Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде-құқық бұзушылық туралы


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І-тарау. Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде- құқықбұзушылық

1. 1. Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде-құқықбұзушылықтың түсінігі . . . 6

1. 2. Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде-құқықбұзушылықтың түрлері . . . 13

ІІ-тарау. Заңды жауапкершіліктің түрлері

2. 1. Заңды жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы . . . 24

2. 2. Заңды жауапкершіліктің түрлері . . . 39

2. 3. Заңды жауапкершіліктен босатудың мән-жайлары . . . 46

Қорытынды . . . 54

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 57

Кіріспе

Заңды жауапкершілік, бір жағынан, жалпы әлеуметтік жауапкершіліктің түрі, басқа түрлер басқа әлеуметтік нормалардың негізінде пайда болады - саяси, мораль нормаларының, корпоративті нормалардың т. с. с.

Басқа жағынан, заңды жауапкершілік құқықтық мәжбүрлеу шарасының түрі, сонымен бірге ол көбірек қаттылау түрі, көбірек деңгейде субъектінң құқықтық жағдайына тиістілі бар.

Заңды жауапкершіліктің белгілері:

  1. Ретроспективті сипатта, яғни алдыда өтіп кеткен тәртіпке деген реакция, өткен тәртіпке (не кейбір оқыйғада - созылмалы) . Субъект алда болатын тәртіптеріне заңды жауапкершілікке тартылмайды.
  2. Заңды жауапкершіліктің негізіндегі тәртіп, міндетті түрде ерекше болуы қажет, яғни бойында құқық бұзудың белгісін ұстауы керек. Кінәлі тәртіп болуы керек. Кінәсіз заңды жауапкершілік болуы мүмкін емес.
  3. Заңды жаупкершілік құқықбұзушының тәртіпін әр уақытта мемлекеттік және қоғамдық талқылауымен (негативті бағалау) байланысты.
  4. Айыпты сипатта болады. Бұл белгінің мәні сонда, құқықбұзушыда оның жасаған әрекеттеріне байланысты жаңа заңды міндеттер пайда болады (құқықбұзғанға дейін болмаған) . Құқықбұзушылық заңды факт, ерекше - қорғаушылық құқықтық қатнастардың тууына әсер етеді (құқықбұзушымен мемлекеттің арасындағы), сол қалыпта осы міндеттер пайда болады.
  5. Заңды жаупкершілік көнтерлілік сипатта болады. Қандай да болмасын міндеттілік-аутпалық, бірақ құқықбұзу нәтижесінде ерекше міндеттер пайда болады - өзіне тиісті және басқа бағдарламаларынан айырғанға көтерімділік көрсету (көну) .
  6. Заңды жауапкершілікті жүктеу тәртібі заңмен белгіленеді, яғни заң бұл процесстің белгілі процедуралық нысандарын белгілейді.

Егер айтылған белгілерді есепке алсақ, онда заңды жауапкершілікті құқықтық қатнаспен саластыруға (қорғаушылық) және ерекше заңды міндеттілікпен. Егер құқықбұзушылық мемлекетпен сезілмесе не болмаса белгіленбеген болса (не тауып алынбаған) құқықбұзушы ештеңеге жаупты емес) керісінше, ол жасалған құқықбұзушылықтың игілігімен пайдалануына болады) . Сондықтан, оның айтсақ, заңды жауапкершілік - өзі міндеттілік емес, қорғаушы құқықтық қатнастағы оны іс жүзіне асыру процессі.

Заңды жауапкершіліктің пайда болуы туралы басқа да көзқарастар бар:

а) ол қорғаушы құқықтық қатнаспен құқықбұзғаннан кейін тоқтамай бірге пайда болады;

б) негізгі құқықты қолдану актысын шығарғаннан кейін пайда болады (үкім, шешім), онда барлық заңды жаупкершілікке қажетті кездер тіркеледі.

Заңды жауапкершілік айыптылық (қыйнайтын) және құқықты орнына келтіру функциясын орындайды. Проф. О. Э. Лейст осы жөнінде екі функция туралы емес, екі кейіптегі заңды жауапкершілікті айтады: айыптау, ол қылмыстық, әкімшілік және тәртіптілік жауапкершілікті біріктіреді және құқықтық тәрбиелеуді (азаматтық құқықтық және материальды жауапркешілік) .

Традициялық түрде заңды жауапкершілікті былай бөлеміз: қылмыстық-құқықтық, әкімшілік құқықтық, азаматтық-құқықтық, жұмысшылардың материальдық жауапкершілігі. Мұндағы көңіл аударатынымыз:

а) құқық салаларына қарағанда жауапкершілік түрі аздау;

б) әртүрлі салалардың нормаларын бұзғандығы үшін жауапкершіліктің бір ғана түрі пайдаланылады;

в) бір саланың өзінде бірнеше түрдегі жауапкершіліктер болады (мысалы, тәртіптілік және еңбек құқығындағы материальдық) .

Сонымен, бұл топтастыру жауапкершілігінің негізінде салалық белгі жатыр. Өйткені, құқық жүйесінде салаға бөлу реттеуші нормаларлардың сипатына байланысты, ал жауапкершілік тікелей қорғау нормаларымен байланысты, себебі олардың жеке табиғаты бар және өзінің заңдылығымен әрекет жасайды. Кейді универсальдық сипатта болады.

Заң әдебиеттерінде ретроспективті заңды жауапкершіліктен (болған құқықбұзушылық үшін) басқа перспективті заңды жауапкершіліктің барлығы туралы көзқарастар қорғалып келген - субъектінің болашақтағы тәртібі үшін жауапкершілік. Мұнда оның позитивті сипаты атап көрсетілген - сол мәнде адам туралы айтқанда, оның «жауапкершілікпен» өзінің міндеттеріне қатыстылығы. Дегенмен, ол көзқарасты көптеген құқықтанушылар қолдау көрсетпеді де мынаған сілтеме жасады, яғни «позитивті» жауапкершілікте шын мәнісінде заңды мазмұн жоқ: бұл көп жағдайда жалпыәлеуметтік не этикалық бағыттағы жауапкершілік.

І-тарау. Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде- құқықбұзушылық

1. 1. Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде-құқықбұзушылықтың түсінігі

Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде құқықбұзушылық - құқыққа сай емес тәртіптің негізгі түрі болып табылады (оның басқа түрі - объективті құқыққа қарсы тәртіп) және соған сай ол құқықтық тәртіптің түрлерінің бірі, себебі, соған қатысты құқыққа сай емес тәртіп (құқықа сайлықпен қатар) оның түрі ретінде көрінеді.

Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде құқықбұзушылыққа мынандай белгілер тән:

  1. Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде құқықбұзушылық - бұл әр уақытта әрекет және тек әрекет, яғни әрекет, әрекетсіздік не вербальдық (сөз жүзіндегі) тәртіп. Құқықбұзушылыққа ой, сендіру, берік ниет егер олар сырттан көрінбесе. Адам заң үшін өзінің тәртібінсіз өмір сүрмейді: оған өз кезінде Гегель де көңіл аударыпты.
  2. Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде құқықбұзушылық - бұл әрекет, ол қоғам үшін қауіпті, оған зиян келтіреді. Мұнда көңіл аударатын нәрсе, құқықта бұзу мүмкін емес, нақтылы қоғамдық қатнастарға тиісбей. Құқықбұзушылық (бұл атауға қарсы әріпті талқылау) заң нормаларының өзіне зиян келтірмейді. Ондай жағдай зиянды не болмаса тек нақтылы құқыққа қауіпті және заңмен қорғалатын жекелеген қоғамдық қатнастардың ықыласына етеді.

Құқықты бұзғанда белгілі адамдар, олардың ұйымдары, ал құқық нормалары әрекетін жалғастыра береді және міндетті деп есептеледі.

  1. Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде құқықбұзушылық - бұл құқыққа қарсы әрекет, яғни ондай әрекетті жасау құқықпен әртүрлі нысанда тыйым салынған (тікелей тыйым салу, позитивті әрекет жасауға, әрекеттің жазалатынын белгілеуге арналған заңды міндеттерді тапсыру) . Құқыққа қарсылық дегеніміз, құқықтағы әрекеттің қоғамдық зияндылығын көрсету.
  2. Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде құқықбұзушылық - бұл әр уақыттағы кнәлі әрекеттер: кінәсіз құқықбұзушылық жоқ. Кінә - бұл құқықбұзушылық өзінің әрекетіне ерекше психикалық қатнас және оның нәтижесіне де қатысты.

Сонымен, заңды жауапкершіліктің негізі ретінде құқықбұзушылық - қоғамға қауіпті құқыққа қарсы кінәлі әрекет. Құқықбұзушылықты қоғамға қауіптілік деңгейіне сай қылмысқа (қылмыстық құқықбұзушылық) және теріс қылық. Теріс қылық, өз жағынан әкімшілік, азаматтық (азаматтық-құқықтық бұзушылық) және тәртіптікке бөлінеді. Сонымен қатар, процессуальдық құқықтық қатнастар тобын (процессуальдық құқық нормаларын бұзуда) бөлуге болады.

Әкімшілік құқықбұзушылықты екіге бөлуге болады:

а) әкімшілік құқықтан шығатын позитивті заңды міндеттерді орындамау;

б) кодекспен белгіленген әкімшілік құқықбұзушылықтағы әкімшілік-құқықтың тыйым салдғандарын бұзу.

Олардың айырмашылығы сонда, біріншісі «таза» әкімшілік құқықбұзушылық, ал екіншісі өзінің табиғатына қарай қылмыстық құқықбұзушылыққа ұқсас және олардан айырмашылығы тек қоғамдық қауіпсіздігінің аздығында.

Тәртіптік теріс қылық - дегеніміз, құқықбұзушының еңбек, қызмет, әскери, оқу тәртіптерімен байланыстыратын заңды міндеттерді бұзуын айтқан.

Азаматтық құқықбұзушылық (деликт) әдебиетте «құқыққа қарсы әрекеттермен жеке адамға не болмаса азаматтың мүлкіне зияндық жасау, сонымен бірге ұйғаымдарға зияндық жасау, заңға қарсы келісім жасау, шарттың міндеттін орындамау, меншіктік құқықты бұзу, авторлық не изобретательдердің және басқа азаматтардың құқығын бұзуы» көрсетілген (проф. О. Э. Лейст) .

Құқық және мәжбүрлеу.

Санкциялық қалай болса да әлеуметтік реттеуге тұтасымен тән нәрсе, өзінді қамтамасыз ету құралы, оның ішінде мәжбүрлеу де және әлеуметтік нормалардың әртүрлі бар. Дегенмен, құқықта күшті және дамыған әлеуметтік реттеуші ретінде, мәжбүрлеу (басқа әлеуметтік нормалардың қасиеті ретінде мысалы нормативілік және процедурность) терең және өзіндік көріну ерекшелігін табады.

Мәжбүрлеу, құқықтың объективтік қасиеті ретінде құқықтың билік табиғатымен, мемлекеттік - еректік ұйғарыммен қамтамасыз етілген және нақты құқықтық мәжбүрлеу актысында өзін көрсетеді.

Мәжбүрлеу құқықтағы, құқықтық мәжбүрлеу ретінде көрініп сол қаситетімен талай арнайы ерекшеліктерге ие болады.

Біріншіден, бұл мемлекеттік мәжбүрлеу, - мемлекеттің ұйымдастыру күшімен негізделген және мемлекеттік ерікке бағынуға бағытталған тәртіпке жасалатын сыртқы ықпалды түсінеміз.

Екіншіден, бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі, себебі мемлекеттік мәжбүрлеу тек құқықтық қана болмайды, тікелей фактыдағы мәжбүрлеу актыларында көрінеді, яғный өзіндік мемлекеттік қыйнау актысында.

Үшіншіден, құқықтық мәжбүрлеуді оның ерекше мақсаты айырып көрсетеді - заң нормаларын орындауға мәжбүрлеу, құқықтың ұйғарымын.

Төртінші, құқықтық мәжбүрлеу - бұл сондай мәжбүрлеу, құқық нормаларын орындауға, заңды, яғни құқықтық негізде. Заң ұйғарымдарын заңсыз орындауға мәжбүрлеу де болады. Мысалы, ешқандай оны жасауға негізі жоқ жауапкершілікті жүктеу.

Бесінші, құқықтық мәжбүрлеуге белгілі процедуралық нысандар тән, сонда орындалуы міндетті, яғни құқықтық мәжбүрлеу процессі құқықпен белгіленген. Бұл процедуралық нысандар әртүрлі жағдайға байланысты әртүрлі, өздерінің қыйындық деңгейімен мен дамығандығымен, олардың болуы міндетті. Мысалы, құқық жүйесінде кейбір тұтас салалар бар, олардың тек бір ғана белгілі мақсаты болады - құқықтық санкцияның іс жүзіне асыру процедурасының тәртібін белгілеу. Бұған процессуальдық құқық салалары жатады - азаматтық процессуальдық құқық, қылмыстық процессуальды құқық т. б.

Құқықтық мәжбүрлеу шарасын түрлеуге бөлуге болады. Мұны былай бөлуге болады: превентивті (ескертушілік) шаралар, құқықтық қорғау шарасы және заңды жауапкершілік. Олар ең алдымен, өздерінің негіздеріне және мақсатына сай белгілеу (тағайындау) .

Превентивті мәжбүрлеудің заңды негізіне, жағдайлар қоғамға, орнына келтіруге болмайтын зиян келтіру мүмкіндігін болжайтын ең жоғарғы деңгейдегі жағдайлар жатады. Яғни мұндай жағдайда заңды презумция қызмет жасайды, олар өмір тәжірибесінің нәтижесіне негізделген, заңдармен және заң ғылымдарымен біріктірілген. Превентивті шаралардың негізіне стихиялық қыйыншылықатар да жатады) олармен күресуге транспорттарды реквизиялауға реквизициялауға мүмкіндігі бар) және құқыққа сай тәртіптіп (ұшақтағы жолаушылардың жүктерін тексеру) және жеке адамдарға тиімсіз сипаттама беру (аң аулайтын мылтықтарды алу) .

Превентивтік шараларды белгілеудің мақсат, болуы ықтимал (презюмируемые) негативтік оқыйғаның алдын алып болдырмау.

Қорғану шарасының негізіне объективті құқыққа қарсылық және зиян келтірген әрекеттер, бірақ кінәліге жатпайды. Кінәнің жоқтығы - қорғауну шарасының белгісінің сипаты. Тағы да сондай шаралар, азаматтық құқық теориясында «кінәлі емес» заңды жауапкершілік деп атайды және олар азаматтық - құқықтық қорғану шарасына жатады. Себебі кінәсіз заңды жауапкершілік болмайды және болуы да мүмкін емес. Азаматтық-құқықтық қорғану шарасының мысалына мәжбүрлеумен, яғни виндикциондық искінің негізінде тәртіпті қабылдаушыдан заттарды алу.

Қорғану шарасының белгісі - бұрынғы дұрыс құқықтық ережені орнына келтіру, субъектіні мәжбүрлеу арқылы бұрынғы субъектіге жүктелген, бірақ орындалмаған заңды міндеттерді орындату. Қосымша негативті нәтиже субъекті үшін, сонда болады, егер ол объективті түрде құыққа қарсы әрекет жасаса, бірақ ол негізгі емес, ілесуші сипатта болады.

Заңды жауапкершіліктің негізіне кінәлі құқыққа қарсы әрекет жатады - құқықбұзушылық, сондықтан жауапкершілік шарасы құқықтық орнына келтіру функциясымен өте терең мақсатты көздейді - қорғану шарасында жоқ арнайы құралдарды пайдалану арқылы құқықбұзушының санасын өнегелі - психологиялыққа өзгерту көзделген.

Жалпы бағытта айтуға болатыны, заңды жауапкершіліктің негізіне құқықбұзушылық жатады. Мұндағы негізгі принцип: құқықбұзушылық болмай заңды жауапкершілік жоқ. Дегенмен, толық және нақты құбылыс ортасын белгілеуге, әрбір нақтылы оқыйға бойынша заңды жауапкершіліктің жүктелгенін білу қажет, соған қажетті занда арнайы конструкция болады - «құқықбұзушылықтың құрамы».

Егер заңды конструкцияны түсінуге тек терминологиялық, сөздік белгілеу тұрғысынан қарасақ, оның құқықбұзушылықтың ішкі жағын ашуға, құқықбұзушылықтың элементерін сипаттауға арналған екен деп ойлауға тура келеді. Алайда, егер сол орта құбылысын талдасақ, ол өзінің элементті ретінде «құқықбұзушылықтық құрамыны» камтыйтындығын байқаймыз, яғни бұл конструкцияның тіптен басқа орны бар, яғни жеткілікті түрде заңды жауапкершілікті жүктейтін құбылыс ортасын көрсету керек. Яғни - бұл құқық қолданушының қолындағы сайман ретінде болады және әрбір нақтылы оқыйғада субъектінің заңды жауапкершілігін белгілеуге қызмет етеді.

Традициялық тұрғыдан құқықбұзышылықтың құрамына оны элементтері ретінде мыналар қосылған:

а) Құқықбұзудың сұбъектісі;

б) Құқықбұзудың объектісі;

в) Құқықбұзудың субъектік жағы;

г) Құқықбұзыдың объективтік жағы;

Бұл құрамынан құқықбұзыдың өзінің әлеметті ретінде тек субъективтік және объективтік жақтарын есептеуге болады. Мысалы: құқықбұзыдың объектісіндегі ерекше заңды конституцияның, құқықбұзыдың құрамындағы әлементі болғандықтан, құқықбұзыдың өзінің әлеметіне жатпайды: объект (оны қоғамдық қатнастар ретінде есепке алған) құқықбұзуға қарсы тұрады, сондықтан оның сыртында болады.

Құқықбұзудың құрамындағы элементтерінің бірі: «құқықбұзу субъектісінің» негізінде, кіәлі қоғамға қауіпті құқыққа қарсы әрекеттер жасаған адамның деликтоспособностьсы шешуге болады.

Деликтоспособность - арнайы әрекеттілік: заңды жауапкершілікпен байланысты адамның міндеттерін іс жүзіне асыруға қажет заңды қабілеттілік. Мысалы, азаматтық құқықта жеке адамның жалпы әрекеттілігінің пайда болуы үшін әртүрлілі қажетті жағдайлар көрсетілген. Ал қылмыстық құқықты, оның субъектілерінің әрекеттілігі, олардың деликтоқабілеттілігін жатады.

Құқықбұзудың объективтік жағы - егер құқықбұзушылық сырттан болса оған мыналарды қосады:

а) құқыққа қарсы әрекет;

б) оның қоғамға зиянды нәтижелер;

в) әрекетпен болған нәтиженің арасындағы себепті байланыстылық.

Құқықбұзудың субъективтік жағына (себебі мен мақсаты мен қатар) кінә жатады. Кінәсіз құқықбұзушылық жоқ және болуы да мүмкін емес. Кінәсіз заңды жауапкершілікті жүктеуді объективті арту деп атайды, оны жіберуге болмайды. Қазақстан Республикасының қылмыс кодексінің 19 бабы бойынша осы туралы былай көрсетеді: «1. Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.

2. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.

3. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады . . . ».

Кінә - құқықбұзушының өзінің қоғамға зиянды құқықа қарсы әрекетіне психикалық қатнасы, соған қоса оның нәтижесіне және құқықбұзушының ой өрісінің ерекше жағдайы, еркі, оның қоғамның бағалылығына деген негативтік қатнасын көрсетеді.

Кінәсі белгілеу, заңды жауапкершіліктің негізін белгілеу арқылы мемлекет субъектінің бостандық еркінен шығады және оның әртүрлі вариантты алу тәртібін анықтайды.

Кінәлі есебінде мойындауға субъектінің ерекше жағдайдағы ой өрісі және еркі қасақаналық түрінде (нысанда) не болмаса абайсыздық болып бөлінеді, олар ой өрісінің сипаты мен ерікті кездерімен бөлінеді.

Қасақаналық кінәлі нысаны сонда болады, егер субъект өзінің әрекетіндегі қоғамдық зиянын (қатерлілігін) түсінсе және сондай нәтиженің болуын күтсе (тікелей қосақаналық) не болмаса біле тұра оған жол берсе (жанама қасақаналық) .

Абайсыздық нысандағы кінәліліктің қасақаналықтан айырмашылығы сонда, құқықбұзушы өзінің тәртібіндегі қоғамдық қауіптілікті мойындамайды. Қылмыстық құқық теориясында абайсыздық нысандағы кінәнің екі түрін бөліп көрсетеді - қылмыстық-менмендік және қылмыстық-немқұрайдылық.

Егер адам өз іс әрекетінің қоғамға қауіпті тұғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендігіпен жасалған қылмысқа жатады. Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап тілуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетмсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардартардың болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс болып танылады.

Субъект кінәсіз қоғамға қауіпті (зиянды) әрекеттер жасауы мүмкін, мысалы казус (оқиғаға) байланысты. Онда, адам өзінің тәртібінің қоғамға зияндылығын алдын-ала білмейді және білуге мүмкіндігі де болмайды, яғни істің жағдайына байланысты алдын-ала білуге мүмкіндік болуы да мүмкін емес еді. Бұны жеңуге болмайтын күштен айыра білуін оның да құқықбұзушының кінәсінің жоқтығын дәлелдейді.

Жеңуге болмайтын күш («форс мажор») - сол жағдайға тосқауыл қоюға мүмкіндік жоқ күштерге тосын оқыйғалар жатады (мысалы стихиялық жағдайлар: су тасуы, жер сілкінуі т. б. )

1. 2. Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде-құқық

бұзушылықтың түрлері

Құқық бұзушылықтың тарихы тамырын тереңінен тартады. Саяси-құқықтық ілімдер тарихының ғылыми жетістіктерімен нәтижелеріне мұқият зер салып қарасақ құқық бұзушылық мемлекетпен құқық пайда болған сәттен бірге калыптасқан. Себебі құқықтың пайда болуымен оның нормаларын бұзу, тыйым са-лынған әрекеттерді жасау сияқты құқық бұзушылықтар да пайда болады. Міне, сол кезеңнен бастап құқық бұзушылық қоғамның ажырамас серігі ретінде осы күнге дейін жойылған жок.

Сондықтан құқық бұзушылықты жан-жақты зерттеу, оның алдын орау, болдырмау сияқты мәселелер адамзаттың алдында тұрған ең күрделі мәселелердің бірі. Мемлекеттің, коғамның толыккдңды дәрежеде өмір сүруі, қалыптаскан қоғамдық қаты-настардың тұрактылығы және адамдардың көңіл-күйімен от-басындағы тыныштықтардың бәрі құқық бұзушылықтың деңгейімен, онымен күресудегі нәтижеге байланысты.

Құқық бұзушылықпен күресуде нақтылы нәтиже жоқ мемлекетте халықтың билікке деген сенімсіздігін арттырады, наразылығын тудырады. Сонда жалпы құқық бұзушылық дегеніміз не? Заң әдебиетінде оның анықтамасы тұрақты түрде қалыптасқан, барлық оқулықтар мен монографиялық зерттеулерде бір мағынада беріледі. Атап айтсақ құқық бұзушылық дегеніміз құқыққа қарсы бағытталған кінәлі және өзінің сипатымен қоғамға зиянды және қауіпті зардаптар туғызатын, арнайы жасқа толған субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі: Байқап қарасақ құқық бұзушылық негізінде төрт сипаттан қалыптасады:

1. Әрекет, немесе әрекетсіздік.

2. Кұқыққа қарсылық.

3. Субъектінің арнайы жасқа толуы.

4. Кінә.

Бұл төрт элементтің біреуі жоқ болса, жеке адам құқық бұзушылық жасаған болып саналмайды. Құқық бұзушылық екі түрге бөлінеді:

1. Теріс қылық.

2. Қылмыс.

Теріс қылық дегеніміз құқыққа қарсы бағытталған, қоғамға зиянды зардаптар туғызатын әрекет немесе әрекетсіздік. Теріс қылықтар қоғамдық қатынастарға зияндылық әсерін тигізеді, бірақ өте қауіпті болып саналмайды. Теріс қылықтар мынандай түрлерге бөлінеді:

1. Тәртіптік теріс қылықтар мекемелер мен кәсіпорындарда, басқа да заңды тұлғалармен еңбек құқықтық қатынастарда тұрған субъектілердің еңбек кодексінің немесе ішкі ереже талаптарын орындамау немесе бұзу. Мысалы, жұмысқа, қызметке үнемі кешігіп келу, жұмыс уакыты кезінде қыдырымпаздық және т. б. әрекеттер жасау. Тәртіптік теріс қылықтар жасаған субъектке жұмыс орнының әкімшілігі тарапынан ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан босату сиякты шаралар қолданылады.

2. Азаматтық құқықтық теріс қылықтар жеке және заңды тұлғалардың жасалған келісімшарт негізінен туындайтын, міндеттемелерді орындамау және адам өмірі, денсаулығы және мүлкіне зиян келтіру барысындағы әрекеттердің жиынтығы. Мысалы, жүргізушінің адамды қағып кетуінен денсаулығына тигізген зияны, бір субъектінің жасалған шартты орындамауы және т. б. теріс қылықтар.

3. Әкімшілік-құқықтық теріс қылықтардың (құқық бұзушылықтың) анықтамасы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 28-бабында мына мағынада берілген: «Жеке адамның осы Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа карсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе занды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады». Әкімшілік теріс қылықтар тек қана кодексте белгіленген.

Құқық бұзушылықтың екінші түріне қылмыс жатады. Қылмыстың анықтамасы Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 9-бабында мына мағынада берілген: «Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады».

Құқық бұзушылық-Теріс қылық-Тәртіптік-Әкімшілік-Азаматтық-

Қылмыс:

Қылмыс сипаттары - Онша ауыр емес қылмыстар; Ауыр қылмыстар; Ауырлығы орташа қылмыстар; Аса ауыр қылмыстар.

Жалпы мемлекет және құқық теориясында құқық бұзушылықтың ұғымымен қатар құқық бұзушылықтың құрамы деген ұғым бар. Құқық бұзушылық жалпы ұғым ретінде танылса құқық бұзушылықтың құрамы дара ұғым ретінде қабылданады.

Құқық бұзушылықтың құрамы дегеніміз нақтылы құқық бүзу-шылықты және оның қоғамға зияндылығы мен қауіптілігін заңмен айқындаған арнайы нышандардың жиынтығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі
Заңды жауапкершілік
Қоғамдағы құқықтық нормалардың бұзылуының ұйымдастырылуы мен құқық бұзушылықтың негізгі қағидаларын, сонымен қатар құқық бұзушылық нәтижесіндегі заңды жауапкершілікті қарастыру
Құқық бұзушылыққа қолданылатын заңды жауапкершілік
Азаматтық құқық бұзушылық
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түрлері және нысандарының сұрақтары
Заң алдындағы жауаптылық және оның қағидалары
Құқықбұзушылық және заңды жауапкершлік
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz