Үйсіндердің этникасы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Негізгі бөлім

І-тарау Үйсіндердің этникасы.

1. 1. Үйсіндердің шығу тегі . . . 4

1. 2. Үйсіндердің іргелі ел болып қалыптасуы . . . 9

1. 3. Үйсін елінің екіге бөлінуі . . . 18

ІІ-тарау

2. 1. Үйсіндердің көрші елдермен экономикалық және мәдени

байланыстары . . . 23

2. 2. Үйсіндердің әлеуметтік тұрмысы мен мәдениеті . . . 26

2. 3. Үйсіндердің ғұндармен соғысы . . . 28

ІІІ. Қорытынды . . . 32

ІV. Пайдаланылған сілтемелер . . . 33

V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 34

Кіріспе

Б. з. б І-ғасырдың аяғында Қазақстан даласында сақ тайпаларын ығыстырған жаңа тайпалық одақ пайда болды. Олар: үйсіндер қаңлылар.

Мал шаруашылығы үйсін тайпаларының өмірінде маңызды рөл атқарды. Олар әсіресе жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлді . үйсіндердің мекен еткен ортасы - Іле даласы мен Жетісу жері. Үйсін билеушісінің титулы гуньмо (күнбегі) . Үйсін тайпаларында жерге жеке меншік болды. Жеке меншік болғандығының белгісі олар өздеріне тиісті заттарға жолдарға таңба салған.

Үйсін қоғамында әлеуметтік теңсіздік археологиялық олжалардан айқын көрінеді.

Үйсіндерде қайтыс болған адамның қолы қапталына созылып басы батысқа қаратып жатқызылған.

Олардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Тайпа адамдары жаратушы күшке сеніп оларға арнап құрбандықтар шалған.

Үйсіндер Қытаймен дипломатиялық және туысқандық қарым-қатынаста болған.

Қаңлы ғұндармен жайылым сауда жолы үшін соғысқан. үйсіндер ежелден келе жатқан түркі тапаларының бірі бүгінде ұлы жүз құрамындағы ру.

І-тарау Үйсіндердің этникасы.

1. 1. Үйсіндердің шығу тегі.

Үйсін ұлы жүз тайпаларының жалпы аты. Бұлар ежелгі заманнан бері осы өңірді мекендеген. Іле аймағындағы албан, суан, жалайыр тайпалары осы үйсін ұлысының тармақтары.

ә) Байырғы қазақ шежірелерінің деректері мен тарихи жазба деректер, үйсін елінің тарихта тым ерте заманда әйгілі болғандығын және қазақ қауымының негізгі тұлғасы мен ұйтқысы боландығын дәлелдейді. Үйсіндер туралы деректер осыдан екі мың . жыл бұрынғы ханзу тіліндегі жылнамаларда кездеседі. Қазақ шежіресі бойынша: қазақтың ұл баласының бірі Бекарыс (кейбірінде Ақарыс), одан үйсін туған делінеді. Қазақтың тегі туралы аңызда: Қотанбайдың үлкен ұлы Үйсін (ұлы жүз), ортаншы ұлы Болат (орта жүз), кіші ұлы Алшын (кіші жүз) делінеді.

19-ғасырдағы орыс ғалымы Н. Аристовтың (ұлы жүз ботбай руынан шыққан шежіреші Диқанбайдан жазып алған) шежірелік деректері бойынша: «Ұлы жүз қазақтарының атасы Майқы би. Майқыдан: қаңлы, бақтияр, қырық жүз, мың жүз; бақтиярдан: үйсін мен ойсыл; үйсіннен: ақсақал, (абақ), жансақал (тарақ) ; абақтан қараша; қарашадан байдібек; байдібектен: албан, дулат, суан, шапырашты, сары үйсін, ошақты, ысты тайпалары тарайды».

Шоқан Уәлихановтың қазақ арасынан жинап зерттеген шежірелік деректерінде, Үйсін ұлы жүз қазақтарының түп атасы болып келеді. Онда: «Төбей, Төбейден үйсін, үйсіннен қойылдыр (қатаған шанышқылы), мекірейлі (жалайыр), майқы (абақ), қоғам (қаңлы) тайпалары өрбиді». Бұдан құлдағанда баққараша - байдібек. Байдібектен: албан, дулат, суан, шапырашты, сары үйсін, ошақты, ысты рулары тарайды. Кейбір зерттеушілер: қазақ шежіресіндегі үйсіннің түп атасы Төбей (Туби яки Дуби) ерте замандағы ханзуша деректердегі үйсін елінің Нән Ду би болуы ықтимал, деп топшылайды.

Қазіргі қазақ ішіндегі үйсіндердің тайпасының таңбалары; ( ) (ту) және ( ) (ағын су) формасында келеді. Қазақ арасында үйсін ұлысының арғы тегі мен өсіп-өрбу жағдайын баяндайтын шежіре деректері сақталған. Үйсіндер - қазақтың ұлы жүзін құрайтын үлкен ұлыс. Еліміздің қазақтары ішінде албан, суан, жалайыр, шанышқылы тағы басқа тайпалар осы ұлы жүз - үйсіннен тарайды.

«Үйсін деген ат ұрын үйсіндер мекендеген өңірлердегі жер-су аттары да да сақталып отыр. Мысалы: ежелгі үйсіндіктің атамекенінің орталығы болған Іле аймағының Шапжал ауданы мен Маңғолкүре ауданының аралығында «Үйсін тауы» деп аталатын тау бар. Ежелгі ханзуша жазба деректерде үйсінді «усұн» деп жазған. Қазақтар мен маңғолдар бұрын Шиху ауданын «Қару-сұн» деп атаған.

Қазіргі Манас-сауан аудандарының аралығындағы «Алу-сұн» деген өзен бар. Толы ауданында «Сарығусұн» деген өзен бару Демек, «Қар сұн»-қара усұн- (қара үйсін), «алусұн» - алусун (алғы үйсін), сарығусун - сарығусұн (сары үйсін) деген тайпа аттарының жер-су атында сақталған түрі болуы мүмкін. Ерте заманда бұл жерлерді үйсін тайпалары мекендеген.

Әйгілі ғалым Е. С. Малов: үйсін деген ел атының 8-ғасырдағы Орхон-Енисей ескерткіштерінде барлығын дәлелдейді. Осыған сүйенген орыс ғалымдары үйсіндердің исондармен (сақ тайпасы ) туыс екенін айтады.

Үйсіндер еліміздің тарихындағы ежелгі ұлыстардың бірі. Олар заманымыздан бұрынғы 1 - 2-ғасырлардан бастап еліміздің батыс солтүстік өңірінде өкімет билігін орнатып, батыс өңірдің отанымыздың ішкі өлкелермен байланысын және бірлігін күшейтуде, «ұлы жібек жолын» ашуда және қорғауда маңызды рөл атқарған, еліміздің шекара аймақтарын ашып көркейтуде елеулі үлес қосқан.

Үйсін тарихының ең алғашқы дерегі «Хан патшалығы тарихы, Дауан шежіресінде» кездеседі. Бұдан соң «Хан патшалығы тарихы. Батыс өңір шежіресінде», «Үйсін елі» деген арнаулы тарау енгізіліп, үйсіндердің тарихы баяндалады.

Үйсіндер Іле алқабына қоныс аударудан бұрын Дұнхуаң мен Чилан (Шулен) тауы аралығын (қазіргі Хыши аңғарын мекен етіп, көшпелі өмірін өткізген, бұл кезде олар «һұндердің батыс жағындағы шағын ел еді». Нанымды тарихы деректердің дәлелдеуіне қарағанда: ол кезде үйсіндердің Нәнді би (Нанды би) атты көсемі болған. Осы Нәнді би ел билеген заманда, үйсін ұлысы өз маңындағы күшті көршілерінің шапқыншылығына тап болады, Нәнді би жау қолынан қаза табады. Ер өліп, Ертіс бұзылып, құтты мекен қонысын: жау басып алған үйсін елі телім-теелім боп тентіреп ауыр апатқа ұшырайды. Нәнді бй жау қолынан қаза тапқанда, оның баласы Леж би (Елжау би, Күнби) жаңа туған бала еді. Оны әкесінің туысы Боже Оңқа деген адам алып қашып һұндерге барады. һұндердің чаниұйы (тәңір құты) бұл баланы асырап, ер жеткізеді.

Осы Хыши аңғарындағы үйсін ұлысын ойрандап, Нән биді өлтіргендердің кім екендігі жөнінде «Тарихи жазбалар» мен «Хан патшалығы тарихында», бірі-біріне қайшы екі түрлі дерек бар.

«Тарихи жазбалар. Дауан шежіресінде» Жан Чиан былай дейді: «һұндерден естуімізге қарағанда, үйсіндердің ханы «күнму» (күнби) деп аталады екен. Күнмудың әкесі (Нәнді би) һұндердің батыс жағындағы шағын елді билеген. Осы кезде һұндер оларға шабуыл жасап Күнмудың (Елжау бидің) әкесін өлтіреді. Жаңа туған нәресте бала күнму иен далада қалады. Бұл баланы құстар ет тасып беріп, көкбөрі емізіп асырайды. һұн тәңірқұты оның киелі бала» -деп біліп әкеліп асырап ер жеткізеді. Ол есейіп ер жеткен соң шеру тартып, жорықтарға аттанып, жеңістрге жетіп, ерлік көрсетіп еңбек сіңіреді. Ақырында һұн тәңірқұт (Чанұй) әкесінің орнына күнму (күнби) етіп бытыран елін жинап, билігін береді, сонымен бірге батыс өңірдегі қалаларды қорғау міндетін тапсырады».

«Хан патшалығы тарихы. Жаң Чиан өмірбаяны» рауында былай делінеді: патша хан Удий) ЖаңЧианнан Дашаның мән-жайын сұрағанда, ол мынаны айтты: «Менің "һұндерден естуімше, үйсіндердің ханы «күнму» (күнби деп аталады екен. Күнмудың әкесі Нәнді би тегінде Чилан мен Дұнхуаң аралығындағы ұлы иозылармен қанаттас отырған кіші мемлекеттің билеушісі екен. Ұлы иозылар Нәнді биді өлтіріп, олардың жерін тартып халқы босып һұн еліне барып паналаған. Осы кезде жаңа туған жас бала күнмуды әкесінің туысы Боже Оңқа қалың шөптің арасына апарып тастап кеткен. Ашығып жатқан жас нәрестені көкбөрі келіп емізіп, құстары ет әкеліп беріп асырап жүрген. Оны көрген һұндар баланы «кие» деп біліп, еліне апарған, һұн тәңірқұты асырап ер жеткізген».

Жоғарыдағы екі кітаптың деререгі бір-біріне қайшы. «Тарихи жазбаларда: Нәнді биді һұндер өлтірген деп «Хан патшалығы тарихында»: Нәнді биді ұлы иозылер өлтіргген дейді. Бұл мәселе жөнінде тарихшылар арасында талас бар. Бірсыпыра тарихшылар үйсінді ойрандаған ұлы иозылер еді десе, кейбір тарихшылар үйсіндерді қиратқан һұндер болатын деседі. Біз үйсін елін, шауып, Нәнді биді өлтірген ұлы иозылер, деген пікірді дұрыс деп құптаймыз. Оның дәлелі мынадай:

1. «Тарихи жазбалар» бұрын жазылған, «Хан патшалығының тарихы» кей жазылған. Пан Чау «Хан патшалығының тарихын» құрастырып жазар алдында бұдан бұрын жазылған «Тарихи жазбалардан» басқа кітаптардан пайдаланған. Осы барыста «Тарихи жазбалардың» тарихы жинаққа үйлеспейтін жерлеріне өзгеріс; енгізіп түзеткен, бұл түзету өз кезінде нанымды фактілер негізінде жасалған.

2. һұндердің күшені кейінгі кездері болды, алғашында һұндердің оң-солындағы көршілері күшті елдер еді. Олар чин дәуірі мен хан дәуірі аралығында «күшті дұңху гүлденген иозы» деген даңққа бөленіп отырған болатын. Ұлы иозылер һұндердің батыс жағындағы ірі мемлекет еді. Моте (батыр) хан тамша шығудаң бұрын ұлы иозылер ордасына кепілге (аманатқа) қойылған болатын. Үйсіндер ол кезде ұлы иозылермен аралас отырған шағын ел еді. Мұндай жағдайда, һұндердің ұлы иозылерді баса-көктеп келіп үйсіндерді шауып, Нәнді биді өлтіріп, жерін басып алуы оңай-оспақ іс емес.

3. «Тарихи жазбалар» мен «Хан патшалығы тарихының» екеуі де үйсін елі ойрандалып, Нәнді би жау қолынан қаза тапқан кезде; оның баласы Елжау би- (күнму) жаңа туған бала екенін бір ауыздан анықтайды. Шұй Сұң «Хан патшалығы тарихындағы батыс өңір шежіресіне қосымша» атты еңбегінде «Күнмудың (Елжау бидің) туылған уақыты Мотенің ұлы иозылерді талқандауынан бұрын болатын», дейді. Демек күнму Елжау би туған кезде һұндердің күш-қуаты ол өмірге жеткен жоқ. Бұл тұста Хыши тілігіндегі күшті мемлекет ұлы иозылер - болатын. Іргелес отырған шағын ел үйсінді бас салып, батыстағы Нәнді Биді өлтірген болса, онда: Нәнді бидің баласы күнмуды (Елжау биді) бауырына салып, ардақтап асырмас еді. Оны әкесінің орнына күнби етіп, тозған елін құрап қолына беріп, батыс өңірдегі қалаларды мәңгі қорғау міндетін тапсырмас еді. Сондай-ақ үйсін күнбиі (Елжау би) ата кегін қайтару үішін ұлы иозылерге өшіге шабуыл жасамас еді. Жоғарыда айтылған жағдайлар мен тарихи фактілер үйсін елін шауып, Нәнді биді өлтірген һұндер емес, ұлы иозылер екенін дәллдейді.

1. 2. Үйсіндердің іргелі ел болып қалыптасуы.

Һұн тәңірқұты үйсін күнмуы Елжау биді асырап ер жеткізіп, һұндерге келіп паналаған үйсін халқын оның өз билігіне беріп, әкесінің тағына отырғызған соң, ол шеру тартып жорыққа аттанып, ерлік көрсетіп еңбек сіңіреді. Һұн тәңірқұты оған батыс өңірді мәңгі қорғау міндетін жүктейді. Ол өз елін қолына жинап алған соң, төңірегіндегі ұсақ ұлыстарға шабуыл жасайды. Он мыңдаған әскер жинап, оларға соғыс өнерін үйретеді. Һұндерге арқа сүйей отырып, бірте-бірте күш жиннап, елдің санатын қалпына, келтіруге ұмтылды. Бірақ бұл кезде олар әлі де болса һұндерге сырттай тәуелді еді. Һұн тәңірқұты оларды әскери күш ретінде пайдаланып отырады.

Б. ж. с. бұрынғы 177-176-жылдарда һұн тәңірқұты Моте бастаған һұн әскерлері ұлы иозылерге шабуыл жасап, оларды ойрандайды. Мотенің орнына отырған Лаужаң тәңірқұт тұсында (заманымызда бұрынғы 161-174-жылдарда) билік жүргізген һұн әскерлері ұлы иозылерді талқандайды. «Лаушаң тәңірқұт ұлы иозы ханын өлтіріп бас сүйегін ішімдік ыдысы етеді. Ұлы иозылар қазіргі Гансу өлкесіндегі Хыши дәлізінен Іле өзені алқбына ауып келеді де, бұдан бұрын осы жерді мекендеген сақ тайпаларын талқандайды. «Хан патшалығы тариы. Жаң Чианның өмірбаяны» тарауында былай дейді: «һұндерден жеңілген ұлы иозылер батысқа ауып барып, сақ хандығына шабуыл жасады. Сақтардың ханы оңтүстікке қашып кетті, ұлы иозылер олардың жеріне орналасты». Бұл дерек «Хан патшалығы, тарихы. Батыс өңір шежіресінде» де жазылған. Онда «ұлы ибзылер батысқа қарай ауып барып сақ хандығын талқандады, сақтардың ханы оңтүстікке қарай беттеп, Индияға қашып кетті. Ұлы, иозылер олардың жерін жаулап алды» дейді.

Ұлы иозылерден ата тегін қайтаруды есіне берік сақтаған үйсін күнмун Елжау би ұлы иозылерге жорық жасауға бел байлайды «Әкесінің кегін алуға аттанам деп һұн тәңірқұтына өтініш етеді». Ол һұн тәңірқұты Лаушаң Жанұйдың қолдауымен самсаған қалың қолды бастап батысқа қарай шеру тартып келеді де, Іле өзені бойындағы ұлы иозылерді талқандайды. Ұлы, иозыдердің бір балегі батысқа қарай ығысып Бактрия жеріне қоныс аударады. Енді бір бөлегі өз орнында, Іле алқабында қалып, үйсін ұлысына қосылып кетеді. Бұлардың ішінде бұрыннан қалған жергілікті тайпалары да бар еді.

Ұлы иозылерді жеңіп, Іле алқабы мен ЬІстық көл айналасындағы шұрайлы да құнарлы қонысты жаулап алудың және бұл өңірде қалған сақ тайпалары мен ұлы иозы тайпаларын қосып алудың зор жеңісі үйсін елінің күш-қуаты мен мемлекеттік беделін мейлінше арттырады. Осы мезгілде һұндердың Лушаң тәңірқұты қаза болып, һұн билеушілері арасында лауыздық туып өзара қырқысады. Бұл орайды пайдаланған үйсін күнмуы: «һұндердың ордасына бағыныштылық білдіруден, бас тартады». Һұн билеушілері әскер тартып келіп үйсіндерге шабуыл жасайды. Олар «жеңіске жете алмай, киелі елге килікпейік деп, бойын аулаққа салуға мәжбүр болады». Осы сәтсіздіктен соң һұн билеушілері үйсін еліне онша соқтықпайтын болады.

«Үйсін ұлысы Іле өзені өңіріне келіп орныққан соң, өркен жайып гүлденеді де, ұлан-байтақ өңірді қамтыған қуатты да құдіретті мемлекет құрады. Үйсін елінің территориясы: батыста Шу, Галас өзендеріне, шығыста Тяңь-Шань тауларының шығыс сілеміне, солтүстікте Балқаш көлінен бастап, оңтүстікте ЬІстық көлдің оңтүстік жағалауына дейінгі ұлан-байтақ өңірді қамтиды. Осы территориядағы үйсін елі шығыста һұндермен, солтүстікте қаңлылармен, батыста дауандармен, оңтүстігінде Тарым ойпатындағы қалалармен шекаралас болады. Үйсін елінің саяси орталығы - астанасы ичу қаласы еді. Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі күнму (күнби) деп аталды. Күнби өзі тағайындаған әскери-әкімшілік ұлықтар арқылы бүкіл мемлекетті меңгеріп отырды. Кемеліне келіп дәуірлеген кезде үйсін елінде 120 мың түтін, 630 мың адам, 188 мың 800 сайлауыт әскер болды. Бұл сан сол заманда батыс өңірде болған 40 мемлекеттің жан саны мен әскер санының мәліметі бойынша, батыс өңірдегі 40 мемлекетте мың 895 түтін, 309 мың 757 адам, 70 мың 499 әскер болған. Атап айтқанда, үйсіндердің жан саны олардан үш есе, әскер саны біржарым есе артық еді. Ол заманның деңгейімен алғанда, үйсіндердің аса құдыретті мемлекет болғандығы осыдан байқалады. Осы себепті тарихшылар: «Үйсіндер батыс өңірдегі мейлінше құдыретті мемлекет» деп жазады. «Үйсін күнмуы Елжау бидің он ұлы болған. Олардың

ішінде Дулы (Дұғлұ) қабылетті де қайратты, соғыс өнеріне шебер қолбасшы болып жетіледі де, он мың атты әскермен өз алдына тұрады. Күнмудың тақ мұрагерлігіне тағайындалған баласы ерте қайтыс болып кетеді. Оның Жөнші би деген баласы жетім қалады. Күнмудың тақ мұрагеріне тағайындалған ұлы қайтыс боларда әкесі Елжау биге, Жөнші биді тақ мұрагері етіп бекітуді өтінеді. Елжау би бұл өтінішке ризалық білдіріп, Жөнші биді тақ мұрагері етіп бекітеді. Тақ мұрагер бола алмағанына наразы болған Дулы бүлік шығарып Жөнші өлтіріп тастауға сұқтанады. Бұл жайды байқаған күнму Елжау Дулының өлтіріп тастауынан қауіптеніп, он мың әскермен Жөнші биді бөлек ұстайды. Елжау би он мың әскермен өзін қорғап ортада тұрады. Сонымен үйсін елі өз ішінен үш ұлысқа бөлінеді. Бірақ барлығы күнмуға (күнбиге) бағынады».

Б. ж. с. д. 141-жылы Хан патшалығына Уди патша болды. Бұдан бұрын хан патшалығының солтүстігіндегі һұндер күшейіп, Хан патшалығына қарсы үздіксіз шабуыл жасап, талан-тараж жүргізіп, үлкен қауып-қатер төндіріп келген еді. Уди таққа отырған соң хан патшасының мемлекеттік қуаты молайып, һұндер қарсы жорық жасауға бел байлайды. Бірақ һұндер өте күшті еді. Сондықтан һұндерге қарсы тізе қосып күресетін сенімді одақтас табу мәселесі күн тәртібіне қойылады. Олар ұлы иозылердің һұндерге өш-кегі бар дегенді естіп, ұлы иозылермен дос бола отырып, һұндерге шабуыл жасауды жоспарлайды.

Бұл мақсатқа жету үшін заманымыздан бұрынғы 138-жылы Жаң Чианды бастаған жүз адамды ұлы иозылерге елшілікке аттандырады. Бірақ Жаң Чианды жол-жөнекей һұндер ұстап алады. Ол он неше жыл һұндердің қолында тұтқында болады, ақырында одан құтылып шығып, Ферғана арқылы ұлы иозымерге барады, Бұл кезде ұлы иозылер Амударияның оңтүстігіндегі Бактрия жерінде еді. Бұл құнарлы қонысқа орнығып көңілі көншіген ұлы иозылер шығысқа қайта келіп һұндерден өш алу жөніндегі өтінішті қабылдамайды. Бұлардан күдер үзген Жаң Чиан мақсатына жете алмай қайтады. Ұлы иозылермен одақтасуды жүзеге асыра алмаған Xан патшалығы енді үйсіндермен одақтасуды ойластырады.

Осы орайда Жаң Чиан хан патшалығының Уди патшасына мынадай ұсыныс береді: «Қазір үйсіндер құдіретті елге айналып, һұндерге бағынудан бас тартып отыр. Бұрын һұндердің ханы Жөншіге қараған Хыши тілігі біздің Хан патшалығының иелігіне өткеннен бері иен тұр, үйсіндер шығысқа қайтып, осы өңірге келетін болса, һұндердің оң қолын үзіп тастауға болар еді. Үйсіндермен одақтассақ, батыстаған Бактрия қатарлы жерлерді де өзімізге тәуелді етуге болар еді» дейді. Бұл пікірді мақұлдаған Уди патша Жаң Чианды елші етіп тағайындайды. Заманымыздан бұрнғы 119-жылы Жаң Чиан үш жүз адамнан құралған елшілікті бастап үйсін еліне аттанады. Бұл елшілік құрамындағы әрбір адамға мініске екіден ат беріледі. Елшілердің жол азығы үшін он мыңдаған қой мен сиыр айдалады. Олар тарту-таралғы үшін сан сың сәрілік алтын, күміс торғын-торқа, асыл бұйымдар ала барады.

Жаң Чиан үйсін еліне келіп, күнмуға (Елжау биге) жолығып , Уди патшаның сәлемін айтып, күнмудың шығыстағы ата мекен көшіп келіп, хан әулеті өкіметімен одақтасып, һұндері соққы беруі жөніндегі ұсынысты ортаға қояды. Үйсін күнмуы Елжау би «шығысқа көшіп кел» деген ұсынысты қабылдай қоймайды. Өйткені шалғай жердегі отырған үйсін күнмуы хан патшасының қаншалық қуаты бары жете түсінбейтін. Оның керісінше, өзімен іргелес отырған һұн елінің қуат құдіретіне қаиық еді. Һұндер жауласып отырған хан патшалығымен одақтасу һұндердің қатынына тиетін қауыпты іс екенін, мұның аяғы насырға шабатынның үйсін елінің биі мен бегі білетінді. Оның үстіне. Іле өзенінің алқабы мен Жетісу өңірінің құнарлы қонысына орнығып, іргелі ел боп жырғап жатқан үйсіндер үшін Дұңхуан мен Чиланға қайта көшудің қажете де жоқ еді. Нәтижесінде Жаң Чиан өзінің көздеген негізгі мақсатын іске асыра алмай қашады. Бірақ үйсін кунмуы хан патшалығының жай-жағдайын ұғыну мақсатымен Жаң Чиянға қосып елшілерін сан патшалығына жібереді. «Ондаған тұлпар тарту етіп алғыс айтады».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және БАҚ
Антропология ұғымы
Үйсін тайпаларының зерттелуі және материалдық мәдениеті
Үйсін және қаңлы тайпаларының тарихы
Үйсіндер, қоныстану аймағы, әскери-саяси құрылымы, шаруашылығы, археологиялық ескерткіштері
Жетісудағы Тиграхауд - сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары
Үйсін мемлекетінің құрылуы
ЕЖЕЛГІ ҮЙСІН ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫЛЫҒЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ
Үйсіндер тарихы
Үйсін мемлекеті Қазақстан территориясындағы бастапқы мемлекеттіліктің үлгісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz