Адам және жануарлар психикасының ерекшеліктері
І Кіріспе
Адам және жануарлар психикасының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.5
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Сананың негізгі қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.8
2.2. Адамның санасы мен тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.11
2.3. Жануарлардың инстинктивтік мінез.құлқы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11.15
2.4. Жануарлардың құбылмалы дара мінез.құлқы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15.20
2.5. Жануарлардың интеллектуалдық мінез.құлқы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21.27
ІІІ Қортынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28.31
VI Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Жануарлар мен адам психикасының өзіндік ерекшеліктері және сипаттары түрліше, олардың арасында айрықша айырмашылықтар бар. Жануарлардың «тілі» мен адамның сөйлеу тілін салыстыруға мүлде болмайды. Жануарлар жануарларға белгі берумен ғана шектелсе, ал адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен болашақ жөнінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу нәтижесінде әлеуметтік тәжірибесін өзгелерге жеткізеді, сөйтіп, пікір алысады. Даму тарихында анық тіл арқасында адамдардың бейнелеу мүмкіндігі қайта құрылып, жаңа сыр-сипаттарға ие болады. Адам өз миында ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесін күрделі мәселелерді шешуге пайдаланады, өзі ешқашан кездестірмеген құбылыстар жайында түсінік алады. Сол анық тілі арқылы әр түрлі сезімдік әсерлері жөнінде өзіне-өзі есеп беретін деңгейге көтеріледі. Жануарлардың қатынас жасау тәсілдері мен адамның сөйлеу тілінің арасындағы ерекшелік — олардың ойлау әрекетінді. Мұндай жайттан біз әрбір жеке психикалык. процестің басқа функциялармен тығыз байланыста дамып отыратындығын кереміз.
Зерттеу тәжірибелеріне қарағанда, жоғары сатыдағы жануарларда әрекеттік ойлау кездеседі. Ойлаудың ондай түрі-маймылдың бағдарлау мен айлалы әрекеттер жасап, мақсатына жету үшін түрлі жағдайларда «құрал» қолдануынан көрінеді, (5-сурет). Жануарлар психикасы олардың сыртқы әсерлерді тікелей қабылдайтын жағдайына тәуелді. Ал адамның нақты жағдайларға бейімделуі ойлаудағы дерексіздендіру әрекетіне сүйеніп, іс-әрекет нәтижесін алдын-ала болжай алады. Адам нақты жағдайды бейнелеумен бірге одан шығатын нәтижені де пайымдайды. Сондай-ақ, ол еңбек құралдарын жасап, қажетіне қолданады. Ал жануарлар «құралды» тек нақты, көрнекі әрекетке ғана жұмсайды. Өзге жағдайларда жануарлар «құралды» қажет болар-ау деп тани алмайды. Жануарлар үшін зат тек нақты жағдайда ғаиа белгілі бір мәнге ие болады. Олардық заттық-құралдық әрекетінде ұжымдық бірлесу сипаты болмайды. Ең әрі кеткенде бір маймыл екінші маймылдың әрекетін бақылауы мүмкін: Бірақ олар ешқашан біріне-бірі көмектесіп, бірлескен әрекет жасамайды.

1. Немов Р.С. «Психология» Т 1,2,3.
2. Алдамуратов Ә. «Жалпы психология». Алматы 1996ж.
3. Намазбаева Ж.И. «Психология» Алматы 2005ж.
4. Жарықбаев Қ. «Психология» Алматы 1993ж.
5. Климов Е. «Основы психологий» Москва 1997ж
6. Гуревич П.С. «Психология» Москва 1999ж.
7. Бажович Л.И. «Проблемы формированя личночти» Москва 1968ж.
8. Стомин В.В. «Самосазнание личности» Москва, МГУ 1983ж.
9. Платонов К.К. «Структура и развитие личности» Москва «Наука» 1986ж.
10. Гоноболин Ф.Н. «Психология» Алматы. «Мектеп» 1976ж.

Жоспар
І Кіріспе
Адам және жануарлар психикасының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...3-5
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Сананың негізгі
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 6-8
2.2. Адамның санасы мен
тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..8-11
2.3. Жануарлардың инстинктивтік мінез-
құлқы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 11-15
2.4. Жануарлардың құбылмалы дара мінез-
құлқы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .15-20
2.5. Жануарлардың интеллектуалдық мінез-
құлқы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..21-27
ІІІ Қортынды
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...28-31
VI Пайдаланылған әдебиеттердің
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 32
Кіріспе
Жануарлар мен адам психикасының өзіндік ерекшеліктері және сипаттары
түрліше, олардың арасында айрықша айырмашылықтар бар. Жануарлардың тілі
мен адамның сөйлеу тілін салыстыруға мүлде болмайды. Жануарлар жануарларға
белгі берумен ғана шектелсе, ал адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан
хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен болашақ жөнінде басқа адамдармен қарым-
қатынас жасайды. Сөйлеу нәтижесінде әлеуметтік тәжірибесін өзгелерге
жеткізеді, сөйтіп, пікір алысады. Даму тарихында анық тіл арқасында
адамдардың бейнелеу мүмкіндігі қайта құрылып, жаңа сыр-сипаттарға ие
болады. Адам өз миында ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесін күрделі
мәселелерді шешуге пайдаланады, өзі ешқашан кездестірмеген құбылыстар
жайында түсінік алады. Сол анық тілі арқылы әр түрлі сезімдік әсерлері
жөнінде өзіне-өзі есеп беретін деңгейге көтеріледі. Жануарлардың қатынас
жасау тәсілдері мен адамның сөйлеу тілінің арасындағы ерекшелік — олардың
ойлау әрекетінді. Мұндай жайттан біз әрбір жеке психикалык. процестің басқа
функциялармен тығыз байланыста дамып отыратындығын кереміз.
Зерттеу тәжірибелеріне қарағанда, жоғары сатыдағы жануарларда
әрекеттік ойлау кездеседі. Ойлаудың ондай түрі-маймылдың бағдарлау мен
айлалы әрекеттер жасап, мақсатына жету үшін түрлі жағдайларда құрал
қолдануынан көрінеді, (5-сурет). Жануарлар психикасы олардың сыртқы
әсерлерді тікелей қабылдайтын жағдайына тәуелді. Ал адамның нақты
жағдайларға бейімделуі ойлаудағы дерексіздендіру әрекетіне сүйеніп, іс-
әрекет нәтижесін алдын-ала болжай алады. Адам нақты жағдайды бейнелеумен
бірге одан шығатын нәтижені де пайымдайды. Сондай-ақ, ол еңбек құралдарын
жасап, қажетіне қолданады. Ал жануарлар құралды тек нақты, көрнекі
әрекетке ғана жұмсайды. Өзге жағдайларда жануарлар құралды қажет болар-ау
деп тани алмайды. Жануарлар үшін зат тек нақты жағдайда ғаиа белгілі бір
мәнге ие болады. Олардық заттық-құралдық әрекетінде ұжымдық бірлесу сипаты
болмайды. Ең әрі кеткенде бір маймыл екінші маймылдың әрекетін бақылауы
мүмкін: Бірақ олар ешқашан біріне-бірі көмектесіп, бірлескен әрекет
жасамайды.
Адамның жануарлардан басты ерекшелігінін, бірі — еңбек құралын ойлап,
жоспарлап жасауы. Оны қажет кезінде қолданып, сақтайды. Екіншіден, құрал-
саймандарды басқа адамдармен бірлесіп қолданады. Адамның психикалық
әрекетіндегі саналылықтың үшінші ерекшелігі — олардың қоғамдық тәжірибені
бір-біріне жеткізіп, мұра етіп қалдыратындығы. Адам да, жануарлар да жеке
өз тәжірибелерін жинақтайды. Алайда, адам сол тәжірибелерін саналы түрде
менгереді. Әрбір адамның мінез-құлқында қоғамдық тәжірибенің ізі сайрап
жатады. Қоғамдық тәжірибе адам психикасын дамытуға күшті ықпал етеді.
Нәресте жарық дүниеге келісімен, әрқилы әрекеттер жасап, құралдарды
қолданып, айналасындағы адамдармен қатынаста болады. Сөйтіп, адамзат
баласының психикалық функцияларынын жетілуіне әлеуметтік орта әсер етіп,
қажетті құралдарды меңгеруінде сапалық өзгерістерге ұшырайды. Адамға ғана
тән жоғары функциялар — ырықты зейін, ырықты ес, абстрақтылы ойлау дамиды.
Адам сезімінің дамуы және абстрактылы ойлауы нәтижесінде болмысты
бейнелеу тәсілдері өзара ұқсас. Сондықтан, адам айналасында болып
жатқан жағдайлардың сырын білуге терең үңіледі. Өзіне әсер ететін заттар
мен құбылыстар арасындағы байланыстарды бейнелеп, олардың бір-біріне
қатынас себептерін таниды, әр қилы эмоцияларға әсерленеді. Мұндай
сипаттар — адам психикасының өзіндік тертінші ерекшелігі. Тек адам ғана
басынан кешірген окиғаларға қайғырып, қуанады. Басқа адамның басына
түскен жағдайларға жаңашырлық білдіріп, оларға жан дүниесімен тебіренеді.
Табиға тәсемдігін қабылдап, оған шаттанады, жасампаздық іс-тердің
нәтижесіне қуаныш білдіріп, рақаттанады. Сөйтіп, саналы тіршіліктің түрлі
сырларын танып, ақыл-ой сезімін байытады.
Адам психикасының жануарлар психикасынан тағы бір ерекшелігі сол —
жануарлар дүниесінін дамуы биологиялық эволюция заңына тәуелді болса, ал
адамзат санасы қоғамның тарихи даму заңдылықтарына бағына-ды. Адамдардың
өзара қарым-қатынасы мен өмір тәжірибесі оның көңіл-күйін, ырықты зейіні
мен есте сақтауын, абстрактылы ойлау қабілетін жетілдіріп, жеке басының
кісілік қасиеттерін қалыптастырады. Адам психикасының қоғамдық даму сипатын
түрлі себептермен жас кезінен жануарлар ортасында өскен адам баласының
жағдайларынан толық аңғаруға болады. Барлық маугли балаларда жабайы аңдарға
тән тіршілік сипаты мен реакциялық әрекеттер болған. Ал адамның жас
кезінен қалыптасатын, әлеуметтік ортаға бейімделген сапалары байқалмаған.
Егер маймылдық балалары өз үйірінен ажырап қалатын болса, олар тек
маймылға тән әрекеттерінен жаңылмайды. Адам баласы адам болып өсуі үшін
жарық дүниеге келгеннен бастап адамдар арасында, әлеуметтік ортада өмір
сүруі қажет.
Адам психикасы — бүкіл материяның эволюциялық даму нәтижесі.
Психиканың даму сатыларын талдау нәтижесінде біз сананың пайда болуы
биологиялық фактормен байланысты екенін түсінеміз. Адамның арғы тегі заттық
әрекет ету негізінде ойлаған. Сөйтіп, жоғары жүйке жүйесінде, әсіресе, бас
миында көптеген уақытша байланыстар жасауға қабілетті болған. Алғашқы
адамдар қолға ұқсасалдыңғы аяқтарының кемегімен қажетті құралдар жасап,
оларды нақты жағдайға қолдана да білген. Жануарлар эволюциясының мәнін
түсінуде сана адамның қоғамдық қатынастарының жиынтығы екенін айқын түсіне
аламыз. Адамдардың алғашқы қоғамдық қатынастарының сипаты — үйірленіп
тіршілік етіп, топтасып өмір сүруі. Сөйтіп, олар өз жауынан қорғанған,
тамақ табуда біріне-бірі көмектескен. Еңбекке қажетті құрал жасап
қолданған. Еңбектену әрекетінде алдыңғы екі аяғы әр алуан іс-қимылдар
жасауға икемделіп, денесін тік ұстаған. Мұндай даму адамнын бас миының
жетілуіне зор ықпал еткен.
2.1. Сананың негізгі қасиеттері.
Еңбек әрекеті — қоғамдық дамудың алғы шарты және нәтижесі. Еңбек
әрекеті адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар мен тұрмыс жағдайының күрт
өзгеруіне, адам тегінің өсіп жетілуіне қолайлы ықпал етеді. Ортаның күрт
өзгеруі адамның тіршілік етуін қиындатып, қажеттіліктерін қанағаттандыруы
шиеленісе түсті. Адам қиындықта жеңбесе, тегінің құрып кету қаупі туды.
Сондықтан олар қауымдасып, топтасьіп тіршілік етуге, біріне-бір бірлесіп
кемектесуге мәжбүр болды. Адамдардың топтасқан мүшелерінің қарым-қатынасы
біртіндеп өндірістік қарым-қатынасқа ауысты. Адамның
нағыз адамға айналуындағы негізгі шарттың бірі — еңбек.
Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы дамыды. Эволюциялық дамудың
ең жоғағы сатысына көтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы тусінетін
болды, сөйтіп, акиқат дүниені өзгерту дәрежесіне қолы жетті. Еңбек
құралдарын жасап, оны қолдану, сақтау әрекетінің арқасында адам тіршілік
ортасына тәуелді болатын бірсыпыра жағдайлардан құтылды, өзін сол ортаның
иесі ретінде сезінетін деңгейге көтерілді. Өздері жасаған құралдармен әр
алуан әрекеттерді жасайтын болды. Бұл — адамдар қауымдастығының жануарлар
тобынан ерекшеленетін ең басты сапалық айырмашылықтарының бірі. Жоғарыда
аталғандай, жануарлар кездейсоқ заттарды пайдаланса, адам өзіне қажетті,
тұрақты заттарды пайдаланды. Өз қолынан шыққан құралдары оның қимылын,
әрекетін дамытып, материалдық сипат алды. Құрал арқылы бір ұрпақ келесі
ұрпақда түрлі құрал жасау тәсілдерін, іс-қимылын мұра етіп қалдырды. Еңбек
әрекетінде адамның зейіні өзі жасайтын құралға шоғыр-ланып, өзінің
қажеттіліктерін қанағаттандыруға да бағытталады. Адамның әрекеті — еңбек.
Қоғамның бастапқы даму сатысы деңгейінін төмен болуына орай алғашқыда
ойлаудың да әресіз болғаны анық. Өндіріс құралы күрделенген сайын бейнелеу
әрекеті де сол шамада болған.
Қүрделі өндіріс түрлерінің шығуына сәйкес қоғам мүшелерінің құрал-
жабдық жасаулары да бірнеше буынға бөлінеді. Енді қоғам мүшелері әр буынды
жеке атқарады. Іс-әрекеттердің буындарға тарамдалуы өндіріс құ-ралдарының
түр-турін: шығаруға жіктеліп, адамдардың сан алуан қажеттіліктерін
қанағаттандыратын денгейге жетті. Мұндай қажеттіліктер адамдардың
абстрактылы ойлау әрекетінін дамуына да пайдалы, әсерін тигізеді. Осы
орайда, К. Маркстің адам табиғатқа әсер ете отырып, өз табиғатын да
дамытады дейтін пікірі — өте дұрыс қағида. Адам мен табиғат арасындағы
қатынас өндіріс әрекетімен ұштасады. Енді сол адамдар өздерінік зат
алмасуды реттеп, оны бақылап отыратын дәрежеге жетеді. Табиғаттан өз
қажеттерін өтейтін заттарды өңдіріп, іске жарату процесінде адам өзінің
бас, қол, аяқ тәрізді дене мүшелерінің де күшін пайдаланып, олардың, дамып
жетілуіне пайдалы әсердің барын біледі. Дене: мүшелері әр алуан қимылды
козғалыстар үстінде өзгерістерге ұшырайды. Еңбектену әрекетінде қолдың
атқаратын жаңа қызметтері қалыптасады, ептілігі артып, анамомиялық
өзгерістерге ұшырайды. Қол мен иықтың, білектің көлемі өзгеріп, буындар
шапшаң козғалатын болады. Қол заттарды ұстау органы қызметін атқарумен
"бірге" адамның таным құралына да айналады. Саусақтардың жетілуі адамның
сипап білу сезімдерін жетілдіре тжеті. И. М. Сеченев қолдың түрлі қызмет
атқаруына баса мән беріп, оны сипап сезінудің нәзік органы деген болатын.
Қол еңбек әрекеті нәтижесінде қалыптасып, турлі затқа жанасу арқылы
әрбір нәрсені нәзік ссзіне алатын болды. Сондай-ақ, қол материалдық дене
жөнінде бағалы мағлұматтар да береді. Қол — тек еңбек органы ған емес. Оның
еңбектердің жемісі. Оның дамуы адамнын бүкіл органдарының дамуына да әсер
етеді. Қолдын ас күрделі істерді атқаруға бейімделіп, дамып, жетіліп
адамды өз бойын билеп, тік жүру деңгейіне жеткізді.
Қолмен істелетін сан қилы еңбек әрекеті көздің бақылауымен ұштасып,
адамның көру органынын дамуын әсеріш тигізеді. Қол мен көздің бір-біріне
сәйкестеніп отыруы адам организмінің бүкіл қимыл-қозғалысын реттеп отырады
да, оның танымдық әресін кеңейтеді. Сөйтіп, оның сезіну қызметінін өзгеруі
бас миының жетіліп, көлемінін арта түсуіне қолайлы жағдай тудырады. Бас
миында қолдың әрекетін реттейтін орталықтын жасалуы адамның психикасы мен
әрекетінің барынша күрделеніп отыруына пайдалы әсерін тигізіп, дүниенін
сырын неғұрлым терең танып білуге баулиды. Мұндай жетістіктердің бәрі —
адамнық еңбек әрекетінің жемісі. Еңбек ету нәтижесінде адамзаттың қоғамдық
өмірі құрылды, қарым-қатынас жасаудың жоғары формасы — олардың дыбысты
тілі, жетіліп, адам сана арқылы болмыстың: шындығын тепе-тең етіп бейнелей
алатын болады. Еңбек процесінде адамның саналы әрекеті қалыптасып, бейнелеу
формалары жетіле түсті.
Тарихи даму проиесінде екі шешуші фактор — еңбек пен дыбысты тіл
арқылы адамзат орасан зор табыстарға жетіп, осы заманғы материалдық және
рухани мәдениетті меңгереді.
Сана— психика дамуының ең жоғары сатысы. Ол тек ақыл иесі — адамдарға
ғана тән қасиет.
2.2. Адамның санасы мен тілі.
Тілдің пайда болуы - адамныңда болуы адамның күрделі құрылымды саналы
әрекетін қалыптастыратын екінші шарт. Сыртқы әлем нәрселері, олардың
әрекеттері, сапалары, өзара қарым-қатынастары белгіленетін белгілер
(символдар) жүйесін тіл деп түсінген жөн. Сөйлемге біріктірілген сездер -
адамға ақпаратты сақтауға, беруге және басқа адамдардың тәжірибелеріп
меңгеруге мүмкіндік беретін негізгі қатынас сүралы болып табылады. Тілдің
шығу тегі туралы сауалдар көптеген болжамдар мен теориялардың тақырыбы
болды. Кейбіреулер оны рухани өмірдің көрінісі деп санап, оның "құдайдан
келгенін" айтты. Басқалары тілді жануарлар элемінің эволюциясынан шығаруға
тырысты. Бірақ тілдін шығу мәселесінің ғылыми шешімін - адам тарихына өтуде
алғаш пайда болган қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеу керек.
Тіл алғаш рет адамдардың еңбек ұрдісі кезінде жасайтын қарым-қатынас
түрлерінен шықты деп болжауға негіз бар. Күнделікті бірлесіп әрекет жасау,
бірлескен еңбек әрекетіндегі нәрселерді білдіретін ақпаратты біреуге беру
қажеттілігіне әкелуі сөзсіз. Нәрселердің бұл алғашқы белгілері жай дыбыстар
тұрінде болды. Тек бірнеше мың жылдан кейін ғана дыбыстық тіл жекелеген
түрде практикалық әрекеттен бөліне бастады.
Заттарды, олардың қимылдарын, сапаларын немесе қатынастарын білдіретін
белгілер жүйесі, ақпаратты беру құралы ретіндегі тіл, адамның саналы
әрекетінін ары қарай қайта күрылуында маңызды болды. Сондықтан еңбекпен
бірге тіл де сананың қальштасуының негізгі факторы болып табылады.
Тілдің пайда болуы адамның саналы әрекетіне үш маңызды өзгерісенгізді:
тіл сыртқы элемнің заттары мен құбылыстарын жеке сөздер немесе олардың
тіркестері түрінде көрсете отырып, бұл заттарды бөліп алуға, оларға зер
салуға және есте сақтауға мүмкіндік береді. Тіл қабылданатын элемді
еселеп, алынған ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді және ішкі дүниелердің
әлемін жасайды;
тіл сөздері нақтылы заттарды білдіріп қана қоймай, олардың маңызды
ерекшеліктерін абстракциялайды, қабылданатын заттарды белгілі бір
дәрежелерге жатқызады. Сонымен, тіл арқылы абстракциялау мен
қорытындылау үрдістері жасалады. Тіл қарым - қатынас құралы ғана емес,
ойлаудың да маңызды құралы болады;
- тіл адамның қоғамдық тарихында жинақталған ақпараттарды беруші негізгі
құрал болып табылады. Адамда тілдің пайда болуы жануарларда болмайтын
психикалық дамудын мүлдем жаңа түрін тудырады, сананы дамытудың маңызды
құралы болып табылады.
Сананың болуы, өзімен бірге еңбек үрдісі кезінде пайда болатын тілдің
болуымен ғана байланысты. Бірақ адамның жеке санасынын болуы қоғамдық
сананың болуымен байланысты.
Сана адамның барлық психикалық функцияларының жалпы сапасы болып
табылатын бейнелеудің ерекше түрі ретінде түсіндіріледі. Өзара
қатынастағы барлық психикалық функциялардың дамуы, адамда сыртқы элемнің
іштей бейнеленуі қамтамасыз етеді.
Психологияны қызықтыратын жеке сананың дамуы мен қальштасуы қоғамдық
санамен үздіксіз байланыста болады. Сана — бірлескен психика түрі, адамның
еңбек әрекетінде қалыптасуының тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесі. Сана
- қоғамдық болмыс.
Сананың төрт негізгі сипаттамасы бөлінеді:
Сана - қоршаған әлем туралы ілімдердін жиынтығы. Сана құрылымына барлық
танымдық үрдістер енеді: түйсік, қабылдау, ойлау, қиял, ес.
Санада субъект пен объект айырмашылықтарының бекітілуі. Органикалық әлем
тарихында тек адам ғана қоршаған ортадан өзін беліп, оған өзін қарсы қоя
алады. Тіршілік иелері ішінен тек адам ғана өзін тануға қабілетті, яғни
өзінің психикалық әрекетін өзіне бағыттай алады.
Мақсатты іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді. Сана қызметі: әрекеттің мақсатын,
онын мотивтерін қалыптастырады, еріктік шешімдер қабылдайды, әрекеттерді
орындалу барысын қадағалайды және т.б.
Сондай-ақ, сана құрылымына белгілі бір қатынастар да енеді.
Тіл - сананың барлық аталған арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен
болуының міндетті шарты. Тіл - тарихи-қоғамдық тәжірибені немесе қоғамдық
сананы білдіретін ерекше объективтік жүйе екені белгілі. Нақтылы бір адам
меңгеретін тіл осы адамның шынайы санасы болады.
Тілдің белгілері жоғары жүйке қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде
жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады.
Сөйлеу тілінде таным деңгейін жаңа сатыға көтереді. Себебі, сөз
нақтылы бір атаудың алуан қырын танымның жалпы шеңберінде қорытып, жинақтап
береді. Демек, ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғары сатыдағы жануарлардың'
пәрменді жэне нақтылы-бейнелі ойлауынан өзгеше дерексіз ойлау жетіледі, ал
дерексіз ойлау Дегеніміз - сананың өзегі.
Тіл біздің саналық болмысымыздың формасы — қарым-қатынас шеңберін
кеңейте түседі. Қарым-қатынас үрдісінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де
терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен
адамдардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады.
Қарым-қатынас жасау - қоғамдық өмір факторы. Қарым-катынас үрдісінде
психологиялык қауымдастықтар қалыптасады, яғни өз заңдары бар қоғамдық
психология пайда болады.
Философ Ю.К.Мельвиль: "Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге
адамдармен қарым-қатынасында ғана пайда болады және дамиды. Ал қарым-
қатынас үрдісінде адамдардың тек өз жеке басының ғана емес, сондай-ақ
адамдардың қоғамдық санасы да қалыптасады", - деп атап керсетті.
Тілдің арқасында адамдар өткен ұрпақ тәжірибесін жинақтап, сақтап және
келер буынға тапсыра алатын болашаққа көз жіберіп, өз ісінін нәтижесін
шамалайтын еңбекті, өмірді, әлеуметтік күресті, жоспарлай алатын болды.
2.3. Жануарлардың инстинктивтік мінез-құлқы
Жүйке жүйесінің эволюциясының келесі кезеңі жоғары омыртқасыздарда,
әсіресе, жәндіктерде неғұрлым күрделі болатын ганглиозды жүйке жүйесінің
(алғаш рет құрттарда) пайда болуына әкеледі. Ганглиозды жүйке жүйесінің
пайда болуы сияқты, соның көмегімен мінез-құлықты қалыптастыру да тіршілік
эволюциясындағы маңызды көтерілісті білдіреді.
Неғұрлым қарапайым омырткасыздардан (құрттардан), өткен кезеңдегімен
салыстырғанда, жүйке жүйесінің мүлдем жана принцип бойынша ұйымдасқанын
байқауға болады. Бастың алдыңғы шетінде химиялық және тактильді рецепторлар
мен барлық талшыктар жинақталған жүйке орталығы болады. Бұл аппараттар
химиялық, термикалық, жарық өзгерістерін, сондай-ақ сыртқы ортадағы
ылғалдылық өзгерістерін қабылдайды. Бұл сигналдар бас ганглиесында өңделеді
және қозғаушы серпілістер түрінде пайда болатын мінез-құлық
"бағдарламалары", әрбіреуі дененің жеке бір сегментіне сай келетін, жүйке
ганглиеларының тізбегі бойымен таралады. Диффузиялы жүйке жүйесінің
құрылысының принципінен өзгеше, жаңа принцип - жүйке жүйесінің орталықтануы
пайда болады. Құрттың бас жағы жетекші рөлге ие болады, ал сегментарлық
ганглиелар автономдығын сақтайды. Құртты екіге бөлген кезде мұны оңай
байқауға болады: алдыңғы жартысы қалыптасқан қозғалысын сақтай отырып,
топыраққа көміле бастайды, ал артқы жағы кескінсіз ирелендей бастайды.
Құрттардың жағдайындағы жүйке жүйесінің күрделенуі олардағы неғұрлым
жетілген қалыптасудың түрлерін, жаңа өздері игерген мінез-құлық түрлерін
байқауға мүмкіндік береді. Мұны белгілі американдык психолог Иеркс
көрсетті. Ол құрттарды сол жақ ұшына электр тоғы берілген Тәріздес
түтікшеге (қарапайым лабиринт) салады. Экспериментті бірнеше рет қайталаған
соң жауын құрты электр соққысынан қашуға және оңға қозғалуға "бейім" болады
(150 сынақ). Егер осы төжірибені ұзақ үзілістен кейін қайталаса, "үйрену"
екі есе жылдам болады (80 сынақ). Осыдан ганглиозды жүйке жүйесіндегі мінез-
құлықтың жаңа түрлерінің қалыптасуына мүмкіндік беріп қана қоймай,
қалыптасқан бейімділіктерді сақтайды, басқаша айтқанда, жауын құртында
естің белгілі бір түрі болады.
Мінез-құлықтың кейінгі эволюциясы сыртқы ортадан арнайы ақпаратты
қабылдауға мүмкіндік беретін күрделі рецепция аппараттарының пайда болуымен
және ортаның тұрақты күрделі жағдайларына жануарлардың бейімделуіне
көмектесетін күрделі бағдарламалардың дамуымен байланысты болады. Бұл
әсіресе, жәндіктерден көрінеді. Яғни, жәндіктердің күрделі фоторецепторы,
кейде мыңдаған жеке ұяшықтардан тұратын, фасетті көз сипатында болады. Ал
омыртқалылардың фоторецепторы заттың бейнесін қабылдауға және бейнелегіш
аппараттың - хрусталиктің көмегімен бейненің тұнықтығын өзгертуге мүмкіндік
беретін, бізге белгілі, біртұтас көз пішінінде болады.
Жәндіктерде күрделі фоторецептормен қатар, арнайы тактильді химиялық
рецепторлар , дәм сезгіш рецепторлар, вибравдялық рецепторлар болады. Бұл
рецепторлық аппараттардың қозулары жйке талшықтарының бойымен таралады және
осы серпілістерді туа біткен мінез-құлық бағдарламаларының күрделі жүйесіне
аударатын алдыңғы ганглиега келеді. Жәндіктердің мінез-құлық
бағдарламаларының қызықтылығы соншалықты, тіпті арнайы қарастыруды талап
етеді.
Күрделі бағдарламалардың туа бітуі мен тұқым қуалауы және
инстинктивтік мінез-құлық түрінде таралуы, олардын ерекшелігі болып
саналады. Бұл бағдарламаларды миллиондаған ұрпақтар қалыптастырады және
дене құрылысының ерекшеліктері сияқты олар да тұқым қуалайды. Жәндіктердің
туа біткен бағдарламаларының мысалдары өте көп. Олардың кейде күрделі болуы
соншалықты, тіпті кейбір зерттеушілер оларды саналы мінез-құлық мысалы
ретінде қарастырады. Мәселен, маса жұмыртқаларын су бетіне салады және де
оларды тез кеуіп кететін кұрғақ жерге ешқашан салмайды. Офекс арасы
личинкалары қорексіз қалмас үшін жұмыртқаларын жұлдыз құрт денесіне салады.
Сондай-ақ тор тоқушы өрмекші жайлы, араның ұяшық жасап, оларды балмен
толтырып, бетін торлап тастауы жайлы айтуға болады. Мұның бәрі көптеген
авторларға инстинктерді саналы мінез-құлыққа жақындатып айтуға негіз берді.
Бұл мінез-құлықтың жұмбақ түрін этологтардың кейінгі зерттеулері ғана
ашты. Олар күрделі іс-әрекеттің артында қарапайым механизмдер тұрғанын, ал
инстинктивтік мінез-құлықтың бағдарламалары - бейімделгіш актілердің туа
біткен циклдерін іске қосатын қарапайым талаптанулар арқылы пайда болатынын
көрсетті. Осылайша, масаның жұмыртқаларын су бетіне салуы судың жылтырауына
байланысты, сондықтан суды жылтыраган айнамен алмастырсақ, маса
жұмыртқаларын айнаның бетіне сала бастайды. Ал өрмекшінің торға түскен
шыбынға ұмтылуы шыбынның қозғалуына байланысты, егер торға камертонды
тастасақ, өрмекші оған да ұмтылады.
Сипатталған механизмдер туа біткен мінез-құлық үрдістерін түсінуде
айтарлықтай қадам жасауға және мінез-құлықты карапайым сипаттаудан, оныц
инстинктивтік түрінің саналы түрінен қаншалықты айырмашылықта болатынын
көрсетуге мүмкіндік береді. Барлық айтылған бақылаулар омыртқасыздарда
болатын, туа біткен мінез-құлықтың күрделі бағдарламалары, жануардың
тіршілік жағдайын білдіретін қарапайым сигналдар арқылы жүзеге асатынын
анық көрсетеді. Мәселен, бал арасының балы бар гүлдерді талғауы кезінде
гүлдің түсі сияқты сипат түрлеріне жауап қайтарады. Ара әр түрлі
геометриялық пішіндегі суретгері бар қант ерітіндісі құйылған ыдысқа
түскенде, үшбұрыш, төртбұрыш сияқты қарапайым пішіндерді әрең ажыратады, ал
бес, алтыбұрышты жұлдызша тәріздес пішіндерді тез тауып алады. Бұл
зерттеулер араның қажетті пішінді таңдап алуына себепші факторы болып —
пішіндердің геометриялық қарапайымдылығы емес, олардың табиғи
тітіркендіргіштерге - гүл пішіндеріне ұқсауы болатынын көрсетті.
Осы сияқты нәтижелерді араның түсті ажыратуына жасалған эксперименттер
де көрсетті. Олар таза түстерден гөрі, гүл түсіне жақын аралас түстерді тез
ажырататыны көрінді. Мұның бәрі мінез-құлықтың туа біткен бағдарламаларын
іске қосатын сипаттарды бөліп алудың шешуші факторы болып тіршілік етудің
табиги шарттары саналатынын білдірді.
Зоолоттар мен психологтар жасаған зерттеулер туа біткен инстинктивтік
мінез-кұлықтын тағы бір маңызды ерекшелігі болатынын көруге мүмкіндік
берді. Инстинктивтік мінез-құлықтың туа біткен бағдарламасы тек белгілі
бір, тұрақты жағдайларда ғана мақсатты болады. Бұл жағдайларды шамалы
зерттсек, туа біткен бағдарламалар "саналы" мінезі мен мақсаттылығын
жоғалтады. Мұны төмендегі мысалдардан көруге болады. Араның бір тұқымында
мақсатты мінез-құлықтың қалыптасқаны байқалды. Ол өз олжасын салатын інге
кірмес бұрын оны сыртқа қоя тұрып, ін ішінің бос екеніне көз жеткізген соң
ғана олжасын енгізіп, ұшып кетеді.
Ара інге кіріп кеткен кезде сырттағы олжаны бірнеше сантиметрге
жылжытьш қойса, іс айтарлықтай өзгереді. Бұл жағдайда ара олжаның орнында
емес екенің көріп, оны қайта орнына әкеледі де, өзі жаңа ғана қарап шыққан
інге кайта кіріп кетеді. Араның бұл мінез-құлқы бірнеше рет қайталана беруі
мүмкін. Мұндай бақылаулар бал арасына да жасалады (ұяшықтардың түбін кесіп
тастау). Мұның бәрі туа біткен мінез-құлықтың "инстинктивтік"
бағдарламаларының механикалық, жанама екенін және өзінің "саналылығын"
белгілі бір тұрақты жағдайларда ғана сақтайтынын керсетті.
Жануарлар тұрақты өзгеріп отыратын орта жағдайларына қалай
бейімделеді? Олар салатын жұмыртқалар саны өте көп. Дүниеге келген
дернәсілдердің шамасы ғана тірі қалады және де тұқым түрін сақтау үшін осы
шаманың өзі жеткілікті.
Сонымен инстинктивтік әрекеттердің бағдарламалары түрлі
тітіркендіргіштердің көпшілігін қарастыра алмайды, осылайша
жануарлардың қабылдау мүмкіншіліктері шектеледі. Бұл жағдайдағы шындықты
қабылдау жекелеген әсер етушілерге сезімталдықты, қарапайым сезінуді
білдіреді. А.Н.Леонтьевтің ұсынысы бойынша, психика дамуының бұл кезеңін
жануарлардың бірқатар түрін қарастыратьш қарапайым сенсорлық психика кезеңі
деп атайды.
2.4. Жануарлардың құбылмалы дара мінез-құлқы
Жануарлардың жер бетіндегі тіршілікке өтуімен тіршілік түрлері де
үлкен өзгеріске ұшырайды: қоректенуі қиындайды, орта құбылмалы болады, ал
тұрақты түрде өзгеріп тұратын ортаға бейімделу қиындай түседі. Осымен бірге
көбею түрі де өзгереді. Әрбір дернәсіл өзіне ұқсайтын 2-3, кейде 5-6 ғана
еңдіреді, және жекелеген дернәсілдердің тірі қалуы тұқым түрін сактаудьщ
шарты болады. Мұның бэрі жаңа, өзгергіш дара мінез-кұлықтың қалыптасуына
биологиялық қажеттілік тудырады. Мінез-құлықтың бұл түрі төменгі
омыртқалылардың бастапқы жаратылысында болып, эволюцияның кейінгі
сатыларында үлкен орынға ие бола бастайды.
Қоршаған ортаға беймделудің қиындауы, ортаның құбылмалылығына жеке
бейімделу мүмкіншіліктерінің, бейімделудің жеке құбылмалы түрлерінің пайда
болуы эволюция үрдісі барысында жаңа жүйке аппараттарының қалыптасуына
әкеледі. Олар сырттан сигналдарды қабылдап және туа біткен мінез-құлықтың
жобаланған бағдарламаларын іске қосып қана қоймай, сонымен қатар алынған
ақпараттарды талдап, мінез-құлықтың жаңа құбылмалы дара түрлерін тудыратын
жаңа байланыстарды жасайды. Мұндай аппарат ретінде, құрылысы өткен
эволюцияның ұзақ жолын білдіретін, бас миын айтады. Жануардың бас миы бір-
бірінің үстінде тұратын деңгейлер немесе қабаттар қатарының түрінде
кұрылған. Ми өзегінде орналасқан төменгі деңгейлер ағзанын ішкі күйін
реттейді және олар жүйке түйіндері (ганглиелар) түрінде құрылған. Төменгі
омыртқалыларда көбірек болатын бейімделудің ең қарапайым туа біткен
бағдарламаларып жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бұл деңгейлер
инстинктивтік әрекегген аз ғана өзгеше болады. Мұндай ми құрылысының мысалы
ретінде, инстинктивтік және аз құбылатын мінез-құлық түрлерінің орындалуын
қамтамасыз ететін. бақа миын айтуға болады.
Неғұрлым жоғары денгейде ұйымдасқан жануарларда өзек аппаратының
үстіне, қабықасты түйіндері мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz