ҚР ҚК 310 бабында қарастырылған қылмыс құрамын терең және жан-жақты зерттеу


М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе . . . 2-6

І тарау. Кәсіпкерлік қызметке құқықтың ұғымы мен мазмұны

Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және мазмұны . . . 7-13

1. 2. Кәсіпкерлік қызмет құқығының негізгі мазмұны. . 13-22

1. 3. Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тиым салудың негізгі

мазмұны . . . 22-29

ІІ тарау. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың

қылмыстық-құқтық сипаттамасы

2. 1. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың объективті

жағының сипатамасы . . . 30-37

2. 2. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың субъективті

жағының сипаттамасы . . . 37-40

2. 3. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың

жіктелген белгілері . . . 40-44

2. 4. Сыбайлас жемқорлықпен күрес - заңсыз кәсіпкерлікті

алдын алудың негізгі құралы . . . 44-51

Қорытынды . . . 52-62

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 63-65

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында, өркениетті экономика құру және демократиялық құқықтық мемлекет қалыптастыру кезеңінде мемлекеттік билік және атқару, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдары маңызды роль атқарады. Сол себепті, билік және басқару органдары қызметкерлерінің өздерінің арасында қылмыстық әрекеттердің пайда болуы ерекше қауіпті және жол берілмейтін жағдай. Сондықтан, жаңа Қылмыстық Кодексте заңды тұлғалар жасаған қылмыстық әрекеттер №13 тарауға кіргізіліп, «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстар» деп аталған. Бұл қылмыстардың тобын қызмет жағдайының арқасында және қызмет мүддесіне қайшы әрекет еткен және мемлекеттік билік органдарының қызметіне, мемлекеттік немесе жергілікті өзін өзі басқару органдарының мүддесіне айтарлықтай зиян келтірген немесе зиян келтіретін шынайы қауіпі бар билік өкілдері мен заңды тұлғалардың қоғамдық қауіпті ісі (әрекеті немесе әрекетсіздігі) деуге болады.

Аталған қылмыстар басқа қылмыстардан арнайы белгілерімен ерекшеленеді:

-оларды арнайы субъектілер (қызметтегі немесе мемлекеттік қызметтегі тұлғалар) жасайды;

-олар тұлғаның қызметіне сай қызмет орнын пайдалануының арқасында ғана жүзеге асуы мүмкін;

-билік және басқару органдарының қалыпты қызметін бұзады.

Қазір «сыбайлас жемқорлық» сөзі сәнге айналған, ол басылым беттерінен түспейді, ол жайлы радио мен теледидардан жиі айтылады. Бүгінгі жағдайды сөз еткенде үлкен көлемдегі сыбайлас жемқорлық басты және жалпылай қабылданған тезистердің біріне айналған. Тек қана 1999-2003 жылдар аралығындағы кезеңде орталық және жергілікті баспасөз бетінде аталған тақырыпта 3 мыңнан астам мақала жарық көрген. Әлеуметтік сауалнамада сұралғандардың 60 %-ы сыбайлас жемқорлықты Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін проблемаға жатқызса; 70 %-дан астамы Қазақстан Республикасы жемқор мемлекеттердің қатарына енуі мүмкін деген тұжырыммен келіседі.

Бұдан бірнеше жыл бұрын ғана біз «сыбайлас жемқорлық» сөзін мүлдем қолданбайтынбыз, ол кеңес дәуірінің көптеген сөздіктері мен энциклопедияларында да жоқ, ал барларында сыбайлас жемқорлық бізге тән емес құбылыс ретінде беріледі - «буржуазиялық елдерде; парамен сатып алу, қызметтегі тұлғалардың, саяси қайраткерлердің парақорлығы» (Ожегов С. Н. Орыс тілінің сөздігі, М. 1964) . Бізді сыбайлас жемқорлық «буржуазиялық мемлекет пен қоғамға тән (шенеуніктер мен қоғамдық-саяси қайраткерлерді сатып алу, пара беру және т. б. ) »-(Кеңес энциклопедиялық сөздігі. М. 1987) деп сендірген еді. Кенет, аяқ астынан, сыбайлас жемқорлықтың біздің елімізде бұрыннан барлығы ғана емес, оның бүгін пайда болмағаны да анықтала қалды.

Отандық қылмыстық құқықта «сыбайлас жемқорлық» ұғымының аясында не түсіндіріледі? Мұның жалпы қылмыстық-құқықтық термин емес екенін айтуымыз керек. Көпшілігі оны криминологиялық деп атайды, «сыбайлас жемқорлық - құқықтық емес, әлеметтік және моральдық ұғым» деген пікір де бар. «Коррупция» термині латынның «correi» - тараптардың біріндегі бірнеше қатысушының жалғыз затқа байланысты міндетті қарым-қатынасы және «rumper» - сындыру, ақау келтіру, бұзу, кейінге шегеру деген сөздерінен келіп шыққан. Нәтижесінде, сот процесінің немесе қоғам істерін басқару процесінің қалыпты жүруін «бұзуды» мақсат еткен бірнеше (екеуден кем емес) әрекетке қатысуын мегзейтін дербес «corrumpere» термині пайда болды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің қазіргі проблемалары өткен ғасырдың 90 жылдарының басында-ақ азды-көпті анықтала бастады. Осы уақытта ғылыми конференциялар өтіп, КСРО Жоғарғы Кеңесіне ұсынылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жобасы дайындалған, бірақ, іле-шала Одақтың тарап кеткені белгілі. Бұдан проблеманың өткірлігі азайған жоқ, сондықтан оған қарсы жұмыстар Қазақстан Республикасында жалғасын тапты. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі №267 «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі» заңында аппарат қызметкерлері үшін кейбір тиым салулар енгізіліп, кіріс туралы декларацияны ұсыну белгіленген. Жарлық дұрыс бағыттағы қадам болатын, бірақ, ол нашар орындалды.

Салық органдары мен қаржы полициясындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау, алдын алу және кесу практикасын талдау қылмыстық жүйелердің басқа салаларда қалыптасқан парақорлық жүйесін салық айналымы саласына енгізуге тырысатынынан хабар береді. Аталған мекемелердегі сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемасы барған сайын өткір сипатқа ие болуда. Статистикалық мәліметтер жыл өткен сайын бұл қылмыстардың саны көбейе түскенін көрсетеді. Салық органдарындағы заң бұзушылықтар қызметтік этиканы бұзудан бастап, кәсіпкерге қылмыстық элементтермен заңға қайшы байланысқа барғанға дейін «бейкүнә» қызметтер көрсету, ұсақ-түйек заң бұзушылықтар, қызмет жағдайын пайдалана отырып, кәсіпкерлік қызметке белсене қатысу және материалдық құралдарды бопсалау сияқты түрлерде де көрініс табады.

Қызметтік тұлғаның өз міндетін атқарғанда қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қатысы барлығы кез-келген мемлекеттің мемлекеттік аппаратының тиянақты ұйымдасып, жұмыс жасауына елеулі зиянын тигізеді. Үлкен құқықтары бар және көбіне-көп көлемді материалдық құндылықтарға өкілеттілігі жүретін мұндай тұлғалар тек қана материалдық емес моралдық та зиян келтіріп, мемлекеттік аппаратты ыдыратады.

Зерттеуге зерттеліп отырған нысанның кейбір аспектілері алынады: кәсіпкерлік қызмет ұғымы мен мазмұны, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың объективті және субъективті белгілері.

Диплом жұмысының мақсаты ҚР ҚК 310 бабында қарастырылған қылмыс құрамын терең және жан-жақты зерттеу болып табылады. Алға қойылған мақсатқа жету үшін керегі:

-кәсіпкерлік ұғымы мен белгілерін анықтау:

-кәсіпкерлік қызмет құқығының негізгі мазмұнын ашу;

-кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тиым салудың негізгі мазмұнын ашу;

-кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың объективті жақтарына сипаттама беру;

-кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың субъективті жақтарына сипаттама беру;

-кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың оған тән белгілерін қарастыру;

-сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерін заңсыз кәсіпкерліктің алдын алудың негізгі құралы ретінде жарыққа шығару.

І тарау. Кәсіпкерлік қызмет құқығының ұғымы мен

мазмұны.

1. 1. Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және мазмұны.

«Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» ұғымын қазіргі заманғы мағынасында ең алғаш ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон қолданған. Р. Кантильон экономикалық ауқаттылықтың шынайы бағасын айқындайтын жер мен еңбек деп есептеді1.

Кейін ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басындағы белгілі француз экономисі Ж. Б. Сэй (1767-1832) «Саяси экономия трактаты»(1803) деген кітабында кәсіпкерлік қызметті үш дәстүрлі өндіріс факторының - жердің, капитал мен еңбектің үйлесуі, бірлестігі ретінде қарастырды. Сэйдің негізгі тезисі кәсіпкерлердің өнімді құрудағы белсенді ролін мойындаудан тұрады. Кәсіпкердің кірісі оның еңбегі, өнімді өндіру мен жинауды ұйымдастырудағы қабілеті, «тәртіп рухын» қамтамасыз еткені үшін берілген сый болып табылады 2.

Ағылшын экономист ғалымы А. Смит(1723-1790) өзінің «Табиғат және халық байлығының себептері»(1776) атты негізгі еңбегінде кәсіпкерлікті сипатауға назар аударған. Кәсіпкер, А. Смиттің пікірінше, капиталдың меншік иесі бола отырып, белгілі бір коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда түсіру үшін тәуекелге бел буады 3.

Д. Векардо кәсіпкерлікті тиімді шаруашылықтың міндетті элементі ретінде қарастырады. К. Маркстің экономикалық теориясының негізінде кәсіпкерді капиталист-біреудің еңбегін пайдаланушы (эксплуататор) ретінде ұғыну жатыр4.

Рұқсат етілген және мемлекет қолдаған кәсіпкерлік қызмет институты - соңғы онжылдықтардағы қазақстандық құқықтағы жаңа құбылыс.

Бұрынғы КСРО-да кәсіпкерлік қоғамға қарсы қызмет ретінде қаралып, оның нысандары қылмыстық жауапкершілікке тартылатын.

Кәсіпкерліктің жұмыс күшін тарту арқылы қылмыс құрамын (табыс (пайда) табу мақсатындағы тауар, қызмет өндіру жөніндегі қызмет) бағалауда есепке алынатын кәсіпкерлік белгілері оның мемлекет күшімен реттелетін және қорғалатын толық заңды жұмысының анықтамасына кіреді. Елдің тоталитаризмнан демократияның экономикалық формаларына көшіп, оның іскерлік және шығармашылық құрушылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік беретін ішкіэкономикалық тұлғаға табынудан бас тартуы таңсық емес. Қалыптасқан жағдайлар Қазақстан Республикасының заңдарынан көрініс таппай қоймады.

ҚР 1997 жылғы 19 шілдедегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында «кәсіпкерлік» ұғымына, оның негізгі белгілеріне бірінші рет анықтама берілген 5.

Кәсіпкерлік деп нысандардың ұйымдастырушылық-құқтық формаларымен белгіленген оның тәуекел етуі мен мүліктік жауапкершілігінің аясында жүзеге асатын, кіріс түсіруге бағытталған азаматтар мен олардың бірлестіктерінің бастамашыл дербес құқығы. Заң кәсіпкерлікті мүлікті пайдалану, тауарды, жұмысты сатудан, тұлғаларға заң тәртібімен бекітілген жұмыс және қызмет көрсетуден жүйелі табыс алуға бағытталған дербес, тәуекелмен жүзеге асатын әрекет ретінде анықтайды. Бұл ұғымды оны құрайтындар арқылы ашу және талдау қажеттігі туады.

Кәсіпкерлік белгілерінің қатары нормативтік анықтаудағы өзінің тұрақты, даусыз орнын иеленді.

Олардың алғашқысы пайда табу мақсатындағы қызметті (коммерциялық сипат) жүзеге асыру болып табылады. Әрбір меншіктің мүлік иесі мүліктің барлық жемісі мен кірісін өз қалауынша еркін жаратуға құқылы. Осыны ескере келгенде, кез-келген табыс (тіпті оны алу мақсаты да) нысанның кәсіпкер ретінде тіркеу мен есептеудегі қосымша, кейде қалтаға сай емес, шығындарымен, үлкен жауапкершілік жүктейтінімен белгілі тіркеу процедураларынан өтуін талап ететін, оның соңы меншік иесін мүлікті коммерциялық емес жаратуға әкеп соғатын заңдағы анықтаулардың жетімсіздігі айқын болды.

Мұндай жағдайды түзеуге тырысудың бір жолы Азаматтық кодекске табыс табудың жүйелілік белгілерін енгізу болды. Бірақ, өкінішке орай, ол проблеманы толығымен шешпейді. Бұған негізгі кедергі - жүйелілік түсінігінің заңды анықтамасының немесе қалыптасқан ұғымының жоқтығы болып отыр. Бұл ұғымды бір мезгілде екі түрлі түсіндіреді. Лингвистер «жүйелілік - үнемі қайталанып отыратын, тоқталмайтын нәрсе» деп түсіндірсе, еңбек құқығына байланысты заңда егер бұрын қандай да бір жауапкершілікке тартылған болса да еңбек тәртібінің бұзылуы ретінде қарастырады (яғни, ҚР Еңбек туралы Заңына сәйкес, кемінде екі мәрте қайталанған жағдай «жүйелі» деп табылады) .

Мұндай белгісіздік жағдайында аталған белгілер мен оның салдарлары жайлы азаматтар мен мүдделі мемлекетік органдардың пікірі екіге жарылатыны мәлім. Мұндай кезде аз ғана нормативтік тұрақсыздықтың әсері бірден көрінеді - меншік иесінің құқығын ведомостволық мүдделер деңгейінде жүзеге асуында қиындықтар туындайды. Мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдар кәсіпкер емес меншік иесін тіркелген тұлғалармен салыстырғанда қиын жағдайға қалдырады.

Жеке кәсіпкер мен мекемені мемлекеттік тіркеу өзінің ұғымы бойынша бірдей емес. Мемлекеттік тіркеуге дейін мекеме заңды тұлға болып табылмайды, құқықтары мен міндеткерліктері болмайды. Азаматтың құқықтық қабілеті оның туған кезінен басталады. Баланың дүниеге келгенін тіркеу фактісі заңды құбылысты тіркеу, қайталау (вторичный) сипатына ие болады. Азаматтың азаматтық құқықтық мүмкіндігіне басқалармен қатар заңды мүлікті иеленіп, иесіне айналудың құқықтық мүмкіндігі де жатады. Азаматты оның табыс табуға бағытталған келісімдерінсіз кәсіпкер ретінде тіркеуен түсетін жүк қандай?

Бұл ұғымның екі аспектісі бар. Бір жағынан, егер нысан тауар және қызмет өндіру жөніндегі кәсіптік қызметпен тұрақты айналысса, қоғам одан сапа мәселесінде белдігі бір сенімділік пен қауіпсіздікті, сондай-ақ, коммерциялық қызмет адал атқарылмаған жағдайда мүліктік жауапкершілік күтуге құқылы. Мемлекет бұл жағдайда кәсіпкерлік қызметті бірқатар шарттарды тіркеуден бастап, сапа және қауіпсіздік стандарттарына, сауда ережелеріне сәйкестігін қадағалауға, ерекше соттар мен ерекше процедураларда шаруашылық істер жөніндегі дау-дамайларды шешуге дейін реттеудің арнайы шараларын қарастыруы керек.

Екінші жағынан, егер азамат жеке мүлігінен немесе қызметтен тұрақты емес және аз көлемде табыс тауып отырса қоғам одан үлкен зиян шекпейді және айтарлықтай қызығушылық танытпайды.

Қоғам мен әрбір нақты тұтынушы үшін дәл қазіргі кезде қандай нысанмен жұмысістеп жатқанын анықтау маңызды. Өзінің нысандық құқығын ортақ реттеу аясында жүзеге асыратын, тұрақты қожалық ететін кәсіпкер мен азаматтың нақты құқықтық ара жігі болмаса, мүлікті, тауар мен қызметті жүзеге асыратын контрагенттің құқықтары мен міндеткерліктерін анық түсіну қиын.

Кәсіпкерлік қызметтің келесі талассыз қызметі - оны тәуекел ету арқылы, яғни жеке мүліктік жауапкершілік ала отырып жүзеге асыру. Мұндай тәуекелдің ішіне кәсіпкердің мүлік иесі ретінде қолайсыз салдарларда ғана емес, міндетті қарым-қатынастарда да қосымша тәуекелге (арнайыланған кәсіпкерлік) баруы жатады. Кәсіпкердің жауапкершілігі жоғары болып табылады, жоюға келметін тосын жағдайлардан басқа, кейде оның кінасынан болмаған жағдайларда да теріс нәтижелер кәсіпкердің мойнына артылады.

Бізге заңдағы кәсіпкерлік ұғымына байланысты қателік кәсіпкердің қызметінде оның кәсіпқойлық белгілерін көрсетудің болмауы сияқты көрінеді. Мұндай белгі Франция (Франция сауда кодексі, 1 бап), Германия (Германия сауда заңы, 1 бап) және басқа да елдердің заңдарында ескерілген. Ресейдің төңкеріске дейінгі авторлары да сауданы өндіріс ретінде ерекшелеп көрсетуге тырысқан6.

Бұл біліксіз, кәсіпқой емес кәсіпкерлер болады дегенді аңғартпайды. Кәсіпқойлықтың шартты белгісіне артылатын жүк басқа.

Кәсіпкерлік қызметтің соңғы белгісі ретінде ҚР АК 19 бабында оны заңды тұлға ретінде тіркелген тұлғалардың жүзеге асыруы көрсетіледі7. Аталған норманы сараптай келгенде, кәсіпкер ретінде тіркелмей, жүйелі түрде табыс табуға тәуекел етіп, өз бетінше жасалған әрекеттің кәсіпкерлік болып табылмайтынын көреміз.

Кәсіпкерлік қызмет ұғымының заңды дамуын бағалай келіп, оның екі тенденциясын атап өткіміз келеді.

Біріншіден, заңдылықты анықтау құрылымы жетілдіріліп келеді. Оның элементтерін нормативтік жағынан түзеп, нақтылау мақсатында әрекеттер жасалуда. Заң Азаматтық Кодекстегі кәсіпкерлік қызметі жөніндегі нормаларды инкорпорациялау жолымен жүріп, белгілі бір табыстарға қол жеткізді.

Дегенмен, екіншіден, бұл бағыттың теориялық қарама-қайшылықтарынан қашу мүмкін емес екендігі біртіндеп айқындалып, құқықтық қолдануға деген қажеттілік біршама деңгейде қанағаттандырылып келеді.

1. 2. Кәсіпкерлік қызмет құқығының негізгі мазмұны

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық заңды қолданудың теориясы мен тәжірибесі, оның тиімділігі
Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланған қылмыс құрамының ұғымы
Мемлекеттік қызмет және лауазымдар ұғымы
Кедендік қылмыстардың құқықтық сипаттамасы
Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау институты
ҚЫЛМЫС СУБЪЕКТІСІНІҢ ЕРЕКШЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу
Қылмыс құрамының ұғымы, белгілері
Пайдақорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Парақорлық қылмыстарын саралау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz