Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам


Мазмұны
Кіріспе . . . 03
1. Акционерлік қоғамның құқықтық жағдайы . . . 05
1. 1 Акционерлік қоғамның ұғымы . . . 05
1. 2 Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары . . . 15
2. Акционерлік қоғамды басқару және оны қайта құру немесе тарату . . . 29
- Акционерлік қоғамды басқару . . . 29
2. 2 Акционерлік қоғамды қайта құру немесе тарату . . . 45
3. Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам. 46
3. 1 Еншілес ұйым ұғымы . . . 46
3. 2 Тәуелді акционерлік қоғам . . . 48
Қорытынды . . . 50
Пайдаланылған нормативтік актілер мен әдебиеттер . . . 52
Кіріспе
Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігіне ие болғаннан бері қаншама құқықтық реформалар жасалып, заңдар да бір жүйеге келіп өз қыметін атқаруда. Акционерлік қоғамдар туралы заңдарда толығымен қалыптастырылды. Дегенмен, нарықтық экономиканың талаптарына байланысты акционерлік қоғам өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек, сондықтан осы тақырыпты таңдадым.
Қазақстан Республикасының акционерлік заңдары Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің ережелерінен және 2003ж. 16 мамырда қолданысқа енгізілген Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж. 13 мамырдағы заңнан тұрады.
Акционерлік қоғамдар туралы заңды қабылдау кезек күттірмейтін қажеттілік болды. Бұған дейін қолданылып келген Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж. 10-шы шілдедегі заң өте сәтсіз болып шықты. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің көптеген ережелері мен дәстүрлеріне қайшы келіп, ашық түрде Ұлтгық Банктің өзіне қолайлы түрде жаппай бақылау жүргізу мүддесін білдірді.
Кезінде 1998 ж. 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне енгізілген өзгерістер оның мазмұнын нашарлатқан еді, оны күні бүгінге дейін басқа нормалармен үйлестірудің сәті келмей отыр.
Бүгінде күшін жойған 1998 ж. 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заң Ұлтгық Банктің техникалық нормаларын асқақтатьш, заң техникасының талаптарына сай келмеді, бірқатар елеулі қайшылықтары болды және корпорацияның сол түзетілген ағылшын-америкаңдық моделін дәстүрлі континенттік кодификациялау жүйесіне атүсті енгізу әрекеті болып шықты.
Норма шығармашылығындағы мұндай көзқарас жарамсыз болып, акционерлік қоғамдар туралы бірқатар нормалардың малтығуына әкеп соқтырды, қазақстандық зандар жүйесімен қайшылыққа түсіп, практика мен құқықтық ой-пікірдің қабылдамай тастауына мөжбүр болды. "Шығарылған жарғылық капитал", "төленген жарғылық капитал", "соттың шешімімен акциялардың қосымша эмиссиялануы", "коммерциялық емес акционерлік қоғам", "халықтық қоғам" секілді санаттарды "өлі туған" және құқықтық жаңсақ құрастырмалардың қатарына жатқызуға болатын еді.
Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж. заңның шалажансарлығын дәлелдеген жаңа редакциядағы Акционерлік қоғамдар туралы Заң 2003 ж. қабылданды. Онда Қазақстанның объективтік экономикалық жөне құқықтық шындықтары айтарлықтай ескеріліп, акционерлік заңдардың қазақстандық азаматтық құқықтардың белгілі дәстүрлеріне оралуына мүмкіндік туғызды.
1. Акционерлік қоғамның құқықтық жағдайы
1. 1 Акционерлік қоғамның ұғымы
Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып табылады. Акционерлік қоғамның акционерлері заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда оның міндетемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.
Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланаған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жаупты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауп бермейді.
Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақы мен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасып жауап береді.
Қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда акционерлік қоғам бір адамнан құрылуы немесе бір адамнан тұруы мүмкін, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе.
Акционерлік қоғамның құқықтық ережелері, акционерлердің құқықтарымен міндеттері ҚРАК-нің заң құжаттарына сәйкес белгіленеді. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру арқылы құрылған акционерлік қоғамдардың құқықтық ережелерінің ерекшеліктері заңдармен белгіленеді.
Заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының акционерлік заңдары Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің ережелерінен және 2003ж. 16 мамырда қолданысқа енгізілген Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж. 13 мамырдағы заңнан тұрады.
Акционерлік қоғамдар туралы заңды қабылдау кезек күттірмейтін қажеттілік болды. Бұған дейін қолданылып келген Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж. 10 шілдедегі заң өте сәтсіз болып шықты. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің көптеген ережелері мен дәстүрлеріне қайшы келіп, ашық түрде Ұлтгық Банктің өзіне қолайлы түрде жаппай бақылау жүргізу мүддесін білдірді.
Кезінде 1998 ж. 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне енгізілген өзгерістер оның мазмұнын нашарлатқан еді, оны күні бүгінге дейін басқа нормалармен үйлестірудің сәті келмей отыр.
Бүгінде күшін жойған 1998 ж. 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заң Ұлтгық Банктің техникалық нормаларын асқақтатьш, заң техникасының талаптарына сай келмеді, бірқатар елеулі қайшылықтары болды және корпорацияның сол түзетілген ағылшын-америкаңдық моделін дәстүрлі континенттік кодификациялау жүйесіне атүсті енгізу әрекеті болып шықты.
Норма шығармашылығындағы мұндай көзқарас жарамсыз болып, акционерлік қоғамдар туралы бірқатар нормалардың малтығуына әкеп соқтырды, қазақстандық зандар жүйесімен қайшылыққа түсіп, практика мен құқықтық ой-пікірдің қабылдамай тастауына мөжбүр болды. "Шығарылған жарғылық капитал", "төленген жарғылық капитал", "соттың шешімімен акциялардың қосымша эмиссиялануы", "коммерциялық емес акционерлік қоғам", "халықтық қоғам" секілді санаттарды "өлі туған" және құқықтық жаңсақ құрастырмалардың қатарына жатқызуға болатын еді.
Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж. заңның шалажансарлығын дәлелдеген жаңа редакциядағы Акционерлік қоғамдар туралы Заң 2003 ж. қабылданды. Онда Қазақстанның объективтік экономикалық жөне құқықтық шындықтары айтарлықтай ескеріліп, акционерлік заңдардың қазақстандық азаматтық құқықтардың белгілі дәстүрлеріне оралуына мүмкіндік туғызды.
Алайда қазіргі кезде де "оларда капиталдың теріс мөлшері бар болған жағдайда банктер мен сақтандыру ұйымдарының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу құқығы" (АҚ-ның 86-бабының 6-тармағы), "қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару" (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 32-бабының 1-тармағы), "халықтық акционерлік қоғам" (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 4-бабы), "жарияланған акцияларын билік етуді шектеу", "қоғамның акцияларға мәжбүрлеп алып қою" (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 32-бабы) секілді кейбір құқықтық нысандардың акционерлік заңдардан орын алуы орынсыз болып көрінеді.
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 85-бабының 1, 2-тармақшаларына сәйкес, "өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады".
Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойьшша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойьшша жауап бермейді.
Акционерлік қоғамның акционерлері заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда, оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.
Корпоративтік (бірлескен) жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасып жауап береді (ҚРАК-ның 85-бабы) .
Акционерлік қоғам - коммерциялық ұйымдардың уақыт және нарықтық қатынастар сынынан өткен барынша дамыған нысаны.
Алайда, заңдарда қоғамның ұйымдьіқ-құқықтық нысанында табыстары тек қоғамның дамуы үшін пайдаланылатын коммерциялық емес ұйымдардың да құрылуы көзделуі мүмкін (ҚРАК-ның 85-бабының 5-тармағы) . Мысалы, дүниежүзілік тәжірибеде кейде коммерциялық емес акционерлік қоғам түріндегі биржалар, білім және мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары жөніндегі кеңестер құру дәстүрлері бар.
Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж. заң қабылданғанға дейін Қазақстан заңдары ашық акционерлік қоғамдармен қатар, жабық үлгідегі акционерлік қоғамдардың да өмір сүруін көздеді.
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Акциялары өзінің құрылтайшылары мен алдын ала белгіленген адамдар арасында бөлінетін қоғам бұрынғы қолданыстағы заңдар бойынша жабық қоғам болып есептелетін (2003 ж. 16 мамырға дейінгі АК-ньщ 86-бабының 3-тармағы) .
Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық қоғам шығарған акцияларын жабық, жеке және ашық әдістермен орналастыруға құқылы.
Ашық қоғам заңда көзделген тәртіп пен баспа сөз басылымдарында кірістер мен шығындар туралы жылдық және тоқсандық баланстармен есептерді жарияалауға міндетті.
Акцияларды оның құрылтайшылары және алдын ала белгіленген адамдар тобы арасында орналастырылған акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғам өздері шығарған акцияларды тек жабық әдіспен орналастыруға құқылы.
Жабық акционерлік қоғамның өз акцияларын сатқысы келетін акциоенрі оларды қоғамның басқа қатысушыларына, ал олар бас тартқан жағдайда - қоғамның өзіне сатып алуға ұсынуға міндетті.
Жабық акционерлік қоғамның акцияларын сату рәсімінің ерекшеліктері заң актілерінде айқындалады.
Жабық акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында өз әрекетімен қоғамның мүдделерін елеулі түрде бұзған қатысушының акцияларын қоғамның сот тәртібімен мәжбүрлеп сатып алу мүмкіндігі көзделуі мүмкін.
Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында заңда белгіленген тәртіп пен есептелген капиталдың теріс мөлшері бар болған жағдайда заң актілерінде олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың мүмкідігімен негіздемелері көзделуі мүмкін.
Жабық қоғамдар мемлекеттік монополияларды сақтау үшін немесе үшінші тұлғалардьщ енуін шектеу үшін құрылатын. Бұл жағдайда көлденең капиталды тарту акционерлік қоғамның негізгі мақсаты болудан қалды да, тұлғалық жағдай алдыңғы қатарға шықты.
Сондықтан жабық акционерлік қоғам өзінің жаратылысы жөнінен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке дейін болғанын кейбір ескертулермен айта аламыз. Онда тұлғалық элементтер жария элементтермен бәсекелесіп, көп ретте басым түсіп отырды.
2003 ж. 16 мамырдағы Заң бойынша АК-ның жабық акционерлік қоғамдар туралы 86-бабы алынып тасталды. Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж. заңда да жабық акционерлік қоғамдардың өмір сүру мүмкіндігі туралы айтылмайды. Бұдан заң шығарушылар заңды тұлғаның мұндай ұйымдық құқықтық нысанынан бас тартуға бел байлады деген қорытынды шығады. Сондықтан 2003 ж. 16 мамырдан кейін құрылған жабық акционерлік қоғамдар жарамыз деп танылады, ал өмір сүріп тұрғандары заңда көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарға өзгертілуі немесе 2005 ж. 16 мамырға дейін таратылуы тиіс (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 90-бабыньщ 2-тармағы) .
Ашық қоғамдар - акционерлік қоғамның барынша табиғи жөне кең таралған нысаны. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілері акционерлік қоғамның құрылтайшылары бола алады. Ашық қоғам акционерлерінің санына шектеу қойылмаған. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатьш алған жағдайда акционерлік қоғам бір адамнан құрылуы немесе бір адамнан тұруы мүмкін (АК-ның 85-бабының 3-тармағы) .
Жалпы ереже бойьшша, мемлекеттік мекемелер қоғамның акционерлері ретінде әрекет ете алмайды. Өздерінің құзіреті шегінде акционерлер бола алтын Үкімет, жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық Банк бұған жатпайды. Мемлекеттік кәсіпорын осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекеттік басқару органының атқаратын қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатьш алуға құқылы (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 5-бабының 2-тармағы) .
Акционерлік қоғамдар туралы заңдарда 1998 ж. бастап қоғамның жаңа нысаны - халықтық акционерлік қоғам көзделген. Өзінің капиталының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің кемінде 1 еселенген мөлшеріндей болатын және акционерлерінің саны бес жүз және одан да көп қоғам халықтық акционерлік қоғам деп танылады. Қоғамды халықтық акционерлік қоғам деп тануды қоғамның өтініші негізінде не қоғамның өз капиталының мөлшері жөне акционерлерінің саны туралы уәкілетті органда бар ақпарат негізінде уәкілетті орган жүргізеді. Уөкілетті орган Ұлттық Банк болып табылады. Ұлттық Банк, сондай-ақ халықтық акционерлік қоғам мәртебесінен айрылу тәртібін де белгілейді.
Қоғам:
- ол таратылған немесе қайта ұйымдастырылған (қоғамға басқа қоғам қосылған жөне одан бір немесе бірнеше жаңа қоғамдар бөліп шығарылған жағдайларды қоспағанда) ;
- өз капиталының мөлшері он екі айдан астам мерзімде айлық есептік көрсеткішінің 1 еселенген мөлшерінен төмен сомаға дейін азайған;
- акционерлердің саны алты ай ішінде бес жүзден төмен азайып кеткен жағдайларда халықтық акционерлік қоғам мөртебесінен айырылады (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 4-бабының 1, 2- тармақтары) .
Акционерлік заңдар көлемінде Ұлттық компаниялар қызмет етеді. Ұлттық компаниялар акцияларының барлық пакеті мемлекеттің қолында болады.
Ұлттық компаниялардың құқықтық режимінің бірқатар ерекшеліктері бар. Олардың көпшілік бөлігі жабық акционерлік қоғамдар түрінде құрылған, өздерінің контрагентермен қатынастарында мемлекеттік органның және коммерциялық ұйымдардың атқаратын қызметін үйлестіреді және Акционерлік қоғамдар туралы заңмен қатар, Үкіметтің бірқатар қаулыларымен және заңдармен реттеліп отырады.
Акционерлік қауызға оранған ұлттық компания, шын мәнінде, заңды тұлғаның жаңа түрі болып табылады деп есептейді Ю. Г. Басин. 1 Мүмкін, уақыт өте келе, заң шығарушылар заңды тұлғаның жаңа нысаны - ұлттық компанияны мойындайтын болар. Ал әзірше жабық акционерлік қоғамдардың таратылуына байланысты мемлекет ұлттық компаниялардың қандай жариялық-құқықтық нысанға өзгеруі керектігін шешуі тиіс.
Акционерлік қоғамның мүлкі оған меншік құқығында тиесілі. Акционерлік қоғамның акциялары акционерлерге меншік құқығында тисілі.
Мемлкетке немесе мемлекеттік заңды тұлғаларға тиесілі акциялар пакетінің мөлшеріне қарамастан акцианерлік қоғамның мүлкі сол акцианерлік қоғамның өзінің жеке меншігі болып саналады.
Акционерлік қоғамда өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлік болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді (АК-ның 85-бабының 2-тармағының 1-бөлігі) .
Заң актілерінде Акционерлердің акцианерлік қоғамдардың борыштары бойынша жауап беретін жағдайлары көзделген (АК-нің 85-бабының 1-тармағы) . Мысалы, АК-нің 85-бабы 2-тармағының 2-бөлігіне сәйкес «корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасып жауап береді».
Акционерлік қоғамның мүлкінің негізін жарғылық капитал құрайды. Жарғылық капиталдың мөлшерін құрылтайшылар анықтайды, бірақ ол айлық есептік көрсеткіштің 5 есе мөлшерінен кем болмауға тиіс. Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың тікелей акцияларды төлеуі және үшінші жаққа акцияларды сатуы арқылы қалыптасады.
- Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары
Құрылтай шарты мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады.
Бір қатысушы құрған акционерлік қоғамның құрылтай құжаты жарғы болып табылады.
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарын нотариат куәаландыруға тиіс.
Акционерлік қоғамның құрылтай шартын құрылтайшылар жасайды. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары АК-пен және өзгеде заң актілерімен белгіленген мәләметтерді қамтуға тиіс.
Акциоенерлік қоғамның жарғысын құрылтайшылардың жалпы жиналасы бекітеді.
Құрылтай шарты мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады (АК-ның 87 - бабының 1-тармағының 1-бөлігі) . Құрылтай құжаттары нотариатта куәландырылуы тиіс. Құрылтай шартында баяндалған мөліметтер, шарттың өзінде езгеше көзделмесе, коммерциялық құпия болып табылады.
Құрылтай шарты мемлекеттік органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға заң актілерінде көрсетілген жағдайларда немесе қоғамның шешімімен ғана көрсетілуі тиіс. Жарияланған акцияларды шығару мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылтай шартының қолданылуы тоқтатылады.
Қоғамның жарғысы оның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін анықтайтын құжат болып табылады. Қоғамның жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не олардың өкілдері (өкілі) қол қоюға тиіс және нотариатта куәландыруға жатады.
Қоғамның жарғысымен барлық мүдделі адамдар танысуға құқылы. Акционердің талап етуі бойынша қоғам оған үш жұмыс күні ішінде жарғының көшірмесін беруге міндетті.
Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж. заң "жарияланған жарғылық капитал", "шығарылған (төленген) жарғылық капитал" ұғымдарынан бас тартты. "Жарғылық капитал", "өз капиталы" терминдері ғана пайдаланылды. Халықтық қоғамдағы секілді, мұнда да заң әдеттегі акционерлік қоғам үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері белгілеген.
Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 50 000 еселенген мөлшерінде болады (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 10-бабының 1-тармағы) . Бұл Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж. заңдағы мөлшерден 10 есе артық. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері жөнінде жоғарыда аталған талаптар өзінің қызметін инвестициялық жекешелендіру қоры ретінде жүзеге асыратын қоғамға қолданылмайды.
Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың нақтылы құны бойынша төлеуі жөне акцияларды инвесторларға (инвесторға) Акционерлік қоғамдар туралы Заңның талаптарына сәйкес белгіленген орналастыру бағасы бойынша сату арқылы қалыптастырылады.
Құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға және құрылтайшылар оны қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, отыз күн ішінде толық төлеуге тиіс. Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайтуға акционерлердің жалпы жиналысының немесе соттың шешімімен жол беріледі (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 11-бабы) .
Акционерлік қоғамның өз капиталы дегеніміз - бұл қоғамның активтері мен пассивтері арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылатын мүлік. Акционерлік қоғамдарда өз капиталының дивидендтер төлеу мүмкіндіктерін анықтауда және өзге де кейбір жағдайлард а маңызы бар.
Акция үшін төлеу түрлі нысанда жүргізілуі мүмкін. Қоғамның орналастырылатын акциялары үшін төлеуге ақша, мүліктік құқықтар (оның ішінде интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтар), талап ету құқығы және өзге де мүлік енгізілуі мүмкін. Ақшадан басқа, өзге мүлікпен төлеу лицензияның негізінде әрекет ететін бағалаушы анықтайтын баға бойынша жүзеге асырылады.
Егер қоғамның орналастырылатын акцияларының төлеміне мүлікті пайдалану құқығы енгізілетін болса, мұндай құқықты бағалау қоғамның оны бүкіл пайдалану мерзімі үшін төлейтін мөлшеріне негізделеді. Аталған мерзім аяқталғанға дейін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының келісімінсіз мұндай мүлікті алып қоюға тыйым салынады.
АК-ның 89-бабының 1-тармағынан "акционерлік қоғам шеккен залалдың орнын толтыру үшін қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық капиталды арттыруға жол берілмейді" деген норма алынып тасталды. Бұдан келіп, қосымша акциялар шығарғанда несие берушілер алдындағы қоғамның борышын өтеу үшін қоғамның несие берушілері оларды сатып алуы мүмкін деген қорытынды шығады.
Акциялар үшін борышты есепке алу мемлекеттік акциялар пакетіне әсер етпеуі тиіс, өйткені өзгеше істеу мемлекеттік меншікті сатып алу кезінде жекешелендіру ресімін орағытып өтуді білдіретін болады.
Құрылтай шарты мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары больш табылады (АК-ның 87-бабының 1-тармағы) . Құрылтай шарты құрылтайшылардың құқықтары мен міндеттерін қоғамның құрылуы сатысында ғана реттейді. Сондықтан құрылтай шартының ашық қоғам құру жөніндегі әрекеті қоғам мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап және оның барлық құрылтайшыларының құрылтай шартында белгіленген міндеттемелерін орындаған соң тоқтатылады.
Өз кезегінде, қоғамның жарғысы өзінің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін анықтайды. Жарғыға қоғам құрылтайшыларының уәкілетті өкілдері қол қоюы тиіс және ол нотариаттық куәландыруға жатады. Барлық мүдделі тұлғалар қоғамның жарғысымен танысуға құқылы. Қоғам акционердің талап етуі бойынша оған қоғамның жарғысымен, сонымен бірге оған кейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысуға мүмкіндік беруге мнідетті.
Қоғам акционердің өзіне қоғам жарғысының көшірмесін беру туралы талабын үш жұмыс күні ішінде орындауға міңдетті. Қоғам акционерге жарғының көшірмесін бергені үшін ақы алуға құқылы, ол көшірме дайындауға, сондай-ақ жеткізіп беру қажет болған жағдайда оны жеткізуге жұмсалған шығындардан аспауға тиіс (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 9-бабының 3-тармағы) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz