Қазақстан халқына этнодемографяилық сипаттама



Кіріспе

1. Қазақстан халқына этнодемографяилық сипаттама.
1.1. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану.
1.2. Халықтың жастық.жыныстық құрамы.

2. Қазақстан халқының демографиялық жағдайы.
2.1. Халықтың табиғи өсімінің төмендеуі және өсу жолдары.
2.2. Қазақстандағы көші.қон мәселесі
2.3. Демографиялық детерменизм

3. Демографиялық болжам

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.

Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім-бұтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің ахуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор. Сондықтан тәуелсіздігін әлем таныған, БҰҰ-ның толыққанды мүшесі Қазақстан ұлысы дүниенің төрт бұрышындағы өзінің географиялық орны мен әлем халықтары арасындағы үлес салмағын айқын түсіне білуі керек. Ол қазақ ұлысының геополитикалық және демосаяси санасының негізгі өзегі болуға тиіс.
Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы ол ұлттық санамыздың бастау алар мәйегі және оны өсіре алатын басты дәнекері. Өткен ғасырларда бытыраңқы халықтың, басын құрау, оны бір орталыққа тас түйін етіп топтастыру тайпалар мен рулық бірлестіктерді өзара туыстастыратын жақындастырудан, олардың шежіре тарихын мадақтап, құрмет тұтудан басталған. Ал бүгінгі күні бұл құбылыста дәстүрлі тарихи-этнографиялық ой-сананың рөлі артып отыр.
Республикамыздың географиялық картасына көз салсақ екі бірдей құрлықтың территориясында орналасқанын байқаймыз. Алып Евразия суперконтинентінің кіндік ортасы Қазақстанда жатқандықтан және республика жер көлемінің 400 мың шаршы шақырымы, яғни 15 %-і (Швеция мемлекетінің жерімен тең) Европада орналасқандықтан өзімізді Европалық және Азиялық мемлекет деп те есептеуге болады. Оның үстіне негізгі ұлтты Азиялық нәсілдерден тұратын мемлекеттердің ішінде республикамыз ең солтүстікке, нағыз қоңыр салқын белдеуде орналасқан бірден-бір ел. Бұл солтүстік белдеуге Қытай мемлекеттерінің Маньчжурия жері ғана сәл жақындап келеді. Республикамыздың солтүстік деңгейінен батысқа қарай бойлай қарасақ, ол Дания, Шотландия, Канада жерімен бір ендікте жатқанын байқаймыз.
Қазақ халқының ұстамды мінезі, салқын қанды сабырлы қимылы солтүстік қоңыр салқын белдеу табиғатының ықпалымен қалыптасқан игі қасиет.
Сонымен қатар Қазақстан жерінің ең оңтүстік нүктесі (Жетісай ауданы) өзі орналасқан белдеудің шығысында Солтүстік Қытай, Корея, Жапония жерімен, ал батысында Солтүстік Түркия, Португалия, АҚШ-пен қатар жатқанын ескерсек солтүстік белдеуде жаралған ақсары нәсіл ретінде көзге түсеміз. Қазақстанның ең оңтүстік нүктесі элемдегі ірі қалалар Чикаго, Нью-Йорк, Мадрид, Стамбул, Пекин, Пхеньян қалаларымен тұтас жатыр, ал солтүстік нүктесі Москва, Копенгаген, Глазго, Бельфаст қалаларымен қатарлас келеді. Республикамыздың оңтүстік облыстары Канаданың Квебек, Манитоба, Колумбия сияқты штаттарымен бір ендікте орналасқан. Орташа ендік бойынша өлшер болсақ, Қазақстан территориясы Қиыр Шығыстағы Маньчжуриямен, батыста Франциямен бір белдеуде орналасқан. Алып Евразия құрлығының ішкі түкпірінде, жылы мұхиттар мен теңіздерден алыс жатқандықтан республикамыздың климаты әлдеқайда қатаң. Сондықтан қазақ ұлтын салқын белдеуде қалыптасқан салмақты, салиқалы, дарқан мінезді халық беп айтуымызға толық негіз бар. Ал нәсілдік жағынан ақ нәсіл мен қасиеті мол сары нәсілдің ортасынан шыққан ерекше түсті нәсілдердің өкілі болып саналады. Ол ғылым тілінде аралас тұран нәсілі немесе өткінші, аралық Оңтүстік Сібір нәсілі деп аталынады. Қазақ халқын нәсілшілдік идеологтар мен кейбір ғалымсымақтардың нәсілдік жағынан кем тұтуына ешбір негіз жоқ. Керсінше қазақ ұлтының қанына екі нәсілдің ең игі, асыл қасиеттері дарыған. Қазақстан ұлысы Шығыс пен Батыс елдерін байланыстыратын дәнекер болса, қазақ ұлты ақ нәсіл мен сары нәсілдің ұрпағы ретінде екеуін де туыстастырып, жақындастыратын төл баласы.
Географиялық орналасуы жағынан тәуелсіз жас Қазақстан республикасы бұрынғы жыртқыш отаршыл империялар, қазіргі мейлінше көп ұлтты Ресей мен Қытай мемлекеттерінің арасында қыспақта жатыр. Оңтүстікте түркі тілдес тәуелсіз жас мемлекеттер Өзбек, Қырғыз және Түрікмен республикаларымен шектеседі. Сонымен қатар Каспий теңізі арқылы туысқан Азербайжан және іргелес Иранмен қатынасуға болады. Қазақстанның құрғақтағы шекара ұзындығы өзімен қатарлас Үндістан, Судан, Аргентинадан басым түседі. Ресей, Қытай, Канада, АҚШ, Бразилия сияқты елдерден кейінгі алтыншы орынды алып жатыр. Егер нақтырақ айтар болсақ, ұзын ырғасы 15 мың шақырымға жететін шекарамыздың басым бөлігі, яғни 8 мың шақырымы солтүстік-батыста Ресеймен, 2 мыңы оңтүстік шығыста Қытаймен, ал 5 мыңы оңтүстігімізде Орта Азия республикаларымен шектеседі. Оған тағы 1,5 мың шақырымдық теңіз шекарасын қоссақ, шекара ұзындығы 16,5 мыңға жетіп, жарты экватор болады. Оны қорғау, еліміздің тәуелсіздігін қамтамасыз ету бүгінгі күннің өмір талабы. Әсіресе Ресеймен шекарамыз этнодемографиялық құрам жағынан өте әлсіз және мейлінше қауіпті.
Саны жағынан қатты әлсіреген қазақ халқының өз жерінде азшылықта қалуынан кереғар, күңгір көріністер туындайтын болса, оның өзінен саны басым халықтармен іргелес жатуы қосымша қиыншылықтарға алып келеді. Шығысымызда халқының саны қазақтан 100 еседен астам, 1 млрд-тан асатын Қытай мемлекеті орналасқанын естен шығармауымыз керек. "Қара қытай қаптаса-ақыр заман болады" деп бабаларымыз бұдан 500 жыл бұрын өз ұрпағын ерекше ескерткен. Солтүстігімізде қазақтың саны 15 еседен артық "ормандай көп орыс" жайғасқан. "Орыспен дос болсаң-айбалтаң жаныңда болсын" деп бұдан 300 жыл бұрын айтқан екен отаршылдық өктемдіктен әбден мезі болған момын қазақ бабамыз.
Тегіміз бір түрікмен, өз ағамыз өзбек және бір туған қырғыз бауырларымыз

Кіріспе
1. Қазақстан халқына этнодемографяилық сипаттама.
.1. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану.
.2. Халықтың жастық-жыныстық құрамы.
. Қазақстан халқының демографиялық жағдайы.
.1. Халықтың табиғи өсімінің төмендеуі және өсу жолдары.
.2. Қазақстандағы көші-қон мәселесі
.3. Демографиялық детерменизм
. Демографиялық болжам
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім-бұтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің ахуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор. Сондықтан тәуелсіздігін әлем таныған, БҰҰ-ның толыққанды мүшесі Қазақстан ұлысы дүниенің төрт бұрышындағы өзінің географиялық орны мен әлем халықтары арасындағы үлес салмағын айқын түсіне білуі керек. Ол қазақ ұлысының геополитикалық және демосаяси санасының негізгі өзегі болуға тиіс.
Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы ол ұлттық санамыздың бастау алар мәйегі және оны өсіре алатын басты дәнекері. Өткен ғасырларда бытыраңқы халықтың, басын құрау, оны бір орталыққа тас түйін етіп топтастыру тайпалар мен рулық бірлестіктерді өзара туыстастыратын жақындастырудан, олардың шежіре тарихын мадақтап, құрмет тұтудан басталған. Ал бүгінгі күні бұл құбылыста дәстүрлі тарихи-этнографиялық ой-сананың рөлі артып отыр.
Республикамыздың географиялық картасына көз салсақ екі бірдей құрлықтың территориясында орналасқанын байқаймыз. Алып Евразия суперконтинентінің кіндік ортасы Қазақстанда жатқандықтан және республика жер көлемінің 400 мың шаршы шақырымы, яғни 15 %-і (Швеция мемлекетінің жерімен тең) Европада орналасқандықтан өзімізді Европалық және Азиялық мемлекет деп те есептеуге болады. Оның үстіне негізгі ұлтты Азиялық нәсілдерден тұратын мемлекеттердің ішінде республикамыз ең солтүстікке, нағыз қоңыр салқын белдеуде орналасқан бірден-бір ел. Бұл солтүстік белдеуге Қытай мемлекеттерінің Маньчжурия жері ғана сәл жақындап келеді. Республикамыздың солтүстік деңгейінен батысқа қарай бойлай қарасақ, ол Дания, Шотландия, Канада жерімен бір ендікте жатқанын байқаймыз.
Қазақ халқының ұстамды мінезі, салқын қанды сабырлы қимылы солтүстік қоңыр салқын белдеу табиғатының ықпалымен қалыптасқан игі қасиет.
Сонымен қатар Қазақстан жерінің ең оңтүстік нүктесі (Жетісай ауданы) өзі орналасқан белдеудің шығысында Солтүстік Қытай, Корея, Жапония жерімен, ал батысында Солтүстік Түркия, Португалия, АҚШ-пен қатар жатқанын ескерсек солтүстік белдеуде жаралған ақсары нәсіл ретінде көзге түсеміз. Қазақстанның ең оңтүстік нүктесі элемдегі ірі қалалар Чикаго, Нью-Йорк, Мадрид, Стамбул, Пекин, Пхеньян қалаларымен тұтас жатыр, ал солтүстік нүктесі Москва, Копенгаген, Глазго, Бельфаст қалаларымен қатарлас келеді. Республикамыздың оңтүстік облыстары Канаданың Квебек, Манитоба, Колумбия сияқты штаттарымен бір ендікте орналасқан. Орташа ендік бойынша өлшер болсақ, Қазақстан территориясы Қиыр Шығыстағы Маньчжуриямен, батыста Франциямен бір белдеуде орналасқан. Алып Евразия құрлығының ішкі түкпірінде, жылы мұхиттар мен теңіздерден алыс жатқандықтан республикамыздың климаты әлдеқайда қатаң. Сондықтан қазақ ұлтын салқын белдеуде қалыптасқан салмақты, салиқалы, дарқан мінезді халық беп айтуымызға толық негіз бар. Ал нәсілдік жағынан ақ нәсіл мен қасиеті мол сары нәсілдің ортасынан шыққан ерекше түсті нәсілдердің өкілі болып саналады. Ол ғылым тілінде аралас тұран нәсілі немесе өткінші, аралық Оңтүстік Сібір нәсілі деп аталынады. Қазақ халқын нәсілшілдік идеологтар мен кейбір ғалымсымақтардың нәсілдік жағынан кем тұтуына ешбір негіз жоқ. Керсінше қазақ ұлтының қанына екі нәсілдің ең игі, асыл қасиеттері дарыған. Қазақстан ұлысы Шығыс пен Батыс елдерін байланыстыратын дәнекер болса, қазақ ұлты ақ нәсіл мен сары нәсілдің ұрпағы ретінде екеуін де туыстастырып, жақындастыратын төл баласы.
Географиялық орналасуы жағынан тәуелсіз жас Қазақстан республикасы бұрынғы жыртқыш отаршыл империялар, қазіргі мейлінше көп ұлтты Ресей мен Қытай мемлекеттерінің арасында қыспақта жатыр. Оңтүстікте түркі тілдес тәуелсіз жас мемлекеттер Өзбек, Қырғыз және Түрікмен республикаларымен шектеседі. Сонымен қатар Каспий теңізі арқылы туысқан Азербайжан және іргелес Иранмен қатынасуға болады. Қазақстанның құрғақтағы шекара ұзындығы өзімен қатарлас Үндістан, Судан, Аргентинадан басым түседі. Ресей, Қытай, Канада, АҚШ, Бразилия сияқты елдерден кейінгі алтыншы орынды алып жатыр. Егер нақтырақ айтар болсақ, ұзын ырғасы 15 мың шақырымға жететін шекарамыздың басым бөлігі, яғни 8 мың шақырымы солтүстік-батыста Ресеймен, 2 мыңы оңтүстік шығыста Қытаймен, ал 5 мыңы оңтүстігімізде Орта Азия республикаларымен шектеседі. Оған тағы 1,5 мың шақырымдық теңіз шекарасын қоссақ, шекара ұзындығы 16,5 мыңға жетіп, жарты экватор болады. Оны қорғау, еліміздің тәуелсіздігін қамтамасыз ету бүгінгі күннің өмір талабы. Әсіресе Ресеймен шекарамыз этнодемографиялық құрам жағынан өте әлсіз және мейлінше қауіпті.
Саны жағынан қатты әлсіреген қазақ халқының өз жерінде азшылықта қалуынан кереғар, күңгір көріністер туындайтын болса, оның өзінен саны басым халықтармен іргелес жатуы қосымша қиыншылықтарға алып келеді. Шығысымызда халқының саны қазақтан 100 еседен астам, 1 млрд-тан асатын Қытай мемлекеті орналасқанын естен шығармауымыз керек. "Қара қытай қаптаса-ақыр заман болады" деп бабаларымыз бұдан 500 жыл бұрын өз ұрпағын ерекше ескерткен. Солтүстігімізде қазақтың саны 15 еседен артық "ормандай көп орыс" жайғасқан. "Орыспен дос болсаң-айбалтаң жаныңда болсын" деп бұдан 300 жыл бұрын айтқан екен отаршылдық өктемдіктен әбден мезі болған момын қазақ бабамыз.
Тегіміз бір түрікмен, өз ағамыз өзбек және бір туған қырғыз бауырларымыз болашақта өз еркімен келіп санымызға сан қосса, олардан тіліміз бен ділімізге келер еш зиян жоқ.
Республикамызда славян халықтарымен қатар, түркі тілдес халықтар сан жағынан айтарлықтай дәрежеде қоныстанған. Олармен араласудан тілімізді байытып, дінімізді берік етеміз, мәдениетімізді өркендетіп, мемлекеттігімізді күшейте аламыз. Олар біздерге алғашында сүйеу ғана емес, кейін кірме де болып, сандық жағынан өсуімізге әсер ете алады. Түркі тілдес ұлт өкілдері бізге нәсілі де, тілі де, мәдениеті де бөтен келімсектерді арамыздан жылдам ығыстырып шығаруға себін тигізе алады. Жақын арада 3-4 есеге дейін өсім бере алатын шығыс халықтарының саны республикамызда 1,5 млн. адам.
Тәуелсіздігімізге қол жетіп, дербес мемлекетімізді құрып отырған бүгінгі таңда сыртқы елдермен халықаралық байланысқа ерекше мән берген жөн. Сыртқы саясатымыз:-біріншіден, қызыл империяның отаршылдық саясатымен байлап-матап тастаған Ресейдің бұғауынан толық азат болуға; екіншіден, Тынық Мұхит пен Азия аймағының елдерімен жан жақты байланысты дамытуға; үшіншіден, өркениетті, дамыған Шығыс пен Батыс елдерімен ынтымақты күшейтуге; төртіншіден, тарихы мен мэдениеті, тілі жақын мұсылман елдерімен ежелгі байланысты қалпына келтіріп, өркендетуге бағытталуы қажет.

1.Қазақстан халықына этнодемографиялық сипаттама.
1.1. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану тарихы.

Қазақстан халқының көп ұлттық құрамының қалыптасуы XVIғ. басталды. Бұл кезде Ресей өкіметінің қудалауынан қашқан орыстар, украиндықтар, татарлар және басқа ұлттардың өкілдері қазақ еріктілері деп аталатынға бірікті. 1890 жылдары Ресей мен Украинадан келген шаруалардың отарлауы күшейе түсті. Ресейдің әскери және миграциялық экспансиясының барысында салынған бекіністердің негізінде негізін орыстар, украйндықтар және татарлар мекендеген алғашқы отарлық қалалар пайда болды.
1881-1883 ж.ж Қытайдың солтүстік-батысынан 50 мыңдай дүнгендер мен ұйғарлар көшіп келді.
жылы Шымкент пен Ташкенттің құлауынан кейін бұл жерге Ресей империясының орталық губерниясынан орыс және украйн жерсіз қалған шаруаларын көшіре бастады. Қоныстанушылардың басым көпшілігі суғармалы егіншілікпен таныс емес еді, сондықтан облыстың оңтүстік-шығысындағы барлық өзен алқаптарын мекендеді.
Қазақстанды шаруалардың отарлауы XIX ғ. Соңғы он жылында және ХХғ басында Столыпиндік аграрлық реформаға байланысты ерекше күшейді. Небір 46 жылдың ішінде (1871 -1917 ж.ж) өлкеге 1,6 млн. Адам келіп тұрақтап қалды, олардың негізгі көпшілігі 1907-1916 жылдарға келеді. Осының салдарынан XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында өлкеде 60-тай ұлтың өкілдері тұрды, олардың ішінде түрік тілдес халықтардан (өзбек, ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт т.б.) басқа неміс, поляк, мордва, дүнген, тәжік, еврей және т.б . бар еді.
жылы халық санағы бойынша Қазақстанның қазіргі шекарасында 6198,4 мың адам тұрды, олардың 58,5 проценті қазақ, 20,6 проценті-орыс, 13,9 процент-украйн ,2,1 процент-өзбек, 1,3 процент -татар, 1,0 процент-ұйғыр, 0,8 процент-неміс және т.б.
-1934 ж.ж Қазақстанда ашаршылық басталды, ол көшпенді және жартылай көшпелді елді отырықшыландыру, сол сияқты қолдан урбанизациялау істерін зорлап ұжымдастыру саясатымен ұштастыра жүргізуі салдарынан туды. Жүздеген мың орыстар, украйндар, ұйғырлар және басқа ұлт өкілдері қырылды, бірақ қырылғандардың негізгі көпшілігі қазақтар болды. Қолда бар есеп бойынша 1929-1938ж.ж. 2610 мың қазақ қырылды, 1935-1938 ж.ж. әлеуметтік және саяси репрессияның салдарынан 135 мың адам жойылды. Қазақтардан барлық шығын 2750 мың адам болды.
-1930 ж.ж. ішінде жаңа құрылып жатқан совхоздарға елдің әртүрлі облыстарынан 65 мың отбасы көшіп келді. 1940ж. Украина мен РКФСР-дің жері аз аудандарынан, әсіресе Мордавия, Чувашия, Татарстан жэне басқа республикалардан ерік білдірген шаруаларды ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу басталды.
ж.ж. ақырында бірсыпыра этностық топтардың жер аудару басталды, олардың бір бөлігі Қазақстанға жер аударылды. 1937 ж. қыркүйек-қазан айларында Қиыр Шығыстан Қазақстанға 110 мың корейлер, Азербайжан мен Армениядан 2,4 мыңнан астам ирандық, әзірбайжан, курд, армиян отбасылары Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына жер аударылды.
ж. халық санағы бойынша қазақтардың үлес салмағы 1926 ж. салыстырғанда 20,5 дәрежеге құлдырап, 38%-ке тең, украйндердің үлесі 13,9-дан 10,8%-ке, өзбектер 2,1-ден 0,66%-ке төмендеді.
Орыстар Қазақстандағы ең ірі этностық топқа айналды, олардың үлес саны 20 дәрежеге өсіп, 40,2%-ке жетті. Немістер 1,5%-ке, корейлер 1,6, белорустар 0,5% болды.
Соғыс жылдары Қазақстанға көшіп келушілердің тасқыны шұғыл артты. Жаппай жер аударудың қарсаңында, 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 54696 поляк, 3569 латыш, 808 ливан және т.б. тұратын. Елдегі неміс халқының да тағдыры осылай болып шықты. 1941 жылғы тамызда Қазақстанға 349713 неміс көшіріп әкелінді, олардың жалпы саны 441713 болатын. Қалған немістер Қазақстанға 1944-1945 ж.ж. көшіп келді. Мұның үстіне Қазақстанның және елдің басқа жерлерінде жалпы саны 2,5 млн.адам неміс және жапон әскери тұтқындары жұмыс істеді.
Орта Азия мен Қазақстанға 1944 ж. ақпанда-чечен және ингуш халықтары, наурызда-балқарлар, қарашада - месхет-түріктері, қырым татарлары, қарашайлар және басқа халықтар күштеп көшіріліп әкелінді.
ж. чечен жэне ингуш халықтарының автономиялары қайтадан қалпына келтірілгеннен кейін олар Солтүстік Кавказға қайта көше бастады, қарашайлар, балқарлар, қалмақтар ағылып қайтып жатты. Гректердің, месхет түріктерінің, қырым татарларының, поляктардың, корейлердің, Еділ бойы немістерінің бір бөлігі Орта Азия мен Қазақстанда қалды.
-1962 ж.ж. тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Қазақстанға 2 млн. Жуық адам, олар негізінен елдің Европалық бөлігінен келді. Жұмысшылардың көпшілігі Украинадан, Белоруссиядан, Молдавиядан және Литвадан іріктеп алынды.
,1959,1970 ж.ж. халық санағы арасында Қазақстандағы ең саны көп этнос орыстар болып келген. 1939-1970 ж.ж. арасында орыстар, украиндар, белорустар халықтың басым көпшілігі болып келді .
Орыстар, татарлар, корейлер негізінен қалада тұратын этностар болып қалды да, қазақтар, немістер,өзбектер, әзербайжандар ауыл селолық этностар болды.
Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс шөл және шөлейт аймақтарының ауа-райы КСРО-ның Европалық бөлігінен, Сібір мен Қиыр Шығыстан көшіп келушілер үшін ұнамсыз болды. Алайда бұл облыстар қалаларына КСРО орталығы ведомстволардың күш салуымен экстенсивті жолмен өнеркәсіпті дамытуға, ірі көлемде күрделі құрылыстар жүргізуге жаңа қоныстаушылар жіберіліп жатты.
-1970 ж.ж. жалпы алғанда КСРО-ның басқа аудандарынан Қазақстан кіші-қоныс процесінің бәсеңдеуі байқалады.
Қазақстаннан басқа республикаларға көшіп кетушілер арасында 1988-1990 ж.ж. орыстар 53-55%, украиндар 9-12% , немістер 6-8 %, қазақтар 6-9% республикаға көшіп келушілер арасында орыстар 48 , украиндар 8%, немістер 5% қазақтар 20% болды.
жылы Қазақстаннан қазақ емес халықтар көшіп кетуінің нәтижесінде азайып кетті, ал Өзбекстаннан, Түркменстан және Ресейден қазақтар көшіп келуі нәтижесінде өсе бастады. Шығыс Европа елдерінен келген маман жұмысшылар Қазақстаннан кетіп жатыр, бірақ ҚХР-ден табыс табу үшін (ауылшаруашылық жұмыстарына және коммерцияға) қытайлар келіп жатты.
-1989 ж.ж. этнодемографиялық құрамының ағымы мынаны көрсетеді: 1979-1989 ж.ж. халықтың жалпы өсімінде қазақтардың үлес саны 70, орыстардың үлесі 13, немістердің үлесі 3 процент болды.

1.2.Халықтың жастық-жыныстық құрамы
Әлеуметтік –экономикалық тұрғыдан қарағанда үлкен ынталық көрсететін халықтың жыныстық-жастық құрамы еңбек ресурстарын мектепке дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балаларды (зейнеткерлерді: оларға материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті қаражаттарды анықтау мақсатында) есептеп шығару үшін ең маңызды сипаттама болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, әр жаңа туған 100-қызға шаққанда 104-107 ер баладан келеді. Физиологтардың пікірі бойынша сәбилік жалпы ер баланың организмі қыз баланың организмінен әлсіздеу болып келеді және ер баланың алғашқы өмірінде өлім-жітім көбірек болады.
Өмірдің бұл кезеңі қыз балада 0-12
Ол ұл балада 0 –, 6 –жас. Бұл екі жастың арасындағы балалық шақ. Осы екі ортада қыз бала немесе Ұл бала арасындағы алшақтықтар айќын байқалады. Бұлай болудың себебі: ұл балалардың организміне байланысты өлім-жітім көп болып, жыныс органдарыныњ кеш дамуы байќалады, қыз балалардың организмінің жыныстық жағдайының толық жетілуінің кезеңі жүреді.
Балалық шақтан кейінгі келесі шақ жастық шақ. Жас ерекшелігіне және физиологиялық дамуына байланысты ер бала мен қыз бала арасынғы алшақтықтар жақсы көрінеді. Жастық шақта өлім-жітімнің түрі өзгереді. Дамыған елдерде жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жол апат оқиғаларының көбірек болды және түрлі қақтығыстарда өлім-жітім көп болады. Сондай-ақ, алкоголизм мен темекі тартудың себептері бойынша еркектердің өлім-жітімі көбірек болады; дамушы елдерде әйелдердің өлімі көп тіркеледі. Бұл әйелдердің ерте некеге тұруынан бала тууынан, ауыр еңбекпен айналысуынан, мардымсыз тамақтанудан және қоғамдағы құқығының еркектермен тең еместігінен өлім-жітім көбейді.
Осы жас аралықта жыныстық құрылымдар толық жетіліп, отбасы құру дәрежесіне келеді. Осы кезде қыздардың бала тууға организмі толық жетілген кезі болады. Қазақ менталитеті бойынша ертеректе қыз баланы 13 жастан кейін күйеуге берген. Бұл қыз баланы неке құруға толық құқы бар болған шақ.
Ал қазіргі кезде қыз балалардың тұрмысқа шығуы 18-19 жасқа жоғарылады. Қазақстанда жүргізілген статистикалық мәлімет бойынша 2005 ж туу көрсеткішінің ең жоғарғы деңгейі 23-25 жас аралығында келді. Бұл, қазіргі жағдайда қыз балалардың мектепті ЖОО бітіргеннен кейін немесе соңғы курстарда күйеуге шығатынын көрсетеді.
Бірақта қазіргі экологиялық және физиологиялық қатынастардың алшақтауына байланысты, қыз балалардың 13-16 жас аралығындағы жастардың босануы, өлім-жітімнің көбеюіне әкелді. Мұнда ана мен бала өліп, көп жағдайда екеуі де бірге өліп кететін жағдайлар кездеседі.
Ер балаларға келетін болсақ 16-36 жас аралығында жыныстық ағзаларының толық жетіліп, олардың өмірге деген құлшыныстардың артуына өзін нағыз жігіт санауын қалыптастырады. Осы жастың 16-25 жаста ұл балалар оқуды аяқтап, ЖОО, армияға алыну кезењі ж‰реді. Орта жаста, қыз балыққа салынып, өлім–жітімнің көп болуына әкеледі. Шылым шегуге, алкоголизмді қабылдауды және одан әрі нашақорлыққа салынып кетулер көптеп кездеседі. Бұл жағдайлардың көпшілігінің соңы өлімге жетіп соқтырды немесе ер балалардың бедеулікке (белсіздікке) алып келеді. Қазіргі кезде нарықтық қатынасқа байланысты жастардың кеш үйленуі белең алып келеді, ол демографиялық ахуалға зиянын тигізуде.
Еңбек жасындаѓы адамдардың өлім-жітімінің көп кездесетін түрлері бойынша Қазақстанда мынадай болып келеді: бірінші орында –қан айналымының жүйесінің (жүрек-тамыр жүйесі) ауруларынан болатын өлім-жітім тұрады (жартысына жуғы); екінші орында–қайғылы оқиғадан, уланудан, жарақаттанудан болатын өлім–жітім; үшінші орында ісік ауруларынан болатын, өлім –жітім тұрады.
Еңбек жасындағы халықтың өлім-жітімінің құрылымы осындай.
Еңбек жасындағы еркектердің өлім-жітім деңгейі әйелдеркімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болып келеді. Бұл жұмыстағы жарақаттанумен, алкоголизммен және темекі тартумен байланысты, өлім-жітімнің мұндай секірмелі өлуі соғыс болған жағдайда көптеп кездеседі. Бұрын эпедемиялар жұқпалы аурулардан туындайтын демографияның еркектермен әйелдердің арасынағы алшақтықты байќаймыз.
Пирамидаға қарай отырып, 1000 адамға шаққандағы туылған сәбилер бойынша ұл балалар көп болса, 20-25 жасқа келгенде екі жыныс ортасында өлім-жітімге байланысты теңесе бастайды. 25 жас аралығынан кейін қыз балалар саны көбейе бастайды. Қазақстанда әйелдердің артықтығы 600 мың адамда болған (1000 әйелге- 900 еркек). Барлық жерде жастардың арасында еркектер көбірек те, ал, ересек адамдар арасында әйелдер көбірек болып келеді.
Себебі, әлі күнге дейін екінші дүние жүзілік соғыстың, соғыстан кейінгі репрессияның зардаптары байқалуда: соғысқа қатысқан елдердің ересек адамдар арасындағы әйелдердің артықтығы табиғи құбылыс жесірлік пен жалғызбастылық көптеген әлеуметтік-психологиялық проблемалар туғызады.
Халықтың жыныстық құрылымына көші-қон айтарлықтай ықпал әсер етеді. Бұл жағдайда еркектер әйелдермен салыстырғанда шымырлау келеді. Көші-қон қай жаққа бағыт алмасын, еркектер көбірек болады. Осыған байланысты жаңа игерілген аудандарда қала мен село халқының жыныстық құрылымының айырмашылығы байқалады.
Халықтың жынысы мен жасы жөнінде құрамы туралы ұғымдар оның жастық-тыныштық пирамидасында бейнеленеді. Пирамида сұлбасының сипаты бойынша ұдайы өсіп-өнудің типі туралы түсінік қалыптастыруға болады: І типі, өсудің тұрақтануы, станционарлық жастық құрылымы жіңішкеге созылған кескін деп немесе төменгі жіңішкелеу жағын, халықтың азаюы, регрессиялық жас құрылымы деп; ІІ типіне қарапайым жас құрылымы, пирамиданың үш бұрышты сұлбасы деп айтуға болады.

2.Қазақстан халқының демографиялық жағдайы
2.1. Халықтың табиғи өсімінің төмендеуі және даму жолдары.
Қазақстан халқының саны 2000 жыдың басында 14896,1 мың адам болды. 1989 және 1999 жылы 16199,2 мыңнан, 1999жылы 14953,1 мың адамға азайды. Шындығында жеке облыстар, қалалар және ауылдар арасында халықтың аумақтық қайта бөлінумен қатар жүретін халық санының кемуі, елді мекендер желісі мен жүйесінің қалыптасуына елеулі өзгерістер туғызады. Қазақстан халқының динамикалық аймақтар бойынша едәуір айырмашылықтары байқалады. Соңғы екі халық санағының арасында еліміздің аймақтарының 80% -да (78,6%), оның ішінде Павлодар облысында 85,6%, Ақмола облысында -78,6%-ға дейін,Солтүстік Қазақстан аймағында едәуір халық санының төмендегені байқалады. Тек Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында халықтың бұрынғыдай дәстүрлі өсу тенденциясы сақталуда. Бірақ бұл облыстарда да халық саны салыстырмалы азаюда. Екі халық санығының арасындағы он жылда халық саны недәрі 5,3%-ға ғана өсті. Халық санының және оның аймақтарының төмендеу тенденциясы еліміздің экономикасы тұрақталмайынша, халықтың тұрмыс жағдайы жақсармайынша біраз уақыт сақталуы мүмкін.
Әзірше елімізде және оның аймақтарында халықтың сыртқа жаппай қоныс аударуы байқалып, туу деңгейі төмендеуде.
Экономикалық реформалармен байланысты болған өзгерістер (өнеркәсіп, оның ішінде өндеуші салалар кәсіпорындарының жабылуы) урбандалу үрдісіне едәуір әсер етті. Еліміз және оның аймақтарында қала халқы санының өсуі баяулап, оның керісінше жедел төмендеуі байқалуда. Жалпы алғанда Қазақстан бойынша халық саны екі халық санағының арасында 8,85%-ға төмендесе, еліміздің өнеркәсібі дамыған аймақтарында қала халқының саны- Алматы облысында 13,3%-ға Ақмола облысында -24,3%-ға азайды.
Қала халқы санының қысқаруы орташа және шығыс қалаларда көбірек болды. Олардың халық саны қысқарып қана қоймай, кейбір шағын қалалар тіршілігінің тоқталуы байқалды. Халықтың саны 10 мың болатын қалалар (1989ж. 67 болса, 1999ж. 60-қа түсті). Ал халқының саны 20 мың болатын қалалық елді мекендер он жылда 17 мыңға дейін төмендеп, Қазақстандағы орташа қалалар 42%-ға күрт азайды. 12 қаланың орнына 1999 жылы 7 ғана қала қалды. Сондай-ақ ірі қалалар саны да, азайды. Республикадағы осы қатардағы 25 үлкен қаланың орнына бүгінде бір ғана Алматы қаласын қалды. Реформа кезеңінде 500 мыңнан төмен тұрғыны бар қалалар Қарағанды қаласы жатты (1989 жылы 507,3 мың адам, ал 1999 жылы - 436,9 мың адам).
Халық санағы аралығы кезеңінде қала халқы негізінде елімізден тысқары жерлерге көшіп-қонуы есебінен қысқарды.Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан сияқты екі аймақтағы халықтың бір шама өсуі-табиғи өсу және халықтың ауылдан қалаға, республика ішілік қоныс аударуы есебінен жүзеге асуда. Экономиканың құлдырауы, еліміз аумағы бойынша салыстырмалы түрде халықтың орналасуын біркелкі ете отырып, қала халқының шоғырлануының бұзылуын (декоцентрация ) күшейтуде.
Ауылдық қоныстану үрдесі қалыптасуының едәуір аймақтың айырмашылығы байқалады. 1999жылғы статистикалық мәліметке сүйенсек, ауыл халқының ең жоғарғы үлес салмағы Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына келеді. Осы екі облыстар үлесіне ауылдық мекендер тұрғындарының 35,6% келеді. Қазақстанның жеке аймақтарында ауыл халқы санының өзгерісі әрқалай. Мысалы, 1989-1999жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облыстарында орташа ауыл халқының саны 19,5%-ға азайды, Қарағанды облысында-21,2%-ға Шығыс Қазақстан облысында -14,2%-ға азайғандығы байқалды.
Ауылдан халықтың қалалық мекендерге кетуін жалпы шаруашылық тұрмысынан қарасақ, ауыл халқының кемуі заңды болып табылады. Бірақ Қазақстанда соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығы саласындағы дәлелсіз реформалар салдарынан (фермерлік шаруашылықтың жедел дамуы) көші-қонның жеделдеуімен байланысты ауылдық мекендердің елсізденуі орын алуда. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары ауылдық мекендерінен халықтың кетуі соншалықты, ауылда еңбекке жарамды адамдар қалмауда. Сондықтан мемлекет мүддесіне сай келетін бұл аудандарда халықтың ауылдық көші- қонуын реттеу мәселесі орын алуда. Халықтың динамикасы мен құрлымы ерекшілігін анықтайтын негізгі элемент туу болып табылады. Қазіргі кезіңде туу мыналармен анықталынады:
-1988 жылдан бастап туудың жалпы деңгейінің төмендеуге едәуір қарқынды болды. Тек 1990 жылдан 1992 жылға дейінгі кезеңде туудың жалпы деңгейінің төмендеуі едәуір қарқынды болды. Тек 1990 жылға дейінгі кезеңде туудың төмендеу қарқыны Қазақстан бойынша 9,3%-ды құрып, яғни туу коэффициенті осы кезеңде 1990 жылғы 21,7%-дан 1992 ж.19,2%-ға төмендеді. Мұнан кейінгі жылдары коэффициентінің төмендеуі едәуір болды. 1994-1997жж. кезеңінде туу коэффициенті 23,8%-ға, яғни 18,2%-дан 14,7%)-ға төмендеді. Туудың елеулі төмендеуі қала және ауыл хақына тән болды. Және де бұл үрдіс қарқынды түрде қалалар және қала типтес поселкелерде 1990 жылмен 1992 ж. аралығында, ал ауылдық қоныстарда 1994 пен1996 жылдар аралығында жүзеге асты. Бұл белгілі бір мөлшерде, қалалық қоныстарда әйелдердің төменгі ұдайы өсу (туу мүмкіндігі), ал ауылдық қоныстарда оның әлі де болса мүмкіндігінең болуымен түсіндіріледі. Қарастырылып отырған облыстарды алсақ, онда әрі жалпы, әрі қалалық және ауылдық қоныстар бойынша туудың ең жоғары төмендеуі Шығыс Қазақстан, ал ең төменгісі-Оңтүстік Қазақстанға тән болып келеді;
-әйелдердің жас айырмашылығына сай туу мүмкідігі дәрежесінің төмендеуі 30 жастан бастап құрт төмендейді (1996 ж. статистикалық мәлімет бойынша әйелдердің 30-34 жас аралығындағы туу мүмкіндігі 20-24 және 25-29 жаспен салыстырғанда төмен болып келеді);
-әйелдердің жас айырмашылығына сай туу мүмкіндігінің тек орыс әйелдері ғана емес, сонымен бірге қазақ әйелдерінің арасында да төмендеуі. Мысалы, 1996ж. статистикалық мәлімет бойынша қазақ әйелдерінің туу қабілеті негізінде 35 жасқа дейін аяқталады (баланың тууының 90,9%-ы 35 -ке дейінгі ана жасына келеді). Орыс әйелдерінің туу қабілеті 30 жасқа таман аяқталады (барлық туудың 84,1%-ы 30 жасқа дейінгі аналарға келеді). Мұндай тенденция қалаға да және ауылға да тән;
-жанұядағы бала санының қысқаруы. Орыстар негізінде қалалық қоныстарда екі баламен және ауылда үш баламен шектеледі. Қазақ әйелдері негізінде қалалық қоныстарда үш баламен (90,0%) және ауылда төрт баламен (91,4%)шектелді.
.2. Қазақ халқының өсіп-өну мәселелері туралы.
Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметіне жүгінсек, соңғы мәліметтер біршама қуантып, қазақ халқының саны көбейгендігін дәлелдейді.
Тұрғындардың саны 01.12 04.ж.-15,068 миллион адамды құрады. 2004 жылдың басынакн салыстырғанда халық саны 116,9 мың адамға өсті.
Халықтың өсуі табиғи өсімнің, миграция, өлім-жетім азаю есебінен болды. Республиканың табиғи өсімі 23,2% өсіп, өлім-жетім 2,2% төмендеді. Некелесу процесі төрт есе өсті. 2004 жылдың 11 айының ішінде мигранттардың саны 8% өсіп, 63,9 мың адамды құрады. Ал кеткендердің саны 12,1% азайып, 61,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздықтың деңгейі 8,8% төмендеді. Тұрғындардың экономикалық белсенділігі 69,9% құрады. 7,2 миллион экономикалық белсенді халықтың 7,2 миллион адам жұмыспен қамтылды.
жылғы 1 қаңтардағы халықтың құрамы- М.Б.Татимов.
Ұлттар
Барлығы
Табиғи өсім
Үлес салмағы
Жалпы саны
14 950 000
Қазақтар
8 555 000
+ 7

Орыстар
4 050 000
-10

Украиндер
470
-243,1
,1
Өзбектер
405
+9
,8
Немістер
260
-25
,3
Татарлар
230
-8
,2
Ұйғырлар
220
+ 5
,1
Корейлер
100
+ 1
,5
Беларустар
95
-15
,5
2004 жылғы қаңтардағы халықтың құрамы- Л.Татимов, ж-л
Парасат-4-2004 ж.,с.12
-кесте
Қазақстанда 7 млн.704 мың әйел бар-51,8 %, ерлердің саны-7 млн.158 мың 300 адам-48,2%. 2002 жылы-526қыз 554 ұл-бала дүниеге келеді.
мың әйел-85 жас өмір сүріпті. Орташа жасы әйелдердің-71,4 жас, ерлердің-60,6 жас. Әйелдердің -55,6% ерлердің -62,3% отбасылы, әйелдердің-21,6%-ерге шықпаған, 30,4% ерлер үйленбеген. Әйелдердің 8,1%,ерлердің -4,4% ажырасқан. Орташа есеппен қыздар-23,6 жаста, жігіттер-26,6 жаста үйленеді. Әрбір отбасы орташа есеппен 4 адамнан тұрады. 2002жылы-2-124 500 қыз-келіншек баласын алдырған. 5 554 ер, 181 әйел СПИД пен аурады.
Демографиялық процестер бүкіл қоғамдық өміріне әсер етіп, оның салдары көп түрлі. Көршілес өзбек халқы 2030 жылы 40 миллионға жетпек, Қытай көрші мемлекет 2050 жылы 1,5миллиардқа өспек, Ресей халқы 2050 жылы 144 миллионды құраса, бұл аз сандар емес. Ел басы Н. Назарбаевтың 2030 жылы ҚР-ң халық саны 25 миллионға өсу қажет дегенін дұрыс түсінбесек, осыған сәйкес демографиялық дамуды дұрыс жүзеге асырмасақ, ұлттық мемлекеттік қауіпсіздікті қамту қиын болады. Қазақстан
Республикасының экономикасын дамытуда демографиялық фактор шешуші роль атқарады. Кез-келген мемлекет еңбек ресурстарымен, экономикалық белсенді халықпен байыды. Қазіргі 47 пайыз экономикалық белсенді еңбек ресурстары балаларды, зейнеткерлерді, оқып жатқан жастарды асырап жатыр. Бұл сан өзгермей, тек өсуі үшін белсенді демографиялық саясат тек Оңтүстік Қазақстанда емес, сонымен қатар Қазақстан барлық аймақтарында жүзеге асырылуы тиіс.
Осы проблеманы жою үшін өсіп келе жатқан қазақтың өскелең жастарының экономикалық жағдайын көтері, оларға қалдау көрсетіп, олардың пәтер мәселесін, жұмыс орны мәселесін шешіп, олармен бірге жүйелі түрде жұмыс атқарсақ нұр үстіне нұр болар еді. Міне, осы мәселелер толық шешілсе, онда қазақ жастарының, қазақ харқының санын өсіруіне толық ықпалы тиер еді.
Қазақ халқының ұрпағының өсіп-өнуі және өшіп-өлуіне деген жауапкершілік Қазақстан мемлекетінің басты идеологиясына айналуы керек, мемлекетті мемлекетіне қарап емес, ұлттылығына қарап анықтаған. Қазақ халқының үлес салмағын оңтүстік региондағы бес облыстар - Атырау, Қызылорда, ОҚО, Жамбыл, Алматы-белгілеп отыр. Осы облыстар Қазақстандағы тууған барлық балалардың тең жартысынан артығын береді. Туған баланың ең көп саны Оңтүстік Қазақстан облысының үлесіне тиеді, ал Солтүстік Қазақстан Облысының қазақтар үлес салмағы - 15,2%, Қостанай облысы - 22,9%, Павлодар-28,5%, Көкшетау-28,9% құрайды.
Республика бойынша қазақ ұлтының үлес салмағы - 57% жетті, ал тарих деректеріне жүгінсек, қазақ халқы 1897 жылы-81,8% құраған. Ресей отаршылық саясатының нәтижесінде 1959 жылы қазақ халқы өз жерінде үлес салмағы 30% төмендеп кетті. Қазақ халқының демографиялық өмірбаяны өте ауыр, сол себептен бізге белсенді демографиялық саясат қажет. Демографиялық саясат жастарға, өсім бере алатын ауыл халқына оңтүстік региондағы бес облысқа арнаулы тиіс.
Табиғи өсімі жақсы облыстардың (ОҚО, Ақтөбе, Жамбыл, Астана қаласы)-қазақ халқының үлес салмағы басымды екені айқын. Ал қазақ халқының ұлттық менталитеті, демографиялық мінез-құлқы, ислам дінінің әсері, ата-бабалардың салт-дәстүрі-баланы қажет ету, баланы сүю, оның санын шектемеу. ОҚО-қазақтар үлес салмағы 66%, Қызылорда-94%, Атырау-89%, Маңғыстау-78%, Ақтөбе-70%. Ал қазақ халқының үлес салмағы аз облыстар: СҚО-29%, Қостанай-3 1%).
Қазақстан-Орталық Азиядағы эмиграция мен депопуляция халқының азаюына әкеліп отырған жалғыз мемлекет. Депопуляция, сондай-ақ халықтың жалпы санының төмендеуі демографиялық болжамдар бойынша жуық арада тоқтамауы мүмкін. Болжамдарға сәйкес бұл процесс тағы 10-15 жылға созылуы мүмкін. Осы аралықта Қазақстан халқының едәуір бөлігін (1,5-2 млн) жоғалтатын болады.
Ол негізінен еуропалық диаспора арқылы жүзеге асады. Еуропалық даиспора 1989 жылы 9 миллионға сәл жетпейтін еді. 1999 ж 6 млн болса, 2020 ж.еуропалық ұлттар 4,5 млн адамды құрайды.
Қазақстанда 1999 жылдың басында тұңғыш ұлттық халық санағы өткізілген болатын. Санақаралық ішінде өткен 10 жыл ішінде Республиканың барлық облыстарында, әсіресе Солтүстік облыстарда халықтың көшіп кетуі кеңінен байқалды. Тек қана Оңтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарында оралмандар мен жергілікті халықтың табиғи өсімінің арқасында халықтың өсімі сақталып қалды. 1993 жылдың басымен салыстырғанда 9 жыл ішінде 2млнға жуық адам тысқары жерлерге қоныс аударған. Бұл әрине кейбір ұлт өкілдерінің өздерінің табиғи отанына оралуымен тікелей байланысты. Нақтырақ айта кетсек, шетелдерге, әсіресе жақын елдерге көшіп кету соңғы жылдары үдей түсті:1994 ж-410 мың, 1995 ж-238 мың, 1996 ж-176 мың, 1992 ж-270 мың, 1998 ж-200 мың жалпы еліміз егемендік жариялаған соңғы жылдары-2,1-2,3млн астам адам біржолата көшіп кетті.
Өткен ширек ғасырда 1967-92 жылдары Қазақстаннан 1,5 млн адам кеткен болса, 1992 ж-2000 ж. Осы мерзім ішінде Қазақстан халқының саны аттай 2,0 млн адамға кеміп, ол 1992 жылы 17 млн болған болса, 2000 жылы ол 14,9 млн дейін төмендеді.
Бұл Қазақстандағы соғыстан кейінгі уақытта бұрын-соңды болмаған кемушілік жағдай. Оны ғылым тілінде депопуляция деп атайды. Сан кемушілік әзірше миграция есебінен болып отыр.
Республикадағы ең басты этностың-қазақ пен орыстың жас мөлшерінің құрылымы жағынан бір-бірімен үлкен айырмашылығы бар. Қазақтар арасында жастар мен балалар жоғары пайызды құрайды. Керісінше орыстар арасында жасы үлкендер басым. 1999 ж санақ бойынша қазақтардың орташа медиандық жасы 23 болса, орташа Арифметикалық жасы 28%-ді құрады. Бұл бойжеткеннің тұрмысқа шығып, жігіттің отау құратын кезі. Алайда көптеген жастар өтпелі кезеңнің қимылдығына тап болып, отбасын құруға асықпайтын қимылға көшті.бұл өз кезегінде демографиялық әулетіне төмендеуіне әкелді. Яғни онсызда саны аз халықтың өсімін тежеп отыр. Шет елдердегі қандастарымызды елге көшіріп әкелумен демографиялық мәселені шеше алмаймыз. Демографияның басты локомативті бұл табиғи өсім болуда. Халықтың динамикасы мен құрылымы ерекшелігін анықтайтын негізгі элементі туу болып табылады. Қазіргі кезеңде туу мыналармен анықталынады:
-1988 жылдан бастап туу-дың жалпы деңгейінің төмендеуге едәуір қарқыны болды. Тек 1990ж дейінгі төмендеудің жалпы қарқыны 9,3%-ды құрады. Бұл тікелеу әлеуметтік жағдайларға байланысты болды.
-Әйелдердің жас айырмашылығы тікелеу әлеуметтік жағдайларға байланысты болды.
-Әйелдердің жас айырмашылығына сай туу мүмкіндігі дәрежесінің төмендеуі 30 жастан бастап күрт төмендеуі (1996 жылғы статистикалық мәлімет бойынша әйелдердің 30-34 жас аралығында туу мүмкіндігі 20-24 және 25-29 жастан салыстырғанда төмен болып келеді.)
-Әйелдердің туу мүмкіндігінің тек орыс әйелдері ғана емес, сонымен бірге қазақ әйелдерінің арасындала төмендеуі. Мысалы:1996ж статистикалық мәлімет бойынша Қазақ әйелдерінің туу қабілеті негізінде 35 жасқа дейін аяяқталады (бала тууының әйелдерінің туу қабілеті 30 жасқа таман аяқталады. (Барлық туудың 84,1% 30 жасқа дейінгі амаларға келеді) мұндай тенденция қалаға да, ауылғада тән.
-Жанұядағы бала санының қысқаруы. Орыстар негізінде қалалық қоныстарда екі баламен және ауылда 3 баламен шектеледі. Қазақ әйелі негізінде қалалық қоныстарда үш баламен (90,0%) және ауылда төрт баламен (91,4%) шекелуде.
-Әйелдердің арасында аборттың көбеюі. 1992-93 жылдары Республика бойынша қазақ әйелдері әр жыл сайын орта есеппен 200 мың бала туса, оның есесіне ішке біткен 150 мың шақалақ абортқа ұшыраған, ал 50 мың әйел тумаудың амалын жасап, жатырына “сақиналатқан”.Егер мұндай шектеулерге үзілді-кесілді тиым салынса,ең болмағанда алғашқы түсікке тиым салу керек, себебі бірінші түсік ананың екінші қайта бала көтермеуіне әкеледі. Бұл дегеніміз ананың екінші ана болу бақытынан айрылуы деген сөз. Жыл сайынғы туған балалар саны кемінде 50 мыңға дейін көтеріп тастауға әбден мүмкіндік бар.Зерттеулерге қарасақ жасанды түсіктің саны тірі туылған балалар санынан асып түседі екен.Халық арасында үгіт-насихаттар жұмыстардың жүргізілуіне қарамастан жасанды түсік тастау төмендемеуде. Жасанды түсікке қарсы тұрудың жолы бұл исламның кейбір жолдарын жақсы насихаттауымыз керек ислам діні жасанды түсікке қатты қарсылық көрсетеді оған қатаң тиім салған. Жасанды түсік ересек адамды өлтіргенмен бірдей, оны істеген адам күнәхар саналады.
Эмиграцияның, халықтың табиғи өсімінің, өлім-жетімінің нәтижесінде тұратын шығыс халықтарының үлес салмағының өсуі мен қаладағы еуропалық ұлттардың үлесінің азаюына әкеліп соқты. Мәселен түркі тектес халықтар 1982 ж 23%-дан 2002 жылы 65 жетті. Алдағы кезеңде, яғни 2010 ж қарай олар барлық Қазақстан халқының төрттен үш бөлігінен астамын құрайтын болады.
Қазақстандағы демографиялық ақуалдың өзгеріс құрылымының маңыздылығы соншалық, бұл деректердің өздері еліміздегі этнодемографиялық тенденцияны айқындайды. Депопуляция мен көші-қонның әсерінен еуропалық ұлттар соңғы он жыл ішінде 2,1 млн адамға азайып, шығыс халықтары керісінше 1,6 млн адамға ұлғайған. Халықтың ұлттық-этникалық құрамы күрделі өзгерістерге ұшырады. Егер де қазақ халқыынң өсімі 1488,1 мың адам және 22,9% құраса, ал оның Ресупблика халқының арасындағы үлес салмағы 40,1%-дан 53,4%-ға өсті. Өз кедергінде орыстар-1582,4 мың адамға (26,1%), немістер-593,5 мың адамға (62,7%), украйндар-328,6 мың адамға (7,5%), татарлар-71,7 мың адамға (22,4%), белорустар-66 мың (37,1%) арасында табиғи өсім кеңінен байқалуда. Мыс: Күрдтер-29,1%, дүнгендер-23,3%, ұйғырлар-15,9%, өзбектер-12%-ға сондай-ақ түріктер мен әзербайжандардың да өсуі белең алуда.

.2.Қазақстандағы көші-қон мәселесі.
Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9км2) болғанымен, сирек қоныстанған елге жатады. Оның терроториясының 1 км2-ге 5,5 адамнан келеді. Тұрғындар үшін табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңірлер-Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары.
Мұнда Республика тұрғындарының 37,8%-і орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1км2 16,9 6,9 және 7 адамнан келеді.
Салыстырмалы түрде тұрғын көп келесі аймақ Солтүстік Қазақстан-Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының аумағы, мұнда ел тұрғындарының 24,8%-і орналасқан, тұрғындарының тығыздығы 1км2-ге 5,2, 7,4, 5,7 және 6,5 адамнан келеді. Шығыс Қазақстанда Республика тұрғындарының 10,2%-і тұрады, тұрғындар тығыздығы 1км2-5,4 адамнан келеді. Ең аз қоныстанған аудандар Батыс аймақтар-Маңғыстау, Атырау, Орал, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстандағы Қызылорда облысы. Мұнда халықтың 17,7% орналасқан, 1км2 келетін орташа тығыздығы, тиісінше 1,9, 3,7, 4,1, 2,3 және 2,6 адамнан келді.
жылғы санақ жүргізілген ккезде Қазақстан Республикасының әкімшілік-терроториялық бөлінісіне сәйкес, оның әкімшілік-территориялық бірлігінен 84 қала және 200 кент, 2036 округ және 7684 ауылдың елді меккендер кіреді. Ресми статистикалық мәлімсеттер бойынша Қазақстан тұрғындарының 56%-і қалалық елді мекемеерде, 44%-і ауылдық елді мекендерде тұрады.
Әдетте қазақтар көпшілік жағдайы ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан онжылдықтағы олардың қалалықтарға айналу қарқыны жоғары.
Консульдық қызмет департаменті басқармасының соңғы жедел мәліметі бойынша, әрбір үшінші қазақ шет елдерге тұрады. Алыс және жақын шетелдердегі жалпы қазақтың саны 6 млн 100 мың адам.
Қазақтардың 2000 жылдың басындағы барлық саны:
Қазақстанның өзінде 8 млн 590 мың.
Бұрынғы посткеңестік, Қазіргі дербес республикаларда 3 млн 837 мың.
Шалғай шетелдерде 2 млн 263 мың. Ал 1999 жылдың аяғы мен 2001 жылдың басындағы өтпелі Маргиналдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰИЖ - Ұлттық инновациялық жүйелер
Қазақстан Республикасының қала халқына демографиялық сипаттама
ТМД елдері халқына сипаттама
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Жеке тұлғаның қалыптасу философиялық негізі
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі және оның экологиясы
Ə. Н. Бөкейхановтың қазақстан тарихын зерттеуге қосқан үлесі
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы. Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет пен ұлттық идея эволюциясына тарихнамалық сипаттама
Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу туралы ақпарат
«Криминология» пәнінен дәрістер
Пәндер