«Алтын Керуен» ЖШС – нің мысалында экономикалық және қаржылық жағдайы туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Кіріспе, үш бөлім, қорытындыдан тұратын дипломдық жұмыста алынған тақырыптың өзектілігі, туризм дамуының әдістемелік және теориялық сұрақтары сипатталған. «Алтын Керуен» ЖШС - нің мысалында экономикалық және қаржылық жағдайы туралы талдау жүргізілген, туризмді дамыту үшін несиені тарту қажеттілігі негізделген, «Алтын Керуен» ЖШС - нің экономикалық тиімділігін жақсарту үшін әртүрлі автобустарды пайдалану ұсынысы келтірілген.

Аннотация

В дипломной работе состоящей из введения, трех глав, заключения рассматриваются актуальность выбранной темы, методологические и теоретические вопросы развития туризма, проведен анализ современного состояния экономического и финансовых условий на примере ТОО «Золотой Караван», обоснована необходимость привлечения кредита для развития туризма, даются предложения на использования разных видов автобусов по улучшению экономической эффективности ТОО «Золотой Караван».

Annotation

The diploma work consists of the introduction, three main chapters and the conclusion. The actuality of the chosen theme, methodological and theoretical matters of tourism development are considered. The analysis of the modern economical state and financial conditions on the example of JVC “Zolotoy Caravan” has been conducted. The necessity of credit attraction for tourism development has been grounded. Offers of using the different kinds of buses on improving the economical effects of JVC “Zolotoy Caravan” are given.

Мазмұны

Кіріспе
5
: 1.
Кіріспе: Туризм - қоғамдық өмірдің көп қырлы, көп аспектілі көрінісі
5: 7
: 1. 1
Кіріспе: Туристтік орталықтың қызмет ету мақсаты, мәні мен бағыттары
5: 7
: 1. 2
Кіріспе: Кәсіпорынның қызмет көрсету сервисінің атқарылуы мен дамуын талдау
5: 13
: 1. 3
Кіріспе: Туристтік орталықтың құрылымдық орналасуы, міндеттерінің бөлінуі
5: 18
: 1. 4
Кіріспе: Туризм дамуынын қазіргі жай-күйне талдау
5: 22
: 1. 5
Кіріспе: Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу мен қолдау жүйесiн дамыту
5: 29
: 2 .
Кіріспе: «Алтын Керуен» ЖШС-нің қызметінің экономикалық көрсеткіштерін талдау
5: 34
: 2. 1
Кіріспе: «Алтын Керуен» ЖШС-нің қызметінің құрылымы
5: 34
: 2. 2
Кіріспе: «Алтын Керуен» ЖШС - нің көрсеткіштері
5: 35
: 2. 3
Кіріспе: «Алтын Керуен» ЖШС пассивтер (міндеттер) құрылымы
5: 37
: 2. 4
Кіріспе: «Алтын Керуен» ЖШС балансын талдау
5: 39
: 2. 5
Кіріспе: «Алтын Керуен» ЖШС еңбекақы қорының талдауы
5: 40
: 2. 6
Кіріспе: «Алтын Керуен» ЖШС қызмет көрсету көлемінің және қауіпсіздік аймағының шығынсыздығының есебі
5: 45
: 2. 7
Кіріспе: «Алтын Керуен» ЖШС капиталының рентабельділігін талдау
5: 49
: 3
Кіріспе: «Алтын Керуен» ЖШС-нің жұмысын дамытуға арналған шаралар
5: 52
: 3. 1.
Кіріспе: Қарыз капиталын пайдаланудың тиімділігін бағалау
5: 52
: 3. 2
Кіріспе: Туристерді тасмалдауға автобусты сатып алу үшін шешімді негіздеу
5: 56
:
Кіріспе: Қорытынды
5: 59
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиетер тізімі
5: 61
:
Кіріспе: Қосымшалар
5: 62

Кіріспе

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында халықтың әлуеметтік жағдайын жақсартатын, дамытатын негізгі басым бағыттарды және мақсат пен міндеттерді айқындап отырады.

Осындай маңызды тақырыптың бірі, ол ел ішіндегі және сыртындағы Ұлттық туризмді дамыту болды.

Елбасының саясатына және өздерінің ұтқыр ойларына сүйене отырып, «Алтын Керуен» туристік орталығы, 2008 жылы 11 мамырда ашылған, Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін әр түрлі халықаралық жәрменкелерде абыроймен танытып жүр. Шет елдік туристерге Қазақстан қыр-сыры толығымен зерттелменген, жұмбақ және мыңдаған жылдарға созылған тарихы бар ғажайып ел болып отыр. Біздің территориямызда тек мемлекеттің ғана емес, сондай-ақ «ЮНЕСКО» және «БҰҰ» қорғауындағы жәдігерлер өте көп. Қазақстан қазіргі инфрақұрлымның, соның ішінде туризмнің дамуына көп көңіл бөледі. Туризм елдегі барлық аймақтардың экономикасына әсер етеді. Туризм аумағындағы шаруашылық субъектілердің құрылуы және қызмет атқаруы жол көліктері, сауда, мәдени, медициналық қызметтермен тығыз байланысты. Қазақстандағы туризмнің дамуы Ұлы Жібек жолымен құрылған және дамыған.

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен халықтардың тарихи және мәдени ескерткіштері қайта жандануда. 2001 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет» туралы жаңа Заң қабылданды. Ол туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастыру негіздерін анықтады.

Жамбыл облысының Қазақстандағы көне аудандардың бірі екені бәріне аян. Өкінішке орай жерлестеріміз өлкеміздің бар сұлу табиғатан біле бермейді, ал біздің басқаларға мақтанышпен көрсете алатын жерлеріміз өте жеткілікті. Туризм әлемдік экономикада маңызды орындардың біріне ие. Бүкіл әлемдік туристік Ұйымның мәліметтері бойынша ол жалпы әлемдік жиынтық ұлттық өнімнің оныншы бөлігін құрайды. 1993 жылы Қазақстан Республикасы әлемдік туристік Ұйымға мүше болды.

Қазақстандағы туризмнің дамуының тарихы Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы, ол б. э. д. үшінші мыңжылдықтан бастау алады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап туристік қызметтің реттелуіне негізі қаланды. Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді болашағы бар сала ретінде анықтады.

Қазіргі уақытта 2003 - 2005 жылдарға туризімді дамыту жөнінде республикалық бағдарламалардың жобасы дайындалды.

Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау карсаңында" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысымен бекітілген. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарына (екінші кезең) сәйкес әзірленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1445 қаулысымен бекітілген Туризм саласын дамытудын 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру кезеңінде халықаралық туристік байланыстар біршама кеңейді, туристік саланың заңнамалык және нормативтік құқықтық базасы жетілдірілді. Бұл ретте туристік саланы дамыту жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712-1 қаулысымен бекітілген. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарьшың негізгі өлшемдерін есепке ала отырып іске асыруға басты назар аударылды.

Жеті кластерлік бастаманың ішінде туристік индустрияның экономиканың басым секторларының бірі ретінде танылуы оны дамытуға жаңа серпін берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндеттерінің бірі - Қазақстанды орта Азиялық өңірдегі туризм орталығына айналдыру. Мемлекеттік бағдарлама республикада қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етілуге мүмкіндік береді. Ол туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттын стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құрудың, туристік әлеуетті арттырудың, елдің тартымды туристік имиджін, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негізгі аспектілерін қамтиды.

Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнін туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды бірігуінің табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінін капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді салалардын бірі болып табылады.

1. Туризм - қоғамдық өмірдің көп қырлы, көп аспектілі көрінісі

1. 1 Туристтік орталықтың қызмет ету мақсаты, мәні мен бағыттары

Батыс елдерінің туризімімен салыстырғанда Қазақстандағы туризм осы уақытқа дейін ұлттық экономика теориясының алғы шарттары болып отыр. Достастық мемлекеттерде өкінішке орай туризм халық шаруашылығының толық саласы ретінде танылмай отыр.

«Туризм» ұғымы көп жағдайда спортпен байланыстырылады, ал жеке бір табыс әкелетін шаруашылдық көзі ретінде қарастырылмайды.

Туризм ең алдымен «әлеуметтік - экономикалық құбылыс» болып табылады. Қазіргі батыстың экономика ғылымы туризмді күрделі «әлеуметтік - экономикалық жүйе», басқаша айтқанда « туризм индустриясы» ретінде қарастырады.

Туризм кешенді құбылыс ретінде пәнаралық зерттеудің обьектісі болды. Қазіргі уақытта жаңа ғылым - туризмологияны құрылу процесі жүруде.

Туризмдегі сұраныстық дамуына әсер ететін факторы.

Туристік сұраныс жалпы және әлеуметтік болып табылады. Ол көптеген факторлар негізінде қалыптасады. Туристік нарықтағы сұраныстың өзгеруіне әсер ететін маңызды және мазмұнды факторлар келесілер;

Жалпы экономикалық факторлар:

- жалпы тұтынудың материалды жағдайының деңгейі жұмыс және еркін уақыттың қатынасы.

Әлеуметтік - демографиялық фактор:

- жасы, жынысы, мамандығы, білімі, әлеуметтік топ, жанұя жағдайы, мүліктік жағдайы, жанұя құрамы, мекен жағдайы.

Мәдени және қоғамдық - психологиялық факторлары;

- рухани құндылық жүйесіндегі алғы шарттар, тұтыну психологиясы.

Тұлғалық мінез - құлық факторлары;

- жеке ерекшеліктері, өмір сүру салты, бос уақыттағы қызығушылықтары, мақсаты, белгілері.

Осы факторлардың барлығы тұтынушыға әсер етеді, ол нәтижесінде нарықтағы тұтынушының мінезін анықтайтын элемент болып табылады. Факторлардың жиынтығы туристік қызметтегі тұтынушылардың мінезінің қалыптасуын және пайда болуын анықтайды, ол келесі көрсеткіштермен сипатталады:

- туризм географиясын таңдау артықшылығы, туристік қызмет ұйымдастыруды таңдау және тағыда басқалар.

Тұтынушының мінез - құлқын анықтау үшін жалпы экономикалық және әлеуметтік - демографиялық факторларға туристік сұраныстың құрылымын кеңінен қарастыру қажет.

Туризм экономиканың саласы ретінде ең алдымен бос уақытты ұйымдастыруды қарастырады, ол кемінде екі фоктордың дамуымен байланысты; бос уақыт және оны ұйымдастыруға қажетті материалды қаражат.

Туризм индустриясының дамуына жалпы экономикалық, техникалық және әлеуметтік жетістіктермен тікелей байланыстары бар. Дамыған елдерде өмір деңгейінің өсуі жұмысшылардың демалыс уақытының ұзаруына әкеледі, ал ол туристік саланың дамуына әсер етеді. Бос уақыттың жоғарлауы алдағы кезеңде туризмнің дамуында маңызды фактор болып табылады.

Зерттеушілердің қорытындысы бойынша террористік фактор туризм индустриясына зор ықпал жасайды. Мысалы, Джербтағы туристік демалыс орталығындағы, Африкада орналасқан Мамбастағы жарылыстар.

Әлемдегі туристердің 60 % - ы шетел азаматтары өндірістігі дамыған елдерге келуі. 2002 жылы әлемдік демалудың ұзақтығы 3, 2 % - ға жоғарлаған және ол 9, 4 түн (10, 4 күн) құрайды. Еуропада инфляциялық процестермен бір қатар елдердің еуроға көшуіне байланысты шығындар деңгейі 10, 6 % - ға өсті. Қызмет етуіне байланысты судағы, сауықтыру бағыттары алғашқы орындарда тұр.

Туризмнің ұзақ мерзімді дамуын мамандар оптимистік түрде сипаттайды. Болжамдарға қарағанда 2010 жылы әлемде 1 млрд. адамға жуық, 2020 жылы 1, 5 млрд. адамға жуық әлемді шарлайды, ал туризмнен түсетін табыс шамамен 2 трлн. долларды құрайды.

Әлемдегі елдердің 83 % - ы үшін туризм табыс әкелетін негізгі бес көрсеткіштерінің бірі, ал 38 % елдер үшін негізгі табыс көзі болып табылыды. Егер 1998 жылы туризм сферасында 115 млн. адамға жұмыс орны болса, ал болжам бойынша 2020 жылы 550 млн. адамға жұмыс орны болады деп күтілуде. Қазіргі уақытта туризм әртүрлі елдерде бірдей емес дамуда. Әдетте жоғары дамыған елдерде туристік қызметтер жақсы дамыған. Батыс және Солтүстік Еуропа, Солтүстік Америка және Жапония, Шығыс Еуропа, Парсы шығанағы, Корей Республикасы, Сингапур және тағыда басқалар.

Туризм халық шаруашылығының саласы ретінде сұраныс пен ұсыныстың нарықтық категориясына сәйкес келуі қажет.

Халықаралық туристік нарық қазіргі уақытта көптеген, миллиардтаған айналым қаражаты бар механизм және қатал бәсекелестікке ие. Сондықтан Қазақстан бәсекеге қабілетті туристік өнімді анықтаумен шұғылдануы қажет.

Қазақстандық туристік өнімнің негізгі екі компонентін анықтауға болады; Ұлы Жібек жолындағы мәдени туризм және сонымен байланысты эко-туризм ( тау туризмі, аң және балық аулау ) . Осы тұста келесі аймақтарды көрсетуге болады: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары.

Аймақтар бойынша келесідей бағыттар бар;

- Іле аймағы ( Алматы қаласы, Түрген ауылы, Есік қаласы, Талғар қаласы, Қаскелен, Ұзынағаш, Қапшағай қалалары ) .

- Солтүстік - Тяньшань ( Кеген ауылы, Нарынқұл ауылы, Жалаңаш ауылы, Чунджа, Көлжат ) .

- Жаркент - Талдықорған ( Жаркент қаласы, Көктал ауылы, Текелі, Талдықорған қаласы, Жаркент - Арасан ) .

- Балхаш.

- Солтүстік - Жоңғария ( Достық ауылы, Алакөл, Жарқұлақ, Көктұма, Сарқанд, Арасан - Капал ) .

- Жамбыл ( Тараз қаласы, Меркі ауылы, Мойынқұм ауданы ) .

- Түркістан ( Түркістан қаласы, Отырар, Шауілдір, Баба - Ата ауылы, Кентау, Шаян ауылдары ) .

- Сайрам - Шымкент ( Шымкент қаласы, Сайрам ауданы, Арыс қаласы, Шардара қаласы, Сары - Ағаш, Ленгер қаласы ) .

- Жоғарғы - Бұхтарма ( Берел ауылы, Марқакөл ) .

- Маңғыстау ( Фетисово ауылы, Ақтау қаласы, Ерашев - Құрық ) .

Орталық - Азиялық аймақтағы туризмнің ерекшелігін ескеру қажет. Ұлы Жібек жолы және негізгі шетелдік туристердің негізгі жолы келесі аймақтарды қамтиды; Қазақстан, ҚХР, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан.

Қазақстандық турөнім көрші елдердің өкілдерінен кейін қалмауы қажет.

Қазақстан өзінің егемендігін алғанға дейін туризм басқа салалар сияқты орталықтан қатаң реттеліп отырды. КСРО - дағы туристік қызметтің негізгі аймақтары; Кавказ, Қрым, Балтық, Ресейдің тарихи жерлері, Орталық Азия болды.

Қазақстанда туризмнің индустриясының дамымағанның бір себебі онымен мемлекет деңгейінде мақсатты шұғылданбады. Туризмге кешенді болжамдар, ұзақ мерзімді жоспарлау, аймақтық ұйымдастыру жүргізілмеді. Сонымен қатар жергілікті органдар туризмді алдыңғы қатарлы сала ретінде қарастырмады, бірақ туризмнен түсетін табыс жергілікті бюджетті құрайтын еді.

Қазақстан тәуелсіздікке ие болғаннан кейін туристік қызметті реттеуге және тарихи - мәдени мұралардың негізін қалады.

Бүкіл дамыған елдер негізгі туристік ағындарды тартуға бағытталған, себебі туризм мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігін толықтырады. Сол үшін Қазақстан шетелдік ткристердің ағының ұлғайтуы қажет. Осы мақсатта турмекемелер қызметтерін жаңа арнаға бұрулары қажет, ең алдымен, көлік, қонақ жай, кадр мәселесімен байланысты болады.

Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық әуежолдары Германия, Индия, Біріккен Араб Эмиратына, Түркия, Италия, Корей Мемлекеті, Венгрия, Қытай, Тайланд елдеріне ұшуға мүмкіндік береді. Көптеген туристер шетелдік тасымалдаушылардың қызметін пайдаланады, ал ол отандық тасымалдаушылардың қызметін төмендетуге әкеледі.

Сонымен қатар әуе билеттерінің құны жоғары болуы, Қазақстандағы турөнімдердің құнын жоғарлатты, нәтижесінде, оның халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.

Автокөлік мемлекетке жақын орналасқан аймақтарда қолданылады. Оның дамуы жолдардың жағдайы мен туристік көлік құралдарындағы техникалық қызмет көрсетуге байланысты болады. Республикадағы автобус парктері нашар жағдайда, сондай - ақ қазіргі заманға сай келетін автокөліктер іс - жүзінде жоқ.

Республикадағы негізгі темір жол тасымалдаушысы «Қазақстан темір жолы» болып табылады. Қазақстанның темір жолдарынан Қырғыстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Түркменстан елдерінің тасымалдаушы поездері өтеді. Алдағы кезеңде экологиялық таза туристік көлікті дамытуға бас назар аудару қажет.

Туристік бизнесте негізгі шектеуші фактор болып туризм индустриясындағы материалды базаның мүмкіншіліктерінің төмен болуы. Қазіргі уақытта қонақ үйлердегі, турбазалардағы және басқада объектілердегі сыйымдылық 35 % - ды құрайды.

Аудандардағы шетелдік туристерге сапасыз туристік өнімдердің болуының басты себебі қажеттідеңгейде қонақ үйлердің болмауы, ал қолда бар қонақ үйлер 80 % - ға тозған, ал қалған бөлігі тоқырауға жақын тұр.

Кадрмен қамтамасіз ету. Туризмді дамытудағы басты мәселелердің бірі туристік кадрларды дайындау болып отыр. Кадрмен қамтамасіз ету 1992 жылдан бері қарастырылып жатсада, осы уақытқа дейін өзекті болып қалуда. Көптеген жоғарғы оқу орындарында туристік жағдайды білетін оқытушы құрамның деңгейі төмен болуы. Мамандарды дайындауда қажетті материалдар, технологиялар және әдістемелер пайдаланылмайды. Сондықтан жоғарғы оқу орынын бітірушілер туроператорлық қызметтерді толық орындай алмайды.

Көп жағдайда «туризм» спорт және денсаулықты нығайтумен сипатталады, ал оны белгілі бір табыс әкелетін халық шаруашылығының саласы ретінде қарастырады.

Қазіргі кезде табыстық экономика ғылымы туризмді күрделі «әлеуметтік - экономикалық жүйе» ретінде қарастырады, онда көп салалы және өндірістік кешен, басқаша айтқанда «туризм индустриясы» деп атайды.

Туризм кешенді құбылыс ретінде пәндер арасындағы зерттеу обьектісі болды. Қазір жаңа ғылым - туризмологияның қалыптасу процесі жүріп жатыр. Оның дамуына келесідей ғылымдар саласы ықпал етеді: география, экономика, әлеуметтану, психология, медицина, құқық, қоғамдық және техникалық ғылымдар.

Туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңы Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделеді және ҚР азаматтық кодексінен, «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» № 211-1 13. 06. 2001 жылғы Қазақстан Республикасы заңынан (ары қарай - заң ), ҚР - ның басқалай нормативті құқықтық актілерінен тұрады.

Заңға сәйкес туризм - бұл жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, немесе келген мемлекетіне (орнына) төлеусіз қызметке байланысты мақсатта қонған жағдайда, жиырма төрт сағаттан кем уақытша келген саяхат. Туристік қызмет - бұл жеке және заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету қызметі. Туристік қызмет мынадай болып бөлінеді:

1. Турагенттік қызмет - бұл туристік өнімді ұсыну және өткеру бойынша, сол қызмет түріне лицензиясы бар, жеке және заңды тұлғалардың қызметі Турагенттік қызметті жүзеге асырушы азаматтар туристік агент болып табылады.

Туроператорлық қызмет - бұл сол қызмет түріне лицензиясы бар, өздерінің туристік өнімдерін турагенттер мен туристтерге ұсынатын және өткеретін, қалыптастыра білетін заңды тұлғалардың қызметі. Туроператорлық қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғалар туроператорлар болып табылады.

2. Туризм нұсқаушысы - туристтік маршруттардың жүру жолдарын жетік меңгерген маманданған әрі тәжірибелі сәйкестігі бар кәсіби дайындалған жеке тұлғалар.

3. Туризмнің ұйымдастырушылық түрлері халықаралық және ішкі туризм болып танылады.

Халықаралық туризмге енетіндер:

Кіру туризмі - Қазақстан Республикасы аумағында тұрғылықты тұрмайтын азаматтардың Қазақстан Республикасы ішіндегі саяхаты.

Шығу туризмі - Қазақстан Республикасында тұратын азаматтардың басқа мемлекетке саяхаты.

Ішкі туризм - Қазақстан Республикасы аумағында тұрғылықты тұратын азаматтардың Қазақстан Республикасы ішіндегі саяхаты.

Қазақстан Республикасы аумағындағы кіру туризмін ұйымдастыруға байланысты туристтік қызмет көрсету туристтік қызмет экспорты болып табылады.

Басқа мемлекетке шығуға байланысты туристтік қызмет көрсету туристтік қызмет импорты болып табылады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 «Лицензия туралы» (толықтырулары және өзгертулерімен) заңына сәйкес турагенттік, туроператорлық қызметтер, туризм нұсқаушыларының қызметі лизензиялауға жатады. 2005 жылы 1 қаңтарға дейін туризм саласындағы лицензиялау мемлекеттік өкілетті орган болып табылады Қазақстан Республикасының туризм және спорт Агенттігімен жүзеге асырылады.

Агенствомент берілген лицензиялар заңды деп танылады. 2005 жылы 1 қаңтарынан бастап туризм саласындағы лицензиялау туризм саласындағы облыстық, Астана, Алматы қалаларындағы атқарушы органдар жүзеге асырады. 2001 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1213 Қаулысымен туристтік қызметті лицензиялау ережелері бекітілген (ары қарай - Ереже), онда туристтік қызмет жүргізу құқығының кәсіби талаптары, тәртібі, беру шарттары, мемлекеттік лицензия есебі айқындалады. Лицензия туристтік қызмет көрсетуге ең басты құқық беретін құжат болып табылады. Лицензия алғаннан соң мәлімдеуші лицензия берілген сәттен бастап жеті айдың ішінде туристтік қызмет көрсетуге сәйкестік сертификатын алуға міндетті, содан соң оның көшірмесін лицензия берушіге тапсырады.

Қазақстан Республикасында «Туроператорлар мен турагенттердің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 жылтоқсандағы № 513 - 2 заңы іс жүзінде, онда туроператор мен турагенттердің міндетті сақтандыру объектісі ретінде мүліктік қызығушылығы табылады, ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңдылығы бекіткен міндеттемемен байланысты, себебі туристтерге қызмет көрсету мүліктік залал келтірсе оны өтеуі тиіс.

Туристтік кәсіпорындардың алған лицензиялары материалдық емес активтердің құрамында көрсетіледі. Егер лицензиялардың пайдалану мерзімі шектелген болса, олардың құны амортизацияланады (мерзімді шығындарға бірте-біртеқосылады) сол пайдалану мерзімі бойы. Ал егер лицензия уақыты шексіз болған жағдайда, онда амортизациялану мерзімі кәсіпорынның оны пайдаланып пайда көре алатын уақытқа дейін созылады. Материалдық емес активтер стандартына сәйкес пайдалану мерзімі шексіз болған материалдық емес активтер әрбір есеп беру кезеңінде құнсыздануын анықтау үшін тестілеуге тиіс.

Көп жағдайда «туризм» спорт және денсаулықты нығайтумен сипатталады, ал оны белгілі бір табыс әкелетін халық шаруашылығының саласы ретінде қарастырады.

Қазіргі кезде табыстық экономика ғылымы туризмді күрделі «әлеуметтік - экономикалық жүйе» ретінде қарастырады, онда көп салалы және өндірістік кешен, басқаша айтқанда «туризм индустриясы» деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
ТАУАР-АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ
Қазақмыс корпорациясы ЖШС
Кәсіпрынның қаржылык жагдайы талдаү
Оңтүстік Қазақстан аймағындағы тарихи қалалардың қалыптасуы мен дамуының экономикалық-географиялық ерекшеліктері
Ұлы жібек жолы және оның тарихи маңызы
Қазақстан Республикасы оңтүстік аймағында мәдени туризмнің даму ерекшеліктері
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
Алматы облысының шекара маңы аумағының экономикалық – географиялық байланыстарының дамуы (Панфилов ауданы мысалында)
Ұйымдағы капиталдың қалыптасуы мен қозғалысы есебінің экономикалық маңызы мен мәнін қарастыру («УАТ» ЖШС-і мысалында )
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz