Қазақ баспасөзі – алаш зиялыларының большевизмге қарсы күресі тарихының дерек көзі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Қазақ баспасөзі . Алаш зиялыларының большевизмге
қарсы күресі тарихының дерек көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ. Алаш зиялыларының көрнекті өкілі.М.Шоқайдың большевизмге қарсы күресі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі ... ... ... ... . 62

Диплом жұмысының өзектілігі. ХХ ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін, ұлт болашағы үшін қауіпті кезең еді. Бір қоғамнан келесі қоғамға көшу отарлық езгіні тереңдете түсті. Осы тұста қоғамдық күреске қазақ қоғамы үшін мүлдем жаңа саяси-әлеуметтік күш – ұлттық зиялылар араласа бастайды. Орыс мектептері мен жоғарғы оқу орындарында білім алып, отаршыл мемлекеттік басқару аппаратындағы қызметке және қазақ арасында орыс мәдениетін егіп, тарату үшін даярланған зиялылар мұның бәрін жиып қойып, ұлттық тәуелсіздік пен ұлттық мәдениеттің өсіп-өркендеуіне, ұлт өмірін қайта құру мақсатында қызмет ете бастайды. Соның нәтижесінде қазақ қоғамында мүлде жаңа сападағы жағдай қалыптасып, отарлық тәуелділікке қарсы күрес оның негізгі белгісіне айналады. Ал Кеңес үкіметі орнауы барысында зиялылар қызметі күрделеніп, дами түседі.
Барлық көрінісі жағынан қазақ қоғамы үшін нағыз өтпелі кезең болған сол уақытта тарих сахнасына көтеріліп, небары жиырма жылдай уақытқа созылған қысқа мерзімде өшпес із қалдырған бұл ұлт зиялылары кімдер еді? Олар еліміздің тарихында қандай орын алмақ? Бұл сауалдарға тарих толығымен жауап бере алды ма? Әрине, оған толық жауап берілген жоқ. Анығырақ айтқанда, қазақ зиялыларының жүріп өткен тарихи жолы, әсіресе күрделі тарихи өтпелі кезеңдері мен сол кезеңдерде өзінің белсенді қызметімен қоғамдық дамуға пәрменді ықпал еткен түрлі қоғамдық күштердің, жеке тарихи қайраткерлердің өмір жолын талдап, зерттеу әлі аяқталмаған міндет деуге болады. Соның ішінде Кеңес үкіметінің толық орнауымен жолы кесілген, оған дейін, тіпті кеңес үкіметі орнағаннан кейін де жалғасын тапқан қазақ зиялыларының тәуелсіздік алу үшін жүргізген күресі, осы жолдағы қағамдық-саяси қызметтері халқымыздың күрделі тарихының толық жазылмаған ақтаңдақ беттеріне жатады.
Біз, яғни кейінгі ұрпақ кеңес үкіметінің таңдаған жолы – большевизмнің даму жолының сәтсіз аяқталғанының куәсі болдық. Осы орайда біз үшін большевиктер таңдаған жолдан өзге бағыт болды ма – осы мәселе өзекті болып көрінеді. Тек тәуелсіздік жылдары зерттеле бастаған зиялыларымыздың қоғамдық-саяси қызметі, жалпы ХХ ғасыр басындағы еліміздің саяси жағдайы жөніндегі еңбектер арқылы ғана сұрағымызға жауап іздеуге мүмкіндік туа бастады. Кеңестік тарих ғылымы ұлт зиялыларының қызметін «буржуазиялық ұлтшылдық» көрінісі деп бағалап келді. Бұл шын мәнінде берілген баға ма, әлде ұлы державалық пиғылдағы баға ма еді? Осы сауалдарға жауапты да зиялылардың әрбірінің өмір жолын толық зерттегенде ғана таба аламыз.
Ұлттық зиялылар дегенімізге қандай анықтама беруге болады? М.Шоқай тілімен айтсақ «Белгілі-бір мұрат-мақсаттардың соңында жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттары төңірегіне жиналған оқымыстыларды зиялылар деп айтуға болады. Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады. Зиялылардың міндеті ұлы да қасиетті болуы себепті өте ауыр. Халықты ұлт деңгейіне көтеру, яғни, жері, суы, қазынасы, тілі мен діні бір болған халық бұқарасын бірлестіріп, олардың санасын біртұтас саяси, әлеуметтік, ұлттық санаға жеткізуде, ұлы тарихи міндеттің маңызды бір бөлігі зиялылардың үстіне жүктеледі» [1; 175-176]. Міне осы салмақты тарихи міндетті арқалаған ұлт зиялыларымыз деп кімдерді атай аламыз. Ә.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Шоқай, Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышбайұлы, С.Қожанов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы т.б. ұлтқа қызмет еткен азаматтардың қайраткерлік қызметтері зиялылар деп айтуға толық негіз бола алады. Олардың барлығы азаттық үшін алысыр өткен. Зиялылардың қызметін жан-жақты зерттеу үшін олардың қоғамдық саяси көзқарасын білу өте маңызды.

1. М.Шоқай. Таңдамалы. –Алматы: «Қайнар», 1998. 2 томдық.
2. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. –Алматы: «Санат», 1995.
3. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. –Алматы: «Санат», 1995.
4. Бочагов А.К. Алаш-Орда. Краткий исторический очерк о национальном-буржуазном движении в Казахстане периода 1917-1919 гг. –Кзыл-Орда, 1929.
5. Мартыненко. Алаш-Орда. Сб. Док. С предисловием тов. У.Исаева. –Кзыл-Орда, 1929.
6. Бисенбиев К.Б. Очерки истории общественно-политической и философской мысль Казахстана. –Алматы, 1976.
7. Брайнин С., Шафиро Ш. Очерки истории Алаш Орды. –Алматы-М., 1935.
8. Қозыбаев М.Қ. Аңдақтар ақиқаты. –Алматы, 1992.
9. Бисенбиев К.Б. Идейно-политические течения в Казахстане В конце ХІХ – начале ХХ вв. –Алматы, 1961.
10. Қозыбаев М.Қ. История и современность. –Алматы, 1991.
11. Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 гг. –Алматы, 1991.
12. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. –Алматы, 1995.
13. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. –М., 1994.
14. Атабаев Қ.М. Қазақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918). –Алматы: «Қазақ университеті», 2000.
15. Рустемов С. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі мұсылмандық қозғалыс. –Алматы, 1997.
16. Мамраева А.К. Общественно-политическое развитие Казахстана начала ХХ века и Алихан Букейханов. –Алматы, 1997 (канд. дисс.).
17. Ауанасова А.М. Национальная интеллигенция Казахстана в ервые годы Советской власти (1917-1923 гг.). –Алматы, 1993 (канд. дисс).
18. Симтиков Ж.Қ. Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. –Алматы, 1997 (канд. дисс.).
19. Уәлиханова Ж.М. Сұлтанбек Қожаовтың мәдени-ағартушылық және мемлекеттісаяси қызметі. –Алматы, 2001 (канд.дисс.).
20. Сәулембекова М.С. Қазақ мерзімді басылымдарындағы тарихи мәселелер: тарихнамалық талдау (ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басы). –Алматы, 2001 (канд. дисс.).
21. Сүлейменов П.М. Қазақстанның қазіргі саяси процестері және Мұстафа Шоқайұлының «Біртұтас Түркістан» концепциясы. –Алматы, 1999 (канд. дисс.).
22. Хасанаева Л.М. Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту үшін күрес: түрлі көзқарастар мен саяси қозғалыстар тарихынан (ХХ ғ. алғашқы ширегі). –Алматы, 2002 (канд. дисс.).
23. Омарбеков Ш.Т. 20-30 жж. Саяси қуғындалған қазақ зиялыларының тарихи көзқарасы. –Алматы, 2002 (канд. дисс.).
24. Мұстафа Шоқай. Түркістаның қилы тағдыры. –Алматы, 1992.
25. Алижанов А. Дороги людей-дороги человека. Вспоминая Мустафу Чокая. –Алматы, 1991.
26. Қасымжанов А.Қ. Ұлы даланың зиялылары. –Алматы, 1996.
27. Мұстафа Шоқай, Мария Шоқай. Естеліктер. –Ыстамбул, 1997.
28. Қойгелдиев М.Қ. Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқайұлы. –Алматы: «Қазақ университеті», 1997.
29. Қойгелдиев М.Қ. Түркістанның ұлы перзенті: Мұстафа Шоқайұлының Түркістан халықтары тарихындағы орны жөнінде // Қазақ тарихы -1997, №2-17-22-бб.
30. Тәкенов Ә.С. Мұстафа Шоқай өмірінің кейбір қырлары //Қазақ тарихы – 1996, №3. -54-59-бб.
31. Тәкенов Ә.С. «Түркістан легионы» және Мұстафа Шоқай туралы не білеміз? //Егемен Қазақстан-1996, 15 шілде.
32. Тәкенов Ә.С. Мұстафа Шоқайдың соңғы жазбалары //Түркістан -1996, 18,24 қыркүйек
33. Нұржамал Алдабек. Мұстафа Шоқай – халықаралық саясат сарапшысы. //Қазақ тарихы-2005. №3. -54-58-бб.
34. Сапанов С.Ж. Новые материалы о Мустафе Чокаеве //Вестник КазГУ. Серия историческая. –Алматы, 1998. №8.-62-67.
35. Садықова Б.И. Түркістан легионы: жазылмайтын жан жарасы //Түркістан -1998. 27 мамыр.
36. Садыкова Б.И. Мустафа Чокай и тоталитарный режим большевиков (20-30-ые годы ХХ века) //Вестник КазГУ. Серия историческая. –Алматы, 2001. №2(20). –с.56-64.
37. Садыкова Б.И. Мустафа Чокай и тоталитарный режим большевиков (20-30-ые годы ХХ века) //Вестник КазГУ. Серия историческая. –Алматы, 2001. №1(20). –с.113-122.
38. Абдуллин Х. Мұстафаның өлімі мен өмірі //Ана тілі, 1991. 28 қыркүйек.
39. Мұстафмн А. Аңыз қайсы, ақиқат қайсы? //Ана тілі, 1991, 8 тамыз.
40. Айтан Нүсіпхан. М.Шоқай – Ұлттық зиялы //Түркістан, 1998. 4 наурыз.
41. Ибрашев С. Отаршылдықтың озбырлығы және М.Шоқай //Ақиқат, 1994. №4 -33-34-бб.
42. Назарбаев Н.Ә. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын. //Егемен Қазақстан. 1998. 15 қаңтар.
43. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. –Алматы, 1999.
44. Назарбаев Н.Ә. Қалың елім, қазағым. –Алматы, 1996.
45. «Қазақ» газеті. Құр.: Ү.Субханбердина, С.Дәуітов, Қ.Сақов. –Алматы, 1998.
46. «Айқап». Құр.: Ү.Субханбердина, С.Дәуітов. –Алматы, 1995.
47. Сейфуллин С. Бес томдық шығармалар жинағы. 4-т. Тар жол тайғақ кешу. –Алматы, 1988.
48. Чокаев М. Туркестан под властью Советов. –Алматы,1993.
49. Сатыбекова Г.К. Журнал «Айкап» как источник по истории Казахстана. –Алматы, 1965.
50. «Бірлік туы» газеті. №14. 1917. 8 қараша.
51. «Бірлік туы» газеті. №15. 1917.
52. «Бірлік туы» газеті. №16. 1917.
53. «Бірлік туы» газеті. №22. 1918.
54. Сафаров Г. Колониальная революция. Опыт Туркестана. –Алматы, 1996.
55. «Бірлік туы» газеті. №28. 1918.
56. «Бірлік туы» газеті. №29. 1918.
57. Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда. –Алматы, 1996.
58. «Сарыарқа» газеті. 1918. 18 наурыз. №34.
59. Джумаев. Наш вождь. В кн.: Мустафа Чокай и большевизм. Сб.ст. Сост.: С.Ж.Сапанов. –Алматы, 2000. ч.1. –с.121-122.
60. Чханкели А. Памяти моего друга Мустафы Чокаева. В кн.: Мустафа Чокай и большевизм. Сб.ст. Сост.: С.Ж.Сапанов. –Алматы, 2000.
61. Иманбекова С.С. М.Дулатовтың өмірі мен қызметі (1885-1935). –Алматы, 1999 (канд. дисс.).
62. Бөкейханов Ә. Шығармалар. –Алматы, 1994.
63. Тұмабаев Т.С. Россия артында не қалдырды? //ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы. –Алматы, 2000. №1(16) -21-34-бб.

Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3
Қазақ баспасөзі – Алаш зиялыларының большевизмге
қарсы күресі тарихының дерек көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ІІ. Алаш зиялыларының көрнекті өкілі-М.Шоқайдың большевизмге қарсы
күресі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... . 32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 60
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі ... ... ... ... . 62
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. ХХ ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін,
ұлт болашағы үшін қауіпті кезең еді. Бір қоғамнан келесі қоғамға көшу
отарлық езгіні тереңдете түсті. Осы тұста қоғамдық күреске қазақ қоғамы
үшін мүлдем жаңа саяси-әлеуметтік күш – ұлттық зиялылар араласа бастайды.
Орыс мектептері мен жоғарғы оқу орындарында білім алып, отаршыл мемлекеттік
басқару аппаратындағы қызметке және қазақ арасында орыс мәдениетін
егіп, тарату үшін даярланған зиялылар мұның бәрін жиып қойып, ұлттық
тәуелсіздік пен ұлттық мәдениеттің өсіп-өркендеуіне, ұлт өмірін қайта құру
мақсатында қызмет ете бастайды. Соның нәтижесінде қазақ қоғамында мүлде
жаңа сападағы жағдай қалыптасып, отарлық тәуелділікке қарсы күрес оның
негізгі белгісіне айналады. Ал Кеңес үкіметі орнауы барысында зиялылар
қызметі күрделеніп, дами түседі.
Барлық көрінісі жағынан қазақ қоғамы үшін нағыз өтпелі кезең болған
сол уақытта тарих сахнасына көтеріліп, небары жиырма жылдай уақытқа
созылған қысқа мерзімде өшпес із қалдырған бұл ұлт зиялылары кімдер еді?
Олар еліміздің тарихында қандай орын алмақ? Бұл сауалдарға тарих толығымен
жауап бере алды ма? Әрине, оған толық жауап берілген жоқ. Анығырақ
айтқанда, қазақ зиялыларының жүріп өткен тарихи жолы, әсіресе күрделі
тарихи өтпелі кезеңдері мен сол кезеңдерде өзінің белсенді қызметімен
қоғамдық дамуға пәрменді ықпал еткен түрлі қоғамдық күштердің, жеке тарихи
қайраткерлердің өмір жолын талдап, зерттеу әлі аяқталмаған міндет деуге
болады. Соның ішінде Кеңес үкіметінің толық орнауымен жолы кесілген, оған
дейін, тіпті кеңес үкіметі орнағаннан кейін де жалғасын тапқан қазақ
зиялыларының тәуелсіздік алу үшін жүргізген күресі, осы жолдағы қағамдық-
саяси қызметтері халқымыздың күрделі тарихының толық жазылмаған ақтаңдақ
беттеріне жатады.
Біз, яғни кейінгі ұрпақ кеңес үкіметінің таңдаған жолы – большевизмнің
даму жолының сәтсіз аяқталғанының куәсі болдық. Осы орайда біз үшін
большевиктер таңдаған жолдан өзге бағыт болды ма – осы мәселе өзекті болып
көрінеді. Тек тәуелсіздік жылдары зерттеле бастаған зиялыларымыздың
қоғамдық-саяси қызметі, жалпы ХХ ғасыр басындағы еліміздің саяси жағдайы
жөніндегі еңбектер арқылы ғана сұрағымызға жауап іздеуге мүмкіндік туа
бастады. Кеңестік тарих ғылымы ұлт зиялыларының қызметін буржуазиялық
ұлтшылдық көрінісі деп бағалап келді. Бұл шын мәнінде берілген баға ма,
әлде ұлы державалық пиғылдағы баға ма еді? Осы сауалдарға жауапты да
зиялылардың әрбірінің өмір жолын толық зерттегенде ғана таба аламыз.
Ұлттық зиялылар дегенімізге қандай анықтама беруге болады? М.Шоқай
тілімен айтсақ Белгілі-бір мұрат-мақсаттардың соңында жүрген және сол
белгілі мұрат-мақсаттары төңірегіне жиналған оқымыстыларды зиялылар деп
айтуға болады. Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық
және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре
алады. Зиялылардың міндеті ұлы да қасиетті болуы себепті өте ауыр. Халықты
ұлт деңгейіне көтеру, яғни, жері, суы, қазынасы, тілі мен діні бір болған
халық бұқарасын бірлестіріп, олардың санасын біртұтас саяси, әлеуметтік,
ұлттық санаға жеткізуде, ұлы тарихи міндеттің маңызды бір бөлігі
зиялылардың үстіне жүктеледі [1; 175-176]. Міне осы салмақты тарихи
міндетті арқалаған ұлт зиялыларымыз деп кімдерді атай аламыз.
Ә.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Шоқай, Х.Досмұхамедұлы,
М.Тынышбайұлы, С.Қожанов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы т.б.
ұлтқа қызмет еткен азаматтардың қайраткерлік қызметтері зиялылар деп айтуға
толық негіз бола алады. Олардың барлығы азаттық үшін алысыр өткен.
Зиялылардың қызметін жан-жақты зерттеу үшін олардың қоғамдық саяси
көзқарасын білу өте маңызды.
Ленин бастаған большевиктер партиясының ұйымдастыруымен болған қазан
төңкерісінің бұрынғы империя халықтарына өлшеусіз қайғы-қасірет әкелгендігі
және большевиктердің зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық шын мәніндегі ақыл-ойы,
ар-ожданы, абыройы болған зиялы қауымның қарсы күрескендігі белгілі. Сол
большевизмге қарсы шыққан топтық алдыңғы қатарында Алаш азаматтары да
болғанын мақтана айтамыз. Осы күнге дейін тарихи бұрмалана жазылып келген
азаттық күрес тарихының бұлтартпас айғағы және жазба дерегі – ұлттық
басылымдар. Зиялы қауымның қоғамдық-саяси көзқарастары, сондай-ақ
большевизммен күресінің қандай жолмен, қандай дәрежеде жүргендігі осы
басылымдардан айқын көрінеді. Сондықтан да біздің тақырыбымызды жан-жақты
ашуға көмектесетін бұл дерек көздерін бітіру жұмысының зерттеу объектісіне
айналдырдық.
Тағы да бір айтатын үлкен мәселеміз, ол-ұлт зиялыларының бірі әрі
бірегейі, ұлттың ұйытқысы, тірегі, рухани білегі, өз заманында Түркістанда
орнаған Кеңестік биліктің отаршыл сипатын қатесіз тани білген және онымен
ымырасыз күреске бүкіл ғұмырын арнаған, сондай-ақ бұл күреске бұрын
Түркістан халықтары тарихында болмаған жаңа мазмұн баріп, инттеллектуалдық
көкжиекке көтерген ұлы қайраткер Мұстафа Шоқай туралы.
Мұстафа Шоқай Түркістан халықтары тарихында бүтін-бір кезеңді қамтыған
ерекше құбылыс. Ол ерекшелік қайраткердің Түркістан халықтарының 1917 жылғы
Кеңестік билікке балама Түркістан (Қоқан) автономиясы үшін демократиялық
қозғалысқа басшылық жасаумен шектелмей, кеңес үкіметі орнап, зиялыларды
саяси қуғынға ұшырата бастағанда саяси эмиграцияның негізін қалап, шетелде
большевизмге қарсы күресін баспасөз арқылы жүргізгендігінде еді. Сондықтан
да Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі және тәуелсіздік үшін күрес жолы
- бүгінгі ұрпақ үшін өнешелі тарихты толықтыра түседі. Оған жеке тоқталу
ғылыми жұмысымыздың мәнін аша түседі. Таңдаған тақырыбымыздың өзектілігі де
осында.
Зерттелу деңгейі: Кеңестік тарих ғылымында ұлттық зиялылардың қоғамдық
қызметін буржуазиялық ұлтшылдық немесе күні өткен феодалдық тәртіпті
жақтаушылық ретінде бағалап келді. Сондай-ақ қазақ қоғамын феодалдық
мешеулік отарлық тәуелділіктен алып шыға алатындай қоғамдық-саяси
әлеуметтік күш болған жоқ деген тұжырым етек алып келді. Тарих – таптар
күресі деген принципті ұстанған кеңестік зерттеушілер зиялылар қызметіне
біржақты баға беріп, тап жаулары ретінде қарастырды. Тек Қазақстан
тәуелсіздік алғалы бері кезінде кеңестік жүйе тұсында көзқарастарын,
қоғамдық-саяси қызметтерін толық және шынайы зерттеуге мүмкіндік болмаған
саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ интеллигенциясының күрделі тағдыры жаңа
методологиялық принциптер негізінде зерттеле бастады. Енді тарих – адам
қызметі деген принципті басшылыққа алған отандық зерттеушілер еңбектері
жарыққа шыға бастады [25; 20]. Осы тақырыпқа қатысты зерттеулерге
тарихнамалық шолу жасап көрелік.
ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялыларының ұлттық демократиялық
көзқарастары мен тәуелсіздік жолындағы күресін бағалау екі бағытқа бөлінді.
1925 жылғы желтоқсан айында өткен Ү өлкелік партия конференциясында
Голощекин алаштықтардың әрекеттерін Біз ақпан революциясына дейінгі және
одан кейін де басында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов және М.Дулатов сияқты
ұлтшыл қазақ интеллигенциясы тұрған ұлттық қозғалысты қалай бағалауымыз
керек? Сондай-ақ бұл ұлтшыл интеллигенция тобына біздің партияның қазіргі
қатынасы қандай болмақ? Түсінікті ғой, жолдастар, ақпан революциясына
дейінгі буржуазиялық азаттық қозғалысы, мәселен, Қытайдағы ұлтшыл-
буржуазиялық эелементтер бастаған ұлттық революциялық қозғалыс сияқты,
объективті революцияшыл болды, ол қазір реакцияшыл, тіптен
контрреволюцияшыл. Басқа ештеңе емес деп қорытты [31; 9-10]. Ұлт-азаттық
қозғалыс интеллигенцияның қызметіне берілген бұл партиялық баға теория
жүзінде ұлшт-азаттық қозғалыс идеологиясына және практикада оның иесі
ұлттық демократияшыл интеллигенцияға қарсы шабуылға көшуге негіз болған
еді. 20-жылдардың екінші жартысында партиялық тапсырма бойынша алаш
қозғалысы тарихына арналған А. Бочаговтың [4] очерктері және Мартыненконың
[5] құжаттар жинағы жарық көрді. А.К. Бочагов өз еңбегінде қазақ зиялыларын
3 топқа бөліп қарастырды: жоғарғы, орта және төменгі. Мұнда әр топтың
мүшелерінің саяси ұстанымдары олардың төңкеріске дейінгі кәсіби деңгейіне,
материалдық жағдайына және қоғамдағы иерархиялық орнына қарай бөлді. Жалпы,
бұл екі автор да ұлт-азаттық қозғалысқа қарабайыр таптық тұрғыдан ғана
келіпқоймай, сонымен бірге қазақ тіліндегі құжаттық материалдарды елемеді,
сондай-ақ ашықтан-ашық тарихи деректерді бұрмалай жазды.
Қоғамдық өмірде қалыптасқан жағдайға байланысты ұлт-азаттық күрес
зиялыларына қатысты екі көзқарас байқалды. 1933 жылы 8-28 желтоқсан
аралығында қазақ марксизм-ленинизм ғылыми зерттеу институттында Алашорданың
контрреволюциялық рөліне арналған ғылыми конференциялар өткізілді.
Конференцияда Брайнин мен Шафиро Алашорда тарихы бойынша жазып жатқан
очерктер кітабы негізінде баяндама жасады. Баяндаманы талқылау барысында
Меңдешев, Асфендияров, Федоров, Мусиндер ғасыр басындағы зиялылардың
қызметін бұрмалап, біржақты түсіндіруге қарсылық көрсетсе, Жангелдин,
Құрамысов, Брайнин, Шафиро бастаған екінші топ мәселені тұрпайы социализм
тұрғысынан баяндау әдісін ұстанды [6; 23].
1935 жылы жарық көрген С.Брайнин мен Ш.Шафироның кітабы асығыс, тек
ОГПУ-лық деректер негізінде жазылған еңбек болатын [7]. Соған қарамастан
бұл кітап алаштық идеологиямен ымырасыз күресті талап еткен Орталықтың
ойынан шықпады. Сондықтан да Өлкелік партия комитеті оны, артынша
Мартыненко жинағын кітапхана қорларынан алу туралы үкім шығарды [8; 155].
Қазақ демократиялық интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметін зерттеу
20-30-жылдары осындай деңгейде жүрді, ал 37-38 жылдардағы жаппай
репрессиялау саясаты, тоталитарлық идеологияның салтанат құруы бұл
мәселенің дербес тақырып ретінде ғылыми зерттеу жұмыстары санатынан ұзақ
мерзімге шығып қалуына алып келді. Өткен ғасырдың 80-жылдарының соңына
дейін қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі мәселесін арнай зерттеу
тақырыбы есебінде алған монографиялық деңгейдегі еңбектер жарық көрмеді.
Тек кеңестік құрылысқа арналған еңбектерде зиялыларға қатысты жанама
мәліметтер беріліп қалатын [9; 139].
Біз қарастырып отырған тақырыпты зерттеудегі шын мәніндегі жаңа кезең
1980-жылдардың соңына қарай басталды. Репрессия құрбаны болған зиялылардың
біразы ақталғаннан соң-ақ олардың қоғамдық-саяси қызметі дөңгелек
столдардың тақырыбына айналды.
Академик М.Қ.Қозыбаевтың қазақ ұлт-азаттық қозғалысы мен қазақ
интеллигенциясы тарихына байланысты жарық көрген еңбегі мәселені жаңа
теориялық-методологиялық тұрғыда талдау қажеттігін көрсетті [10].
М.С.Бурабаевтың 1991 жылы шыққан Общественная мысль Казахстана в 1917-
1940 гг. атты зерттеуі ХХ ғасыр басындағы зиялылардың қоғамдық саяси
көзқарастарын зерттеген алғашқы жазылған еңбек [11]. Ғалым К.Нүрпейістің
Алаш һәм Алашорда атты еңбегі Алаш зиялыларының рөлін объективті
бағалайтын әрі ғылымилығы жағынан құнды болса [12], М.Қойгелдиев өзінің
Алаш қозғалысы монографиясында зиялылардың қоғамдық-саяси қызметін,
олардың ақпан, қазан төңкерісі тұсындағы қызметін, большевизмге қарсы
күресі тарихын ашып көрсетті [3]. Д.А.Аманжоловтың Казахский автономизм и
Россия атты зерттеу еңбегінде зиялыларымыздың ұлттық-территориялық
автономия құру мәселесі терең талқыланды [13]. Т.Омарбеков пен
Ш.Омарбековтың Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас
атты еңбегі мәселені қаластыруда жаңа концептуалдық көзқарас ұсынады [2].
Ал Қ.Атабаевтың деректанулық тұрғыда жазылған Қазақ баспасөзі Қазақстан
тарихының дерек көзі (1870-1918) монографиясы алғаш рет қазақ зиялыларының
саяси-қоғамдық көзқарастары мен ұлт-азаттық күресі жолындағы әрекеттерін
олардың өздерінің баспасөз беттерінде жарияланған еңбектеріне деректанулық
талдау жасай отырып, объективті баға береді [14].
Жалпы айтсақ тәуелсіздік алғалы тарихымызды түгендеп жатқан тарихшылар
ХХ ғасыр басындағы зиялылар қызметін ұлттық тұрғыдан талдауды бастады. Осы
орайда С.Рүстемов [15], А.К. Мамраева [16], А.М.Ауанасова [17],
Ж.Қ.Симтиков[18], Ж.М.Уәлиханова [19], М.С.Сәулембекова [20], П.М.
Сүлейменов [21], Л.М.Хасанаева [22], Ш.Т.Омарбеков [23], т.б. ғалым-
тарихшылардың еңбектерін атап көрсетуіміз керек. Оларда негізінен жекелеген
зиялы топ өкілдерінің қоғамдық-саяси қызметтері арнайы түрде қарастырылады.
Біз қарастырып отырған Алаш зиялыларының ішіндегі бірі әрі бірегейі –
сол кезеңде өмір сүріп, өзінің саяси-әлеуметтік көзқарастарын жан-жақты
танытқан Мұстафа Шоқай. Оның тарихтағы рөлін ашып беруге көмектесетін
еңбектерге тоқталсақ, Қазақстанда Мұстафа Шоқай жайлы ең алғашқы шыққан
еңбек Ә.Әлімжановтың жинақтауымен жарық көрген Түркістанның қилы тағдыры
еңбегі[24]. Ол сонымен қатар Мұстафа Шоқайдың өмір жолы жайлы да еңбек
жазды [25]. А.Х.Қасымжанов та Ұлы даланың зиялылары атты монографиясында
М.Шоқайдың өмірі мен саяси қызметіне тоқталды [25]. Тарихшы- ғалым
М.Қ.Қойгелдиев Алаш қозғалысы атты монографиясында М.Шоқайдың саяси
идеяларына тоқталып, жоғары баға береді [3]. Қазіргі таңда М.Шоқайдың өмірі
мен қызметі жөнінде құнды еңбек 1997 жылы Стамбулдан шыққан Мұстафа Шоқай
мен Мария Шоқайдың Естеліктері [27]. Сондай-ақ, шоқайтанумен айналысып
біршама материалдар беретін М.Қойгелдиев [28, 29], Ә.С.Тәкенов [30; 31;32],
Н.Алдабек [33], С.Ж.Сапанов [34], Б.И.Садықова [35,36,37], Х.Абдуллин [38],
А.Мустафин [39], А.Нүсіпхан [40], С.Ибрашев [41] т.б. зерттеушілердің
еңбектерін атап көрсету керек. Тағы бір ерекше атын атауға тұрарлық Түркия
азаматы Х.Өралтайдың Алаш және Шығыс Түркістан қазақтарының ұлт-азаттық
қозғалысы тарихына арналған Алаш – Түркістан түркілерінің ұлттық азаттық
үшін күресінің ұраны атты еңбегі. Ол ертеректе шыққанымен, оның қазақ
басылымдарына жарияланып жүрген материалдары туелсіздіктен кейін ғана [22].
Біз қарастырып отырған мәселеге қатысты және жалпы қазақ тарихына
байланысты Елбасы Н.Назарбаев барлық еңбектерінде айтады. Соның біразын
бізысымызда пайдаландық [42,43,44].
Деректік негізі: Диплом жұмысы негізінен ХХ ғасыр басындағы қазақ
зиялыларының большевизмге қарсы күресін деректерге қарай отырып, оларға
талдау жасау арқылы жан-жақты ашып көрсетуге бағытталады. Сондықтан да
алғашқы тарау ХХ ғасыр басындағы ұлттық басылымдар зиялылардың большевизмге
қарсы күресінің дерек көзі деп аталады. Бұл таза деректанулық болғандықтан
көбіне дерек көздері – ұлттық басылымдармен жұмыс істеуді қажет етеді.
Негізгі дерек көзі ретінде біз Қазақ газеті, Айқап, Сарыарқа, Бірлік
туы, Ұран, Тіршілік сияқты ұлттық-бейресми мерзімді басылымдарды алдық
Себебі бұлар – қазақ зиялыларының большевизмиге қарсы күресі тарихы жайлы
біршама объективті мәліметтер беретін басылымдар, олай дейтініміз олардың
маңына топтасқандар сол Кеңес үкіметінің ұлт саясатына қарсы, ұлттық-
демократияны қолдайтын ұлт зиялылары болатын.
1998 жылы Ү.Субханбердина, С.Дәуітов, Қ.Сақовтардың құрастыруымен
Қазақ газетінің материалдары кітап болып басылып шықты [45], 1995 жылы
Айқап журналының матералдары да жинақталып, бір кітапқа енгізілді [46].
Бұлар құнды дерек көздеріне жатады. Сондай-ақ С.Сейфуллиннің Тар жол
тайғақ кешу мемуарындағы көптеген мәліметтер біз қарастырып отырған
тақырып үшін қажет саналады [47].
Келесі, Мұстафа Шоқайдың тарихи портретін айшықтауға көмектесетін
деректер тобына М.Шоқайдың жарық көрген Таңдамалысы [18], Туркестан под
властью Советов [48], Түркістанның қилы тағдыры [24] және М.Шоқай мен
зайыбы Мария Шоқайдың Естеліктері [27] жатады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Диплом жұмысының мақсаты –
ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының большевиктік Кеңес үкіметіне қарсы,
оның отарлық саясатына қарсы шығып, ұлт-азаттық күресін жан-жақты, сол
кездегі ұлттық мерзімді басылымдарға талдау жасау негізінде ашып көрсету;
сонымен бірге азаттық күрестің өкілі Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси
қызметтегі рөліне өзіндік баға беру.
Осы мақсаттарға сәйкес мынадай міндеттерді шешуді көздедік:
- қазақ зиялыларының большевизмге қарсы күресі тарихын зерттеу;
- ХХ ғасыр басындағы ұлттық-бейресми басылымдарды большевизмге қарсы
күрес дерегі ретінде қарастыру, олардағы мәліметтерді талдау;
- Ұлт тәуелсіздігі үшін күрескен Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси
көзқарасын және күрес жолындағы әрекетін зерттеулер мен деректерге
сүйене отырып зерттеу және оған бүгінгі таным тұрғысынан ғылыми
баға беру.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері: Диплом жұмысының алғашқы
тарауы негізінен қазақ зиялыларының ұлттық мерзімді басылымдары шығып
тұрған кездерді – 1917-1918 жылдарды қымтыса, Мұстафа Шоқайдың тарихи
қызметі ол қайтыс болғанға дейін (1941 жыл) созылады.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланған деректер мен зерттеулер тізімінен тұрады.
І. Қазақ баспасөзі – Алаш зиялыларының большевизмге қарсы күресі
тарихының дерек көзі
Бұрынғы Ресей империясының құрамындағы халықтар, соның ішінде
Қазақстан тарихына үлкен өзгерістер мен қоғамдық сілкіністер әкелген 1917
жылғы ақпан-қазан төңкерісінің ХХ ғасыр тарихында алар орны ерекше. Бұл
мемлекеттік төңкерістерден соң Ресей және оның құрамындағы елдердің
тағдырын түбегейлі өзгерістерге ұшыратты. Осы кезден бастап кеңес үкіметі
толық орнағанға дейінгі қоғамдық құбылыстарға қатысты мол мағлұмат жинаған,
мұқият талдауды қажет ететін деректердің үлкен бір тобын мерзімді
басылымдар құрайды. Бұл уақытта елімізде әр алуан партиялардың, саяси
топтар мен ұйымдардың газеттері мен журналдары бірнеше тілде шығып тұрды
[14; 254].
Ақпан төңкерісі қарсаңында елімізде қазақ тілінде Қазақ және Алаш
газеттері ғана шығып тұрды. Ал төңкерістен кейін Қазақстанның әр аймағында
қазақша басқа да газеттер шыға бастады. Жаңа тарихи жағдайда шыққан
газеттердің деректік ерекшелігін анықтауға көмектесетін, олардың пайда
болуына қатысты біраз мәліметтерді Сәкен Сейфуллиннің Тар жол, тайғақ
кешуінен кездестіруге болады: Әр жерде-ақ газет шығара бастады. Семейде
Сарыарқа газеті, Ташкенде Алаш газеті, соңынан Бірлік туыБөкейлікте,
Астрахан қаласында Ұран газеті, Ақмолада Тіршілік газеті, Орынборда
бұрынғы белгілі Қазақ газеті, - дей келе, олардың шығарушылары мен
негізгі авторлары туралы: Сарыарқаны басқарған – Халел Ғаппасұлы.
Жазушылары: Ермекұлы, Бөкейханұлы, Тұрғанбайұлы және басқалар. Алашты
басқарған – Көлбай Төгісұлы, Бірлік туын басқарған – Мұстафа Шоқайұлы.
Жазушылары: Болғанбайұлы, Төреқұлұлы, Қожанұлы және басқалар. Ұранды
басқарған – А. Мұсаұлы, Тіршілікті басқарған – Рақымжан Дүйсенбайұлы.
Жазушылары: Садуақас, Сейфуллин (мен), Асылбекұлы, Өмірбай Дөнентайұлы
және басқалар. Қазақты басқарған – А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлы.
Жазушылары: Бөкейханұлы, тағы солар - деп жазады ол [47; 60]. С.
Сейфуллиннің бұл мәліметтері шындыққа сай келеді.
Тағы бір мәселе, осы газеттердің ұстанған бағыт-бағдарлары туралы С.
Сейфуллин: Бұл газеттер, Тіршіліктен басқасының бәрі бір бетте болды.
Бәрі Орынбордағы Қазақ газетінің ықпалымен жүрді. Бәрінің құлақ күйін
Қазақ газеті бұрап беріп, нұсқау беріп отыратын болды. Қазақтың
басындағылар Қазақстанның әр жеріндегі ниеттес адамдарына нұсқа беріп, хат
жазып жатты. Газеттердің бәрі көз жұмбай ұлтшыл болды. Ұлтшыл болған соң
әрине байшыл болды. Бәрінің ортақ туы Қазақ газеті болды. Олардың туы да
Алаш, ұраны да Алаш болды - деп жазады [47; 74]. Автордың бұл сөздері
де шындыққа сай келеді. Сын сағаты соққан сәтте ортақ мақсат пен ұлт
мүддесі ұлттық газеттерді бір бағытқа топтастырды. Ал ұлтшыл болғандықтан
байшыл болды деген тұжырымы Сәкен Сейфуллиннің большевиктер қатарына
болғандығынан туындағаны белгілі.
Бұл газеттер қоғамда болған саяси өзгерістермен тікелей байланысты,
өмірлік қажеттіліктің, ұлттық сұраныстың салдарынан туған басылымдар еді.
Қоғамдағы өзгерістер ұлттық басылымдардың дамуына әсер етсе, өз кезегінде
ол басылымдар қоғамдық сананың дамуына әсер етті. 1917 жылдың жазына қарай
олар қазақ зиялыларының саясат ісіне араласуына мүмкіндік беретін
орталықтарға айналады. Осылай, ұлттық басылымдар қазақ оқығандарының
саясат, әлеумет тарихының тәжірибесінен өтуіне көмектескен өзіндік мектеп
міндетін де қоса атқарды [20; 28].
Алаш қозғалысының тарихын зерттеушілердің бірі Д.А. Аманжолова
қозғалыстың партияға ұласуы 1917 жылдың жазында жүргенін айта келе: В
отличие от всего предшествующего периода, развитие Алаш в 1917 году
значительно ускорилось: от культурного просветительства и оппозиционного
либерализма его сторонники перешли к организации политической структуры с
четкими нацианально – государственными демократическими приоритетами,
существенно расширили свое влияние в массах - деп жазды [13; 26]. Әрине,
мұндай Алаш қозғалысының жаңа сапалық дәрежеге көтерілуіне ұлттық
басылымдардың әсері аз болмағаны анық.
Осы жылдары сондай-ақ өзіндік бет-бейнесі бар, бағыт – бағдары да
басқалардан бөлек алғашқы большевиктік басылымдар да шыға бастады. Оларға
Тіршілік газеті, Н. Төреқұлов басқарған Қазақ мұңы, Заря свободы,
Известия Петропавловского Совета рабочих, крестьянских, казачих и
киргизских депутатов газеті, Голос Алтая т.б. жатты. Большевиктік
бағыттағы басылымдар бізге сол дәуір туралы тарихи дерек қызметін атқарады.
Олар өлкеде кеңес үкіметін кімдердің және қандай жолмен орнатқаны туралы
мәліметтер берсе, солармен бір мезгілде әр түрлі қалаларда шығып тұрған
қазақ тіліндегі ұлттық-демократиялық басылымдар Алаштың ел қамын, ұлт
келешегін ойлаған зиялыларының кеңес өкіметіне және оларға дем беруші саяси
күші большевиктерге қарсы жүргізген күресінің тарихынан мол мағұлымат бере
алады. Демек олар бірін – бірі толықтырып отырады. Мақсатымыз қазақ
зиялыларының большевизмге қарсы күресі тарихын зерттеу болғандықтан, біздің
негізгі сүйенеріміз ұлттық-демократиялық басылымдар болады [49; 111].
Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан демократиялық жағдайда
Қазақстанның әр-түрлі аймақтарында шығып тұрған қазақ тіліндегі газеттердің
бәрі де қазан төңкерісінен кейін большевиктер туралы мақалалар жаза
бастады. Қазақ газеті бастаған ұлттық-демократиялық бағыттағы басылымдар
алдымен большевиктер тарапынан жалпы мемлекетке төнген қауіп туралы жазса,
көп ұзамай-ақ тікелей қазақтарға төнген қатер туралы айтып, халықты оларға
қарсы күреске шақыра бастады. 1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың басында
қазақ тіліндегі газеттердің негізгі тақырыбының бірі, сол большевизмге
қарсы күрес тақырыбы болды десек шындықтан алыс кетпейміз. Ал, бүгінгі күні
ол материалдар Алаш ардагерлерінің большевиктерге қарсы күресі тарихының
дерегіне айналып отыр [14; 295].
Бұл ретте, сол жылдары Алаш зиялылары бас қосқан екі орталықта –
Ташкент пен Орынбор қалаларында шығып тұрған Бірлік туы газеті мен
Қазақтың орны ерекше. Егер біріншісі қасиетті Түркістан жерінде өз
үстемдіктерін орнатқан большевиктер туралы айтса, екіншісі ел таныған Алаш
көсемдерінің Дала өлкесінде большевизмге қарсы жүргізген бітіспес күресі
туралы айтқан. Осылай елімізде большевиктік диктатураның орнау барысы бірін-
бірі толықтырған екі ұлттық басылым бетінде айқын бейнеленген.
Большевиктердің бүліншілік іс - әрекеттерімен 1917 жылдың күзінен
бастап бетпе-бет кездесе бастаған Ташкенттегі қазақ зиялылары олар туралы
Бірлік туы газетінің 8 қарашадағы 14- санынан бастап тұрақты жаза
бастады.
Ташкентте болған оқиғалар салдарынан газетіміздің бұл нөмірі өз
уақытынан кешігіп шықты. Оқушыларымыз айыпқа бұйырмағай, - деп [50] қараша
айының басындағы большевиктердің ұйымдастыруымен болған Ташкенттегі
қантөгіс салдарынан газеттің кешігіп шығуын айтудан басталған 14 – санда
Екі талай күндер және Мемлекет халі деген екі үлкен мақала басылған.
Бұл мақалаларда Ресейде қазан төңкерісінен кейінгі қалыптасқан саяси жағдай
туралы, большевиктердің өкімет билігі үшін жанталаса жүргізіп отырған
күресінің мемлекет үшін, жалпы ел үшін аса қауіпті авантюристік іс екендігі
туралы айтылған. Мысалы, бірінші мақалада: Руссияның басына бұрынғының
үстіне тағы да ауыр күндер туып тұр. Бастығы Петербор болып Руссияның көп
шаһарларында большевиктер уақытша өкіметке қарсы бүлік шығарып, мемлекеттің
өз халқы бірін – бірі қырып жатыр, - десе , екінші мақалада: Большевиктер
Петроградты жеңіп алған соң бұрынғы хұкімет орнына жаңа хұкімет жасаған...
бұл хұкімет халық комиссарларының Советі деп атап һәр министірлікті
басқаруға бір-бір комиссар құрылған... Советтің төбе ағасы Ульянов (Ленин)
деп оқырмандарды Кеңес үкіметінің құрылымымен таныстыра келе: Петроградта
басталған большевиктер төбелесі Руссияның Басқа шаһарларында болды. Көп
жерлерде солдаттар мен қара жұмыскерлер хұкіметке қарсы бүлік шығарып, көп
қандар төгілді, - деп [50] жаңа хұкіметтің қол жеткізген алғашқы
табыстарын халыққа жеткізді.
Осылай, алдымен өз оқырмандарын большевиктердің империя орталығындағы
іс - әректтерімен таныстырған Бірлік туы көп ұзамай-ақ олардың Түркістан
өлкесіндегі қылықтары туралы жаза бастады. Түркістан автономиясы деген
мақалада: Соңғы кезде бүтін Руссияны астаң-кестең қылған большевик
булеметының салқыны Түркістанға да жетті. Түркістанның я тұрмысына, я
табиғатына тура келмейтін большевик саясатын Түркістанда күшпен жүргізбекші
болып орыстың солдаттары мен жұмыскерлері қару-жарақ жұмсап зорлықпен
өкімет жүргізе бастады - деп, жергілікті халқына жат кеңес үкіметін
большевиктердің Түркістанда да қарудың күшімен орната бастағандарын айтады.
Ал Қазіргі күй деген мақалада Түркістан топырағындағы алғашқы нақты
қадамдары туралы: Большевиктердің хұкімет басына мінгеннен бері қарай
істеп жатқан істері халықты үркітіп отыр. Олар әділдік, туралықты бір жаққа
тастап, зорлық-зомбылық жолына бет алды. Мысалы сөзге бостандық жоқ.
Өздеріне жағымсыз сөйлегендерді жауып қояды. Қазір Ташкентте социалистердің
бірнеше газеттерін шығармай қойды. Сол себепті бұл күнде олардың бұрынғы
сыбайластары да түңіле бастады, - деп жазды. Бұл айтылғандардың шындыққа
толық сай келетіндігін дәлелдеп жатудың қажеттілігі болмас деген тұжырым
жасайды осы саланы зерттеуші ғалым Қ.Атабаев [14; 296]. Бұл тұжырымға біз
де қосыламыз, себебі, біріншіден большевиктердің өкімет билігін өз
қолдарына қарудың күшімен тартып алған күннің ертеңінде-ақ барлық жерде
сөз, баспасөз бостандығына тыйым салғаны туралы ондаған орыс тіліндегі
басылымдар жазған. Екіншіден, сөз бен баспасөзді олардың кезінде қалай
қадағалап отырғандығының өзіміз де куәсіміз.
Одан ары мақалада: Әзірге большевиктерді қуаттаған қара халық көп.
Өйткені большевиктердің уәде қылған сөздері олардың жандарына жағатын
сөздер. Олар бірінші, соғысты тоқтатып, бітім жасауға уәде қылады. Екінші,
байлардың жерлерін тартып алып, кедейлерге үлестіремін дейді. Сол себепті
олар жұрттың көбін қу тілмен қарық қылып, күшті болып отыр, - деп [51]
большевиктердің күш-қуатының қайнар көздерін қарапайым да, түсінікті етіп
көрсетіп берген.
Сонымен қатар Түркістан зиялылары газет бетінде большевиктердің бұл
уәдесінің біріншісін орындамай отырғандығын, ал, екіншісінің орындалуы
мүмкін емес екендігін нақты мысалдар келтіріп дәлелдеп береді. Мысалы, сол
жылдары қоғамдық саяси өмірге белсенді араласа бастаған түркістандық Алаш
жастарының бірі Сұлтанбек Қожанов Большевиктер деген мақаласында бітім
туралы: Әзірге бір халге қарап айтсақ Руссияның большевик үкіметі соғыс
тоқтатылып, бітім сөйлеспекпіз деген жарлығымен бұқараның көңілін аулағаны
болмаса һеш патшалықтардан я досы, я дұшпанынан жылы жауап ести алмай, сөзі
ескерусіз қалып тұрса керек - десе, жер туралы: Екінші бұқараға жағымды
бір сөзі жер үлестіру болса, уәдесін орындау большевиктердің қолынан
келмесе керек, бұл іс айтқанмен бола салатын іс емес. Жұрттың пайдасы
болатын қылып көпке бірдей қылып бөлуге қанша уақыт даярлап жүріп істегенде
де болуы мүмкін емес. Бұл бір үлкен іс, - деп жазды [52]. Өмір Сұлтанбек
Қожановтың бұл айтқандарының дұрыс екендігін толығымен дәлелдеп берді.
Большевиктер өзі де аяқталуға жақын қалған бірінші дүние жүзілік соғысты
азамат соғысына, жойқын қырғынды тағы бірнеше жылға созды. Жерді мемлекет
меншігі деп жариялап, жер аламыз деп үміттенеген шаруаларды тағы алдады.
Оның ең басты куәсі тарихтың өзі.
Келешек көрнекті мемлекет қайраткері, сталиндік саяси қуғын-сүргін
құрбаны Сұлтанбек Қожановтың Бірлік туы газетінде жарияланған Өзіміздің
большевиктерге деген мақаласы да большевиктердің іс жүзіндегі алғашғашқы
нақты қадамдарына жасаған талдауының тереңдігімен, келтірген дәлелдерінің
толымдылығымен, айтқан ойларының салмақтылығымен, тұжырымдарының
сардарлығымен ерекшеленеді. Мысалы автор қазан төңкерісінен кейін Ресейде
қалыптасқан саяси әлеуметтік ахуалды: Осы күні Руссия мемлекетін бір үлкен
ауру әлсіретіп отыр. Ол аурудың шын аты – надандық, өтірік аты – большевизм
(большевиктер). Халықтың жүзден 85-і шикі надан болған Руссияда бұл ауру
өткен октябрдің аяғынан бері тым-ақ желігіп күшейіп тұр. Содан бері ол
бұрынғы жарымжан халында көп кері кетіп, осы уақытта әбден өлім аузына
таянды, - деп бейнелесе, 1917 жылдың ақпанында болған өзгерістің қоғамның
табиғи дамуының барысында болған заңды өзгеріс екендігі туралы: Былтыр
көктемде Руссияда өзгеріс болып, билік халық қолына көшті. Бұрынғы халықты
бір шыбықпен айдап, өз тілегінше меңгеріп тұрған ескі тәртіп істен шығып,
жаңа тәртіп жасау жұрттың өз еркіне тиді. Бұл саяси өзгеріс деген сөз.
Құдайға шүкір, Руссия бұл дәрежеге жеткен деп айтуға болады. Соның үшін
Руссияда бұрынғы патшалық тәртіп жоғалып, шын халық тәртібінің орнауы –
нағыз уақытты іс, - [53] деп, ақпан төңкерісін ерте ме, кеш пе, болмай
қоймайтын, барлық алғышарттары пісіп жетілген қоғамдық құбылыс ретінде
қабылдайды.
Ал большевиктердің қазан төңкерісін қолдан ұйымдастырып үлкен өзгеріс
жасау арқылы халықтың бәрін теңестірмек болған әрекеттерінің ешқандай
объективті алғышарты қалыптаспаған вантюристік әрекет екендігі туралы:
Үлкен өзгерістің болуы үшін тіршілік жүзінде көп шарттар керек. Ол шарттар
табылмаған уақытта ондай өзгерістің болуы тіпті мүмкін емес һәм оны өз
уақыты жетпеген баланы асығып дүниеге шығарамын деген сияқты ақымақтық, -
деді. Сондай-ақ Сұлтанбек Қожанов өзінің осы үлкен аналитикалық мақаласында
адамдарды теңестірудің бірден - бір экономикалық негізі – қоғамдық байлық
екендігі, ал ол байлықтың шығатын кені – табиғат, оны шығарып іске асыратын
- өнер екендігін айта келе: Әрине, Руссияның бұл күнде ол дәрежеге
жетпегені, үлкен өзгеріс үшін қажетті шарттардың онда жүзден бірі де жоқ
екендігі анық. Өзгеріс халықтың бәрін күн көру жөнінде құрдас қылса,
мемлекетте байлықты молайтып, сол халықтың бәріне тегіс жетерлік қылып
барып құрдас қылмақ... Руссияда осы күні халықтың бәрін тегіс құрдас қылу
мүмкін болса, бәрі де бірдей қу кедей болып құрдас болады,-дейді. Алаш
ардагерлерінің бірі Сұлтанбек Қожановтың бұл пікірлерінің де айна қатесіз
дәл келгендігін дәлелдеп айтудың қажеті болмас. Оның айқын дәлелі
кемелденген социализм кезінде бұрынғы КСРО- да қалыптасқан совет
халқының азық-түлікпен күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды сатып алу
үшін кезекте тұрумен өткізген өмірі.
Одан ары мақаласында С. Қожанов былай дейді: Мұны айтып, қара халықты
желіктіріп жүргендер Руссиядағы социал – демократ партиясының бір бөлігі –
большевик дегендер. Олардың бастап жүрген көсемдерін бұл істің
болмайтындығын білмейтін адамдар деп айтуға болмайды. Бірақ оларды нағыз
Руссияға жаны ашып жүргендер деп түсінуге тілек жоқ. Олардың Троцский
дегені жақында сөйлеген бір сөзінде бұл үлкен өзгерісті Руссияда тәжірибе
қылып қараймыз дегенді айтты. Олардың нағыз шын беттері сол екені рас. Олар
Руссияға оның қонбайтынын білсе де, әйтеуір бір тәжірибе болсын, неміз
кетеді деген ойда жүр. Соның үшін Руссияға шын жаны ашыған халық азаматтары
бұл іске жан-тәндерімен қарсы [53].
Өкінішке орай, бұл жолдарды да ешкім шындықтан алыс, большевиктерге
жабылған жала деп айта алмайды. Егер Сұлтанбек Қожанов Ресей көлемінде
жүргізілген тәжірибенің басталуы туралы айтып отырса, ол тәжірибенің немен
аяқталғаны белгілі. Ондай өзінің қамтыған көлемі, созылған уақыты және
тереңдігі жағынан тарихта теңдесі жоқ тәжірибенің берген қорытындысы Ресей
империясының бұрынғы халықтарының бүгінгі жағдайы. Мақаладағы тағы бір
көңіл аударатын маңызды нәрсе – ол болшевиктік үгіт-насихаттардың қазақ
арасына да тереңдеп ене бастағандығы, большевизм ауруымен кейбір
қазақтардың да ауыра бастағаны туралы айтылуы. Қазақ арасында бой көрсете
бастаған өзіміздің большевиксінгендер туралы мақаланың соңында С.
Қожанов: Орыстың осы большевизм ауруы жақын арада біздің қазаққа да жұғып
келеді. Қай жерде болса да ел арасынан бірсыпыра большевиктер шығып,
қазақ тіршілігінде де бір үлкен өзгеріс жасауға, сөйтіп, барлық бай мен
кедейді теңгеріп, біздің қазақ арасына орыстардағыдай ұжмақ орнатпаққа
ыждаһат қылып жүрген көрінеді, - деп жазған [53].
Көп ұзамай бұл ауру өршіп, қазақтың да біраз бөлігін қамтыды.
Ғасырлар бойы ру-руымен ел болып, айрандай ұйып отырған Алаш баласы бай,
кедей болып екіге бөлінді. Қазақ даласында әкені – балаға, ағаны – ініге
қарсы қойған тап күресі басталды. Ол да біздің тарихымыз, өмір шындығы.
Осыны халқымыздың біртуар ұлы С. Қожанов өзінің жастығына қарамастан
аталған мақаласында большевизмнің мәнін асқан білімдарлықпен ашып
көрсеткен.
Сондай-ақ Қоқан қырғыны деп аталған мақалада большевиктердің Қоқан
қаласына бекінген, Түркістанның заңды өкіметін қорғаушыларға қарсы
жүргізген шабуылы туралы айтылған. Мақалада жергілікті мұсылман халықтарын
зеңбірекпен қаруланған большевиктерге қарсы Түркістан автономиясын
ерлікпен қорғағандары туралы көптеген деректер келтірілген. Бірлік туы
газеті арқылы жетіп отырған большевиктердің қасиетті Түркістан жерінде
жасаған алғашқы айуандық істері туралы ақпарат беретін бұл деректің
шынайылық дәрежесінің жоғары екенін мына фактілер дәлелдейді. Біріншіден,
мақала оқиғаның ізімен жазылған, екіншіден, сол партия жетекшілерінің
бірі Г.Сафаровтың өзі Колониальная революция (1921) деген кітабында бұл
туралы: в февраля произошел штурм старого города. В ноч с 6-го на 7-е
Коканд уже представлял одно сплошное море огня. 7 февраля грабежи и разбой
достигли чудовищных размеров - деп жазды [54].
Бірлік туы газеті тек большевиктердің қарусыз халықты қалай қырғаны
туралы ғана емес, сондай-ақ олардың өз билігін орнатқан жерлерде бейбіт
халықты қалай басқарғандығы туралы да мағұлымат береді. Газеттің соңғы
нөмірлерінің біріндегі Елдің жайы деген мақалада: Ақмешіт Советінің
председателі бұл күнде құдайдан соңғы халықтың қожайыны. Халық оның құлы
есебінде. Оған һеш кім қарсы сөйлеуге болмайды. Қарсы сөйлеу түгіл жөн
айтқан адамды жазықты деп, қаһарына алады. Жалғыз соның ақ дегені алғыс,
қара дегені қарғыс. Оған жөн айтып, жұрт пайдасын ойлаймын деген адамдардың
бәрі сұраусыз, тергеусіз абақтыға жабылады. Осы күні Ақмешіт түрмесі
осындайларға лық толы... Большевиктердің бұл ісі ел ішіндегі бұзықтарға өте
жағып тұр. Осы күні құдай солардың тілегін берді. Ақмешіт оязында сондай
бұзықтардың бірсыпырасы большевик жаққа шығып алып, көңіліне жақпаған
адамдарды тарсылдатып қиратып жатыр. Өз пікірлеріне тура келмегендерді
қызыл гвардия шығарып атып жіберемін деп тұрғаны. Соның үшін қит етсең
бәлеге қаласың. Шын адам, шын періште большевик. Одан былайғы халықтың бәрі
хайуан, бәлки одан да жаман. Большевик болмағанның малы түгіл, жаны да бір
тұлға татымайды, - делінген [55].
Тағы бір көңіл аударатын нәрсе, Бірлік туы газетінің Түркістанда ұлт
мәселесін шешудің ең дұрыс жолы ретінде кеңестік тарихнаманың дәріптеп
келген Түркістан автономиясының мәні мен мақсатын ондай автономия дүниеге
келмей тұрып-ақ ашып бергендігі және газет болжамының дұрыстығын өмірдің
өзі көп ұзамай толық дәлелдегені деп тап көрсетеді Қамбар Атабаев [14;
302].
Большевиктердің билік басына келгелі айтып жүрген автономияларының
Түркістан халқының көксеген автономиясына ешқандай қатысы жоқ, жалған
автономия екендігін айта келе, газеттің соңғы, 1918 жылдың 18 (5) сәуірде
шыққан 29-нөмірінде: Түркістанның автономиялы болуы барлық халықтардың ең
қасиетті тілектері екені белгілі... Бірақ большевиктердің жұртқа уәде қылып
отырған автономиясы мен шын халық тілеген автономияның арасы жер мен
көктей... Олардың беті халықтың өз тізгінін өзіне беріп, оның тіршілігіне
қол сұқпау емес... Советский автономия жасаған болып, іс басында ылғи онан-
мұнан құралған бұралқы қаңғыбастар отырмақ. Біздің халықтың өз бұқарасының
надандығын сылтау қылып, әлгідей бұралқы товарищтер біздің жұртқа
ойларынша тон пішпек, - деп жазған [56]. Іс жүзінде дәл солай болғанын
тарихтан білеміз. Алдымен автономия беріп, кейіннен одақтас республика
дәрежесіне көтергенімен, билік толығымен Мәскеудің қолында болғаны
белгілі. Демек, большевиктердің Түркістанға Советский автономия бермек
болғандағы басть мақсаттары мен ішкі сырларын мақала авторы айқын сезініп,
олардың түпкі ниеттерін Бірлік туы арқылы баста-ақ әшкерелеген. Әрине,
бұл мақала большевиктердің өз ойларын іске асыруына кедергі бола
алмағанымен, тарих үшін аталарымыздың өз халқын келешек большевиктік қайғы
– қасіреттен қорғамақ болғандығын көрсететін дерек болып табылады.
Сонымен қатар, осы мақалада большевиктердің Түркістан өлкесінде
жүргізе бастаған жаңа отарлаушылық саясаттарын, жасап отырған қылмыстарын
бұқараның атымен бүркемек болған әрекеттерін де әшкерелеген.
Большевиктердің екі сөзінің бірі бұқара халықтың мүддесі туралы болғанымен,
ол сөздердің өмір шындығымен ешқандай сәйкес келмейтін, жалған, жел сөздер
екенін дәлелдеген. Большевиктердің ешқашан бұқара қамын ойлап, олардың
тілегіне құлақ салмағандығы туралы: Большевиктер тіл ұшынан бұқара-бұқара
деп қақсағанда ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейді. Ал енді өздерінің қай
жерде шын бұқара тілегін тыңдағаны бар? Декабрь ішінде Қоқанда бүкіл
мұсылман жұмыскерлері мен диқандары съез жасап, қаулылар шығарды. Бұқара
пікірі екен деп оған елең қылған большевик болды ма? Оның бер жағында
большевиктердің Түркістанда қылып жатқан бұзықшылықтарында есеп жоқ. Соның
бәрін олар қайсы бұқараның тілегі бойынша қылып жүр екен? Қоқан және Бұқара
қырғындарына қай халықтың шын бұқарасы риза? Сөйтіп отырып, олар осындай
істердің бәрін жергілікті бұқара пайдасы үшін қылдық деп көрсетеді, - деп
жазған [56].
Жоғарыда келтірілген жолдардың шынайылық дәрежесінің жоғары
екендігінің тағы бір дәлелі, сол партияның 70 жылдан астам уақыт бойы іс
жүзінде атқарған нақты іс шаралары мен олардың берген жемістері. Кеңес
қоғамына бағыт беруші және басқарушы күш ретінде большевиктік – коммунистік
партияның барлық қаулы – қарарлары еңбекші бұқара мүддесі үшін -
қабылданғаны және сол қаулы – қарарлардың еңбекші – бұқараға не бергені
белгілі. Кеңес өкіметі жылдары партияның әр түрлі форумдарында қабылданған
шешімдердің іс жүзінде асыру барысында бұрынғы империяны мекендеген ондаған
ұлттар мүлдем жойылып кетсе, көбіне, оның ішінде қзақтарға да, ұлт ретінде
жойылу қаупітуды. Бұл партияның еңбекші бұқараға жасаған бірінші
жақсылығы болса, екіншісі, ХХ ғасырдың 80 жылдары елде коммунизм орнатпақ
болған уәдесінің немен аяқталғандығы. Демек, партияның сөзі мен ісі еш
уақытта да бір жерден шыққан емес. Өтірік айту, халықты жалған уәделермен
алдау – партияның туа біткен қасиеті. Оның дәлелі, нақты жазба дерегінің
бірі Бірлік туы газеті болса, оның тір куәгерлері басым көпшілігі кеңес
өкіметі тұсында дүниеге келіп өсіп жетілген бүгінгі ұрпақ.
Осылай Бірлік туы газеті 14-санынан бастап, соңғы нөміріне шейін
большевиктер туралы материалдар жариялап тұрған. Большевиктердің қасиетті
Түркістан жеріндегі алғашқы айлардағы істері туралы жан-жақты мағұлымат
беретін бұл мақалаларға деректанулық талдау жасау мыналарды көрсетеді:
Біріншіден, Ташкент қаласында 1917 жылан жылының қараша айының бсында
қарулы қақтығыстар нәтижесінде өкімет билігін тартып алған большевиктердің
әрекеттері, Түркістан өмірінің шындығы ретінде мерзімді басылым бетінде
бейнелене бастаған. Большевиктер туралы мақалалардың тарих дерегі ретінде
пайда болуының объективтілігі осында.
Екіншіден, Бірлік туы газеті сол жылдың 8 қарашасынан бастап келер
жылдың 18 (5) сәуіріне дейін, яғни 4-5 айдай большевиктер билік жүргізіп
тұрған қалада, демек кеңес өкіметінің тұсында шығып тұрған. Бұл фактор,
сөз жоқ, мақалалар мазмұнына әсер еткн. Олай дейтініміз, мақалалардан
большевиктерге деген жек көрушілік лебі сезілгенімен, олардың кімдер
екендігі, мақсат – мүддесі айтылып, іс - әрекеттерне әділ баға
берілгенімен, Бірлік туы газеті беттерінде халықты большевиктерге қарсы
ашық күреске шақырған жалынды ұрандар жоқ. Бұл бір жағынан, большевиктер
Ташкнтте өкімет билігін тартып алғанымен, жергілікті халықтың газетін
бірден жауып тастауға батылдары бармағандығын, Түркістан өлкесінде толық
билігін орнатқанға дейін, яғни 1918 жылдың суіріне дейін Бірлік туы
газетін жауып тастай алмағандығын көрсетсе, екінші жағынан, газетті
шығарушылар да, солдаттар мен қаруланған орыс жұмысшылары қолдап отырған
Түркістанның жаңа билеушілеріне қарсы халықты ашық қарулы күреске шақыра
алмағандығын, олардың өлкеде қалыптасқан объективті жағдаймен санасуға
мәжбүр болғандығын көрсетеді.
Үшіншіден, мақалаларда большевиктер партиясы туралы емес, большевиктер
туралы ғана айтылуы, 1917 жылдың аяғында 1918 жылдың басында Түркістан
өлкесінде большевиктер партиясының болмағандығын, тек санаулы ғана
большевиктердің болғандығын көрсетеді. Демек, өлкеде кеңестік тарихнамада
айтылғандай, кеңес өкіметі большевиктер партиясының ұйымдастыруының,
партияның саяси басшылығының нәтижесінде емес, өздерін больевиктьер деп
атаған ат төбеліндей қылмыскер элементтердің авантюристік әрекеттерінің
нәтижесінде орнаған.
Мұндай тұжырымның шындықтан алыс емес екендігін, большевик Г.
Сафаровтың кітабындағы мына жолдардан да көруге болады. Вместе того, чтобы
завоевывать самим доверие трудящихся масс угнетенных национальностей, новая
власть предложила национальност завоевывать ее доверие - деп [54; 115],
большевиктердің жергілікті халықтарға деген қатынасын көрсете келе, Г.
Сафаров: Партия большевиков здесь не руководила событиями. Ее не было.
Только одиночки – большевики оказались вынесенными на гребень революционной
волны. Партия же стала оргаизоваться лишь после октябрьской революции. Как
это ни поадоксально, в Туркестане не партия большевиков создала советскую
власть, а советкая власть, необходимость утверждение власти Советов создала
здесь партии большевиков и левых эсеров. Неизбежным следствием этого
явилось то, что партия большевиков и левых эсеров с первых же дней
сделались пристанищем значительнего количества авантюристов, карьеристов и
просто уголовных элементов - деп жазды [54; 115].
Мұнда айтылған большевиктер мен солшыл эсерлер партия сы бірінші
күннен бастап авантюристердің, карьерристердің және қылмысты элементтердің
тұрағына айналды - деген жолдардың қазақтарға да тікелей қатысты екендігін
айтуымыз керек. Олардың арасынан да ұлтын сатқан, дінін сатқан азғындардың
және жұрт тоноған бұзықтардың елден бұрын большевик болғандары жетерлік.
Төртіншіден, Түркістанда сол күндері шығып тұрған орыс және ақазақ
тілдеріндегі басылымдарды бір-бірімен және оларды басқа да деректермен
салыстыру, 1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың басында, өлкеде іс жүзінде қос
өкіметтің қатар өмір сүргендігін көрсетеді. Ақпан төңкерісінен кейін
Ресейде орнаған қос өкімет туралы концепцияны алғаш ұсынған большевиктердің
көсемі В. Ленин екендігі белгілі. Кейін ол пікір бұлжымас шындық ретінде
КСРО тарихынан орын алды. Біз империя орталығында орнаған қос өкімет туралы
туралы тұжырымның қаншалыққа шындыққа сай екенін білмейміз. Ол жағын орыс
тарихшылары анықтай жатар. Ал, Түркістан өлкесінде қос өкіметтің дүниеге
келіп 2 айдан астам уақыт қатар өмір сүргендігі анық. Ол тарихи факт.
Біріншісі , алдымен 1917 жылдың қараша айының басында, Ташкнет қаласында,
уақытша үкіметтің жергілікті мекемелерінен билікті қарудың күшімен тартып
алып, кейіннен, өз билігін бекіту мақсатында, 22 қарашадағы ІІІ Түркістан
өлкелік кеңестер съезінде Түркістан халық коммиссарлар кеңесін құрып,
өлкедегі биліктің соның қолына өтетіндігін мәлімдеген, сөйтіп, өздерінің
заңсыз істеріне, кеш те болса заңды көрініс беруге әрекеттенген
большевиктер басқарған Кеңес өкіметі. Екіншісі – осы өкіметке қарсы,
жергілікті мұсылман халықтарының қолдауымен құрылған, жоғарыда айтылған,
Түркістан өлкесінің заңды өкіметі – Түркістан автономиясы.
Түркістан топырағында пайда болған мұндай қоғамдық құбылыс туралы
белгілі қазақ ғалымы М. Қойгелдиев: Қарашада Түркістанда қос билік орнап,
оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен Ресейлік қоныс
аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін
білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық қоғамдарды негізге
ала отырып құрылып, жергілікті елдердің өзін - өзі басқару құқығын баянды
ету басты мақсаты екендігін жариялады - деп жазды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz