Абай (Ибраһим) Құнанбай ұлы. Абай шығармалары тілінің лексикасы
2. Абай (Ибраһим) Құнанбай ұлы
2.1. Абай шығармалары тілінің лексикасы
Абай шығармалары сөздігінің тілдік қабаттары
Араб.парсы сөздері
2.2. Фразеологиялық сөздіктің ішкі жүйесінде басқа сөздіктерден бөлектеу өзіндік ерекшелігі болады. Фразеологиялық сөздіктің жеке басына тән құрылым жүйесі бар:

1845 жылы Шығыс Қазақстан жерінде, Семей облысы Шыңғыс болысында ірі-феодал сұлтан Құнанбайдың отбасында туды. Болашақ ақын туған халқының өмір-тұрмысымен, туған жерінің жаратылысымен осы өз ауылында танысты. Абай жеті жасқа келгенде әкесі Құнанбай Қарқаралы округіне сұлтан болып тағайындалды. Құнанбай өз ескілігіне өзі берік болды. Абайдың естілігін ерте сезді де, оны өз ескілігіне қарай баулу үшін Абайдың алдын-артын бірден шырмап, отыздан асқанша өз тұрғысынан басқа шоқыға шығып қарауылдауына ерік бермеді. Әкелік, әкімшілік, мұсылмандық тіпті, әдет-ғұрыптық басымдылығын пайдаланып, Абай өрісін тұсады.
Құнанбай патшаның жақтасы бола отырып та, фанатиктігіне жеңдіріп, баласын орыс мектебіне жібермеді. Астыртын орыс мектебінен Абай сабақ алып жүр дегенді естіп, медресені толық бітіртпестен Абайды қаладан ауылына қайтарып алған. Ел билеу жұмысына, жаңадан ұйымдасқалы жатқан көрші округіне сұлтан жасауға асыққан. Бірақ сұлтандық үкіметтің өмірі ұзаққа бармады. 1868 жылы реформа бойынша сұлтандық қысқартылды. Оның орнына одан көлемі кші болыстық, ел билеу системасы жасалды. Болыстан жоғарырақ әкімшілік орындарға қазақтан адам отырмайтын болды. Құнанбай болыстық лауазымды өз басына азсынды. Бірақ билікті қолынан шығармау үшін бала жігіт Абайды өз болысына управительдікке ұсынды. Абай оған қарсы болды. Осыдан Абай мен әкесі арасында көптен келе жатқан қайшылық сыртқа шықты.
Баласына өкпелеген Құнанбай өзіндей қырыс, өзінің тілінен шықпайтын бір інісін управительдікке тағайындатып, Абайды кемшін ұстады. Алайда, Абайға күндестер келесі сайлауға шейін әкесімен татуласып, орнын алып қоймас үшін түрлі айла құрып, Абайды өз елінен басқа елге 1875 жылы әкімшілікке тағайындады. Абай өз еркінен тыс үш жыл елбилеу - әкімшілік міндетін атқарды. Абай әкімшілік міндетін атқарған елдің бай-феодал шонжарлары оның басына қастандық ұйымдастырады., уезд, губерния бастықтарына арыздар жолдады. Сан түрлі жала жауып Абайдың басын 10 жылға созылған дау-жанжалға ұшыратты. Абай осы кезде Ресейдің ресми уәкілдерінен, басқа демократиялық Ресейдің адамын көрді. Абай бұл адамдардың, сөзінен де, ісінен де, пейілінен де халықтық, демократиялық Ресейді, оның таңдаулы уәкілдерін көрді.
Абайды олар адам деп таныды, бауырым деп жақын тартты. Абайдың болашақ зор адам екенін бірден бағалап, құрметпен қатынас жасады. Сондай адамның бірі - демократиялық Ресейдің уәкілдерінің бірі - Евгений Петрович Михаэлис еді.
Абайдың дүниеге көзін ашуға себепкер болған Е.П.Михаэлис, Чернышевскийдің, Добролюбовтың ой-пікірлерінен нәр алған Н.В.Шелгуновтың жолдасы. 1880-1884 жылдар шамасы, Абайдың отызды орталап қырыққа тақаған жасына тура келеді. Осы кезде 1883 жылы Құнанбай өліп, Абай оның да тырнағынан құтылады.
Е.П.Михаэлис – Абайға көмектесу, дүние таныту, орыстың классикалық әдебиеттерімен, мәдениетімен, прогрестік үздік ой-пікірлерімен таныстыруында ешқандай бұлталықсыз жәрдемдесті және ол Семей қаласына келіп орналасқаннан кейін көптеген игілікті істердің инициаторы болды. 1878 жылы Семей облыстық санақ комитетінің құрылуына көмектесті. Жұртшылық көмегін ұйымдастырып осы күнгі Гоголь атындағы кітапхананы ашуға қатынасты. Кітапхананың маңызы өте күшті болды. Қала, қыр интеллигенцияларының өз бетімен білім алуына көмегі тиді. Абай орыс біліміне осы кітапхана арқылы қанықты. Жер аударылып келген ойлы азаматтар да рухани сусынды осы кітапханадан алып тұрған. Михаэлис, Долгополов, Леонтьевтер Абаймен осы кітапханада танысты. Абай осы кітапхананың әдебиет қазыналарын кең түрде пайдаланған.

1.1. Абай (Ибраһим) Құнанбай ұлы 1845 жылы Шығыс Қазақстан жерінде, Семей
облысы Шыңғыс болысында ірі-феодал сұлтан Құнанбайдың отбасында туды.
Болашақ ақын туған халқының өмір-тұрмысымен, туған жерінің жаратылысымен
осы өз ауылында танысты. Абай жеті жасқа келгенде әкесі Құнанбай Қарқаралы
округіне сұлтан болып тағайындалды. Құнанбай өз ескілігіне өзі берік болды.
Абайдың естілігін ерте сезді де, оны өз ескілігіне қарай баулу үшін Абайдың
алдын-артын бірден шырмап, отыздан асқанша өз тұрғысынан басқа шоқыға шығып
қарауылдауына ерік бермеді. Әкелік, әкімшілік, мұсылмандық тіпті, әдет-
ғұрыптық басымдылығын пайдаланып, Абай өрісін тұсады.
Құнанбай патшаның жақтасы бола отырып та, фанатиктігіне жеңдіріп,
баласын орыс мектебіне жібермеді. Астыртын орыс мектебінен Абай сабақ алып
жүр дегенді естіп, медресені толық бітіртпестен Абайды қаладан ауылына
қайтарып алған. Ел билеу жұмысына, жаңадан ұйымдасқалы жатқан көрші
округіне сұлтан жасауға асыққан. Бірақ сұлтандық үкіметтің өмірі ұзаққа
бармады. 1868 жылы реформа бойынша сұлтандық қысқартылды. Оның орнына одан
көлемі кші болыстық, ел билеу системасы жасалды. Болыстан жоғарырақ
әкімшілік орындарға қазақтан адам отырмайтын болды. Құнанбай болыстық
лауазымды өз басына азсынды. Бірақ билікті қолынан шығармау үшін бала жігіт
Абайды өз болысына управительдікке ұсынды. Абай оған қарсы болды. Осыдан
Абай мен әкесі арасында көптен келе жатқан қайшылық сыртқа шықты.
Баласына өкпелеген Құнанбай өзіндей қырыс, өзінің тілінен шықпайтын
бір інісін управительдікке тағайындатып, Абайды кемшін ұстады. Алайда,
Абайға күндестер келесі сайлауға шейін әкесімен татуласып, орнын алып
қоймас үшін түрлі айла құрып, Абайды өз елінен басқа елге 1875 жылы
әкімшілікке тағайындады. Абай өз еркінен тыс үш жыл елбилеу - әкімшілік
міндетін атқарды. Абай әкімшілік міндетін атқарған елдің бай-феодал
шонжарлары оның басына қастандық ұйымдастырады., уезд, губерния
бастықтарына арыздар жолдады. Сан түрлі жала жауып Абайдың басын 10 жылға
созылған дау-жанжалға ұшыратты. Абай осы кезде Ресейдің ресми уәкілдерінен,
басқа демократиялық Ресейдің адамын көрді. Абай бұл адамдардың, сөзінен де,
ісінен де, пейілінен де халықтық, демократиялық Ресейді, оның таңдаулы
уәкілдерін көрді.
Абайды олар адам деп таныды, бауырым деп жақын тартты. Абайдың болашақ
зор адам екенін бірден бағалап, құрметпен қатынас жасады. Сондай адамның
бірі - демократиялық Ресейдің уәкілдерінің бірі - Евгений Петрович Михаэлис
еді.
Абайдың дүниеге көзін ашуға себепкер болған Е.П.Михаэлис,
Чернышевскийдің, Добролюбовтың ой-пікірлерінен нәр алған Н.В.Шелгуновтың
жолдасы. 1880-1884 жылдар шамасы, Абайдың отызды орталап қырыққа тақаған
жасына тура келеді. Осы кезде 1883 жылы Құнанбай өліп, Абай оның да
тырнағынан құтылады.
Е.П.Михаэлис – Абайға көмектесу, дүние таныту, орыстың классикалық
әдебиеттерімен, мәдениетімен, прогрестік үздік ой-пікірлерімен
таныстыруында ешқандай бұлталықсыз жәрдемдесті және ол Семей қаласына келіп
орналасқаннан кейін көптеген игілікті істердің инициаторы болды. 1878 жылы
Семей облыстық санақ комитетінің құрылуына көмектесті. Жұртшылық көмегін
ұйымдастырып осы күнгі Гоголь атындағы кітапхананы ашуға қатынасты.
Кітапхананың маңызы өте күшті болды. Қала, қыр интеллигенцияларының өз
бетімен білім алуына көмегі тиді. Абай орыс біліміне осы кітапхана арқылы
қанықты. Жер аударылып келген ойлы азаматтар да рухани сусынды осы
кітапханадан алып тұрған. Михаэлис, Долгополов, Леонтьевтер Абаймен осы
кітапханада танысты. Абай осы кітапхананың әдебиет қазыналарын кең түрде
пайдаланған.
Абай сексенінші жылдары орыс халқының классик жазушылары Крыловты,
Лермонтовты, Пушкинді, Салтыков-Щедринді, Толстойды т.б. оқыды. Бұлардың
шығармаларына жазылған сынға да зер салып отырды. Белинскийді,
Чернышевскийді, Добролюбовты оқып, олардың демократиялық ой-пікірлерімен
танысты. Ол 1880-1882 жылдары Семей қаласында алғашқы рет орыстың
революцияшыл демократтарының шәкірттерімен танысқан кезінде, әсіресе
олармен бауырласа бастаған кезінде 1812 жылғы Отан соғысына 70 жыл толуды
тойлаған. Туған жер, өскен елден алыста жүрген жастар, сол ел үшін қайысқан
қабырғасына өз мұңын қосып ол күнді айрықша еске алды.
Абай шығармаладында өмірдің әр алуан жақтары қамтылады. Ақынның
көтерген негізгі мәселелерінің бірі, өз тұсындағы жұртшылық кемшілігін
сынға алу болды. Бұл жөнінде өз көзімен көрген өз басынан кешірген
жағдайларды да сөз етті. Ел есінен, қоғамдық мәселелерге тікелей араласа
келіп Абай әділетсіздікті көрді. Бай-феодалдардың қулық-сұмдығын,
зұлымдығын әшкереледі. Би-болыстардың бүлдіргіштік әрекетті ашты. Халық
басындағы ауыртпалықтарды көріп Абай қатты күйзелді. Ізгілікті аңсаған Абай
құлаш ұрып қарманып, шығар жолды іздеді. Өнер де, ізгілік те болашақ та
орыс халқында деп түсінді. Сондықтан Пушкин, Лермонтов шығармаларын қазақ
тіліне аударып, қазақ даласына кең таратып, халықты рухани жағынан
азықтандырып отыруға күш салды. Крыловтың мысалдарын аударып, қазақтың бай-
феодалдарын мазақ етіп, күлкіге айналдыруға құрал етіп пайдаланды.
Сонымен бірге, Абай сол қоғамдағы адамдардың өзара қатынасын типтік
жақтарын өз шығармашылығында ашып көрсетіп оларға тән мінез-құлықтарды
жинақтап, шебер суреттеп отырды. Абай заманына наразы бола тұрса да өмірден
торықпайды. Сары уайымға салынбайды. Болашаққа үмітпен қарап, алдағы өмірге
сенеді.
Абай өз шығармаларында өмір картинасын көркемдікпен суреттеп бере
отырып, қоғамдық өмірдің ішкі жағдайын қатты сынға алады да, зілді күлкімен
мінеп сөгеді. Ол кезде ұлыққа жағыну, өтірік шағым беріп ел-ішін бір-біріне
өшіктіріп отыру, қазақ даласында етек алып үстем таптардың негізгі әдетіне
айналған құбылыс еді. Осыны дер кезінде көре білген ақын ел ішін бүлдіріп,
қиян-кескі дау-жанжалды тудырушылар тек – феодалдар, олардың сойылым соғушы
атқамінерлер екінін шығармаларында ақиқаттықпен суреттейді. Әркім бір ит
сақтап жүр ырылдатып деп улы сөзбен бүреді. Қоғам құрылысындағы ар-ұят
адамгершіліктен безген қанаушы таптың азғындаған кейпін, халық басындағы
ауыртпалықты Абай дұрыс және шебер көрсете алады.
Қазақ ауылындағы осы сияқты қым-қиғаш, дау-шар мен ұры-қарыны, содыр-
сотқарды екі жүзді зымиян ар-ұяттан безгендерді сынап, олардың мінін
көрсете отырып, Абай жұртты көбінесе адамгершілікке шақырады. Адам, достық
шын махаббатты аңсайды. Абай келешекке қол созып, жаңа адамдарды, жаңа
дүниені арман етеді. Ол үшін жақсылық пен жамандықтың, ізгілік пен
зұлымдықтың арасына шек қоя отырып, феодалдық салт-сана, әдет-ғұрыпқа
жиіркене қарап, халықты ізгілікке, адамгершілікке үндейді.
Данышпан ақын әйелдердің бас бостандығын шығармаларында негізгі
мәселенің бірі етіп көріп отырады. Абай өз шығармасында ескі әдет-ғұрыпқа
өлтіре соққы беріп, әйел теңдігі мәселесін қазақ әдебиетінде бірінші рет
көтереді. Әйел басын допша домалатып, азаматтық арына дақ салмақшы
болғандарды мінеп сөгеді.
Есерлер жас қатынды тұтады екен,
Жас қайғысын білдірмей жұтады екен- деп әйел мұңын олардың ізгілік
тілегін, аңсаған арманын үнемі жоғары қойы отырды.
Абай әйел теңдігін сөз ете келіп, лирикалық шығармаларында
сүйіспеншілік, махаббат мәселесінде де ерекше көңіл аударды. Азаматтық
бостандықты сөз еткенде: жастардың тауып сүйгеніне қосылу мәселелерін
көтеріп отырады да, мұны шығарманың арқауы етіп алады.
Табиғат көрінісін суреттеуде Абайда зор эволюция бар. “Жазда” ол әлі
көбінесе көшпелі ауылдың көктемдегі сәулелі жағын көреді. “Жазғытұрыда ” –
ол көркем табиғат пен жазғы өмір құшағындағы ауылдың жыршысы; “Қыста ”
қатуыл үскірік көрінісін тамашалап суретке салумен қатар, шидем мен тонды
қабаттап киген малшыны да көреді; ал “Күз”, “Қараша, желтоқсан мен сол бір
екі айда” ақын жаратылыс құбылыстарын әлеумет тұрмысы кедейдің ауыр өмірі
арқылы байға бабымен келген күз кедейге жәйсіз келетінін бейнелеп береді.
Абай өзінің толық тұлғалы өлеңімен қазақ поэзиясының өрісін кеңітті,
бұрын қазақ поэзиясының ауқымына сыймаған мәселелерді, өмір көріністерін
шығармасына арқау етіп жырлады. Әлеуметтік, тұрмыс-экономикалық мәселелерді
сипаттау, адам характерін, образын жасау, сүйіспеншілік нәзік сезімдерді
суреттеу, табиғат көркін бейнелеу, міндіні қаза мінейтін сатира жасау
өнеріне Абай өнегелі озық шебер.
2.1. Абай шығармалары тілінің лексикасы
Абай шығармашылығының дені — поэзия. Демек ақын лексикасын сөз еткелі
отырмыз. Жалпы ақын лексикасын - поэзия тілінің сөздік құрамын негізгі
үлкен екі тұрғыдан зерттеуге болады. Өлеңмен жазылған шығармада жеке сөздер
мен сөз тіркестері белгілі бір көркемдеу міндетін атқарып тұрады: біреулері
эпитет болып, бір затты (нәрсені, адамды) анықтап, суреттеп, бейнелеп
тұрса, енді біреулері оны басқа бір нерсеге теңеп турады. Сондай-ақ сөздер
әсірелеу, мағына ауыстыру т.б. сияқты поэтикалық сан алуан тәсілдерге
қажетті материал болып келеді. Бұл — лексика топтарын көркемдеу қызметін
атқаруына, яғни поззия мүддесін өтеуіне карай талдау болады. Атап айтсақ,
белгілі бір акын өлеңдеріндегі эпитет, теңеу, тропа, фигура т.б. тауып
көрсету болады. Мұны қазақ филологиясында поэтикалық, кейде поэтик тіл деп
атап жүрміз. Бұл бір. Екінші тұрғыдан келсек, поэзия лексикасын
лингвистикалық жағынан талдау бар, яғни жалпы белгілі бір тілдің лексикалық
құрамы сияқты, белгілі бір ақын шығармаларының сөздік кұрамын да сөздердің
тілдік тегіне қарай (төл сездер немесе өзге тілдерден енген кірме сөздер),
актив-пассивтігіне қарай (архаизмдер, неологизмдер және сол кездегі актив
сөздер), әлеуметтік-диалектілік құрамына қарай (жалпы халықтық сөздер,
диалектизмдер, кәсіби сөздер мен терминология, жаргондық сөздер) ажыратып
зерттеуге болады. А.И.Ефимовтың ұсынуы бойынша, көркем шығарма лексикасын
классификациялаудың ең бір ұтымды кажет түрі — семантикалық-стилистік
принципті қолдану. Көптеген сөздердің "стилъдік паспорты" болады. Жазушы
(ақын) өз творчествосында ең алдымен сөздік мағыналық (семантикалык) көлемі
мен стильдік өзгешелігін пайдаланады.
Сөздік құрамының дамуына әсер ететін факторлар — қоғамның әлеуметтік
құрылысының өзгеруі, өндірістің, мәдениеттің, ғылымның дамуы болып
табылады. Атап айтсақ, әлеуметтік құрылыстағы өзгерістер қоғамдық-
публицистикалық сипаттағы сөздер тобын өзгертеді, ғылым дамыса — ғылыми
терминология туып дамиды, өндіріс дамуы — кәсіби техникалық сөздер сериясын
молайтады. Қысқасы, жазушы (ақын) тіліндегі осы көрсетілген лексикалық
топтар мен серияларды таңдап алып, талдау қажеттігі туады.
Біз Абай тілі лексикасын талдаудың қажеттілігіне, бір жағынан, соңғы
айтылғандарды нысана етсек, екіншіден, қазақ әдеби тілі тарихында Абай
тілінің алатын орны мен рөліне қарай туатын өзгешеліктерді де ескердік.
Ең алдымен, Абай шығармаларының сөздік байлығын тегіне қарай талдау
өте қажет деп табамыз. Әрине, барлық кезеңдегі барша жазушының сөздік
құрамын генетикалық принциппен талдау қажеттігі жоқ екенін зерттеушілер
дұрыс көрсетеді. Мысалы, қазіргі жазушылардың, айталық, Горький
шығармаларының тіліндегі сөздерді мынасы гректікі, мынасы латындікі,
мыналар немістен т.т. деп талдау объектісі етудің қажеттігі қанша. Сол
сияқты, бізде де қазіргі замандас жазушыларымыздың (немесе ақындарымыздың)
біреуінің сөздік құрамын мына тобы араб-парсынікі, мыналары — орыс тілінен,
мыналары — грек, латыннан, аналары ағылшыннан т.т. деп талдап зерттеудің
қажеттігі болмас еді, өйткені қазіргі жазушыларымыз осы күнғі жазба әдеби
тіл нормасын пайдаланады жөне бұл қабаттар қазіргі қаламгерлердің барлығына
тән. Осы күнгі өдеби тіліміздің бүкіл лексикасының генетикалық қабаты аян
болғандықтан, оны қайталап, жазушы басы сайын түгендеудің қажеті жоқ. Ал
Абай, Ыбырайларға келетін болсақ, бұл мәселеге басқаша қарау қажет. Абай —
осы күнгі әдеби тіліміздің, негізін қалаушы болса, яғни ең тұңғыш нормасы,
бастамасы болса, сол бастаманың сөздік байлығының генетикалық құрамы қандай
дегенді білу аса қажет. Мұны білу үшін логика заңы бойынша Абай
лексикасының тектік (генетикалық) құрамын талдап, зерттеу керек. Қазақ
жазба әдеби тілі лексикасының XIX ғасырдағы, әсіресе II жартысындағы,
генетикалық қабатын айқындаудың тағы бір маңызы — сол кездегі қазақша
кітаби тіл проблемасына байланысты туады. Бұл — принциптік мәселе. Және бұл
фактіні құр тізіп қана қоймай, осы талдаудан мүмкіндігінше қазақ тілі
сөздігінің тектік құрамы жағынан Абайға дейінгі сипаты нендей еді, Абай қай
қабатты негіз етті, Абайда араб-парсы немесе орыс сөздері қабаты кандай
деген сияқты жайттарды анықтау қажеттігі туады.
Сондай-ақ Абай лексикасын ондағы сөздердің көне, жаңалығына қарай
талдап суреттеудің де қажеттігін көреміз. Осы талдау арқылы Абай тұсындағы
жалпы халықтық әдеби тілде заманына орай қандай сөздердің қолданудан шығып
қалғанын немесе шыға бастағанын табу мүмкіндігі туады. Керісінше, Абайдағы
жаңа сөздерге қарап, сол кездегі жалпы халықтық нормада қандай
элементтердің болғанын және Абайдың өзі тілге қандай сөздер қосқанын
табамыз.
Абай шығармаларының сөздік құрамын қоғам құрылысына, әкімшілік пен заң
системасына, сауда-саттық пен оқу-ағартуға т.б. қарай жіктеп, талдау арқылы
ақынның өз басының сөздік байлығын ғана емес, өткен ғасырдың II
жартысындағы қазақ халқының бүкіл әлеуметтік, саяси, экономикалық және
мәдени өмірінің тілдегі көрінісін табамыз. Оның үстіне Абайдың бұл қорды
қалай екшеп пайдаланғанын танимыз.
Осындай классификациялап талдауымыздың барлығы — Абай шығармаларының
идеялық-тематикалық мазмұнымен тікелей қабысып жатуға тиісті жайттар. Оның
үстіне Абай лексикасын жоғарыда көрсетілген тарамдарға бөліп танығанымызда
жазушының өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктерін де айқындап отыруға
тиіспіз. Бірақ бұл кітаптағы негізгі мақсатымыз — Абайдың стильдік
ерекшелігін тану емес, керісінше, көбінесе ұлы жазушы тіліндегі жалпылама
қолданылатын, яғни барлық стильдерге де қатысты сөздерге анализ жасау.
Сөйтіп, ең алдымен, Абай шығармалары сөздігінің генетикалық (тілдік)
құрамын араб-парсы сөздері, орыс сөздері және төл сөздерге бөліп әңгіме
етеміз. Әрі қарай төл сөздердің өзін актив, пассив топтарға (архаизм,
неологизм) бөліп қарастырамыз. Ең соңында Абай шығармалары тілінің
лексикасына (негізінен, төл сөздер қабатына) тематикалық классификация
жасаймыз, яғни оларды XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ халқының
әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірінің тілде ізін қалдырған елеулі
салаларына қарай жіктейміз.
Абай шығармалары сөздігінің тілдік қабаттары
Абай лексикасын генетикалық тұрғыдан талдағанда, негізінен, үш
қабаттан турады деп табамыз. Олар: қазақтың төл сөздері (яғни түркі
тілдік), араб-парсы сөздері, орыс сөздері. Бірқатар зерттеушілер қазақ,
қырғыз тілдерінің сөздік құрамын тілдік тегі жағынан талдағанда, төртінші
қабатты — монғол сөздерін атайды. Бертінгі дәуірлердегі жеке қаламгердің
тілін әңгімелегенде, біздіңше, бұл қабатты арнайы бөліп шығармаса да
болатын тәрізді. Өйткені бұл тілдердегі монғол элементтері, түркі-монғол
туыстығы теориясын былай қойғанда және осы күнгі әрбір түркі тілінің өз
алдына жеке бөлініп кеткен дәуірлерінде енген деп есептегеннің өзінде, олар
– негізінен қазақ, қырғыз тілдеріне ерте дәуірлерде енгендер. Абай дәуірі
тәрізді күні кешегі XIX ғ. II жартысында қазақ тілі құрамындағы, оның
ішінде жеке ақын-жазушылар тіліндегі монғол — сөздері тілге әбден сіңісіп
кеткендер. Көптеген араб, әсіресе, парсы сөздері тәрізді, монғол сөздерінің
де тектік белгісі не фонетикалық, не семантикалық жағынан төл элементтерден
ажыратылмайтын дәрежеге жеткен. Сондықтан кейбір лексикологтарымыз монғол
тілдерінен енді деп есептеп журген аян, баян, байсал, қарыз, кедергі,
келеке, тұлға, соны, сонырқау сөздері Абай текстерінде бар бола тұрса да,
біз оларды өз алдына қабат етіп шығармадық. Өзге өлкелерге карағанда, Абай
туып-өскен жер монғолдарға бір табан жақын тұрғанмен, бұл күнде немесе Абай
тұсында монғол тілінен қазақ тіліне немесе оның шығыс говорларына жүйелі
түрде ауыс-түйіс болып жатқан лексикалық қабатты аңғармаймыз.
Араб-парсы сөздері
Сөйтіп, Абай сөздігіндегі шығыс тілдері элементері дегенде, араб пен
парсы тілдерін көздейміз де, көп ретте ол екеуін бөлек-бөлек қарамай, араб-
парсы немесе шығыс тілдері деп атап отырамыз.
Абай тілінде орын алған араб-парсы сөздерін бірнеше тұрғыдан қарап
талдауға болады, яғни оларды біз:
1. жалпы халықтық тілге енген уақытына қарай,
2. қамтитын тақырыбына қарай,
3. қолданылатын әдебиет жанрына қарай,
4. қолданылу мақсатына қарай,
5. фонетикалық-грамматикалық тұлғалануына қарай,
6. жалпы халықтық және жазба әдеби тілге енуіне қарай (жеке сөз,
тіркес немесе сөйлем) талдаймыз.
Бұл классификацияны шартты түрде өзіміз жасап отырмыз. Көрсетілген
топтардың кейбіреулері (1,2,3,5,6) жалпы тілге қатысты болса, енді
біреулері (2, 4, 7) жеке жазушы тілін зерттеуден туып отыр. Абай
лексикасындағы араб-парсы қатары түгелімен неологизмдер емес екені аян.
Олардың едәуір бөлігі қазақтың жалпы халықтық тіліне сіңісіп, қалыптасып,
ертеден қолданылып келе жатқандар. Н.К.Дмитриевтің түркі тілдерін
арабыланған ('арабизованные) және арабыланбаған (неарабизованные) деп екіге
бөлгені бойынша қарасақ, біздіңше, қазақ тілі алғашқы топка әбден жатады.
Өйткені ислам діні етек жайған XIX ғасырда ғана емес, одан да көп бұрын
қазақ тілі сөздік құрамында қыруар шығыс сөздері болғаны аян. Әсіресе
тұрмыс-шаруашылықа қатысты парсы сөздері ену мерзімі жағынан барлығынан да
бұрынғы, әріректегі топ тәрізді. Мұндай тілдік құбылыстан дәлел ретінде
Б.Юнусалиев иранизмдердің ішінде түркі сөздеріне тән жұрнақтарды жалғаған
түрлерінің кездесетіндігі келтіреді. Мысалы, осы пікірдің авторы келтірген
қырғыз тіліндегі демік (дем + ек), кассын (кас + сы + н), шексин (шек +
си+н) сөздерінің аналогияларын қазақ тілінен де табуға болады: демік (дем +
ік), батыс говорларындағы жанығу (жан +ық), зораю (зор + ай) дәлелін біз
әбден коштаймыз. Екіншіден, проф. С.Д. Асфандияров өте бір қызық пікір
айтқан-ды. Ол кісі: "Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауы мен
Амудария, Сырдариянын, төменгі жақтарын мекендеген массагеттер, сірә, иран
тілдес көшпелі тайпалар болған болулары керек, олармен іргелес отырып,
тығыз қарым-қатынаста болған Қазақстанның солтүстігі мен шығысын жайлаған
түркі-монғол тайпалары иран сөздерін сол тұстан бастап тіліне енгізген
болар", — дейді. Өз сөзімен айтсақ, "в современном казахском языке
наблюдается наиболее большего количества персидских слов, совершенно
ассимилировавшихся и, по-видимому, проникших в язык в очень далекое время".
Қазақ тіліндегі парсы қабатының белгілі бір тобының, әсіресе тұрмыс-
шаруашылыққа қатысты сөздердің қазақша (түркіше) дублеттерінің қазірде
болмауы да бұлардың өте ертеден сіңісіп, өзге параллельдерді тілден
ығыстырғандықтарының үшінші дәлелі тәрізді.
Сөйтіп, қайткенде де, Абай лексикасындағы парсы-ирандық дұшпан, дос,
кедей, дүние, баға, пайда, жан, сауда, саудагер, базар, пұл (бұл), таразы,
дерт, шаруа, өнер, зиян тәрізді зат есімдер, арзан, майда, таза, зар
тәрізді сын есімдер — әбден сіңісіп, қазақтың төл сөзі болып кеткендер.
Олар — жалпы халықтық нормадағы сөздер, яғни қазақтың кең, байтақ даласына
тегіс тараған, барлық жерде түсінікті және көбінесе барлық жерде бірдей
мағынада (мағынасы кейін екіге бөлінген пұл тәрізді бірен-сараны болмаса)
қолданылып келе жатқан лексемалар. Оған дәлел - бұларды Абайға дейінгі ақын-
жыраулар текстерінен де, кейбіреулері XIX ғасырда жырланғанына немесе
жазылып алынғанына қарамастан, о бастағы негізін сақтаған ауыз әдебиет
үлгілерінен де молынан кездестіреміз.
Сондай-ақ Абайға дейінгі қазақ тіліндегі араб қабатының бірсыпырасы —
жалпы халықтық тілге ертеректе еніп, қалыптасып, сіңісіп кеткендер. Олардың
өзін жалпылап екі топқа бөлуге болады: ислам дініне қатыстылары және дінге
қатыссыздары. Бүл екі топтың қай-қайсысы да XIX ғасырға дейін-ақ қазақ
лексикасында айтарлықтай орын алғанын зерттеуші лексикологтар көрсетеді.
XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың I жартысында, орта тұсында жасаған қазақ
ақын-жырауларының тілінен және ауыз әдебиеті үлгілерінен дінге қатысты
бірқатар араб сөздерін табамыз. Мысалы, Бүхар жырауда: пұсырман, қыдыр,
арсы-күрсі, қыбла, сәлде, ахрет, алла, молда, иман, мешіт, кебе,
намаз, фани; тақырыбы діннен мүлде қашық жауынгер ақын Махамбетте: фәни,
құрбан, садаға, алла, ақы; оның үлгісін әрі жалғастырушы Шерниязда: молда,
дұға, аруақ, құрбан т. б. сөздерді ұшыратамыз.
Аса ынталы мұсылмандар болмаса да, қазақтардың сөйлеу тәжірибесіне
ислам дінінің әр алуан ритуалдарына (намаз, ораза, дұға, қайыр, садақа,
құрбан) қатысты сөздер, дін иелерінің аттары (молда, сопы т.б.) және
басқалары ерте кезден бастап-ақ кіре бастағаны көрінеді. Ал дінге қатыссыз
сөздерден көбінесе абстракт ұғым атаулары да Абайға дейінгі нұсқаларда
едәуір бары байқалады. Дәулет, бақ, несібе, несіп, уағада, уәде, пейіл,
айбат, арам, адал, амал, құрмет, ар, абырой, сабыр, әлем, ажал, уақыт,
мезгіл, мақұл, мысал, өмір т. б. сияқты көптеген сөздер халық тілінде актив
қолданылғандығын XVIII—XIX ғасыр қазақ ақындарының шығармалары мен ауыз
әдебиеті үлгілері көрсетеді.
XIX ғасырда, әсіресе оның II жартысына дейінгі кезеңдерде қазақ
тіліне еңген араб-парсы сөздерінің басым көпшілігі Абай өз шығармаларында:
өлеңдерінде де, прозасында да актив пайдаланған. Абай кейбір өлеңдерінде
және "Қара сөздерінде" теология тақырыптарын әңгіме етеді. Соған орай ислам
дініне катысты сөздердің ең алдымен халық тіліне бұрыннан енгендерін
қолданады. Бейіс, бенде, иман, ахирет, аят, әруақ, төубе, пәни, алла,
молда, сопы тәрізді арабизм-фарсизмдерді Абай жалпы халықтық тілден алғаны
хақ. Және бұларды тек дін жайын сөз еткен жерлерде емес, орайы келгенде
өзге азаматтық тақырыптар ішінде де қолданады. Ислам діні атауларын бірер
жерде басқа дінге қатысты ұғымдар үшін де қолданады. Мысалы, орыс тілінен
аудармаларында христиан дініндегі монах дегенді сопы деп алады: Ол
монастырь - сопылар тұрар жері (П, 150). Тегі, бұл жерде сол кездің қазақ
оқушысы үшін бірнеше бейтаныс орыс сөздерін қатар келтіруден қашып,
мүмкіндігінше мағынасы жуық сөзді пайдаланған. Бірақ мұндай факт көп емес.
Абай қазақта жоқ орыс тілінен келген ұғым атауларын қазақшалап немесе
арабша-парсышалап беруге тырыспаған.
Бұрыннан жалпы халықтық тілде қалыптасқан шығыс сөздерінен сан жағынан
Абайда көбірек пайдаланылғаны — дінге қатысы жоқ атаулар. Дәулет, амал,
қадір, құрмет, бақ, күмән, ар, абырой, пейіл, несіп, уақыт, мезгіл, қаһар,
шара, хал, зейін, ақыл, дәурен, айбат, даңқ, тәрізді абстракт ұғым атаулары
мен сын-сипатты білдіретін момын, арам, адал, мәлім, риза, әділ, мақұл,
залым, бекер сияқты шығыс сөздерін, сондай-ақ оқу-мәдениет саласына қатысты
хат, қалам, сия, кәлем (сөз), ғалым -әлім, ғылым сөздерін де, бейбақ,
байғұс, пақыр, мейман, дұшпан, дос, өйел, зайып, данышпан, әскер, қызметкер
тәрізді адамды әр алуан жақтан білдіретін сөздерді де Абай еркін және актив
қолданған. Бұл көрсетілген сөздер түгелімен дерлік Бұхар, Шап, Махамбет,
Шернияз ақындарда да, Абай тұстастарында да мол кездеседі. Демек бұлар —
Абайға дейінгі кезеңдерде-ақ халық тіліне сіңген, жалпылама қолданыста
жүрген, қазақ тіліндік болып кеткен сөздер.
Абайдағы абстракт ұғым атауларының бірсыпырасы осы көрсетілгендей,
бұрыннан қалыптаскан шығыс сөздері: ар, абырой, мейір, нала, парыз, нәпсі,
қаһар, қиял, к,ұдірет, дәурен т.б. Абстракт атаулардың біразы өзгелердегі
тәрізді, Абайда да -лық, -шылық жұрнақтары арқылы тілге сіңіскен араб-парсы
түбірлерінен жасалған: зұлымдық, қапалық, тәкаппаршылық, адамдық,
адамшылық, мейірбандык, әділеттік, әділетсіздік т.т.
Абай тіліндегі жалпы халықтық қолданыстан алынған шығыс сөздерінің 2—3
белгісін көрсетуге тура келеді. Ең алдымен, қазақ тіліне Абайға дейін
қалыптасып, орын тепкен араб-парсы түбірлері Абайдан бұрын да, Абайдың
өзінде де қазақ тілі жұрнақтары арқылы жаңа сөздер жасайды. Мысалы,
бұрыннан бар адалдық, арамдық, әділдік, адамдық, достық, дұшпандық, қорлық,
зорлық тәрізді есімдер де, Абай текстерінде активтенген немесе жаңадан
жасалған асықтық- ғашықтық, арлылық, мейірбандылық, рақымдылық, қапашылық,
құдайшылық т.б. -ның түбірі — жоғарыда көрсетілген сіңісті, түсінікті
сөздер. Тілге ертеректен еңген шығыс сөздерінің грамматикалық және тұрақты
тіркес жасау қабілетін Абай жақсы пайдаланады. Баға қылу ("бағалау, жоғары
көтеру": Маманды рулы елге баға қылған - "Айман — Шолпан", 1957), бас кесу
(Сексен байталға бәс кесіп - "Қыз Жібек", 1963. 43), пейілі тарылу,
сәлемге келу, ары төгілу, шайтан сөзі, пейілінен табу, насихат сөз, ғашық
оты — ашық, оты, уағдадан жылысу, уағдада тұру, қаза келу, кәр қылу т. б.
төрізді тіркестер Бұхардан бастап XIX ғасыр ақындарында, фольклорлық
үлгілерде актив қолданылған. Абай осылармен қатар араб-парсы сөздерін
катыстырып бірнеше жаңа фразеологиялық және грамматикалық тіркестер
жасайды. Мысалы, ғашықтык, жарасы (бұрынғы ғашық оты-ашық оты дегеннің
үлгісімен), хаққа мүлгу, қалың қайрат табу, ғылым оку, ғылым бағу, ғылым
іздеу тәрізді тіркестер жасап, оларды өте жиі қолданады: Ғылым таппай
мақтанба (I, 44). Сол малды сарып қылып ғылым табу керек (II, 168).
...Ғылым тапқандардың жолына... (II, 164). Бұл — '"білімді болу, оқу"
мағынасындағы тіркес. "Білім алу, оқу" мағынасындағы ғылым оқу да
осындай: Ғылым оқып ой таппай {I, 58). Ғылым оқып білгенше (I,382).
Бұрыннан қазақ тіліне сипатты ел бағу, балаларды бағу дегендердің
қатарына Абай ғылым бағу, дін бағу, ғылым іздеу деген жаңа тіркестер
қосады: Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп (I, 92). Терең ой, терең ғылым
іздемейді (I, 67). Соңғы тіркес еркін грамматикалық тіркес, әр компонент —
өз мағынасын беріп тұрғанмен, ғылым сөзінің тіркесу аясын кеңітіп
көрсететін-фактілердің бірі.
Үшіншіден және ең негізгісі, қазақ лексикасына орныққан кейбір шығыс
сөздері көп мағыналық сипатқа ие болады. Бұл белгі әсіресе Абайда күшті
сезіледі, Абай бір алуан араб-парсы сөздеріне үстеме мағына немесе
семантикалық реңк береді. Мысалы, қызмет сөзі — қазақ тілінде Абайға дейін-
ақ 2-3 мағынаны білдіре бастаған сөз. Біреулерге ілтипат көрсетіп, белгілі
бір міндет атқаруды қызмет, қызмет істеу, қызметінде болу, қызмет қылу,
қызмет шегу тәрізді тіркестермен білдірген: Қызметін қайын жұрттың көрді
дейді (іҚыз Жібек, 3963.23). Қызмет шегіп жүгірді Келмембет ердің жолында
("Камбар", 1957. 67). Екі қолын қусырып Үлкенге қызмет қылады (Дулат, 61).
Қызмет ету (істеу, қылу) тіркесі "'біреуге жұмыс істеу" (көбінесе тәуелді
түрде) мағынасын да білдірген: Бай кедейді көрмейді... Қызметін бір күн
қылмаса, Майлы сорпа бермейді (Шортанбай, 156). Абайда қызмет сөзінің осы
мағыналары да кеңінен қолданылған. Әбдірахманның әйелі Мағыштың аузына: Тым
болмаса қызмет қып, Өткізбедім қасымнан (I, 190) деген сөзді салғанда,
қызмет сөзі міндет, күту, бағып-қағу мағынасында келсе я байларға
қызмет қыл (І, 52) деген тәрізді жерлерде күн көріс үшін жұмыс істеу
мағынасын береді. Бұл екеуімен қатар Абай қызмет сөзін 3-мағынада
пайдаланады: ол қызмет сөзінің "әскери жәнс әкімшілік орын" деген ұғымы,
орысша "служба" мағынасы: Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім (I, 25) дегенінде қызмет қылу —
"патша үкіметінің әкімшілік органында жұмыс істеу" дегенді білдіреді.
Сондай-ақ: ...Қызметке, болыстық, билікке таласу (II, 159) дегендегі кызмет
— жергілікті әкімшілік орны. Кей жерлерде жазушы оязға қызмет ету немесе
военный қызмет деп осы сөздің мағынасын тіпті айқын береді: Военный қызмет
іздеме Оқалы киім киюге (I, 52). Қызмет қылма оязға Жанбай жатып сөнуге (I,
52).
Бұл сөздің жеке адамдардың арасындағы қарым-қатынасын білдіретін тар
мағынадан адамдар мен үкімет арасындағы қарым-қатынасты белгілеуге көшуі —
Абайда (және ішінара өзгелерде) кейбір сөздерді көп мағыналы ету фактісінен
туған.
Сондай-ақ өнер деген қалыптасқан арабизмді Абай бірнеше ұғымда
жұмсайды. Өнер сөзі қазірде "искусство" мағынасында тұрақталған. Ал Абайда
ең алдымен бүл сөз "кәсіп, профессия, қызмет" ұғымын береді: Оқудан шыға
ұстады ата өнерін (I, 271). Осының алдында: Кәсібін күннен-күнге тәңірі
оңғарған (I, 270) деген жол бар. Бұл жердегі өнер —кәсіп". Арабша харекет
сөзі де осы екеуіне синоним болып келеді: Атаның харекетін ұстай алды (I,
271). Хош, қорықты елің, Қорқытқан сенің Өнерің қайсы айтып бер (I, 91)
дегеніндегі өнер — "іс-әрекет, қызмет". Қылып жүрген өнері Харекеті —
әрекет (I, 60) деген жолдардағы өнер, харекет, әрекет деген үш арабизм —
өте бір қызық келтірілген семантикалық шоғыр. Үшеуі де бір-біріне синоним
болып түседі, дәл осы жерде өнер мен харекет сөздері жалпы "көсіп, іс-
әрекет" дегенді, ал әрекет варианты "жағымсыз іс-әрекет" дегенді білдіріп
тұр. Бұл — Абайдың халық тіліне енген шығыс сөздерін көп мағыналы етіп
қолдануының өте бір сипатты фактісі. Өнер сөзінің таза '"кәсіп, іс-әрекет"
мағынасында келтірілгеніне: Қажеке, молдеке аталмақ үшін өнер қылып едіңдер
(I, 191) деген сөйлемі де мысал болады. О дүниеге барғанда құдай тағаланың
алдында жауап беретін қажы, молда, сопы, жомарт, шейіттердің бұл дүниеде
істеген істерін Абай өнер қылдыңдар дегенінде, әрине, өнер сөзі қазіргідей
"көркем өнер (искусство)" ұғымында емес, тіпті жағымсыз іс-әрекет
мағынасында. Өнерсіз шатылған Кісіге сән бе екен (I,215) дегенде өнер де
"кәсіп, қызмет, еңбек ету"' мағынасындағы сөз. Сонымен қатар өнер
арабизмінің Абайдағы тағы бір мағынасы осы күнгідей "шеберлік" Гомердің
бәйітшілігі, Софоклдің трагедия жазатындығы, Зевскистің суретшілігі туралы
айтып келіп: Онан басқа өнерлері әшкере болган жандар дегенінде, бұл
жердегі өнер нағыз искусство, шеберлікті білдіреді. Абай орыстың өнерлері
(II, 158) деген қолданыста бұл сөзбен "шеберлік" ұғымын да, "кәсіп" ұғымын
да қоса беретін тәрізді, өйткені әрі қарай: Үлкен байлар да (демек, әр
алуан кәсіппен байығандар), үлкен молдалар да (демек, оқығандар), ептілік,
қырмызылық, сыпайылық, (демек, бүл үшеуі искусство — шеберлік түрлері) бәрі
соларда (I, 158) дегсн сөйлем бар. Өнерге салды бұлбұл аңыратып (II, 127) —
мұнда да өнер — искусство. Өнер сөзін "жалпы шеберлік" немесе "жалпы кәсіп"
мағыналарында қолданған Абай "ремесло", яғни белгілі бір қол шеберлігін
көсіп ету" деген ұғымды қолөнер деп айырып береді: Егерде мал керек болса,
қолөнер үйренбек керек. Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан колөнерлі —
қазақтың әулиесі сол (II, 188). Сірә, осы мағынадағы қазіргі қолөнер деген
сөзіміздің түп төркіні Абай кезеңінен (мүмкін, тіпті Абайдың өзінен)
алынған болса керек.
Абай тұсындағы жоне оған дейінгі әдеби тілде өнер сөзінің "шеберлік"
мағынасы басымырақ болған. Біздің қолымыздағы әзірге жиналған мысалдар
осыны көрсетеді. "Өнер алды — қызыл тіл" деген мақалдан бастап, ауыз
әдебиет үлгілеріндегі: Шығады әр түрлі өнер Айман жастан ("Айман — Шолпан",
1957, 29); Мәлім болды батырға Ақылмен өнер іс етіп ("Қамбар", 1957. 50)
деген жолдарда және Ильминскийдін, өнербет (искуссный) деп көрсетуіне
қарағанда, өнер сөзі "шеберлік" мағынасымен ұштасады.
Сөйтіп, Абай өнер сөзінің де мағынасын көбейтеді жене осы мағыналарда
қолданылуын активтендіреді. Қызмет пен өнер сездерінің қатарына харекет,
амал сөздерін де қосуға болады. Абай харекет арабизмін әрекет вариантынан
бөліп алып, "еңбек, кәсіп, жұмыс" мағынасында жұмсайды. Амал сөзі Абай
текстерінде "тәсіл" жене :'айла" дсген екі жақын семантикаға ие. Сөйтіп,
тілге бұрыннан сіңген шығыс сөздерінің үшінші белгісі полисемантизм болса,
оның активтену тенденциясы Абайда күшті сезіледі.
Хат, сурет сөздері де осындай көп мағынаға ие болған. Хат Абайда: 1)
"адамдар арасында жазылатын хабар" ("письмо"); 2) жалпы "жазу"; 3) хат тану
тіркесінде "сауат ашу, сауатты болу" мағыналарында жұмсалған. Мұның үшеуі
де жалпы халықтық тілде бұрыннан бар болғанмен, оның әр мағынасында
айқындалып, нормалануы Абайдың үлесіне тиеді. Мысалы, хат сөзінің осы күнгі
"почтовое отправление — письмо" мағынасы қазақша ресми-эпистолярлық
қағаздар тілінде мәктәбә, күтәпту, кітап жөне хат түріндс 3—4 сөзбен
берілген. Ал халық тілінде алғашқы кезде хат сөзінің "жалпы жазылған нәрсе,
жазу"- дәптер — Ақан. 272), кінеге ("Жазуға уіірстетүғьш кінеге" — оқу
кұралының аты) сөздері де ара-тұра қолданылғаны байқалады. Ал Абайда тек
қана кітап сөзі тұрақталған. Кітап сөзі жиі қолданыла бастаған соң, оның
бетіндегі таңбалардың атауы да аталмай қалуы мүмкін емес, сондықтан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz