйкес келерлік дәрежеге жетеді. Сондықтан, Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігі, оның мұғалім біліктілігін
жетілдіру институты мен кабинеттері мұғалімнің озық тәжірибені меңгеруінің
бірқатар бірізді мазмұнын жасап шығарған. Жаңашыл педагогтардың озық
тжірибелерін пайдалану үш түрге бөлінеді: 1. Теориялық; 2. Тәжірибелік және
3. Әдістемелік.
Теориялық тұрғыдан алғанда мұғалімдердің педагогикалық озық тәжірибесі
біртұтас педагогикалық үрдіс теориясы, ғылыми-зерттеу жұмыстарының
теориясы, педагогикалық рефлексия мен өзіндік рефлексия теориясын,
педагогикалық инновациялық бағыттағы тұжырымдамалар мен бағдарламаларды
жоғарғы оқу орындарындағы Педагог мамандығындағы студенттер үшін
Инновациялар. Педагогикалық технологиялар теориясы мен тәжірибесі атты
арнайы курстар, теориялық семинарлар, конференциялар, инновациялық
мазмұндағы оқулар, ғылыми-әдістемелік кешендер даярлау түрінде жүргізіледі.
Озық педагогикалық тәжірибені екі жағынан бірдей танылады: бірінші
жағы, баланы қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу, екінші
жағы, оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны
қолдана білу. Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі калыптасып
жетіледі. Бұл жөнінде біз өзімізге белгілі болып келе жатқан көптен таныс,
даңқты педагогиканың іс-тәжірибесін оқып үйрену арқылы педагогикалық
шеберліктерді танып-біліп, олардың іс-тәжірибелерін жаңа жағдайда жаңа
форма-әдістермен жандандыра отырып, өз ісімізде басшылыққа алуға тиіспіз.
Сонда ғана өзіміздің педагогикалық шеберлігімізді жетілдіріп, шыңдай
түсеміз.
Мысалы, А.С.Макаренконың, М.Горький атындағы, Э.Дзержинский атындағы
балалар колониясындағы атқарған педагогикалық шеберлігі "Ұстаздық дастан",
"Мұнара үстіндегі тулар" атты еңбектерінде айқын суреттелінген.
Қазақстанда педагогикалық іс-әрекеттің шеберлері Макаренконың
педагогикалық шеберлігін қайталаушы Семей облысы "Көкпенті" балалар үйінің
директоры Жақия Шайжүнісов, Алматы қаласындағы қиын балалар үйінің
директоры - Архимед Мыңбаевтың іс-әрекеттері нағыз шеберліктің үлгісі
болады.
Қазір бір жаңашыл деп атап жүрген бір топ педагогтардың: И.Ф.Шаталов,
И.Е.Ильина, Ш.А.Аманашвили, Т.И.Гончаров, С.Н.Лысенко т.б. педагогтардың іс-
әрекеттерінен нақты педагогикалық шеберлікті байқаймыз.
Қазақстанда Макаренконың тәжірибесін басшылыққа алушы, өзінің қиын
балалармен жұмыс ұйымдастыруда Архимед Мыңбаев тәрбие жұмысының құралы етіп
еңбек процесін адды. Әр оқушының ерекшелігін біле отырып, еңбекке баулаудың
нәтижесін олардың жүрегінен жол тауып, "Қиын" оқушыларды дұрыс жолға сала
білді. Еңбекке деген олардың сүйіспеншілігін арттыра біледі.
Кейбір педагогтар іс-әрекет құралдары ретінде, бірлескен коллективтік
оқуды, басқа да бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыруды құрал еті. пайдалана
білді. Мысалы Москвалық мұғалім В.А.Караковский, Ленинградтың мұғалімі
В.Н.Сорока-Россинский тәрбие жұмыстарының құралы етіп коллективтік оқуды
ұйымдастыруды алған. Мұндай тандау олардың шеберлік және мүмкіндік ыңғайына
байланысты жүргізілді.
Озық педагогикалық тәжірибені облыстық деңгейде таратудың маңызды
құрамдас бөлігі облыс мектептері мен педагогтарының тәжірибесімен танысу,
оны зерттеу болып табылады. Мектеп мұғалімі үшін қызғылықты, әрі оның
күнделікті оқу үрдісіне қажетті, алайда ол үшін меңгерілуі қиынға соғып
жүрген қандай озық педагогикалық тәжірибенің бар екендігін анықтап, осы
бағытта тиісті мақсатқа бағындырылған мұғалім мамандарды қайта даярлауды
жүзеге асыру олардың жұмысының ең негізгі маңызды бөлігі.
Озық педагогикалық тәжірибені педагогтардың арасына тарату бұрыннан
белгілі, сыналған білім беру формалары мен түрлері – білім жетілдіру
институттары мен курстарының, сүйеніштік мектептер, озық тәжірибе жасалған
мектептер базаларында өткізілетін лекция және семинар, семинар-
практикумдар, ғылыми-практикалық конференциялар, шеберлік үлгілері (мастер-
классы), озық тәжірибелі ұстаздар мен білім жетілдіру институттарының
әдіскерлерінің тақырыптық кеңес берулерді ұйымдастыруы түрінде
ұйымдастырырылып өткізіледі, көпшілік мұғалімдер арасына таратылады.
Озық педагогикалық тәжірибені тәжірибелік үлгідегі үйрену барысына
келетін болсақ, онымен жоғарыда көрсетілген үлгілер арқылы ізденімпаз
мұғалімнің өзі жеке айналыса алады, немесе, арнайы мақсат көздеген жоспар
арқылы аудандық, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі мұғалімдердің
біліміні көтеру кабинеттері, институттарының арнайы жұмыстары жүргізіледі.
Нәтижесінде озық тәжірибелі ұстаздың педагогикалық жетістіктері
жинақталады, өңделеді, жас және тәжірибесіз ұстаздардың пайдалануы үшін кең
насихатталады. Жоғарыда көрсеткеніміздей, озық педагогикалық тәжірибеге
республикалық деңгейде тіпті стратегиялық мән-мағына да берілуі мүмкін.
Осыдан келіп, озық педагогикалық тәжірибені пайдаланудың, үйренудің
әдістемелік үлгісі келіп шығады. Бұл кезеңде
- арнайы педагогикалық оқулар;
- арнайы курстар;
- арнайы практикумдар;
- озат іс-тәжірибе зертханалары;
- арнайы педагогикалық тренингтер;
- арнайы оқу құралдары;
- арнайы оқу-әдістемелік, көмекші құралдар;
- арнайы авторлық бағдарламалар, тұжырымдамалар, оқу
құралдары жасалып, әр жыл сайынғы қажеттілікті көрсетіп
отырған мұғалімдер контингенті осы аталған әдістемелік
үрдіске кең тартылуы тиіс.
Озық тәжірибенің үлгілері, әсіресе, Қазақстан Республикасының білім
беру аумағына кең тараған үлгілерінің бірі – М. Жанпейісованың модульдік
технологиясы. Бұл технологияны үйретуде Республикалық мұғалімдер білімін
көтеру институтында озық тәжірибе авторының өзі дәріс береді.
Сонымен қоса-қабат, болашақ ұстаз-студенттер жоғарғы оқу орнында оқып
жүрген кезден бастап-ақ, болашақ мамандығына қатысты ғылыми-әдістемелік
кешенді жинақтап, даярлауы қажет.
Мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибені пайдалану мазмұны біртұтас оқу
үрдісіне жаңалық енгізумен, 2008 жылдан бастап жаппай 12 жылдық мектепке
көшу бойынша эксперименттік жұмыстарын өткізумен, бірінше кезекте 12 жылдық
мектепке арналған жаңа оқулықтар мен оқу, ғылыми-әдістемелік кешендерді
сынақтан өткізумен байланысты. Осы кезекте осы бағытта ұйымдастырылған
арнайы авторлық курстарға қатысу, педагогикалық оқулардың мектепішілік,
аудандық деңгейінен бастап, халықаралық деңгейге дейінгі барлығына қатысу,
тәжірибелік семинарларға қатысу, конференцияларға қатысу, өз іс-
тәжірибесімен бөлісу, басқалардың тәжірибесін үйрену сияқты саналуан
формаларды пайдалану нәтижелі түрде озық педагогикалық тәжірибенің
мұғалімдер қауымының арасында кең тарауына мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында озық педагогикалық тәжірибені пайдалану және
тарату ісінде мынадай бір нәрсеге көңіл аударғанды жөн деп санаймыз.
Республикалағы қазіргі кезде қалыптасқан озық педагогикалық тәжірибені
пайдалануға деген сұраныс тек облыстық және республикалық деңгейде
қанағаттандырылып отырады.
Мұғалім - өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-
білімде.
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша
ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп
жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан
құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді,
жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық
дамуына үлес қоса алады.
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі
мол шығармашылықты сүйеді. өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен
әлеуметтік іс - әрекетіне дайындау – мұғалімдерді көп іздендіріп,
ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта немесе
жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен
оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы
тиіс. Сонда ғана мұғалім жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің
теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола
алады.
Халқымыз қадым заманнан ұзтазды ерекше құрметтеген десек, Ыбырай
Алтынсарин, Спандияр Көбеев, кезінде жаппай сауаттандыру жұмыстарының басы
– қасында жүрген Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынұлы сынды
зиялыларымыздың ұзтаздық абыройлары асқақ, беделі жоғары екендігін білеміз.
Кеңестік дәуір деген атпен тарихта қалған өткен кезеңде де ұстаз
мамандығына деген қызығушылық басым болды. Мектеп қабырғасында жүргенде
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кім болам? атты шығарма
жаздырды. Ол кезде 9 сыныпта оқитынмын, рйланбастан ұстаз боламын деп
жазғаным әлі есімде.
Қазіргі кезде мұғалім мәртебесі жайлы жиі әңгіме қозғалып жүр. Бедел
сатып алатын дүние – мүлік емес, ол мұғалімнің біліміне байланысты. Өз
пәнін жетік білетін ұстаз сыныптағы оқушының бар ынта – ықыласын өзіне
аударып, сабақты қызықты өткізеді. өтілетін тақырыпты толық меңгермеген
мұғалім алдындағы шәкірттеріне не берсін? өкінішті болса да айтайын, ондай
әріптестеріміз әлі де арамызда кездеседі. әрине, оған себеп те көп.
Ащы болса да шындық қазір мұғалім мамандығына баратындар оны табыс
табудың көзі деп түсінеді. өйткені, қалада, ауылда болсын мұғалімге жұмыс
табылады. Осылайша мәртебелі мамандығымыз екі қолға бір жұмыс демекші,
болсын болмасын нан табатын кәсіпке айналып шыға келді. Сайып келгенде,
орын алған осындай жайлар мектептегі білім сапасына, мұғалім беделіне кері
әсерін тигізуде.
Ендеше мұғалімнің қоғамдағы орнын, беделін көтеруді жан – жақты
ойластырып, мұғалімнің мәртебесі немесе мұғалімнің қоғамдағы орны туралы
заң қабылдануы қажет деген ойдамын. Жаңа білім және ғылым министірі
Жансейіт Түймебаевтің дәрігерлер адам денсаулығын қорғау жолында ант
қабылдайды, мұғалімдер шәкірт тәрбиелеу мен оқытуды өздеріне неге осындай
талап қоймсақа деген пікіріне толық қосыламын.
Адамға наннан, денсаулықтан кейінгі ең қажеттісі – білім. Демек, оны
кез – келген адамның меңгеруі, алып жүруі үшін үлкен жауапкершілік
жүктелетіні белгілі. Сонда институтты сырттай немесе ақылы тұрғыда бітіріп,
мұғалім атын иемденіп жүргендерде ойланар еді.болмаса өзі оқымаған адам,
оқушыға қалай оқы дейді? Осының аражігін ашатын кез келді.
Мұғалім – үнемі ізденісте, қоғам дамуымен бір жүретін тұлға. өйткені,
қазіргі жас ұрпақ сауатты, компьютердің құлағында ойнап, баспасөзді өалт
жібермесе, көгілдір экраннан әлемдегі жаңалықты бойына сіңіреді. Нендей
сұрақ пен сауал болмасын мұғалім дайын болуы керек. Бұл пәнге қатысты емес,
баланың ой - өрісін дамыту мәселесіне қатысты ойым.
Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, бәсекелестікке қабілетті
болуы үшін – ең алдымен жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие, ғылым
жаңалықтарынан сусындату міндеті тұр. Ал оның қайнар көзі ұзтаз еңбегінен
басталады. Жоғарыда айтқандарыма қосарым, мұғалімдердің дені - өз
жұмыстарынан нәр алып, жаны жадырап жүргендері шамалы. Көп жылы еңбегі бар
ұстаздар да, біріне тартса, біріне жетпейтін тірлік кешіп келеді. Осы
орайда, өткен жылдан бастап облыс әкімі Серік Үмбетов көп жылдардан бері
есімізден шығып, ұмыт болған коммуналдық қызметке деген төлемдерімізді
қайтарды.
Елбасымыз Н. Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің 3 съезінде:
Білім беру мен ғылымның дамуы – бұл саяси әрі жалпыұлттық міндет деп
алдымызға айқын мақсат қойды. Бұл мұғалім беделін көтерудегі оң қадам. Ал
бедел өздігінен келмейтінін біліп, оны осы жолда өзіміз көп ізденіп, бала
жүрегіне жол тауып, кәсіби шеберлік шыңынан көрінуге ұмтылғанымыз абзал.
Ширек ғасырдан астам қоғамдағы басты буын – оқушыларды оқытумен бірге
тәрбиелеуде тәжірибе жинақтағандай. Сөз соңында айтарым, білім ұзтаз бен
шәкірттен шәкірттен өз жұмысына селқос қарауды, немқұрайдылықпен
жайбасарлықты көтермейтін, керісінше тек ілгерушілікті, талапты, қайрат –
жігер, биік талғамды қажет ететін сала. Осы ізгіліктер ұзтаздардан табылса,
қалған өмірде кездесетін ұсақ –түйекті жеңетінімізге сенімдімін.
2.2 Қазіргі мектептердегі мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибесін зерттеу
және қорытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Кез-келген мектеп оқушысының білім алуы мен тәрбиеленуінің табыстылығы
жекелеген мұғалімдер мен ұстаздардың шығармашылық жаңалығының көпшіліктің
назарына қаншалықты тез, әрі түсінікті жария етілуіне тәуелді болады.
Сондықтан, мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибесін зерттеу,
тұжырымдау және тарату жұмысы тоқтаусыз жүргізілуі тиіс.
Егер тәжірибенің фактілерін қорытындылап, тұжырымдап отырмаса,
педагогикалық теория әншейін бос сөз болып қала бермек (К.Д. Ушинский).
Мұғалімнің озық тәжірибесімен танысу, оны зерттеп-білу және меңгеру
жекелеген педагогтың да, тұтас педагогикалық ұжымның да теориялық жағынан
өсуінің, педагогикалық шеберлігінің артуының құралы болып табылады.
Педагогикалық іс-тәжірибенің ұтымды фактілері қаншалықты ұқыптылықпен
мұқият жинақталса да, егер оларға жан-жақты талдау мен тұжырымдау
жасалмаса, өзбеттерінше ешқандай нәтиже немесе пайда бермейді.
Тұжырымдау дегеніміз – бөліктерді тұтасқа ойша біріктіру, қорытынды
жасау.
Сондықтан, озық педагогикалық тәжірибені тұжырымдау мен оқу үрдісіне
енгізу – мектептегі әдістемелік жұмысты меңгерудің ажырамас бөлігі.
Озық педагогикалық тәжірибені талдау, тұжырымдау жұмысымен кез-келген
мұғалім немесе қызметкер айналыса алмайды. Озық педагогикалық тәжірибені
талдау, тұжырымдау және оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің өзі бірқатар
дайындықты, шығармашылық ізденісті қажет етеді. Сондықтан мұғалімнің озық
педагогикалық тәжірибесін кімдердің зерттеуі қажет деген мәселені шешу
педагогика ғылымы және әдістемелік қызметтің басты мәселелерінің біріне
айналмақ. Сонымен қоса-қабат тұжырым жасаудың негізгі тақырыбын және осы
үрдістің негізгі бағыттарын да айқындау қажет. Алдымен, озық педагогикалық
тәжірибені кім талдап-тұжырымдауы қажет деген мәселеге тоқталып өтейік:
1. озық тәжірибені зерттеу мақсатын дәл ойластыра отырып,
мұғалімнің өзі, сондай-ақ, әдістемелік қызмет қызметкерлері;
2. мектеп басшылығы, әдістемешілер, ғалымдар жетекшілігімен шебер-
мұғалімдер;
3. осы мақсатқа арнайы даярланған мамандар (білім беру
бөлімдерінің әдіскерлері) озық педагогикалық тәжірибені талдап-
тұжырымдайды, зерттейді және көпшілік мұғалімнің пайдалануы
үшін оқу-тәрбие үрдісіне енгізеді.
Сонымен қатар, мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибесін енгізудың үш
деңгейі айқындалған:
1) мектептік;
2) аудандық, қалалық;
3) облыстық, республикалық.
Мектептік (1) деңгейде әдістемелік міндеттер негізгі, жетекші болып
саналады. Мектептегі озық тәжірибелі шебер педагогтың тәжірибесін
зерттеудің үлгісі келесідей:
№47 тарихи-гумаитарлық мектеп-гимназия мектебіндегі озық тәжірибелі
педагогтың тәжірибесін зерттеу үлгісі
Зерттеудің мақсаты мен міндетін анықтау; өзекті, көкейтесті тақырыпты табу
АНЫҚТАУ
Озық тәжірибелі шебер ұстаздың педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесінің
өзекті мәселелерін шешудегі жетістіктері
ОЗЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ТУРАЛЫ ФАКТІЛІК МАТЕРИАЛДЫ ЖИНАҚТАУ
ТІКЕЛЕЙ: ҚОСЫМША:
1. Оқу-тәрбие үрдісін бақылау 1. Педагогикалық әдебиеттермен
танысу
2. Озық тәжірибелі ұстаз және мектеп2.Озық тәжірибелі ұстаздың өз
басшылығымен әңгіме жүргізу тәжірибес туралы жасаған
қолжазбаларын жинақтау (баяндамалар,
әдістемелік жазбалар)
3. Мектеп құжаттарына талдау жасау 3. Озық тәжірибелі ұстазға
әдістемелік тапсырмалар беру
(анкеталар және т.б.)
ТАЛДАУ, ТҰЖЫРЫМДАУ, ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ
Зерттелген тәжірибенің типтік белгілерін табу;
Оның педагогикалық мән-мағынасын және маңызын табу;
Озық тәжірибелі ұстаздың жұмыс жүйесін сипаттау және негіздеу.
Бұл деңгейде мұғалімнің кәсібилік деңгейін көтеру орталығы тікелей
мектептің өзі, сондықтан бұл жерде мұғалімнің, педагогтың шығармашылдық
мүмкіндігін, оның дербес ерекшелігін толық ашуға жағдай жасалуы тиіс.
Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру жауапкершілігі мектеп
директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жүктеледі.
Сонымен қоса-қабат мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибесін
монографиялық зерттеу жолы да бар:
Кесте №2.
Мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибесін
монографиялық зерттеудің
жоспар-схемасы
Мұғалімнің тәжірибесін зерттеу және
Бөлімдердің аталымы есеп беру материалдарын жинау
әдістері
І. МҰҒАЛІМНІҢ ТҰЛҒАСЫ
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz