Әлеуметтану жайлы жалпы түсінік


Кіріспе
“Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның societas- қоғам және гректің logos -сөз, түсінік, ілім дегенсөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. Бірақ бұл біршама абстрактілі ой, өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану пәнін қандайда бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. Ол үшін ең алдымен әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің ара жігін ажыратып алған жөн.
Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі бағытталатынныңбәрі, оған объективті шынайылық ретіндегі қарсы тұратын нәрсенің бәрі жатады. Нақты ғылымның зерттеу объектісі туралы әңгіме болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір бөлігі тұтас зерттелмейді, сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап зерттеледі. Объективті шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы нәрсе ретінде немесе берілген объектінің міндетті шартты ретінде қарастырылады.
Объект дегеніміз белгілі бір немесе ерекше қасиеті бар объективті шынайылықтың және бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы. Және де объективті шынайылықтың бір саласының өзі көптеген ғылымның зерттеу объектісі бола алады. Мысалы, физикалық шынайылық- көптеген жарастылыстану және техникалық ғылымдардың, ал әлеуметтік шынайылық -қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі. Қоғам адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшклкнген зерделеу объектісі бар. Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес, оның қандай да бір жағы немесе көрінісі. Экономика ғылымдарының ерекшкленген объектісі-қоғамдық өмірдің материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, алмасу және тұтыну сияқты өзіне тән жақтары. Қоғам өмірінің экономикалық саласынан едәуір өзгеше жағы - саяси биліктің ұйымдастырылуына, қызмет етуіне және дамуына байланысты саясат саласы болып табылады. Және де ол саяси ғылымдардың ерекшеленген объектісі болып табылады. Бірқатар ғылымдар-мәдениеттану, әлеуметтік психология, педагогика және басқалар - қоғамның рухани өмірін, рухани құндылықтарды өндіру және бөлу, адамдардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге арналған.
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Әлеуметтік философия дегеніміз философияның қоғамның сапалық өзіндік ерекшеліктерін және оның табиғаттан өзгешеліктерін ұғынуға арналған бөлімі. Ол қоғамның өмір сүруінің мәні мен мақсатының, оның дамуының, тағдыры мен перспективаларының, бағыттылығының, қозғаушы күштерінің және оның дамуының проблемаларын талдайды. Әлеуметтік-философиялық ой-толғанымдардың пәндік саласы қоғам өмірін зерттеу, ең алдымен олардың бел ортасында өмірдің маңызды проблемалары тұратын дүниетанымдық мәселелерді шешу тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Әлеуметтік философия мен әлеуметтанудың зерттеу объектілерінің бір-біріне дәл келетін тұстары өте көп. Әлеуметтік философия да, әлеуметтану да қоғамды тұтас, әлеуметтік жүйелі ретінде, оған енетін бірліктерін интегралдық құылым ретінде қарастырады. Әлеуметтік философия қоғамдық проблемаларды қисынды ой-толғаныс тізбегінде дамитын белгілі бір ұстанымдарды басшылыққа ала отырып шешеді. Әлеуметтану болса басқа қоғамдық ғылымдардың нәтижелерін пайдалана отырып, эмпирикалық тексерілетін әлеуметтік фактілерді жинауға және талдауға, осы ғылымның шеңберінде алынған тиісті эмпирикалық мәліметтерді тұжырымдауға сүйенеді.
Маркс Вебердің қосқан үлесі
XIX-XX ғасыр аралығы К. Маркске неғұрлым күшті оппонент ретінде неміс социологы Маркс Вебердің (1864-1920) шығуымен ерекшеленеді. Маркс сияқты Вебердің де ғылыми ізденістерінің басты тақырыбы-капитализм болды. XIX ғасырда дүниеге келген Вебер капитализмді тура Маркс білгендей көрді, оның даму эволюциясының куәсі бола отырып, социолизмнің алғашқы қаламдарына бақылау жасады. Бұл социологтың көрген әлеуметтік жылжуының нәтижесі қазір шындыққа айналып отыр.
Вебер ғылыми айналысқа “рационализм”, “оңды типтер” деген категорияларды енгізді. Вебердің пікірінше, рационалділік-дәуірдің не оңды қоғамдық мүддесін білдіретін әлдебір үлгіге “әлеуметтік әрекеттердің” сәйкес келуі. Социология адамдардың әлеуметтік әрекеттерін реттейтін оңды типтер (оңды үлгілер) туралы ғылым болады. Әлеуметтік әрекеттер негізінде индивид тән және тиісті (басқаша айтқанда:”жақсы” деген не, “жаман” деген не) түсінікеріне басшылық жасай отырып, өзіндік “Менің” білдіреді. Міне бұл-социологияның негізгі нысаны.
Неміс әлеуметтанушысы М. Вебердің көз қарасы бойынша, әлеуметтану пәнін анықтау әлеуметтік мінез - құлықты түсінумен тығыз байланысты. М. Вебер үшін әлеуметтану пәні дегеніміз әлеуметтік іс-әрекеттердің мән-мағынасының, әлеуметтік қарым-қатынастар мәнінің және олардың әрекет субъектісіне арналған құрылымдарының тұтас жиынтығы. Бұл позетивтік-баяндаушы емес, түсінікті әлеуметтану болуға тиіс.
Біздің заманымыздың ең қатерлі күші деп бағалаған капитализмнің табиғаты мен одан арғы тағдырын түсінуге тырысқан Вебер өзінің “Протестандық этика және капитализм рухы” атты еңбегінде оның шығу тарихына талдау жасайды.
Экономиканың тарихи дамуының шешуші кілті ретінде бағалай отырып, маркстік методологияның мәнін жоққа шығармаған Вебер саналы түрде “кері себептік байланысты”- идеологияның экономикаға әсерін жоққа шығармайды.
Ол феодолизмнен капитализмге өтеудегі жетекші роль атқаратын идеологиялық форма екендігіне тоқтала келіп, ол дін ойлаудың өзіне тән стилінің- рационалділіктің қалыптасуына әсер етеді деген қорытындыға келеді. Вебердің пікірі бойынша, рационалділік өз мақсаты мен оған жетудің жолын айқын анықтайтын қожайын сүбьектінің дұрыс байланысын іске асырады. Әлемдік діндер белгілейтін этикалық ережелерді салыстыра отырып, Вебер батыс европалық рационализм генезисіде анықтау этикасы мен аскетизмге сүйенген протестантизм үлкен роль атқаратындағын айтады. Протестандық этика рационализмі ғана экономикалық өмірді тікелей рационалдауға әсер етеді, адамдарды пайда табуға, рационалды еңбек тәртібіне ұмтылдырады. Протентанизмнің мәнін 1647 жылғы “Вестминстерлік дін жолы” мәтінінен үзінді келтіре отырып төмендегі пункттерде баяндайды:”Әлемді жасаған және оны билейтін Тәңірі, құдай, бар, бірақ оған адам баласының санасы жетпейді; бұл құдіреті күшті әрі құпиясы мол құдай алдын ала біздің әрқайсысымызды құтқару мен өлген жағдайда қалай айыптауды белгілеп қойған, ал біз өз күшімізбен құдайдың белгілегенін өзгертуге дәрменсізбіз; Құдай әлемді өзі үшін жаратты; адам Құдайдың құдіретін арттыру және жер бетінде Құдай патшалығын орнату үшін қызмет етуі керек; әлемдегі істер, адам табиғаты бәрі күнә мен өлім категориясына жатады, одан құтқарылу-адамға жоғарыдан берілетін Тәңір сыйы”.
Сенушінің құтқарылу мәселесі діни-салт жораларына не құтқарушының көмегінен емес, “Құдайдың құдіретін арттыратын еңбектен” көрінеді. Протестанттық этика әлемдік кәсіби еңбекке мән береді, “өз таңдауына деген сенім білдіреді”.
М. Вебер протестандық этиканың көптеген талаптарының туып келе жатқан капитализм рухымен кейбір сәйкестіктерін көрсетеді; пайда алу үшін шаршамай еңбектеніп, аскетикалық мінез-құлыққа бой ұсыну керек. Осылайша, пайда тұрмыста рахаттану үшін ғана емес, неғұрлым көбірек өндіруге деген қажеттілігін қанағаттандыру және тұрақты түрде реинвестияциялау үшін де маңызды. Вебер адамның мінез-құлығы оның дүниетанымынан, белгілі бір әрекетке деген қызығушылығы адам басқаратын құндылықтар жүйесімен шарттас келеді деген қорытындыға келеді.
Вебердің пікірінше, рационализация-бүкіл әлемдік тарихи процесс. Шаруашылықты жүргізу, экономика мен саясатты басқару әдісі оңтайланады.
Оңтайлану, Вебердің пікірінше, басқару құрылымдарында, әсіресе бюрократияда неғұрлым қатаң түрде жүзеге асады. Капитализм; оны дүниеге әкелмесе де, “оның дамуын жеделдетуші дөңгелек” болып табылады, бюрократия ертеде де болған. Протесті оңтайлану-бюрократияны ығыстырып шығарады, бұл дегеніміз-“Батыс тағдыры” және оның капитализмі. Бюрократия адамы “иесіз құлдық бұғауынан” “көнгіштік пен тандағыштық құтысына” әкеліп соғады (М. Вебер) . Вебер бюрократияның кең тарайтындығы туралы қорытынды жасады, өйткені ол ұйымдасудың басқа формаларымен салыстырғанда таза техникалық жағынан артық еді. Ол бюрократияны ұйымдасудың ең оңды формасы болып саналады. Оның әрекеті белгіленген ережелер негізінде “адам факторын есепке алмастан” табысты түрде жүзеге асуы мүмкін. Оның үстіне, өз “машинасының” әр жұмысшысының еңбек көлемін дәл анықтай отырып, бюрократия бейберекетсіздікке соққы береді. Бұдан шығатыны, еңбек өнімділігінің айтарлықтай артуы бюрократияның үстемдік етуінің себептерінің бірі болып саналады.
Бюрократияның қызметеріне талдау жасай отырып, Вебер ол әлеуметтік өмірдің шынайы мәселелерін өзі шеше алмайды, өйткені ол стандарттармен, нұсқаулармен және т. б шырмалған деген қорытындыға келді. Ол алғашқылардың бірі болып бюрократия мен демократияның арасында кикілжің болатындығына назар аударады. Вебердің плебисцитарлы тоериясында демократия мақсат ретінде емес, әдіс және құрал ретінде қарастырылады. Бұл-лидерлерді таңдау тәсілі, бұл оның басқаруға заңдылық беру сондай-ақ жұртшылықты саяси істерге, яғни сайлауға қатысуға тарту тәсілі. (Бұл, Вебердің пікірінше, жұртшылықты саяси істерге қатыстырудың бірден-бір жолы) .
Вебер теориясында басты тұлға харизматикалық лидер болып саналады, оны тікелей дауыс беру арқылы халық сайлайды және халықтың алдында жауапкершілікте болады. Мұндай лидер бюрократиядан жоғары тұрады, ол бір өзі (жоғарыдан) бюрократияға халықсыз (төменнен) бақылау жасайды. Бұл қызметті (бақылауды) азаматтар харизматикалық лидерге делегат жіберу арқылы атқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz