Жердің су қабығы мен гедросфера туралы жалпы мәліметтер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қадырқұлова А.

Жердің су қабығы мен гедросфера туралы жалпы мәліметтер

ШЫМКЕНТ - 2008 Ж.

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институы Оқу - әдістемелік кеңесінде талқыланып, баспаға ұсынылған

Пікір жазғандар:

Оқу құралы жоғарғы оқу орындарының гуманитарлық мамандықтарында оқитын студенттерге арналған әдістемелік құрал

Қадырқұлова А.

Жердің су қабығы мен гедросфера туралы жалпы мәліметтер

Шымкент - 2008 ж.

М а з м ұ н ы

1. Жердің су қабығы мен гедросфера туралы жалпы

мәліметтер . . . 7

2. Дүниежүзілік мұхит және онің бөліктері . . . 11

3. Мұхит суындағы газдар . . . 13

4. Мүхиттар мен теңіздердің жылу режимі . . . 17

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Тұяқбаев Н.

«Жалпы геологиялық курсы» Алматы, 1993 ж.

2. Будко М. И. «Климат в прошло будущем» 1980 г.

Қадырқұлова А.

Геология курсы

(гуманитарлық мамандықтарда оқитын студенттер үшін арналған оқу-әдістемелік құрал)

Компьютерде тергендер: Қадырқұлова А.

Қағаз пішімі: А4 Қаріп түрі «Таймс»

Шартты баспа табағы: 16. Таралымы 1 дана.

Дайын түпнұсқа макет бойынша «Гүлнар» ЖШС баспаханасында басылды. Шымкент, Тауке-Хан даңғылы - 43.

ЖЕРДІҢ СУ ҚАБЫҒЫ МЕН ГИДРОСФЕРА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Су - тіршіліктің қайнар көзі. Сусыз өмір жоқ деуге болады. Адам баласының бүкіл даму тарихы да сумен байланысты, олар ерте кезден-ақ өзендер мен көлдердің, теңіздердің жағалауын мекендеген.

Қазіргі таңда жер туралы ғылымдар жүйесінің жақсы дамуына қарамастан судың шығу тегі мен гидросфсраның (грекше "гидро" - су, "сфера" - шар) пайда болуы әлі де болса толығымен шешімін таппаған проблемалардың бірі. Судың пайда болуы мен гидросфераның дамуы туралы ғылыми гипотсзалар (болжамдар) көп. Олардың барлығын ірі екі топқа біріктіруге болады: а) шығу тегі теллурийлық; б) космостық.

Осы болжамдардың көңілге нанарлығы - бірінші топ болжамы. Бұл болжам бойынша мантия заттарынын балқуы мен дегазациясы (газдан тазаруы) нәтижесінде біртұтас процесс іспетті литосфсра, атмосфера және гидросфсра пайда болған. А. Б. Виноградовтың тұжырымы бойынша жер алғаш рет протопланеталық бұлттан пайда болар кезінде атмосфера мен гидросфераның болашақтағы элементтері қатты заттардың құрамында байланыста болған: су - гидрототық, азот - нитрат, оттегі - металл тотығы, көміртек - графит, карбид және карбонат. Жер қазіргі өзінің массасына жеткенде қыза бастады да, жер қойнауының гравитациялық қысылуы мен радиоактивті изотоптардың ыдырауы салдарынан мантия заттары балқып жылдам ұшатын (ұшпа), тез балқитын және баяу балқитын заттарга жіктелді. Ұшпа заттар базалы тәріздес болып жер қыртысын құраса, баяу балқитын заттар Жер қойнауында қалып қойған. Ұшпа заттар: вулкандық газдардың су буы, көміртек, күкірт, аммиак қоспалары, галоид қышқылдары, сутек, аргон және басқа газдар жер бетіне көтеріліп атмосфера мен гидросфсраның пайда болуына ықпал жасаған. Сонымен бірге су буы жер бетіне шоғырланып, (жер бетінің темпсратурасы +15° С-тан аспады) . суйық күйге айналып "прамухиттар" пайда болды. Алғашқы мұхит суында ерітінді түрінде вулкандық газдардан басқа да элементтер болған: көмір қышқыл газы, қышқылдар, күкірт қоспалары және аммиак. Судағы қышқылдар тау жыныстарының силикаттарымен әрекетте болған. Осының нәтижесінде қышқыл қасиетінен айрылып, еріген тұздар дүние жүзілік мұхит суларына қосылып, су тұзды қасиетке ие болған. Алғашында мұхит онша терең болмаса да бүкіл жер бетін жауып жатқан. Гидросфера массасының ұлғаюына байланысты мұхиттың көлемі де артып отырған. Құрылықтық және мұхиттық қыртыстың пайда болуына қарай мұхиттардың пішіні де өзгеріп отырған. Мұхит бетінен буланған тұщы су қайтып жаңбыр түрінде жер бетіне оралып құрлық суының пайда болуының бастамасы болды. Мұхиттардың, құрылықтардың және атмосфераның суы біртұтас жер қабығы - гидросфераны құрады. Үнемі гидросфсраның болуы Жердің Күн систсмасындағы басқа планеталардан бірден-бір айырмашылығы.

"Гидросфера" түсінігі үнемі өзгерісте болды. Қазіргі күні гидросфера деп үш түрлі агрегаттық күйде болатын суйық, қатты, газ тәріздес, Жердің су қабығын айтады. Гидросфераның төменгі шегі ретінде мантияның жоғарғы шекарасы (Махоровигич беті), ал жоғарғы шекарасы- атмосфераның жоғарғы қабаты қабылданған. Гидросфераның құрамына дүние жүзілік мұхиттар, құрылық сулары өзендер, көлдер, батпақтар, мұздықтар, атмосфера ылғалы, көлдер мен теңіздердің қазан-шұңқырларының түбіндегі және мәңгі мұздықтардың астындағы сулар енеді.

Сонымен, географиялық қабықшаның құрамдас бөлігі бола отырып, гидросфера бүкіл жср қабықшаларын толығымен қамтиды. Литосфера мен атмосфсра сияқты гидросфсра да үздіксіз және біртұтас. Оның біртұтастығының дәлелі табиғаттағы бүкіл су жамылғысының жер мантиясынан шығуы, эволюциялық бірлігі, бүкіл су түрлерінің бір-бірімен тығыз байланысы, табиғи ортадағы функцияларының біртұтастығы (зат пен энергия айырбасы) .

Сонғы мәліметтер бойынша гидросфераның жалпы көлемі 1390 млн куб. километрге жуық (11-кесте) . Мантия мен Космос кеңістігінен (комсталардың мұзды ядросы, метеорлық заттар, шаң . . . ) үнемі қосылып отыратын су мөлшеріне фотосинтез кезінде судың ыдырауына және жеңіл газдардың космос кеңістігіне ұшып кетуіне қарамастан су мөлшері бүкіл геологиялық уақыт аралығында тұрақты болған деп болжамдайды.

Дегенмен, кестеде көрсетілген гидросфсраның құрамдас бөліктерінің қарым-қатынасын тұрақты деп есептеуге болмайды. Олардың шамасы Жердің даму тарихыида өзгермелі болған.

Қазіргі кезеңде бүкіл су қорының 96, 5%-ы дүние жүзілік мұхиттарда шоғырланған. Гидросфсрадағы бүкіл су қорының 2, 58%-ы тұщы сулардың үлесіне тиеді. Тұщы судың басым бөлігі мұздықтарда - Антарктида мен Арктика мұз жамылғысында және таулы аймақтарда жиналған (гидросфера көлемінің 1, 78% немесе Жердегі тұщы су қорының 69, 3%-ы) . Өте көп су қоры литосферада шоғырланған. Жердегі бүкіл тұщы су қорының 29, 4%-ы жер асты тұщы суларының үлесіне тиеді.

Дүние жүзілік су қоры

11-кесте

:
Судын түрлсрі: Судын түрлсрі
Таралу ауданы млн. км2: Таралу ауданы млн. км 2
Көлемі млн км3: Көлемі млн км 3
Су қабаты м: Су қабаты м
Дүние жүзілік қордағы үлесі: Дүние жүзілік қордағы үлесі
: Жалпы су қорынан
Судын түрлсрі: Тұщы су қорынан
: 1
Судын түрлсрі: Дүниежүзілік мұхит
Таралу ауданы млн. км2: 361, 26
Көлемі млн км3: 1340, 74
Су қабаты м: 3711
Дүние жүзілік қордағы үлесі: 96, 49
-
: 2
Судын түрлсрі: Жер асты сулары (гравитациялық және капиллярлык)
Таралу ауданы млн. км2: 134, 73
Көлемі млн км3: 23, 40
Су қабаты м: 174
Дүние жүзілік қордағы үлесі: 1, 68
-
: 3
Судын түрлсрі: Тұщы жер асты сулары
Таралу ауданы млн. км2: 134, 73
Көлемі млн км3: 10, 53
Су қабаты м: 78
Дүние жүзілік қордағы үлесі: 0, 76
29. 39
: 4
Судын түрлсрі: Топырақ қабатындағы ылғал
Таралу ауданы млн. км2: 82, 00
Көлемі млн км3: 0, 02
Су қабаты м: 0. 24
Дүние жүзілік қордағы үлесі: 0, 001
0, 06
: 5
Судын түрлсрі: Мұздықтар мен тұрақты қар жамылғысы. Соның ішінде а) Антарктидада б) Греландия аралында в) арктикалық аралдарда (Канада Арктикалық архипслағы, Жаңа Жер. Солтүстік Жер, Франц-Иосиф Жері, Шпицберген және кіші аралдар)
Таралу ауданы млн. км2:

16. 23

13, 98 1. 80

0, 23

Көлемі млн км3:

24. 87

22, 41 2, 34

0, 08

Су қабаты м:

15. 23

16, 03 1300

348

Дүние жүзілік қордағы үлесі:

1. 79

1, 61 0, 17

0, 006

69. 41

62, 55

6, 53

0. 22

: 6
Судын түрлсрі: Арктика мен Антарктидадан тыс таулы аймақтар
Таралу ауданы млн. км2: 0, 22
Көлемі млн км3: 0, 04
Су қабаты м: 182 -
Дүние жүзілік қордағы үлесі: 0, 003
: 7
Судын түрлсрі: Мәңгі товдардағы жер астыұз
Таралу ауданы млн. км2: 21, 00
Көлемі млн км3: 0, 30
Су қабаты м: 14
Дүние жүзілік қордағы үлесі: 0, 022
0, 84
: 8
Судын түрлсрі:

Көлдердегі су қоры. Соның ішінде: а) Тұщы су

б) ащы су

в) Батпақ сулары

г) Өзен аңғарларындағы су

Таралу ауданы млн. км2:

2, 06

1, 24 0, 82 2, 68 148, 84

Көлемі млн км3:

0, 18

0, 09 0, 09 0, 01 0, 002

Су қабаты м:

87

73

110

373 0, 013

Дүние жүзілік қордағы үлесі:

0, 013

0, 0065 0, 0065 0, 0007 0, 0001

0, 25

0, 03 0, 006

: 9
Судын түрлсрі: Биологиядық су (тірі организзмдер мен өсімдік құрамындағы су)
Таралу ауданы млн. км2: 510, 10
Көлемі млн км3: 0, 001 1
Су қабаты м: 0. 002
Дүние жүзілік қордағы үлесі: 0, 0001
0, 003
: 10
Судын түрлсрі: Атмосферадағы су
Таралу ауданы млн. км2: 510. 10
Көлемі млн км3: 0, 01
Су қабаты м: 0, 02
Дүние жүзілік қордағы үлесі: 0, 0007
0, 03
: 11
Судын түрлсрі: Жалпы су қоры
Таралу ауданы млн. км2: 510, 10
Көлемі млн км3: 1389, 53
Су қабаты м: 2724
Дүние жүзілік қордағы үлесі: 100
: 12
Судын түрлсрі: Тұщы сулар
Таралу ауданы млн. км2: 148, 84
Көлемі млн км3: 35, 83
Су қабаты м: 241
Дүние жүзілік қордағы үлесі: 258
100

Ескерту: Кейбір құрылықтар бойынша жер аспы суларының қорын есептегенде, Антарктиданың жер асты суларының қоры есепке алынбаған (жобалап бағалағанда 2 млн км 3 , оның ішінде тұщы су шамамен - 1 млн км 1 ) .

Жер бетіндегі тұщы сулардың 0, 006%-ы өзендердің, 0, 25%-ы тұщы көлдердің, 0, 03%-ы атмосфсраның үлесіне тиеді.

Дүние жүзілік су қорына сипаттама бергенде оның сандық көресткіштерімен шектеліп қойған дұрыс емес. Гидросферанын жекелеген компоненттеріне баға беруде дүние жүзілік су айналымының қарқындылығын (активтілігін) ұмытпаған жөн. Осы мақсатта М. И. Львович су айналымының активтілігі деген ұғым енгізді - су көлемінің, гидросфераның жекелеген компонснттерінде толығымен жаңадан пайда болуына кететін уақыт (жыл есебімен берілген) .

Атмосфералық ылғалдық активтілігі өте жоғары. Оның толық ауысуы үшін 10 сәтке керек, жыдына 36 рет ауысу процесі іске асады. Озен суларының да активтілігі жоғары -әрбір 11-12 сәткеде суы толығымен жаңарады. Топырақ қабатындағы топырақ ыдғалдылығы жылына бір рет жаңарады.

Жалпы құрлықтардағы су жеті жылда бір рет жаңарып отырады. Мұз жамылғысының активтілігі нашар - 8-10 мың және одан да көп жыл "өмір сүреді"

Жер асты сулары да ұзақ уақыт "өмір сүреді" - сыртқы ортадан оқшаулану деңгейі мен терендікке байланысты толық жаңару мерзімі 300-ден 5 мың жыл.

Мұхиттардың ескі сулары жаңа суға 3000 мын жылда бір рет ауысады, жобамен осы уақыт аралығында бүкіл гидросфераның суы жаңарады.

Жер бетіндегі су айналымы мен жылдық су балансы

Географиялық қабықшадағы маңызды процестсрдің бірі - су айналымы (ылғал айналымы) - гидросфераның барлық бөліктерін біртұтас бірлік ретіндс біріктіріп, атмосферамен, литосферамен және биосферамен үнемі қарым-қатынаста болады. Қозғаушы күші Жер бетіне келіп түсетін күн радиациясы мен ауырлық күші. Жылу процестерінің салдарынан судың фазалық ауысуы іскс асады: булану, су буының кондснсациясы еру, қату. Ауырлық күшінің әсерінен жауын-шашын жауады, жер асты және жер беті сулары қозғалысқа ие болады.

Гидросфераның барлық тамшылары ұдайы қозгалыста шыр көбелек айналымда болады. В. И. Всриадский бұл құбылыс пен судың әрекетін былайша сипаттады: "Судың сұйық, газ және қатты түрдегі массасы үздіксіз қозғалыс үстіндс; өзі де мәңгі өзгерісте, қоршаған ортаны да өзгертеді". Құрылықпсн де, мұхитпен де, ауамен де, тірінің денесімен де толассыз сапар шеккен тамшы су жауын-шашынға, жер бетіне оралып сарқыраған бұлаққа айналады. Өзен-көлдерге құяды, топыраққа да сіңеді, кейіннен жер асты суларын құрайды. Біразы қайтадан атмосфераға оралады, ағаш, шөптің тамырына сіңіп, керекті нәрді жсткізеді, буланып қайтадан атмосфсра ылғалын құрайды. Осы құбылысты гидросфераның түйық су айналымы дейді.

Сонымен, су айналымының бастамасы - мұхиттар мен теңіздердің, құрылықтар мен аралдардың бетінен булану процссі. Жыл ішінде жер шарының беткі қабатынан 577 мың км 3 су буланады. Оның көп бөлігі (505 мын км 3 ) дүнис жүзілік мұхиттың, 72 мың км 3 құрылықтардың үлесіне тиеді. Гидросферадағы тұйық айналым бойынша түскен жауын-шашын мөлшері буланған су мөлшеріне тепе-тең. Львович су айналымының үш түрін ажыратады: мұхиттық, атмосфсралық және құрылықтық. Соңғысына Львич көлемі кіші айналымдарды топтастырады: литогсндік, топырақтағы, өзен-көлдердегі, мұздыктардағы, биологиялық және шаруашылықтық. Жоғарыда аталғандардың барлығы (үлкен су айналымын есептемегенде) тұйық систсма бола алмайды.

Су айналымын үлгі ретінде төмендегідей көрсетуге болады.

22-сурет. Су айналымының үлгісі

Жылдық үлкен су айналымының сандық көрсеткштерінің Жердің жылдық су балансындағы үлес салмағы төмсндегідсй (М. И. Львович бойынша) .

Сонымен, су балансының бөліктерін 2 топқа бөлуге болады: кіріс және шығын бөліктері. Су балансынын кіріс бөлігі - атмосфсралық жауын-шашын, шығын - булану. Жердің терендегі қабаттарынан келетін су буының, оның конденсациясының ролі өте нашар.

Су айналымының географиялық қабықша мен күнделікті тіршілік көзі үшін маңызы зор. Оны көрнекті ағылшын астрономы Э. Гаклей "табиғаттың ұлы құбылысы" деген. Біріишіден, су айналымының нәтижесінде Жердегі су қоры ешқашан сарқылмайды, үнемі бір қалыпта болады. Екіншіден, айналым арқылы су өзін-өзі ұдайы тазалап, сапасын жақсартым отырады. Үшіишіден, тамшысыз Жерде тіршілік те болмас еді. Бойдағы аққан су табиғаттың барлық тірісімс күш-қуат беріп, зиянды қоспалардан тазартып отырады, геологиясының атасы А. П. Карпинский суды "тіршілік атаулының өмір деп бейнеленген болатын.

Дүниежүзілік мұхит және онің бөліктері

Жер шарының су қабыты - Дүние жүзілік мұхит деп аталатын біртұтас бет. Оның ауданы 361, 3 млн км 2 (жер бетінің 71%), орташа тереңдігі 3, 7 км, көлемі - 1 370 000 000 км 3 (гидросфера көлемінің 94%) . Жердің беті бойынша Мұхиттың суып біркелкі етіп жайғанда оны 2700 метрдей қалыңдықпен бүркеген болар еді. Жердің көлемімен салыстырғанда бұл қабат мардымсыз, аз, бірақ географиялық қабықшадағы әртүрлі процестер үшін маңызы орасан зор.

Құрылықтар мен мұхиттар жер бетінде біркелкі таралмаған. Оңтүстік жарты шар мұхитты - оның ауданының 81%-ын, солтүстік жарты шардың 61%-ын алып жатыр. Планетамызда құрылықтар мен мұхиттардың біркелкі таралмауы Жер бетінің табиғи ерекшеліктерінің қалыпта-суындагы негізгі (рактор болып есептеледі.

Шартты түрде Дүние жүзілік мұхит бір-бірінен оқшауланған, жеке бөліктерден - мұхиттардан - тұрады. Алғаш рет Дүние жүзілік мұхитты жекелеген бөліктерге жіктеуді 1650 ж. Голландия ғалымы Б. Варенмус өткен.

Теңіз дегеніміз - көршілес бөліктерден физикалық және химиялық қасиеттерімен, (тұздылығы, температурасы, мөлдірлігі т. б. ) экологиялық жағдайымен, ағыстары мен толысуларының сипатымен ерекшеленетін мұхиттың азды-көпті оқшауланған бөлігі. Морфологиялық және гидроло-гиялық ерекшеліктеріне байланысты теңіздер шеткі, жерорталық (ішкі құрылықтық және құрылық аралық) және арал аралық деп жіктеледі.

Шеткі теңіздер өтпелі зоналарда немесе материктердің шетіне жақын орналасады, тереңдігі 200 метр, сирек - 200 метрден асады. Мұхиттардан олар аралдар тізбегімен, сирегірек түбектермен бөлініп жатыр. Материктік қайраңдағы (шельфтік) теңіздердің суы терең емес. Мысалы Сары теңіздің максимальды тереңдігі 106 метр. өтпелі зонадағы теңіздердің тереңдігі 3500-4000 метр (Беринг, Охотек, Жапон) .

Мұхиттар: Мұхиттар
Жалпыауданы млн км2:

Жалпы

ауданы млн км 2

Су бетінін ауданы млн км2: Су бетінін ауданы млн км 2
Аралдардың ауданы млн км2: Аралдардың ауданы млн км 2
Судың көлемі млн км3: Судың көлемі млн км 3
Орташа тереңдігі, м: Орташа тереңдігі, м
Өте терең жері, м: Өте терең жері, м
Мұхиттар: Тынық
Жалпыауданы млн км2: 182. 6
Су бетінін ауданы млн км2: 178. 7
Аралдардың ауданы млн км2: 3. 9
Судың көлемі млн км3: 707. 1
Орташа тереңдігі, м: 3957
Өте терең жері, м: 11034
Мұхиттар: Атлант
Жалпыауданы млн км2: 92, 7
Су бетінін ауданы млн км2: 91, 7
Аралдардың ауданы млн км2: 1. 0
Судың көлемі млн км3: 330. 1
Орташа тереңдігі, м: 3602
Өте терең жері, м: 9219
Мұхиттар: Үнді
Жалпыауданы млн км2: 77, 0
Су бетінін ауданы млн км2: 76, 2
Аралдардың ауданы млн км2: 0. 8
Судың көлемі млн км3: 284. 6
Орташа тереңдігі, м: 3 7 36
Өте терең жері, м: 7450
Мұхиттар: Солтүстік Мұзды
Жалпыауданы млн км2: 18. 5
Су бетінін ауданы млн км2: 14, 7
Аралдардың ауданы млн км2: 3, 8
Судың көлемі млн км3: 16, 7
Орташа тереңдігі, м: 1131
Өте терең жері, м: 5220
Мұхиттар: Дүние жүзілік мүхит
Жалпыауданы млн км2: 370. 8
Су бетінін ауданы млн км2: 361, 3
Аралдардың ауданы млн км2: 9. 5
Судың көлемі млн км3: 1338, 5
Орташа тереңдігі, м: 3704
Өте терең жері, м: 11034

Шеткі теңіздср Дүние жүзілік мұхит суымен қатынасып жатқандықтан физикалық қасисті мен химиялық құрамы бойынша мұхит суларынан айырмашылығы жоқ.

Жерорталық теңіздер құрылыққа еніп жатады, мұхит суларымен салыстырмалы ені тар бұғаздармен бөлініп жатады. Жерорталық теңіздердің оқшаулануы, мұхит суымен су айырбасының күрделенуі салдарынан бұл теңіздердің гидрологиялық режимі мұхит суларынан өзгеше. Олар: ішкі құрылықтық және құрылық аралық деп бөлінеді. Ққрылық аралық теңіздер ірі, тектоникалық активтілгі жоғары зоналарда пайда болғандықтан терең, жағалауы қатты тілімденген, сейемикалық және вулкандық процестер тән.

Олар құрылықтардың аралық бөлігінде орналасқан: Евразия мен Африка құрылықтарының арасындағы Жерорта теңізі.

Ішкі құрылықты теңіздердің жағалаулары бір құрылық шеңберінде (мысалы, Балтық, Ақ, Қара теңіздер) және құрылықтық қыртыста орналасқан, онша терең емес, таяз. Мысалы, Балтық теңізінің ең максимальды терендігі - 470 м, Ак, теңіздікі - 350 м, Азов теңізі - 13 м.

Арал аралық теңіздер мұхиттардан жекелеген аралдар немесе арал тізбектері арқылы бөлініп жатады (Филиппин, Ванда, Сулу т. б. ) . Саргасова теңізі де арал аралық теңіз болып табылады. Мұхиттын ортасында орналасып, айқын шекарасы жоқ болса да өзіндік гидрологиялық режимі, жануарлары мен өсімдік түрлері арқылы көршілес территориялардан

ерекшеленеді.

Шығанақтар - судың құрылыққа еніп жатқан бөлігі. Шығу тегіне, жағалауларының құрылысына, формасына қарай шығанақтар: фьорд, бухта, лиман деп те аталады.

Тарихи, сонау ерте кезден бастап қалыптасып кеткен бойынша кейбір теңіздер шығанаққа (Парсы, Мскспка. Бенгаль), ал шығанактар, рсжимі жағынан айырмашылығы болса да, мұхиттарға жатқызылып кеткен ( Босфор тсңізі, Линкольн теңізі) .

Мұхиттарды, теңіздерді және шығанақтарды бір-бірімен бұғаздар жалғастырып жатыр. Өте енді және терең бұғаз - Дрейк бұғазы (Оңтүстік Американың оңтүстігінде) - орташа ені 9X6 км, орташа тереңдігі 3111 км, ал ең ұзын бұғаз Мозамбик бұғазы - 1760 км.

Дүние жүзілік мұхиттың еркін жатқан беті деңгейлік деп аталады. Тыныш күйде бұл геоид бетімен сай келуге тиіс. Алайда көптеген себептердің жиынтықтарының әсері: температура, атмосфсра қысымы, жел, толысу түзетін күштер, су балансы, жер қыртысының қозғалыстары - оның ауытқуын тудырады. Мұхит деңгейінің үздіксіз өзгерістері кезеңді және кезеңсіз де болуы мүмкін. Ауытқу кезендері өте қысқа (бірнеше сағат) және өте ұзақ та (ғасырлық ауытқулар) болады. Мәселен, жазда мұхит суының жоғарғы қабатының қызуы деңгейінің көтерілуін, қыста оның суынуы -төмендеуін тудырады.

Мұхит деңгейінің баяу түсуі мен көтерілуі екі түрлі себепке байланысты. Мұхит деңгейінің көтерілуі немесе түсуі мұхиттагы судың азаюымсн, көбеюімен - су балансының өзгерісімен (гидрократтық себептер) тууы мүмкін. Мысалы, Антарктиданың мұз жамылғысының толық еріп кетуі Мұхит деңгейінің шамамен 60 метрге көтерілуін тудырады. Сірә, құрылықта мұздықтардың пайда болуы Мұхит деңгейінің төмендеуін тудырса керек. Мұхит деңгейінің жағдайы жер қыртысы қозғалысына да байланысты өзгеріп отырады (геократтық себептер) мысалы, Голландия мен Дания жағаларының осы кездегі төмен түсуі салдарынан Мұхит құрылыққа өріс жаяды, ал керісінше, Скандинавия түбегінің көтерілуі салдарынан Швеция жағаларында шегінеді.

Соңғы жарты ғасыр аралығында Дүние жүзілік мұхит деңгейі 10 см-ге көтсрілді, бірақ көтерілу деңгейі мұхиттардың әртүрлі бөлігінде әрқалай. Мұхит деңгейінің ауытқып отыруын бақылауды арнайы постар зсрттейді. Осындай алғашқы постар ХҮІІ ғасырда ашылған (1682 ж. - Амстердамда, 1704 ж. - Кронштадтта) ; қазіргі күні Дүние жүзілік мұхиттың су деңгейінің өзгерісін бақылайтын осындай постардың саны 1500-ден артық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Литосфера туралы
Жердің тарихы, жердің ішкі құрылысы
Литосфера — жер қабығы, топырақ – ерекше табиғи түзілім
Тау жыныстары заттарының айналымы
Жер планетасының эволюциясы
Тау жыныстарының жіктелуі
Тау жынысының құрылымы мен түзілімі
Литосфера
Биосфера - ғаламдық экожүйе туралы ақпарат
Негізгі абиотикалық факторлар және биосфера
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz