Кәсіпорындағы негізгі қорларды тиімді пайданудың теориялық негіздері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Кәсіпорындағы негізгі қорларды тиімді пайданудың теориялық

негіздері

1. 1 Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі қорларды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі

1. 2 Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері, оларды бағалау жолдары

1. 3 Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттыру факторлары

2. «Тараз энерго орталығы» АҚ-ның негізгі қорларын пайдалану

тиімділігін талдау

2. 1 «Тараз энерго орталығы» АҚ-ның даму тарихы мен құрылымы

2. 2 «Тараз энерго орталығы» АҚ-ның негізгі техникалық көрсеткіштерін

талдау

2. 3 «Тараз энерго орталығы» АҚ-ның экономикалық белсенділігін талдау

2. 4 «Тараз энерго орталығы» АҚ-ның негізгі қорларының құрамы мен құрылымын қозғалысын талдау

2. 5 «Тараз энерго орталығы» Ақ-ның негізгі қорларының белсенді бөлігін талдау

2. 6 Негізгі қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштерін талдау

2. 7 «Тараз энерго орталығы» АҚ-ның қор қайтарымының факторлық талдауы

3. Кәсіпорында негізгі қорлардың пайдалану тиімділігін арттыру

жолдары

3. 1 «Тараз энерго орталығы» АҚ-ның негізгі қорларын тиімді пайдалануын

арттыру шараларының экономикалық тиімділігін есептеу

Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыра отырып, ел экономикасының шикізаттық даму бағытынан арылып, өңдеуші өнеркәсіптерді дамыту жолымен экономика саласын диверсификациялау арқылы тұрақты даму жолына қол жеткізуді көздейді. Сондықтан өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге жарамды және экспортқа бағытталған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісі мемелекеттің индустриалды-инновациялық саясатының басты мақсаты болып табылады.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру экономика құрылымына сапалы өзгерістер әкелетіндігімен, соның ішінде адамзат, өндіріс және табиғи қорларды тиімді пайдалана отырып, экономиканың тұрақты өсуіне ықпал ететіндігімен сипатталады.

Қазіргі таңда негізгі өндірістік қорлардың жағдайы мен оларды тиімді пайдалану кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесіне тікелей әсер етеді. Кәсіпорында негізгі қорлар мен өндірістік қуатын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру барлық технико-экономикалық көрсеткіштердің оң нәтижесін көрсетеді. Соның ішінде өнім көлемінің өсуіне, өзіндік құнның төмендеуіне, дайындаудың еңбек сыйымдылығына, табыстау және өндіріс рентабелділігінің өсуіне ықпал жасайды.

Кәсіпорында негізгі қорларды қалыптастыруда ұтымды саясат жүргізудің маңызы зор. Ол ең алдымен кәсіпорында шығарылатын тауарларға нарықтық талаптарды және негізгі өндірістік қорлардың салалық ерекшеліктерін ескеру негізінде жүргізілуі тиіс. Кейінгі кезде еліміздегі өнеркәсіптегі негізгі қорлардың жағдайына ерекше мән берілуде. өйткені, оларды пайдалану деңгейі өнеркәсіптің және жалпы халық шаруашылығының даму жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Мұнымен қай кезде де кәсіпорындарда негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану мәселесіне үнемі назар аударылатыны түсіндіріледі.

Экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны іске асыру үшін алдағы міндет - бәсеке қабілетті экономика үлгісін таңдап, экономиканың негізі - өндірісті дамыта отырып, шикізат өндіруде қоршаған ортаны ластамай бірте-бірте таза өндіріске көшу, яғни қалдықсыз өндіріс деңгейіне жету жолында нарықтық тетіктерді қолдануымыз керек.

Отандық өнеркәсіптің тұрақты дамуына әсер ететін кедергілердің біріне өнеркәсіптегі техника сапасының төмен деңгейі болып отыр. Негізгі қорлардың моральдық және табиғи тозуға ұшырауы, кәсіпорындардағы өндірістің ескі құрал-жабдықтармен жұмыс істеуі импорттың аналогтармен бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім өндіруге әкеп соқтырады. Өнімге сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та толық жүктелмейді.

Қазіргі кезде қолданылатын техниканың ішінде де моралдық және табиғи тозығы жеткен құрал-жабдықтардың үлесі көп деп айтуға болады. Тоқтап тұрған құрал-жабдықтарды іске қосу шараларын ұйымдастыру әлеуеті төмен болып отыр. Жалпы моральды және табиғи тозығы жеткен өндірістік аппарат басым. Өндірістегі құрал-жабдықтардың орташа жасы 20 жылдан астам.

Бұндай қорларды ұзақ уақыт сақтау еліміздің өндірістік аппаратының әрі қарай ескіруіне әкеп соқтырады, экономиканың жоғарғы қарқынмен ішкі дамуына және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті жоғары өнім өндіруге мүмкіндік бермейді. Еліміздің техникалық артта қалуы күшейе түседі және ол жыл өткен сайын жинақталған ғылыми техникалық әлеуеттің толық жойылуына әкеледі.

Демек, негізгі қорларды жаңарту бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Оларды өз уақытысында ауыстыру, техникамен жарақтандыру, модернизациялау, реконструкциялау үрдістерін жеделдету үшін инвестициялық және инновациялық ресурстардың қажеттілігі туындайды. өнеркәсіп кәсіпорындарында жаңа техникаға қажеттіліктің өсуі, әсіресе машина жасау өнеркәсібі өнімдерін сатып алуға инвестиция жеткіліксіз. Кәсіпорынның техникалық базасының төмендігінен және инвестицияның тартымды болмауынан соңғы жылдары өнеркәсіптің өңдеу секторында инвестиция белседілігі бәсең болып келді. Инвестицияның басым бөлігі кен өнеркәсібіндегі мұнай-газ секторына бағытталды.

Дипломдық жұмыс 3-тараудан тұрады, оның алғашқы тарауы кәсіпорындағы негізгі қорларды тиімді пайдаланудың теориялық негіздерінен мағлұмат береді. Негізгі қорлар түсінігі, оларды пайдалану көрсеткіштері мен бағалау әдістері, сонымен қатар негізгі қорларды тиімді пайдалануға әсер етуші факторлар түсіндіріледі.

2-тарауда дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі «Тараз энерго орталығы» АҚ экономикалық белсенділігі мен кәсіпорындағы негізгі қорлардың пайдалану дәрежесі талданады. Сонымен қатар, негізгі қорлардың құрамы мен құрылымы, кәсіпорындағы негізгі қорлардың қозғалуы, негізгі қорлардың пайдалану тиімділігін көрсететін көрсеткіштер, кәсіпорынның қор қайтарымының факторлық талдауы жасалады.

3-тарауда кәсіпорындағы негізгі қорлардың пайдалану тиімділігін арттыру жолдары қарастырылады, мұнда «Тараз энерго орталығы» АҚ-ның негізгі қорларын тиімді пайдалануын арттыру жолдарына негізгі бағыттар беріледі.

Қорытындыда теориялық және тәжірибелік жұмыстар нәтижесінде алынған мәліметтерге сүйене отырып, негізгі міндеттер белгіленіп, оны іс жүзіне асыруға ұсыныстар беріледі.

Дипломдық жұмыс кіріспе бөлімінен, І, ІІ, ІІІ тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады,

1. Кәсіпорындағы негізгі қорларды тиімді пайдаланудың теориялық негіздері

1. 1 Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі қорларды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі

Кәсіпорынның негізгі белгісі - оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе жедел басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның қызмет етуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды. Негізгі қорлар - бұл өзінің құнын бөлшектеп жоғалтатын және ұзақ кезең бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар.

Негізгі қорлардың кеңейтілген қайта өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты олар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар болып бөлінеді. Өндірістің әрбір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:

1. Еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар) ;

2. Еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т. б. ) .

Еңбек кұралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді және өндіріс үрдісіндесінде еңбек өнімін шығарады.

Еңбек үрдісінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылыгы, жұмысшының оның жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.

Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік орталықтары, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған. Негізгі қорлар - бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын бөлектеп ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі. Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне өндірісте жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке ауыстырудың әр түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі қорлар өзінің әлеуметтік мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және тұтынушылық құн, пайдалы заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған қүн секілді натуралды түрде көрінеді. Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорларына келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер бөлімшелері, ғимараттар, құрылыстар жэне т. б. жылжуы мүмкін емес жермен байланысты объектілер), көлік құралдары, құрал-жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентарь, арнайы инструменттер және басқа да құрал-жабдықтар (библиотекалық қор, музей құндылықтары, тірі әлем экспонаттары және т. б. )

Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорлары олардың материалды-техникалық базасының негізін құрайды, олардың өсімі және жетілуі өнімнің сапасын көтеруінің және бәсеке қабілеттілігінің негізгі шарты болып табылады.

Негізгі қорларды көптеген өндірістік циклдар ішінде пайдаланады, олар біртіндеп тозады, қасиетін және қалпын сақтап өзінің құнын жаңа шыққан өнімге ауыстырады.

Негізгі қорларға қарағанда айналым қорлары бір өндірістік процеске қатысады және өзінің құнын шыққан өнімге толықтай ауыстырады (мысалға, құн өзінің құнын жаңа пайда болған өнім-нанға толықтай ауыстырады) .

Материалды активтер сатып алыну мақсатына байланысты негізгі қорлар есебінде, құрамында, тауарлы-материалдық қорларда немесе қаржылық инвестицияларда көрінеді, ал қайта сату мақсатымен сатып алынған болса - тауарлы материалдық қор құрамында; ұзақ уақыт бойы қаржы салу мақсатымен сатып алынған болса қаржылық инвестиция болып көрінеді.

Негізгі қорлар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты төмендегілерге бөлінеді:

- өндірістік - бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған жағдай жасайтын негізгі қорлар. Оның құрамына өндірістік ғимараттар және құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшейтін және бақылайтын құралдар және жабдықтар, лабораториялық құралдар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық инвентарь, инструменттер, көпжылдық отырғызулар. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша өлшеміндегі негізгі қорлардың бірлігіне өнім өндірісін сипаттайды;

- өндірістік емес - тұлынуға белгіленген негізгі қорлар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, кәсіпорын жұмысшыларының мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.

Тәнділігі бойынша негізгі қорлар келесідей бөлінеді:

- меншікті - ол субъектке тиесілі және оның балансында болатын негізгі қорлар;

арендаға алынған - ол басқа бір субъекттен аренда шартымен белгіленген бір мерзімге алынған негізгі қорлар. Ағымды аренда кезеңде оны аренда берушінің балансында болады, ал арендаға алушы шотында 001 «Жалға берілген негізгі қорлар» көрсетіледі. Арендаға берілген негізгі қорлар қатарына ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі қорлар жатады, егер арендаға алушы келісім шартта белгіленген сатып алу құнын аренда уақыты біткеннен кейін немесе бітпей тұрып өткізсе, онда ол аренда алушының меншігіне өтеді. Оларды сәйкесінше 121, 122, 123, 124, 125 субшоттарда «Ұзақ мерзімді жалға берілетін негізгі қорлар» есептейді.

- қозғалыстағы - өндірісте жэне шаруашылық қызметте пайдаланылатын негізгі қорлар;

- тоқтап тұрған - уақытша пайдаланылмайтын негізгі қорлар;

- запастағылар - қозғалыстағы негізгі қорларды жөндеуде, аварияда немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі қорлар. Заттай құрамына байланысты негізгі қорлар:

- мүлікті - заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар) ;

- мүліксіз - жерге, тоғайлық және сулы жерлерге (құрылыстардан басқа) капитал салымдары, яғни заттай формасы жоқ шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жалға алынған негізгі қорларға капиталдық шығындар және т. б. ) .

Өндірілген өнім және көрсетілген қызмет қай экономика саласына және қызмет түріне жатса, соған қатысқан негізгі қорлар сол экономика саласына және қызмет түріне жатады.

Негізгі қорлар

1. Материалды:

- Жер,

- Ғимараттар,

- Құрылыстар,

- Таратқыш кұрылғылар,

- Машина жэне құрал - жабдықтар,

- Тасымалдау құралдары,

- Инструмент, инвентарь,

- Көп жылдық отырғызулар,

- Балық көбейту жэне т. б.

Материалды емес:

  • Геологиялық барлау жұмыстары,
  • компьютерлі-программалық қамтамасыз ету, көркем шығарма түпнұсқасы (кітаптар, кино, суреттер, музыка жэне т. б. ) .

Ғылымға сыйымды технологиялар.

Негізгі қорлар жасайтын функциясына және мақсатты белгілеуіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

1. Жер - субъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және құны. Жерге деген меншік кұқығы «Жер учаскесіне меншік құқық актісі» мен бекітілуі тиіс. Инвентарлы болып жер бөлімшесіне меншік құқығы актісі берілген әрбір жер саналады.

2. Ғимараттар - еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, баспана және материалды құндылықтарды сақтауға арналған архитектурлы-құрылыстық объектілер. Инвентарлы объект болып әрбір бөлек тұрған ғимарат саналады.

3. Құрылыстар - еңбек затын өзгертпейтін қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі-құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай және газ скважиналары, платиналар, эстакадалар, мосттар) .

Мукамалар (инвентарь) болып әрбір бөлек тұрған кұрылыс саналады.

4. Өткізгіш кұрылғылар - электро, жылу және механикалық энергияны тасымалдауға арналған құрылғылар (электроөткізу линиялары, жылу желісі, қүбырлар) .

5. Машиналар және құрал-жабдықтар. Мукамалар объектісі болып әрбір машина саналады, егер ол басқа бір объектінің бөлігі болмаса, өзінің құрамына кіретіндер кұралдар, керек-жарақтар, қоршаулар, фундамент негізгі қорлардың бұл тобы 5-ке бөлінеді:

- күш машиналары және құрал-жабдықтар жылу және

электроэнергияны шығаратын машиналар, генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық энергияға айналдырылатын машина-двигательдері (тракторлар және өзі жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштен жану двигательдері) .

- күш машиналары және құрал-жабдықтар - еңбек өнімін шығару процесінде еңбек затына механикалық, теориялық және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдықтар (токарлы станоктар, насостар, электромоторлары, эксковаторлар, грейдерлер) .

- өлшегіш және реттеуіш кұралдар, жабдықтар және лабораториялық құралдар - бұл өндірістік процессті реттеу және өлшеу үшін арналған құрал-

- жабдықтар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, су өлшегіштер, монометрлер) .

- есептеуіш техника - бұл процестерді автоматтандыруға және жылдамдатуға арналған машиналар, құрал-жабдықтар (компьютерлер және т. б. есептеуіш құралдар) .

- басқа да машиналар және құрал-жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа да құрал-жабдықтар (телефон станцияларының, радиобуындарының қүралдары) .

6. Көлік кұралдары - адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру құралдары (автомобиль, теміржол, су транспорттарының қозғалу құрамы) . Инвентарлы объектісі болып барлық оған қатысты құрал және жабдықтармен бірге бөлек объектілер табылады.

7. Аспаптар (құралдар) - бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және т. б. өңдеуге арналған машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын, езетін, жұқартатын еңбек құралдары - электро дрельдер, электро вибраторлар және т. б. ) . Инвентарлы объектісі болып тек қана басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін құралдар жатады.

8. Өндірістік жабдықтар және құралдар - өндірістік операцияларды жасауға немесе жеңілдетуге арналған құралдар - жұмыс столы, шкафтар, және т. б.

9. Шаруашылық инвентарь - конторлық және шаруашылық инвентарь (үстелдер, шкафтар және клемдер) .

10. Көпжылдық отырғызулар - жасанды, көпжылдық отырғызулар (жеміс-жидектер, жүзім ағаштары, көпжылдық гүл отырғызулары, роза егіндері, тірі шарбақтар және т. б. ) .

11. Жерді жақсарту үшін капитал шығындары (құрылыссыз) -шаруашылыққа пайдалану үшін жерді жақсарту шараларына инвентарлы сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, алаңды тастардан тазарту

12. Басқа да негізгі қорлар - библиотекалық қорлар, музей құндылықтары және тағы басқа.

Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты негізгі қорлардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау; пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау; негізгі қорлардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы; жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару; тиімді пайдалануды басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану; негізгі қорлардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару; кәсіпорын басшысын есептеу техника кұралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету.

Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.

Нарықтық экономикаға өту шарттары еңбек коллективін өндірістің барлық материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру қорларын тұрақты іздеуге ниеттейді. Бұл қорларды мұқият экономикалық талдау жүргізудің арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға болады.

Негізгі қорлардың жағдайы және оларды пайдалану - талдамалық жұмыстың негізгі бір аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті тиімді пайдаланудың негізгі факторы - ғылыми-техникалық прогрестің материалды айналуы болып табылады. Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық және тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек өнімділігінің өсуіне, қорқайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.

Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі қорларды тиімді пайдалануды және жағдайын талдау мақсаты болып: кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшілерінің негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және шығуын анықтау, негізгі қорлардың техникалық жағдайын әсіресе активті бөлігін зерттеу, негізгі қорлардың пайдалану дәрежесін және оған әсер еткен факторларды анықтау, құрал-жабдықтар паркінің толықтай қолданылуын және комплекттігін анықтау, қорқайтарым өсімінің резервтерін шығару, негізгі қорларды тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы көтеру.

Негізгі қорлар пайдалануына байланысты қозғалыстағы, запастағы және тоқтатылғандар болып, тиістілігі бойынша - жеке меншіктегі және арендаға берілгендер болып бөлінеді. Қозғалыстағы - пайдаланудағы негізгі қорлар (жұмыстағы, жөндеудегі немесе тоқтаудағылар) .

Запастағы негізгі қорларға запаста тұрған құрал-жабдықтар және көлік құралдары (складтағы резервте тұрғандар), қолданудан шыққан негізгі қорларды ауыстыруға арналған. Тоқтатылған негізгі қорлар кәсіпорынның немесе бөлек цехтардың уақытша қолданысынсын тоқтатуын белгіленген тәртіппен құжатты хатталғандар. Жеке меншіктегі сол кәсіпорынға тиесілі негізгі қорлар. Арендаға алынған басқа бір кәсіпорыннан (ұйымдардан) уақытша пайдалануға салынған негізгі қорлар.

Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.

Негізгі қорлардың әр саладағы үлесі

Негізгі өндірістік қорлардың түрлі құрылымы әр саладағы өнеркәсіп кәсіпорындарында бірдей емес. Мысалға, ғимараттардың негізгі қорлардың толық құны жеңіл тамақ өнеркәсібіндегі үлесі көбірек (44%), құрылыстар -жанар-жағармай өнеркәсібінде (17%), таратқыш құрылғылар электроэнергетикада (32%), машина және құрал-жабдықтар - машина құрастыратын кешенді кәсіпорындарында (45%) .

Негізгі қор бұл нақты өзгертілмеген үлгіде өзінің материалды заттай бағалау құнында, ағымдық ұзақ кезеңін жиі жоғалтады. Олар кәсіпорындарда ұзақ мерзімде пайдаланып өздерінің бағасын өндірген өнімге аударады. Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің экономикасында болмасын анықтаушы рөлінде ойнайды. Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.

  1. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері, оларды бағалаужолдары

Қазіргі уақытта жүзеге асырылатын техникалық саясат негізгі қорлардың әрбір теңгесіне шығарылатын өнімді көбейтуге жағдай жасайды. Бұл өндіріс тиімділігін көтеруге септігін тигізеді. Негізгі қорларды тиімді пайдалану. біріншіден өндіріс көлемі ешқандай қосымша салымдарсыз ұлғаяды, екіншіден, еңбек өнімділігі өседі, өнімнің өзіндік құны азаяды.

Кәсіпорында және өнеркәсіпте негізгі құралдар қаншалықты тиімді пайдаланылатындығын анықтау үшін келесідей көрсеткіштер жүйесі қолданылыды:

1. негізгі құралдар құрылымының қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер;

2. негізгі қорларды пайдаланудың жалпылама көрсеткіштері;

3. негізгі қорлардың интенсивті және экстенсивті көрсеткіштері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Берік-Қара» ЖШС мәліметтері арқылы негізгі өндірістік қорды ұтымды пайдалану шараларын дайындау
СУ ҚОРЛАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАНУ
Шалғын шаруашылығы туралы жалпы түсініктер
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қоры
Ақша капиталының айналымы
Кәсіпорындағы негізгі капиталды пайдаланудың теориялық негіздері
Жерге орналастыруды жобалаудың теориялық негізі
Қорларды басқаруды талдау
Кәсiпорынның өндiрiстiк қорларының теориялық негiздерi
Кәсіпорынның логистикалық жүйесіндегі тәуекелдерді басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz