Компьютерлік технологияны пайдалану тәсілдері



II КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Шетел тілін үйретуде оқушының белсенділігін қалыптастырудағы компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері
2.2 Компьютерлік технологияның түрлері
3.3. Сабақ барысында компьютерлік ойындар және оларға қойылатын дидактикалық талаптар
Қорытынды
Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу-ағарту саласында техникалық жаңа әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді. Күнделікті сабақта компьютерді пайдалану заман талабы. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, Электрондық телекоммуникация, Электрондық оқулықтар даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға әсері мол.
Жаңа ақпараттық технологияны адамзат қызметінің барлық саласына
енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі болып отыр. Компьютерлік технологияны үздіксіз білім беру жүйесінде паидалану оқытудың педагогикалық технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясының туындауына себеп болады.
Сонымен біз осы ұғымдарға тоқталып өтуді жөн көрдік. Оқытудың компьютерлік технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекетін
дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ, психологиялық, педагогикалық бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады.
Кез-келген педагогикалық технология- ақпараттық технология болып табылады. Оқу тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру үшін жаңа ақпараттық технологияға көшу қажет. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология деп оқу мен оқу-тәрбие материалдарының, үйретуге арналған техника, мұғалім мен оқушының еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесін айтады.
Компьютерлік технологияны оқу тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының белсенділігін арттырудың педагогикалық мүмкіндіктері Ж.А.Қараевтың еңбегінде көрсетілген. Алайда, интернет желісі сияқты жаңа телекоммуникациялық жүйелердің пайда болуына байланысты компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері өзгерді. Демек, оқыту үрдісінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қойылатын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді. Білім беруде компьютерлік технологияны пайдалану оқыту үрдісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары (компьютер, телекоммуникациялық білім құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіншілік береді, оған қоса оқушының өзіндік жұмыстарын орындататын әдістемелік құралдар ретінде атқаратын жұмыстың маңызы өте зор.

II КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Шетел тілін үйретуде оқушының белсенділігін қалыптастырудағы
компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері

Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу-ағарту саласында
техникалық жаңа әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді. Күнделікті
сабақта компьютерді пайдалану заман талабы. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін
қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу
көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет,
компьютерлік желі, Электрондық телекоммуникация, Электрондық оқулықтар
даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына,
танымдық белсенділігін арттыруға әсері мол.
Жаңа ақпараттық технологияны адамзат қызметінің барлық саласына
енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі болып отыр. Компьютерлік
технологияны үздіксіз білім беру жүйесінде паидалану оқытудың педагогикалық
технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиясы, оқытудың компьютерлік
технологиясының туындауына себеп болады.
Сонымен біз осы ұғымдарға тоқталып өтуді жөн көрдік. Оқытудың компьютерлік
технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекетін
дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ, психологиялық,
педагогикалық бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының
кешенін айтады.
Кез-келген педагогикалық технология- ақпараттық технология болып
табылады. Оқу тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру үшін жаңа
ақпараттық технологияға көшу қажет. Білім берудегі жаңа ақпараттық
технология деп оқу мен оқу-тәрбие материалдарының, үйретуге арналған
техника, мұғалім мен оқушының еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі
мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесін айтады.
Компьютерлік технологияны оқу тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының
белсенділігін арттырудың педагогикалық мүмкіндіктері Ж.А.Қараевтың
еңбегінде көрсетілген. Алайда, интернет желісі сияқты жаңа
телекоммуникациялық жүйелердің пайда болуына байланысты компьютерлік
технологияның педагогикалық мүмкіндіктері өзгерді. Демек, оқыту үрдісінде
компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қойылатын талаптарды қайта
қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді. Білім беруде компьютерлік
технологияны пайдалану оқыту үрдісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға
бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту
құралдары (компьютер, телекоммуникациялық білім құралдары, қажетті
интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту
формаларын жетілдіруге мүмкіншілік береді, оған қоса оқушының өзіндік
жұмыстарын орындататын әдістемелік құралдар ретінде атқаратын жұмыстың
маңызы өте зор.
Білім беруді ақпараттандыру кезінде түрлі бағдарламаларды, жүйелер мен
орталарды кең қолдану кезінде оқытудың оқыту мен әдіс-тәсілдері, сондай-ақ
білім беру үрдістерінің мазмұны да маңызды өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан
мектеп алдында тұрған жаңа мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту
тиімділігін арттыруға компьютерлік технологияны қолдану оны жүзеге асыру
мен оңтайландыруға тікелей әсерін тигізеді:
оқушының өзіндік жұмысын арттыру;
ақпартаттық түрлі көздермен жұмыс істеу біліктілігін
қалыптастыру;
ақпаратты беру, өңдеу, сақтаудың қазіргі заманғы әдіс-
тәсілдеріне оқушыларды үйрету;
олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамыту;
өмірге икемдеуге себеп болатын әлеуметтік қызмет дағдыларын қалыптастыру.
Бабанский Ю.К. - дің айтуынша оқыту үрдісіне компьютерді енгізу
оқушының оқу танымдық белсенділігіне басшылық жасауда, оны
интенсивтендіруде жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізеді [5].
Оқыту әдісі кезінде компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін
қолданудың дұрыс бағытының бірі- компьютерлік моделдеу, имитация және
виртуальды стенд. Бұл бағыт оқушыларға нақты құбылыстар мен обьектілерді өз
командасына берген бағасын көре алады. Бұл тұрғыда алғанда шешімнің
дұрыстығын ғана емес, сондай-ақ ұстанған бағыттың күшті және әлсіз
жақтарын, жіберілген қателерді де оқушыға көрсетіп отыратын интеллектуалды
танымдық жүйелерде қолданылады.
Оқыту мотивациясы мен оқушының жұмыс істеу мүмкіншілігін арттыру үшін
де компьютерлік оқу ойындарының алар орны ерекше. Өйткені жоғарыда айтылып
өткендей сабаққа компьютерлік технологияны пайдалану танымдық ойындар оқу
мотивациясын қалыптастырудың өз алдына жеке әдістері ретінде көрсетілсе,
компьютерлік имитациялық модельдеуде бұл екі әдіс бірігіп, қойылған
мақсатты шешуге зор ықпалын тигізеді.
Қазіргі заманғы компьютерлік телекоммуникация әр деңгейдегі оқу
ақпаратын алу және білім беруде түрлі оқыту әдістерімен бірдей, кейде
тиімді түрде жүзеге асырады.
Ақпараттық оқу ортасының белгіленуі жеке тұлғаның шығармашылық
қызметке деген қабылеті мен потенциалдық мүмкіндіктерінің ашылуы және
дамуы, білімді өз бетінше сапалы түрде игеру, оқу нәтижесін өңдеу үрдісін,
оқудағы жетістіктерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Адамның компьютер көмегімен атқаратын оқу іс-әрекеті өте күрделі және
алуан түрлі. Оларды төменде атай отырып, біз бұл іс-әрекеттің негізінде
оқушыларда шығармашылық ойлау пайда болатынына көз жеткіземіз:
аталған қатынастарды модельдеу;
қатынас модельін оның жалпы белгілерін игеру мақсатында қайта қарау;
жалпы әдіс негізінде нақты практикалы міндеттерді бөліп алып, шешу;
алдыңғы іс-әрекеттің орындалуын бақылау;
берілген міндетті шешудің жалпы тәсілін игеру бағасы. Компьютерлік
технологияны қолдану арқылы бағдарламалық оқыту
тәрбиесі қазіргі кезеңге дейін ғылыми-практикалық мәнге ие оқытудың
компьютерлік технологиясын құру стратегиясы ең тиімді әдіс болып табылады.

2.2 Компьютерлік технологияның түрлері

Көрнекі құралдардың қазіргі заман талабына сай түрлерінен саналатын
мультимедиялық энциклопедия, қашықтықтан оқыту, Электрондық оқулықтар мен
түрлі дыбыстық таспа материалдары, бүгінгі таңда оқушының қай мәнді
болмасын тез әрі терең шығармашылықпен игеруіне мейлінше қолайлы жағдай
тудырып отыр.
Қазіргі кезде білім беру жүйесінің дүниежүзілік дамуына көз салсақ,
оның бірнеше үлгі аларлық алдыңғы қатарлы бағыттары көзге түседі. Тиімді де
ұтымды деп танылған осы бағыттардың ішіндегі қашықтықтан білім беру жүйесін
ерекше атауға болады. Жалпы қоғамға ашық түрде үздіксіз білім беру
тәсілімен көзге түсетін қашықтықтан оқып үйрену жүйесі осы күнгі ең
болашағы бар оқу түрі болып саналады. Қашықтықтан оқыту 1970 жылдары бастау
алған үрдіс. Жаңа компьютер л ік технологияның дидактикалық мүмкіндіктері
(дыбысты қосу, өшіру, жауапты дискіге микрафон арқылы жазу, эталонмен
салыстыру, мәтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыту, CD-ROM негізінде
мультимедиялық құралдар арқылы мәтінді, дыбысты, графиканы, мультипликация
мен бейнені біріктіру және т.б) мәдениетаралық қатынастардың тиімділігін
анағұрлым арттырары хақ.
Қашықтықтан оқыту оқушылардың оқыту ісіне шығармашылық тұғырының
қалыптасуына, білім-білігін үнемі жетілдіріп, талмай ізденуіне үлкен
қозғаушы күш болып табылады. Себебі, web-сайт арқылы оқытушы дүниежүзілік
әдістемелік жүйелерімен танысады, тағы сол сияқты көптеген мүмкіндіктер
ашылады, оқытушы шығармашылық әлеуметін таниды, жүзеге асырады.
Қашықтықтан оқыту білім орталығынан қашық тұратын оқушының оқу-
танымдық іс-әрекетінің мақсаты және әдістемелік ұйымдастырылған техникасы.
Қашықтықтан оқыту ең аз міндеті сабақтарда мұғалім мен оқушының
педагогикалық қарым-қатынасының құралдары мен әдістері көмегімен жүзеге
асырылады. Қашықтықтан оқытуда әр түрлі субьектілер қатысады: қашықтықтан
оқытушы педагог, негізгі педагог техникалық нұсқау беруші, қашықтықтан
оқытудың үйлестірушісі немесе басқарушысы, жергілікті үйлестіруші, оқу
материалдарының авторы- әзірлеушілері. Аталған қызметтік рөлдерді бір ғана
мамандар қатарынан атқара алады, мысалы қашықтықтан оқытушы педагог бір
мезгілде курстың әзірлеушісі де бола алады, ол жергілікті үйлестіруші
оқушының өзі де бола алады.
Қашықтықтан білім беру деген термин жаңа ақпараттық технологияны
пайдалана отырып, істеп жүрген жұмысыңнан немесе оқудан қол үзбей,
білімінді жетілдіру ісін жүзеге асыру деген мағнаны білдіреді.
Қашықтықтан оқыту арқылы мынандай әлеуметтік маңызды функциялар іске
асады:
қоғамның білімдік деңгейін көтеру, білімнің сапасын көтеру;
мемлекеттің сапалы мамандар дайындау қажеттілігін қамтамасыз ету;
жоғарғы мектепте жинақталған білімдерді сақтау және кеңейту;
ТМД территориясында біркелкі білім кеңістігін сақтау және дамыту.
Жаңа ақпарат базасында қашықтықтан оқытудың әртүрлі әдістері
қолданылады: интерактивті телевидение, телекоммуникация, CD-ROM техникасы,
оқу радиосы.
Ғалымдардың пікірінше, оқытудың бағдарламасында компьютерлік графиканы
қолдану шығармашылық жеке адамды тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Қазіргі кезде жоғары оқу-орындарында ақпараттық-коммуникациялық
технология қашықтан оқыту жүйесінде де, дәстүрлі университеттерде де
кеңінен қолданылады. Осыған байланысты дәстүрлі оқыту мен қашықтан оқытудың
арасындағы шекараны жою, яғни оқытуға бүтіндей әдістің қажет екендігін
болжайды. Электрондық оқыту термині білім беруде ақпараттық және
коммуникациялық технологияны қолдану аумағында бірқатар терминологиялық
ұғымдарды жалпылау болып табылады.
Электрондық оқыту бейне, аудио, мультимедиа технологиясы мен олардың
әр түрлі комбинацияларын енгізуге байланысты болып отыр.
Сымсыз интерфейспен, портативтік құрылғылардың көмегімен оқытудың
өзіндік ерекше сипаттамалары бар. Кез-келген қолайлы жерде кез-келген
уақытта оқыту ыңғайлы қағидасымен қатар ұялы оқытуда бірқатар шектеулер
қойылатыны белгілі. Оған мысал ретінде графиканың дұрыс берілмеуін,
коммуникацияның тұрақты жұмыс істемеуін айтуға болады. Сондықтан оқытуды
басқарудың бағдарламалық құралдары оқытатын ресурспен байланысты
қадағаланып отыруы және оқытатын ресурсқа кіруге мүмкіндік болмаған
жағдайда да тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі керек. Сонымен қатар
кішкентай экранная ақпаратты алудың ыңғайлылығы да ескерілуі тиіс.
Жинақталған тәжірибелер мен әдістемелер өз кезегінде педагогиканың
жаңа бағыттарының бірін қалыптастыратын мәселелерді жүйелеуді талап етеді.
Соловьев А.Н._оқу үрдісін дәстүрлі оқыту мен қашықтан оқытуды
ұйымдастыруды өзара кіріктіру Электрондық оқыту терминіне сай келетінін
айтады. Мәселен, Европада, АҚШ-та және Ресейде ұялы оқыту жайлы көптеген
жобалар бар. Бұл ұялы оқыту (m- Leaning) Электрондық оқытудың әлеуетін
толыққанды іске асыруға мүмкіндік береді.
Электрондық оқытуды ғылыми-әдістемелік негіздеу ұялы оқытудың да
аспектілерін қамтуы керек. Сондықтан, Электрондық оқыту ұғымы ұялы
оқытуға қарағанда кеңірек. Демек, Электрондық оқыту қағидалары ұлы оқыту
шеңберінде де қолданылуы шарт.
Электрондық оқытуды жасау мен енгізу үшін оқытуды басқару, ақпаратты
алмастыру және контент-оқу порталын басқару жүйелерінен тұратын ақпараттық
жүйені жобалау қажет.
Электрондық оқытудың технологиялық құралдарын былайша топтастыруға
болады.
Ақпараттық құралдар, мультимедиалық бағдарламалар және интернет.
Электрондық оқытуды әзірлеудің бағдарламалық құралдары.
Оқу үрдісін басқарудың ақпараттық жүйесі.
Электрондық оқытудың негізгі мәселесі ақпараттық-коммуникациялық
технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді
пайдалану болып табылады.
Дидактикалық тұрғыда электрондық оқытудың төмендегідей маңызды
мәселелері анықталады.
Білім беру үрдісінің субъектілері арасында толыққанды
ақпараттық өзара әрекетті ұйымдастыру;
Электрондық оқытуда ақпараттық-коммуникациялық мәндік ортаның
ерекшеліктерін анықтау;
Электрондық оқыту үрдісінің субъектісінің оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз
ету.
Оқытудың кез-келген технологиясы өзгерістерге сай студенттер мен
оқытушылардың жалпы өмір практикасының талаптарына орай ыңғайланып отырады.
Мәселен, 70-ші жылдары ақпараттың қағаз (кітаптар) және пленка
(диапозитивтер, киноматериалдар) сияқты тасымалдаушыларына негізделген
ақпараттық технологиялар ұғымы пайда болса, кейінгі жылдары ақпараттық
технологиялар дамуында компьютерлер, аудио-бейнетехника және коммуникация
жүйелерінің әртүрлі электрондық құралдары ерекше орын алды. Оқытудың жаңа
ақпараттық технологиялары ұғымы дәл осы құралдарға байланысты анықталды.
Қазақстанда қашықтықтан оқыту Республикалық ғылыми-әдістемелік білімді
ақпараттандыру орталығы (РБАО) жасаған электрондық оқулықтарды және оқу
бейнефильмдерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Оқу электрондық оқу
залында-мектеп жанындағы теледидарлық-техникалық орталықта өткізіледі.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың даму кезеңінде Электрондық
оқулықтардың ерекшелігі- үлгіге сәйкестілігі мен жоғары мобильділігі,
оқуға, үйренуге икемділігінде болып табылады. Электрондық оқулықтар оқу
және зерттеу материалдарын толықтыратын, қосымша қолдануға толық жарайтын
қажетті құрал болып есептеледі. Электрондық оқулықтарды мына мақсаттарға
пайдалануға болады:
1. Электрондық анықтама ретінде;
2. Электрондық есеп ретінде;
3. иллюстративтік материал ретінде;
оқулық ретінде.
Электрондық оқулық-ғылыми-педагогикалық құрал. Электрондық
оқулықтардың жасалуы, модульдік оқудың педагогикалық теориясы болып
есептеледі. Оқулықтар мемелекеттік оқу бағдарламсына сәйкес жасалады. Оған
әрбір мәннің мамандары, көрнекті саланың ғалымдар^мен педагог-дидакттар,
әдіскерлер, программист-дизайнерлер, оператролар қатысады.
Электрондық оқулықтармен жұмыс негізгі үш деңгейде атқарылады:
оқу
оқыту
бақылау және тексеру.
Электрондық оқулықтарды біз оқу үрдісін автоматтандыру тұрғысынан алып
қарап, оның мынадай құрамдарын көрсеттік: ырғақты-мақсатты (модульдер
арқылы жүзеге асырылады), мазмұнды (гипермәтін), жедел-қызметті
(интерактивтік тапсырмалар), бағалы-қорытынды-нәтижелер (тестер).
Электрондық оқулықтар студенттердің өз бетінше жұмысын және олардың
жоғары танымдық белсенділігін арттырады, олардың терең де тиянақты білім
алу сапаларын көтереді. Сонымен бірге барлық оқу процесінің- алға қойған
мақсатынан бастап, қол жеткен нәтижесіне дейінгі аралықты қамтиды,
студенттерге үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Ақпараттық
білім беру -танымдық ойлау мен ақпараттық өзіндік анықтамалар, білімді
автоматты түрде бағалаудың тестілік әдістерін даярлап береді. Тест - қазақ,
орыс, ағылшын тілдерінде даярланады. Электрондық оқулықтар әртүрлі ақпарат
жиынтығын, студенттерге білім берудің негізгі пайда болу орталықтары туралы
толық мәлімет бере алады.
Электрондық оқулықтар толық курстың жеке бөлігін құрайтын, белгілі
ақпарттық жүйелі қызмет атқаратын білім жиынтығынан - модульден тұрады, ол
студенттің толық, жүйелі түрде білім алуын қалыптастырады.
Модуль тиянақты білім жүйесі, оқу үрдісінде ырғақты-мақсатты бөлігін
қамтамасыз етеді. Модульдік оқудың технологиясы оқытушыға педагогикалық
жүйенің негізін түсінуге жағдай жасай отырып, оқытудың теориясы мен
практикасын өзара байланыстыруға, оны технологиялық деңгейге дейін жағдай
жасайды. Модульдер электрондық оқулықтардың ғылыми білім жүйесін, өзара
байланыс қызметінің жиынтығын аша түсетін мазмұнды дидактикалық бірлік
болып табылады.
Модульдік оқу жүйесінің тиімділігі және оның нәтижесі, көбінесе
қолданылатын материалдың сапасына байланысты. Сондықтан модульдік оқудың ең
басты міндеті, модульдік негізде сапалы модульдік түрлендіру жүйесін ұдайы
жасап отыру. Модульдің тағы бір ерекшелігі - пән аралық байланысты ұдайы
жетілдіріп отыру, педагогика курсының мазмұнын түрлендіріп отыру және
белгілі модульдық жүйені жасау болып табылады.
Оқу үрдісін ақпараттық техникамен қамтамасыз ету жағдайларның өзгеруі-
оқулықтар дамуының жаңа кезеңі электрондық оқулықтың пайда болуына әсер
етті. Өйткені нақты жағдайда қысқа мерзімде ақпарат тасқынын реттеп,
пайдалануға үйрену керек, әрбір құбылысқа шығармашылықпен қарап, өз бетінше
ақпараттардың ең тиімділігін, мазмұндыларын таңдап алуға қалыптасу қажет,
сонымен бірге біз болашақ мұғалімдердің өз қабілетін үздіксіз арттыруына,
шығармашылықпен ойлай білуіне жағдай жасауымыз керек. Ал бұл мақсаттарға
жетуге оқу үрдісінде Электрондық оқулықтарды пайдаланудың маңызы өте зор.
Сондай оқулықтардың бірі-_шетел тілдері мамандығы студенттеріне
арналған Ағылшын тілі сабағы Электрондық курсы (1 сурет).

1 сурет - Ағылшын тілі сабағы Электрондық оқулығы.

Ағылшын тілі сабағы Электрондық оқулығының бағдарламасы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министірлігі бекіткен жоғары оқу орындарына
арналған типтік бағдарлама негізінде жасалған. Бұл Электрондық оқулық
коммуникативтік-практикалық мақсатты көздейді және болашақ ағылшын тілі
мұғалімдерін әдістемелік тұрғыдан даярлау, студенттердің сөйлеу
мәдениеттерін жетілдіру, өзара коммуникативтік қарым-қатынасты жандандыру,
интеллектуалдық біліктілікті басшылыққа алады.
Бұл электрондық оқулықта студенттердің өз білімдерін толықтыруларына
және өз бетінше жұмыс істеулеріне арналған қосымша теориялық материалдар,
сонымен бірге әртүрлі тақырыптарға арналған сабақ жоспарлары мен үлгілері
берілген. Электрондық тәсіл сапалы және жоғары деңгейде білім беру
мүмкіндігін, оқытудың автоматтандырылған жүйесін туғызады.
Жаңа ақпарттық технолгия неізінде жасалған бұл оқулық модульдік
технология негізінде құрылған бір модульден тұрады. Қашықтықтан оқытуда
маңызды рөл атқаратын дыбысталған Ағылшын тілі сабағы электрондық курсы
иерархиялық блок-сұлба түрінде берілген. Ол мынадай тақырыптар бойынша
жүйеді байланысқан: әдіснама, ұғым, сабақ, прициптер, сабақ
типтерінің негізі, мұғалімнің сабаққа дайындығы, сабақтың құрылымдары
мен кезендері, тапсырма, сабақтың жоспары, сабақты талдау, тест
тапсырмалары (2 сурет).

2 сурет- Ағылшын тілі сабағы модулі.

Біз Ағылшын тілі сабағы электрондық курсын пайдалануға даярлық
кезінде төмендегі аспектілерді негізгі нысанға алдық:
1. Пәндік-мазмұндық. Біздің сабағымызда бұл
аспект
ақпараттандырудың қажетті минимумы болып анықталады.
2. Тілдік. Студенттердің өз білімдерін ағылшын тілінде көрсетуі
үшін
қажетті де жеткілікті лексикалық бірліктерді іріктеуден тұрады.
3. Коммуникативтік. Бұл аспект коммуникативтік міндеттерді шешу
үшін ақпаратты жеткізу, берілген ақпаратты іріктеп алу үшін
лексикалық бірліктерді мақсатты түрде пайдалану арқылы іске асады.
Бұл курс студенттердің оқу үрдісінде ұйымдастырушылық қабілетін
көрсетуінен, жеке тұлға ретінде даму дәрежесінен, ұжымдық
түрде
орындайтын қызметтерінен, жауапкершілікті сезінуінен, қысқаша айтқанда
олардың шығармашылық белсенділігінен құралады.
Ағылшын тілі сабағы Электрондық оқулығын жасауда шетел тілін
оқытудың дидактикалық, психологиялық және лингвистикалық негіздеріне сүйене
отырып, төмендегі міндеттер қойылады:
студенттерді жаңа және бұрыннан таныс сөздік қорларын пайдалана отырып,
сөздік тәжірибеге жаттықтыру;
студенттердің сөздік қоры көлемін мүмкіндігінше ұлғайту;
студенттердің сөздікпен, гипермәтінмен, өз бетінше жұмыс жасаудағы дағды
мен іскерліктерін жетілдіру.
Оқу процесін ұйымдастыру мен тапсырмалар жүйесін құру типтік оқу-
тәрбие мәселелерін шешу процесінде оқытудың негізгі тәсілдерін қолдануға
мұғалімнің шығармашылық әдісті қолдануын талап етеді. Студенттерге арналған
тапсырмалар, олардың орындалуы шығармашылық әдісті талап ететіндей, оқу
ситуацияларының шартын талдауға үйрететіндей, олардың ішінен нақты жағдайда
оқыту әдістері мен тәсілдерін таңдауға әсерін тигізетіндей және сабақ
міндеті талабын анықтайтындай етіп келтіреді.
Тапсырмалар жүйесін құрастырғанда маңызды орын психологиялық
ерекшеліктер мен әдістемелік іскерліктің қалыптасу кезеңіне бөлінеді.
Әдістемелік іскерліктің сапалы сипаттамаларының табысты қалыптасуының басты
шарттарының бірі болып, практикалық қызмет пен теориялық білімнің
оптимальды үйлесу принципін сақтау болып табылады. Тапсырмалар жүйесінің
барлығы әдістемелік іскерлікке сай қалыптасуына бағытталғандықтан
дайындалған тапсырмаларды орындау тәсілін анықтауда психологиялық
сипаттама, операциялық құрылымы мен әдістемелік іскерліктің қалыптасу
мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Бұл электронды оқулықтың әр шағын модульіне қосымша материалды толық
меңгеру үшін, студенттердің өз бетінше шығармашылық жұмыстармен айналысуы
үшін өтілген оқу материалдарына сәйкес тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі
берілген (3-сурет).
Тапсырмаларды тексеру шағын модульді аяқтаған соң, ал тест арқылы
белгілеу негізгі модульді өткеннен соң жүргізіледі. Студенттердің
дидактикалық және әдістемелік даярлықтарына арналған тапсырмалар олардың
белсенділігін қалыптастырады.
3-сурет- Тапсырма түрлері.

Жеке тұлғаның белсенділігінің өлшемі оның өз алдына байыпты, нақты
мақсаттарға жетудің қабілеттілігін, оларға жетудің сенімді құралдарын
анықтайды. Оқытудың мақсаттарын өз бетінше жеке қабылдау өз білімін
жетілдірудің мақсаттары мен міндеттері белгілі қызмет түрлеріне ауысуы аса
маңызды болып табылады.
Микромодуль - бұл білімді тереңірек әрі жан-жақты ашатын білім жүйесі.
Ағылшын тілі сабағы электрондық оқулығындағы қосымша модуль төмендегі
тақырыптарды қамтиды: Оқушылардың танымдық қызметтерінің кезеңдері бойынша
сабақтар типологиясы, Сабақ оқыту әдістерін жүйелеу, Оқыту әдісінің
танымдық белсенділігін арттыру классификациясы, Сабақты талдаудың түрлері
мен типтері, Мұғалімнің өз сабағын бағалауы мен талдауы.
Ағылшын тілі сабағы электрондық оқулығының мазмұнды құрамдарын
зерттеу кезінде алған білім мектепте оқушыларды тәрбиелеу үрдісінде
кәсіптік біліктілік танытуына жол ашады. Гипермәтінде елестететін мәтінді
пайдалану (негізгі сөзді түрлі бояумен және шрифпен ерекшелеу), жоғары
сапалы бейнелердің, суреттердің дидактикалық талаптарына жауап береді, оқып
отырған материаолды қабылдауды жеңілдетеді.
Сонымен бірге электрондық оқулықта мультимедиа техналогиясын кеңінен
пайдалану, біртұтас бағдарламалық басқару ортасында сан алуан ақпарат
түрлерін-белгілеу, анимация (көрнекіліктер), дыбыстауды қамтамасыз етеді.
Мультимедиа техналогиясы оқулық материал ының көрнекілігін және нақтылығын
арттырады, оқылатын ақпараттардың компьютерді пайдалану есебінен арнаға
кешенді әсер етуін қабылдауды күшейтіп, әсерін тигізеді. Яғни Электрондық
оқулықты сабақта қолдануда әртүрлі оқыту әдістері - сабақта тек айтып-
түсіндіріп қана жеткізетін тәсіл түрленіп, көрсету арқылы соның көмегімен
білім берудің сапасы артады.
Біз түзген әдістемеде электрондық оқулықтардың ерекшеліктеріне
тоқталып, оларды сабақта пайдалану барысындағы ағылшын тілі сабақтарының
бірнеше үлгілерін бердік және осы электрондық оқулықтың тиімділігін
тексеруге бағытталған қалыптастыру эксперименті жұмсының қорытындылары
берілген. Бүгінгі таңда қоғамдық өндірістер мен ғылым саласында, білім беру
жүйесінде ақпараттық технология кеңінен пайдалануда. Сондықтан оқытудың
дәстүрлі әдістерімен қатар оқушыларға шетел тілін үйрету барысында
ақпараттық технологияны оқу құралы ретінде пайдалана отырып, компьютерлік
үлгілеудің көмегімен шетел тілін оқытудың белсенділігін арттыруға болады.
Қалыптастыру экспетименті барысында біз Ағылшын тілі сабағы модульінің
мазмұнын анықтап, сүрыптау жасадық. Ағылшын тілі сабағы модульінің
мазмұны Шетел тілдерін оқыту әдістемесі ғылымының соңғы жетістіктерін,
жоғары оқу орындарының озық ғылыми-әдістілік тәжірибесіне сүйене отырып
жасалынған.
Біздің эксперимент жұмысымыздың мақсаты - сабақта электрондық
оқулықтарды пайдалануға ағылшын тілі мұғалімдерінің әдістемелік білімдері
мен іскерліктерінің қалыптасу бағасын айқындаумен қорытындыланады.
Қазақстандық ғалымдардың оқу икемділігіне байланысты еңбектерін
төмендегіше топтауға болады: оқушылардың оқу-компьютерлік икемділігі
(К.Аганина), оқушылардың компьютерлік талдау икемділігі (А.Әмірбеков),
оқушылардың зерттеу икемділіктері (Н.Ғ.Даумов), студенттердің өздігінен
білім алу икемділігі (Н.Жаманқүлова), болашақ мұғалімнің кәсіби-әдістемелік
икемділігі (М.А.Құдайқұлов), мән мұғалімінің мәнаралық байланысты жүзеге
асыру жөніндегі кәсіби-педагогикалық икемділігі (О.Мұсабеков), оқушылардың
жалпы оқу икемділігі (О.Сәлімбаев). О.Сәлімбаев икемділік пән дағдыны
кітаппен жұмыс, бақылау және тәжірибе қою, есеп шығару типтерімен өлшеу,
графиктік, экспетименттік түрлерге жіктейді.
Оқу икемділігі мазмұнына қарай жалпы оқу икемділігі, компьютерлік
жұмыс икемділігі, шығармашылық-оқу икемділігі деп жіктеледі. Біз оқушылар
үшін төмендегідей оқу икемділіктерін дамытуды көздедік:
жасына сәйкес келетін мәтіндерді (көркем әдеби, ғылыми-көпшілік) түсініп
оқу, мітіндегі негізгі ойды анықтау, мәтінді өз сөзімен баяндау;
компьютерлік оқу әдебиеттерінен, сөздіктер мен анықтамалықтардан, деректер
қорынан ақпарат іздеу;
алгоритм бойынша компьютерлік жұмысты орындау;
бақылау обьектісін сипаттау, жекелеген обьектілерді жалпы белгілері бойынша
жіктеу, обьектілерді қасиеттері бойынша салыстыру, салыстыру нәтижесі
бойынша тұжырым жасау;
өзіндік іс-әрекет нәтижесін үлгімен сәйкестендіру, өзінің және басқаның оқу
іс-әрекетіндегі қатені табу және жою, өзіндік және басқаның іс-әрекетін
ұсынылған өлшемдері бойынша бағалау, жетіспейтін тәсілдерді іздеу;
ынтымақтастықта жұмыс жасау, жалпы нәтижеге жету жолын табу. Оқушылардың
оқу икемділігін дамыту мектептің барлық сатыларында жүреді, сондықтан ол
бастауыш сатыда толық шешілуі мүмкін емес. Дегенмен, оқу икемділігінің
негізі бастауышта қаланбаса, кейінгі сатыларда қиындықтар туғызады, яғни
оқушылардың оқу икемділігі 5-6 жастан бастап қалыптасып, одан әрі дамып
отырады.
Оқу икемділігі өз бетімен білім алу іс-әрекетіне ауысып отырады. Өз
бетімен білім алу кітап оқу, кітаптардағы сұрақтарға жауап іздеу, негізгіні
қосымшадан айыру, оқыған материал бойынша жоспар құру, тыңдай білу және
оған сәйкес тезис жазу, байқау және оның нәтижелерін жинақтау, ойлау,
өзіндік ұйымдастыру икемділіктерін дамытуды көздейді. Өз бетімен білім алу
икемділігін дамыту іс-әрекет тәсілдерін таңдау,жекелеген білім алу
әрекеттерін жүзеге асыру, шығармашылық пен іздену сатылармен жүреді
(И.П.Подласый, М.Н.Скаткин).
Тұлғалық бағдарлы білім беру үрдісі әрбір оқушылардың төмендегі оқу
икемділіктерін дамытуға мүмкіндік береді: білімді өз бетімен таба білу,
алынған білімді шығармашылықпен қолдану, өз бетімен жауапты шешім қабылдау,
өз әрекетін жоспарлау, болжау және нәтижесін бағалау, өзі және өзін
қоршаған ортасы үшін жауапкершілікті сезіну, басқа адамдармен ынтымақтастық
және көмек беру қарым-қатынасын құру (Ә.М.Мұханбетжанова).
Зерттеу барысында оқушылардың оқу икемділіктерін дамытудың жаңа
бағыттарының бірі-білім мазмұнының оқушының толық меңгеруінің іске асыратын
оқыту технологиясын жетілдіру мәселесі айқындалады.
Қазіргі ақпараттық қоғамда басқа оқыту технологияларына қарағанда
ақпараттық технология басым болып отыр. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерде Жаңа ақпараттық технология, компьютерлік оқытудың
технологиясы, компьютерлік оқытудың технолгиясы, компьютерлік
педагогикалық технологиялар, сияқты терминдер жиі кездеседі. Зерттеулерде
ұғымның әлі дұрыс қалыптаспағандығы байқалады, сондықтан қазіргі оқыту
технологияларымен қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқытудың ақпараттық
технологиясы ұғымына тоқталып, оған берілген анықтамаларды саралай келе,
біріншіден ақпараттық технология - оқыту әдісі, ақпараттық бағдарламалық
жабдықтарды оқыту үрдісінде пайдалану және оның әдістемесі, оның екіншіден-
ақпараттық үрдістерді компьютердің көмегімен жүзеге асыру жабдығы деп
түсінеміз.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру Б.С.Гершунский, Е.Машпиц,
Д.М.Джусубалиева, Ж.А.Қараев, Г.Қ.Нұрғалиева, Н.Д.Хмель, т.б., бастауыш
сатыда ақпараттық технологияны қолдану С.Пейперт, Б.Хантер, С.В.Ильченко,
Ж.С.Сардарова, т.б., білім беру жүйесін ізгілендіруге қажетті ақпараттық
технология жабдығын жасау мәселелері В.Б.Гренушкун, И.Роберт, т.б.
еңбектерінде қарастырылған.
Құрылымы бойынша дәстүрлі оқулықтан ерекшеленетін Электрондық оқу
әдістемелік кешеннің құрылымы сызықтық көрсету, логикалық-құрылымдау, басты
дидактиткалық бірліктерді анықтау, оқу ақпаратын өзектеу әдісі, бақылау
және бағалау, блоктық-модульдік әдістер бойынша жасалады.
Бастауыш сатыда оқу икемділікті дамыту мұғалім мен оқушының ақпараттық
технология арқылы өзара қарым-қатынасы негізінде жүзеге асырылады. Мұнда
мұғалім - білім беру іс-әрекетін басқарушы субьект, оқушы- оқу іс-әрекетін
басқару субьектісі рөлінде көрсетіледі.
Сонымен, оқушылардың оқу икемділігін ақпараттық технология арқылы
дамыту дегеніміз - оқушының өзіндік білім алу іс-әрекетін компьютерлік
бағдарламалық және техникалық жабдықтардың көмегімен іске асыру.

Сурет 1 - Ақпараттық технология арқылы субьектілердің өзара қарым-
Қатынасы

Зерттеуде ақпараттық технологияны пайдалану негізінде оқушылардың оқу
икемділігін дамытудың тиімділігі оған қажетті мазмұндық жобалау, іс-
әрекеттік, технологиялық шарттарды орындағанда ғана мүмкін болатындығы
көрсетілді. Олар:
- мәннің мазмұны мен логикалық құрылымына сай келетін электрондық оқу-
әдістемелік кешен материалдарының ғылымилық, проблемалық,
түсініктілік, көрнекілік, жүйелілік, тізбектілік қағидаларын қанағаттандыру
шарты;
оқушылардың ақпарат іздеуі, алгоритмді орындау, бақылау обьектісін
сипаттау, іс-әрекет нәтижесін үйлесіммен сәйкестендіру, ынтымақтастықта
жұмыс жасау іс-әрекеттерін жүзеге асыру шарты;
қолданылатын ақпараттық технология бастауыш сынып оқушыларын оқуға
ынталандыратындай және өзіндік білім алуды іске асыратындай ахуал туғызу
шарты.
Бірінші шарт бойынша ақпараттық технологияны білім мазмұны ретінде
қолданудың педагогикалық қызыметін жүзеге асырады. Мультимедиалық
мүмкіндіктері бар электрондық оқу-әдістемелік кешен материалдары
оқушылардың оқу іс-әрекетінің қайнар көзі болып табылады. Егер материал
иллюстрация, анимациялық обьекті, дыбыс бар обьекті түрінде берілсе,
оқушылардың психологиялық, физиологиялық дамуын жүзеге асыруға әсер етеді.
Ұсынылып отырған екінші шарт бойынша электрондық оқу-әдістемелік
кешенді оқу материалдары тұлғалық-бағдарлы тұрғыдан оқушылардың өзіндік
білім алу икемділігін дамытуға мүмкіндік туғызады. Ақпараттық технологияны
қолдану мақсаттары оқушылардың алгоритмдік мәдениеттілігі мен компьютерлік
сауаттылығын қарапайымнан күрделіге ауысу тәсілімен дамытуға әсер етеді,
өйткені оқушылардың құзыреттілігі жалпы жағдайда алгоритмдік мәдениет-
компьютерлік сауаттылық-ақпараттық мәдениет- ақпараттық құзіреттілік
тізбегі түрінде қалыптасады.
Үшінші шарт орындалған жағдайда компьютерлік бағдарламаларды сабаққа
қолдану демонстрациялық, генерациялық, басқарушы, бақылаушы (Гершунский
жіктемесі бойынша) құрал қызметін атқарып, мұғалімнің қызметіне жеңілдіктер
туғызады.
Зерттеу барысында теориялық негіздер мен жоғарыда берілген
анықтамаларға және шарттарға сүйене отырып, ақпараттық технология арқылы
оқушылардың оқу икемділігін дамытудың құрлымдық моделі жасалды. (Сурет 2).
Модельде мектепте оқытудың дәстүрлі жақтары мен ақпараттық технология
арқылы оқушылардың оқу икемділігін дамыту жолдары, ұйымдастыру формалары
үйлесімділікте көрсетілген.
Ақпараттық технология арқылы оқушылардың оқу икемділігін дамыту моделі
мақсаттық, мотивациялы-мазмұндық, әдістемелік технолгиялық, нәтижелік
құраушылар бірлігі ретінде жасалынды. Модель оқушылардың
оқуға қызығушылықты арттыру;
танымдық,шығармашылық-оқу,компьютер лік жұмыс икемділіктерін дамыту;
ақпараттық қоғамдағы қүзіреттілігін қалыптастыру мақсаты көзделеді,
оған жету үшін электронды оқу құралдары пайдаланылады. Әдістемелік-
технологиялық бөлікте ақпараттық технологияны қолдану қағидалары,
педагогикалық шарттары мен әдістемесі беріледі, оны жүзеге асыру
оқушылардың оқу икемділігін жаңа сапалық деңгейге көтереді.

Сурет 2-
Ақпараттық технология арқылы оқушылардың оқу икемділігін дамыту моделі

Зерттеу барысында оқушылардың оқу икемділігін дамыту өлшемдері мен
көрсеткіштерін айқындау үшін Б.Блум өлшемдері және басқа да
(А.В.Усова, Ж.А.Қараев, С.Нашарипова еңбектерінде
пайдаланылған) өлшемдер бейімделіп алынды.

Кесте 1- Оқушылардың оқу икемділігін ақпараттық технология арқылы
дамытудың өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері

Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, студентке
оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизіміне тәуелді болады.
Осыған байланысты оқ іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінене бұрын
студенттердің өзіндік іс-әрекетердің, оқытушының әрбір студентпен жеке
тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын
оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.
Электрондық оқытудың тиімділігіне жету мақсатында электрондық курстың
мазмұнын толтыру үшін ақпаратқа қойылатын мынадай талаптарды ескерген жөн:
Логикалық ақпараттың құрылымы мен байланысы;
Симантикалық-пайдаланылатын ұғымдарға аралық түсіндірме берілмеуі керек, ол
материалды қабылдауды және оны меңгеруді жеңілдетеді;
Тұтастық-иерархиялық топтаманы және ұғымдардың тектік қатынастарын
пайдалану;
Түпнұсқалық-бейімделмеген ақпаратты, яғни, оқу мәтіндері мен құжаттар емес,
нақтыларды қолдану.
• Әдістемелік-ұйымдастырушылық деңгейде электрондық оқыту мынадай
қағидаларға сүйене отырып жасалуы тиіс:
• Білім беру бағдарламаларының тулғалық - бағдарланған сипаты
(маркетингтік әдіс, оқушылардың білімге деген талаптарын ескеру);
Іс жүзіне бағдарланған мазмұн және бірлескен іс-әрекеттің тәсілдері;
Білім берудің негізгі субъектілері ретінде оқушылардың белсенділігі және өз
бетінше жұмыс істеуі;
• Оқу үрдісінде өзара әрекеттің сипаты мен мазмұнының мәнділігі
және
сұхпаттылығы;
Рефлексифтілігі (оқушылардың мазмұнды іс-әрекеттер тәсілін, ең
бастысы, өзіндік тұлғалық өзгертулерді сезінуі);
Вариативтілігі (әр түрлілігі);
Мативацияны қолдайтын ұстамы;
Білім беру мазмұны және оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың модульдік-
блоктік қағидалары;
Интерактивтілік - тек оқытушы мен студенттің арасындағы ғана емес, топтағы
студенттердің арасындағы тұрақты байланыс.
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін
тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологисын енгізу оқыту
үрдісінің толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту үрдісінде компьютерге
негізделген жеке әдістемелер (оқушының ақпаратты дұрыс қабылдай алуы) оқу
мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет. Жеке
әдістемелік құралдармен оқыту барысында оқушының материалды дұрыс
меңгеруіне, мәнге деген қығығуын арттыруына, дағды, зейін, т.б. формалардың
дамуына оқытудың тиімді психологиялық ұстанымдарын ескеру оқушының игерген
білімінің дұрыс қалыптасуында басты роль атқарады.
Білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру оқушының білім сапасының
арттыру мен жаңа оқыту технологисын пайдаланудың тиімділігі мынадай
артықшылықтармен сипатталады.
1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте біріктірілген сабактарда компьютерлік технологияларды пайдалану
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері
Компьютерлік технологияның түрлері
Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері
Математиканы оқытуда АКТ қолдану
Информатикада ақпараттық технология мазмұндық желісін оқыту әдістемелері
Информатика мұғалімінің автоматтан-дырылған жұмыс орнын құрудың теориялық және методологиялық негізі
Ақпараттық оқыту технологияларының оқыту үрдісін дамытуға тиімділігі
Бастауыш сынып математикасында ақпараттық-коммуникативті технологияны қолдану
Ақпараттық технологиялардың пайдалану ерекшеліктері
Пәндер