Қарыз капиталы немесе несиенің құрылымы



Кіріспе
Негізгі бөлім
І.Бөлім. Қарыз капиталы немесе несиенің құрылымы
1.1 Қарыз пайыз

ІІ. Бөлім. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау.
2.1 Қарыз алушының капиталы
2.2 Пайыз тәуекелін басқару . банк пайдасын ұлғайту құралы.

ІІІ. Бөлім. Ссудалық пайыздың мәні
3.1. Ссудалық капиталдың қызметі мен ролі
3.2. Ссудалық пайыздың формалары
3.3. Банк ссудаларының қайтарылуын қамтамасыз етудің формалары мен
түрлері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Несиелік қатынастар пайыз дербес экономикалық катего¬рия ретінде тіркелетін тікелей негіз болып табылады. Қарыз пайызының мәнін оны қарыз капиталын қайтарымдылық принципімен пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл эко-номикалық қатынастардың субъектілері - қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор және қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен араластыруға болмайды.
Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып келеді:
• қарызға берілген құнның және несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының сипаты;
• несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-құқықтық айырмашылық;
• қарызға берілген кұн мен пайыз төлеу сомасы қозғалысының әр түрлі бастамасы;
• несие және қарыз пайызының ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында пайда болуы.
Бұл айырмашылықтарды толығырақ қарастырамыз.
1. Егер несие - бұл қайтарымдылық негізінде құнның қозғалысы болса, онда пайыздық соманың төленуі құнның белгілі бір бөлігінің эквивалент алмай берілуін сипаттайды. Несиені пайдаланғаны үшін төленген пайыз қайтарылмайды, оның сомасы толығымен субъектіге көшеді, яғни пайыздық соманы алушыға. Пайыздық соманы төлеуге байланысты қа-тынастарда оның меншік иесі өзгереді: алынған құнға иелік ету құқығы қарыз алушыдан кредиторға өтеді, ал несиелік қатынастар кезінде меншіктік құкық өзгермейді, құн қарыз алушыға тек уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзім өткеннен кейін өзінің занды бастапқы орнына қайтып келеді.
2. Несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-құқықтық айырмашылық шарт бойынша қарыз алушы мен кредитор арасындағы екі міндеттемеде көрсетілген: несиені қайтару міндеттемесі және оны пайдаланғаны үшін пайыз төлеу міндеттемесі. Кредитор үшін қаражаттарды авансылау тән болса, ал карыз алушы үшін пайыз сомасын төлеу құнның шеңбер айналымының аяқталғанын, қаражаттардың белгілі бір сомасының қарыз алушыдан кредиторға өткенін білдіреді.
1. Сейiтқасымов ¤.С. Ақша, несие, банктер.– А., Экономика, 2001.– 466 б.
2. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары.– А., Экономика, 2000. – 328 бет.
3. Линвид Т.Г. Макроэкономическая теория и переходная экономика.– М., ИНФРА-М, 1996.– С.560
4. Экономикалық теория негiздерi Оқулық.– А., Санат, 1998.–455 бет.
5. Гальперин В.М. Макроэкономика.– С.-Пб., Экономика и финансы, 1997.–С.710
6. Жуков Е.Ф. Общая теория денег и кредита.– М., Банки и биржи ЮНИТИ, 1998.–С.359
7. Мэнкью Н.Г. Макроэкономика.– М., МГУ, 1994.–С736
8. Агапов Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика.– М., Дело и сервис, 1999.–С.416

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
Негізгі бөлім
І.Бөлім. Қарыз капиталы немесе несиенің құрылымы
1. Қарыз пайыз

ІІ. Бөлім. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау.
2.1 Қарыз алушының капиталы
2.2 Пайыз тәуекелін басқару – банк пайдасын ұлғайту құралы.

ІІІ. Бөлім. Ссудалық пайыздың мәні
3.1. Ссудалық капиталдың қызметі мен ролі
3.2. Ссудалық пайыздың формалары
3.3. Банк ссудаларының қайтарылуын қамтамасыз етудің формалары мен
түрлері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Несиелік қатынастар пайыз дербес экономикалық категория ретінде
тіркелетін тікелей негіз болып табылады. Қарыз пайызының мәнін оны қарыз
капиталын қайтарымдылық принципімен пайдалану негізінде пайда болатын
экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл экономикалық
қатынастардың субъектілері - қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші
ретінде болатын кредитор және қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты
экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен араластыруға
болмайды.
Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні
ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып келеді:
• қарызға берілген құнның және несиені пайдаланғаны үшін төленетін
пайыздық сома қозғалысының сипаты;
• несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-құқықтық
айырмашылық;
• қарызға берілген кұн мен пайыз төлеу сомасы қозғалысының әр түрлі
бастамасы;
• несие және қарыз пайызының ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі
сатыларында пайда болуы.
Бұл айырмашылықтарды толығырақ қарастырамыз.
1. Егер несие - бұл қайтарымдылық негізінде құнның қозғалысы
болса, онда пайыздық соманың төленуі құнның белгілі бір бөлігінің
эквивалент алмай берілуін сипаттайды. Несиені пайдаланғаны үшін төленген
пайыз қайтарылмайды, оның сомасы толығымен субъектіге көшеді, яғни
пайыздық соманы алушыға. Пайыздық соманы төлеуге байланысты қа-тынастарда
оның меншік иесі өзгереді: алынған құнға иелік ету құқығы қарыз
алушыдан кредиторға өтеді, ал несиелік қатынастар кезінде меншіктік
құкық өзгермейді, құн қарыз алушыға тек уақытша пайдалануға беріледі және
белгілі бір мерзім өткеннен кейін өзінің занды бастапқы орнына қайтып
келеді.
2. Несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-құқықтық айырмашылық
шарт бойынша қарыз алушы мен кредитор арасындағы екі
міндеттемеде көрсетілген: несиені қайтару міндеттемесі және оны
пайдаланғаны үшін пайыз төлеу міндеттемесі. Кредитор үшін қаражаттарды
авансылау тән болса, ал карыз алушы үшін пайыз сомасын төлеу құнның шеңбер
айналымының аяқталғанын, қаражаттардың белгілі бір сомасының қарыз алушыдан
кредиторға өткенін білдіреді.
3. Несиеге және пайызға байланысты қатынастарда қозғалыстың басталуы әр
түрлі сияқты. Қарызға берілген кұнның қозғалысы кредитордан қарыз алушыға
қарай басталса, пайызды төлеу кері бағытта - қарыз алушыдан кредиторға
карай жүреді. Несиелік және пайызға қатысты қатынастарды салыстырғанда
қозғалыстағы құнның сапасы жағынан басқа шамадағы айырмашылықтарын көру
маңызды. Несиенің аяқталу сатысы - бұл құнның қайтарылуы болса, ал пайыз -
бұл қарызға өсімнің қозғалысы болады. Кейде несие сомасының қайтарылуы және
қарыз пайызын төлеу уақыт бойынша сәйкес келмейді. Қарыз алушы алдымен
несиені қайтаруы мүмкін, сонан соң оны пайдаланғаны үшін карыз пайызын
төлейді. Былай болуы да мүмкін, қарыз алушы несиені қайтаруға жағдайы
келмей, қарыз бойынша ұзартылған төлем орын алады. Бұл жағдайда алдымен
қарыз пайызы төленеді, сонан сон жеткілікті көзі табылғанда қарыз өтеледі.
4. Несие және пайыз бір бірінен олардың ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі
сатыларында пайда болатындығымен де ажыратылады. Егер несие айырбас
сферасыңда пайда болса, ал пайыз бөлу фазасында пайда болады. Егер несие
қайта бөлу категориясы ретінде болса, ал пайыз бөлу категориясы ретінде
болады. Қарыз пайыз төлеудің көзі, пайда бөлігі болып табылатын қосымша
өнім. Демек, пайда және пайыз - бірегей бүтіннің бөлігі. Осыдан басқа жәйт
келіп шығады: қарыз пайызы банк қызметінің нәтижесі емес, ол өзінің пайда
болуы өндіріс сферасындағы жұмыскерлердің еңбегіне байланысты.

1. Бөлім. Қарыз үшін пайыздың экономикалық мәні.

Қарыз пайызы пайданың бөлігі түрінде бола отырып, одан оның
мөлшерін анықтайтын факторлармен ерекшеленеді. Мысалы, егер пайданың
қалыптасуы жұмыскердің санына және еңбек өнімділігіне байланысты болса, ал
төленетін қарыз пайызының шамасы - пайыздық мөлшерлеме деңгейіне және қарыз
алушы алған несиенің сомасына байланысты. Қарыз пайызы өзіне тән ерекше
белгілі бір белгілерді білдіре отырып, пайдадан ғана өзгешеленбейді,
сонымен қатар баска да экономикалық категориялардан, мысалы, бағадан да
өзгешеленеді.
Бағалар тауар айналысымен, айырбаспен тығыз байланыста екені
белгілі, оның бөлу фазасында пайда болатын қарыз пайызынан өзгешелігі, ол -
қайта бөлу категориясы болып табылады. Екінші өзгешелігі мынада, тауар
бағасы тауар айналымы негізінде, ал пайыз - мүлдем басқа, несиенің
қозғалысы негізінде пайда болады. Алайда, несиемен сауда жасау мүмкін.
Несиелік мәміледе саудалық себеп банк ісіндегі сауда-саттықпен
(коммерциализация) байланысты.
Осылайша, қарыз пайызының мәніне талдау жүргізу - несиені
пайдаланғаны үшін пайыздық соманы төлеуге қатысты
пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде келесі сипаттауға
мүмкіндік береді. Қарыз пайызы экономикалық категория ретінде екі
функциямен орындайды: үлестіру және банктің неснелік потенциалын өсіру.
Бірінші - қарыз пайызының үлестіру функциясы - барлық құнның
үлестіруімен емес, оның жаңадан құрылған құнды білдіретін бөлігімен
байланысты. Пайыз арқылы үлестіру салалық емес, жалпы шаруашылық сипатта.
Халық шаруашылығы деңгейінде қарыз пайызын төлеу ұлттық табысты
бөлумен байланысты. Пайданың бөлінуі пайызында қарыз пайызын алушы және
төлеушінің орындары ауысуы мүмкін. Экономикалық қатынастардың сол және сол
тәрізді субъекті бір мезгілде кредитор да, қарыз алушы да болуы мүмкін,
яғни пайыздық сомалардың алушысы және төлеушісі ретінде жүре алады. Қарыз
пайызы арқылы пайданың үлестірілуі меншік иесінің ауысуымен қатар жүреді.
Жоғарыда айтылып өткендей, пайданың бір бөлігі өзінің иесінен кетіп,
кредиторға өтеді.
Екінші функция банктің кредитор ретіндегі несиелік потенциалының ұлғаюымен
және сақталуымен байланысты. Банктің несиелік потенциалының ұлғаюы -
алынатын пайыз бен төленетін пайыз арасындағы айырмашылық есебіне болады.
Кредитор мен қарыз алушы арасындағы өзара қатынаста қарыз пайызы
пайыздық мөлшерлеме түрінде болады. Қазіргі уақытта қарыз сипатына және
ұзақтығына, несиелеу объектісіне, қарыз алушының несиелік қабілетіне,
несиелік ресурстарға сұраныс пен ұсынысқа байланысты пайыздық
мөлшерлемелердің көптеген түрлері бар.
Пайыздық мөлшерлеме тұрақты және өзгермелі, номиналды және
нақтылы, дисконтты болуы мүмкін.
Тұрақты пайыздық мөлшерлеме қарызды пайдаланудың барлық мерзімі
бойынша өзгеріссіз қалады.
Өзгермелі пайыздық мөлшерлеме несиелік ресурстарға деген сұраныс пен
ұсыныс арқылы қалыптасатын ақша нарығының жағдайына байланысты, сонымен
қатар экономикалық және қарыз алушыны қаржыландыру жағдайында несиелік
немесе делозиттік шарттың барлық әрекет ету мерзімі бойында банк арқылы
өзгертілуі мүмкін. Мөлшерлеменің өзгертілу шарттары тараптардың өзара
келісімімен анықталады. Олар үнемі қайта қарастырылады және әдетте қарыз
капиталы нарығындағы қандай да бір қаржылық актив бойынша пайыздық
мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты ауысып отырады.
Номиналды пайыздық мөлшерлеме екі факторға байланысты қалыптасады,
несиелік ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және
инфляция қарқынына қарай.
Нақты пайыздық мөлшерлеме есептеу жолымен табылады - номиналды
мөлшерлемеден инфляция қарқыны алынып тасталынады. Кредитордың көзқарасы
тұрғысынан нақтылы пайыздық мөлшерлеме табысының көзі - несиелеу және
инвестициямен байланысты шығындардың орнын толтырудың негізі болып
табылады. Нақтылы пайыздық мөлшерлеме мынандай құрамдас бөліктерден тұрады:
ағымдык шығындар (тартылған қаражаттар құны, әкімшілік және заңды шығындар,
төлем қабілетсіз қарыз алушылардан келетін шығындар), салық, тәуекел үшін
төлем, пайда.
Банктік тәжірибеде барлық пайыздық мөлшерлемелер номиналды шамада
белгіленеді.
Математикалық пайыздық мөлшерлеме қарызға берілген құннан келетін
табыстың осы құнның шамасына катынасы ретінде анықталады. Мысалы, 1995 жылы
18 мамырда Ұлттық банк бекіткен пайыздарды есептеу тәртібі және олардың
Қазақстан Республикасы банктерінде бухгалтерлік есеп шоттарындағы
орналастыру тәртібі туралы Ережеге сәйкес пайыздарды есептеудің келесі
техникалары пайдаланылады:
Жай пайыздарды есептеудің техникасы. Жай пайыздар - бұл қарыздық берешек
(депозит) сомасына, есептелген пайыздар.
Күрделі пайыздарды есептеу техникасы. Күрделі пайыздар - бұл қарыздық
берешек (депозит) сомасына ғана емес есептелген пайыздан келетін табыс
сомасына да есептелген пайыздар.
Пайыздарды есептеген кезде айдағы күндер саны шартты түрде 30 күн,
ал жылдағы күндер саны - 360 күн деп қабылданады. 31 күндік айларда 31 күн
есепке алынбайды, ал, ақпанда соңғы санға дейінгі қалдық 30 күнге қанша
жетпесе, сонша қайталанады.
Күрделі пайыздарды есептеу қажеттілігі түрлі себептерден болуы
мүмкін, Ұлттық банк үшін әр түрлі мерзімдерге бір пайыздық мөлшерлеме
бойынша берілетін аукциондық несиелерді қайта қаржыландыру кезінде екінші
деңгейдегі банктердің әр түрлі тиімді табыс алуын болғызбаудың маңызы зор.
Бұл үшін Ұлттық банк тәжірибеге күрделі пайыз әдісі бойынша пайыздар
есептеуді енгізгенге дейін 1, 3 және 9 айлық несиелер бойынша бірнеше әр
түрлі ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемелерін белгілеуге мәжбүр болды.
Күрделі пайызға өтумен байланысты қайта қар-жыландырудың бірегей мөлшерлеме
белгіленетін болды.
Нарықтық қатынастарды құрудың қазіргі уақыттағы сатысының өзгешелігі
банктердің типіне және көлеміне, орналасқан жеріне, клиентурасына және шын
мәніндегі өзіндік табиғаты бар басқа да міндеттемелеріне байланысты.
Екінші жағынан, банктік мекемелер жүргізетін пайыздық саясаттық
ерекшеліктері сол және басқа да банктен тәуелсіз сипаты бар бірқатар жалпы
факторлардың индивидуальдық көрінісінің салдары болып табылады. Жалпы
жағдайда несие үшін пайыздық мөлшерлеменің қалыптасуының бастапқы негізі
тартылған ресурстар үшін төлемнің орташа деңгейі болады. Нарық жағдайында
орташа ресурстар үшін төлем мөлшерлемесінің екі шектік мәні бар: ең төменгі
және ең жоғарғы. Бұл мәніне төмен және жоғары кезде ресурстарды сатып алу-
сату мәмілесі жасалмауы мүмкін, өйткені оның шарттары тараптардың біреуін
қанағаттандырмайды. Факторлар өз шекарасын қоса алғандағы, көрсетілген
шектеулі мәндердің шеңберлерінде әрекет етеді.
Қарыз пайыздық мөлшерлемесі мазмұнының жалпы сызбасы келесі түрде
көрсетілуі мүмкін. Жалпы жағдайда банк берген несие үшін пайыздық
мөлшерлеме тартылған ресурстар үшін төлем мөлшерлемесі мен пайыздық
маржаның қосындысынан тұрады. Соңғысы, өз кезегінде, бірнеше бөліктерден
тұруы мүмкін: қалыпты маржадан, яғни банктің қызмет етуімен байланысты
шығындарды жабуы және банктің қалыпты пайда алуын қамтамасыз ететін
маржадан. Қалыпты маржа сенімділІгі жоғары дәрежелі несиелерге; неғұрлым
жоғары болған сайын банктік қарыздың қайтарылатынына сенімділігі төмен
болатын тәуекел үшін үстемелерге; нарықтың жағдайларына (сұраныс-ұсыныс),
үстемелер (кемітулер) мен ондағы сатушының жағдайына қарай (монополия-
бәсекелестік) бағдар ұстайды.
Үстемелер (кеміту) шамасына әсер ететін негізгі факторларға мыналар
жатуы мүмкін: клиенттің төлем қабілеттілігі, жобаның тәуелділік дәрежесі,
клиенттің сипаттамасы, салық салу мөлшерлемесінің мөлшері, несиеге сұраныс
жағдайы, қарызды ұсыну мерзімі, қосымша несиелік ресурстарға деген қол
жетушілік, инфляция деңгейі.
Пайыздық мөлшерлеменің қолдану сферасына және оның деңгейін реттеу
тәсіліне байланысты ресми пайыздық (есептік) мөлшерлеме; банкаралық және
базалық болып ажыратылады.
Ресми пайыздық мөлшерлемені басқа да банктерге, бірінші кезекте
коммерциялык банктерге берілетін несиелер бойынша орталық банктер
белгілейді. Бұл операциялар ұзақ уақыт бойы коммерциялық вексельдерді қайта
есептеу түрінде жүзеге асырылды, айтылған мөлшерлеменің екінші атауы осымен
түсіндіріледі. Оның деңгейін өзгерте отырып, Орталық банк коммерциялық
банктердің: тиімділігіне, олардың несиелік мүмкіндіктерін жоғарылата немесе
төмендете отырып әсер етеді. Есептік саясат нарықтық қатынастары дамыған
елдерде экономиканы ақша-несиелік жағынан реттеудің дәстүрлі әдістерінің
қатарына жатқызады. Оның келесі міндеті несиені кымбаттату жолымен елде
инфляцияның күшеюіне кедергі жасау болып табылады. Мұндағы есеп айырысу
қарапайым: коммерциялық банктер ресми мөлшерлеменің өсуі жағдайында
клиенттер үшін пайыздық мөлшерлемені жоғарылатады, осылайша, ақшаға деген
сұраныс төмендейді.
Қазіргі уақытта банкаралық мәліметтердің дамуына байланысты
коммерциялык банктер қажет болған жағдайда несиені эммиссиялық институттан
емес, банк-корреспонденттен ала алады, қарыз алушы үшін мұндай мәміле арзан
да болады. Бұл ресми пайыздық мөлшерлеме денгейінің банкаралық пайыздық
мөлшерлеме деңгейінен жоғары болуына әкеліп соғады.
Банкаралық пайыздық мөлшерлеменің, мысал ретінде ЛИБОР - лондондық
банкаралық мөлшерлемені айтуға болады, ол евровалюталық нарықта депозиттік,
несиелік операцияларда және еврооблигациялық займдарда, сонымен қатар ПИБОР
- париждік банкаралық мөлшерлеме кең түрде қолданылады. ПИБОР сегіз ірі
париждік банктердің мөлшерлемелері мәндерінің арифметикалық ортасы ретінде
анықталады. Бұдан гөрі анағұрлым белгілі ЛИБОР банкаралык мөлшерлеме
жекелеген халыкаралық несиелік мәмілелердің құнын - есептеу барысында
базалық ретінде қолданылады. Бұл жағдайда ЛИБОР базалық мөлшерлемеге,
әдетте, мәміле түріне, қарыз алушының қарыздық жағдайына қарай ақша
нарығындағы конъюктураға байланысты маржа қосылады.
Ақша нарығында несиелер бойынша базалық мөлшерлеме АҚШ-та
қолданылатындай бірінші класты қарыз алушыларға "ПРАЙМ РЕЙТ" жүйесі бойынша
ресми немесе банкаралық мөлшерлемеге қарағанда анағұрлым жоғары деңгейде,
бірақ шағын және орта фирмаларға берілетін несиелер бойынша мөлшерлемеге
қарағанда біршама төмен деңгейде бөлінеді. Қарыз пайыздың нормасын
белгілеген кезде негізгі анықтаушы жағдай - қарыз алушының сенімділігі,
оның каржылық жағдайы. Қарыз алушы сенімді болған сайын базалық
мөлшерлемеге қосылатын қосылым да төмен болады және бұған керісінше.
Несиелік операциялар бойынша базалық мөшерлеме әр түрлі анықтамаларда
қандай да бір деңгейде көрсетілгенімен іс жүзінде әрбір банк өз
мөлшерлемесін белгілей алады, яғни қазіргі уақытта несиелік салыстырмалы
түрде тәуелсіз пайыздық саясат жүргізеді, бірақ базалық мөлшерлеме олар
үшін белгілі бағыт ретінде болады. Банк-клиент қатынасында пайыздық
мөлшерлеме тек қарыздар бойынша ғана емес, депозиттік операциялар бойынша
да қолданылады. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары бойынша
пайыздық мөлшерлеменің динамикасын анықтаушы негізгі фактор ретінде несиеге
сұраныстың оны ұсынумен салыстырғандағы жоғарылау тенденциясы болып
табылады.
Қазақстан Республикасында несие жетімсіздігі құбылысының дамуы,
әсіресе, 1994 жылдың бірінші жартысында айқын байқалды, бұған белгілі бір
дәрежеде мемлекеттік рестриктивтік ақша-несиелік саясаты жағдай жасады.
Бірақ депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемеде көрінетін жеткілікті түрде
жалпы сипаттағы факторларға, сонымен қатар, ресурстарды тарту мерзімі
несиеге деген сұраныс жағдайы, несиелік ресурстар нарығындағы жағдайлар,
(төлем шамасы, ұсыныстың болуы) клиенттердің мінез-құлқы (құрылтайшылар,
үлескерлер, сала кәсіпорындары, т.б.) оның сенімділігі, салық саясаты және
инфляциялық тенденциялардың қатысы бар. Орталық банктің саясаты да осындай
факторлардың бірі ретінде болады, бірақ пайыздық мөлшерлемелердің
динамикасында көбіне тікелей емес, несиелік нарықтың жагдайлары арқылы
көрінеді, сондықтан оның мөлшерлеме шамасына әсер етуі тек жанама түрде
болуы мүмкін.
Ақыр соңында, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер (МКМ) бойынша
пайыздық мөлшерлеме ажыратылады. Мемлекеттік қазыналық міндеттемелерді
сатып алушы несиелік операциялардың ерекше формасы ретінде қарастыруға
болады, онда қарыз алушы болып бағалы қағаздардың эмитенті – Қаржы
министрлігі, ал кредитор болып олардың сатып алушылары болып табылады.
Сондықтан МҚМ бойынша жылдық табыстылықты келесі формула бойынша анықтауға
болады:

Т = (НК х ДБДБ) х (365 х 100Т), (5)
мұнда:
Т – жылдық табыстылық, %;
НК – МҚМ-нің номиналдық құны;
ДБ – МҚМ-нің дисконтталған бағасы;
Т - МҚМ-нің айналыс кезеңі, күндері.

1.1 Қарыз проценті
Қарыз проценті - ол уақытша қолдануға берілген құнның өзгеше бағасы
болып көрінетін объективті экономикалық категория. Несиенің бағасы
иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады, алайда оның абсолюттік
шамасы қарыздардың несиені пайдаланғаны үшін төлеген белгілі бір сомаға
тең, оны проценттік сома деп атайды. Иррационалдық сипатта болатын себебі:
біріншіден, қарызға берілген құнның ақша түрінде көрінуі; екіншіден,
қарыздардың несие үшін төлеген проценттік сомасы алғашқы қарызға алған
құнға тең болмауынан.
Қарыз проценті тауарлы өндірістің негізінде кейінірек пайда болды.
Оның пайда болуы дамыған тұрақты тауар-ақша қатынастары, оның ішінде меншік
қатынастарына байланысты.
Қарыз проценті меншік иесінің басқа біреуге белгілі бір құнды
уақытша пайдалануға бергенде пайда болады. Қарызға алған құн оны
пайдаланушыға - өндірушіге пайда түсіреді, ол бір жағынан, екінші жағынан
несие берушіге табыс (процент түрінде) болады. Демек, қарыз проценті пайда
болуы үшін несие қатынастары болуы шарт. Несие қатынастары проценттің
дербес экономикалық категория ретінде туындайтын бірден-бір негізгі
ортасы.
Несие келісіміне қатысушы жақтардың мақсаты - пайда табу. Несие
берушінің алатын пайдасы - процент. Проценттің мөлшері (ставка) деген
қарыздардын несиені пайдаланғаны үшін несие берушіге төлейтін ақысы. Оның
мөлшері несие беру жөніндегі келісімде керсетіледі. Ол көптеген
факторларға, әсіресе, несиенің мөлшеріне, пайдалану мерзіміне, жылдық төлем
деңгейіне, сондай-ақ экономикалық қонъюнктураға байланысты әлсін-әлі
өзгеріп тұруы мүмкін. Мысалы, нақты нарық конъюнктурасы ең алдымен тауарға
сұраным мен ұсынымның тепе-тендік жағдайына байланысты болады. Ал осы тепе-
теңдік көп факторлардың әсерінен ауытқиды. Айталық, тұтынушылардың ақшалы
табысына, тауарлардың бағасына, тауарлар қорының мөлшері мен құрылымына
байланысты өзгереді.
Проценттің мөлшері: нақты бекітілген (немесе есепке алынған) және
өзгермелі, номиналды және реалды, дисконтты болып бөлінуі мүмкін.
Нақты бекітілген (есепке алынған) процент мөлшерін, әдетте, ресми
процент мөлшері деп те атайды. Оны Орталық банк басқа банктерге, бірінші
кезекте коммерциялық банктерге несие бергенде қолданады. Бұндай операциялар
коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу түрінде жүргізілетіндіктен
проценттің бұл мөлшерінің екінші атауы - "есепке алынған" деген содан
шыққан. Орталық банк оның деңгейін өзгерте отырып елдегі коммерциялық
банктердің несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді, екінші жағынан несиені
қымбаттатып инфляцияның күшеюіне кедергі жасайды. Ондағы есеп; ресми
проценттің мөлшері жоғары болған жағдайда коммерциялық банктер де
клиенттеріне процент мөлшерін өсіреді.
Несиені беру кезінде келісім-шартта бүкіл несиені пайдалану
мерзімінде нақты бекітілген тұрақты немесе өзгермелі процент мөлшері
көрсетіледі. Өзгермелі мөлшер проценттің базистік мөлшерінің
өзгеруінен туындайды. Ал соңғысына қарыз капиталы нарығындағы
конъюнктура, қарыздың мөлшері мен қайтару мерзімі,
қарыздардың қаржылық жағдайы мен оның даму болашағы сияқты факторлар әсер
етеді.
Номиналды процент мөлшері негізінен екі фактордың: несие ресурстарына
сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және инфляцияның карқынына байланысты
туындайды.
Реалды (іс жүзіндегі) процент мөлшері есептеу жолымен шығарылады,
яғни номиналды процент мөлшерінен инфляцияның қарқыны алынып
тасталады. Реалды процент мөлшері - несие берушінің алатын
табысының көзі. Одан қарыз алу және инвестиция алу шығындарын өтейді.
Реалды проценттік мөлшер: ағымдағы шығындардан (тартылған
қаражаттар құны, әкімшілік және заңды шығындар, төлем қабілеті жоқ
борышқорлардың шығыны) салықтан, тәуекел үшін төлемнен, пайдадан
құрылады.
Процент мөлшері берілген несие мөлшерінің қарызы берілген құннан
түскен табысқа қатынасымен анықталады, Бұл салыстырмалы мөлшер, әдетте, ол
ондық бөлшек; түрінде, немесе процентпен шығарылады. Іс жүзінде 1995 жылы
мамырдың он сегізіндегі Ұлттық банктің "Процент есептеудің тәртібі және
Қазақстан Республикасындағы банктердің бухгалтерлік шоттарында оларды
белгілеу туралы" Ережеге сәйкес базистік процент мөлшері шығарылады.
Қарыз проценті біраз белгілерге байланысты жіктеледі:
• несиенің формасы мен түрлеріне қарай: коммерциялық, банктік
тұтыну проценті; лизинг операциясы бойынша, мемлекеттік несие бойынша
процент;
• несие мекемелерінің түрлеріне қарай: орталық банктің есепке алған
проценті; ломбард операциялары бойынша процент;
• банктік несиені тартумен берілген инвестиция түрлеріне қарай:
айналым құралдарына берілген несие бойынша процент; негізгі құралдарға
берілген несие бойынша процент; бағалы қағаздарға салынған инвестиция
бойынша процент:
• несиенің мерзіміне қарай: қысқа, орта, ұзақ мерзімді несиелер бойынша
процент;
• несие мекемесінің операция түрлеріне қарай: депозиттік, вексельдік,
банктің есепке алған проценттері; банкаралық несие бойынша процент.

2. Бөлім. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау

Екінші деңгейлі банктердің негізгі активті операцияларының бірі –
несиелік операциялар. Банктердің несиелік портфелі банк активтерінің үштен
жартысына дейінгі мөшлерде құралады. Бәрімізге белгілі банктің несиелік
операциясы бойынша олар белгілі бір тәуекелге барады.
Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер
ететін факторларға жасалған талдау батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды
жасауға мүмкіндік берді. Дүние жүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес,
несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне, 67 % -ішкі
факторлар, және 33 % - сыртқы факторлар үлесі келеді.

Несиелеу барысында банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар
Ішкі факторлар 67 % Сыртқы факторлар 33 %
Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі 22 % Компанияның банкроттылығы 12 %
Несие деген өтінішті оқып үйрену 21 % Кредиторлық қарызды қайтаруын
барысында ақпаратты дұрыс бағалау талап етуі 11 %
Алдын ала ескерту белгісіне кеш Жұмыссыздықжанұя мәселелері
көңіл бөлуі және операциялық 6 %
бақылаудың әлсіздігі 18 %
Қамтамасыз етілудің сапасының Ұрлық алдау 4 %
нашарлығы 5 %

Несие бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы
факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттылығының
тұруы тегін емес. Банктің кез-келген қарыз алушысы мұндай факторларды
бастан кешуі мүмкін. Сондықтан қарыз алушының несиелік қабілетін талдай
отырып, банк қызметкерлері міндетгі түрде оның қаржылық жағдайын толық
анықтап білуге тиіс. Карыз алушының несиелік қабілеті — қарыз беруші мен
алушы арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес қарыз алушының өзінің
қарыздық міндеттемелерін толық көлемде және уақытылы өтей алу қабілеті.
Несиелік тәуекелді біршама төмендету жолы қарыз алушылардың несиелік
қабілетін бағалауды шет ел тәжірибесіне сүйеніп жетілдіру болып табылады.
Шетелдік банктердің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін
жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетудегі басты шара болып табылады.
Қазақстанның банктерінде қолданылатын қарыз алушылардың несиелік қабілетін
бағалауды жетілдіру үшін шетел тәжірибесін қарастырған өте маңызды болып
отыр. Шетелдерде кеңінен қолданылатын потенциалды қарыз алушының несиелік
қабілетін бағалау әдістеріне тоқталып кетейік [2].
Қарыз алушыға кандидатты бағалау жүйесінде ағылшынның клирингтік
банктерінде кеңінен пайдаланып келетін әдістердің біріне PARSER және
CAMPARI әдістерін жатқызуға болады.
РАRSER:
Р - Реrson - потенциалды қарыз алушы туралы ақпарат, оның беделі;
А - Атоипt - сұрайтын несие сомасының негіздемесі;
R - Rераутепt - несиені қайтару мүмкіндігі;
S - Security - несиенің қамтамасыз етілуі;
Е - Ехреdienсу - несиенің максаттылығы;
R - Rетипеrаtіоп - несиені беру тәуекелі үшін банктің пайыз мөлшерлемесі.
САМРАRІ:
С - Сharacter - қарыз алушының мінездемесі
А - Ability - қарыз алушының бизнесін бағалау;
М — Меапs - ссудаға деген қажеттілікті талдау;
P - Риrpous - несиенің мақсаты;
А –Атоипt - несие сомасының негізделуі;
R -Rераутепt— несиені қайтару мүмкіндігі;
I - Іпsuranсе - несиелік тәуекелден сақтандыру әдісі.
Сондай-ақ, Ұлы Британияда кейбір банктер РАRТS атындағы несиелік
кабілетті бағалау әдісін пайдаланады:
Р - Реrsоп - потенциалды қарыз алушы туралы ақпарат, оның беделі;
А - Атоипt — сұрайтын несие сомасының мөлшері;
R - Rераутепt - несиені қайтару мүмкіндігі;
Т- Теrт - мерзімі;
S – Security - несиенің қамтамасыз етілуі [1].
Сондай-ақ шетел банктері тәжірибесінде кеңінен қолданылатын
әдістердің қатарында скорингтік әдісті де атап кету керек. Скоринг
математикалық және статистикалық әдістерді бизнесте қолданудың сәтті мысалы
болып табылады. СКОРИНГ - бұл банкке бұрынғы клиенттердің несиелік тарихы
негізінде потенциалды қарыз алушының несиені уақытында қайтармау
ықтималдығының қаншалықты жоғары екенін анықтауда көмек беретін
математикалық немесе статистикалық үлгі.
Несиелік бюролар арқылы кредиторлар (коммерциялық несиелерді беретін
банктер, қаржылық компаниялар, несиелік карталардың эмитент компаниялары,
инвестициялық компаниялар) тұрақты негізде қарыз алушылардың төлем
қабілеттілігі жайлы хабар алмасып тұрады. Банктер несиелік бюродан несие
алуға келген клиентінің несиелік тарихы туралы ақпараттар алады. Осылайша
банктерде потенциалды қарыз алушылары жайлы нақты және толық ақпараттар
жинау мүмкіндіктері бар.
Банктерде клиенттер туралы әртүрлі ақпараттар өте көп. Клиенттерді
несиелеуде тәуекел мен байланысты құрылған критерийлерге сәйкес
шешім қабылдау үшін қандай ақпарат маңызды және қайсысын ескермесе де
болатынын бағалауға мүмкіндік беретін математикалық үлгі құру қажет.
Үлгіні құру үшін, ең бастысы, несиелік ұйымның жақсы немесе жаман
қарыз алушыларын іріктеу қажет. Ол үшін банктер клиенттерін жаман және
жақсы клиенттер топтарына бөледі. Клиенттерді осындай екі топқа бөліп
қарастыру себебі, ең алғашында банктер тек потенциалды қарыз алушыға
несиені беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайтындығында. Осылайша
скоринг - бұл бар ақпараттар негізінде клинеттерді жаман және жақсы деп
мүмкіндігінше нақты бөлетін функцияны алу процесі.
Сандық және сапалық сипаттамалармен жұмыс істеуге болатын екі жол
бар: Әр белгіні жеке айнымалы етіп алу, бірақ бұл ыңғайсыз тәсіл, себебі
айнымалылардың бір-бірімен байланысы қарастырылмаса да, саны өте көп
болады;
- Әр сипаттаманы берілген сипаттамасы бар жаман клиенттер санын сондай
белгісі бар жақсы клиентгер санына қатынасы мәніне тең болатын айнымалы
етіп алу. Бұдан күрделенген тағы бір жолы - осы қатынастың логарифмін алу.
Осылайша әр белгі өзінің тәуекелдігіне байланысты сандық шаманы алады.
Жіктеу әдістері әртүлі, мысалы:
Дискриминант талдауға негізделген статистикалық әдістер
(сызықтық регрессия, логистикалық регрессия);
• Сызықтық программалаудың әртүрлі жолдары;
• Рекурсионды-патрициондық (РПА);
• Нейрондық желілер;
• Генетикалық алгоритм;
• Ең жақын көршілер алгоритмі.
Сызықтық программалау да сызықтық скоринг үлгісіне келеді.
Клиенттерді нақты жаман және жақсы топтарға бөле алмаймыз, бірақ қатені
минимумға келтіру мүмкіндігіміз бар. Бұл жағдайда қате минималды болатын
салмақтық коэффициенттерді іздеу керек.
Рекурсионды-патриииондық алгоритм (РПА) немесе жіктеу агаты және нейронды
желілер тәуекел дәрежесі сәйкес клиенттер тобын және тәуекел дәрежесі өте
алшақ клиенттер топтарын бөлу жүйелері болып табылады. Нейронды желілер
көбінесе заңды тұлғалардың несиелік қабілетін анықтауда қолданылады.
Генетикалық алгоритм табиғи таңдаудың биологиялық процеске
негізделген. Несиелеу аясында бұл былай көрінеді: жіктеу үлгілерінің
жиынтығы бар, олар бір-бірімен салыстырылып, нәтижесінде ең күштісі, яғни
нақтырақ жіктеу беретін үлгі алынады.
Ең жақын көршілер әдісін қолданғанда клиенттер арасындағы қашықтықты
анықтайтын өлшем бірлігі таңдалады. Бұл бойынша барлық клиенттерге
кеңістіктік орын беріледі, әр жаңа клиент осыған байланысты жіктеледі, яғни
оның жағында қандай клиенттер (жаман немесе жақсы) бар болғанына
байланысты.
Неміс банкісінің скоринг үлгісіне сәйкес қарыз алушының несиелік
қабілетін бағалауда клиенттің рейтингін анықтау үшін баллдар төмендегідей
көрсеткіштер негізінде есептеледі:
1) Ақпарат. Несиелік бюрода жағымсыз ақпараттың болмағаны үшін
клиент 10 балл алады.
2) Қарызды өтеу қабілеті: 60 % дейін - О балл; 61 - 80 %-ға дейін - 10
балл; 81 - 100%-ға дейін - 100 балл.
3) Қамтамасыз етудің болуы: 0 - 25- %-ға дейін - 1 балл; 25 - 50 % - ға
дейін - 4 балл; 51 -75 % - ға дейін - 7 балл; 76 - 100% - ға дейін - 20
балл.
4) Қолда бар мүлік. Қолда бар мүлік, соның ішінде: жылжымайтын мүлік,
бағалы қағаздар немесе банктегі салымдар үшін клиент 10 балл алады.
5) Банктен бұрын алынған несиелер. Клиент бұрын алған несиелерін ұқыпсыз
пайдаланған болса, оған баллдар берілмейді. Ал клиент бұрын
несиемен пайдаланбаған болса, бұл 5 баллға бағаланады. Клиент бұрын
алған несиені уақытылы өтеген болса, оған 15 балл беріледі.
6) Мамандығы. Мамандығы жоқ болса - О балл; көмекші маман - 2 балл;
мамандар - 7 балл; қызметкерлер - 9 балл; зейнеткерлер - 13 балл; басқарушы
қызметкерлер - 13 балл.
7) Соңғы жұмыс орнындағы қызметі: бір жылға дейін - 0; екі жылға
дейін - 3; үш жылға дейін - 5; бес жылға дейін - 8; бес жылдан
артық- 12; зейнеткерлер-0 балл алады.
8) Қызмет ету аясы: мемлекетгік кызмет - 10 балл; басқа аядағы
қызмет - 6; зейнеткерлер - О балл.
9) Өтініш берушінің жасы: 20 жасқа дейін - О балл; жиырма бес - 2; отыз —
4; отыз бес - 8; елу - 9; алпыс - 11; алпыстан жоғары - 16 балл.
10) Тұрмыстық жағдайы: басы бос - 8; тұрмыс құрған - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктегі несие жүйесі
Несиенің негізгі формалары
Несиенің қажеттілігі және оның мәні мен капиталы
Несиенің қажеттелігі және оның мәні. Несие капиталы. Несиенің қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы
Несие және несие жүйесінің ұғымы, маңызы туралы ақпарат
Қарыз капиталынның құрылымы және қажеттілігі
Несие жүйесінің құрылымы және оның субъектілері
Банктердің несиелік ресурстары
Еңбекақы төлеуге арналған сомада - уақытша бос ақша капиталы
Альянс банктің несие қабілеттілігі
Пәндер