Танымдық іс - әрекет


Танымдық іс - әрекет
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің міндеті - өзінің талантын танып және оны таныиа алатын жан - жақты жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ол үшін ең алдымен, оқушылардың танымдық іс - әрекеттерінің маызды жақтарына көп көңіл бөлуіміз қажет.
Көптеген тәжірбиелі психологтердің зерттеулері бойынша жеткіншек жасындағылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекеті дамуының екі жғы бар: сандық және сапалық.
Сандық өзгерістің мәні - жеткіншектер әр түрлі қыл - ой есептері мен логикалық сұрақтарының нешеуін, қандайын (оңай, қиын) шешкендігінен орын алады мұндай жағдайлар жеткіншектерге енді қалыптасып келе жатқан танымдық мүдделер мен қызығушылықтардың әлсіз болуы немесе олардың санында әлі де болса мәнді орын алмаған кезеңде көрініс береді, ал сапалық өзгерістер жеткіншектердің ойлау қабілеттерінің алға жылжып, дамуынан байқалады. Яғни, мұнда жеткіншектерге қанша есепті шығарғаны емес, қалай, қандай жолмен шығарғаны маңыздырақ болады. Бұл - олардың оқу қызметіне сапалық тұрғыдан қарап, өздігінен ізденіп, оқуға дағдылану үстінде пайда болған әрекетінің нәтижесі. Сондықтан, жеткіншек жасындағылардың оқу үрдісіндегі танымдық белсенділігін арттырып, жан қуаттарына әсер етуші күштің көріністерін табу және оның дамуына жагдай жасап, ұйымдастыру - мұғалімнің міндеті. Ендеше ол оқу мазмұнын түсіндіруде оқушы санында “ұғыну”, “ой - операцияларын” меңгеріп қана қоймай, олардың сезімдік қуаттарының әсерленуіне ерекше мән беруі тиіс. Өйткені қандайда болсын дүниедегі материалдық заттар туралы ой ең алдымен сезім мүшелеріне (көру, есту, сезіну, т. б. ) ықпал ету нәтижесінде туатын әсерлерден басталады. Сезімдік таным (құштарлығы, ықылас-ынтасы, әсерленуі, т. б. ) негізінде қабылданған жеткіншектің білімі, іскерлік, икем - дағдысы, ой-ептілігі нәтижелі әрі жемісті болады. Білім, іскерлік, дағды, есептілік әрекеттер жеткіншектердің дарлық психологиялық қасиеттері мен ақыл - ой қабілеттерін жетілдіріп, танымдық белсендігінің арттыруына жетелейді. Танымдық белсенділік мәселелік сұрақ, берілген тапсырманы өз бетінше талдау, салыстыру, жинақтау және ғылыми болжау жасату арқылы туындайды.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекетінің дұрыс қалыптастыру үшін не істеуіміз қажет деген сұраққа С. Жақыпов (Психология позвательной деятелности, А. - 1992) өзеңбегінде “сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді, логикалық сызбаларды, шартты-графикалық құралдарды қолдану керек. Осы аталғандар оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекетін жандандырып, өз бетімен жұмыс жасауға және оны меңгертуге төзімділігін арттырудың бірден-бір негізгі тәсілі болып табылады” деп жауап береді. Демек, таным қызыметіне байланысты оқыту әдістер: жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, біліктілікпен дағдыны қалыптастыру тәсілдерін мейлінше ұғымды пайдалану ұстаздың психологиялық білім даярлығына байланысты.
Демек, жеткіншек жасындағылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекеттерін дұрыс қалыптастыру үшін мыналарды білу керек:
- әрбір жеткіншек жасындағы оқушылардың бойында кездесетін танымдық қабілеті мен икем-дағдысы қай кәсіпке, қай салаға сай екенін анықтап зерттеу;
- оқушылардың қабілет ерекшелігіне қарай кәсіптік бейнелеу;
- қандай да болсын кез-келген мәселелік жағдайаттарға ғылыми болжам жасаудың негіздерін үйрету;
- жеткіншек жасындағылардың бойындағы нышан қуаттарының ашылуын көздеп, танымдық белсенділігінің жандауын ұйымдастыру, т. б. Сондықтан ең бастысы оқыту жүйесіндегі өзекті мәселе - мұғалімнің осы үрдісті шебер басқара білуі және оқушылардың кәсіптік қызығуын, ықылас-ынтасын, танымдық жан қуаттарын дамытып отыруы қажет. Олай дейтініміз: оқыту үрдісінің қозғаушы күші-ұстаз бен оқушының біріккен танымдық іс-әрекеттерінің жиынтығы болып саналады.
... жалғасыТанымдық белсенділік талаптары
Қоғамдық прогресс пен ғылымның ықпалынан, оқудың жалпы міндеттері мен озат тәжірибесінің жинақталуынан оқыту талаптары дамиды, нақтыланады, жетіледі.
Білім беру және оқыту теориясы оқыту барысында, оқушылардың саналылығы, белсенділілігі, өзбеттілілігі, бімім мен біліктерінің беріктілігі, ұғынық - ұлылығы және әрекеттілігі талаптарын қамтиды. Бұл талаптарының орындалуы оқушылардың оқу материалдарын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерін дәлелдеуге ұмтылысынан көрінеді.
Оқу үрдісі оқушылардың танымдық іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызымет ету қарқынын үдетту жажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылпардың алған білімдерін өмірде тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Демек, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыруды оқу үрдісінің жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажет.
Мектеп оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесінің педагогтердің, психолгтердің, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әртүрлі пікірлер айтылған. Біреулері танымдық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғалардың ерекше қасиеті ретінде түсіндіреді.
А. Аристова танымдық белсенділікті қоршаған орта құбылыстары мен заттарына сәйкес субъектіде жаңару, өзгеру әрекетінің пайда болуы ретінде қарастырса, Т. Сабыров “ Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз-оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, тәжірибеде пайдалана білуге үйренуге оқушының істейтін сапалы әрекеті ” деп атап көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, белсенділік-адамның өз бетінше әрекет етуге дайын болуға ұмтылысынан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Белсендірудің қандай да бір тәсілі мен әдістерін пайдалануда оқушының қабілет дәрежесін ескеу керек. Күрделі танымдық міндеттерді танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушылар ғана тапсыра алады. Оқушыға оның таным күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігінт жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді.
Танымдық әрекетті дамытуда ақпараттармен жұмыс, кітаптар, мерзімді баспалар, интернеттің маңызы жғары. Сондықтан осыларды ескере отырып, оны басқа да түрлі әдіс-тәсілдермен ұштастырған жөн.
Жаңа технолгоия, дәстүрлі емес әдіс - тәсілдер де маңыздылығы жоғары. Бірақ, көп жағдайда әсіресе ауыл мектептерінде бүгінгі күні әлі де болса өз мәнін жоймаған, оқу үрдіснде пайдаланып жүрген, қазіргі қалыптасқын оқу жағдайында ұйымдастыру барысында, шығармашылық сипаттағы сабақтарды өткізуде үлкен мәнге ие. Мысалы: сот -сабақ, баспасөз мәслихаты сабағы, объектіні зерттеу сабағы, тарихы “өзгерту сабағы”, сындарлы түсінік сабағы ( ереже, заңдылық, болжау), іздену
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz