Патриоттық сезім


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Патриоттық сезім

Ұлттық құндылықтардың арзандауы, ассимилицияның етек алуы интернационализм туралы пікірталастар туғызып отыр. Таптық, пролетарлық, социалистік делінген интернационализмнен ұлттық құндылықтарға негізделген гуманистік интернационализмге бет бұрыс байқалады. Этнократиялық ой-пікір қандай қауіпті болса, ұлттық мүддені менсінбеу, Казақстанға әлі де Россияның жалғасы ретінде қарау - сондай қауіпті. Бұл көзқарастың шынайы интернационализммен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Әрбір этностың жеке-дара талаптарын Қазақстан қоғамының ынта-ықыласымен үйлестіретін көп этникалық қоғам моделі - ұлтаралық татулыққа апаратын жол. Өкінішке орай, ұлттық 5 және интернационалистік принциптерді қарсы қою, интернационализмді ұлтсыздану деп түсіну жиі кездеседі. Кейбіреулер ұлттық пен интегрнационалдықты құмсағатқа ұқсатып, - бір жағы көбейсе, екіншісі азаяды деп болжайды. Өз халқының перзенті болу - интернационализмнен бас тарту арқылы ғана мүмкін, керісінше, интернационалист болу - өз халқының асылдарын тәрк етуге әкеледі деп есептейді. Мұндай қате пікір, өкінішке орай, кек, таралған. Сөз жоқ, өз ұлтыңның перзенті болып сезіну - адамның кеудесін жарып шыққан тамаша сезім; сонымен бірге басқа ұлттармен араласу, еңбек ету, жақсысын үйрену, ортақ мұраттар жолында бірігу - ұлттық сананы үлкен адамгершілік деңгейге көтереді.

Ұлттык мәдениет дүниежүзілік мәдени құндылықтардан да іс дами алмайды. Адамзат қазыналарына баса назар аудару, озық ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптың толымды түлеуі, өнерге, халықтардың моральдық байлықтарына қайтып оралу, мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даралықты сақтау, ұлттық мәдениеттердің дербестігін мойындау - мәдениеттің даму заңдылығы. Бұл жолдағы ең басты қиындық - рухани отаршылықтан арылу. Мәселе - тоталитаргом заманының қоғам өмірінің барлық саласында, соның ішінде, мәдениет пен қоғамдық сана да өсерінін терең болып отырғанында. Социалистік қатынастарды өндіргенде большевиктер де төлтума рухани дәстүрлердің бірқатарын жоюға тырысты. Негізінен бұл жердегі басты критерий социалистік жүйенің өмір сүруін қамтамасыз ету болды. Коммунистік идеологаяны, мәдениетті дамыту деген ұранмен халықтар шынайы қазыналарынан ажыратылды, келе-келе тіпті оларды қажетсінбеуге айналды. Социализм революцияға дейінгі отаршылдық саясаттың біраз үрдістерін одан әрі жалғастырды. Бүгінті күні де Ресейдің идеялогиялық, информациялық үстемдігі сәл-пәл әлсірегенмен бұрынғы қалпынша сақталып отыр. Мәселен, қазақ тіліндегі электрондық ақпарат құралдары 11 сағат хабар таратса, орыс тілінде бұл көрсеткіш - 210 сағат. Республикадағы мерзімді баспасөздің орысшасының саны 1164 болса, қазақшасы - 215. Еліміздегі 223 ауданның 131-інде іс кағаздары тек орыс тілінде жүргізіледі. Акпараттық империализм елдегі рухани, адамгершілік дағдарысты одан әрі терендетіп отыр. Тарихи танымынан, дәстүрінен алшақта қалып келген жас ұрпакқа басқа мәдени-тарихи өмір дәстүрі, салты ұсынылуда.

Маңызды мәселенің бірі - еліміздің халықаралық мәдени кеністікке қатысуы және осы бағыттағы процестерді терендету, өзара кірісу мен алмасу, өзара тиімділікті, әр мемлекеттің мәдени кеңістігінің ұлттық ерекшеліктерін ескеру. Қазақ халқының тарихи қалыптаскан рухани байланыстары мен мәдени қарым-қатынастары негізінде Ә. Нысанбаев қазақ мәдениеті дамуының үш жолын орынды атап көрсетеді. Біріншісі - шет елдердегі қазақ диаспорасымен жұмыс істеу. Қазақ диаспорасы ұлтымыздың төлтума мәдениетінің нышандарын сақтап қалған. Мәдениетімізді дамыту үшін реюлгоцияға дейінгі өркениеттен үйрену - жаңарудың бір жолы. Екінші жолы - ислам әлеміне кіру. Демографиялық және ішкі саяси жағдаймен есептесе келіп, автор бұл жолды қазақ ұлты үшін қолайсыз деп табады. Үшінші жол - евразиялық кеңістігіміз шығыс менталитеті болғанымен, білім мен тәрбиеміз европалық, бүтін де сол үрдіс жалғасып келеді. «Біздіңше өткен мәдени мұраларымызды игере отырып, - деп түйеді философ, - қазақтың ұлттық, менталитеті тұрғысынан қарайтын уақыт жетті. Басқа ұлт өкілдерінен өзара мәдениет әсерлесу арқылы әлеуметтік турақтылықты нығайта түсу тиімді жол. Біздегі тұрақтылықтың бір факторы - мәдениет».

Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу дегеніміз - елімізді барлық ұлттардың шынайы Отанына, мақтанышына айналдырып, ешкімді де өгейсітпеу. Экономикалық реформалардық қоғамның таптық, кәсіптік құрылымын жаңартудың этносаралық байланыстарға әсері зор. Мысалы, социализм тұсында жекелеген ұлттар арасында дағдылы кәсіппен айналысу орныға түсіп, саясатқа айналды. Мысалы, қазақтар негізінен мал шаруашылығында, білім беру саласында, мәдени қызмет атқаратын мекемелерде жұмыс істеді, ал орыстар өнеркәсіпте, ғылыми-техникалық салада басымырақ болды. Экономиканың шешуші салаларынан ығыстырылған казақ ұлты кәсіби, психологиялық жағынан да көп жетілмеді. Қазақ тілінің аясының тарлығы, рушылдық, жүзшілдіктің орын алуының себептері осында жатыр. Өндіріс, ғылым, техника, европалық тектес азаматтардың қолында тұрғанда, іс-қағазын түгелдей казақ тіліне көшіреміз деу негізсіз ұмтылыс. Бұл ұлтаралық қатынаста, бір жағынан, менмендікке, тәкаппарлыққа жол ашса, екінші жағынан, селқостық, қынжылыс туғызады, бара-бара бұл жағдай бәсекелестікке, шиеленістерге де апарады. Ұлтаралық «еңбек бөлісіне» үйренген халық мемлекет меншігін жекешелендіру тұсында меншік тізгінін ұлттық, этникалық топтың қолына беру арқылы тұрмысты жақсартуға болады деген ойдан құр емес. АКШ-та мексикандықтардың ауыл шаруашылығындағы, еврейлердің банк ісіндегі, хұқық, медицина саласындағы, ирландықтардың полиция қызметіндегі үстемдігі елде қызғаныш, бақталастықты күшейтеді деген аландаушылық та бар. Адал еңбек пен еркін кәсіпкерлік арқылы лайықты өмірге қол жеткізуге болатындығың күнделікті өмір тәжірибесі сендіре бастағанда, ескі наным-сенімдерден біз де арыла бастаймыз. Уақыт пен ұрпақ алмасуы өмірге ой-пікірі озат жаңа азамат әкееді.

Орыс мәдениеті мен тіліне сіңіскен қазақ халқы жергілікті орыстардың казақ тілін білмейтіндігіне, ұлттық мәдени өмірге аз араласатындығына реніш білдіреді. Онын себептеріне тоқталғанбыз. Бұл жерде шовинизм көріністерін іздеуден бұрын, ойландыратын басқа да мәселелер бар. Тарихи тәжірибе өркениеттері, тарихи тегі ортақ, діні бір халықтардың бір-бірімен етене жақындасатындығын көрсетеді. Сондықтан Қазақстандағы европалық ұлттардың қазақтың, жалпы шығыс халқының тілі мен мәдениетіне жақындасуы қиындау болуы да мүмкін. Бұл әрине жеке бастың саяси мәдениетіне де байланысты құбылыс, қалай болғанда да бұған қазақ азаматтары түсінушілікпен қарауы қажет.

Патриотизм - мемлекеттің күш-қуатын, өміршеңдігін, тұтастығын қорғайтын ұлы рухани тіректің бірі. Қазақстан патриотизмі де еңбек сүйгіштіктің, бауырмалдықтың, парасаттылықтың қайнар көзіне айналады.

Ұлтшылдық ұлтжандылық, патриотизм. Американ қиялшыл жазушысы Ванг-Вогтың ғарыш кемесі туралы әңгімесінде әлем қауымдастығының оған қандай да бір планетаға қонуға тыйым салынғандығы туралы жазылғанды.

«Ол кемеде не бар?» - деген сұраққа:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патриоттық тәрбие
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізі
ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жасөспірімдер спортын ұйымдастыруда отансүйгіштікке тәрбиелеудің рөлі
Жоғары оқу орны студенттерінің патриоттық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Отансүйгіштікке тәрбиелеу
ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Мектепке дейінгі балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру
Қазіргі мектептерде оқушыларға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz