Оқытудың педагогикалық технологиялар түсінігі



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Оқытудың педагогикалық технологиялар түсінігі
2.2. Оқытудың педагогикалық технологиясы сипаттамасы
2.3. Деңгейлеп оқыту

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні -қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сиякты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалык мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шыгармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі танда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұгындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Оқытудың педагогикалық технологиялар түсінігі
2.2. Оқытудың педагогикалық технологиясы сипаттамасы
2.3. Деңгейлеп оқыту

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Адам ұрпағымен мың жасайды - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен
адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа
бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні -қараң, келешегі тұман ,-
деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз,
құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сиякты, жас ұрпақтарымызды
тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында
тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын
қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат
болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-
тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.
Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан
тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте физиканы оқыту
теориясы мен әдістемесінің педагогикалык мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті
дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны
дамыта оқыту әдістері, оның шыгармашылық қабілетінің дамуына әсерін
тигізеді. Қазақстан-2030 атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең
негізділерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа
тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу.
Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді.
Бүгінгі танда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұгындырудың бірі- жаңа технология
негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат
құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.

2.1. Оқытудың педагогикалық технологиялар түсінігі
Көптеген уақыттар желісінде технология түсінігі педагогикалық
ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мәні (шеберлік жөніндегі ілім)
педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру,
болжау, жобалау - сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде
қарастырылды.
Педагогикалық әдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар
сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену,
тәрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру және дәстүрлі технологиялар,
бағдарламаластырылған және проблемді оқу технологиялары, авторлық
технология және т.б.
Алғашқыда педагогтар педагогикалық технология, оқу-оқыту
технологиясы және тәрбиелеу технологиясы ұғымдарының өзіндік мән-
мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу
және тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне
байланысты орындалатын педагог іс- әрекеттерінің бірізді жүйесі
ретінде танылуда. Осыдан педагогикалық технология мәні оқу
технологиясы, тәрбие технологиясы ұғымдары мәндерімен салыстырғанда
тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология - бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл
болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына
адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау,
қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі
проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске
асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы
(В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жэне т.б.), екіншісі -
тәжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов және
т.б.).
Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі
идея қай заманда пайда болған?
Мұндай ғылымдық мәні бар ой жаңалыкты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский
де дәріптеген. Ұлы педагог - ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың техникалық (яғни
технологиялық) болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нәтиже беретін
жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек,
педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз:
Дидактикалық машина үшін қажет нәрсе - 1) түбегейлі ойластырылған
мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дэл икемдестірілген жабдықтарды; 3)
мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың
мызғымас ережелерін табуымыз керек.
Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз әрекеттегі механизмге
сәйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін
оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып
отырды. Әсіресе, техникалық прогрестің әрқилы теориялық және практикалық
қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске
асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский және т.б.).
Осы заманғы дидактикада әрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр.
Олардың көп түрлі болу себебі – әр автор мен орындаушының педагогикалық
процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен
байланысты.
Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп,
топтастырылады:
- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық пән әдістемелік, бөлімдік
(модульдік);
- философиялық негізі: ғылыми және діни, гуманистік және әміршіл-
әкімшіл
(авторитарлы);
- тәжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-
жауапты
(ассоциатив-рефлекторлы); іс-әрекетті (бихевиористік), іштей ұғу
(интериоризаторлы), дамытушы;
тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік және дағдылар
қалыптастыру), нақты қимыл-әрекеттік (оперативті- ақыл-ой әрекеттері
әдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін
дамыту), колданбалы (тұрмыс-тәжірибелік әрекеттер қалыптастыру).
Дәстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-әрекетінің
белсенділігін көтеру және жеделдестіру технологиясы; мұғалім және оқушы
арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде
жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген
технология және т.б.
Оқу технологиясынын топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым
болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының
қолданылуына, дәл кезеңде қажет болған әдістерге және басқа да
негіздемелерге тәуелді келеді.
Оқу технологиясын оқу әдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-
бірінен айырмасы - оку технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай
жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына
және педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал
әдістеменің соңғы тиімді нәтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге,
әдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа
материалды түсіндірудің белгілі әдістемесі бар. Егер ол әдістеме шынайылық,
сенім, сәйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.
Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу
технологиясын жете білудің өзі - шеберлік. Бір технологияны әрбір оқытушы
жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық
ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.
2.2. Оқудың педагогикалық технологиялары сипаттамасы
Оқудың дәстүрлі (қайта жасау- репродуктивті) технологиясы білім,
ептілік және дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың
игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз
етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған
(әсіресе орта мектепте). Оның мәні: жаңаны игерту-бекіту-қадағалау-бағалау
сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты
өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік
беретін және оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама
(парадигма) алынады. Осыған орай оқу- оқытудың басты әдістері ретінде 1)
көрнекілік және онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) окушының жетекші іс-
әрекеттері түрлеріне - тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап және
тиімділіктің негізгі көрсеткішіне - игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту
ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері - түсіндіру, әрекеттерді көрсету,
оқушылар орындағандарды бағалау және реттеу, түзету.
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар
-үнемділігі , күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тәрбие процесін
тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа әдіс -тәсілдерін
пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дәстүрлі технология біршама
кемшіліктерге де жол береді - оқу процесін дараландыру мен жіктеуге
қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.
Дамытушы оқу технологиясы мектеп тәжірибесіне енген оқу іс-әрекеттері
арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин және
т.б.).
Ғалымдар дәлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес,
болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт
шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. Жақын даму
аймағының мәні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін
ересектер басшылығында не ақылдылау дос -жарандарымен араласа жүріп шешуі
мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанга дейін бала дамуы, әсіресе оның
ақыл-ойының өрістеуі оқу жэне тәрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.
Зерттеулер нәтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен
оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дәлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары
деңгейлі қиыншылыкта жүргізу принципін ұстану - басты талап. Егер алдынан
рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын,
оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, әрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы
бәсеңдейді.
Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны және
оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, әрі
тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен,
оқушылардың практикалык ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.
Дамытушы технология талаптарынын және бірі - оқу ілгерілі және жедел
қарқында жүреді. Өткендерді жиі әрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің
кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік
бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас
ерекшеліктеріне байланысты жүйелі- іс-әрекеттік оқу багытын ұстануды қажет
етеді (Д.Б.Эльконин).
Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің
әрқилы жағдайларында оқушылардың кажет болганды өзінше танып, содан
өздігінен жауап әрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді.
Жауап әрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз әрекеттерін сезінуі
мен түсінуі, оқу іс-әрекеттерінің тәсіл, әдістерін өзінше байқап, тануы.
Рефлексиялык әрекет-қимылдар әрқашан өзіндік қадағалау және бағалаумен
тығыз байланысты болатындыктан дамытушы технология шарттарына орай оларға
да көп мән беріледі.
Дамыта оқыту идеясы бұл күнде еліміздін мұғалімдері арасында кең
қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір таласты
болып жүр. Себебі, окушылардың бәрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере
алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда әбден
күйзеліске түседі. Сондықтан барша шәкірттерді теңдей шапшаң және жоғары
күрделілік деңгейінде оқытып, тәрбиелеуге болмайды.
Бағдарламаластырылған оқу технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқу
процесінің басқару жүйесін жақсарту (П.Я.Гальперин, Л.Н. Ланда, А.М.
Матюшкин және т.б.).
БОТ бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар (Н.Краудер,
Б.Скиннер, С.Пресси).
БОТ - бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылган оқулық, ерекше оқу-
машинасы, ЭВМ жэне т.б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама
бойынша орындалатын өзіндік жеке-дара оку технологиясы. Бұл технология
әрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оку қарқыны, сауаттылық
деңгейі және т.б.) оқуына мүмкіндік береді.
БОТ-ның өзіне тән сипат белгілері:
оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі;
әр бөлшекті игеруге арналған нақты әрекеттерді орындау нұсқаулары жүйесінің
берілуі;
әр бөлшек игерілуінің тексерілуі;
- қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуымен оқушы материалдың
ендігі жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске асыруға өтуі;
дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушынын қосымша көмек түсініктемелерін
алуы;
қадағалау тапсырмаларының нәтижесі хатталып, оқушының өзіне де (ішкі кері
байланыс), педагогқа да (сырттай кері байланыс) белгілі болуы.
Проблемді оку технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу
міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-әрекеттерін
ұйымдастыруға негізделеді. Оку ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім,
ептілік және дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі,
қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы және басқа да тұлғалық маңызды сапалары
дамиды (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов және т.б.).
Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді
дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған
қызықтырады және оның шешу әдіс-тәсілдерін табуға ынталандырады. Ал
оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін
табудың жолдары мен әдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның
шынайылығын тексеру тәсілдерін белгілейді әрі талқылайды, дәйектейді,
нәтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дәлелдейді.
Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз
тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік және
дағдылар жүйесін меңгеруге жәрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына
жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі,
өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нәтижесінің бекінуін
қамтамасыз етеді. Кемшілігі : жоспарланған нәтижеге жету көп уақытты талап
етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-әрекетгерін жүйелі басқару
қиын.
Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дәстүрлі
окуға балама ретінде ұсынылган білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мәні -
оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не
белгілі шамада мұғалім жәрдемімен) жетеді (П.Юцявичене, Т.И.Шамова). Модуль
- мақсатка орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын
(технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел).
Модуль құрамы: әрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық
мақсатқа жетудің әдістемелік көрсетпелері.
Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға
келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу
мазмұнының көлемін ғана емес, әдістері мен олардың игерілу деңгейін де
көрсететін дидактикалык мақсатқа сәйкес меңгеріледі.
Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға
оқу әрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін
өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына
жәрдемдеседі.
Модульдік оку дәстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы
мүмкін. Модульдер оку жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын
тауып, оның сапасын жақсартуға және тиімділігін арттыруға қолданылуы
ыктимал.
Шоғырластырылған (концентрлі) оқу технологиясы педагогикада ежелден
танымал пәнге шомдыру әдісіне негізделген (П.Блонский, В.Ф.Шаталов,
М.П.Щетинин және т.б.).
Бұл технология жактастарының пікірі: оқудың дәстүрлі сынып-сабақтық
жүйесінде бағдарламалар мен оқулыкқға сәйкес берілетін оқу мазмұны бөлім,
тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына шартты дербестенген ауқымда
ұсынылады. Осыдан оқушылардың жеке пәндерден алатын білім, ептілік,
дағдылары жай қалыптасады. Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен,
оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы кемиді. Бір дәрістің екіншісінен
алшақты болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне
ұмытылады.
Пәндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне тереңдеп
ене алмайды. Бір пәннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт
сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен әр өткен сабақ
өз құндылықтарын жойып барады. Әр дәріс оқушы үшін - жаңа жүктеме,
мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй
ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сәйкес бала икемделіп, оқу іс-
әрекеттерін орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай
шаруа емес.
Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не
аптаға межеленіп, қатар отілетін пәндер саны кемітіледі. Мұндай технология
оқу- оқыту процесін адам қабылдауының табиғи психологиялық ерекшеліктеріне
жақындастыра түседі. Сабақта игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін
оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт
аралығында оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пэнмен ғана шұғылданып,
толық шомуы қажет.
Қашықтан оку технологиясы - бұл осы заманғы телебайланыс, электронды
почта, теледидар және интернет жәрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ
білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім
иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бәріне бірдей үйде отырып оқу
мүмкіндіктерін ашады (әсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден
қалғандарға, т.с.с).
Оқу технологияларынын басқа да түрлері баршылық: әр деңгейлі оқу,
толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық
оқу технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) және т.б.
Кез келген елдің экономикалық қуат, халқының өмір сүру деңгейінін
жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің
технологиялық даму денгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа
технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым мен
мәдениеттің қарқында дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше
қазіргі заманның ақпараттық технологиясын меңгеру міндетіміз.
Оқыту технологиясы - бұл оқытудың тиіміділігін арттыру мақсаты мен
білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау,
бағдарламалаудың жүйелі тәсілі.
Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 60-шы жылдарда
шетел зерттеушілері педагогикалық технология терминін енгізді.
Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі
бір педагогикалык жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай
қолданылатын әдіс, тәсілдер - оның құрамды бөлігі ғана.
Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру формасымен
анықталады. Педагогикалык технологияның өзіндік ерекшеліктері - қойылған
мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және
оны жүзеге асыру. Окытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара
байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты
мақсат кана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім
берудің жүйелі реформалану қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді
реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы
оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Осыған орай,
соңғы кезде окытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп
өміріне енгізіліп жатыр. Олар: Лысенкованың алдына ала оқыту, Шаталовтың
интенсивті окыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі
блоктан оқыту, мәселелік оқытудың белсенді әдісі, т.б.
Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М. Монаховтың,
Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ак профессор Ж.Қараевтың
оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа
педагогикалық компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мемлекеттерінде
қолданып жүр.
Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік- сынақ жұмыстардың
басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне
енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың
бірлесе жасаған Дамыта оқыту жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты әрі
мынадай ұстанымдардан құралады:
Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
Теориялық білімнің жетекші ролі.
Оқу материалын жеделдете оқыту.
Оқу үрдісін оқушынын сезінуі.
Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу
Л.В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның
әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде
оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргесі қаланады.
Мұғалім түсіндіруші, оқыту тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін
ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның
субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы төмендегідей: оқу-
танымдық мативтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технолгия бойынша
әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан,
танымдық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл
әдістемелік жүйенің баска бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен
құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны
орындау үшін төмендегі ұстанымдар жүзеге асыруы тиіс:
1. Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекеттерінің әдістерін
меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып
жүрген оқыту әдістерінен айырмашылық бар. Яғни, жана жағдайдағы Оқыту
әдістемесі деп отырғанымыз оқушы - мұғалім ұстанымынын өзара тығыз
байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі мен сипаттамасы
. Қазіргі ғылыми әдебиеттегі педагогикалық технология түсінігі
Педагогикалық технологиялар
Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану
Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Биологияны оқытуда АКТ қолданып сабақ өту
Оқыту технологиясының сипаттамасы
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру технологиясы
Бастауыш сыныпта ақпаратты оқыту әдістемесін тәжірибеде қолдану
Пәндер