Қазақ ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 37 (09) (574) Қолжазба құқығында

Рамазанова Самал Әмірғалиқызы

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ
( XX ғасырдың 20-30 жылдары)

13. 00. 01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшісі:

педагогика және психология

ғылымдарының докторы,

профессор Қ. Б. Жарықбаев

Алматы 2006

МАЗМҰНЫ
:
Кіріспе: Кіріспе
3: 3
:
Кіріспе:
3:
: 1
Кіріспе: XX-шы ғасырдың басындағы қазақ елінің қоғамдық- саяси әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани хал- ахуалы
3: 10
: 1. 1
Кіріспе: XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының педагогикалық ойлары
3:
: 1. 2
Кіріспе: Қазақ елінің оқу-ағарту саласындағы ізденістер
3:
:
Кіріспе:
3:
: 1. 3
Кіріспе: Қазақтың ұлттық педагогикасының қалыптасу жолдары
3:
:
Кіріспе:
3:
:
Кіріспе: Бірінші тарау бойынша тұжырым
3:
:
Кіріспе:
3:
: 2
Кіріспе:

Қазақ этнопедагогикасының ірге тасын қалаудағы

Х. Досмұхамедұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов қосқан өзіндік үлесін салыстырып тұңғыш рет түйіндеу

3:
: 2. 1
Кіріспе:

Ұлттық әдебиетті, ұлттық тіл ғылымын зерттеу жұмыстары

( А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлы)

3:
:
Кіріспе:
3:
: 2. 2
Кіріспе:

Ұлттық педагогика мен психологияны зерттеу жұмыстары

( М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов)

3:
:
Кіріспе:
3:
: 2. 3
Кіріспе:

“Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасуындағы

(XX ғасырдың 20-30 жылдары) тәлім-тәрбиелік идеялар” атты арнаулы курс бағдарламасының мазмұны

3:
:
Кіріспе:
3:
: 2. 4
Кіріспе: Тәжірибелік-педагогикалық эксперименттің нәтижесі, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар
3:
:
Кіріспе:
3:
:
Кіріспе: Екінші тарау бойынша тұжырым
3:
:
Кіріспе:
3:
:
Кіріспе: Қорытынды
3:
:
Кіріспе:
3:
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3:
:
Кіріспе:
3:
:
Кіріспе: Қосымшалар
3:

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ елінің егемендігімен қатар тәуелсіздік жылдарының мерзімі ұлғайған сайын оның тарихи дамуының ғылыми теориясын жасау қажеттілігі де арта түсуде. Халықтың ұзақ жылдардан кейінгі өзін-өзі тануының жаңа кезеңі ұлттық ғылыми ортаға қоғамның педагогикалық ілімдер тарихы маңызды орынға көтерілуде.

Халқымыздың ұлттық мәдениетінде “қазақтардың қайталанбас этникалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние” деп, атап көрсеткен еді ел басшысы

Н. Ә. Назарбаев [1. 3] аталған пікірдің өзі зертелмей, ғылыми айналымға түспей келе жатқан құнды идеялардың бар екенін көрсетеді.

“Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”[2], “Білім мазмұнын гуманитарландыру”[3] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау үшін ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуына кең жол ашу талап етіледі.

Қазақстанның Россияға қосылуы 1731 жылдан басталғанымен, патшалықтың отарлық саясатының күшейген кезі XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында болғандықтан қазақ даласы осы кезеңде тарихи оқиғаларға толы болды. Көршілес жатқан Ресейдің патша өкіметі қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асырып, әкімшілік басқару жүйесін енгізіп, қазақ жерінің байлығын өз мақсатарына пайдалану үшін жан таласып жатты. Осы кезеңде “Болыстарға тілмаштар даярлау мектебін” ашып, болыстардың, атқамінерлердің балаларын оқытып, билік сүйгіштерді өзіне жақындатып алды.

Патша өкіметі тек орыс мектептерін ғана ашып қойған жоқ. жер-жерлерде қазақ балаларын шоқындырып, оларға орысша ныспы беру рәсімдерін де жасады. Бұның бәрі көпшілік үшін бүгінгі тұрғыдан айтылып отырған шындық.

Патша өкіметінің “жымысқы” саясатының нәтижесінде ашылған “орыс-қазақ” мектептерінде оқығвн қазақ балалары орыстың білімі мен ғылымының арқасында көкірек көзін ашып, XX ғасырдың басында аренаға шықты. Орыс мектептерінде оқып, орыс қалаларында жоғары білім алғанымен олар өз елінің мүддесін көздеді, ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруға және этнопедагогиканың негізін қалап, ғылымға айналуына көп еңбек сіңірді. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан азаматтар ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді. Олар: А. Байтұрсынов [4], Ә. Бөкейханов [5], М. Дулатов [6], Х. Досмұхамедов [7], М. Сералин [8], Б. Сырттанов [9], Б. Қаратаев [10], Ж. Сейдалин [11], М. Тынышбаев [12], Ж. Ақбаев [13], Д. Сұлтанғазин [14], Ғ. Қарашев [15], О. Әлжанов [16], Р. Мәрсеков [17], А. Құрманбаев [18], Ғ. Мұсағалиев [19] және т. б. ұлы тұлғаларды атауға болады.

Сонымен қатар отандық ғалымдарымыз педагогикалық ой -пікірлер мен оқу-ағартудың даму тарихын Т. Т. Тәжібаев[20], А. И. Сембаев [21], Қ. Б. Бержанов [22], Қ. Б. Жарықбаев [23], К. Қ. Құнантаева [24], С. Қ. Қалиев[25], А. К. Көбесов [26], С. А. Ұзақбаева [27] т. б.

Зерттеу проблемасы ұлттық педагогикаға қатысты болғандықтан ТМД және отандық зерттеулерге назар аударылып, басқа ұлттардың педагогикалық әдебиеті мен тарихын қарастырып, Г. Н. Волков [28], И. Т. Огородников [29], Ф. А. Афанасьев [30] т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылса, ұлттық педагогиканың тәрбиелік маңызын зерделеуде Ә. Марғұлан, Х. Арғынбаев, Б. Адамбаев, І. Р. Халитова, С. Ғаббасов, Н. Сәрсембаев т. б. ғалымдар ал, халық педагогикасы мен этнопедагогика мәселелерін зертеген ғалымдар М. Х. Балтабаев, Ә. С. Әмірова, Р. К. Дюсембінова, К. Ж. Қожахметова, Ә. Т. Табылдиев т. б. ғалымдар зерттеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев

“В потоке истории” атты еңбегінде: Біздің ұлттың тарихын бағалау, әрине, зерттеушілер мен әдістемелік ой-пікірлерге ыңғайлы болуы үшін бұрынғы кестеге негізделеді, бірақ отаршылдықтың барлық кезеңдеріндегі олардың механизмдері мен тарихы жағдайларының әртүрлілігін тұтастай түсіну қазақ ұлттының тағдыры туралы көптеген мағлұматтар беруі тиіс. Өйткені, жақын кезеңдердегі “естеліктердің тарихи іздері” өте маңызды және әлемнің, оның ішінде қазақ дүниетанымына, іс-әрекетіне, бағалауына тікелей әсер етеді. “, деп атап өтті.

Қазақтың ұлттық педагогикасы мен саяси жағдайын талдап қарастырғанда, алдымен оның тарихи қалыптасуына көңіл бөлу қажет. Диалектикалық тұрғыдан уақыт кезеңдерінде -өткен шақ, бүгінгі күн және болашақты байланыстыра отырып, елдің ертеңін жасау, ақиқатқа жетудің дұрыс шешімі болары сөзсіз. Тәуелсіздік тұсындағы қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер тарихи тағдырдың тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен этномәдениетті қайта жаңғыртумен сипатталады. Бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен қазақи ұлттық ерекшеліктерімізді қайта өркендету қазіргі таңның кезек күттірмес өзекті мәселелерінің бірі.

Осы еңбекте қазақтың ұлттық педагогикалық мәселелер жөнінде ой-пікірлермен олардың даму жолдар, жазба әдебиеттеріміздегі қазақ зиялыларының жариялаған материалдары негізінде бірнеше тұжырымдамалар, ұғымдар сарапталып, қолданылды.

Дегенмен, жоғарыда аталған ғылыми жұмыстарды саралай келе біздің зерттеу нысанымызға алып отырған XX ғасырдың 20-30 жылдар аралығындағы ұлттық педагогика негізінде қалыптастыру мәселесі әлі де болса жеткілікті дәрежеде ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелмегенін анғардық. Бұл мәселе, кеңінен талданып және педагогика ғылымынан заңды орын алуы тиіс деп санаймыз.

Зерттеу барысында айқындағанымыздай бұл өзекті тың тақырып бүгінгі күнге дейін өз шешімін таппаған. Сондықтан, қазақтың ұлттық педагогика ғылымын қалыптастыру мәселесінің жылдарды топтастырып қарастыру өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын “Қазақтың ұлттық педагогика ғылымының (XX ғасырдың 20-30 жылдары аралығы) ” -деп таңдауға себепші болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстан ғалымдарының XX ғасырдың 20-30 жылдары аралығындағы қазақтың ұлттық педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасу проблемаларын талдаудағы жемісті ізденістеріне қысқаша тоқтала келіп, осы маңызды тақырыптың еліміз егемендікке қол жеткізгелі оқу-ағарту ісінің кезеңдік тарихының алғышартарын ғылыми тұрғыда жаңаша зерделеуді қажет етеді. Сондықтан да бұл зерттеу жұмысы тарихи деректерге талдау жасау арқылы ұлттық педагогика ғылымы туралы ой-пікірлердің қалыптасу жүйесіне сипаттама беру арқылы оларды бүгінгі оқу-тәрбие жұмыстарына ендірудегі маңызын ашып көрсету.

Зерттеу нысаны- XX ғасырдың 20-30 жылдары аралығындағы ұлттық педагогикалық ойлар.

Зерттеу пәні- қазақ ұлттық педагогика ғылымының қалыптасу процесіне қатысты тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер (XX ғасырдың 20-30 жылдары) .

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуына байланысты ой-пікірлер айқындалып, ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделіп, оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың әдістемелік кешені (арнайы курс бағдарламасы, әдістемелік ұсыныстар т. б. ) жасалып педагогикалық үрдіске енгізілген болса, онда бүгінгі оқу процесінде тәлім-тәрбиелік жұмыстар ұлттық сипатта ұйымдастыруға септігін тигізеді.

Зерттеу міндеттері:

1. Қазақстандағы ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуына байланысты педагогикалық ой-пікірлердің алғышарттарды жүйелеу арқылы негіздеу;

2. қазақтың ұлттық педагогика жүйесінің даму ерекшеліктерін руханилық қағидасы ретінде жүйелеу;

  1. қазақ зиялыларының еңбектеріндегі XX ғасырдың 20-30

жылдарындағы Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуының алғышартарына анықтау;

4. Қазақ елінің оқу-ағарту саласындағы ізденістеге шолу жасау;

  1. А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлының ұлттық әдебиетті,

ұлттық тіл ғылымын зерттеудегі орны.

  1. Ұлттық педагогика мен психологияны зерттеу жұмыстары

М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов көзқарасы мен үндестігін дәлелдеу;

7. “Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасуындағы

(XX ғасырдың 20-30 жылдары) тәлім-тәрбиелік идеялар” атты арнаулы курс бағдарламасы негізінде ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау;

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жалпы адамзаттық, адамгершілік, философиялық қағидалар, таным теориясы, ғылыми-тарихнамалық принципке, теория мен тәжірибеге арасындағы байланыстар туралы қағидаларға сүйене отырып, тарихи жүйелілікті сабақтастыру, сонымен қатар XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы ағартушылардың идеялары жатады

Зерттеудің жетекші идеясы: Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасуын XX ғасырдың 20-30 жылдары негізінде ғылыми-теориялық тұрғыда талдау және оның бағыттарын айқындай келе оқу-тәрбие процесінде пайдалануға ұсыну.

Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша архив құжаттарын философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыда талдау, қорыту және жүйелеу, сауалнамалар жүргізу, озық тәжірибелерді меңгеру, әңгімелесу, зерттеу нәтижелерін қорытындылау.

Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім саласына қатысты және ҚР Білім және ғылым министрлігінің, әлеуметтік институттардың ресми құжаттары (заңдар, қаулылар т. б. ), орталық тарихи архивтің құжаттары, XX ғасырдың 20-30 жылдары ағартушылардың идеялары мен еліміздің философтардың, психологтардың, педагогтардың зерттеліп отырған мәселе бойынша диссертациялық зерттеулер мен монографиялық еңбектері, мерзімді басылым ақпараттары, білім беру мекемелерінің іс-тәжірибе жұмыстары т. б.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2000-2001 ж. ) зерттеу жұмысының тақырыбы анықталып, теориялық негіздері, зерттелу деңгейі қарастырылды, ғылыми аппараты жасалды. Тарихи, философиялық, педагогикалық, психологиялық салаларындағы әдебиеттерге талдау жасалып, библиографиялық, архивтік материалдар жинақталды.

Екінші кезеңде (2002-2004ж. ) жиналған мағлұматтар, педагогика ғылымының теориялық негіздері тұрғысынан талдауға алынып жүйеленді.

Үшінші кезеңде (2004-2006 ж. ) жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері қорытындыланды. “Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасуындағы (XX ғасырдың 20-30 жылдары) тәлім-тәрбиелік идеялар”атты арнаулы курс бағдарламасы, аудиториядан тыс өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарлары жасалды. Диссертация әдеби жағынан редакцияланып өңделді.

Бірнеше ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларға баяндама дайындап, ғылыми басылымдарға мақаладар жарық көрді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

- XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ зиялыларының еңбектеріндегі ұлттық педагогика ұғымдарына анықтамалар беріліп, оларды қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Қазақ педагогикасының тарихы
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні
Педагогиканың шығу және даму тарихы
Ауыз әдебиеті өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас халықтық құралы
Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz