Құлжанова Назипа Сағызбайқызы



1 Құлжанова Назипа Сағызбайқызы
2 Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баруға дайындау
Құлжанова Назипа Сағызбайқызы ХХ ғасырдың басында өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш педагог, әрі – журналист-публицист.
Н. Сағызбайқызы 1888 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданында қазіргі «Торғай» кеншары жерінде дүниеге келген. Балалық шағы қазақ ауылында, еңбекші бұқараның ортасында өткен. Ол Торғай қаласындағы қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогі, демократ, ақын-жазушысы Ы. Алтынсарин іргесін қалаған орыс-қазақ мектебін бітірген. 1902 жылы Қостанай қаласының Қыздар гимназиясын бітіріп, 1903-1904 жылдары қайта Торғай қаласына келіп, өзінің жастығына қарамастан 15 жасында әйелдер училищесінде мұғалімнің көмекшісі болып еңбек еткен. Одан кейін Орынбор қаласындағы Мұғалімдер семинариясын бітірген. 1905-1920 жылдары сол Семей Мұғалімдер семинариясында мұғалімдік қызметте болған.
Назипа Құлжанова 1923 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жайлы «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабын жазған. Бұл Қазақстан оқу комиссариатының тәрбие бөлімінің нұсқауымен және арнайы тапсырысымен жазылған алғашқы авторлық туынды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Құлжанова Назипа Сағызбайқызы

Құлжанова Назипа Сағызбайқызы ХХ ғасырдың басында өз халқын ілімге,
мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті
ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған
тұңғыш педагог, әрі – журналист-публицист.    
    Н. Сағызбайқызы 1888 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданында қазіргі
Торғай кеншары жерінде дүниеге келген. Балалық шағы қазақ ауылында,
еңбекші бұқараның ортасында өткен. Ол Торғай қаласындағы қазақтың тұңғыш
ағартушы-педагогі, демократ, ақын-жазушысы Ы. Алтынсарин іргесін қалаған
орыс-қазақ мектебін бітірген. 1902 жылы Қостанай қаласының Қыздар
гимназиясын бітіріп, 1903-1904 жылдары қайта Торғай қаласына келіп, өзінің
жастығына қарамастан 15 жасында әйелдер училищесінде мұғалімнің көмекшісі
болып еңбек еткен. Одан кейін Орынбор қаласындағы Мұғалімдер семинариясын
бітірген. 1905-1920 жылдары сол Семей Мұғалімдер семинариясында мұғалімдік
қызметте болған.
      Назипа Құлжанова 1923 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру
жайлы Мектептен бұрынғы тәрбие кітабын жазған. Бұл Қазақстан оқу
комиссариатының тәрбие бөлімінің нұсқауымен және арнайы тапсырысымен
жазылған алғашқы авторлық туынды.
      Аталмыш кітапқа алғысөз жазған қазақ халқының ұлы перзенті Ахмет
Байтұрсынұлы былай деген: Заман амалының жарысынан, заман көшінің
қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер – білім даярлау
керек.     Автордың бұл еңбегі мынадай тараудардан тұрады :1. Күллі жер
жүзінде2. Мектеп жасына толмаған бала3. Мектеп жасына толмаған балаға
тәрбие не керек?4. Мектептен бұрынғы тәрбиенің Россиядағы түрі5. Бала
бақшасы деген не?      Сол кездің өзінде шет елдердің мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту жұмыстарын зерделеу жүргізілгендігін осы кітаптың
мазмұнынан айқын көруімізге болады. Мысалға, Күллі жер жүзінде атты
алғашқы тарауында дүние жүзін мекен еткен Автор дамыған елдердегі бала
бақшалардың мән-жағдайын көрсетіп баяндай келе, қазақ тұрмысында бала
бақшаның болашақ ұрпақты тәрбиелеуде зор қызмет атқаратындығына зор
сеніммен қарайды.     
     Сонымен қатар, Италия балабақшаларының балаларға арналған құрал-
жабдықтармен талапқа сай қамтамасыз етілгендіктерін, Швицарияның Цюрих
қаласындағы тастан жасалған мектептің бір жағында мектепке жасы толмаған
балалардың үйі бар екендігін және оның балалардың жас шамасына сай
құралдармен жабдықталғандықтарын бейнелейді.     
      Шотландиядағы Эдинбург қаласындағы балалар бақшасын өз алдына ерекше
етіп көрсеткен. Ол жерде күнделікті, таңертең ашық далада балалар бастары
қосылғанда, кешкісін үйлеріне қайтарда бір-біріне Амандық өлеңдерін
айтады дейді.      
      Н. Құлжанова Европа елдеріндегі балалар бақшаларының өмірін үлгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семей бөлімшесінің мүшесі ретінде Орынборда Қазақстанды зерттеу жөніндегі қоғамда жауапты қызметкер атқарған алғашқы қазақ әйелі
Н.Құлжанованың мұраларының зерттелуі
Мектепке дейінгі дайындық пен лекциялық бастауыш сатысы арасындағы математиканың білім мазмұнындағы сабақтастық
Нұрғали және Нәзипа Құлжановтардың қоғамдық өмірі мен қызметі
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогиканың дамуы
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Тәрбиеші мамандығының тарихы
Нәзипа Құлжанова қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш журналист
Пәндер