Айыпталушы ретінде жауапқа тарту жайлы


Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті
ӘОЖ 343. 139 (574) Қолжазба құқығында
САГИНАЕВ ҚУАНТАЙ ЕСЕНҰЛЫ
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту
«6N0301 - Құқықтану» мамандығы бойынша магистрлік диссертациясының
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Астана, 2011
Диссертация Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасында орындалды
Ғылыми жетекшісі Заң ғылымдарының кандидаты,
доцент Копбаев Д. З.
Ресми оппонентті Заң ғылымдарының докторы,
профессор Ахпанов А. Н.
Диссертация 2011 жылы «21» маусым сағат минут АҚ Қазақ Гуманитарлық Заң Университетіндегі мемлекеттік аттестациялық комиссия отырысында қорғалады. Мекен-жайы: 01, Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8.
Диссертациямен және авторефератпен Қазақ гуманитарлық зан университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2011 жылы «» таратылды.
Кіріспе
Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің (әрі қарай - ҚР-ның ҚІЖК) 8-бабына сәйкес қылмыстық іс жүргізудің міндеттерінің бірі - адамды заңсыз және дәлелсіз айыптаудан қорғау. Осыған байланысты айыпталушы ретінде тарту (ҚР-ның ҚІЖК-нің 206-бабы) және айып тағу (ҚР-ның ҚІЖК-нің 209-бабы) тәртібіне арналған іс жүргізу нормалары, сондай-ақ оларды іске асырудағы тергеуші қызметі аса маңыздылыққа ие болады.
Тағылған айыптың мазмұны қылмыстық іс бойынша ары қарай іс жүргізудің көлемін едәуір анықтайды; тағылған айыптың формулировкасы кейін айыптау қорытындысында баяндалады (ҚР-ның ҚІЖК-нің 207-бабы), ал сот талқылауы тек айыпталушыға қатысты және оған айып тағылғанда ғана өткізіледі (ҚР-ның ҚІЖК-нің 302-бабы) .
Айыпталушы ретінде тартудың заңдылығы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының арақатынасын дұрыс анықтаумен тікелей байланысты. Қандай әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамға қауіпті екендігін қарастыра отырып, қылмыстық заң әрекеті (әрекетсіздігі) қылмыс құрамына сәйкес келетін адамды ғана қылмыстық жауапқа тартуға жол береді. Қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыстық жауапкершілікке тартудың негіздемесін, айыптаудың мазмұнын құрайтын мән-жайларды анықтаудың құралдары мен тәсілдерін, сондай-ақ айып тағу тәртібін белгілейді. Сондықтан да, айыпталушы ретінде тарту қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңының осы актіні жүзеге асырумен байланысты міндеттеулерінің әрқайсысы дәл және мүлтіксіз орындалған жағдайда ғана заңды деп танылуы мүмкін.
Диссертациялық жұмыстың өзектілігі. Айыпталушы ретінде тарту қылмыстық іс жүргізу заңының талаптары толық сақталып, анықталған нақты мәліметтер болып, олардың жиынтығы тартылатын адамның қылмыс жасағандығы туралы тұжырымдауға және қылмыстық заң нормаларына сәйкес саралауға жеткілікті болғанда ғана дәлелді болады. Бірақ, «қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіздеменің бар немесе жоқ екендігі туралы мәселені шешу үшін қылмыстық заң нормасында көрсетілген тиісті нақты мән-жайларды анықтау, яғни дәлелдеу керек» [1, 8] . Бұл дәлелдеу ҚР-ның ҚІЖК-де келтірілген ережелер бойынша жүргізіледі.
Сонымен, заң талаптарын орындау айып тағудың дәлелді болуына қол жеткізудің міндетті шарты болып табылады.
Осыдан қылмыстық жауапкершілікке тартудың заңдылығы мен дәлелділігінің өзара тығыз байланыста екендігін айқын көруге болады.
ҚР-ның ҚІЖК-де екі өзара байланысты іс жүргізу әрекеті көзделген: белгілі бір адамды айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы шығару және оған айып тағу. Адам айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы шыққан кезден бастап іс жүргізудегі айыпталушының жағдайына түседі және тиісті құқықтар алады (ҚР-ның ҚІЖК-нің 69-бабы) . Бірақ, айыпталушы қорғану құқығын сол қаулының мазмұнымен танысқаннан кейін ғана жүзеге асыра алады. Іс жүргізу заңы, «барлық жағдайларда да, құқықтар беруді олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жағдайлармен байланыстыратындықтан, айып тағу өзіндік жеке маңыз алады» [2, 39] .
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Заң әдебиетінде және практикада айыпталушы ретінде тарту, көбіне, айып тағу деп аталады, осы әрекетті біз де солай атағанды жөн көрдік. Бұл жерде басты назар нақты адамға айып тағудың заңдылығы мен дәлелділігіне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларға, сондай-ақ бұл аса маңызды іс жүргізу актісін жүзеге асыру тактикасына аударылады.
Сот практикасы көрсетіп отырғандай, алдын ала тергеудің тиімділігі, көбіне, айыптау қорытындысын жасау сапасына да байланысты.
Бұл іс жүргізу құжатында тергеуші жасалған қылмыстың мән-жайларын зерттеу, айыпты адамдарды анықтау, олардың кім екендігін тану жөніндегі өз жұмысының негізгі қорытындыларын баяндайды. Бірақ, айыптау қорытындысы - әзірше мемлекеттік билік өкілінің белгілі бір фактілерге және оған қатысы барлардың іс-әрекеттеріне берген бағасы бар құжат қана. Сондықтан да, мысалы ҚР-ның ҚІЖК-нің 345-бабында айыпталушыға тағылған айыпты сот мәжілісінде міндетті түрде ашық жариялау көзделген.
Заң тұрғысынан және шешендікпен сауатты құрастырылған айыптау қорытындысының қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіне тартылған адамдарға сақтандыру ықпалының зор екендігін атап өткен жөн.
Айыптау қорытындысын құрастыру әрқашанда қабілеттілікті қажет ететін және де қиын процесс. Бірақ, соңғы жылдары тергеушілер, әсіресе ішкі істер органдарының тергеушілері бұл іс жүргізу құжатын даярлауда ерекше қиындық көруде. Себебі, Қазақстанның Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі алдын ала тергеу органдарының көптеген қызметкерлері бұрынғы анықтау органының қызметкерлері, ал олар күрделі де көп сатылы қылмыстық істердің тергеуіне қатысқанмен, оның тек алғашқы кезеңін ғана өткендер. Және де олар өз тәжірибелеріндегі олқылықты басқалардың тәжірибелерімен толықтыра алмады, себебі мұндай істер бойынша айыптау қорытындысын жасаудың практикалық мәселелері заң әдебиетінде жан-жақты көрініс таппады.
Осыған байланысты, бұл диссертациялық жұмыста, сонымен қатар, көрсетілген іс жүргізу актісін даярлаудың жалпы ерекшеліктері қаралады.
Диссертациялық жұмыстың пәні болып айыпталушы ретінде жауапқа тартумен байланысты туындалатын қылмыстық іс жүргізу қызметтерінің құқықтық қатынастары табылады. Диссертациялық жұмыстың объектісі қылмыстық іс жүргізудегі айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы мәселені шешу және айыпталушы ретінде тартудың түсінігі мен маңызының, айыпталушы ретінде жауапқа тартуға жататын адамды анықтау ерекшеліктері, ол бойынша дәлелдеудің мәнін құрайтын өзге де мән-жайлар, айыпталушының келу міндеттілігінің, айып тағудың және оны өзгерту мен толықтырудың мән-жайлары зерттелінеді.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты қылмыстық іс жүргізудегі айыпталушы ретінде жауапқа тартудың түсінігі мен маңызын және оған қатысты барлық маңызды ережелерді анықтау мен зерттеу және сонымен бірге, айып тағуды реттейтін нормаларды жетілдіру.
Диссертациялық жұмыстың міндеттері ол айыпталушы ретінде жауапқа тартудың мәні мен маңызын анықтап көрсету; айыпталушы ретінде жауапқа тарту жөнінде заң әдебиеттерінде орын алған көзқарастарға талдау жасау; айыпталушы ретінде жауапқа тартуға қатысты ережелерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу; айыпталушы ретінде жауапқа тарту жүргізу кезінде туындалатын қайшылықтарды анықтау және оған баға беру; айып тағудың нормаларын жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлеу.
Диссертациялық жұмыс тақырыбының зерттеу деңгейі. Диссертациялық жұмыстың тақырыбы бойынша кеңестік уақытта зерттелген. Атап айтсақ, Б. Я. Арсеньев, Ю. В. Астафьев, А. Н. Ахпанов, Л. Ш. Берсугурова, А. Д. Бойков, И. Е. Быховский, Р. С. Белкин, Ю. М. Грошевой, К. Ф. Гуценко, Н. А. Григорьева, В. Я. Дорохов, П. М. Давыдов, А. А. Давлетов, Н. В. Жогин, Г. И. Загорский, Ф. Н. Фаткуллин, З. Ф. Коврига, К. Ж. Капсалямов, М. Ч. Қоғамов, Ю. Д. Лившиц, В. З. Лукашевич, С. Г. Мирецкий, М. С. Нарикбаев, С. Д. Оспанов, П. Ф. Пашкевич, И. Д. Перлов, В. М. Савицкий, М. С. Строгович, Б. Х. Толеубекова, П. С. Элькинд және тағы басқалар.
Диссертациялық жұмыс құрылысы жағынан кіріспеден, 3 бөлімнен, 12 тараушадан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші Бөлімнің «Айыпталушы ретінде жауапқа тарту және оның іс жүргізушілік тәртібінің мәселелері» деп аталатын «Қылмыстық сот ісін жүргізудің айып тағу туралы шешім қабылдайтын қатысушылар және олардың қызметтері» 1. 1 тарауында қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша айыпты тағатын тергеушінің, анықтаушының және прокурордың іс жүргізушілік қызметтері жан-жақты талданады.
Алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік қызметі органдарының, ішкі істер органдарының және қаржы полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді.
Қылмыстық істердің прокуратураның немесе көрсетілген атқарушы билік органдары тергеушілерінің қайсысының тергеуіне жататындығы қылмыстық-іс жүргізу заңында анықталған. Айыпталушы ретінде тарту тек сол жүргізілетін тергеу шегінде ғана жүзеге асырылады. Ішкі істер органдарының тергеушісі өзінің тергеуіне жатпайтын қылмыстық іс бойынша айып таға алмайды.
Өзінің жүргізуіндегі істер бойынша айыпталушы ретінде тарту туралы шешімді тергеуші өзі дара қабылдайды және оның заңдылығы мен дәлелділігі үшін толық жауаптылық көтереді. Тергеушінің іс жүргізудегі дербестігі бұл жерде өте қажет, себебі осы тұста ол жинақталған дәлелдемелерді олардың іске қатыстылығы, мүмкіндігі, растығы тұрғысынан, ал олардың жиынтығын - қылмыстық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалайды.
Бірақ, «тергеушінің дербестігі дегеніміз - оның қызметі бақыланбайды деген ұғым бермейді. Өзіне берілген өкілеттікті жүзеге асыра отырып тергеу бөлімінің бастығы адамды айыпталушы ретінде тарту туралы тергеушіге нұсқау беруге құқылы» (ҚР-ның ҚІЖК-нің 63-бабының 3-бөлігі) [3, 80] .
Бұл ретте тергеу бөлімі бастығының іс жүргізу бақылауын күнделікті жүзеге асырып отыруы тергеушіні дәлелсіз және заңсыз шешімдер қабылдаудан сақтандырады. Дегенмен, тергеу бөлімі бастығының нұсқаулары мұқият зерттелген тергеу материалдары негізінде берілген жағдайда ғана пайдалы екендігін айта кеткен жөн.
Тағы бір айта кететін жағдай - қылмыстық іс жүргізу заңы құқық қорғау органдарының басшыларына (мысалы, Қазақстан Республикасының ішкі істер министріне, т. б. ) қандай да бір адамды айыпталушы ретінде тарту туралы тергеушіге нұсқау беруге құқық бермеген.
Бұл заңнамалық ереже көрсетілген органдардың тергеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі тиісті нормативтік құқықтық актілерінде көрініс тапқан.
Алдын ала тергеу барысында прокурор қылмыстық іс қозғауға және оны жүргізуді өзіне алуға, тергеу жүргізуге қатысуға және қажетті жағдайларда кейбір тергеу әрекеттерін, оның ішінде айып тағуды жеке өзі жүзеге асыруға уәкілеттік алған (ҚІЖК-нің 62-бабы 2-бөлігінің 2, 3-тармақтары) .
Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу таңдалған сезіктіге қатысты айып тағу керектігі анықтаушыда да туындауы мүмкін, егер айыптау актісін қылмыстық-іс жүргізу заңында белгіленген мерзімде жасау мүмкін болмаса.
Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес қылмыстық істер бойынша іс жүргізуді тиісті анықтау органының бастығы (ҚР-ның ҚІЖК-нің 66-бабының 1-бөлігі) немесе прокурор (ҚР-ның ҚІЖК-нің 62-бабы 2-бөлігіні 2-тармағы) анықтаушыға тапсырады.
ҚР-ның ҚІЖК-нің 65-бабының 2-бөлігіне сәйкес анықтау органдарының тізімі нақты белгіленген.
Қылмыс жасаған деп сезік тудыратын адамға қатысты анықтау жүргізгенде, анықтаушы, соттың келісімімен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы прокурорға өтініш білдіруге құқылы. Егер сот ісін жүргізудің осы қатысушысына қатысты ондай бұлтартпау шарасы алынған болса, онда айыптау қорытындысы сезіктіні қамауға алған күннен бастап 10 тәуліктен кешіктірілмей жасалады. Аталған құжатты осы мерзімде жасау мүмкін болмаса сезіктіге айып тағылады, не бұл бұлтартпау шарасы бұзылады.
Егер іс бойынша анықтауды бірнеше анықтаушы жүргізсе, онда сезіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды таңдау туралы шешім қабылдаған анықтаушы айып тағады.
Бірінші Бөлімнің « Айыпталушы ретінде тартудың негіздемелері» 1. 2 тарауында қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес айыпталушы ретінде тарту үшін адамды қылмыс жасады деп айыптауға негіздеме беретін дәлелдемелер жеткілікті болуға тиіс. Бұдан, тергелудегі қылмысты айып тағылатын осы адам жасады деп қорытынды жасау үшін қажетті дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығы қылмыстық ізге түсудің негізі болып табылады деген тұжырым жасауға болады.
Айып тағу үшін «дәлелдемелердің жеткіліктілігі туралы мәселе ондай шешімді қабылдағанға дейін айқындалуға тиісті мән-жайларды анықтаумен, яғни тергеудің осы кезеңіндегі дәлелдеу заттарын анықтаумен тікелей байланысты» [4, 58] . Бұл мән-жайлардың ауқымын дұрыс анықтаудың қаншалықты маңызды екендігі дәлелдеу затын негізсіз азайтқанда да, оның шеңберін тым кеңейткенде де сөзсіз болатын теріс салдарларға байланысты. Бірінші жағдайда мән-жайдың дәлелдеуге жататын бөлігі зерттелмейді, ал ол заңсыз шешімге әкелуі мүмкін; екінші жағдайда - жинақталған мәліметтерді тексеру және бағалау қиындайды, ол тергеуді былықтырады, іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіреді.
Нақты адамды қылмыстық қудалау үшін негіздеменің бар екендігі туралы мәселені шешудің алдында дәлелдеу процесі болады, ол барлық алдын ала тергеу үшін белгіленген жалпы ережелер бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, бұл дәлелдеу ерекше жағдайларда өтеді, ол тергеудің сол кезеңінде шешілетін мәселелерге байланысты.
Егер тергеу аяқталар кезге жалпы іс бойынша дәлелдеу заты болып табылатын барлық мән-жайларды анықтау қажет болса, онда айып тағу кезіне қарай дәлелдеуде біршама шектеулі мақсаттар болады.
Қылмыстық ізге түсудің негіздемесін анықтау кезінде дәлелдеуге жататын мән-жайлар қалай болса солай емес, ҚР-ның ҚІЖК-нің 117-бабының талаптары ескеріліп анықталады.
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу заты заңда нақты белгіленген.
Сонымен қатар, қылмысты жасауға ықпалын тигізген мән-жайлар да анықталуға жатады.
Әрине, бұл жерде, айыпталушы ретінде тартылатын адамның әрекетін саралайтын қылмыстық заң нормаларының талаптары да ескерілуге тиіс.
Айып тағумен тергеу аяқталмайтын болғандықтан және айыпталушының берген жауаптарына қарай ол ары қарай кең негізде жалғасатын болғандықтан, бәлкім, қылмыстық іс-жүргізу заңнамасының нормаларында көрсетілген жоғарыдағы мән-жайлардың барлығы бірдей айыпталушы ретінде тарту үшін негіздемелерді анықтағанда міндетті түрде дәлелдеуге жатпас.
Бұл жерде қылмыстық ізге түсудің негіздемелерінің бар (жоқ) екендігі туралы дұрыс шешім қабылдау үшін қажетті минимум керек.
Мұндай мән-жайлардың қатарына ҚР-ның ҚІЖК-нің 117-бабы 1-бөлігінің 1, 2-тармақтарында көрсетілгендерді жатқызу керек. Олардың біріншісінде тергелетін іс-әрекеттің орын алғандығын растайтын мән-жайларды дәлелдеу көзделген, екіншісінде - оны қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адамның жасағанын және қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамына сәйкес келетіндігін дәлелдеу көзделген. Айып тағу кезіне дейін анықталған мән-жайлар белгілі бір шамада қылмыс құрамының қандай да бір белгілерін сипаттауы тиіс. Олай болмаған жағдайда іс ҚР-ның ҚІЖК-нің 37-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес «қысқартылуға жатады, олай дейтініміз - элементтердің біреуінің болмауы қылмыстың бұл құрамында барлық басқа элементтердің жоқтығын білдіреді, себебі құрамның әрбір элементі басқалармен жиынтықта ғана болады» [5, 30] . Қылмыс құрамы элементтерінің әрқайсысын сипаттайтын, тым болмаса, алғашқы мәліметтер болмаса, тергеуші айып таға алмайды. Мысалы, жасалған қылмыстың субъективтік және объективтік жақтарының белгілерін анықтамай, тергеуші, қылмыс қажетті қорғаныс немесе аса қажеттілік жағдайында, яғни қылмыстық жауапкершілікті болдырмайтын мән-жайларда жасалған емес деп айта алмайды. Кейбір жағдайларда субъектінің есі дұрыстығы сияқты белгілерін анықтамайынша адам өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) нақты сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғына не оған басшылық жасай алды ма деген сұраққа тергеуші жауап бере алмайды.
« Айыпталушы ретінде тартуға жататын адамды анықтау ерекшеліктері» деп аталатын 1. 3 тарауында тергеушінің айып тағу үшін негіздемелер жеткілікті деп қорытынды жасалып, ол жинаған дәлелдемелердің әрқайсысы тексеру барысында басқадай түсінік беруі мүмкіндігі көрсетіледі. Айыпталушы ретінде тартқанға дейін сол адамның қылмыс жасағандығын растайтын дәлелдемелер мұқият тексерілуге, ал кейбір болжаулар алынып тасталуға тиіс.
Егер қылмыстық іс қылмыс жасаған адамға сілтейтін мәліметтер болмастан қозғалса, онда айып тағу үшін оны анықтау керек және ол адам жасаған іс-әрекетте қылмыс құрамының бар-жоқтығын айқындау қажет. Алдын ала тергеу барысында белгілі бір адамның қылмыс жасағандық фактысы, әдетте, қылмыс оқиғасына қатысы бар дәлелдемелерді табумен және зерттеумен қатарласа дәлелденеді. Бірақ, бұл - қылмыс жасаған адамды анықтау және әшкерелеу айып тағуға дейінгі кезеңдегі өзінше дербес және аса жауапты міндет болып табылады деген қағиданы өзгертпейді.
Өз тәжірибесіне жүгініп және тергеудің бір методикасы мен тактикасын, сондай-ақ логика, психология ғылымдарын пайдаланып тергеуші қылмыс жасаған адам жайында бір болжамға келеді. Оны тексеру барысында ол, өзінше, тексеруді қажет ететін жаңа мәліметтерді айқындайды. Болжам жасауға қылмыс құралдарын, іздерді және басқа да заттай дәлелдемелерді зерттеу, қылмыс жасалған жағдайды білу ықпал етеді. Сондықтан да, қылмыс жасаған адамды анықтау үшін қажетті мәліметтер қылмыстық іс қозғау үшін негіздеме болған оқиғаны зерттеу барысында жинақталуы мүмкін. Жинақталған дәлелдемелер, кейде, тергеушінің ол адамның жынысын, дене бітімін, кәсібін және т. б. көз алдына елестетуіне мүмкіндік береді. Жаңадан алынған дәлелдемелер сол ойша елеспен салыстырылады, ол ары қарай өзгереді, толығады немесе теріске шығарылады.
Көз алдыға дұрыс елестетуге, кейде, ол үшін қажетті мәліметтердің аздығы ғана емес, кейбір, істің нәтижесіне мүдделі адамдардың әдейі, қасақана жасаған әрекеттері де кедергі келтіреді. Тергеушіні дұрыс жолдан тайдыру үшін қылмыскерлер, кейде оған, өтірікті шындай етіп жеткізеді.
Мысалы, ұрлық жасалған дүкенді қарау кезінде оның терезесінің тұсында, жерде солдат бушлаты табылған, оның жағасының астыңғы жағында адамның аты-жөні жазылған екен. Тергеуші сол арқылы ол адамның кім екендігін зорға дегенде табады, бірақ оның қылмыскер еместігін дәлелдеу үшін де көп күш жұмсалады. Кейін анықталғанындай, нағыз қылмыскер ол бушлатты бір жерден тауып алған да, өз ізін жасыру үшін оны қылмыс жасалған жерге әдейі тастап кеткен.
Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесінде жинақталған дәлелдемелерді арнайы есеп жүргізу мәліметтерімен салыстыру араларында қылмыскер бар-ау дейтін адамдар тобын анықтауға көмектеседі. Қылмыстың жасалу тәсілін сипаттайтын дәлелдемелерді жинақтап, тергеуші, оларды криминалистикалық есептің мәліметтерімен салыстырады. Қылмыстың жасалу тәсілінен басқа оларда қылмыскерді анықтауға септігі тиетін өзге де маңызды деректер болады. Қылмыстың жасалу тәртібі дәл келген жағдайда есепте тұрған адамның сол қылмысты жасаған-жасамағандығы тексеріледі. Бұл жерде ескеретін бір жағдай - қылмыстың жасалу тәсілінің көптеген жағынан дәл келуі оны сол адамның жасағандығын көрсетпейді, «себебі қылмысты алғаш жасаған адамның өзі кейбір жағдайларда сол бұрыннан белгілі қылмыс жасау тәсілін қолдануы мүмкін» [6, 18] .
Криминалистикалық есеп бойынша тексеру үшін қылмыс жасалған жерден табылған саусақ бедерінің іздері, қылмыскер қолданған құралдың іздері немесе, егер табылса, сол құралдың өзі, болжамдағы қылмыскердің бұрынғы соттылығы жайындағы деректер, оның лақап аты, сыртқы пошымы пайдаланылады.
Айыпталушы ретінде тартуға жататын адамды анықтауда жедел-іздестіру шараларының ұйымдастырылуы және жүргізілуі маңызды рөл атқарады.
Егер ұрланған заттар жайында мәліметтер жинақталса, онда олардың сатылуы мүмкін жерлерге бақылау қойылады. Қылмыскердің пошымы жайындағы мәліметтер іздестіру тобын ұйымдастырғанда, ол шығып кетуі мүмкін жолдарға тосқауыл қойғанда және т. б. жағдайларда пайдаланылады. Жасалған қылмыстар және іздестірілудегі адамдар жайында болжам жасаудан да құнды мәліметтер жинақтауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz