Көркем шығарманы компазициялық құрылысы жағынан талдау



1 С.Мұқанов «Ботагөз» романы бойынша
2 XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ қауымын суреттеуге арналған
Әуелде роман «Жұмбақ жалау» деген ат пен жылы басылып шықты. Кейін автор көпшілік оқушылардың сұрауымен және біраз өңдеу, толықтыру енгізуге байланысты кітаптың атын «Ботагөз» деп өзгертті. Мұнысы өте орынды еді. Өйткені романда бастан-аяқ айтылатын
кейіпкер, бүкіл оқиғаны, сюжетті ұстап тұрған басты бейне Ботагөз қазақ қызының бейнесі.
Алдымен «Ботагөз» романы кезінде қазақ әдебиетінің тарихында сапасы жағынан өскен әдебиеттер талабын көтере алатын, бірден-бір күрделі окиғалы, сақа туынды аталғанын айту жөн. Осы күнге дейін сан рет басылып, оқушысын тауып отырған бұл шығарма бүкіл кеңестік дәуірдегі әдебиет қорының төрінен орын алды, орыс тіліне аударылуы арқылы Кеңес Одағының көптеген халықтарының сүйіп оқитын кітабына айналды. Өйткені роман оқушысын, біріншіден, көркем жазылған, сом соғылған туынды болуымен тартса, екіншіден, онда айтылмақ жайттар көптеген ұлттардың, әсіресе Орта Азия халықтарының барлығының дерлік басынан кешкен қиын - кыстау халдеріне ұқсауымен, яғни патшалық Ресейдің бұрын отарлы ел болып келген халықтарының көкейкесті жайын баяндауымен тартты.
Бұл сәтте айта кететін жәйт қазір романға көзқарастың өзгеруі. КСРО құлағаннан кейін большевиктер партиясының Кеңес өкіметінің романда дәріптелуі артық, қате деп танылып отыр.
Романда қазақ халқының ұлттық сипаттары: дәстүрі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, қоғамдық, саяси іске араласуы және оны ұғуы, ғылым-білімге, болашаққа ұмтылуы, революцияны түсінуі және оның сонынан адал сенген пейілмен еруі, осы жолда асқан ерлік, батырлық мінездер көрсетуі романда большевиктер партиясы қойған талап тұрғысында көрсетіледі.
1. Х. Әдібаев, М. Базарбаев , З. Қабдалов , Р. Нұрғалиев «Қазақ әдебиеті» Алматы 1994 ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Көркем шығарманы компазициялық құрылысы жағынан талдау.
С.Мұқанов Ботагөз романы бойынша
Әуелде роман Жұмбақ жалау деген ат пен жылы басылып шықты. Кейін
автор көпшілік оқушылардың сұрауымен және біраз өңдеу, толықтыру
енгізуге байланысты кітаптың атын Ботагөз деп өзгертті. Мұнысы өте
орынды еді. Өйткені романда бастан-аяқ айтылатын
кейіпкер, бүкіл оқиғаны, сюжетті ұстап тұрған басты бейне Ботагөз қазақ
қызының бейнесі.
Алдымен Ботагөз романы кезінде қазақ әдебиетінің тарихында сапасы
жағынан өскен әдебиеттер талабын көтере алатын, бірден-бір күрделі окиғалы,
сақа туынды аталғанын айту жөн. Осы күнге дейін сан рет басылып, оқушысын
тауып отырған бұл шығарма бүкіл кеңестік дәуірдегі әдебиет қорының төрінен
орын алды, орыс тіліне аударылуы арқылы Кеңес Одағының көптеген
халықтарының сүйіп оқитын кітабына айналды. Өйткені роман оқушысын,
біріншіден, көркем жазылған, сом соғылған туынды болуымен тартса,
екіншіден, онда айтылмақ жайттар көптеген ұлттардың, әсіресе Орта Азия
халықтарының барлығының дерлік басынан кешкен қиын - кыстау халдеріне
ұқсауымен, яғни патшалық Ресейдің бұрын отарлы ел болып келген халықтарының
көкейкесті жайын баяндауымен тартты.
Бұл сәтте айта кететін жәйт қазір романға көзқарастың өзгеруі. КСРО
құлағаннан кейін большевиктер партиясының Кеңес өкіметінің романда
дәріптелуі артық, қате деп танылып отыр.
Романда қазақ халқының ұлттық сипаттары: дәстүрі, әдет-ғұрпы, мінез-
құлқы, қоғамдық, саяси іске араласуы және оны ұғуы, ғылым-білімге,
болашаққа ұмтылуы, революцияны түсінуі және оның сонынан адал сенген
пейілмен еруі, осы жолда асқан ерлік, батырлық мінездер көрсетуі романда
большевиктер партиясы қойған талап тұрғысында көрсетіледі.
Оның үстіне қазақ халқының осы романда суреттелетін кезеңдегі хал жайы
өз алдына бөлек, томаға-тұйық баяндалмайды, бүкіл Ресей
өмірімен, ондағы алуан қырлы, мың сырлы оқиғалармен байланыстырыла
айтылады. Өйтпейінше, тарихи шындық сақталмаған болар
еді. Жазушы бұл шындықты берік сақтайды. Әсіресе Ресейдегі төңкеріс
қозғалыстар мен ағымдар XX ғасырдың бас кезінде Столыпин реакциясы тудырған
айдау, қысымдар салдарынан кейін, жаңа өрлеулер тудырған кезеңдер, патшалық
Ресейдің Германиямен соғысы, яғни дүние жүзілік бірінші соғысқа араласуы —
мұның бәрі алыстағы Қазақсганда елеусіз, яки зардапсыз өтіп жатқан оқиғалар
еместі. Жазушы шыншыл суреткерлікпен осындай алуан түрлі оқиғаларды
қамтып, олардың құяр арнасын, негізгі желісін тапқан.
Ботагөз романы композициялық құрылысы жағынан үлкен үш
бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім Тұңғиықта XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ қауымын
суреттеуге арналған, екінші бөлімі Таң атарда қазақ ауылында бай мен
кедей арасындағы наразылықтың үдей түсуі, әсіресе 1916 жыл оқиғасына
байланысты, патшаның маусым жарлығы салдарынан ұлт-азаттық қозғалысының
тууы сөз болады, үшінші бөлімі Күн күлімдегенде Қазан төңкерісі кезеңін,
онан соңғы азамат соғысы жылдарын қамтиды.
Сонымен, романның үш бөлімінде бас-аяғы он - он бес жылдың оқиғасы
айтылады. Бірақ бұл тек Қазақстан көлемінде ғана емес бүкіл Ресей тіпті
дүние жүзі көлемінде шын мәнісіндегі тарихи окиғаларға толы кезең еді.
Патшалық Ресейдің сонау отарлы аймағы Қазақстан қаймағы бұзылмастан
феодалдық салт-сананың шырмауында еді. Аткамінерлер мен феодалдардың
байлардың кедейлерді, жарлы-жақыбайларды қанауының шегі жоқ. Әсіресе патша
шенеуніктерінің озбырлығы, болыс, ауылнайларды зорлық зомбылығы қарапайым
халықты қорлауға дейін баратын.
Осындай тап қайшылығы шиеленіскен аймақта патшаның 1916 жылға маусым
жарлығы, майға от құйғандай, наразылықты бірден бұрқ еткізді. Бұл жарлық
бойынша қазақ және басқа шығыс халықтарынан майданға, қара жұмысқа адам
алынатын болды. Біріншіден, патша 1914 жылғы дүние жүзілік соғысқа
араласып, елді күйзеліске, сансыз құрбандыққа ұшыратса, екіншіден, сол
жөнсіз соғысқа жаппай адам жинау туралы жарлығымен бұрын сырттай болса да,
бейбіт ртырған ұлттардың ашу-ызасын келтірді Ауыл атқамінерлері маусым
жарлығын өздерінше орындап, байлардың, би, болыстың балаларын алып қалып,
оның орнына жасы толсын-толмасын, жылатып-еңіретіп кедей, жарлылардың
балаларын тізімге ала бастады. Итбай сияқты болыстар өз өктемдігін баса-
көктеп жүргізді. Романдағы алғашқы шиеленіс осы мәселенің төңірегінде
болып, ақыры көтеріліске шыққан халық Итбайды өлтіреді, бірақ алға үлкен
мақсат қоя алмаған, ұйымдасу жағын ойдағыдай келтіре алмаған жұрт жеңіліс
табады. Амантай сияқты басшылары қуғынға ұшырайды.
Романның атына лайық оның ең басты кейіпкері әрине,
Ботагөз. Қазақ поэзиясы мен прозасында сондай-ақ драматургияда
сол кезеңде дәл Ботагөздей қазақ қызының бейнесі жасалмаған
еді. Рас, ауыз әдебиеті туындыларында, түрлі аңыз,
ертегілерден алынған шығармаларда, жана өмірге арналған алғаш повесть,
әңгімелерде ондай кейіпкерлер болды. Мәселен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби жанрлар
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері
Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі
Музыка тыңдау сабағының әдістемесі
Әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
ӘДЕБИ ЖАНРЛАР АНЫҚТАМАСЫ
Ауыз әдебиеті жанрларының функциясы
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Бейнелеу өнері сабағындағы живопись өнерін оқытудың ерекшеліктері
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс. Көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Пәндер