Ауытқушы мінез – құлықтың шығу себептері мен факторлары



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.1. Ауытқушы мінез . құлықтың шығу себептері мен факторлары.
1.2. Тәрбиесі қиын балалардың жас және дербес ерекшеліктері.
1.3. « Қиын балалар » және олардың ата .аналары.
1.4 Қиын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Осы бір сұрақ көптеген ата – аналар мен педагогтарды және жалпы жұртышылықты жиі толғандырады,әрі оған бір – екі ауыз сөбен жауап бере салу жеткіліксіз.Өйткені баланың « қиын » аталуы аз ғана уақыттың нәтижесі емес.
Әдетте, бала мектепке дейінгі және оқу кезеңдеріндегі өсу, даму эволюциясынан өтеді.Сол кездерде жанұядағы тәрбиеде кеткен кемшіліктер мен оқу – тәрбие жұмысындағы ақаулар ұштасып, баланың қалыпты жағдайдан ауытқуына себепші болады.Атап айтқанда, ересектер тарапынан баланың саналы деген талап – тілек, мұқтаждықтарын өнегелі тұрғыдан ескермеу, олардың жас мөлшері мен балалық психологиясына көңіл бөлмеу сиқяты кемшіліктер байқалмай кетіп жатады.
Әсіресе, отбасында қалыптасқан микроклимат ( жанұя мүшелерінің бір – бірімен қарым – қатынасы, үй тіршілігін әрқайсысының шама – шарқына қарай бөлісіп атқаруы,адамгершілік қадір – қасиеті, қоршаған ортаға көзқарасы, дүниетанымы, олардан алатын әсерлері мен күнделікті әдет – дағдылары ) баланың мінез – құлқының жақсы, не жаман болып өсуіне көп ықпал жасайды.Өкінішке орай, жанұя біткеннің бәрі бірдей ойдағыдай емес. Дұрыс жанұя болса да, бала тәрбиесіне қырағылық жасай алмай қалатындары кездеседі.Біраз жанұяларда мораль принциптеріне сай келмейтін жағымсыз қылықтар орын алады. Ендеше қиын баланың пайда болуындағы объективтік және субъективтік факторлар ретінде мынадай себептерді айтқан орынды.Біріншіден, білім және мәдени өрісі төмен ата – аналар баласының ішкі жан – дүниесіне үңілмей, педагогикалық заңдылыққа сыймайтын талап – тілек қояды, әрі оны сөзсіз орындауын талап етеді.Бұл жердегі қателік балаға қойылған талаптың оның жасына ,қабілетіне, іскерлігіне, мүмкіндігіне сай келу- келмеуін ескермеуде.Соның салдарынан бала жанұя салдарынан бала жанұя ортасында адамгершілік қадір – қасиеттері мен эстетикалық сезім – талғамдары, логикалық ой өрісі жағынан өмір талабына сай өріс ала алмайды.
1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология Алматы: Білім,1996
2. Аймауытов Ж. Психология (оқу құралы) Алматы. 1991
3. Бап-Баба Сәбет Жалпы психология. Алматы: Дарын,2003.
4. Бап-Баба Сәбет. Жантану негіздері. Алматы: Данекер,
2001.
5. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық: Психология ғылымындағы іс-әрекет теориясы. 1-2 томдары, Алматы: Таймас, 2005.
6. Намазбаева Ж.И.Психология. Алматы, 2005
7.Муканов М. Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы. Алматы, 1989ж.
8. Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы Ред бас А.В. Петровский. Алматы: Мектеп, 1987
9. Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы: Қазақ университеті, 1993
10. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. – ТОО «Эверо», 2004
11. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев.Педагогика.Алматы, 2000
12. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті .Алматы 2003ж
13.А.Жанғабылова. «Қиын бала дегеніміз кім?».Мектептегі психология.2006
14.Ж.Қайырова.Ауытқушы мінез - құлықтың шығу себептері мен факторлары. Мектептегі психология.2006

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.1. Ауытқушы мінез – құлықтың шығу себептері мен факторлары.
1.2. Тәрбиесі қиын балалардың жас және дербес ерекшеліктері.
1.3. Қиын балалар және олардың ата –аналары.
1.4 Қиын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Осы бір сұрақ көптеген ата – аналар мен педагогтарды және жалпы
жұртышылықты жиі толғандырады,әрі оған бір – екі ауыз сөбен жауап бере салу
жеткіліксіз.Өйткені баланың қиын аталуы аз ғана уақыттың нәтижесі емес.
Әдетте, бала мектепке дейінгі және оқу кезеңдеріндегі өсу, даму
эволюциясынан өтеді.Сол кездерде жанұядағы тәрбиеде кеткен кемшіліктер мен
оқу – тәрбие жұмысындағы ақаулар ұштасып, баланың қалыпты жағдайдан
ауытқуына себепші болады.Атап айтқанда, ересектер тарапынан баланың саналы
деген талап – тілек, мұқтаждықтарын өнегелі тұрғыдан ескермеу, олардың жас
мөлшері мен балалық психологиясына көңіл бөлмеу сиқяты кемшіліктер
байқалмай кетіп жатады.
Әсіресе, отбасында қалыптасқан микроклимат ( жанұя мүшелерінің бір –
бірімен қарым – қатынасы, үй тіршілігін әрқайсысының шама – шарқына қарай
бөлісіп атқаруы,адамгершілік қадір – қасиеті, қоршаған ортаға көзқарасы,
дүниетанымы, олардан алатын әсерлері мен күнделікті әдет – дағдылары )
баланың мінез – құлқының жақсы, не жаман болып өсуіне көп ықпал
жасайды.Өкінішке орай, жанұя біткеннің бәрі бірдей ойдағыдай емес. Дұрыс
жанұя болса да, бала тәрбиесіне қырағылық жасай алмай қалатындары
кездеседі.Біраз жанұяларда мораль принциптеріне сай келмейтін жағымсыз
қылықтар орын алады. Ендеше қиын баланың пайда болуындағы объективтік және
субъективтік факторлар ретінде мынадай себептерді айтқан орынды.Біріншіден,
білім және мәдени өрісі төмен ата – аналар баласының ішкі жан – дүниесіне
үңілмей, педагогикалық заңдылыққа сыймайтын талап – тілек қояды, әрі оны
сөзсіз орындауын талап етеді.Бұл жердегі қателік балаға қойылған талаптың
оның жасына ,қабілетіне, іскерлігіне, мүмкіндігіне сай келу- келмеуін
ескермеуде.Соның салдарынан бала жанұя салдарынан бала жанұя ортасында
адамгершілік қадір – қасиеттері мен эстетикалық сезім – талғамдары,
логикалық ой өрісі жағынан өмір талабына сай өріс ала алмайды. Оған дәлел,
педагогикалық зерттеулердің қорытындысы бойынша үнемі ұрыс – жанжал,
төбелес,бірін – бірі жәбірлеу кездесіп тұратын жанұяларда өскен балалардың
40-43пайызы, ішімдік орын алған ортада өскен балалардың 30пайызы,
жезөкшелік пен моральға қайшы әдеттермен айналысатын ата – ана өсірген
балалардың 12пайызы
қиын бала атанады.Оларға тән қасиеттер ─ дөрекілік, қатыгездік, ұрлық,
жалқаулық, қиқарлық, тағы басқа жағымсыз әрекеттер.
Көптеген ата – аналар өндірістік еңбектен бала тәрбиелеуге қолы
босамайтынын, уақыт аздығын сылтау етеді.Соны желеу ететіндердің көпшілігі
баласының кешкісін және бос уақытында немен айналысатынын, кімдермен бірге
жүретінін біле бермейді.Елімізде еңбекпен айналыспайтын адам кемде – кем,
өндірістік міндетін атқара жүріп тәрбиелі,іскер, білімді, мәдениетті ұрпақ
өсірген ата – аналар да мыңдап саналады.Олардан үйренетін жақсы дәстүр ─
баланы жасынан өзі қызығатын нәрсеге қарай баулып, бо сенделуге жол бермеуі
(музыка, өнер, спорт үйірме жұмыстары ), әрі үйдегі үлкенді – кішілі
мәселенің бәріне баланы араластырып,ортақ мүдде үшін міндеттілікке,
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Педагогикалық зерттеу мақсатымен ата – аналарға кешкісін баласының
немен айналысуы жайында анкета жаздырғанда олардың 54 пайызы түнде
баласының қайда жүретінін білмейтін, 46 пайызы кешкісін жұмыстан шаршап
келуіне байланысты баланы күделікті қадағалауға мүмкіндігі жоқтығын
мойындайды.Ал
қиын бала ретінде есепке алынғандардың бос уақытын қалай өткізетінін
сұрағанда, үй шаруасына көмектесетіндері 5, сабақ әзірлейтіндері 3,
спортпен айналысатындары 1,5, театрға баратындары 13, көркем әдебиет
оқитындары 9, кино көретіндері 64, бұзықтық жасайтындары 3 пайыз болып
шықты.Мектептегі оқу бағдарламасына ілесе алмай, үлгермейшілер санын
көбейтетін оқушылардың 85 пайызы осындай қиын балалар екені анықталды.
Қандай қиын бала болса да оның ар – ожданына тимей, жеке ерекшелігін
ескеріп, икемі бар жаққа қарай баули білу, қоғамдық пайдалы істерге
икемдеу, тындырған ісіне баға беруде де қырағылық таныту, оның алдында
айқын мақсат қойдыра білу және оған жетуге көмектесу сияқты саналы,
тынымсыз тәрбие жұмысы арқылы ғана мақсатқа жетуге болады.
Баланы бастан демекші, әуел бастан-ақ балаға дұрыс ықпал, түзу
бағдар беру,тәрбие жұмысын бір минут та ұмыт қалдырмау баршамыздың
борышымыз.

Ауытқушы мінез – құлықтың шығу себептері мен факторлары.
Қиын бала атанып, отбасында да,мектепте де қиындық тудырып
жүрген балалар туралы айтылып та, жазылып та жатыр.Әйтсе де, бұл мәселе әлі
шешімін тапқан жоқ.Адам өмірге келген сәттен бастап, үлкен әлеуметтік
ортаға тап болады.Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі үшін көптеген
факторлар қажет.Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші
жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсер
етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсер
етеді.С.Т.Холдың пікірі бойынша, бала толыққанды дамуы үшін , өз
халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет.Бұны келтіріп
отырған себебіміз, баланың қиын бала атануына өз халқына тән
мәдениетпен, салт – дәстүрмен тәрбиелеуенбеуі де, ғылыми тілмен айтқанда,
этнопсихологиялық ерекшеліктердің ескерілмеуі де өз әсерін тигізуде.
Қандай да бір олқылығы бар баланың даму жағдайы,әдетте қолайсыз,
жағымсыз болады.Ол баланың дамуына кері әсерін тигізетін тәрбиелеуші шағын
әлеуметтің сипаттарынан, тәрбиелеу─оқыту үрдістерінен және солар ықпал
еткен тәрбиелеушінің ішкі ұстанымынан құралады.
Балалардың әлеуметтік – педагогикалық олқылығының пайда болу тетігі
мен дамуы баланың тұлға болуға қажеттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің
арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады.
Баланың дербестенуге ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың
(бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі
құрбыларының ) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін
қабылдағысы келмейтіндігімен қақтығысқа түседі.
Әлеуметтік – педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш
жастан басталады,яғни баланың өзіндік санасының, мінез – құлқының ережеге
сәйкестінің және нормативтік іс- әрекетінің дами бастаған шағымен қатар
келеді.
Жағымсыз даму жағдайында олқылықтардың сандық белгілері мен
көрінітері жинақталып қалады, олардың белгілер жинақтары ─психиканың
интеграциясы арқылы сапалы пайда болуына айналады.
Ерте зерттеу, алдын – алу ,түзету жұмыстары тұлғалық дамуда олардың
алдын алу маңызына және балалық кезеңнің онтогенетикалық маңызына және
балалық жастағы тәрбиелеу әсердерінің жоғары нәтижелі маңызына ие.
Ауытқушы ( девианттық ) мінез - құлық деп қоғамда қалыптасқан
нормаларға сәйкес емес мінез – құлықты айтамыз
( И.А.Невский ). Белгілі әлеуметтанушы И.С.Кон девианттық мінез –құлықты
психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе мораль қалыптарының жалпы
қабылданған қалыптардан ауытқыған іс - әрекет жүйелері ретінде
қарастырады.Бейімделуші мінез – құлықтың концепциясына сәйкес кез келген
ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік,
әлеуметтік – психологиялық,қоғамдық ).
Девианттық мінез – құлық екі үлкен категорияға бөлінеді.Біріншіден,
бұл анық немесе жасырын психопатологияның барлығын білдіретін психикалық
денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез – құлық.Екіншіден, бұл әлеуметтік,
мәдени және әсіресе құқықтық қалыптарды бұзатын ассоциалды мінез –
құлық.Мұндай әрекеттер аз болса, олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса,
әрі жазаланса ─ қылмыс деп аталады.Бұл жерде делинквенттік ( құқыққа қарсы
) және қылмыстық іс - әрекеттер туралы айтылып отыр.
С.А.Беличева девианттық мінез – құлықтың әлеуметтік ауытқуын былайша
жіктейді:
1. Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалды, қаржылық, дүние –
мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты (ұрлау, тонау, алып – сату,
алаяқтық және
т.б ) жасаған теріс әрекеттері;
2. Агерссиялық бағытта:адамға қарсы бағытталған әрекеттер
(балағаттау,бұзақылық,ұрып-соғу,өлт іру,зорлау);
3. Әлеуметтік – енжар тип: белсенді өмір сүруден қашуға,азаматтық
борыштарын өтуден қашуға,жеке және әлеуметтік мәселелерді шешкісі
келмеуге ұмтылу (жұмыстан,оқуданбас тарту,кезбелік,маскүнемдік,
нашақорлық,токсикомания,өзіне-өзі қол жұмсау).
Осылайша,мазмұнымен де,мақсатқа бағытталғандығымен де ерекшеленетін
ассоционалды мінез – құлық әр түрлі әлеуметтік ауытқушылықтардан көрінуі
мүмкін:мораль қалыптарының бұзылуынан,этнофункционалдық қызметтің
ескерілмеуінен бастап,құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға дейін.
Балалар мен жеткіншектердің ауытқыған мінез-құлқы бір
жағынан,тұлғаның тиісті ерекшеліктерінің туындауы мен дамуынан (тенденция)
хабар беретін белгі ретінде қарастырылады,екінші жағынан,тұлғаның дамуына
тәрбиелік ықпал ететін жетекші ретінде,оны қаыптастырудың немесе оның
қалыптасуына мақсатқа бағытталған әсер ететін құрал ретінде көріне алады.
Мінез – құлықты тұлғаның немесе басқа да ахуалының, оның даму
тенденциясының куәгері ретіндегі феномен деп қарастыра отырып,біз мінез –
құлықтың сырттай ұқсас ерекшеліктерін индивид психикасында жүріп жатқан әр
түрлі үрдістерден хабар беруі мүмкін екенін естен шығармауымыз керек.
Сондықтан да, оқушының қандай да бір мінез – құлқының ерекшелігінің
ауытқушылық деп жіктемес бұрын, психолог оның ахуалын, тұрақтылығын, оның
көріністерінің жиілігін, тұлғалық ерекшеліктерді,мінезді, оқушының жасын
және т.б. ескеруі қажет.Тек содан кейін ғана қандай да бір пікір айтуға
немесе ықпал ету іс-шараларын тағайындауға болады.
Балалар мен жеткіншектердің мінез – құлқындағы ауытқұшылық
көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара
ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен өмір
жағдайларына және іс-әрекеттеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Оларды мынадай топтарға топтауға болады:итермелеуші жағдайлармен
туындаған жағдаяттық, уақыттық көріністерге немесе реакцияларға және
жағымсыз өмір ахуалдарымен,іс-әрекеттермен негізделіп, қандай да бір тип
түрінде дамитын мінез-құлықтағы ауытқушылытың тұрақты нысандары.
Мінез – құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін
өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен шақырылады.Соңғы жағдайда
нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез – құлықтағы өзгерістер
біртіндеп жиналып көрінеді немесе бірден шарт кетеді.Бұған мысал ретінде
тойтарыс беруді,қарсы шығуды, қайтып кетуді, агрессияны келтіре аламыз.Бұл
реакциялардың көріну нысандары өте көп болуы мүмкін.Олар әрдайым қандай да
бір психологиялық ахуалға жауап ретінде туындайды да ,оның жойылуымен қоса
бұл да жоғалаы.Бірақ егер жағдайлар жиі қайталанып, бірінің үстіне бірі
қатпарлана берсе, онда реакциялар беки түседі де ,осындай немесе басқа
типтегі мінез – құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық
комплекстер туындайды.
Белсенді – ыңғайланушылық немесе енжар – ыңғайланушылық мінез – құлық
осылай қалыптасады:деструктивті-агрессивті к, топтық іс-әрекеттердің және
өзінің осы топтағы жеке мінез – құлқының төңкеріспен қайта құрылуға
бағытталып өзгеруі; деструктивті – компенсаторлық, топтың іс-әрекеттерінің
және өз мінез – құлқының қайта құрылуы оның талаптарына сай қатты
көнушілікпен қатар жүреді және бекітіледі.
Компенсаторлық – иллюзорлық мінез – құлық нысаны ерекше орын алады,
яғни жеткіншектің қажеттіліктерінің және талаптануларының
қанағаттандырылмауы, тұрақты психологиялық жайсыздық, жасанды қозу, масаю,
қарым – қатынас жасауа музыканы, биді кері қолданады, никотинмен,
ішімдікпен, нашақорлықпен, улы және дәрігірлік заттармен есеңгіреп қалады.
Негізінде бұл жерде ең бір шегіне жеткенде конформизм немесе
ноконформизм нысанында көрінетін компенсаторлық мінез – құлық туралы
айтылып отыр.
Оқушылардың девианттық мінез – құлқының себептері мен факторлары:
a) тәрбиеленбегендігінің себебінен қажетті білімдердің,
біліктердің, дағдылардың жоқтығынан немесе теріс тәрбиеден
бұзылғандығынан, мінез – құлқындағы жағымсыз таптаурындаудың
қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс
ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік – педагогикалық
олқылықтар;
b) жайсыз жанұялық қарым – қатынастардан, баланы тәрбиелеуде ұлттық
салт – санада қалыптасқан этнофункционалдық ерекшеліктерді
мүлдем ескермеуден, жанұядағы жағымсыз психологиялық ахуалдан,
оқудағы жүйелі сәтсіздіктерден, сынып ұжымындағы құрбыларымен
өзара қарым – қатынастың орнамандығынан, ата-аналарының,
мұғалімдердің, сыныптас жолдастарының және т.б. дұрыс емес
қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтарынан;
c) психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы
ауытқушылықтармен, жас ерекшелік дағдарыстарымен, мінез
акцентуасиясымен және басқа да физиологиялық және
психоневрологиялық ерекшеліктер себептерімен;
d) ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі
көрсетуіне жағдай жасалмағандығымен;іс-әрекеттердің пайдалы
түрлерімен айналыспағандығымен, жағымды және маңызды әлеуметтік
және жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарлырының болмауымен;
e) қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал теуімен және
осының негізінде дамитын әлеуметтік- психологиялық
дезадаптациямен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз
түрде ауысыумен;
Балалар мен жасөспірімдерге қоршаған адамдардың
немқұрайлығы ,зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік – педагогикалық
бақылаусыз қалу бұл тізбектегі ерекше рөл мағынаға ие.Нәтижемінде
жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда
болады.
Жасөспірім салауатты таңдау жасай алуы үшін, оған эмоциясын игере
алуды,стрессті, үрейленуді, қақтығысты жеңе алуды үйрету қаже;өзін-өзі
қорғауды, басқа адамдар тарапынан шыққан қысымға қарсылықты агрессиясыз
қабылдау тәсілдеріне үйрету, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйретуді,
салауатты таңдау жасауға жәнепайда болған мәселелерді әлеуметтік – жағымды
құралдармен шешуге мүмкіндік беретін құндылықтармен қатар қалыптастыру
қажет.
Балалар мен жасөспірімдер тұлғасы мен мінез – құлқындағы
ауытқушылықтың алдын алу жұмыстары тек мыналардың негізінде жүзеге асса
ғана тиімді болады:
1. оқу іс-әрекеті жемісті болғанда;
2. оқушыларды қанағаттандыратын, эмоционалды жағымды өзара қарым-қатынас
жүйелері (құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналармен );
3. психологиялық қорғалуы болғанда;
Соңғы жағдай тікелей түрде әлеуметтік қорғалумен байланысты.Оған мыналар
кіреді:
1. оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;
2. оларды мұғалімдер мен оқу және тәрбие үрдісіндегі басқа субъектілердің
бұлжытпай орындауы;
3. оқушылардың қандай да бір белгісіне қарай дискриминацияға ұшырауына
жол бермейтін психологиялық және әлеуметтік теңдік;
4. оқушылардың жеке дара ерекшеліктері мен өзін-өзі анықтау құқығын
сақтау;
Бұл талаптарды орындау жасөспірімдердің барлық топтарымен және типтерімен
өткізілетін оқу – тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциация жолымен
жүргізуге мүмкіндік береді.Қандай да біроқушыны бағалап пікір айтпаған жөн
(нашар, артта қалған, бетімен кеткен, ерекше көмек пен назарды қажет етеді,
тәуекел тобына жатады т.б.).
Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындаған жағдайда жасөспірімдерге
көрсетілетін көмектің жиынтығы, баса назар аударғымыз келетіні,
этнофункционалдық негіздің сақталуына, ұлттық құндылықтарға баса ден
қойылуы тұлғаның психикалық және физикалық денсаулығының бірқалыпты
үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.
Тәрбиесі қиын балалардың жас және дербес ерекшеліктері.
Жасөспірімдер оларды қиындар деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауытқушы мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары туралы ақпарат
Мінез-құлықтың ауытқуы күнделікті өмірдің психопатологиясы ретінде
Девиантты мінез - құлық туралы түсінік және оның туындау себептері
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері
Мінез - құлықтың ауытқушылығының себептері
Тұлғаның қоғамдағы алатын орны
Жасөспірімдердің девиантты мінез - құлқын психологиялық және педагогикалық түзету
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы ерекшелiктерi
Девиантты мінез көрсетудің себебі, оларға көмек түрлері
Баланың психологиялық диагнозы
Пәндер