Мектептегі оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Оқушылардың рухани адамгершілік тәрбиесінің ғылыми негіздері
- Жоғары сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің тәрбиелеудің қазақстандық ғалымдардың ой-пікірлері
- Оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеудің мәселесі бойынша педагогикалық тәрбиенің дамуы
- Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі бағыттары
- Практикалық жоғары сынып оқушыларында рухани адамгершілікке тәрбиелеу негіздерін қалыптастыру мүмкіндіктері
- Жоғары сынып оқушыларының рухани адамгершілікке тәрбиелеу негізінде сынып жетекшісі жұмысының мазмұны
Кіріспе
ХХ1 ғасырға аяқ басқан жаңа жағдайдағы қоғамда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялап, өркениетке бағыт алған кезде болашақ жас ұрпақты мәдениетті, білімді, рухани интеллектуалдығы жағынан жоғары етіп тәрбиелеудің мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Осы айтылғандардың ішінде қазіргі мектептің алдындағы ең маңызды міндеттерінің бірі- рухани адамгершілік тәрбиесі. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының 62-бабында «Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржысының мүмкіндіктері шегінде баланың дене, психологиялық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады» деп айтылған. Міне осымен байланысты, жеткіншектерді адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы арта түсуде.
Оның маңыздылығы, әсіресе, жаңа педагогикалық ойдың тұжырымдамасымен байланысты тәрбиедегі жүйелі көзқарас қалыптастырудың жалпы стратегиялық бағыты және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға үлкен ықпал жасау мәселесі қаралып отырғанда бұрынғысынан да артып отыр. Қазіргі нарық билеген мына заманда жоғарыда көрсетілген адамгершілік қасиеттердің қоғамда көрініс таппауы, керісінше, қоғамға жат мінездердің белең ала бастағанына біздер куә болып отырмыз. Қоғамда орын алып отырған осы келеңсіз жағдайлар (тұрмыстық қиыншылықтар, күн сайын туындап отырған қымбатшылық, жұмыссыздық т. б. ) оқушыларға теріс ықпал етпей тұрмайды. Алайда, осындай жағдайлар жат қылықтардың (мейірімсіздік, зұлымдық, зорлық-зомбылық, күншілдік, т. б. ) балалардың бойында қалыптасуына себеп болып отыр.
Сондықтан да болашақ ел иелерін өз және келешек замандарында өмір сүре алатындай білім беріп, тәрбиелеу қажеттігі де-талқыға салынбайтын мәселелердің бірі. Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты халықтың рухани, адамгершілік, имандылық көзқарасына, жастар арасындағы білім мен тәрбиеге байланысты.
Жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз-олардың бойында болуға қажетті ізгі қасиеттерді сіңіру. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда: «Адамгершілік-мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру, адамгершілік сезімдерді дамыту, моральдық сананы мақсатты бағытталған түрде қалыптастыру немесе мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, мінез білімдерін, моральдық қасиеттерді қалыптастыруу процесі» деп анықтама берілген болса, Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде ; «Адамгершілік тәрбиесі-мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары менәдеттерін қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі» деген анықтама береді.
Адамгершілік тәрбиесі тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыпастырудың, этиткалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы болады деген қорытынды жасауға болады. Бұл тәрбие адамдардың адамгершілік нормалар мен ережелерді меңгеруіне, олардың бойында адамгершілік мінез- құлық дағдылар мен әдеттерді, іскерліктерді сіңіруге бағытталған педагогикалық процесс ретінде көрініс береді.
1. 1 Жоғары сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудегі ғалымдардың ой-пікірлері
Адамгершілік, оның ішінде рухани адамгершілікті жастарымыздың бойына сіңіру қаншалықты маңызды екендігі жөнінде ғалымдарымыз өз зерттеулерінде айтып, ол туралы құнды-құнды ой-пікірлерін қалдырды.
Бұл салада Қ. Б. Жарықбаев [1], С. А. Ұзақбаева [2], Б. Х. Балтабаев [3], Ә. Табылдиев [4], С. Қ. Қалиев [5] тындырымды істер атқарып, этнопедагогикаға байланысты еңбектер жариялауда.
Қазақ халқының арғы тарихымен байланысты жеткен жазбаша деректердегі Абай Құнанбаев [6], Ыбырай Алтынсарин [7], Шоқан Уәлиханов [8] еңбектеріндегі оқу, білім, адамгершілік, тәлімдік ой-пікірлер және жазықсыз жапа шеккен зиялылар А. Байтұрсынов [9], М. Дулатов [10], Х. Досмұхамбетов [11], М. Жұмабаев[12], Ж. Аймауытов [13] халықтық тәрбиенің ұлттық негіздері жөніндегі ой-пікірлері мектеп жасындағы балалар өмірінде ойынның атқаратын мәні жөніндегі Н. Құлжанованың [14] аса құнды еңбектері бар.
Алып ойдың кеніші - Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Үзлаг Әл-Фараби (870-950ж) дүние жүзілік ғылыммен, даналық болжамдарымен ықпал еткен ұлы ғалым. "Ақылдың мәні туралы", "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы", "Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері", "Бақытқа жету жайында" т. б. еңбектерінің тағылымы мол. Әділдік, инабатылық, мейірім, жомарттық-адамгершілік көрсеткіші екендігі әр саладан баяндалған. Тәрбие мәселесінде адамгершілікті бірінші орынға қойды.
Адамды бақытқа жеткізетін даналық жол-қайырымдылық, имандылық, адамгершілік екендігін әр жақты дәлелдеді, Ал оған жетудің кілті тәлім-тәрбие, адамның өзін-өзі тежей білуі екендігін айтып: " . . . адамгершілікке негізделген татулық, жарасымдылық, келісе білушілік бақытқа жеткізеді. Бұл - қайырымдылық", -деп көрсетті ұлы бабамыз. Болашаққа үміт сеніммен қарау мен соған
ұмтылу ешкімді жәбірлемей, ар-намысына тимей қарым-қатынас жасау - әділет жолы. Бұл қасиеттер тәрбие арқылы адам бойына сіңетіндігіне сеніп, оған машықтанып, жаттығуды қолдады.
Адамда болуға тиісті ізгілік пен қайырымдылықтың өнегелі үлгісін данышпан бабамыз былай тізді:
• Тәні таза, дене бітімі мінсіз, өмірге бейім, икемділік;
• Тиісті мәселенің жәй-жапсарын ақиқат шындыққа сәйкес
жете түсініп, ұғына білушілік;
• Түсінгенін, көргенін, естігенін, аңғарғанын жадында сақтап
ұмытпаушылық;
• Байқағанын сол заматта үғынатын алғырлық, ишаратты тез
аңғаратын ақыл иесі болушылық;
• Ой-түсінігін тапқырлықпен дәл де айқын жеткізе алатын тілмарлық;
• Өнер-білімге құштарлық, оқудан және үйренуден жалықпайтын еңбекқорлық;
• Ішіп-жеуге қанағатшыл, сауық құмарлық пен ләззатшылдыққа жирене қарайтын тазалық пен пәктік;
• Шындықты сүйіп, өтірік пен суайттықты, жалғандықты жеккөрушілік;
• Жаны асқақ, ар-намысын ардақтап қорғай білушілік;
Бұл игі қасиеттерді бойға дарыту-бала дүниеге келген кезден бастап жүйелі түрде жүргізілуін ұлы ұстаз қайырымды қала басшысына тән мінез-құлықтар арқылы меңзей отырып, адамгершілік әдептің ізгі сипаттарын белгілеп берген болатын. Тәрбие арқылы жүзеге асуға тиісті асқақ арманға толы бабамыздың педагогикалық толғанысы осыдан он бір ғасыр бұрын айтылғанымен де, күні бүгінге дейін өзінің қадір - қасиетін жоймаған, қайта уақыт озған сайын жаңарып жасара беретін пайымдаулар. Егемендікке қолы жаңа ғана жеткен еліміздің болашақ иегерлерінің бойына ұлы ұстаз нұсқаған адамгершілік әдістерінің мейірім шапағаттарын балбөбектердің сәбилік шағынан бастап дарытуға ниеттенсек, басшылыққа алсақ ісіміз табысты болары хақ. Әрине, дана ойшыл бабаларымыз ұсынған тәлім - тәрбиелік пайымдауларын бала ойыны арқылы жүргізілсін деп айтпағанымен де, сәбилік шақтағы тәлім, үйрету, тиісті әдет дағдарларын меңгертіп машықтандырудың тиімді жолы ойын екені баршаға аян. Қазақ халқының көне тарихындағы аты әлемге мәшһүр болған ойшылдарының төрбие жөніндегі даналық», ойларын шола қарағанда XI ғасырдың ұлы мұрасы, Жүсіп Баласағұнның "Қүтты Білік" ("Қүдадғу білік) еңбегінің орны ерекше. Өзі өмір сүрген уақыт деңгейінен Жүсіп Баласағүн «Қүтты білікте» (1069 жылы жазылған) адамгершілік қасиеттерін сипаттап, өнегелі тәлімдерді келер ұрпаққа бағыштаған. Бұл дастан 72 тараудан тұратын 6600 тармақ болса, онда - Әділет, Бакыт, Ақыл, Қанағат деп аталатын бейнелік есімдер арқылы аталып отырған төрт қасиет суреттелген. Дастандағы кейіпкерлер кеңесінде өмір сүрудің ережелері, мінез-құлық, ақыл-ой, адамгершілік әдептерінің озық үлгілері, дидактикалық таным-түсініктер суреттелген. Ізгілікке жетелейтін ғибраттар айтылған:
Тәрбиеші ал ізгілікті, көшелі,
Ұл-қыз жақсы, таза болып өседі . . .
Ұл-қызыңа әдеп үйрет, білім бер.
Бастауы көне ғасырда жатқан адамгершілік танымда тәрбиенің ізгілік жолы отбасынан басталатындығын Жүсіп Баласағұн дөп басып, дәл суреттеген:
Ақ сүтпенен бірге енеді жақсылық,
Айнымайды еш, алғанша ажал, қапсырып . . .
Іште біткен қылық, парыз мойныңа
Бірге кетер қара жердің қойнына
Халықтық тәрбие адамгершілік, адалдық, қайырымдылық өнегелері отбасынан бастап өркендетіп, салт-дәстүрге орай бойға дарытатындығына ден қойған. Адамзаттың тарихи даму барысында елді мекендердің күрт өсуі, қалалардың кеңеюі, қоғамдық өзгерістерге қарай отбасылық тәрбиемен қатар, әсіресе, біздің заманымызға тән ұжымдық тәрбиеге негізделген балабақшада жүргізілген тәрбие саласы өркендеді.
Бұл-өзіне үйлесімді тәрбие ісін керек ете бастады. Демек, тәрбие ана сүтімен дарыса, адамның бүкіл өміріне жалғаса келетін құбылыс екендігін және отбасылық өнеге қандай болса, келешекте оның нәтижесі де сондай болатындығын нақты нұсқаған ол:
Егінжай бір бұл дүние көлемі,
Немене ексең, соның ертең өнеді.
Сенікі -шындық, менікі-ойын,
Бой ұсындым шынға, ойынды қойдым.
Жіберме зая күніңді өтер,
Өткен күн келмес, өтер де кетер.
Ұлы гуманистік тәлімдік ақыл-кеңес - баланы неғұрлым жас кезінен бастап үйретсе, солғұрлым бойға тиянақты дарып, машықтық дағды бүкіл тірлігіне жалғаса кетеді. Ол үшін қарым -қатынасындағы мінезділіктілікті бойға сіңіріп және оған үйрету керек екендігі жөнінде берер ақылы мынау:
Егер ашу- өкпең келсе, қызуланба сабыр қыл,
Сабырлы кісінің сүйеніші алда,
Өкпелесең ашуланба, налыма,
Сабыр соңы-салқын сая жаныңа
Халықтың дәстүрлі сипатына үйлесімді мінез-құлыққа тәрбиелеу-әрбір тұлғаның жарасымды тіршілік етіп, өміріне көрік беретіндігін нұсқайды.
Кісі көңілі нәзік шиша, шарайна
Мұқият бол, шағып алма, абайла.Ашуда-сақ, сабырлы бол сасқанда . . .
Жылы сөзбен күле сөйле, жадырап
Бақыт қонып құтың тасыр жамырап . . .
Жомарт, сақи бол, қырсығып есірмей
Ұлы бабамыз құрмет тұтқан мінез-қүлық жөніндегі толғаныстарын және халқымыздың дәстүрлік ғұрыпы мен танымына орай айтқан әр саладағы тәлімдік болжамдарын, дидактикалық пайымдауларын өмірге жарасымды қолдана білсек, бүгінгі ұрпаққа ешбір жаттығы жоқ, өмірін көріктендірерлік ғибраттар.
Ғасырлар қойнауында жатқан жазбаша жеткен мұраларымыз жөнінде сөз еткенде XII ғасырда өмір сүрген ҚожаАхмет Иассауиді (1094-1167ж) айта аламыз. Оның үстіне бүкіл әлем халқы 1500 жылдық мерей тойын тойлады. Түркістан қаласындағы ҚожаАхмет кесенесі-дүние жүзіндегі тандаулы мәдени ескерткіштердің бірі. Қожа Ахметтің "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы")
әдебиеттің алтын қорына қосылатын туынды болуымен бірге, тәлім-тәрбиелік пайымдауларының да мәні зор. Сопылық жолга берік бекіген бабамыз ұстанған тәрбиелік қағидасы-құдай жолына берілуге негізделген әділеттілікті тұтыну. Ойшыл ұстаздың тәрбие жөнінде берер ақылы-ешкімге қиянат жасама, зәбіркөрсетпе, дүние құмарлық пен баққұмарлыққа салынба, жоқ-жітік пен кем-кетіктерге шын ниетіңмен жәрдемдес, пейілің таза
болсын. Тәрбие арқылы бойға сіңірілетін өмір сүрудің басты ережесі-қанағат пен рақымшылдық, тағдырға тағзым етіп, басқа түскенге көне білу, үлкеннің сөзін, білікті ғұламаны және ұстаз ақылын екі етпей ұғыну қағидалары. Бұлардың бәрі білім мен тәрбие арқылы бекитіндігіне сеніммен қарады, оны жұртшылыққа өнеге етті:Ақ дәптерге даналық сөзді жаздым . . .
Несібіңе берілген қанағат қыл . . .
Әуелде ақыл-ойдан кенде болдым,
Біртіндеп білім алып жөнге келдім.
Тақуалықты пір тұтқан ғұламаның "Даналық кітабы" сәуегейлік ойға толы. Адамның тәлім-тәрбиелік таным-түсінік көкжиегін кеңейтерлік ойларын діни нанымдарымен дәйектеп, тағлым алуға шақырады.
Тартынып көп қылықтан пенде болдым
Алланың ақ жолына түстім міне
Ақынның айтары адамның басында кездесетін кемшілік пен қатесі назарға ілінсе, оны ақыл көзімен көріп, көңіл қаламымен түзеу - алла алдындағы пенделік парыз. Алла тағаланың рақымшылығы мол екендігін "Өзі қайран, көңілі ойран, көзі жасты" пенде шын ниеттеніп әділет жолына ұмтылып, тәубаға
мейірімі мол құдай тағаланың шапағаты мол екендігін түсіндіріп, адамгершілікке шақырады. Тақуа ақын Иассауи Мұхамед пайғамбар жасына келген соң, пайғамбарды аза тұту белгісі ретінде қалған өмірін қылуетте (жер асты үйде) өткізсе, мұның өзі мұрат тұтқан танымына берік берілгендіктің тағылымы деп таныған абзал. Хиқмет-тәлімдік өнегесі мол, алла тағаланың ақ жолына берілуді насихаттайтын айтулы еңбек, педагогика тарихында арнаулы зерттеуді тілеп тұрған туынды.
Адамгершілік - қоғамдық сананың бір түрі және қоғамдық институт ретінде адамның мінез-құлқын реттеумен айналысады. Мораль негізінен үш бағыттан құралады: біріншіден - бұл адамгершілікті іс-әрекет, белгілі бір нәрсеге себептелген адамдардың мінез-құлық тәртібі; екіншіден, адамдардың моральдық қатынасы (адамгершілік мінез-құлықты бағыттайтын әдіс) ; үшіншіден, моральдық сана, онда адамгершілік қатынас пен іс-әрекет қатар әрекеттеседі. Яғни, адамгершілік тәрбиесі моральдық сананы, адамгершілік сезімді дамытады және адамгершілік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
Ұлттық тәлім- тәрбиенің маңызы және оның жеке тұлғаның рухани дамуына тигізер әсері туралы ой- пікірлердің қалыптасуына Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды халқымыздың ойшылдары, ағартушылары мен өнер қайраткерлерінің қосқан үлесі зор болды.
Ыбырай Алтынсарин халық педагогикасындағы адамгершілікті, үлкенді сыйлауға, өнеге үйретуге уағыздаған негізгі қағидаларын жақсы біліп, оны басқа халықтардың озат ой-пікірлерімен толықтырып дамытты [15] . Ол елін надандыққа қамап отырған феодалдық-патриархалдық, кертартпа отаршылдық саясатты сынай отырып, туған халқының келешегіне зор сеніммен қарады.
Абайдың көтерген мәселелері - адамгершілік ынтымақтастық, татулық, әділдік, еңбексүйгіштік адалдық, талапкерлік, т. б. Бұл мәселелерді ол жеке, жалаң түрде алмай, маќалдарды талдау барысында зұлымдыќ, сұрқиялық, екіжүзділік, барымташылдық тәрізді мінез-ќұлыќтарѓа қарсы қоя отырып қарастырады.
Жастарға адам баласының сыртќы сұлулығы мен ішкі жан-дүниесінің үйлесімділікте болғаны дұрыс екенін ескерте отырып, Абай өзінің “он сегізінші” қара сөзінде “Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп . . . таза кимек дұрыс іс, өз дәулетінен артық киінбегі, не киімі артыќ болмаса да, көңіліне қуат алып, тым айналдырмақ - кербездіктердің ісі” - деп түсіндіреді [16] .
Дүниеге келген әр перзенттің өмірі, келешегі тәрбие ісіне байланысты, одан сыртқары болуы мүмкін емес. Нәрестенің сәби шақтағы өмірі ойыннан басталады. Ойын - тәрбиенің бастау бұлағы, ол мәңгі жас, әрбір жастың бастан кешіретін кезеңі болып саналады. Ойынның атадан балаға мирас болып, үнемі қайталанып, әрбір ұрпақпен бірге жасап, тоқтаусыз, толассыз жүріп отыратын себебі осында. Мұны зерттеуді, халық ойындарының мәнгілік мәнін ашуды тарихшылар, әдебиетшілер, этнографтар, археологтар, психологтар, педагогтар және де басқа ғылым саласында ғалымдар қашаннан бері назардан тыс қалдырмай келе жатыр. Бірақ қазақ халқының ұлттық тәлім- мұраларын жариялау, зерттеу тек соңғы жылдары ғана қолға алына бастады. Бұл салада Қ. Б. Жарықбаев [1], С. А. Ұзақбаева [2], Б. Х. Балтабаев [3], Ә. Табылдиев [4], С. Қ. Қалиев [5] тындырымды істер атқарып, этнопедагогикаға байланысты еңбектер жариялауда.
Соңғы жылдары көрнекті ғалым педагог-психологтар Ќ. Б. Жарықбаев, С. Ќ. Қалиев, Р. К. Төлеубекова т. б. өздерінің зерттеулерінде халықтық педагогиканың дамуы, педагогикалық заңдылыќтары, жеке басты қалыптастырудағы отбасының алатын орны т. б. мәселелерді қарастырған.
С. Қалиев «ХV - ХIХ ғасырлар ақын жырауларының поэзиясындағы педагогикалық ой - пікірлер» атты еңбегінде жыраулар өмірдің ұсақ мәселелеріне аз араласып, көбінесе, заман - дәуір, өткен мен келешек, адамгершілік, жақсылық, жамандық жайлы ойлар, болжаулар, қағидалы сөздер айтып отырған. Сондықтан да қазақ поэзиясында жыраулар жетекшілік, ақылгөй тәрбиешінің ролін атқарады», - дей келіп жыраулар поэзиясының тәлімдік мәніне терең тоқталып, жан - жақты талдау жасаса, Қ. Жарықбаев пен С. Қалиевтердің авторлық бірлесуімен даярланған «Қазақ тәлім - тәрбиесі» оқу құралының 2 тарауы осы мәселеге арналған [17] .
Сондай - ақ, А. Е. Дайрабаева «Қазақтың халықтық педагогикасындағы қыздардың адамгершілік тәрбиесі» атты кандидаттық диссертациясының 1 таруының 2 - бөлімінде ақын жыраулар поэзиясындағы қазақ қыздарына адамгершілік тәрбие беру ісін сөз етеді [18] .
Осы ғылыми еңбектердің кез - келгенінде жыраулар толғауларында адамгершілік тәрбиесі кең орын алғандығы ғылыми түрде зерттелініп, нақты дәлелденді.
Сонымен қатар этнопедагогика арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мәселесімен шұғылданған Ұ. О. Асанова, Ә. С. Әмірова, А. Қ. Қисымова, Ж. Б. Сәдірмекова, Р. К. Төлеубековалар.
Ұ. О. Асанова оқушыларға қазақ халқының айтыс өнері арқылы адамгершілік - эстетикалық тәрбие беру мәселесін қарастырса, Ә. С. Әмірова бала тәрбиесіндегі қазақ балалар әдебиетінің алар орнын анықтай келе ересектер тобындағы (5 - 6 жас) балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қажетті әдеби шығармалардан ұлттық ойындарды іріктеп, жүйелей отырып, оны балабақшадағы тәрбие үрдісінде пайдаланудың тиімді әдістерін көрсеткен. А. Қ. Қисымова қазақ этнопедагогикасының оқушылардың адамгершілік - жыныстық тәрбиесіндегі маңызының ерекше екендігін анықтаған.
Р. К. Төлеубекова бастауыш сынып оқушыларын қазақ халқының дәстүрлері арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мәселесін қарастырса, Ж. Б. Сәдірмекова жеткіншектерді этнопедагогика арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеп, оның бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерін айқындаған. [19, 20] .
Сонымен ѓылыми педагогикалыќ ењбектерде халыќ педагогикалық ұлттыќ сана, сезімін көрсете отырып, ұлттыќ мәдениетін тікелей халықтық тағылымдарға байланыстылығы туралы дәлелденген.
Тағылым дегеніміз - өткеннен үйрену үшін одан оң нұсќаларды таңдап алып, оны күнделікті өмірге пайдалану. Демек қазіргі және өткен замандағы қазақ ойшылдарының еңбектерін, идеяларын сабақтастыра отырып, мектеп оқушыларының оқу-тәрбие процесінде кеңінен қолдану керек. Бабаларымыздың ұлттық тағылымдарды біздерге мұра ретінде қалдырғандықтан ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз. Себебі, өскелең ұрпақ - туған жер мен халќының перзенті. Ол ќайда жүрсе де, өз ұлтының жарқын болашағы, ірі өкілі. Сондықтан ұлттыќ адами тәрбиені беруде отбасы мен мектептің алатын орындары ерекше. өйткені отбасы мен мектепте жеке тұлғаға халықтық тағылымдар негізінде адамгершілік тәрбиесі беріледі.
Салт-дәстүрлер әр түрлі ұлттың өзіндік сипатымен ерекшеленетін болғандыќтан С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайыловалардың “Қазақ халќының салт-дәстүрлері” атты оқу құралында жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік мәнінің зор екені айтылған. Халықтық салт-дәстүрлерді үлкен топқа болып қарастырған, яғни бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер деп атап, олардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталып, мазмұнын кеңінен талдайды.
Адамгершілік тәрбиесі отбасынан басталатыны белгілі. Сондықтан да халќымыз “ұяда не көрсең, ұшќанда соны ілесің” деп текке айтпаған. Осы туралы Ж. Наурызбаев “ұлттыќ мектептің ұлы мұраты” атты кітабында қарастырды: “Ата-ананы, үлкенді сыйлауға, халықтың салт-дәстүрлерін қадірлеуге, ел тарихы, туған жер, ата-баба шежіресіне қанығуға да, бесік жырынан бастап халық көкейінен сусындатуѓа да алғашќы қадамды отбасынан бастайды” деп ой түйген. Сондықтан халқымыз “Тәрбие басы бесіктен” деп текке айтпаған.
К. Оразбекова “Иман және Инабат” атты оқу-құралында жас ұрпаққа инабаттылық, бесік тәрбиесінен бастап адам баласының қос қанаты тәріздес жүрек пен ақыл тәрбиесі бірлесе дамиды. Осы екеуінің де ендігі дамытушысы, бесік жыры болады. Халыќтық “Бесік жырын естімегеннен не адамшылық күтесің” дейтіні де содан болса керек. Сәбиді бесікте тәрбиелеу аса жауапты кезеңге жататынын баяндайды. Сондай-ақ Ж. Әбдіжапарованың “Мектеп оқушыларында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру” атты еңбегінде оқушылардың бойына адамгершілік нормаларын қалыптастырудың қарапайым түрлерін жан-жақты қарастырған. Атап өтсек, патриоттыќ сезімін, еңбек пен қоғамдық меншікке көзќарасы, тәртіптілік пен ұйымшылдық, коллектившілдікті, достық пен жолдастықты, шыншылдыќ пен әділдікті, өз мінез-құлқына сын көзбен қарай білушілік, басќалардың кемшілідіктерін батыл сынай алушылықты т. б осындай моральдік қасиеттірді қалыптастырудың тәрбие сағатындағы үлгісі көрсетілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz