Логопедия


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Логопедия

Логопедия - сөйлеу коммуникацияларының құрылуының нормада болуын қамтамасыз ететін, сйлеу мен тіл механизмдері, адамның сөйлеу қызметі тіралы және психологиясын қамтитын білім ауданы болып табылады. Осыған орай логопедия неврология, нейропсихология, педагогика және т. б. ғылымдардың негізіне сүйенеді. Бұл ғылымдарға сүйене отырып, логопедия сөйлеудің бұзылуын қалпына келтіруінде жаңа ғылымиәдістер қолдана алады.

Сөйлеу патологиясы ХІХ ғасырдың ортасынан ғана зерттеле бастады. Сол кезде алғашқы сөйлеу қызметінің қамтамас ететін анотомия-физиология механизмдерінің негізі анықталған еді.

Сөйлеудің анотомо - физиологиялық механизімдері және оның балада дамуының негізгі заңдары.

Қалыпты сөйлеу қызметі үшін мидың барлық құрылымдары толық сақталу керек. Сөйлеуге - есту, көру және моторлық жүйелер маңызды. Сөйлеу үш перифериялық аппаратының бөлімдерінің бірге жұмыс істеу арқылы жүзеге асады: дауысты, артекуляция және дем алғанның. Сөйлеу дем алуы сөлеу процесінде дауыстың шығуын қамтамасыз етеді. Сөлеу дыбыстарын шығару артикуляциондық бөлім арқылы жүзеге асады. Баолық перифериялық сөйлеу аппаратының жұмысы роталық нервілік жүйемен реттеледі. Сөйлеудің сапалық характеристикасы мидың оң және сол жақ шарларының бірге бірқалыпты жұмыс істеуге байланысты, яғни дұрыс сөлеу үшін мидың қалыпты функциялары жұмыс істеуі тиіс. Сөйлеу қызметінде сөйлеу есту және сөйлеу қимылдау зоналы үлкен роль атқарады. Олар мидың доминантты оң қолдыларға сол жақта орналасқан.

Бір жастан бес жасқа дейін сау балада фониматикалық сезіну, сөйлеудің лексико - грамматикалық жақтары құрылады. Сөйлеудің алғашқы кезеңдерінде бала вокализация, гулеуі түрінде дауыс реакциаларымен жарақтанады. Бір жасында бала сөздің мағнасын түсіне бастайды. Бір жарым жаста бала екі - үш әріптен тұратын сөздер айтады. Баланың сөйлеуі морфологиялық, фонологиялық және синтаксисті дұрысырақ болады. Үш жасында сөйлеудің жалпы лексико - грамматикалық құрылымы құрылған. Бұл кезде бала сөйлем құрай алады. 5-6 жаста дауысты зерттеу және синтездеу мүмкіндігі пайда болады. баланың сөлеуді үйренудің оның келесі кезең жазуды үйренуге өтеді. Сөйлеудің қалыпты дамуы үшін келесі жағдайлар сақталуы керек: орталық нервілік жүйенің сақталуы, есту және көру қаблеті, басқа адамдармен сөйлеу деңгейі.

Сөйлеудің бұзылуының себептері.

Сөйлеудің бұзылуы әлеуметтік және биологиялық факторларға байланысты. Биологиялық себептерге: бұл бала әлі туылмағандағы оған әсер ететін потогенді факторлар, туудағы травмалар. Тағы отбасылық тұқым қуалалаушылық., сөйлеудегі олқылықтар. Әлеуметтік психологиялық себептерге: үлкендермен сөйлесу уақытының аздығы, кіші сыныптарда екі-үш тілді қоса оқу салдарынан, баланы қате тәрбиелеу, мұғалімдердің кәсіпсіздігі және т. б.

Логопедияда сөйлеудің бұзылуы клинико - педагогикалық және психолого - педагогикалық әдістер қолданады. Сөйлеудің бұзылуының негізгі түрлері: дислалия, дауыстың бұзылуы, ренолалия, дизартрия, алалия, афазия, дисграфия және дислексия, сөйлеудегі ақаулық.

Сөйлеудің дамуының бұзылуы

Жалпы логопедияда сөйлеудің бұзылуын екіге бөлуге болады: жалпы сөйлеудің дамымағандығы және фонетико-фонематикалық дамымағандық,

Жалпы сөйлеудің дамымағандығында баланың барлық сөйлеу жүйесінің компоненттерінің бұзылуы, яғни фонетикалық, фонематикалық және лексико-грамматикалық. Олардың негізгі көрсеткіштері болып баланың кеш сөйлеуі, сөйлеу дамуының темпі баяу жүруі, сөз байлығының аздығы, дауыс шығарудың бұзылуы және тағы басқа. Негізі үш деңгейге бөлінеді:

Бірінші деңгей , ең төменгі деңгей. Бала жалпы қолданатын сөздерді білмейді. Олар сөздерді дұрыс айта алмайды. Мысалы кукла-кука, кровать-ават, және тағы басқа. Бір сөзбен бірнеше нәрселерді айта береді. Мысалы «би-би» бұл мәшине, ұшақ, жүру, ұшу. Бұл балалар үш жасқа дейін сөйлей алмайды, және арнайы мектепке дейінгі мекемеде оқуы тиіс. Жүйелі түрде логопедпен жұмыс істеуі керек.

Екінші деңгей , - балаларда жалпы қолданатын сөздерді сөйлеу қалыптасқан. Мұндай балалар сөйлеу арқылы көп араласады. Олар жай үш-төрт сөзден тұратын сөйлемді құрай алады. Грамматикада және сөйлеуде қателіктер жібереді. Сөздің құрамын бұзады. Зерттеу барысында олардың фонематикалық сезінуі бұзылғаны анықталған.

Балалар логопедиялық көмекке жүгінуі тиіс және зерттеу нәтижесіне қарай кейбір балалар жалпы мектепке жіберілуі мүмкін. Мектепте оқу барысында үнемі логопедиялық көмекке жүгінуі керек. Оларға оқу мен жазу қиынға түседі.

Үшінші деңгей , балалар сөйлеу барысында заттар, әрекеттер, заттардың қасиеттерін оңай атайды. Олар өз отбасы туралы әңгіме айта алады. Соған қарамастан оның лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық кемшіліктері жеткілікті. Мұндай балалар өз сөйлемдерінде жай сөздерді көп қолданады. Қалай дегенмен бұл балалар жалпы мектепте оқуға жарамды. Логопедтің көмегіне жүгінуі керек. Бала сөйлегенде монологты айта алмайды, диолог арқылы сөйлеседі. Жалпы мектепте оқу үлгерімі көбінесе төмен болады.

Фонетика-фонематикалық дамымағандық бұл сөйлдеу жүйесінің құрылуының бұзылуы, сезіну мен айту дефектің салдарынан болады. Сөйлегенде дыбыста толық айтпайды. Мысалы «рука-ука», дыбыстарды ұқсас дыбыспен шатастырады. Оқу мен жазуды үйренуде қиыншылықтар бар. Фонетика-фонематикалық дамымағандықты жоюда тура саналы бағытталған тиімді логопедтік көмек қажет.

Сөйлеуі бұзылған балалардың клиника-психолого-педогогикалық мінездемесі

Сөйлеуі бұзылған балаларда көбінесе орталық нервілік жүйе жағдайында органикалық және функцияналдыауыткулар бар.

Мидың органикалық бұзылуы бар балалар ыстықты, автобусты, качеляда отыруды көтере алмайды. Мінезі тез өзгереді, бір орында отыра алмайды, тез шаршайды.

Функцияналды бұзылуы бар балалар эмоцияналды болады. Олар агрессивті, мінезі тез өзгереді немесе керісінше тыныш жүреді.

Сөйлеуі бұзылған балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесі

Балаларды арнайы оқыту жиырмасыншы ғасырдың ортасында басталды. Жалпы үш арнайы топтық профиль анықталған:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Логопедиялық жұмыстар
Логопедия ғылымы негізі
Дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен окыту күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе
Балалардың дыбыс айту ерешеліктері
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Арнайы педагогиканың сыныптамалары
Жазылу тілінің бұзылу себептері
Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері
Логопедияның мақсаты мен міндеттері
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМДЕГІ ЛОГОПЕД - ДЕФЕКТОЛОГТАРДЫҢ РӨЛІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz