Қаратау таулы аймағына туризмді дамыту
І. Кіріспе.
ІІ. Зерттеу бөлімі.
а) Қорықтар.ұлттық мұра.
ә) Қаратау қорығының мүмкіншіліктері.
б) Қаратау таулы аймағына туризмді орналастыру.
ІІІ. Қорытынды.

Таңдалған тақырып бойынша ғылыми жұмысқа кірісер алдында,менің алдыма қойған мақсатым, осы Оңтүстік Қазақстан өлкесінде орналасқан Қаратау қорығын барша Қазақстандықдарға таныстыру, онда сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды зерттеу және экологиялық жағдайлары мен қорғау шараларын ұйымдастыру. Менің ойымша, бұл міндеттердің талдауы мен білімі осы саладағы меннің болашақ жұмысыма көмек болады деген үміттемін.
Ұшқан құстың қанаты талып, тұлпардың тұяғы қажалатын жеріміз қандай кең болса, Аллаға шүкір, соның асты да, үсті де табиғат байлықтарына өте бай. Біздің Қартау өңірінің ғажап табиғаты сол күйінде сақталған. Ол өзінің байлығы мен сұлулығы арқылы жұртты әр уақытта қызықтырады, тамсандырады. Ал енді Қаратау қорығын – баршамыздың ортақ борышымыз.
Республика деңгейінде Қазақстанның экономикалық жағдайын дамыту барысында табиғатты қорғау ісі алдыңғы қатарға қойылған стратегиялық бағдарламаның негізгі тұғырларының бірі.

1. «Қазақ энциклопедиясы» Алматы. 2001ж.
2. Қаратау мемлекеттік қорығы. «Атамекен» 2006ж.
3. Қазақстандағы қорықтар. «Биология, география және химмия» 2001ж.
4. Ежелгі қорықтар-ұлттық мұра. «Атамекен» 2007ж.
5. Жаңа қорықтар мен саябақтар. «География және табиғат» 2006ж.
6. Ж. Аділбаев. Қаратау қорығы. «Кентау шұғыласы» 2005ж.
7. Р. Талипова. «География және табиғат» 2005ж. №3. 22-бет.
8. Ғ. Елімбай. Қаратаудың қойнауы қазба байлықтарға толы «Жас алаш» 2003ж №95
9. Қ. Бекмырза. Қорық жөнінде не білесіз? «Шымкент келбеті» 2005ж 16-бет.

Жоспар.
І. Кіріспе.
ІІ. Зерттеу бөлімі.
а) Қорықтар-ұлттық мұра.
ә) Қаратау қорығының мүмкіншіліктері.
б) Қаратау таулы аймағына туризмді орналастыру.
ІІІ. Қорытынды.
Кіріспе.
Таңдалған тақырып бойынша ғылыми жұмысқа кірісер алдында,менің алдыма
қойған мақсатым, осы Оңтүстік Қазақстан өлкесінде орналасқан Қаратау
қорығын барша Қазақстандықдарға таныстыру, онда сирек және жойылып бара
жатқан өсімдіктер мен жануарларды зерттеу және экологиялық жағдайлары мен
қорғау шараларын ұйымдастыру. Менің ойымша, бұл міндеттердің талдауы мен
білімі осы саладағы меннің болашақ жұмысыма көмек болады деген үміттемін.
Ұшқан құстың қанаты талып, тұлпардың тұяғы қажалатын жеріміз қандай
кең болса, Аллаға шүкір, соның асты да, үсті де табиғат байлықтарына өте
бай. Біздің Қартау өңірінің ғажап табиғаты сол күйінде сақталған. Ол өзінің
байлығы мен сұлулығы арқылы жұртты әр уақытта қызықтырады, тамсандырады. Ал
енді Қаратау қорығын – баршамыздың ортақ борышымыз.
Республика деңгейінде Қазақстанның экономикалық жағдайын дамыту
барысында табиғатты қорғау ісі алдыңғы қатарға қойылған стратегиялық
бағдарламаның негізгі тұғырларының бірі. Жақын арада қабылданған Қазақстан
Республиқасы Президентінің Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар Заңыңда
күзету және қорғау туралы 29-бапта былай делінген:
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы
заңнамасын бұзушылықтың жолын кесу мақсатында аумақты қарауылдауды, оның
ішінде жер және әуе көлігін қолданып қарауылдайды;
2) Өрттің алдын алуды, оларды бақылауды және сөндіруді сонымен қатар
суды ластанудан былғанудан, сарқылудан сақтау, өсімдіктерді, жануарларды
қорғау, індеттер мен эпизоотиялардың алдын алу мақсатында халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығы мен ветеринариялық мониторингті
қамтамасыз етуді, санитарлық нормаларды қалыптастыруды, жерді эрозиядан
қорғауды, жануарлардың санын реттеуді және санақ жүргізуді, аң аулауға
қатаң тыйым салуды, қорық аумағын сұғанақтардан қорғауды қамтамасыз етеді.
Қаратау қорығына Қазақстан және Орта Азияға тең келер көркем аймақ
жоқ – деген көршілес жатқан елдердің ботаника, зоология және география
саласының ғалымдары.
Қорықтар – ұлттық мұра.
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі,
атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған
жерлерді қорықтар, қорықшалар, резерваттар, ұлттық парктер, табиғат
ескерткіштері деп бөледі. Қазіргі уақытта дүние жүзінде 2600-дан астам
қорық бар.
Қазіргі таңда Республика көлемінде ерекше көңіл бөлініп отыр. Оған
дәлел ретінде соңғы жылдары Республика көлемінде кеңінен өріс алып келе
жатқан “ Жасыл ел” бағдарламасын ( 2005ж ) және 2006 жылдың 1- шілдесінде
қабылданған “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” Заңды ерекше атап
өтуге болады.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қоршаған ортаның соларда
орналақан экологиялық, ғылыми мен мәдени жағынан ерекше заңды объектілері
Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады.
Ерекше Қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының
Заңы 2006 жылы 7 шілде N 175
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қоршаған ортаның соларда
орналасқан экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше заңды объектілер!
Қазакстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады.
1 бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумактар ұғымы.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше қуқықтық қорғау режимi
бар..не мемлекеттің табиғи-қорық қорын сактау мен қалпына келтіруді
қамтамасыз ететін шаруашылық кызметі режимі мен реттелетін жер, су, орман
және жер қойнауы учаскелері.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету- ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар саласындағы Казазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылыктарын
анықтау және оның жолын кесу, өрттің алдын алу, байқау, және жою үшін
ерекше қорғалатын аймакта жүрізу мүмкін ic-шаралар кешені;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды.
3 бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан
Республикасыньң заңнамасы.
Қазақстан Республикасынң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
заңдары Қазақстан Республикасың Конституциясына негізделеді және "Қоршаған
ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан, басқа
да заң актілері мен езге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
4 бап. Қазазакстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
туралы заңдарының принциптері.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумактар туралы
заңдары мынадай принциптерге негізделеді.
• мемлекеттік табиғи-қорық; қорын, биологиялық алуан тipшілікті және табиғи
экологиялық жүйелерді сактау;
• ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды нысаналы пайдалану;
• ғылымды, мәдениетті, ағарту мен білім беру iciн дамыту мақсатында ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалану;
• Әлеуметік-экономикалық факторларды және жергілікті халықтық
мудделерін ескере отырып, туризм мен рекреацияны дамыту;
.• ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы зандарды бұзушылыкпен келтірген
залалды өтеу;
• халықтың және қоғамдық бірлестіктердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласына қатысуы;
• мемлекеттің табиғи-қорық қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
жәй-күй туралы ақпаратпен еркін танысу
• халықаралық құқық неізіндегі халықаралық ынтымақтастық.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қоршаған ортаның соларда орналаскан
экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше заңды объектілер! Қазақстан
Республикасының ұлттық байлығы болып табылады.
12 бап. Азаматтардың ерекше қоғалатын табиғи аумақтар саласындағы
құқықтары мен міндеттері.
1. Азаматтардың:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды белгіленген тәртіппен пайдалануға,
мeмлeкeттiк табиғи-қорық қорын қоргау және қалпына келтіру жөніндегі
шараларға катысуға;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қоғамдық бірлестіктері мен қоғамдық
қорларын құруға;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жөнінде ұсыныстар енізуге;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық сараптамаға қатысуға;
мемлекетік органдар мен ұймдарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
мәселелері жөнінде хат, шағым, арыз жазуға және ұсыныстар жасауға, олардың
қаралуын талап етуге құқығы бар.
2. Азаматтар табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына ұкыпты
қарауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды сақтауға
міндетті.
3. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар саласында, егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан
Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан
р: мьщ
Республикасының азаматтары үшн белгіленген құқықтарды пайдаланады және
солар сияқты міндетті болады.
13 бап. Қоғамдық бірлестіктердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласындагы құқықтары мен міндеттер!
1. Коғамдық бірлестіктердің:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша бағдарламаларды әзірлеп,
насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды қорық
ici саласындағы белсенді қызметке epiкті негізде тартуға;
уәкілетті органдарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері
бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, қабылдау туралы ұсыныстар
енізуге;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен орналастыру
бағдарламаларын, оларды құру жөніндегі негіздемелер әзірлеу ісінде
ұсыныстар енгізіп, оған қатысуға;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттік сараптамалар
журізуді талап етуге және қоғамдық сараптама жүрізуге; ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарда мемлекеттің табиғи-қорық қорын қорғау, қалпына келтіру
мен пайдалану жөнiндeгi жұмыстарға белгіленген тәртіппен қатысуға;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық бақылауды жузеге
асыруға; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қоғамдық қорларын құруға;
мемлекеттік органдар мен ұйымдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
туралы акпаратты белгіленген тәртіппен алуға;
айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапка тарту туралы
мәселелер қоюға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзу
салдарынан азаматтарға келтірілген зиянды етеу жөнінде сотқа талап-арыз
беруге;
Өздерінің заңдарда және өзге де нормативтік құқтық актілерде көзделген
басқа да құқықтарын белгіленген тәтіппен іске асыруға құқығы бар.
Қоғамдық бірлестіктер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы өз
кызметін Қазакстан Республикасының заңдарына сәйкес
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қоршаған ортанын соларда
орналасқан экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше заңды объектілері
Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады 24-бап. Ерекше
қорғалатын табиғи аумактардың қорғалатын аймактары
1. Колайсыз сыртқы ықпалдардан қорғау үшін ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың айналасына сол аймақтар шегінде осы аумактардың экологиялық
жүйелерінің жай-күйіне және қалпына келтірілуіне тepic ықпал ететін кандай
да болсын кызметке тыйым салынатын қорғаныш аймақтары белгіленуі мумкін.
2. Қорғаныш аймақтары табиғи ресурстарының көлемін, шекарасын режимін
және пайдалану тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық аткарушы
органның келісімімен жерплікті атқарушы органдар белгілейді.
Қорғаныш аймақтарының жері арнайы белгілермен белгіленеді.
25-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қорғаныш шаралары
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумактарда қоршаған ортаға зиянды ықпал
етудің алдын алу және оны жою мақсатында мынадай қорғаныш шаралары
жүргізілуі мүмкін:
табиғи апаттардың алдын алу және оларды жою, өрттердің алдын алу, дер
кезінде анықтау және жою;
судың зиянды ықпал етуінің алдын алу және оны жою;
өсімдіктердің қоргау, зиянды жәндіктердің өcin-өну ортасы мен ағаш
ауруларын дер кезінде анықтау және оларға қарсы күрес, орманда санитариялық
және басқа да ағаш кесу (жол төсеген, өртке қарсы белдеулер жасаған кезде
жол кұрылысына байланысты орман тазалау);
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын және
ветеринариялық қадағалауды қамтамасыз ету, міндеттер мен эпизоотиялардың
алдын алу мақсатында жануарлар санын реттеп отыру.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қорғаныш шаралары оларды Қорғау
режимдерін ескере отырып, ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негізінде және
қарамағында осы аумақтар бар атқарушы органдардың руқсаты бойынша
жургізіледі.
26-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумактардағы мемлекеттік табиғи-қорық
қорын қалпына келтіру
1. Ерекше қоғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорын
қалпына келтіру мақсатында мынадай шаралар жургізу мумкін:
жерді эрозиядан сактау мен бұрын бөлінген жерлерді қалпына келтіруді
қоса, жерді қорғау;
су қоймаларының қолайлы режимін сақтау, суды ластанудан, күл-қоқыстан
және сарқылудан қорғау
эрозиялық процестерді болғызбау және экологиялық жағдайда жақсарту
мақсатында ормандарды қалпына келтіру мен орман өcipy;
жануарлардың –тіршілік ортасы мен өcin-өну жағдайларын, жүріп өтетін
жолдары мен шоғырланатын орындарын қоргау;
жануарлар мен есімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қәупі төнген
түрлерін қорғау көбейту, өcipy және табиғи ортада қалпына келтipy; абайы
өсімдік түрлерін қолдан өcipy, тұқымын сұрыптау және көбейту.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумактарда қалпына келтіру шаралары, қорғау
режимдері ескеріле отырып, ғылыми ұйымдардың ұсыныстары неізінде және
қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын
органдармен жасалған кeлiciм бойынша журізіледі.
Республика көлемінде ерекше қорғауды талап ететін 10 мемлекеттік
табиғи қорықтар, 9 мемлекеттік табиғи ұлттық саябақтар, 2 табиғи орман
резерваттары, республикалық маңызы бар 57 орман қорықшалары, 26 табиғи
ескерткіштер, 5 мемлекеттік қорықтық өңір, 3 зоологиялық саябақтар, 5
ботаникалық бақтар ұйымдастырылған. Еліміздегі осындай ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың алып жатқан жер көлемі 17 млн. 874 мың гектар алқапты
құрайды. Бұл Республикамыздың жалпы жер көлемінің 6,5 пайызын жуық жер
деген сөз.
Ал халықаралық биологиялық әр алуандылықты сақтау жөніндегі
Конвенцияда табиғи генетикалық қорды сақтап қалу үшін, мұндай арнайы ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың көлемі мемлекеттік жалпы жер көлемінің ең кем
дегенде 10 пайыз аумағын құрау қажеттігі ерекше атап көрсетілген. Бұл
халықаралық Конвенцияға Қазақстан елі де қосылған. Осыған сәйкес қазір
елімізде ерекше қорғалатын аймақтарды біртіндеп көбейту шаралары қолға
алынып отыр. Оның дәлелі ретінде соңғы жылдары елімізде ерекше қорғалатын
аумақтардың көлемін арттыру мақсатында мемлекеттік жалпы жер жер көлемінен
тағы да 1 млн. 800 мың. Гектар аумақ бөлініп отыр. Осындай игі шаралардың
нәтижесінде Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы, Шарын және Сайрам - Өгем
мемлекеттік табиғи саябақтары ұйымдастырылды.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заң Қазақстан Конституциясының Заңының
38 – бабында көрсетілген.
Қорықты жерлерді ұйымдастыру адамның ерте кезден бастаған игілікті іс
әрекеттердің бірі әрбір қоғамның өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес қорық
ұйымдастырудың міндеттерімен ондағы істелінетін жұмыс шаралары да үнемі
өзгеріп отырған. Қорық деген сөздің түбірі қор, қорғау деген
сөздерінен алынып, белгілі бір өңірдегі табиғаттың адам өмірі үшін айрықша
маңызы бар алқабын қорғау және сақтап қалау деген ұғымды білдіреді.
Қорық сөзіне алғаш анықтама берген деректерді біз Орта Азиялық
ғұлама ғалым Махмуд Қашқаридың ХІ ғасырда жазылған Диуани лұғат-ат-түрік
(Түрік сөздігі) атты энциклопедиялық еңбегінен көреміз. Онда дәетті
адамдардың меншігіндегі ерекше қоралатын жайылымдық жерлер және арнайы
қоршауға алыннып қорғалатын аумақтар деп түсініктеме берілген.
Тарихи дәуірлерде Орта Азия мен Қазақстан аумғындағы қорықты жерлер
негізінен аң-құс аулауға немесе шүйгінді жайылымдар мал жаюға арналған жеке
дәулетті адамдардың (көбіне хандардың) қарамағында болып, қатаң тәртіпте
қорғалатын болған. Мұндай қорықты аумақтар көбіне орманды қойнауларды,
кейбір өзені мен бұлақтары көп шырайлы өңірлерде немесе аң-құсы мол
алқаптарда ұйымдастырылған. Мұндай аумақтар арнайы қатаң қорғалып, кез
келген адамның аң аулауына рұхсат етілмеген. Тіпті мұндай қорық деп
белгіленген алқаптарда рұқсатсыз аң аулағандарды өлім жазасына дейін
жазалау ережелері бекітілген.
Сонымен бірге Ғалым Халел Арғынбаев осы атаған еңбегінде қазақ
даласында бұдан бұрынғы дәуірлерде де қорықты жерлердің болғандығын
дәлелдейтін толып жатқан аңыз - әңгімелер, тарихи деректер бар екендігін
айрықша атап өтеді. Осындай аңыз әңгіменің бірі Асан Қайғы бабамызға
қатысты айтылады.
Қорық жайында бұдан басқа көптеген атақты адамдардың аттарына
байланысты әңгімелер аз емес. Мысалы: соның бірі Баян тауларын мінездеген
Шоң би Қызыл тауды иеленген Көтем ақынға байланысты айтылады. Бірде Шоң би
өзінің қыстау маңындағы шөбі шүйгін қорықты жеріне бір салт атты кісі
келіп, атын сол қорыққа жіберіп, жатқанын көреді де, өзінің жігітін жіберіп
жаман тоқтыға деп сақтап отыған азғанай қорық еді, атын ол да жаймасын
депті. Мұны естіген Көтем ақын:
Қонақты құс берсен құт қашады,
Атымды байлап қойсам қарны ашады.
Қорыған алақандай қара жерді,
Бұлт шығып аспаннан кеп қар басады - деп атына мініп өз жөніне кете
берген.
Қаратау деген жалғыз ауыз сөздің өзінде қаншама құпия сыр, құдіретті
ұғым бар десеңізші. Халық ұғымында қара деген сөздің өзі қасиетті, киелі,
әулиелі, әруқты деген өздермен үнемі үндесіп те, үйлесіп те жаады. Өйткені
қара шаңырақ, қара қазан, қара орман, және т.б. сөздерінің бәрінің
құрамындағы қара сөзі қасиетті деген ұғым білдіріп тұрғанына көкірегі
ояу ешбір адам күмән келтіре қоймас.
Қаратау қорығының мүмкіншіліктері.
Қазақстан жерінде Қаратау деп аталатын тау, жер-су атаулары да көптеп
кездеседі. Біз сөз еткелі отырған Қаратау тауы Оңтүстік Қазақстан Жамбыл
және Қызылорда облысының аумағында орналасқан. Ол солтүстік-батыстан
оңтүстік-шығысқа қарай 420кмге созылып жатыр. Ені кей тұтастарында 60-
80кмге созылады. Оның ең биік жері Бессаз тауының биіктігі 2175метр.
Қаратау бір-бірімен қатарласа орналасқан. Үлкен және кіші Қаратау
жоталарынан тұрады. Олардың арасын тауаралық аңғарлар айқын бөліп тұрады.
Бұл екі тау жоталарының бастары біршама тегіс жазықты болып келеді де, ал
беткейлері шатқалды, тік жартасты тілімденіп бітеді.
Қазақстанның солтүстік-батысынан Сырдария, солтүстік- шығысынан Шу
және Талас өзендері ағып өтеді. Қаратаудың барлық аймағында өзіне тән
ертеден өсіп келе жатқан өсімдік түрлері көптеп кездеседі.
Қаратау бұдан бірнеше миллиондаған жылдар бұран Жерорта теңізі мен
Тынық мұхитының түбінен біртіндеп көтерілген ең ежелгі тау жоталарының бірі
болып саналады. Қазақстанның табиғи байлықтарының ерекшеліктерін ескере
отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің №249 қаулысы мен 2004 жылдың 1-
наурызында Қаратау мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды. Қорықтың жер көлемі
34300 гектар аумақты алып жатыр. Қаратау қорығының табиғаты, айналасы
құрғақ далалы және шөлейтті өңірлермен шектесіп жатқан оазисті аймақты
құрайды. Қаратау қорығы Батыс Тянь-Шань тау жотасының солтүстік-батыс
сілемдермен шекаралас. Қаратау жотасының орталық бөлігінде орналасқан
қорықтың айналасын Қызылқұм, Бетпақдала және Мойынқұм шөлдері қоршап жатыр.
Қаратау қорығының алып жатқан жері солтүстіктен оңтүстікке қарай
меридиан бағыты бойынша 23,6кмге, ал шығыстан батысқа қарай ендік бойынша
28,3кмге созылы жатыр.
Территория ауа райы континентальды, құрғақ. Күрт құбылмалы болып
келеді. Ал жылдық орташа температурсы 8-12 градус арасында ауытқиды. Ең
суық ай –қаңтар орташа температурасы -5 градус, ең ыстық -шілде 25-27
градус. Жалпы кезең ұзақтығы орташа тәулік температурасы +5 градустан
жоғары болғанда 220 күн, аязсыз кезең 160-180 күн. Жауын-шашынның орташа
жылдық мөлшері - 400мм шамасында, таудың жоғарғы бөліінде 500мм және
жекелеген жылдарда 700мм. Оларды жыл маусымы бойынша бөлгенде біркекі емес.
Қаратау тау жотасы сотүстік бағыты бойынша 420 кмге созылып жатыр. Көктем
мен күзде көп болады. Қорық тауында мамырдың ортасында жиі қатты найзағай
ойнап, жауын шелектеп құяды. Қыста ауа райы көбіне ашық және жлсіз. Желдің
орташа жылдамдығы 3-4мс артпайды. Қар жамылғысы онша биік емес 20-30см.
Әдетте ол қарашаның соңында тұрақталады да ақпанда ериді.
Қаратау қорығының аумағында өсімдіктер мен жануарлардың саналуан
түрлері оқшауланып, айналасындағы далалы, шөлейтті алқаптардың өсімдіктері
мен жануарларынан тұратын құрамы жағынан мүлде ерекшеленіп тұрады.
Қорық аумағындағы өсімдік түрлерінде сол өңірдің өзіне ғана тән басқа
аймақтарда кездеспейтін эндемик түрлер мен геологиялық замандары сақталып,
өсіп келе жатқан ремик түрлері көптеп кездеседі. Сондықтан да бұл алқаптың
өсімдіктері биология ғылымдарының назарына ертеден-ақ ілінген.
Қаратау тауы ең алдымен өзінің флорасы мен фаунасының әртүрлілігімен
бағалы. Бұл жердегі эндемді және сирек кездесетін есімдіктердің мол болуы
Қазақстанның басқа аймақтарынан ерекшеленеді. Қаратау аумағында ғалымдардың
зерттеулері бойынша жалпы өсімдіктердің 1666 түрі өседі. Қорық аумағындағы
өсімдіктердің 490 түpi, оның арасында 55 эндемді, 57 дәрілік есімдіктер, 52-
i қызыл кітапқа енгізілген.
Қаратау қорығы Республика көлеміндегі эндемик өсімдіктер түрлері өте
көп өсетін бірден-бір аймақ болып саналады. Бұл өсімдіктердің эндемик
түрлерінің көпшілігі өте сирек кездесетін түрлерге жатады. Соңғы жыдар
ботаник ғалымдар эндемик өсімдік түрлер өсетін жекеленген 34 жерді
анықтады. Қазақстан 1981 жылы шыққан өсімдіктерге арналған Қызыл кітабында
Қазақстан қорығының аумағына кездесетін өсімдік түрлерінің 8 пайызы эндемик
түрлерге жатады. Ондай өсімдік түрлеріне – Қаратау рапонтикулы, регель
рафидофитоны, грейг қызғалдағы, қаратау көкбасы, қаратау ырғайы, қаратау
үшқаты, қаратау лепидолфасы, сиверс алмасы, қаратау жыланбасы, қаратау
кекіресі, қаратау маралтамыры және т.б. түрлері. Бұл аты аталған
өсімдіктердің түрлеріндегі қаратау деген сөзінің қосарланып жүруі сол
өсімдіктің тек осы өңірде ғана өсетінін нақтылап айғақтап тұр.
Қаратаудың өсімдіктері - бұлар Каратау көкбасы, Шренк тобылғы тусі,
Сиверс алмасы және Регель алмұрты сияқты өсімдіктep түрлеі бар. Қаратауда
өсетін сирек және жойылып бара жатқан Қызыл кітапқа енген өсімдіктерде
кeздeceдi. Мыс ; Алберт кызғалдағы, Грейг кызғалдағы, Кауфман қызгалдағы.
Алатау бәйшешегі, Кегілдір шиқылдақ, Каратау жуасы т. б. түрлері кездеседі.
Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерде көптеп кездеседі Есекмия, жалбыз,
Жолжелкен, жұмыршак,, қалақай, қарақат, киікоты, көкемарал, кұртқашаш,
қызылбас жоңышқа, манжетқа, өгей шөп, тобылғы, шеңгел, шырмауық, ярутка
адыраспан және т.б.
Қазақстанда 30 дан аса қызғалдактың тypi кездеседі, оның ішінде 12
эндем, 2 Грейг, Кауфман қызғалдақтары өте әсем және олар Қазақстанның Қызыл
кітабына eнгiзiлгeн. Бұл қызғалдақтар наурыздың ортасынан, сәуірдің
ортасына дейін гүлдейді, сол кезде таулы аудандарда демалушылар кебейеді,
олардың экологиялық мәдениетсіздігі сирек кездесетін өсімдіктердің
сақталуына кepi әсерін тигізеді. Соңғы 10 жылда қызғалдақтардың саны едәуір
қысқартылды.
Грейг қызғалдағы Қаратау өңірінде табиғи жағдайда өседі. Бұл түрдің
гүлдері өте әсемді және көрікті. Олар сэуір және мамыр айларында гулдейді.
Бұлар Қазақстандағы жабайы қызғалдақтардың ішіндегі ең кереметі.
Голландиялық, фирмалар бақша қызғалдақтарын Грейг, Кауфман
қызғалдақтарымен қосып қызғалдақтардың жаңа түрін шығарады.
Қазіргі кезде 57 шиқылдақтардың түpi сипатталған. Олар Орта Азияда,
Ауғанстан, Иран, Kіші Азия және де Солтүстік Африканың кейбір аудандарында
кездеседі. Соның ішінде Қазақстанда 7 түpi кездеседі.
Шиқылдақтардың кө6ici құрғақ құм даланың, таулы беткейлердің өсімдігі
болып табылады. Көгілдір шиқылдақ әсемді гүл.
Сырдариялық Қаратаудың эндемигі – көгілдір шиқылдақ ұзақ уақыт
сәуірден мамыр айларының ортасына дейін гүлдейді. Шиқылдақтардың бұл түpi
ең сәндік мәнінен кереметі әрі ең биігі.
Қаратау жуасы - бұл ең өзгеше және тартымды ерте көктемгі жуа, сәндік
бау-бақшаларда пайдаланылады. Жуалардың арасында ең ipici және басқа
түрлерге қарағанда жоғары бағаланады.
Қаратау жуасы төменгі жиектерге және жасанды альпілік таушаларға
жарасымды. Қанға улы болып келетін сапониндердің үлкен пайызын
құрайтындықтан, жеуге жарамсыз, сол себептен табиғатта бірде-бір жануар
оған тиіспейді.
Өгейшөп - күрделі гүлділер тұқымдасының көпжылдық шөптектес дәрілік
өсімдік. Оның тамыры сабақты, жапырақтары өте көп және ұсак сары гүлдері
гүл зембілдеріне шоғырланған. Жағытұрым, көктемнің бас кезінде гүлдейді
Қазақстанның барлық облыстарында да өседі деуге болады.
Адыраспан - жапырақты сабақты, тамырлы, көп жылдық қабықсыз өсімдік.
Сабағының биіктігі 30-60 см. Көбінесе шөлді, шөлейтті даланың сортаңды
жерлерінде, арамшөпті орындарда еседі.
Хим Құрамы. Өсімдік алкалойдтерге бай. Ол өсімдіктің ұрығында 4 проц-
ке жетеді.
Қолданылуы. Адыраспанды халық медицинасында ревматизм, қышыма қотыр
және басқа да тepi ауруларында ванна жасауға пайдаланады, ал шөбінен
жасалған кайнатындыны суық тигенде, безгек аурумен ауырғанда, неврастения
және ұстама ауруында қолданған.
Шеңгел - көп жылдық шөп тектес есімдік. Биіктігі 30-60см, тамыры
қуатты ұзын бipaқ оншама жуан емес. Бұтақтары қысқа, бipaқ қатты тікендері
бар болады.
Хим құрамы Шеңгел тамырында усыз глюкозидтер, онониндермен
оноспиндер, илік заттар, крахмал, тиминдер шайыр және эфир майы болады.
Медицинада шеңгел тамырынан геморойды емдеу үшін спиртке ашытып тұнба жасап
пайдаланады. Халық медицинасында шеңгелді сонымен бipre несеп жургізетін,
тер шығартын және қан тазартатын дәрі ретінде қолданған.
Қаратау қорығының жануарлар дүниесі де сан алуан. Әсіресе мұнда сирек
кездесетін Үнді жерінен келіп, Беркқара ағаштарына ұя салатын өте әсем құс
.
Қаратау қорығында сүтқоректілердің 20 түpi анықталған, олардың
арасында 3-i қызыл кітапқа енген, 1-i эндемді.
Сүтқоректілердің түрлері - Қаратау арқары, үнді жайрасы, тас сусары.
қасқыр, борсық, түлкі, шүйебері, Kiші тағатұмсықты жарқанат, қарсақ, сасық
күзен, дала мысығы, қабан, зорман, мәлім, қарақас, кұм қоян, ақкіс,
ергежеилі жарқанат, үлкен тағатұмсық жарқанат, үшкір құлақты жарқанат.
Қызыл кітапқа енген сутқоректілер - арқар, үнді жайрасы, тас сусары.
Қаратау арқары (Ovis ammon nigrimontana)
Сыртқы пішіні: Жабайы қойлардың ішіндеегісі ең ipici. Денесі ipi, ұзын
сирақты жануар. Ересек құлжалардың дене ұзындығы 150-200 см., жотасының
биіктігі 125 см. Күзге қарай салмагы 60-105 кг жетеді. Арқардың саулықтары
құлжаға қарағанда кішілеу болып келеді, дене ұзындығы 100-120 см .
жотасының биіктігі 112 см жетеді, салмағы 50-60 кг. Мойны әрі қысқа. әpi
жуан. Құлжаларының басы үлкен және орала біткен , қошқар мүйіздері ерекше
пәрменді, оралма тәрізді имектелген. Мүйізіндегі бүктесінің ұзындығы 150 см
жетеді, ал мүйіздің кұшақ тyбi 50 см. Мүйізі көлденең қатпарлы сақина
тәрізді, осы қатпарларға қарап арқардың жасын анықтауға болады.
Саулықтарының дeнeci жинакы, мүйіздері жіңішке, қысқа, сәл ғана aртқа
кайырылған. Мүйіздің түci сарғыш-сұр немесе бұрыл түстi. Tepi жамылғысы
қылшық пен түбеттен тұрады.
Қазақстанда арқардың алты түр асты бар: Қаратау арқары, Тянь-Шань
арқары, Қазақстан арқары, Алтай арқары, Ycтipт арқары, Қызылқұм ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz