Аудит субъектілері және құқықтық негіздері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І Аудиттің мәні, мазмұны және аудит субъектілерінің құқығы ... ... ... ... ... ..4
1.1 Аудит ұғымы, мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Аудит субъектісі және оның ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Аудит субъектісінің құқығы және оның міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ІІ Шаруашылық жүргізуші аудит субъектілерінің құқығын реттеу ... ... ... ..16
2.1 Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Аудит субъектісінің жауапкершілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3 Аудит субъектісін құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ІІІ Аудит субъектілерінің жұмысының орындалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3.1 Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары ... ... ... ... ... ...24
3.2 Аудиторлардың кәсіби этикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3.3 Аудит жұмысы мен құқығы және кәсіпорынның қаржылық ақпаратын реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
«Аудит» термині осыдан екі мың жыл бұрын «аudio» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.
Аудиторлық қызмет туралы заңда аудит субъектісі — ол аудиторлар және аудит фирмалары деп керсетілген.
Аудитор — ол, маман, біліктілік комиссиясының шеішімі бойынша аудиторлық қызмет жасауға арнайы куәлік алған жеке адам, куәлік бес жыл мерзімге беріледі.
Аудиторлар - аудит субъектісі ретінде өзінің аудиторлық, қызметін жеке немесе аудитор фирмаларында атқарады. Олар мемлекет құрылымына тәуелсіз, тек қана тапсырушылармен жұмыс істейді. Сол себептен олар жеке фирмаларда жұмыс жүргізуге немесе кәсіпорындарда қызметте тұрып қызмет жасауға құқылы. Сол сияқты ғылыми қызметкерлер және мұғалімдер де аудит қызметін атқара алады. Ал кәсіпорындарда қызмет атқарғанда тек қана ішкі аудит тұрғысынан ғана жұмыс атқаруына болады.
Аудиторлар қаржылық есептемелердің және басқа құжаттардың заң талаптарына сәйкеспейтін тұстарын аудиттелген субъектіге хабарлауға міндетті, сонымен бірге аудиттің нәтижелері мен басқа да мәліметтердің құпиялылығын сақтауға міндетті және қолданыстағы нормативті-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес басқа да міндеттерді орындауы керек.
Аудитор фирмасы шаруашылық субъектісі ретінде ол өз жұмысын шаруашылық есеп түрінде жүргізіледі. Аудит жұмысының барысы, көлемі, қызмет көрсету жұмысы, жалпы орындалатын аудит жауапкершілігі келісім - шарт жасау арқылы анықталады. Аудит фирмасы өзінің қорын, аққшалай қаржысын, мүлкін өз еркіне қарай еркіне қарай тәуелсіз жұмсайды, пайдаланады. Өзінің балансы болады.
Дербес шаруашылық субъектіретінде өз жұмысының қажетіне қарай жұмысшылар алады, қажет жағдайда келісім-шарт жасап уақытша мамандар жалдайды.
Аудиттік қызметтерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық нормалардың өзара қарым-қатынасын мемлекеттік және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативті-құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған.
«Аудиторлық қызмет көрсету» ұғымына Республикалық және территориялық аудиторлар палаталары, аудиторлық фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді.
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңға сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы тәуелсіз «бейүкіметтік», қоғамдық, коммерциялық кәсіби, өзін-өзі бақсаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
1 «Ішкі аудит» С. Жақыпбеков – Алматы – 2008
2 ҚР-ның «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы. Астана, 2006.- 5 мамыр.
3 Аудиттің халықаралық стандарты.// нормативтік құқықтық актілер бюллетені.-2009ж.,№1-42б.
4 Аудиттың халықаралық стандарты. // Бюллетень бухгалтера. -2009ж., №3-б.
5 Абленов Д.О. Аудит негіздері. - Алматы, экономика, 2005ж.
6 Сәтмырзаев А.А., Укашев Б.Е. Аудит теориясы. – Алматы, 2000ж.
7 Қазақстан аудиттың халықаралық стандарттары.- Алматы, Раритет, 2004ж.
8 Ержанов М.С., Даулетбеков Г.Б. и др. Аудит-1. – Алматы, Бастау, 2005ж.
с салық инспекциясымен №37 «ҚҚС есептеу мен төлеу тәртібі жөнінде» нұсқауы.
9 4. 08. 1993ж. Министрлер комитеті шешімі негізінде шығарылған Қазақстан Республикасының ұйымдары мен кәсіпорындары және мемлекеттік бірлестік жұмысшыларының іс – сапарлық қызметі жөнінде нұсқауы.
10 В. В. Ковалев «Финансовый анализ», Москва 1995г.
11 Алтынбаев Б.А, Истаев А.А.
12 Основы маркетинга/Учебное пособие-А.,Экономика,2002
13 Есімжанова С.Р., Маркетинг/оқу құралы.- А.:Экономика, 2003
14 Жолдасбаев Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы / Оқу құралы.- А.: Экономика, 2002

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Аудит субъектілері және құқықтық негіздері
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І Аудиттің мәні, мазмұны және аудит субъектілерінің
құқығы ... ... ... ... ... ..4
1.1 Аудит ұғымы, мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
1.2 Аудит субъектісі және оның
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Аудит субъектісінің құқығы және оның
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ...13
ІІ Шаруашылық жүргізуші аудит субъектілерінің құқығын реттеу
... ... ... ..16
2.1 Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі
құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..16
2.2 Аудит субъектісінің
жауапкершілігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
9
2.3 Аудит субъектісін құқықтық
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ІІІ Аудит субъектілерінің жұмысының
орындалуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 24
3.1 Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары
... ... ... ... ... ...24
3.2 Аудиторлардың кәсіби
этикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
26
3.3 Аудит жұмысы мен құқығы және кәсіпорынның қаржылық ақпаратын
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..33

Кіріспе

Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын аudio деген латын сөзінен
шыққан, аудармадағы мағынасы ол естиді немесе естуші дегенді білдіреді.
Аудиторлық қызмет туралы заңда аудит субъектісі — ол аудиторлар және
аудит фирмалары деп керсетілген.
Аудитор — ол, маман, біліктілік комиссиясының шеішімі бойынша
аудиторлық қызмет жасауға арнайы куәлік алған жеке адам, куәлік бес жыл
мерзімге беріледі.
Аудиторлар - аудит субъектісі ретінде өзінің аудиторлық, қызметін жеке
немесе аудитор фирмаларында атқарады. Олар мемлекет құрылымына тәуелсіз,
тек қана тапсырушылармен жұмыс істейді. Сол себептен олар жеке фирмаларда
жұмыс жүргізуге немесе кәсіпорындарда қызметте тұрып қызмет жасауға құқылы.
Сол сияқты ғылыми қызметкерлер және мұғалімдер де аудит қызметін атқара
алады. Ал кәсіпорындарда қызмет атқарғанда тек қана ішкі аудит тұрғысынан
ғана жұмыс атқаруына болады.
Аудиторлар қаржылық есептемелердің және басқа құжаттардың заң
талаптарына сәйкеспейтін тұстарын аудиттелген субъектіге хабарлауға
міндетті, сонымен бірге аудиттің нәтижелері мен басқа да мәліметтердің
құпиялылығын сақтауға міндетті және қолданыстағы нормативті-құқықтық
актілердің талаптарына сәйкес басқа да міндеттерді орындауы керек.
Аудитор фирмасы шаруашылық субъектісі ретінде ол өз жұмысын
шаруашылық есеп түрінде жүргізіледі. Аудит жұмысының барысы, көлемі,
қызмет көрсету жұмысы, жалпы орындалатын аудит жауапкершілігі келісім -
шарт жасау арқылы анықталады. Аудит фирмасы өзінің қорын, аққшалай
қаржысын, мүлкін өз еркіне қарай еркіне қарай тәуелсіз жұмсайды,
пайдаланады. Өзінің балансы болады.
Дербес шаруашылық субъектіретінде өз жұмысының қажетіне қарай
жұмысшылар алады, қажет жағдайда келісім-шарт жасап уақытша мамандар
жалдайды.
Аудиттік қызметтерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық
нормалардың өзара қарым-қатынасын мемлекеттік және кәсіби тәуелсіз қаржылық
бақылау органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативті-құқықтық
реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған.
Аудиторлық қызмет көрсету ұғымына Республикалық және территориялық
аудиторлар палаталары, аудиторлық фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді.
ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңға сәйкес Республикалық аудиторлар
палатасы тәуелсіз бейүкіметтік, қоғамдық, коммерциялық кәсіби, өзін-өзі
бақсаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.

І Аудиттің мәні, мазмұны және аудит субъектілерінің құқығы

1.1 Аудит ұғымы, мәні мен мазмұны

Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын аudio деген латын сөзінен
шыққан, аудармадағы мағынасы ол естиді немесе естуші дегенді білдіреді.
Рухани оқу орындарында озат оқушыны аудитор (тыңдаушы) деп атаған.
Оған оқытушы басқа оқытушылардың сабақта өткен материалды қалай
меңгергенін, тапсырманы қалай орындағанын, яғни оқу үлгерімдерін тексеріп
отыруды сеніп тапсыратын болған. Еуропаның көптеген елдеріндегі мемлекеттік
басқару мен шаруашылық қызмет салаларында лауазымды тұлғалардың ауызша есеп
беруін тыңдаушы қызметкерді аудитор деп атаған. Есеп берудің бастапқы
ауызша түрі көптеген адамдардың сауатсыз болуына байланысты қолданылған,
сөйтсе де орта ғасырдағы адамдар есеп берудің ауызша түрі жазбашадан да
жақсы болады деп есептеген. Олардың ойынша кез келген құжатты қолдан оңай
түзей салуға болады, ал бақылаушы-аудитордың көзіне тура, тік қарап тұрып
өтірік айту мүмкін емес немесе өте қиын, деп санаған.
Арнайы әдебиеттерде аудиттің пайда болу кезеңі өзгеше әрі қарама-
қайшылыққа толы. Бір авторлардың айтуынша, есеп берудегі мәліметтердің
дұрыс көрініс табуын жасау және бақылау біздің дәуірімізге дейінгі IV
мыңжылдығынан басталады. Сонымен бірге, Ніл, Тигр және Евфрат өзендерінің
жазықтарындағы Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте жоғары дәрежеде
ұйымдастырылған мемлекет құрылып, шаруашылық қызмет жүргізілді, үкімет
өнім, мүлік, салық жинау, орындалған жұмыс, қазынаны толтыру және кіріс пен
шығыс есептерімен айналысты. Бақылаудың әр түрі жүзеге асырылды, оның
ішінде аудит те бар.
Мұндағы мақсат - қателіктерді азайту және шенеуніктер тарапынан алдау
әрекеттеріне жол бермеу. Бірқатар бақылау түрлері сол уақытта Библияда
(Інжілде) да суреттеледі. Онда мүлікті екі жақты күзету, адал
қызметкерлерді жалдау, міндеттерді бөлісу мәселелері баяндалады.
Ревизиялық қызмет Вавилон, Мысыр, Рим, Қытай және Греция сияқты
антикалық елдерде де болған. Мысалы, ежелгі Мысырда (біздің дәуірімізге
дейінгі 3400-2400 жж.) мүлікті түгендеу кезең сайын, ал шаруашылық
операцияларын бақылауды үш адам жүзеге асырған. Оның біреуі не нәрсе
берілді, соның санын папирусқа белгілеп отырса, екіншісі нақты босатуларды
жүзеге асырған, ал үшіншісі ауытқуды анықтау үшін берілген мүліктердің
немесе өнімдердің санын нормамен салыстырып отырған.
Ресурстардың қозғалысы мен болған оқиғалар бойынша операциялар қатаң
тәртіппен құжатталып отырған, тікелей орындаушылар мен қатысушылардан
тәуелсіз жүзеге асырылатын шаруашылық процестерін бақылау осылай пайда
болған.
Есепті жүргізу бойынша арнайы заңнама алғаш рет Вавилон мемлекетінде
пайда болған. Хаммурапи заңы (біздің дәуірімізге дейінгі 2200-2150 жж.)
көпестерге дербес есеп жүргізуді, ал храмға - мемлекеттік есепшілікті
жүргізуді әмір етті, ақшаны қолхатсыз беру жарамсыз деп саналған.
Чжоу династиясы басқарған уақыттағы көне Қытайда (біздің дәуірімізге
дейінгі 1122-256 жж.) есептің мемлекеттік жүйесі, оның ішінде барлық үкімет
департаменттерінің мұқият әзірленген бюджеті мен аудиті жүзеге асырылды.
Ал, біздің дәуірімізге дейінгі 700 жылы ол жақта негізгі міндеті
мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалануға құқығы бар үкімет шенеуніктерінің
адалдығына кепілдік беру болып табылатын Бас аудиторлық қызметі болған.
Афинада біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда Халық жиналысы
мемлекеттің кірісі мен шығысын бақылады, ал оның қаржылық жүйесі барлық
лауазымды тұлғалардың өкілеттілігі біткенше құжаттарын тексеретін үкімет
аудиторларын қамтыды. Басқа авторлардың айтуынша, аудиттің пайда болуы
арнайы ғылыми білімнің саласы ретінде бухгалтерлік есептің қалыптасу
кезеңімен тығыз байланысты. Бухгалтерлік есеп туралы алғаш рет ғылыми кітап
жазған италияндық ұлы математик Лука Пачоли (1445-1517 жж.) арнайы бюрода
тексеріп және тіркеп отыратын көпес кітабының іс жүзіндегі пайдалылығын
атап кеткен болатын.
Шаруашылық қызметтің дамуы есептің сапасы мен есеп берудің шындыққа
жанасымды болуының жаңа бақылау формасын талап етеді. Англияда аудиторлы
алғаш рет 1299 жылы пайда болды, ал 1324 жылдың 24-інші наурызында король
Эдуард II, үш мемлекеттік аудиторды тағайындайды. Тағайындау туралы
жарлықта аудиторды Оксфорд, Беркенхед, Уэльс провинцияларындағы барлық
есепшотты тексеруге, оларды тыңдауға, олардан сұрауға және есепшоттарды
жүргізуде барлық кемшіліктерді белгілеп отыруға міндеттейді.
XII ғасырдан бастап Англия мен Шотландия, Италия, Франция және
Еуропаның басқа елдерінің Қазынашылық мұрағаттарында (архив) аудиторлық
қызмет туралы мағлұмат жиі ұшырасады. Мысалы: Ұлыбританияда екі типті аудит
жүргізілген:
1) аудит қалаларда елдің көзінше, яғни жария түрде – билеп - төстеуші
лауазымды тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылған, қазынашы аудиторлық есеп
беруді ауызша, яғни елге естірте оқитын болған:
2) ірі поместьесінің қаржылық басқарушының төлем шотын аудиторлық
декларацияға орай дебет және кредит бойынша егжей - тегжейін тексеру,
яғни оны поместьенің қожайыны мен басқарушылар кеңесінің алдында ауызша
есеп берген.
Қалалардың, фабрикалардың өсуімен және сауда - саттықтың кеңеюімен
сипатталатын ХVІ - ХVII ғасырлар кезеңіндегі экономикалық өзгерістер есеп
пен аудиттің жаңа тәсілдемесінің пайда болуына итермеледі, яғни себепші
болды. Бұрыштың басына мүлікке деген меншік құқығы мен пайда және залалдың
қатаң калькуляциясы қойылатын болды. Аудит тыңдау процесінен
жазбаша құжатты және растаушы куәні зерттеуді ретімен талдаушыға айналды.
XVII ғасырдың аяғында Шотландияда белгілі бір лауазымды тұлғаға қалалық
аудитор ретінде қызмет етуіне тыйым салу туралы алғаш рет заң қабылданды,
осылай ету арқылы батыс әлемінде сол уақыттан бері осы заманғы аудитордың
тәуелсіздігі деген ұғым енгізілді.
Мұндай аудиторлық озық тәжірибеге қарамастан, тек ХІХ ғасырдың екінші
жартысында ғана кәсіби аудит тұтас іскерлік әлем мен кәсіпкерлік қызметтің
маңызды құрамдық бөлігі болды. Бұл темір жолдарын салу мен сақтандыру
компанияларының, банктердің, акционерлік қоғамдардың өсуімен байланысты.
Ағылшындық темір жол және сақтандыру компаниялары мен басқа да инвесторлар
Солтүстік Америкаға аттанғанда, яғни бағыт алғанда олармен бірге аса ірі
ағылшын кредиторларының мүддесін қорғау үшін тәуелсіз аудиторлар да барды.
Осыған байланысты солтүстік америкалық аудиттің шығу тегі ағылшындық
болып табылады және XX ғасырға дейін АҚШ - тың тәуелсіз аудиті ағылшындық
үлгімен құрылып келді. Ол балансқа қатысты мәліметтерді егжей - тегжейлі
зерттеуді ұйғарды.
Роберт X. Монтгомери американдық аудитінің сол кезеңін есепшоттық
аудит деп атаған, өйткені аудитордың жұмыс уақытының төрттен үш бөлігі
есептеу және бухгалтерлік кітапты жасауға кетті. Аудит рәсімі (процедурасы)
жылдам ұлғайған америкалық бизнеске бейімделе бастағанда шектен тыс
қаражатты талап ететін есептеу мен көшіруді тексеретін британдық стиль
біртіндеп американдық тестілік аудитке өзгеріп, ауысады
(трансформацияланды).
Сонымен қатар аудиторлар тестілеу әдісінен басқа операцияларды тексеру
мақсатында бизнес бойынша серіктестен фирманың қызметі туралы мәлімет
жинауды іс жүзіне асыруға кірісті. Инвесторлардың мүдделерін ескеру арқылы
олар баланстың белсенділігі мен бәсенділігін бағалауға, сондай-ақ пайда мен
залал туралы есеп берулерде және есепшоттарда көрініс табатын шаруашылық
операцияларының нәтижелеріне де көп назар аударатын болды.
XX ғасырда бухгалтерлер мен аудиторлардың аса ірі трансұлттық
ұйымдардың құрылуына әкеп соқтырған әлемдік экономика мен бизнестің
ғаламдасу (глобализация) тенденциясы біршама тереңдей түсті. Кәсіби
аудиттің дамуы үшін Халықаралық есеп стандарттары бойынша Комитет, Жоғары
бақылау органдарының халықаралық ұйымы (ИНТОСАИ - 1953 ж.), Халықаралық
бухгалтерлер федерациясы, БҰҰ-да 1979 жылы құрылған Есеп пен есеп берудің
халықаралық стандарттары бойынша үкіметаралық сарапшылардың жұмысшы тобы
сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдар қызметінің маңызы айырықша. Осы
жаңашылдықтардың барлығы ендігі жерде аудиттің бухгалтерлік жазбалардың
кеңселік нақтылығын тексерумен ғана шектелмей, салалары мен ауқымының
біртіндеп кең өріс алуын көрсетеді. АҚШ және Ұлыбритания сияқты дамыған
елдерде тәуелсіз аудиттің өзгеше жүйесі қалыптасқан. Оларды жетілдірудің
қажеттілігі көптеген кредиторлар, инвесторлар және басқа да мүдделі
пайдаланушылар тарапынан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметі туралы
сенімді қаржылық ақпаратқа сұраныстың өсуінен туындап отыр.

1.2 Аудит суюъектісі және оның ролі

Аудит жұмысының құқығы аудит заңына және басқа мемлекеттік ормативтік
құқықтарға сүйене отырып жүргізіледі. Дүние жүзіндегі қалыптасқан үлгі
бойынша барлық елдерде мемлекет тұрғысынан аудит заңы қабылданады. Сол
арқылы біздің елімізде аудит жұмысының қажеттілігі анықталғаннан кейін 1993
жылы қазан айында Қазақстан Республикасында бірінші рет Қазақстан
Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңы шықты.
Халықшаруашылық экономикасында шаруашылық субхектісі деп әр түрлі
меншіктегі ұйымдастыру тұрғысынан дербес құқылы өндіріс, сауда, коммерция,
бизнес бірлестіктерін немесе басқадай мекемелерді айтады. Оған банктер,
ассоциациялар, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, биржа бірлестіктері
тағы басқа көптеген кәсіпкершілік жасаушы құрылымдар жатады. Соның ішінде
аудитор фирмалары немесе жеке аудитор жұмысы да жатады.
Аудитор заңы алты тарау, жиырма төрт баптан тұрады.
Бірінші тарауында – аудитке түсінік берілген, оның мазмұны мен
мағынасына, аудитор көмекшісіне, аудитор фирмасына, аудит жұмысына
түсініктеме берілген. Аудит жұмысын кәсіпкершілік, ол тапсырушылардың
талабына сай тексеру жүргізіп және басқадай қызмет көрсетеді деп анықтама
берген.
Екінші тарауында – аудит дайындау, оларды аттестациядан өткізу тәртібі
анықталған. Мысалы, аудит заңының сегізінші бабында: Аудиторларды
аттестациядан өткізу деп атап көрсетілген, аудитор боламын деген
талапкерлер аттестациядан өту үшін оның жоғарғы немесе орта арнайы білімі
болуы керек, өз мамандығы (бухгалтер, тексеруші) бойынша тиянақты жұмыс
тәжірибесі болуы қажет. Осы көрсетілген талаптарға сай келетін талапкерлер
емтихан тапсыруы керек. Қазір Қазақстан Республикасында арнайы аудитор
дайындауға құқық оқу орындары 2 – 4 ай мерзімінде оқытып дайындайды. Бұл
жұмысты ұйымдастыру, бақылау жүргізу міндетін Республикалық Қаржы
Министрлігінің жанынан ашылған Біліктілік Комиссиясы атқарады. Оқу
бітірген аудиторға талапкер Біліктілік Комиссиясының басшылығымен
жүргізілген комиссияға емтихан тапсырғаннан кейін аудитор куәлігін
Лицензия алады, ол бес жыл мерзімге беріледі. Қалыптасқан Тәртіп бойынша
аудиторға талапкер Біліктілік Комиссиясында арнайы тіркеуге алынады, сол
тіркеу номерімен берілген аудитор куәлігін және атына жасалған мөр
болады.
Экономикасы жоғары дамыған шет елдерде аудитор дайындау арнайы оқу
орындарында екі немесе төрт жыл арнайы оқытып дайындайды. Олардың мамандығы
бухгалтер болуы қажет, өз мамандығымен төрт жылдан кем емес жұмыс стажы
болуы керек. Олар оқуға түсу үшін және бітіргеннен кейін өз мамандықтарынан
және шет тілінен емтихан тапсыруға тиісті.
Аудитор палатасының негізгі атқаратын қызметі — ол Қазақстан
Республикасының көлемінде аудиттің әдістемелік құжаттарын дайындап, даму
жолын қарастыру. Сол мақсатпен ол аудит стандарттарын дайындау, әдістемелік
ереже - нұсқаулар шығару, аудит мамандарын дайындау, аудитор фирмалары мен
аудиторларды есепке алу және олардың, жұмысына бақылау жүргізеді, өз
кезегінде аудитор палатасын тапсырушыларды есепке алумен, олардың
арасындағы кездесетін келіспеушілік жұмыстарын, аудиттің сапалылығын,
аудитор қорытындыларының нәтижесін есепке алумен айналысады.
Аудиторлық қызмет туралы заңда аудит субъектісі — ол аудиторлар және
аудит фирмалары деп керсетілген.
Аудитор — ол, маман, біліктілік комиссиясының шеішімі бойынша
аудиторлық қызмет жасауға арнайы куәлік алған жеке адам, куәлік бес жыл
мерзімге беріледі.
Аудиторлар - аудит субъектісі ретінде өзінің аудиторлық, қызметін жеке
немесе аудитор фирмаларында атқарады. Олар мемлекет құрылымына тәуелсіз,
тек қана тапсырушылармен жұмыс істейді. Сол себептен олар жеке фирмаларда
жұмыс жүргізуге немесе кәсіпорындарда қызметте тұрып қызмет жасауға құқылы.
Сол сияқты ғылыми қызметкерлер және мұғалімдер де аудит қызметін атқара
алады. Ал кәсіпорындарда қызмет атқарғанда тек қана ішкі аудит тұрғысынан
ғана жұмыс атқаруына болады. Шаруашылық субъектілерде қызмет жасаушылар
немесе соларға сыбайлас қоғамдық жеке кәсіпкерлік мекемелер қызметкерлері
аудит қызметін атқаруға құқысы жоқ.
Аудитор фирмасы - шаруашылық субъектілеріне аудит қызметін көрсететін
мекеме. "Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы" заңының үшінші
бабында; "мемлекет заңы мен нормативтік ереже-нұсқау талабына сәйкес
келісім-шарт бойынша белгіленген төлем үшін аудиторлық тексеру, сараптау,
аудиторлық түсініктеме беру, бухгалтерлік есебіне, табыстылық
көрсеткіштеріне, салық есептеу-төлеу, құқылық аспектісіне, банк
операциясына, әлеуметтік қамсыздандыру, экология мәселесін қарастыру,
маркетинг жұмысына, қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап, келешекте
қаржылық деңгейіне болжау жасау, өндіріс барысының ұйымдастырылуына талдау
жасап, оның тиімді даму жолдарын анықтап, шаруашылық субъектілерінің
нарықты қатынас экономикасының қарсаңында олардың потенциалдық
мүмкіншіліктерін анықтап, аудиторлық қызмет көрсету" - делінген.
Аудит фирмасы әр түрлі меншіктегі қорлар незізінде құрыла береді. Оның
негізгі мақсаты кәсіпкерлер арасында шаруашылықты басқаруға қажет дұрыс,
мүлтіксіз, сенімді мәліметтермен қамтамасыз ету. Олар өзара қарым-қатынасын
сенімді жүргізу үшін аудитор олардың шаруашылық барысының заңдылығын,
мемлекет табынан шығарылған нормативтік ереже-нұсқаларды мүлтіксіз
орындайтындығын, қаржы операцияларының тиянақты, сенімді түрде
жүргізілетіндігіне өз тарапынан аудит принциптеріне негізделген жазбаша
түрінде өзінің қорытындысын беруі қажет. Ол аудитор қорытындысын
кәсіпкерлер үшін кепілдік мәлімет болады.
Аудит фирмасы осы анықталған негізгі мақсатын орындау үшін әр түрлі
кәсіпорындармен келісім - шарт жасап және нақты төлем арқылы олардың
қаржылық-шаруашылық жұмысына аудиторлық тексеру жүргізеді.
Осы орайда аудит фирмасының тағы басқадай да мақсаттары анықталады.
Оған жататындар:
- кәсіпорын шаруашылығы мен оның мүлкінің қалпына, нақты
материалдың түріне сараптау жасау;
- шаруашылық субъектілерінің жұмысының даму жолына дәйекті
ұсыныс, түсініктемелер беру;
- кәсіпорын шаруашылығының даму жолдарына бағдарлама
жасап, келешігіне баға беру;
- кәсіпорындарға ғылыми-зерттеу жүргізу арқылы
бухгалтерлік есеп және экономнналық талдау әдістемесінің
мәліметін құжаттау, оны жинау және жүйелі түрде тапсыру, жалпы
ғылыми-әдістемелік кемөк көрсету;
- бухгалтерлік есептің, экономикалық талдаудың аудиттің
автоматтандырылған жүйесін дайындап, іске қосу;
- бухгалтерлерді, басқарушылар тобын, экономисттерді арнайы
оқыту мекемелері арқылы оқытып, семинарлар өткізу, мамандық-біліктілігін
текмеруді ұйымдастыру;
- еліміздегі аудит жұмысының алдыңғы қатардағы жетістіктерін,
әдістемелік жазылымдарды нормативтік құжаттарды, тапсырушылардың
жазбаша өнімдерін арнайы басылымға шығару.
Аудитор фирмасы шаруашылық субъектісі ретінде ол өз жұмысын
шаруашылық есеп түрінде жүргізіледі. Аудит жұмысының барысы, көлемі,
қызмет көрсету жұмысы, жалпы орындалатын аудит жауапкершілігі келісім -
шарт жасау арқылы анықталады. Аудит фирмасы өзінің қорын, аққшалай
қаржысын, мүлкін өз еркіне қарай еркіне қарай тәуелсіз жұмсайды,
пайдаланады. Өзінің балансы болады. Дербес шаруашылық
субъектіретінде өз жұмысының қажетіне қарай жұмысшылар алады, қажет
жағдайда келісім-шарт жасап уақытша мамандар жалдайды.
Мемлекетіміздегі заң талабына сәйкес аудит өзінің қалауынша әр
түрлі ассоциацияларға, күрделі қосылуға құқығы бар. Өзінің қалауынша
негізгі және айналым қорларын, әр түрлі арнайы қорларды,
қарастыруға құқылы. Аудит фирмасы өз шаруашылығына байланысты
материалдың қаржылық жағдайдағы барлық құбылысқа тікелей жауапкершілікте
болады. Аудит фирмасының бастығы директор болады, ол өз
бұйрығымен жұмыскерлер алады, жұмыстан босадады, фирма жұмысына
байланысты барлық заңдылықты сақтай басқару жұмысын атқарады. Жұмыс
фирманың құрылымымен байланысты болмаса аудитор фирмалары аудиторлар
өндіріс базасымен немесе коммерциямен айналыспайды.
Аудитор фирмасы аудиторларды тексеруге келісім-шарт жасап аудит
жүргізуге келіскен жағдайда аудит жүргізуге құқысы жоқ жағдайлар:
- аудитор сол шаруашылық субъектісіне құрылтайшы немесе басқару
қызметіне қатысты болса, туысқандық қатысы және бухгалтерлік есебін
ұйымдастыруға немесе есеп ақпаратын жасауға қатысты болса;
- шаруашылық субъектісінің меншігіне үлестес болса немесе беруден
қатысы болса;
шаруашылық субъектісінің булгалтерлік есебін жүргізсе,
ақпаратын және қаржылық ақпаратын жасауға қатысқан болса.
Бұл жағдайлар анықталған кезде келісім-шартты бұзу қажет.
Осы жұмыстар туралы тапсырушылар материалдық, қаржылық, шығын
болған жағдайда, оны аудитор фирмасы немесе аудиторлар түгелдей
төлеуге міндетті.
Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқысы Қазақстан
Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңына сәйкес аудиттің
шаруашылық субъектісі ретінде келесі түрде құқысы анықталған:
- бухгалтерлік есеп кітабын және құжаттарды тексеруге;
- нақты ақша қаржысын, құнды қағазын, материал – мүлкін тексеруге;
- шаруашылық субъектілерінің барлық қызметкерлерінен аудит жүргізу
барысында қажет болған материалдарды талап етуге, түсініктемелер
алуға құқылы;
- аудит барысында қажет болған жағдайда үшінші жақтан (адамнан)
мәлімет, түсініктеме алуға құқылы;
- аудит барысында қажет болса әр түрлі мамандарды
жалдауға құқылы;
- шаруашылық субъектілерінің банк есепшоттарындағы
операцияларды тексеру үшін банк мекемелерінен анықтама талап етуге
құқылы.
Аудит заңында тікелей көрсетілмесе де олардың:
- өз бетінше аудит жүргізу әдісін, түрін анықтауға құқысы бар;
- аудит жұмысы барысында шаруашылық субъектісі тексеруге қажет
құжаттарды бермей қойған жағдайда аудит жұмысын жүргізуден бас
тартуға құқылы.
Шаруашылық субъектілері ретіндегі аудиторлардың міндеттері:
- Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңына,
аудит туралы нормативтік құжаттарына сәйкес жоғары сатыдағы
біліктілік пен тиянақтылықты өте жоғары сатыдағы жауапкершілікпен
аудиттік тексеру жүргізуге;
- тексеру барысында анықталған кемшіліктер туралы, Қазақстан
Республикасының заңын бұзушылық туралы мәліметтерді, шаруашылық
субъектісінің кәсіпкершілігіне қауіп төнген жағдай болса аудитор
тапсырушыға жедел түрде хабарлауға міндетті;
- тапсырушылардан, үшінші жақтан "тексеру барысында жасалған есептеу,
анықтама жасауға арналған тағы басқа құжаттардың мұқият сақталуын
қамтамасыз ету;
- тексеру барысында анықталған шаруашылық субъектілерінің
кәсіпкершілігі туралы мәліметтердің коммерциялық құпиялылығын
сақтау, үшінші жаққа мәлімет тек қана тапсырушының (бастығының)
рұқсаты бойынша және Қазақстан Республикасының заңды талабына
сәйкес жағдайда ғана беріледі;
- аудитор қорытындысы тек қана келісім-шарт бойынша
көрсетілген тапсырушыға ғана беріледі.
Аудитор қорытындысындағы көрсетілген кемшіліктерді немесе
түсініктемелерді тапсырушы өз тарапынан орындайды. Ал егерде аудит
Мемлекеттік Заң құрылымының талабына тапсыруына) сәйкес жүргізілсе
онда аудитор қорытындысына көрсетілген кемшіліктердің түзетілуін заң
орындары бақылайды.
Аудиторлар, аудит фирмалары Қазақстан Республикасының "Аудит қызметі
туралы" заңына сәйкес жүргізілген аудит жұмысына тікелей жауапкершілікте
болады. Оның жауапкершілігі келісім-шарт мазмұнында бірнеше баппен
көрсетілген. Аудиттік тексеру барысында тапсырушы жұмыс барысынан кінәлі
болса немесе материалдық шығын келтірсе тағы басқа кемшіліктіктер,
келіспеушіліктер болған жағдайда аудиторлардың жауапкершілігі немесе
басқалай кінәлеріне жауапкершілігі сол келісім-шартта анықталады. Онда
шешілмеген келіспеушіліктер сот арқылы шешіледі.
Дүниежүзілік қалыптасқан тәртіп бойынша аудитор фирмаларының,
аудиторлардың жұмыс барысында сәтсіздіктер, нақты төлем жасауға мәжбүр
болған жағдайда кепілдік қостыруға міндтті болған кезде сенімді болуы үшін
оның қамсыздандыру қоры болуға тиісті. Ол өзінің ақшалай
қаржысы немесе құрылтайшылар қаржысы, банк несиесі болуы мүмкін.
Яғни, тапсырушылармен келісім-шарт жасаған кезде аудитор фирмасы қандай
мөлшерде, қайда қамсыздандыру қоры бар екенін көрсетуге міндетті.
Аудиторлар, аудитор фирмалары өзінің жұмысы барысында Қазақстан
Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңын немесе аудит туралы
нормативтік құжаттар талабын бұзатын болса олардың аудиторлық куәлігінің
күші жойылады.
Аудиторлар, аудитор фирмалары шаруашылық субъектілері ретінде
өздерінің кәсіпкершілік жұмысы туралы мемлекеттік салық инспекциясына,
статистика мекемесіне бухгалтерлік, статистикалық есептерін мемлекеттік заң
талабына сәйкес тапсырып отыруға міндетті.

1.3 Аудит субъектісінің құқығы және оның міндеттері

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға кәсіби қызметті қанағаттанғысыз
дәрежеде орындамауы үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік, материалдық,
қылмыстық жауапкершіліктері жүктеледі. Клиенттер, оның кредиторлары мен
инвесторлары, мемлекет және оларға өкілеттілігі жүретін тәртіп сақтау және
басқа органдар аудиторға қарсы сот немесе төрелік сот іс қозғауы мүмкін.
Аудиторлық ұйым барлық елеулі қатынастарда экономикалық субъектінің
қаржылық есеп берулерінің айықтығы туралы кәсіби пікір қалыптастыратыны
және оны білдіретіні үшін жауапқа тартылады. Заңдық жауапкершілік тек
келісім – шарттағы.
Жаңа немесе өзгеше операциялар есебінің мәселелері бойынша
кәсіпорындарға кеңес беру барысында аудитор бірқатар проблемаларға
кезігеді. Аудиторлар операциялардың есебін дұрыс жеткізу ісінде әр түрлі
пікірде болады, сондықтан да кәсіпорын басшысы болып өткен немесе болуы
ықтимал операциялардың есебі бойынша басқа бухгалтерлермен кеңесетін болса,
оған таңданудың қажеті жоқ. Осы заманғы қаржы рыногы күрделі әрі қитұрқы
қаржы аспаптарын жасау барысында тапқырлық танытады, олардың есебі анық
бола бермейді.
Кәсіпорын басшылар аудиторларды сатып алатын жағымсыз оқиғалар да
болып тұрады, мұндайда аудитор олардың өздері көргісі келетін қаржылық
есепте ақпаратты анық мазмұндап, білікті есеп жасап береді.
Аудитор стандарттар мен олардың интерпретациясын (түсіндірулерін)
сақтауы керек. Осыған сәйкес олар өз құзыретіндегі қызметтерді ғана
көрсеткені дұрыс. Кәсіби қызметті атқару кезінде ол баса назар аударып,
қызмет етуді жоспарлау және бақылау, ұсыныстар жасап, қорытынды шығару үшін
қажетті егжей-тегжейлі ақпарат болуы керек.
Аудитор клиенттің ерекше рұқсаты бслмайынша ешқандай құпия ақпаратты
жарияламауы керек және мамандығына нұқсан келтіретін әрекеттерге бармауы
керек. Атап айтқанда: клиент талап етсе де, оған бухгалтерлік және басқа да
құжаттарды қайтарып беруден бас тарту; кәсіби қызмет барысында нәсілдік,
жыныстық, ұлттық белгілері мен ұстанатын діни сенімдеріне қарай
кемсітушілікті (дисхриминация) жүзеге асыру; тексеру
барысында егер клиент аудитордан мемлекеттік аудиторлық стандарттарды және
нормаларды сақтауын өтінетін болса, онда клиенттің тілегіне қарсы
мемлекеттік стандарттар ман нормаларды сақтамауы керек. Себебі: нағыз
шынайы фактілерді ашуда мемлекеттік стандарттар мен нормалар дәрменсіздік
танытуы ықтимал. Аудитор кейбір жағдайда шынайы фактілерді әдеттен тыс
әдістермен ашуы мүмкін; міндетемелерді бұзғаны үшін ғана емес, сондай-ақ
немқұрайлылық, ұқыпсыздық, алаяқтық зиян шектіру және т.б. сияқты азаматтық
құқық бұзушылық әрекеттерін тудырғаны үшін, сонымен қатар, залалға әкеп
соқтыратын аудиторлық тексерулердің шалағай жүзеге асырылғаны анықталған
жағдайларда қарастырылады.
Анық еместігі кейін анықталған қаржылық есептемесі негізінде
қабылданған шешімнің нәтижесінде қаржылық зиян шеккен тұлға жалпы құқық
бұзушылық әрекеті үшін аудиторға қарсы іс қозғайды. Сонымен бірге қаржылық
есептемелерді дайындау, жасау және уақтылы ұсыну жауапкершілігі
тексерілетін субъекті басшылығының мойнында болады.
Егер қайсыбір тұлға аудитор өзіне зиян шектірді деп айыптап, оған
қарсы сот процесін бастайтын болса, ол міндетті түрде аудиторға жаза
тартқызатын әрекеттерді - келісімшарттың бұзылуын, азаматтық құқық
бұзушылықтың болғанын, алдау және алаяқтық әрекеттерге барғанын дәлелдеуі
керек.
Аудиторлар клиент алдында да және оның (аудитордың) қызмет
нәтижелеріне мүдделілік танытатын, яғни қызмет нәтижелерінің негізінде
үшінші жақ ретінде білгілі бір шешім қабылдайтын басқа субъектілердің
алдында да жауапты. Мысалы, аудиторлық фирмадан банк сол аудиторлық
фирманың клиентіне кредит беру жөнінде шешім қабылдау үшін қаржылық есеп
берулерді талап етуі мүмкін.
Сондай-ақ, аудиторлар өз жұмыстарының нәтижелеріне сүйенетін нақты әрі
әлеуетті клиент инвесторларының алдында да жауап береді. Бұл тұлғалар
аудиторларды жауапқа тартуға тырысуы мүмкін, бірақ олар оның ұқыпсыздығы
мен немқұрайлылығын немесе алаяқтық жасағанын дәлелдеуі қажет.
Жауапкершілікті арттыру мен кәсіби әдепті сақтаудың маңызды
аспектісіне аудиторлардың жұмыс сапасын бақылау жатады. Аудитордың
жауапкершілігі мен жұмыс сапасына әсер ететін 9 позицияны бөліп көрсетуге
болады:
1) қызметкерлерді жалдау;
2) жұмыс кестесін жасау;
3) біліктілікті арттыру;
4) мансап;
5) басқарушы қызметкерлерді бақылау;
6) қызмет көрсетуге клиентті қабылдау;
7) кеңес беру;
8) тәуелсіздік;
9) фирманы бақылау.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ҚР заңдарында және тапсырыс
берушімен жасалған келісімшартта қарастырылатын өз міндеттерін
біліктілікпен орындауға жауапты. Тексерулерді сапасыз жүргізіп,
шаруашылық етуші субъектілерге зиян шектіретін болса, аудиторға
келісімшартта қарастырылған мөлшерде материалдық жауапкершілік жүктейді.
Аудитор өз жауапкершілігін аудиторлық фирманың қаражат есебінен, ал жеке
аудитор - өз есебінен де, сақтандыру ұйымының есебінен де сақтандыра алады.
Аудиторлар қаржылық есептемелердің және басқа құжаттардың заң
талаптарына сәйкеспейтін тұстарын аудиттелген субъектіге хабарлауға
міндетті, сонымен бірге аудиттің нәтижелері мен басқа да мәліметтердің
құпиялылығын сақтауға міндетті және қолданыстағы нормативті-құқықтық
актілердің талаптарына сәйкес басқа да міндеттерді орындауы керек.
Аудиторлық қызмет туралы заңға сәйкес біліктілік комиссиясы аудиторлық
қызметпен айналысқысы келетін тұлғаны аттестациядан өткізеді. Комиссия
аудитор атағын тиісті куәлік пен нөмірлік мөр береді.
Бірде бір заңды немесе жеке тұлға, егер ол белгіленген тәртіп бойынша
тіркелмесе, аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін біліктілік
комиссиясының аттестациялауынан өтпесе, онда оған аудитор атағы берілмейді
немесе өзіне аудиторлық қызметпен айналысушы ретінде сипаттама бере
алмайды.
Аудиторлық қызметтің кадрларын қалыптастыру - бұл біздің елімізде ұзақ
уақытты алатын күрделі процесс. 2010 жылға дейін аудиторлық фирма
қызметкерлерінің санын 15 мың адамға жеткізу көзделіп отыр. Сөйтсе де ұзақ
мерзімге елімізде тәуелсіз бақылау органдары мен нарықтық экономиканы
қалыптастыру үшін шамамен 30 мың аудиторлық бейіндегі (профиль) мамандары
қажет болады. Бұл мемлекетаралық іске кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлардың
институты, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен
бухгалтер-аудитор, сарапшы, бағалаушы, маркетолог, менеджер және қаржылық
есептік-талдамалы, құқықтық, т.б. бойынша бақылаушылар мен кеңес беруші
сияқты жоғары білікті мамандарды дайындап шығаратын бірқатар жоғары оқу
орындары өз үлестерін қосуы керек.

ІІ Шаруашылық жүргізуші аудит субъектілерінің құқығын реттеу

2.1 Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқығы

Қазіргі уақытта аудит шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін
қаржылық бақылаудың тәуелсіз жүйесі ретінде біздің қоғамымыздың күнделікті
өміріне біртіндеп еніп келеді. Сол себепті де мемлекет пен кәсіби ұйымдар
аудиторлық қызметпен айналысқысы келетін тұлғаларды дайындау және
аттестациялау ісіне жоғары талаптар қояды. Бұл талаптар әлемдік іс-
тәжірибеде кең таралған Халықаралық аудит стандарттарында көрініс тапқан
өлшемдерге сәйкес келеді. Аудитор кандидаттарына қажетті талаптар ҚР
Аудиторлық қызмет туралы заңда және аудиторларды аттестациялау жөніндегі
біліктілік комиссиясы туралы ережеде анықталған.
Аудитор ізденушісінің (кандидаты) мінсіз репутациясы, жоғары білімі,
экономика, қаржы, есептік-талдама, ревизиялық-бақылау немесе құқық
салаларында соңғы жеті жыл ішіндегі 5 жылдық жұмыс тәжірибесі бар адамдар
немесе жоғары оқу орнында ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысатын соңғы
және осы аталған салаларда соңғы 5 жыл ішіндегі 2 жылдық тәжірибелік еңбек
стажы бар адамдар аттестациялауға жіберіледі. Олар белгіленген пәндер
бойынша біліктілік емтиханын тапсырып, аттестациядан өтуі қажет.
Кәсіби аудитордың бірден-бір басты айырмашылығы - қоғам, клиент және
әріптестерінің алдындағы жауапкершілігін терең сезінуі болып табылады. Ол
өзінің кәсібіне деген сенімділікті жоғалтатын кез келген әрекеттер
жасамайды. Аудитор өзінің қызметін мінсіз орындауға тырысқаны дұрыс, ол
үшін тәуелсіз, адал әрі объективті болуы керек.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мынадай құқыұтары бар:
- аудиторлық тексерулердің формалары мен әдістерін қолданыстағы
нормативті-құқықтық актілер, нормалар мен стандарттар және тапсырыс
берушілермен жасалатын келісім-шарттың талаптары немесе алдын ала тергеу,
прокурор, тергеуші, сот органы мемлекеттік органдарының тапсырма мазмұны
негізінде өз бетінше белгілеу;
- бухгалтерлік кітаптарды, басқа да қаржылық шаруашылық қызметтерінің
құжаттамаларын, мүліктің бар екендігін, ақша сомасын, құнды қағаздарды
тексеру, шаруашылық жүргізуші субъект басшысынан бақылау жүргізуді, өнім
сапасын анықтау, орындалған жұмыс өлшемдерін, құжаттарды тексеруді жүзеге
асыруға қатысты құжаттарды талап ету;
- тапсырыс берушіде де, үшінші тұлғада да болатын аудиторлық
тексерулердің мазмұнына қатысты қажетті құжаттар мен ақпараттарды, сондай-
ақ тапсырыс берушінің басшылығынан және қызметкерінен жазбаша немесе ауызша
түрде түсініктеме алу;
- аудиторлық тексерулерді бірігіп жүргізуге дербес жұмыс істейтін
немесе аудиторлық фирмаларда қызмет ететін аудиторларды, сондай-ақ
тексерілетін объектілерде жұмыс істейтін, басшымен қызметте, тікелей,
туыстық қатысы бар немесе ортақ қаржылық мүдделері бірге болатын
түлғалардан бөлек басқа мамандарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамандыққа кіріспе
Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері
Зерттелініп жатқан ұйымның міндетті аудитті жүргізудің ерекшеліктерін қарастыру
Экологиялық аудиттің құқықтық негіздері
АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сыртқы аудитті ұйымдастыру
Қаржы құқығының ұғымы мен түрлері және мемлекеттің қаржылық қызметі
Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну
Аудиттің заңдылықтары
ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ - ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Пәндер